Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет5/24
Дата16.06.2016
өлшемі2.19 Mb.
#139049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

     Ескерту. 4.4-кiшi бөлiмге өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.03 № 1129 Қаулысымен.
      Күтiлетiн нәтижелерiнiң ең бастыларының бiрi құрылыс нарығын бағасы бойынша және сапасы бойынша қолжетiмдi құрылыс материалдарымен, бұйымдарымен толтыру, сондай-ақ азаматтарды қолжетiмдi тұрғын үймен қамтамасыз ету болуы тиiс.
      Күтiлетiн нәтиже:
      цемент өндiрiсiнде 2014 жылға қарай цемент шығару 5 қолданыстағы және 4 жаңа кәсiпорында (Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында), жылына 13,5 млн. тоннаға дейiн жеткiзiлетiн болады Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жалпы қуаты жылына 2,1 млн. тонна 5 клинкер-цемент терминалдары салынды, қолданыстағы цемент зауыттарына техникалық қайта жарақтандыру жүргiзiлдi және негiзгi құралдардың тозу деңгейi 30%-ға дейiн қысқарды. Цемент экспорты 2014 жылға дейiн өндiру көлемiнiң 20 %-ын құрайды;
      керамика өндiруде 2014 жылға қарай керамика тақталарын шығару жылына 13 млн. м2 дейiн жеткiзiлетiн, сантехкерамика өндiру Ақтөбе, Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жылына 1 млн. данаға дейiн қамтамасыз етiлетiн, жылына қуаты 200 мың тонна балшық өңдейтiн байыту комбинаты салынатын болады;
      шыны өндiрiсiнде жылына қуаты 140 мың тоннаға дейiн шыны зауытының құрылысы басталатын болады;
      индустриалды құрылыста 2014 жылға қарай жылына жалпы қуаты 900 мың м2 тұрғын үй, 6 индустриялық құрылыс комбинаты салынатын болады, оның негiзiнде энергопассивтi үйлер салу ұйымдастырылатын болады.
      Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы 6 индустриялық құрылыс комбинаттарының төңiрегiнде құрылыс материалдарын (терезе мен есiк, ламинат, линолеум және басқалары) өндiретiн және қызметтер көрсететiн (жобалау-iздестiру, дизайнерлiк, әрлеу және басқалары) кемiнде 60 шағын және орташа кәсiпорындар құрылатын болады.
      Жаңа технологиялар мен өнiмдiлiгi жоғары жабдықтарды енгiзу өнiмнiң материал сыйымдылығын, энергия сыйымдылығын және еңбек сыйымдылығын азайтуға, құрылыс материалдарының ассортиментiн көбейтуге және сапасын жақсартуға мүмкiндiк бередi.
      Қосымша жұмыс орындарын құру және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, салықтардың нақты түсiмiн ұлғайту.
      Индустриялық құрылыс комбинаттарын құру Республикалық бюджеттен қаржыландыруды қажет етпейдi.
      Кең ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсiптiк құрылыс көзделуде:
      Халықаралық және транзиттiк дәлiздердi қайта құру: Батыс Еуропа - Батыс Қытай (1 868 км); Ақтөбе қаласын айналып өтетiн (204 км) жол салуды қоса алғанда, РФ шекарасы-Орал-Ақтөбе қалалары учаскесiнде Самара-Шымкент; Астрахань-Атырау-Ақтау-Бейнеу-Ақтау учаскесiндегi Түрiкменстан қаласы (470 км) және Жетiбай-Түрiкменстан қаласы (237 км); Омбы-Павлодар-Майқапшағай (538 км); Шортанды-Көкшетау-Петропавл учаскесiнде Алматы-Қарағанды-Астана-Петропавл (264 км); Астана-Қостанай-Челябi (119 км) және басқалары.;
      Халықаралық маңызы бар автожолдарды қайта жаңғырту: Таскескен - Бақты (ҚХР шекарасы, 108 км); Жезқазған - Петропавл (582 км); Ақтөбе - Атырау (237 км); Астана - Шiдертi (120 км) және басқалары;
      Концессиялық жобалар: Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасының шеңберiнде Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы (209,3 км) және Алматы-Қорғас (301 км); Астана-Қарағанды (238 км); Алматы-Қапшағай (104 км); Астана-Шортанды учаскесiнде интеллектулдық-көлiк және төлем жүйелерiн (ИКТЖ) енгiзу және басқалары;
      Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделi, орташа, ағымдағы жөндеу (9 951 км);
      Жетiген-Қорғас - (293 км), Өзен-Түрiкменстан мемлекеттiк шекарасы (146 км) жаңа темiржол желiсiн салу;
      Ұлттық энергетика желiсiн жаңғырту (2-кезең);
      Алматы және Алматы облысында трансформаторлық қосалқы станциялар салу;
      Құрылыстағы техникалық реттеу реформасы Қазақстанға:
      тең құқықты қатысушы ретiнде халықаралық сауда-экономикалық кеңiстiкке бiте қайнасуға;
      экономиканың жоғары технологиялық дамуын қамтамасыз етуге;
      жылжымайтын мүлiкке шетел инвестициясын тартуға;
      нарықты сапасы жоғары және қауiпсiз өнiммен толықтыру үшiн жағдай жасауға;
      отандық мамандардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға;
      Қазақстанда құрылыстың тұрақты жоғары мәдениетiн қалыптастыру үшiн iргетас қалауға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасының Құрылыс техникалық регламентiнiң қолданысқа енгiзiлуiмен мыналарға қол жеткiзiлетiн болады:
      1. Жобалаудың техникалық реттеу жүйесiнiң ашықтығы мен қарапайымдылығы, Қазақстанның аумағында салынатын құрылыс объектiлерiн салуға, пайдалануға және нормативтiк сәйкестiгiн бақылауға рұқсат беру.
      2. Отандық нормативтiк талаптардың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарымен үйлесiмдiлiгi, бұл талаптардың сәйкессiздiк проблемасын, сараптама жүргiзудiң мүмкiн еместiгiн, негiзгi құжаттарға қол жетпеушiлiк және шетелдiк мамандарды тарта отырып объектiлердi салу кезiнде туындайтын басқа да проблемаларды жояды.
      3. Шетелдiк тұтынушыға сапалы жаңа, ашық, ұғынықты нормативтiк режим iрi ауқымды шетелдiк инвестициялар үшiн Қазақстанның тартымдылығын арттырады.
      4. Нормалаудың параметрлiк үлгiсi талаптарды құрылыс тәжiрибесiнде қолданудың икемдiлiгiн қамтамасыз етедi және осы заманғы энергия үнемдейтiн және тиiмдi құрылыс технологияларын, шешiмдердi, материалдар мен бұйымдарды енгiзудi оңайлатады.
      5. Бүкiл дүниежүзiлiк сауда-экономикалық жүйенiң басқа қатысушылармен үйлесiмдi, жаңа құрылыс регламентi қазақстандық құрылыс өнiмдерiнiң, технологияның жылжуына және шетел нарықтарына ноу-хау және құрылыс саласының халықаралық деңгейде бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға мүмкiндiк жасайтын болады.
      6. Құрылыс кешенi қызметтерiнiң сапасы және ғимараттар мен құрылыстардың қауiпсiздiгi жақсарады.
      7. Инвестиция үшiн қолайлы құрылыс саласындағы нормативтiк режим күрделi құрылыстың жылдамдатылған қарқыны үшiн жағдай жасайды, бұл өз кезегiнде экономиканың сабақтас салаларына инвестицияның тiзбектi реакциясын тудырады, жаңа жұмыс орындарын жасайды, және тұтас алғанда Республиканың экономикалық даму қарқынын жылдамдатуға алып келедi.

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Ескерту. 5-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.03 № 1129 Қаулысымен.

      Бағдарлама кезең-кезеңiмен 2010-2014 жылдары орындалатын болады.
      Бiрiншi кезең (2010-2012 жылдары) - саланы қолдау мен дамыту инфрақұрылымдарын нығайту үшiн ұйымдастыру тетiктерi мен базасын жасау.
      1-кезеңнiң мақсаттары мен нәтижелерi:
      құрылыс индустриясында жалпы қосылған құнды кемiнде 40 % арттыру (12-кесте);
      отандық құрылыс материалдарын өндiру үлесiн 70 %-ға дейiн арттыру (12-кесте);
      Өнеркәсiпте құрылыс материалдарының еңбек өнiмдiлiгiн бiр адамға 20 000 АҚШ долларына дейiн арттыру(12-кесте);
      құрылыс және құрылыс материалдары секторында өндiрiс көлемiнiң 1 200 мың тоннасы (12,9%) экспортталады (цемент саласы) (iс-шаралар жоспарына 2-қосымша);
      Бағдарламаны iске асырудың нормативтiк-құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдық-басқару базаларын қалыптастыру (әзiрлеу, келiсу және бекiту), өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу;
      құрылыс материалдарының қажеттiлiк және өндiру теңгерiмдерiн нақтылау және құрылыс саласын дамыту сызбасын түзету;
      техникалық-экономикалық негiздемелер мен бизнес-жоспарлар әзiрлеу.
      Екiншi кезең (2012-2014 жылдар) - негiзгi қаланған әлеуеттi iске асыру, қарқынды өсу. Бұл кезеңде бiрiншi кезеңде алынған оң нәтижелердi тарату, саланы қолдау инфрақұрылымының бар элементтерiн жүйелi нығайту және жоқтарын салып шығу, саланы жүйелi нығайту, мақсатты параметрлерi айқындалған және оны iске асырудың 1-кезеңiнiң шеңберiнде нақтыланған Бағдарламаның негiзгi нәтижелерiне жетуге инфрақұрылымы бар фокусты жылжыту орын алады.
      2-кезеңнiң мақсаттары мен нәтижелерi:
      құрылыс индустриясында жалпы қосылған құнын кемiнде 76 % арттыру (12-кесте);
      отандық құрылыс материалдарын өндiру үлесiн 80 %-ға дейiн арттыру (12-кесте);
      өнеркәсiпте құрылыс материалдарының еңбек өнiмдiлiгiн бiр адамға 24 000 АҚШ долларына дейiн арттыру (12-кесте);
      жалпы алаңы 34 млн. кв. метр тұрғын үй салу (12-кесте);
      құрылыс және құрылыс материалдары секторында өндiрiс көлемiнен 2 700 мың тонна (20 %) экспортталады (цемент саласы) (iс-шаралар жоспарына 2-қосымша);
      сала ұйымдарына техникалық көмек көрсету;
      құрылыс материалдары мен құрылыс индустриясы өнеркәсiптерiн техникалық қайта жарақтандыру;
      құрылыс индустриясы жаңа салу және құрылысы басталғандарын пайдалануға кәсiпорындарының пайдалануға беру;
      құрылыс өнiмдерiнiң тиiмдi нарығын қалыптастыру;
      құрылыста техникалық реттеу реформасын аяқтау.

      5.1. Құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесiн реформалау


      Реформалардың дүниежүзiлiк тәжiрибесiн талдау құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесiнiң негiзгi компоненттерiн - нормативтiк базасын, сәйкестiгi бағалау жүйесiн және қадағалау мен бақылау жүйесiн бiр мезгiлде кешендi реформалау қажеттiгiн көрсеттi.
      Құрылыс саласының нормативтiк базасы саласында реформалар барысында нормалаудың ұйғарылған әдiсiнен прогрессивтi параметрлiк әдiске кезең-кезеңiмен өтудi жүзеге асыру көзделедi.
      Жаңа әдiс нормативтiк сәйкестiкке жетудiң балама жолдары болып табылатын құрылыс шешiмдерi әдiстерiн пайдалану есебiнен инновацияларды енгiзуге мүмкiндiк туғызатын болады.
      Балама шешiмдер әдiсi - құрылыс саласының жаңашылдарына инновацияны, жаңа технологияларды, материалдарды, бұйымдарды, әдiстердi, қолдануға, бiрегей шешiм ұсынуға және iске асыруға мүмкiндiк бередi.
      Балама шешiмдер сонымен қатар құрылыста Қазақстанның қолданыстағы икемсiз нормативтiк базасына үйлеспейтiн озық шешiмдер мен технологияларды қолдану — Қазақстанда iрi отандық және шетелдiк құрылыс нарығының қатысушылары үнемi кездесiп тұратын проблеманы шешуге мүмкiндiк бередi.
      ЕурАзЭҚ шеңберiнде «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауiпсiздiгi туралы» құрылыс техникалық регламентiн - сапалы жаңа құжат әзiрлеу болжанып отыр. Осы құжат ЕурАзЭҚ елдерiнде құрылысты техникалық реттеудiң барлық объектiлерiне қойылатын жалпы мiндеттi талаптарды белгiлейтiн болады.
      Құрылыс техникалық регламент құрылыс заңнамасын сақтаудың қазiргi заманғы құралдарының жиынтығымен жабдықталатын болады, ол техникалық реттеу субъектiлерiне өлшемдiк нормалардың талаптарын орындауға мүмкiндiк бередi. Бiрыңғай нормативтiк құқықтық кеңiстiктi қалыптастыру мақсатында ЕурАзЭҚ елдерiнiң аумағында «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгi туралы» құрылыс техникалық регламентiн енгiзгенде құрылыс саласында ұлттық техникалық регламенттер күшiн жояды.
      Техникалық реттеу жүйесiн реформалаудың бастапқы сатысында республиканың құрылыс индустриясының жобалау, құрылыс ұйымдары мен кәсiпорындарын Қазақстанның жағдайына бейiмделген Еурокодтар мен еуропалық стандарттарға кезең-кезеңiмен өту жоспарланған, бұл құрылыс өнiмдерi мен қызметтерiн экспорттауды кеңейтудi қамтамасыз етуге, озық технологияларды, инновациялық шешiмдердi енгiзуге, сондай-ақ, елдiң аумағында және шетелдерде инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде техникалық тосқауылдарды алып тастауға мүмкiндiк бередi.
      Шетелдiк үлгi құжаттарды инженерлiк-техникалық талдау Қазақстанда тiкелей қолдану үшiн пайдаланылуы немесе отандық аналогта түрленуi мүмкiн ең жақсы жағдайды анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте, басымдық халықаралық, жаhандық және өңiрлiк нормалар мен стандарттарға берiлетiн болады.
      Құрылыста нормалаудың осы заманғы әдiсiне өту - техникалық реттеу-қадағалау-бақылау қызметiнiң екiншi құрамдас жүйесiн сапалы қайта құруды талап етедi.
      Құрылыс заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау саласындағы озық халықаралық тәжiрибеге сәйкес жергiлiктi қадағалау-бақылау органдары қызметкерлерiн мiндеттi кезеңдiк аттестаттауды жетiлдiру болжанып отыр.
      Аттестаттаудың мақсаты Қазақстанның барлық аумағында жаппай қадағалау-бақылау қызметiнiң бiрдей жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
      Бұл мемлекеттiк құрылыс инспекторларының жоғары кәсiби бiлiктiлiгi мен дербес жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
      Техникалық реттеу шеңберiнде техникалық қадағалауды, жобаларды сараптауды, ғимараттар мен құрылыстардың берiктiгi мен сенiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау көзделiп отыр, оларға мемлекеттiк құрылыс инспекторларына қолданылатын аттестаттау принциптерi қолданылатын болады.
      Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарына қосымша техникалық реттеу шеңберiнде жеке сарапшы мамандар маман институтын құру көзделуде, оларға да мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне қолданылатын аттестаттау принциптерi қолданылатын болады.
      Үшiншiден, техникалық реттеу субъектiлерi мен объектiлерiнiң құрылыс заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бағалау жүйесi техникалық реттеу жүйесiнiң маңыздылығы кем емес құрамдас бөлiгi болып табылады.
      Сәйкестiктi бағалау жүйесiн реформалаудың негiзгi мақсаты аттестаттау, лицензиялау және сертификаттау саласында көпшiлiк таныған шетелдiк аналогтармен үйлесiмдiлiгi болып табылады. Шетелде көпшiлiк таныған принциптерге сәйкестендiре отырып, жобалаушылар мен құрылысшылардың кәсiби қызметiн лицензиялау және тiркеу жүйесiн түпкiлiктi реформалау болжанып отыр.
      Реформа сонымен қатар сертификаттауды өлшемдiк нормалау принциптерiне сәйкестiкке келтiру және құрылыс нарығын сапалы және қауiпсiз құрылыс материалдарымен және бұйымдармен толтыру мақсатында құрылыс өнiмдерiн сертификаттау саласын тәртiпке келтiрудi көздейдi.
      Құрылыс материалдары мен бұйымдарына Қазақстанның сауда әрiптестерiнiң көпшiлiк таныған шетелдiк органдары беретiн сынақ хаттамалары мен сертификаттарын Қазақстанда тану үшiн тосқауылдарды жоюға ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
      Құрылыс саласының кәсiби бiлiм, беру үздiксiз кәсiби оқу және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру сияқты проблемалары шешiлетiн болады.
      Реформаның жобасы сәулет-құрылыс, өрт, экология, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, су шаруашылығы және энергетикалық қадағалау мен бақылау органдарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi, сондай-ақ стандарттау жөнiндегi ұлттық органның және басқа мекемелер мен ведомстволардың жобасына белсендi қатысуын талап етедi.
      Жобаның өнiмдерiн жасау процесiнде озық енгiзудi жүргiзу көзделедi. Атап айтқанда, жүйенiң компоненттерiн жекелеген пилоттық жобаларға сынамалық енгiзудi жүргiзу жоспарланып отыр, бұл сынамалық енгiзу тәжiрибесiн талдау негiзiнде дер кезiнде түзету енгiзуге және толық масштабты енгiзу кезеңiнде қатеден аман болуға мүмкiндiк бередi.
      Мынадай iс-шаралар өткiзу жоспарланып отыр:
      еуропалық құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және аударуды жүзеге асыру;
      Қазақстанның климаттық және геологиялық жағдайларын ескерiп, Еурокодтарға ұлттық қосымшалар әзiрлеу;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданыстағы қадағалау мен бақылау жүйесiнiң өлшемдiк нормалау шеңберiнде қабылданған қауiпсiздiк пен сапаны қамтамасыз ету үлгiсiне сәйкессiздiгiн анықтау;
      нарықты жоғары сапалы және қауiпсiз құрылыс материалдарымен  және бұйымдармен толтыруға кедергi жасайтын құрылыс өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бағалау жүйесiнiң тосқауылдарын анықтау;
      құрылыс саласын техникалық реттеуге қатысты бiрқатар заңнамалық және заңға тәуелдi актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында:
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс, саласына лицензиялау санатын енгiзу;
      құрылыс материалдарының конструкциялары мен бұйымдарын өндiрудi (шығару) сертификаттау саласына бере отырып, лицензияланатын түрлерден шығару;
      сараптамалық жұмыстар мен инжирингтiк қызметтердi лицензиялау саласынан аттестаттау саласына беру;
      мемлекеттiк лицензиялардың iзденушiлерi мен иелерiне қойылатын жаңа бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу;
      сәулет және қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы iстерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн, сондай-ақ салынып жатқан республикалық маңызы бар объектiлердiң қауiпсiздiгiн уақытылы және тұрақты бақылауды қамтамасыз ету;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын сақтамағаны үшiн заңды және жеке тұлғалардың жауапкершiлiгiн арттыру;
      жаңа технологияларды ескере отырып, құрылыс саласында мамандардын даярлау және қайта даярлау мiндеттiлiгiн енгiзу;
      Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды (техникалық қадағалау, жобаларды сараптау, ғимараттар мен құрылыстардың берiктiлiгi мен сенiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi сарапшыларды) аттестаттау жүргiзу қажет.
      Жобалық iстi жетiлдiру тетiктерiнiң бiрi жобалау және құрылыс саласындағы заңнамалық және нормативтiк-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. Сапалы жаңа нормативтiк база қалыптастыру ғылыми, техникалық және технологиялық болжамдар негiзiнде жобалау және құрылыс тәжiрибесiнен анық алда бола отырып орындалуға тиiс.
      Бұл үшiн мыналарды көздеу қажет:
      1) Жобалау ұйымдары туралы үлгi ереже әзiрлеу;
      2) жобалардың сараптамасын жүзеге асыратын сарапшылардың бiрыңғай электрондық базасын жасау;
      3) жобаларды мемлекеттiк емес сараптау қызметiне мониторинг  және мемлекеттiк бақылау жүргiзу;
      4) жобалардың сметалық құнының қымбаттауын болдырмау мақсатында жаппай құрылыс объектiлерi үшiн үлгiлiк жобалауды одан әрi дамыту және үлгiлiк жобалардың каталогтарын жасау.

      5.2. Аумақтық жоспарлауды жетiлдiру және өңiрлердiң қала құрылысын дамыту


      Тиiмдi аумақтық жоспарлау және өңiрлердiң қала құрылысын дамыту мақсатында сандық және сапалық көрсеткiштердiң мемлекеттiк жүйесi ретiндегi Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасын әзiрлеу, әр түрлi деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастры жүйесiн жасау және жүргiзу керек.
      Құрылыс саласын бұдан әрi дамытуға бағытталған жоғарыда аталған iс-шараларды жүзеге асыру үшiн:
      1) мемлекеттiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасының тұжырымдамасы мен жобасын әзiрлеу;
      2) өңiрлер аумағын қала құрылыстық жоспарлаудың кешендi схемасын және елдi мекендердiң бас жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз ету;
      3) республикалық деңгейде мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жасау және облыстық және базалық деңгейде жасауды аяқтау керек.
      Бас схема Қазақстан Республикасының аумағын тиiмдi пайдалануды, қолайлы қоршаған ортаны жасау және сақтауды, экологиялық, өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiн, халық денсаулығының сақталуын, тарихи және мәдени ескерткiштердiң сақталуын қамтамасыз етудi, орналастыру жүйесi мен өндiрiстiк, әлеуметтiк және инженерлiк-көлiк инфрақұрылымдарын дамытудың мемлекеттiк басымдықтарын анықтауды көздейдi.
      Бас схема елдiң болашақтағы аумақтық ұйымдастырылуының стратегиялық мәселелерiн қарайды және халықтың қолайлы тiршiлiк ету ортасымен тұрмыс-тiршiлiгiн жасау мақсатында елдi мекендер мен қонысаралық аумақтардың тұрақты дамытуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды белгiлейдi.
      Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жасау және жүргiзу мақсаты тиiстi қала құрылысы кеңiстiгiнiң қала құрылысы, сәулет және құрылыс құжаттамасын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн құру арқылы тиiстi қала құрылысы кеңiстiгiнiң қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
      Құрылып жатқан Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының республикалық орталығының ұйымдық-құқықтық нысаны мен ведомстволық тиiстiлiгiн анықтау Қазақстан Республикасының Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi әзiрлеген «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк монополиялар мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының шеңберiнде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 242 Заңына МҚК жүргiзудi мемлекеттiк монополияға жатқызу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн орынды деп санаймыз.
      МҚК республикалық деңгейi нормативтiк-техникалық құжаттарды жүйеге келтiрудi, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы нормативтiк-техникалық құжаттардың бiрыңғай деректер қорын қалыптастыруды және жүргiзудi қамтамасыз етедi, мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының қызметтерi базалық және облыстық деңгейлерге тiкелей тарату үшiн электрондық түрде тапсырады.

      5.3. Мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен құрылыста сметалық баға белгiлеу жүйесiн жетiлдiру


      Бюджет қаражаты есебiнен сатылатын құрылыс өнiмдерiнiң баға белгiлеу жүйесi функционалды өзара байланысты элементтерден: сметалық-нормативтiк базадан, бағдарламалық қамтамасыз етуден, бағаның ағымдағы деңгейiнiң мониторингiнен және нарықты зерттеуден тұрады.
      Баға белгiлеу ғылыми-техникалық прогрестi, өндiрiстiк қуаттарды тиiмдi пайдалануды, материал сыйымдылығын азайтуды, еңбек өнiмдiлiгiн арттыруды, құрылыстың жоғары сапасын және iске қосылатын объектiлердiң пайдалану сипаттамаларын жақсартуды есепке алуы тиiс.
      Инфрақұрылымның, құрылыс индустриясының дамуын, жаңа технологиялар мен жұмыстарды жасау әдiстерiнiң пайда болуын, заңнамалық базадағы соңғы өзгерiстердi ескере отырып, баға белгiлеу мен сметалық нормалаудың қолданыстағы жүйесiн жаңарту және қайта ұйымдастыру қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi.
      Баға белгiлеудi жетiлдiру үшiн мемлекеттiк инвестициялар есебiнен құрылыста объектiлердi бағасына қалыптастыру тәртiбiн регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық құжаттарды түзету мен жаңаларын әзiрлеу, құрылыс өнiмдерiнiң тұтынушылық бiрлiгi құнының iрiлендiрiлген нормативтерi, ұқсас объектiлердiң құны туралы деректер банкiн қалыптастыру, құрылыс жұмыстарының бiрлiгiн орындау кезiнде материалдық, еңбек және өзге ресурс түрлерiнiң шығыс нормаларын әзiрлеу қажет болады. Орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын бағалау қызметтердiң сапасын және нарықтың конъюнктурасын ескере отырып, өзiндiк құнының және салық және бюджет заңнамаларына сәйкес белгiленген салықтар мен салықтық емес төлемдердiң барлық түрлерiнiң негiзiнде қалыптасуға тиiс.
      Еңбекке ақы төлеудiң тарифаралық коэффициенттерiнiң өзгеруiне байланысты құрылыстағы нормативтiк базаны одан әрi жетiлдiру, технологиялық карталарды әзiрлеу тәртiбiн жетiлдiру, технологиялық құжаттамаларды және оның негiзiнде жаңа технологиялар мен жаңа материалдарға арналған ресурстық-сметалық нормаларды уақтылы әзiрлеу, мемлекеттiк сметалық нормалар мен бағалау маңызды мiндеттер болып қалады.
      Тиiмдi мемлекеттiк баға саясатын жасау үшiн мынадай принциптердi сақтай отырып, құрылыс өнiмiне дұрыс баға белгiлеу талап етiледi:
      - жасаудың барлық кезеңiндегi тұрақтылық, яғни баға заңнамада және/немесе құрылыс мердiгерлiгi шартында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, құрылыс аяқталғанға дейiн өзгерiссiз болуы тиiс;
      - орындалған жұмыс үшiн тапсырысшы мен мердiгердiң арасындағы тұрақты баға мен есеп айырысу тәртiбi арасындағы өзара байланыс.
      Баға белгiлеудiң элементтiк жүйесiнен құрылыс құнының iрiлендiрiлген көрсеткiштерi (сындарлы элементтер) бойынша баға белгiлеу жүйесiне өту қажет.
      Баға белгiлеу жүйесiн жетiлдiру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
      1) сметалық-нормативтiк базаны жетiлдiру;
      2) жетiлдiрiлген сметалық нормаға өту бойынша әдiстемелердi айқындау және әзiрлеу;
      3) сметалық құжаттамалардың есебi бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудi жаңалау;
      4) тұрақты мониторинг негiзiнде құрылыс өнiмдерiнiң құнын ағымдағы баға деңгейiне келтiру.

      5.4. Тұрғын үй құрылысын дамыту


      Ескерту. 5.4-кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.03 № 1129 Қаулысымен.

      5.5. 2010-2014 жылдарға арналған құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуын және құрылыс материалдарын өндiрудi кешендi ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету


      Құрылыс материалдары өнеркәсiбi мен құрылыс индустриясының дамуын кешендi ғылыми-технологиялық қамтамасыз етудiң мақсаты мен мiндеттерi инновациялық негiзде қосылған құны жоғары бәсекеге қабiлеттi құрылыс материалдарының энергия және ресурс үнемдейтiн сақтайтын өндiрiстерiн игеру болып табылады.
      Отандық құрылыс индустриясының негiзiн цемент, құрама темiрбетон, қыш, кiрпiш, керамогранит, газобетон өндiретiн зауыттар құрайды. Негiзгi өндiрiстiк қуаттардың орташа статистикалық тозуын әртүрлi сарапшылар 60-75 пайыз аралығында бағалайды. Қолда бар қуаттар кезiнде елде жылына жиыны 6-7 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады.
      Алға қойылған мiндеттердi орындау үшiн құрылыс индустриясында жалпы қосылған құнды кемiнде 76 %-ға арттыру, отандық құрылыс материалдарын өндiру үлесiн 80 %-ға дейiн арттыру, құрылыс материалдары өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгiн бiр адамға 63 000 АҚШ долларына дейiн арттыру және тұрғын үй құрылысының көлемiн әлемдiк стандарттардың деңгейiне дейiн жеткiзу - құрылыс индустриясы кәсiпорындарының қуаттарын кемiнде екi еселендiру қажет. Бұдан басқа, құрылыс материалдары мен конструкциялары арнайы құрылыс - энергетиканы, өнеркәсiптi, көлiк инфрақұрылымын және басқа мақсаттарды дамыту - айналымын күшейту үшiн керек болады. Құрылыс индустриясының базасын осы заманғы техникалық негiзде жаңғырту қажет. Бiрiншi кезектегi мiндеттердiң қатарында - жаңа цемент зауыттарын салу және қолданыстағыларын жаңғырту, клинкер-цемент терминалдарын мен индустриялық құрылыс комбинаттарының аумақтық желiлерiн ұйымдастыру, сондай-ақ санитарлық-техникалық және қаптайтын қыш өндiретiн зауыттар салу.
      Жаңа цемент зауыттарын салу - қымбат тұратын жоба. Немiс жабдықтарының негiзiнде жылдық өнiмдiлiгi 1 млн. тонна зауыт салуға кететiн шығын 120-150 млн. еуродан төмен болмайды. Цемент зауыттарының жаңа буыны шикiзат дайындаудың құрғақ тәсiлiмен жұмыс iстейдi. Бұл ең жақсы қазiргi нарықта өнiмнiң өнiмдiлiк - баға - сапа арасалмағымен ерекшеленетiн жоғары автоматтандырылған және үнемдi зауыттар.
      Қолданыстағы цемент зауыттарын жаңғыртқан кезде инвестицияны 2-3 есе үнемдеуге және сол нәтиженi алуға болады.
      Қазiргi заманғы индустриялық құрылыс комбинаттарын салу төмен материал сыйымдылығымен және өзiндiк құнымен, жоғары жылу қорғаумен және үй-жайды еркiн жоспарлау және қайта жоспарлау мүмкiндiгiмен ерекшеленетiн үй салуға мүмкiндiк бередi. Олар «өзiндiк құн - қолайлылық - жарасымдылық - сенiмдiлiк» өлшемi бойынша iрi панельдi, кiрпiш және берiк ғимараттарға Қарағанда ұтады.
      Темiр-бетон бұйымдары зауытының екi немесе үш аралық цехы каркасты жаңа буын ғимарат салу үшiн жиналатын конструкциялар шығаратын осы заманғы тиiмдiлiгi мол өндiрiске қайта өзгертiлуi мүмкiн. Комбинаттардың қуаты - жылына 50-ден 200 мың шаршы метрге дейiн тұрғын үй.
      Ғылыми бiлiм мен озық технологияның рөлi құрылыс индустриясының базасын ойдағыдай жаңғырту үшiн аса маңызды. Бұл жерде әсiресе құрылыс саласы үшiн маңызды мән мынадай перспективалы бағыттар болады:
      осы заманғы үй құрылысы комбинаты туралы сөз болғанда негiзгi мәселе - үй салу жүйесiн таңдау. Жаппай құрылыс үшiн қаңқа арқылы және тiрек-берiк үй салу жүйесiн қолдану орынды негiз болады. Олардың жақсы жағына бiршама төмен өзiндiк құн мен еркiн жоспарлау жатады. Бiрақ ең бастысы - жоғары сенiмдiлiк, оған ОТК-ның бақылауымен үйдiң майда-шүйдесiне дейiн зауытта дайындау және монолиттi фрагменттердi барынша азайту арқылы қол жеткiзiледi, бұл әсiресе қысқы құрылыс кезiнде маңызды.
      Осы заманғы үй салудың негiзгi проблемаларының бiрi - тиiмдi қабырға конструкциялары. Солтүстiк Америка мен Еуропаның бiр қатар елiнде қолданылатын үш қабатты қабырға ТМД-да кiрiгiп кете алмауы себебiнен бiзде ол жiтi мәселе болып тұр. ТМД-да нақты тәжiрибеден өтетiн технология оны қолданудың бастапқы үлгiсiнен тым алыс. Қорытындысында ұзақ уақытқа төзiмдiлiгi мен санитарлық-гигиеналық қасиеттерi күмәндi пенополистиролдың арзан түрлерiнiң орынсыз кеңiнен қолдана бастады.
      құрылыс материалдарын өндiру үшiн техногендiк қалдықтарды кәдеге жарату бiртiндеп ұлттық проблемаға айналды. Таудай үйiлген қалдықтар тiршiлiк ету ортасын бүлдiредi. Бұдан өзiн, шикiзат ресурстарының тапшылығы құрылыс қарқынын тежейтiн күн де алыс емес. Құрылыс материалдары мен конструкцияларды өндiру кезiнде металлургиялық өндiрiстердiң қалдықтарын, сауда экономикалық аймақтың күлiн және басқа көп нәрсенi қолдануға болады.
      Ұзақ уақытқа және экологиялық таза жылытқыш жасау бүкiл әлемде елеулi проблема болып қалуда. Жылытқыштың кеңiнен қолданылатын түрлерi стирол, фенол және адам үшiн зиянды басқа да химиялық қосылыстардан тұрады. Адамдардың денсаулығы туралы қамқорлық ұран емес, ұлттық саясаттың ажырамас бiр бөлiгi елге - Финляндияда экологиялық лас жылытқыштардан тұратын ғимараттардың тұтас кварталдары бұзылады. Ең жақсы жылытқыш көбiкшыны болып табылады. Бұл қандай жағдайда болмасын улы заттар бөлмейтiн жеңiл, жанбайтын және төзiмдi материал. Алайда, көбiкшыны - салыстырмалы түрде қымбат материал, және оның өзiндiк құнын төмендету үшiн зерттеу жұмысы қажет.
      инерциялы материалдарды байыту - ұлттық маңызы бар проблема. Дамыған елдердiң көпшiлiгiнде құм мен қиыршықтас темiр-бетон бұйымдары зауыттары мен үй құрылыс комбинаттарына жуылған, құрғақ күйiнде, топтастырылып немесе тапсырыс берушiнiң қалауы мен рецепi бойынша жiктелiп түседi. Осы арқылы өнiмнiң сапасы сақталады, ғимараттар мен құрылыстың сенiмдiлiгi артады, едәуiр қаражат үнемделедi. Бiздiң ел осындай өндiрiс мәдениетiнен әлi тым алыс.
      Егер қажеттi жабдықтармен (уатқыштармен, жiктегiштермен және т.б.) құрастыратын құм және қиыршықтас карьерлер темiр-бетон зауыттары мен басқа да мүдделi кәсiпорындар әлемдiк стандарттардың деңгейiне жақындайды. Бұдан өзге, байытылған инерттi материалдарды тасымалдау үшiн орау техникасы мен контейнерлер қажет. Бұл проблемамен бетон қоспасының оңтайлы құрамын жобалау ғылымы тығыз байланысты.
      Қазiргi заманғы технологиялардың көмегiмен өндiрiлетiн бұйымдардың номенклатурасын кеңейту - зерттеу мен инвестиция үшiн игiлiктi салы. Ондаған жаңа бұйымдар өте перспективалы. Бұл - көп тесiктi керамоблок және басқа құрылыс керамика бұйымдары, термоблоктың алуан түрлерi, жаңа темiр-бетон бұйымдарын палубасыз қалыптау (қадалар, шпунт, жол плиталары, қаңқалы ғимараттарға арналған ригельдер және басқалары).
      Құрылыс базасын шұғыл iргелi жаңғырту, оны қазiргi заманғы техникалық негiзде дамыту - аса маңызды мемлекеттiк мiндет. Бұл тұста оның қуатын ұлғайту туралы, сапасы жоғары бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiрудiң жетiстiктерi туралы ғана емес, бiрақ шығынды едәуiр қысқарту туралы да сөз болып отыр. Техникалық артта қалу өндiрiстiк жабдықтардың көп тозғанды әсерiнен құрылыс өнiмдерiнiң жалпы өзiндiк құны соңғы жылдары үштен бiрге өстi.
      Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында энергия үнемдейтiн технологияларды енгiзуге күш салу қажеттiгiн атап өттi. Қазақстанның IЖӨ энергия сыйымдылығы шартты отынның 0,73 тоннасына 1000 АҚШ долларына тең, Қытай мен АҚШ-тың ұқсас көрсеткiшi екi еседен астам, ЕО-рын 25 елiнiң энергия сыйымдылығының орташа көрсеткiшi - үш есе артық. Әсiресе жылу-энергетика ресурстарын пайдалану көлемi бойынша экономиканың басқа салаларының арасында үшiншi орын алатын құрылыс кешенiнде энергия үнемдеу маңызды. 571 көлем iшiнде құрылыс материалдары өнеркәсiбi 11 % құрылыс 4 % энергия ресурстарын пайдаланады.
      Құрылыс материалдары мен бұйымдарының өнеркәсiбiнде энергияның ең көп қажет ететiн өндiрiстер цемент, кiрпiш және құрастырмалы темiр-бетон өндiрiсi болып табылады. Мысалы, Қазақстанда 1 тонна цемент өндiруге шартты отынның 100 кг-ы, ал ЕО елдерiне қарағанда 900 кВт-сағ электр энергиясы артық жұмсалады.
      Энергия тиiмдiлiгi саласында құрылыс индустриясындағы жағдайды түбегейлi өзгерту сан миллиардтық ақша салумен байланысты. Алайда, бұл тiптi бүгiн капиталды көп қажет етпейтiн, бiрақ аса тиiмдi энергия үнемдейтiн технологияларды енгiзу мүмкiндiктерiн жоққа шығармайды.
      Энергия үнемдеудiң орасан зор әлеуетi құрылыстың цементтi көп қажет етуiн азайтуға салынған. Қазiргi заманғы құрылысты аса берiк бетонсыз салу мүмкiн емес екенi белгiлi. Алайда, iс жүзiнде құрылыста маркасы 300 және одан төмен бетон кең таралған (жалпы санының шамамен 80 %) күйiнде қалды. Мұндай бетон үшiн 400 маркалы цемент керек емес. Бiрақ ерекше талап етiлетiн төмен маркалы цементтi бiздiң зауыттар шығармайды.
      Сонымен қатар, энергия шығынын азайту үшiн АҚШ-та қабылданған заңнамалық актiлер құрамында пуццолан, золу-унос және қош бар аралас цемент өндiрудi перспективтi сатыға шағарды. Аралас цементтi қолдану электр энергиясын 40 %-га дейiн үнемдеуге мүмкiндiк бередi. 10 % клинкердi күлмен алмастыру АҚШ ауқымында жылына 2 млн. тонна көмiр үнемдеудi қамтамасыз етедi.
      Өнеркәсiптiң жанама өнiмдерiн пайдалану құрылыс материалдары өндiрiсiнiң шикiзаттық базасын едәуiр кеңейтуге, карьерлер мен үйiндiлерге бөлiнген жердiң ауқымын қысқартуға, әуе және су бассейнiнiң ластануын азайтуға мүмкiндiк беретiнi белгiлi. Бұл бағытта осы уақытқа дейiн көлемдi зерттеулер орындалды және құрылыс материалдары өндiрiсiнде әзiрлемелер енгiзу бойынша көптеген ұсыныстар берiлдi. Алайда, әзiрлемелердiң басым көпшiлiгi өнеркәсiптiк ауқымда iске асырылмай қалды, себебi олар отандық құрылыс индустриясында басым, ескiрген технологияларға бағдарланған.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында инновациялық негiзде өндiрiстi түпкiлiктi жаңғыртуды көздейтiн үдемелi индустрияландыру жүзеге асырылып жатыр. Бұл жағдайда қатты өнеркәсiптiк қалдықтарды тиiмдi құрылыс материалына қайта өңдеу индустриялық негiзге қойылуы мүмкiн.
      Iс жүзiнде Қазақстанның барлық өңiрлерiнде металлургиялық  және(немесе) химиялық өндiрiстiң, көмiр энергетикасының және (немесе) мұнай өндiрудiң әртүрлi қатты қалдықтары шоғырланған. Қазiргi уақытта республиканың аумағында 20 млрд. тоннадан астам қалдық жиналған. Өнеркәсiптiк қалдықтардың көпшiлiгi құрамы мен қасиетi бойынша табиғи шикiзатқа жақын және қайталама ресурс көзi бола алады.
      Барлық өнеркәсiптiк қалдықтардың iшiнен жиналған қорының көлемi бойынша бiрiншi орынға көмiр қалдықтары шығады: ЖЭС күлi мен қождары, ашылған жыныстар мен көмiр байыту қалдықтары. Сонымен қатар күл-қождар бетонға қосымша және ерiтiндi, тұтқыр күл-цемент компонентi сияқты ең зерттелген материалдарға жатады. М100-М300 маркалы ауыр бетондардың, М50-М200 маркалы керамзиттi бетонның, М50-М150 маркалы ерiтiндiлердiң құрамы әзiрлендi.
      Бетоннның құрамындағы күл-қож қалдықтарын iрi ауқымда пайдалану қалдығы аз және қалдықсыз өндiру мен жылу электр станцияларына iргелес аумақтарда экологиялық жағдайды елеулi жақсартуды ұйымдастыру үшiн жағдай жасайды. Сонымен қатар цемент пен бетон дайындауға арналған толтырғыштардың шығыны қысқарады, техникалық-экономикалық көрсеткiштер жақсарады, бетонның техникалық және құрылыс-техникалық қасиеттерiн мақсатты түрде өзгерту мүмкiндiгi пайда болады.
      Орындалған зерттеулер мен тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк сынақтардың нәтижесiнде Қазақстан кәсiпорындарында ЖЭС күлiн пайдалана отырып, тұтқырлар мен бетонның құрамы мен технологиялық регламенттерi әзiрлендi. Бiрақ бұл әзiрлемелер өнеркәсiптiк ауқымда iске асырылған жоқ, өйткенi ескi үлгiдегi үй құрылыс комбинаттарында құйылған технологиялық және қоспалардан жасалған ЖББ моралдық ескiрген тасқынды-агрегаттық технологияларға, олар қазiргi уақытта толық жойылған.
      Көмiр қалдықтарын негiзгi тұтынушылардың бiрi кiрпiш өнеркәсiбi бола алады, өйткенi олардың минералдық бөлiгi химиялық және минералогиялық құрамы бойынша кiрпiш дайындау үшiн қолданылатын сазды шикiзатқа жақын, ал олардың құрамындағы органикалық бөлiк шихтаның құрамындағы отыны бар компонент ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi.
      Күлдiң босататын және кiрпiшке жылу ұстайтын қоспалар сияқты көптеген зерттеулерi бар. Сазды-күлдi кiрпiш өндiрiсiн зерттеу нәтижелерi мен өндiрiс тәжiрибесiн талдау және қорыту отын шығынын 10-30%-ға және одан да көп қысқартуға, кейбiр қымбат және тапшы қоспаларды ауыстыруға (жоңқалар, қышқақ) және кiрпiштiң берiктiгiн 1-2 маркаға арттыруға мүмкiндiк беретiн осы қосма тиiмдiлiгiн көрсетедi. Пластикалық қалыптау әдiсiмен күлдiң жоғары мөлшерi (75-85%-ға дейiн) бар күлдi-сазды қоспадан алынатын күлдi керамикалық қабырға материалдарының технологиясы бойынша кешендi зерттеулер орындалды. Алайда, осы әзiрлемелер тәжiрибеде тиiсiнше таралған жоқ, себебi индустриялық құрылыс және энергия тиiмдiлiгi талаптарына жауап бермейтiн шағын қуысты кiрпiштiң ұсақ даналы ассоритментiне шек қойылған. Сонымен, өнеркәсiптiң қатты қалдықтарын тиiмдi құрылыс материалдарына индустриялық қайта өңдеу құрылысты өз өндiрiсiнiң құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге, өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге, экологияны жақсартуға мүмкiндiк бередi. Құрылысты индустриялық дамыту үшiн сабақтас салалардың қалдықтарын өңдейтiн қазiргi заманғы технологияларды игеру үшiн:
      республикада қайталама шикiзаттың жиналған қорлар нақтылау және өнеркәсiп қалдықтарының кадастрына түзету жүргiзу, құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар кәсiпорындарының энергиялық аудитi мен мониторингiн өткiзу жөнiнде шаралар қабылдау;
      өзiндiк құны неғұрлым темен өнеркәсiп, қалдықтарын негiзiнде бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығаруды қамтамасыз ететiн тиiмдiлiгi жоғары технологиялық желiлердi (өндiрiстер) игеруге және енгiзуге жәрдем көрсету;
      шикiзат кен орындарының және өнеркәсiптiк қалдықтарын, өндiрiс шығындарын, көлiк шығындарын азайтуға, өндiрiстiң өнiмдiлiгi мен рентабельдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн өнiмдердi тұтыну нарықтарының орналасуын есепке ала отырып, объектiлер мен өндiрiстiк қуаттардың ұтымды орналасуын қамтамасыз ету;
      технологиялық энергия шығындарын азайтатын, өнеркәсiптiк қалдықтарын қайта өңдейтiн кәсiпорындарды ынталандыру мен көтермелеу саясатын жүйелi жүзеге асыру қажет.
      Бағдарламаны iске асыру:
      құрамында өнеркәсiптiң жанама өнiмдерiнiң кемiнде 30 % шикiзатын пайдалана отырып, көп тоннажды құрылыс материалдарының технологияларын игеруге;
      жаңа технологиялардың энергия қажетсiнуi кемiнде 20 %-ға азайтуға;
      iрi форматты энергия тиiмдi қабырға керамикасының меншiктi өндiрiсiн, индустриялық үй құрылысы, шағын клинкерлiк тұтқыр және бетон элементтерiн және басқаларын игеруге мүмкiндiк бередi.

      5.6. Құралдардың тiзбесi және қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу тетiгi


      Құрылыс материалдарының өндiрiсiн ұйымдастыру мақсатында қазiргi инновациялық инфрақұрылымды (атап айтқанда, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, технологиялар, трансфертiнiң орталықтары, технопарктер және т.б.) қолдану. Еркiн экономикалық аймақтар шеңберiнде Еркiн экономикалық аймақтар құрудың мақсатына сәйкес келетiн жобаларды iске асырушы кәсiпорындар индустриялық инфрақұрылымдар қамтамасыз етiледi. Бұдан өзге де, 2010 жылы Еркiн экономикалық аймақтар туралы жаңа Заңды әзiрлеу басталды, оның шеңберiнде Еркiн экономикалық аймақтар кәсiпорындары үшiн қосымша барынша қолайлы және тиiмдi жағдай жасалатын болады. Индустриялық аймақтар шеңберiнде кәсiпорындарға жобаны iске асыру үшiн барлық қажеттi инфрақұрылым жасалады.
      инновацияларды қолдау жүйелерiн жетiлдiру мақсатында даму институттарымен өзара iс-қимыл;
      жалғаспалы және болжамды, ескiрген стандарттарды ұзақ мерзiмдi перспективаларға жаңғырту жолымен техникалық реттеу жүйелерiн реформалау, кәсiпорындардың табиғи ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiне, экология мен халықтың денсаулығы үшiн өнiмдердiң (қызметтердiң) қауiпсiздiгiне, көп энергия және материалды қажетсiнудi төмендетуге қойылатын талаптарды күшейту, тиiстi көтермелеулер мен санкциялар жүйесiн, бiрiншi кезекте инновациялық өнiм экспортын ұлғайту перспективасы бар бағыттар бойынша стандарттардың халықаралық стандарттармен үйлесiмдiлiгiн анықтау;
      жоғары технологиялық кәсiпорындар құру тәжiрибесiн кеңейтуге  және жеделдетуге тәжiрибенi жағдай жасайтын техникалық регламенттердi, стандарттар мен ережелердi қабылдау;
      сертификаттау рәсiмдерiн, оның iшiнде халықаралық сапа стандарттарына сәйкес оңайлату және жеделдету;
      ғылыми, бiлiм беру ұйымдарының және инновациялық саладағы бизнестiң өзара iс-қимылын, оның iшiнде технологиялық дамудың перспективалық бағыттарын анықтау және дамыту, гранттарды ұсыну жүйесiн қолдана отырып, зерттеулер мен әзiрлемелер өткiзуге компанияның шығындарын бiрлесiп қаржыландыру жетiгiн дамыту, инновациялық жобаларды iске асыруды бiрлесiп қаржыландыру, технологиялық бағыттар бойынша құрылыс индустриясын дамытуға арналған басымдықтар бойынша ұзақ мерзiмдi инновациялық серiктестiктi қолдау жөнiнде бизнес пен ғылымның өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында технологиялық платформаларды қалыптастыру арқылы ынталандыру құралдарын дамыту;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс индустриясы саласындағы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк қаржыландырудың бағдарламалық-нысаналы және гранттық тетiктерi;
      пайыздық ставкаларды субсидиялау;
      егер кәсiпкерде кепiлзат жеткiлiксiз болса кредиттерге кепiлдiк беру;
      сервистiк қолдау көрсету: бизнес-жоспар жасау, маркетинг жүргiзу және т.б.;
      өнеркәсiптiк кәсiпорындар үшiн кадрларды даярлауды және қайта дайындауды қаржыландыру;
      Құрылыс индустриясын дамытуға жағдай жасайтын негiзгi тетiктер:
      тұрғын үй құрылысы мен экономиканың басқа да салаларында инновациялық технологияларды енгiзуге жәрдемдесу, құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының отандық өндiрiсiн дамыту;
      тұрғын үйге қол жетiмдiлiктi арттыруды қамтамасыз ететiн тұрғын үй нарығының жаңа институттарын жасау және қолданыстағыларды жетiлдiру, атап айтқанда: тұрғын үй ипотекасы, жер ипотекасы, ипотекалық бағалы қағаз нарығын дамыту;
      инвестициялық белсендiлiктi арттыруға арналған жағдайларды жасау мақсатында заңнаманы жетiлдiру;
      азаматтар үшiн ипотекалық кредиттерге қол жетiмдiлiктi арттыру, нарықтың барлық қатысушылары арасында несиелеу қатерiн төмендету және тиiмдi бөлу;
      ресурстарды үнемдейтiн технологияларды өндiру және шағын энергетика мен отын-энергетика ресурстарының жаңғыртылады түрлерiн барынша кеңiнен пайдалануға жағдайлар жасау;
      шикiзаттың негiзгi түрлерiнiң кен орындарының қорларын нақтылау  және өңiрлерде кен орындары кадастрларын түзетудi жүргiзу, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциялары кәсiпорындарын мониторингiсiн жүргiзу және өңiрлiк жағдайларды есепке ала отырып, өндiрушi күштердi ұтымды орналастыру үшiн ұсыныстарды дайындау;
      қолданыстағы өндiрiстiк қуаттарды технологиялық жаңғырту үшiн отандық машина жасауды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ алдыңғы қатарлы және индустриялық-инновациялық технологияларды, ғылыми әзiрлемелердi енгiзу;
      жабдықтар мен материалдар, бұйымдар мен конструкциялар импортына кедендiк бажды қолдану тетiгiн реттеу;
      құрылыс және тұрғын үй қорының ғимараттарын құрылыстарды пайдалануға беру саласында стандарттау мен технологиялық реттеудi жетiлдiру және техникалық регламенттер талаптарының, оның iшiнде қиратпай бақылаудың қазiргi заманғы технологияларын қолдануға негiзделген құралдар мен тәсiлдердi пайдалану жолымен сақталуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды iске асыру;
      қазiргi заманғы құрылыс кейiнгi материалдарын қолдануды ынталандыратын стандарттарды әзiрлеу, бұл құрылыс жұмыстарының сапасын арттыруға, жөндеулер бойынша келесi шығындарын төмендетуге мүмкiндiк беретiн және өндiрiстiк желiлердi жаңғырту жөнiндегi отандық стандарттардың халықаралық үйлесiмiн қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру үшiн сала кәсiпорындарын ынталандырады;
      өндiрiс шығындарын, көлiк шығындарын төмендетуге, өнiмдiлiктi  ұлғайту және өндiрiстiң тиiмдiлiгiн ұлғайту мүмкiндiк беретiн шикiзат кен орындарының және олар шығаратын өнiмдердi тұтыну нарықтарының тиiмдi орналастырылуын, қамтамасыз ету;
      жұмыс iстеп тұрған дербес ғылыми-зерттеу институттарын және ғылыми-өндiрiс орталықтарын, сондай-ақ жоғары оқу орындарының тиiстi бөлiмшелерiн тартып, республикамызда жинақталған өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтарды құрылыс материалдарын шығару үшiн кәдеге жарату проблемаларын шешудi олардың қызметiнде басымдықтардың бiрi ретiнде анықтап, халықтың тұруына экологиялық ортаны және аумақтарды тұрақты дамытуды жақсартудың алғы шарттарын жасай отырып саланың ғылыми базасын дамыту;
      шетел мамандарын және консалтингтiк компанияларды тарта отырып, жоғары және орта буындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру курстарын қоса алғанда, өнеркәсiптiк құрылыс материалдары үшiн кадрларды дайындау;
      басым бағыттар бойынша инновацияларды енгiзу үшiн гранттарды бөлу (энергия үнемдейтiн материалдар, құрылыс материалдарының өндiрiсiнде жанама салалардың қалдықтарын пайдалану мүмкiндiгiн зерделеу, тез салынатын, жасыл және энергия пассивтi үйлер технологиясының трансфертi);
      ғимаратты энергетикалық паспорттауды дамыту арқылы ғимараттардың жылу техникалық сипаттамаларын мiндеттi жауапты түрде декларациялауды енгiзу (жаңадан салынғандар мен пайдалануға берiлгенде әсiресе орталықтандырылған жылу, су және энергиямен жабдықтау мүмкiндiктерiн пайдаланатындар);
      тәуелсiз сарапшылардың мәлiмделген жылу техникалық сипаттамасын растау мақсатында ғимараттарды мiндеттi жүйелi iс тексеру енгiзу;
      Инвестициялау, тұрғын үй құрылысының инновациялық әдiстерiн енгiзу, техникалық реттеу, iшкi нарықты қорғау, басымдық бағыттар бойынша ҒЗТЖҚ-өткiзуде қолдау көрсету, жоғары бiлiктi ғылыми және инженерлiк кадрларды даярлық, ақпараттық ортаны құру саласында құрылыс индустриясын тиiмдi дамыту көбiнесе мемлекеттiк саясатқа байланысты болады.
      Өз өндiрiсiн дамытатын кәсiпорындарға несие бойынша мемлекеттiк кепiлдемелердi ұсыну қажет.
      Энергиялық тиiмдi материалдар мен технологияларды пайдалана отырып, көп қабатты және аз қабатты тұрғын үй құрылысы үшiн үлгiлiк жобалар сериясын әзiрлеу қажет.
      Құрылыс индустриясын құру, нығайту, дамыту процесстерiн тиiмдi ақпараттық-талдамалық және маркетингтiк iлестiрудi және инвестициялық жобаларды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн құрылыс индустриясын жаңғырту, жобаларды iске асыру проблемалары бойынша жедел және толыққанды ақпарат алмасуды белгiлеу жөнiндегi жүйелi жұмыс жүргiзiледi. Сондай-ақ, құрылыс индустриясының қазiргi және жаңа кәсiпорындарының сыртқы нарыққа кiруiн қолдау мен көмек көрсету мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету жөнiнде жұмыстар жүргiзiлетiн болады.

      5.7. Бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi шаралардың тiзбесi және бизнес өкiлдерiмен керi байланыс жүйесi


      Цемент саласын дамыту мақсатында мыналар көзделедi:
      Қазақстанның қуаты жылына 5,65 млн.тонна жұмыс iстеп тұрған цемент кәсiпорындарының қуаттардың 3,26 млн. тоннаға өсуiне байланысты өндiрiстiң «ылғал» тәсiлiнен «құрғақ» тәсiлiне көшуi (2 қосымша):
      «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС (қуаты 1600 мың тонна);
      «Семей» цемент зауыты» ЖШС (қуаты 1200 мың тонна);
      «Қарцемент» АҚ және «Централ Азия Цемент» (қуаты 3560 мың тонна);
      «Шымкентцемент» АҚ (қуаты 2100 мың тонна);
      «SAS - Tobe technologies» ЖШС (қуаты 450 мың тонна).
      Мемлекет цемент саласының кәсiпорындарын ынталандыру бойынша жағдай жасайтын болады. Инновациялық даму институттары («Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ) тегiн негiзде цемент кәсiпорындарының цемент өндiрудiң қазiргi заманғы тәсiлiне көшуi бойынша оңтайлы шешiм беретiн болады (техникалық экономикалық негiздеме, құжаттаманы жобалау кезеңi, технологиялар трансфертi, басқару технологияларын енгiзу). «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ Қазақстан кен орындарының аумақтық орналасуы мен шикiзаттық құрамын ескере отырып, цемент кәсiпорындарын жаңғыртудың барынша оңтайлы схемасына талдау жүргiзiп, анықтайтын болады.
      Жұмыс iстеп тұрған зауыттардың өндiрiстiң «ылғал» тәсiлiнен «құрғақ» тәсiлiне көшуiнiң нәтижесiнде қайта жаңартылған қуатта құрғақ тәсiлмен цемент шығару көлемi 8,91 млн.тоннаға жетедi (жұмыс iстеп тұрған зауыттарды қайта жаңартқаннан кейiнгi өсiмнiң көлемi 3,26 млн.тоннаны құрайды). Зауыттарда жұмыс iстейтiндердiң саны цемент өндiрiсiн жаңғырту есебiнен 30%-ға дейiн қысқарады. Осылайша, жаңғыртылған зауыттардағы еңбек өнiмдiлiгi құрғақ тәсiлге көшу арқылы жылына бiр адамға 5494,5 т. цементтi құрайды. Цемент құнының 12 500 теңгенi екенiн ескере отырып, еңбек өнiмдiлiгi бiр адамға жылына: 5494,5 х 12 500 = 68681,2 мың теңге (457 875 АҚШ долл.) құрайды.
      Жоғары технологиялық жабдықтарды қолдана отырып, цемент өндiрудiң барынша қазiргi заманғы тәсiлiне көшу қоршаған ортаға экологиялық шығарындыларды қысқартуға және халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келуiне мүмкiндiк бередi.
      2014 жылға қарай қуаты жылына 6,152 млн. тонна жаңа зауыттар салу (3-қосымша):
      «ВI-Cement» ЖШС, Ақмола облысы (қуаты 552 мың тонна);
      «Көкшецемент» ЖШС, Ақмола облысы (қуаты 2000 мың тонна)
      «Жамбыл цемент өндiрiстiк компаниясы» ЖШС, Жамбыл облысы (қуаты 1100 мың тонна);
      «Қазақцемент» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы (қуаты 1000 мың тонна);
      «Стандарт цемент» ЖШС, Оңтүстiк Қазақстан облысы (қуаты 1000 мың тонна);
      «ACIG» АҚ, Жамбыл облысы, Хантау ст. (қуаты 500 мың тонна).
      Құрғақ тәсiл бойынша салынған жаңа цемент зауыттарындағы еңбек өнiмдiлiгi жылына бiр адамға 4322,3 т цемент құрайтын болады. 12 500 теңге мөлшерiндегi цемент құнын ескере отырып, 1 жұмысшының еңбек өнiмдiлiгi жылына: 4322,3 х 12 500 = 54 029,1 мың теңгенi құрайды (360 194 АҚШ долл.).
      мына қалаларда жылына жалпы қуаты 2100 мың тонна клинкер өңдейтiн клинкер-цемент терминалдарын салу (КЦТ) (iс-шаралар жоспарына 3-қосымша):
      Алматы қаласы - қуаты 600 мың тонна;
      Атырау қаласы - қуаты 600 мың тонна;
      Ақтау қаласы - қуаты 300 мың тонна;
      Павлодар қаласы - қуаты 300 мың тонна;
      Ақтөбе қаласы - қуаты 300 мың тонна
      Жалпы көлемнен 2100 мың тонна клинкер клинкер-цемент терминалдарына жiберiлетiн болады, олар 2538 мың тонна цемент өндiредi.
      Клинкер-цемент терминалдары акционерлерiнiң құрамында (51 % акцияға дейiн) клинкер-цемент терминалдарын үшiн клинкер жеткiзушi цемент зауыттары қатысатын болады. Клинкер-цемент терминалдарын салуға қаражат кредиттi қайтарып беруге мүдделiлiктi сақтай отырып, соған орай, клинкер-цемент терминалдарын үшiн клинкер жеткiзуге цемент зауыттарынан түсетiн болады. Құрылтайшылардың құрамына осы өңiрде орналасқан индустриялық-құрылыс комбинаттары кiруi тиiс. Клинкер-цемент терминалдары құрылысын қамтамасыз етуге кредит қаражаты клинкер-цемент терминалдарын салуға қатысу үшiн құрылтайшыларға берiлуi тиiс (цемент зауыттары мен индустриялық-құрылыс комбинаттары). Бұл қаражатты құрылтайшылар клинкер-цемент терминалдарын салу мақсатында акционерлiк қоғамдарды ұйымдастыру кезiнде енгiзуге тиiс:
      1) Алматы қаласының клинкер-цемент терминалы - «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-тен және Алматы қаласында құрылған индустриялық-құрылыс комбинатына клинкер жеткiзу;
      2) Атырау қаласының клинкер-цемент терминалы;
      3) Павлодар қаласының клинкер-цемент терминалы;
      4) Ақтау қаласының клинкер-цемент терминалы;
      5) Ақтөбе қаласының клинкер-цемент терминалы, сондай-ақ Ақтөбе қаласында құрылған индустриалды-құрылыс комбинаты.
      Клинкер-цементтiк терминалдар салу цемент зауыттары жоқ өңiрлерде белгiленген клинкер-цемент терминалдарында клинкердi ұнтақтау мен жеткiзудi қайта бөлуге мүмкiндiк бередi. Осы өңiрлерге цементтi жеткiзу цементке бағаның шұғыл көтерiлуiне, ал хопрдың тапшылығы дүрлiкпе маусымдық сұранысқа алып келедi. Клинкердi жеткiзудi цементтi жеткiзуге қарағанда едәуiр арзан жартылай вагондарда жүзеге асыруға болады. Сонымен бiрге клинкердi ұнтақтауды бiрден емес қажеттiлiгiне қарай 3-4 айдан кейiн жүргiзуге болады. Бұл цементке дүрлiкпе сұраныстың төмендеуiне, осы өңiрде бағаның төмендеуiне, шетелден цемент экспортының азаюына алып келедi.
      Еңбек өнiмдiлiгi бiр адамға жылына 5675,6 т цемент құрайтын болады. Цемент құнының 12 500 теңге екенiн ескере отырып, 1 адамның еңбек өнiмдiлiгi жылына: 5675,6 х 12 500=70945,0 мың теңге (472 966 АҚШ долл.) құрайды.
      Жаңғыртуға қаржы лизингiн, құрылысы басталған зауыттарды немесе жаңа инвестициялық жобаларды аяқтауға кредит беруге Зауыт - клинкер-цемент терминалы - тұтынушы сатылас-интеграцияланған құрылымдарын құруды көздейтiн ұсыныстарға бiрiншi кезектi көңiл бөлiнетiн болады.
      ИҚК (Индустриялық құрылыс комбинаттары) ұйымдастыру
      Тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшiн (iс-шаралар жоспарына 3-қосымша):
      Қазақстан Республикасында 6 Индустриялық құрылыс комбинаттарынан жылына жалпы қуаты 900 мың шаршы метр тұрғын үй салатын желi құру қажет. «ИҚК» ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мына қалаларында құрылатын болады:
      Астана - 2 «ИҚК», жылына әрқайсысы 150 мың шаршы метр тұрғын үй;
      Алматы - 2 «ИҚК», жылына әрқайсысы 150 мың шаршы метр тұрғын үй;
      Шымкент - 1 «ИҚК», жылына әрқайсысы 150 мың шаршы метр тұрғын үй;
      Ақтөбе - 1 «ИҚК», жылына әрқайсысы 150 мың шаршы метр тұрғын үй.
      «Қазақстан Республикасында Индустриялық құрылыс технологиялары» коммерциялық емес ұйымын құру:
      «Қазақстан Республикасы индустриялық құрылыс комбинаттары» коммерциялық емес ұйымын құрудың мақсаты:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының құрылыс саласының үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын орындау үшiн жағдайлар жасау (Индустриялық құрылыс комбинаттары желiсiн құру жөнiндегi жоспарларды iске асыру үшiн). «Қазақстан Республикасы Индустриялық құрылыс технологиялары» коммерциялық емес ұйымының функциясы - Индустриялық құрылыс технологиялары мен Индустриялық Құрылыс Комбинаттары мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы ақпараттық-талдау және қолдау.
      «Қазақстан Республикасы Индустриялық құрылыс технологиялары» коммерциялық емес ұйымының жеке бизнеспен ақпараттық-талдамалық өзара iс-қимылы:
      1. Нарыққа қатысушылардың ИҚК ұйымдастыру саласындағы мемлекеттiк мекемелермен, даму институттарымен iс-қимылын топтастыру.
      2. ИҚК ұйымдастыру бойынша қолдау — жобалау, салу, технологиялық жарақтандыру, жаңғырту.
      3. Жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру.
      4. Кадрлар дайындау, ИТҚ мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру;
      5. ИҚК пайдалану кезеңiнде қолдау.
      «Қазақстан Республикасы Индустриялық құрылыс технологиялары» коммерциялық емес ұйымының мемлекетпен және даму институттарымен ақпараттық-талдамалық өзара iс-қимылы:
      1. Мемлекеттiк құрылымдарды құрылыстың әзiрленген және сыналған индустриялық-инновациялық технологиялары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
      2. Үкiметтiң жоспарларына сәйкес Қазақстан Республикасының нақты өңiрлерiнде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесiн шешу үшiн ИҚК технологияларын, қуаттарын iрiктеу және негiздеу.
      3. Құзыреттi ұйымдарды ИҚК құрудың мемлекеттiк бағдарламаларына қатысуға тарту.
      4. Мемлекеттiк мекемелер мен даму институттарын қаржыландыру мен өзара iс-қимыл схемаларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
      Бағдарламаны ойдағыдай iске асыру мақсатында ИҚК салуға материалдық-техникалық базасы, құрылыста немесе құрылыс материалдарының өндiрiсiнде жұмыс тәжiрибесi бар барынша перспективалық үмiткерлердi iрiктеудi қамтамасыз ету қажет.
      Жоғарыда аталған мiндеттердi iске асыру үшiн:
      1. ИҚК құрылтайшылары: ИҚК құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн жасап, оларды «Қазақстан Республикасы Индустриялық құрылыс технологиялары» коммерциялық емес ұйымдармен келiсу;
      2. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ: кәсiпорындарды салу және қайта жаңарту үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз ету (кредит беру, лизинг, үлестiк қатысу);
      3. Әкiмдiктер: әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациялары берiлген функциялар шеңберiнде КИС құру бойынша мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi ұйымдастыру, қажеттi техникалық жағдайлармен қамтамасыз ету;
      4. Оқыту жүйесiн және кадр дайындауды ұйымдастыру қажет. Шет елдерден мамандарды тарта отырып, бiлiктiлiктi көтеру курстарын өткiзу керек.
      Қазақстан Республикасы Индустриялық құрылыс технологиялары - құрылтайшылары мынадай ұйымдар болуы тиiс:
      1) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрылымдық бөлiмшесi, әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациялары;
      2) салалық бағдарламаны iске асыруға қатысатын ұйымдар.
      Кредит беру жүйесiн әзiрлеу
      Жеке тұрғын үй салуды дамыту үшiн қуатты ынталандырушы болып табылатын тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында сертификатталған құрылыс материалдарына кредит беру жүйесiн әзiрлеу.
      Керамика саласын дамыту
      ҚР құрылыс индустриясын дамытудың индустриялық-инновациялық құралын жасау мақсатында мынадай қалаларда керамика шығару бойынша қажеттi өндiрiстердi Қазақстанда ұйымдастыру бойынша мынадай шаралар өткiзудi қажет деп шешiлдi (iс-шаралар жоспарына 3-қосымша):
      жылына қуаты 1 млн. сантехкерамика бұйымдар, шығаратын зауыт ұйымдастыру;
      жылына қуатын 5 млн. шаршы метрге дейiн ұлғайту мақсатында Хромтау қаласында керамика зауытын жаңарту;
      Ақтөбе облысында (Союзное кен орнында) жылына қуаты 200 000 тонна сазды қайта өңдеу зауытын ұйымдастыру.
      Жоғарыда көрсетiлген сантехкерамика және керамикалық тақтайшалар өндiрiсiн Хромтау қаласындағы «Керамика» АҚ зауытының базасында ұйымдастыру ұсынылады. Өндiрiстердi бұлай шоғырландыру инфрақұрылымды ұйымдастыру, жер учаскесiн сатып алу, тұрмыстық және әкiмшiлiк мақсаттағы объектiлердi салуға кететiн шығындарды төмендетуге мүмкiндiк бередi. Бастапқыда «Керамика» акционерлiк қоғамы өндiрiстi кейiннен кеңейту мақсатында жоспарланған болатын, зауытта 2 кiреберiс темiр жол желiсi бар, барлық коммуникацияларда кейiннен кеңейту мақсатында қуат қорлары салынған.
      Саладағы бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде 810 жұмыс орны ашылып, жалпы еңбек өнiмдiлiгi 14,6 млн. шаршы м. тақтайшалар мен 1 000 000 дана санфаянс, бiр адамға еңбек өнiмдiлiгi 22 121 шаршы м., сондай-ақ бiр адамға 3000 санфаянс бiрлiгiн құрайтын болады. 1 шаршы метр үшiн 1050 теңге мөлшерiндегi (7 АҚШ доллары) тақтайшаның орташа құны кезiнде ақша көрiнiсiндегi еңбек өнiмдiлiгi 22,2 млн. теңгенi (148 000 АҚШ доллары) құрайды. Ағымдағы жағдайда сантехкерамика импортының орташа құны 1300 АҚШ доллары кезiнде 1 жұмысшыға сантехкерамика өндiрiсi саласындағы еңбек өнiмдiлiгi 8,1 млн. теңгенi (54 000 АҚШ доллары) құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет