Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет4/24
Дата16.06.2016
өлшемі2.19 Mb.
#139049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

      Жылу оқшаулағыш материалдар.
      Энергия тасымалдаушыларға бағаның тұрақты өсуiнiң аясында автоклавты газ бетоны ретiнде жылу оқшаулағыш материалдарды және базальтты талшықтан жасалған минералдық мақта бұйымдарын пайдалану жолымен пайдаланылатын ғимараттардың энергия тұтынуын төмендету үлкен перспективаға ие. Әртүрлi деректер бойынша тұрғын үй секторына республика бойынша тұтынылатын энергияның 25-30 % тиесiлi.
      Бүгiнде қазақстандық газ бетон нарығында қазiргi заманғы жоғары технологиялық жабдықта дайындалған сапалы кеуектi бетон өндiрiсiнiң өсуi байқалады. Алайда көлемi жылына 1118 мың м3 қолда бар газ бетон қуаты құрылыстың өскелең қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн жеткiлiксiз. Мысалы Батыс елдерiнде 1000 тұрғынға газ бетоннан жасалған бұйымдардың жылдық шығарылымы 220-280 м3 құрайды. ТМД елдерiнде газ бетонды қолдану бойынша көшбасшы Беларусь болып табылады, мұнда бұл көрсеткiш мың адамға 170 м3-ге жеттi. Автоклавты кеуектi бетон бойынша жобалық қуаттарды игеру кезiнде газ бетондар шығару 1000 адамға 74 м3-дi құрайды. Шетелдердiң тәжiрибесiн бағдарлай отырып, тұрғын үй салудағы кеуектi бетон нарығын әлеуетiн 2014 жылға қарай 2 млн.м3 деп бағамдауға болады.
      Серпiндi дамып келе жатқан және перспективалы жылу оқшаулағыш материал базальт талшығынан жасалған бұйымдар болып табылады. Қазақстанда 2008 жылы шамамен 640 мың м3 минералдық мақта жылытқыштары пайдаланылған және 2014 жылға қарай нарық көлемi 1900 мың м3 болжанып отыр.
      Қазiргi уақытта республикада минералдық мақта бұйымдарын өндiретiн 11 кәсiпорын бар.
      Кәсiпорындардың көпшiлiгi 70-80 жылдары салынған және моральдiк  және физикалық ескiрген және тиiсiнше энергияны қажетсiнетiн жабдыққа негiзделген. Осы зауыттарда жұмыс iстейтiн ваграндық балқыту агрегаттары балқыту үшiн анағұрлым жоғары температура қажет етiлетiндiктен базальт тасын балқытуға қабiлетсiз. Ақырында бұрын орнатылған технологиялық желiлерде шығарылған өнiм сапасы бойынша да, бағасы бойынша да бәсекеге қабiлетсiз.
      Әлемдiк тәжiрибенi талдау минералдық мақта өнiмiн өндiретiн жетекшi фирмалар шикiзат ретiнде базальт жыныстары мен қазiргi заманғы энергия үнемдейтiн балқыту агрегаттарын пайдаланатындығын көрсеттi. Бұл жоғары сапалы минералдық мақтаны алуға мүмкiндiк бередi. Республикада соңғы 2-3 жылда озық еуропалық технологиялар қарқынды енгiзiлу үстiнде. Италиядан, Словениядан әкелiнген жабдықпен жабдықталған Павлодарда «Базальттiк технологиялар» ЖШС, Өскеменде «Изотерм» ЖШС, Ақтөбеде «Базальт - A» ЖШС жоғары өнiмдi кәсiпорындар салынып, пайдалануға берiлдi. Жақын жылдарда қазiргi заманғы технологиялар бойынша базальт талшықтарын өндiретiн тағы бiрнеше кәсiпорын iске қосылатын болады. Бұл зауыттардың өнiмi 2-3 жылда ескiрген энергия шығынды технологиялар бойынша шығарылатын зауыттардың өнiмiн толығымен ығыстыратыны болжанып отыр.
      Лак бояу өнiмi. Қазiргi уақытта лактар мен бояуларды әлемдiк сатылым жылына 64 миллиард долларды құрайтынын атап өту қажет. Салада 12 мың компания жұмыс iстеуде, бiрақ нарықтағы үлесiне барлық сатылымдардың 43 пайызға жуығы тиесiлi 11-i көш бастап отыр. Олардың әрбiрiнiң жылдық табысы 1 миллиард долларға жақындап келедi.
      Ресейдi қоса алғанда белгiлi әлемдiк бояу өндiрушiлердiң қызметiн талдау, акрилдiк дисперсия және титан диоксидi болып табылатын негiзгi компоненттер ретiнде Ciba, BASF, Akzo Nobel, Du  pont сияқты iрi химиялық алпауыттардың өнiмi пайдаланылатынын көрсеттi. Бұл 2 компонент бастапқы шикiзат құрамында дайын өнiм құнының 82-85%-ын құрайды, оларды жеткiзуге көлiк шығыстарын бөлу болмашы. Осыған байланысты, лак бояу материалдарын өндiруде отандық қамтудың шикiзаттық материалдарының үлесiн ұлғайту туралы мәселенi қою орынсыз. Бұл жағдайларда отандық өндiрiстiң тиiмдiлiгiне су құраушыларынсыз (40%) тек қана қатты компоненттердiң импорты есебiнен қол жеткiзiледi.
      Қазiргi уақытта Қазақстан нарығының сыйымдылығы жылына 90 мың тоннаны құрайды. Олардың 26-28 %-ы отандық өндiрушiлердiң үлесiне тиесiлi. Импорттың негiзгi үлесi (65%-дан астам) Ресейге тиесiлi. Басқа жеткiзушiлер Түркия, Польша, Қытай, Германия, Словения және т.б. болып табылады. 2014 жылғы қарай лак бояу материалдарына қажеттiлiк жылына шамамен 107 мың тоннаны құрайды.
      Шыны өнеркәсiбi. Әлемдегi негiзгi үрдiс - энергия тасымалдағыштардың тапшылығы, газға, электр энергиясына, көмiрге бағаның өсуi, ғимараттарда жылу шығындарын едәуiр азайту қажеттiлiгiне алып келетiн жылу энергия желiлерiнiң айтарлықтай жүктемесi мен тозуы. Ғимараттардағы барынша көп жылу шығындары (50 %-дан астам) терезе арқылы, ал қабырға арқылы 26 пайыз болады. Үлкен әйнек қасбеттерiнде және қазiргi заманғы ғимараттардың зерәйнектерiнде жылу шығындары бiрнеше есеге ұлғаяды. Шыны өңдеудiң қазiргi заманғы технологияларының дамуымен жылу-энергия үнемдегiш шыны пакеттерiн қолдану арқылы жылу энергиясы шығыстарын 12 пайызға дейiн айтарлықтай төмендетуге мүмкiндiк пайда болды. Осыған байланысты, әлемдегi маңызды бағыттардың бiрi бiр уақытта ғимараттардың жылу қорғанышының деңгейiн арттыруға және адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қабiлеттi энергия тиiмдi шынылауды дамыту болады. Энергия үнемдегiш шыны пакетiнiң iшкi әйнегiндегi арнайы жылу шағылыстырғыш жабын жылу сәулелерiн шағылыстырып, термос әсерiн қалыптастырады.
      Экономикалық және экологиялық әсерi:
      жаңа энергия кезiнен 1 кВт/сағ. өндiруге арналған шығындар 1 кВт/сағ. үнемдеуге кететiн шығындардан 7 есеге көп;
      кәдiмгi шынылауды пайдаланған кезде үй-жайды жылытуға жыл сайын атмосфераға 84 кг СО2 с 1 м2 шығаруға әкелетiн энергия шығындалады;
      жылу-энергия үнемдегi шыны пакетiн пайдаланған кезде бұл сан жылына 13 кг СО2 с 1м2 - ге төмендейдi, яғни, бұл сан 6,5 есеге төмендейдi;
      болмашы қымбаттау (20 пайыз) кезiнде өтiмдiлiк мерзiмi 1 жыл.
      Әлемдiк құрылыс тәжiрибесiнде қауiпсiз шынылау мiндетiн шешу шыныққан және көп қабатты әйнектi пайдалануға негiзделедi. Мысалы Еуропада және Ресейде адамдар көп жиналатын орындарда екi қабаттан жоғары ғимараттарда кәдiмгi әйнектi пайдалануға тыйым салынады, тек қана әдеттегiден 7-8 есе берiк шыныққан және көп қабатты әйнек пайдаланылады.
      Республикада тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсiптiк ғимараттарды шынылауға арналған табақ шыны шығарылмайды. Ол тек импортталады.
      Табақ шыныларға қажеттiлiк: 2010 жылы - 22,2 млн. м2, 2011 жылы - 25,1 млн. м2, 2012 жылы - 28,3 млн. м2, 2013 жылы - 31,2 млн. м2, 2014 жылы - 35,0 млн. м2 құрайды. Бұл ретте барлық пайдаланылатын табақ шынының 70-80%-ы тұрғын үй салуда пайдаланылады.

       3.12. Қоршаған ортаға ықпалын бағалау



      Құрылыс индустриясындағы энергия үнемдеу энергия тұтынуды үнемдеудi құрайтындардың бiрi, себебi құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы отын-энергетикалық ресурстарын пайдалану көлемi бойынша басқа да шаруашылық салаларының арасында үшiншi орында тұр. Осы көлемдердiң iшiнен бар еңбек ақы төлеу қоры фонды 85% энергия ресурстарын, 11,4% құрылыс материалдары өнеркәсiбiн, 3,6% құрылысты пайдаланады.
      Энергетикалық және басқа да ресурстарды үнемдеу - құрылыс материалдары өнеркәсiбi алдында тұрған маңызды мiндет. Өндiрiстiк кәсiпорындар үшiн жылу мен электр энергиясын пайдалануды жүйелi төмендету бұл отын-энергетикалық ресурстарын сатып алу арналған шығындарды қысқарту мүмкiндiгi, сондай-ақ табиғат ресурстарын үнемдеудiң жалпы саласына өз үлесiн қосу мүмкiндiгi.
      Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 2008 жылғы халыққа жолдауында «Үкiмет бiруақытта өз күшiн энергия үнемдеу мен экологиялық таза технологияларды енгiзуге жұмылдыруы тиiс».
      Құрылыс материалдарының өндiрiсiне арналған шартты отын және электр энергиясының шығын нормаларын салыстырып талдау, Қазақстан мен Ресей үшiн бұл көрсеткiштердiң ұқсас екенiн көрсеттi, өйткенi бiрдей технологиялар қолданылады. ЕО елдермен салыстырғанда гипс, қыш және силикат кiрпiш өндiрiсiнен басқа, көрсетiлген барлық материалдар үшiн бұл көрсеткiштер артық.
      Мысалы, ЕО елдерiнде Қазақстан мен Ресейге қарағанда цемент өндiру кезiнде келiсiлген отын 101 кг және электр энергиясының шығыны с.870 кВт кем, қыш кiрпiш өндiру кезiнде келiсiлген отын 70 кг кем, ал электр энергиясы с.43,4 кВт артық құрастырмалы темiр бетон конструкцияларын өндiру кезiнде келiсiлген шығын 48 кг және электр энергиясы өнiм бiрлiгiне с 11 кВт кем.
      Құрылыс материалдарының технологиялары саласында энергия үнемдеу технологияларын (құрамында отын бар материалдарды, әртүрлi қоспаларды және т.б. пайдалану), озық технологиялық жабдықтар мен материалдардың жаңа түрлерiн пайдалану есебiнен энергия ресурстарын едәуiр үнемдеуге қол жеткiзуi мүмкiн.
      Бiрiншi блок: Құрамында отын бар шикiзатты пайдалану жолымен күйдiрiлетiн материалдар өндiрiсiнде отынды үнемдеу (күл шлак, көмiр қалдықтары, қиры және т.б.).
      Iрi тоннажды құрамында отын бар күл ГРЭС және ЖЭО мен көмiр өндiру қалдықтары сияқтыларға барынша қызығушылық бiлдiруде. Жыл сайын күл шығару 20 млн. тоннаға жеттi, 400 млн. тоннадан жоғары үйiндiлер жиналды Көмiр өндiру және көмiр байыту қалдықтарының ашылатын кендерi 2 млрд. т. астамын құрайды.
      Кейбiр жылдары фосфорлы және дөмендiк қоқыстар, ЖЭС күл және көмiр қалдықтарын пайдалана отырып, құрылыс материалдарын алу технологиялары. ГРЭС және ЖЭО күлдi пайдалана отырып, күл цемент, күл бетон, күлдi күйдiрiлмеген гравий, күл керамикалық кiрпiш алынған болатын. Көмiр өндiру және көмiр байыту қалдықтары негiзiнде керамзит, қыш кiрпiш және тақталар алынды. Өңделген технологияларды 80 жылдары ҚазССР Өнеркәсiп құрылыс материалдары кәсiпорындарында кеңiнен апробациялаудан өттi.
      Өткен жылғы қажеттiлiкке және 2010 және 2014 жылдарға арналған күтiлетiн қажеттiлiкке байланысты күл цемент, күл бетон, күлдi күйдiрiлмеген гравий, күл керамикалық кiрпiш технологияларын енгiзу кезiнде дәстүрлi шикiзат негiзiнде цемент, қыш кiрпiш, керамзит, бетон және темiр бетон сияқты материалдарды алмастыру келiсiлген отынды айтарлықтай үнемдеуге болады. Мысалы, 2007 жылы келiсiлген отынды 1,34 млн.т., 2010 жылы келiсiлген отынды - 1,86 млн.т, 2014 жылы - келiсiлген отынды 2,5 млн.т үнемдеу күтiлуi мүмкiн болатын.
      Екiншi блок: Диспергировенделген техногендiк өнiмдердi (күлдер, шлактар, шламдар, қалдықтар және т.б) пайдалану жолымен ұнтақ, кесек материалдары өндiрiсiнде энергияны үнемдеу.
      Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнде энергияны қажет ететiндер ұсақтау және ұнтақтау процесi болып табылады. Тау-кен өнеркәсiбiндегi ұсақтау және ұнтақтау операцияларына бар технологиялар кезiнде барлық шығындардың 50% астамы бiрiншi кезекте, энергетиканы қамтиды. Сондықтан ұсақтау процесiнен өткен мынадай қалдықтарды пайдалану орынды: тау-кен өнеркәсiбi, ТЭС күлдерi және шлактар, байыту комбинаттарының қалдықтары, тас өндiру және қайта өңдеу және т.б.
      10 % (4 млн.т) цементтi аралас кiшкене клинкерлiк байланыстырушы (СМВ) 5 % (2 млн. т) және 5% (2 млн. т) аралас клинкерлiк емес байланыстырушы алмастырудан жыл сайын 500 мың тонна сұйық отын үнемдеуге болады.
      Табиғи құмды алмастыру кезiнде ЖЭС алаңдарындағы ҚҚҚ өндiрудi 50 % ұйымдастыру кезiнде құрғақ құрылыс қоспалары (ҚҚҚ) және оларды 8 млн т. көлемiнде өндiру ҚҚҚ өндiру кезiнде дәстүрлi пайдаланылатын кәдiмгi құмды кептiрудiң орнына электр сүзгiштiң iшiнен құрғақ күлдi кептiрудi алып тастау есебiнен жыл сайын 61 мың т.сұйық отын үнемдеуге болады.
      Барлық көлемi 4 млн. текше м. табиғи құмды шлакқа және күлге алмастыру жыл сайын 4 мың т. дизелдiк отынды үнемдеуге әкеледi; 4 млн текше м. табиғи қиыршықтасты шлакқа алмастыру жыл сайын 14 мың т. дизелдiк отынды үнемдеуге болады.
      Үшiншi блок: Тиiмдi технологиялық жабдықтарды қолдану арқылы отын мен энергияны үнемдеу.
      Қазiргi уақытта өндiрiсте қолданылатын құрылыс материалдары технологияларының, техникалық шешiмдерi мен жабдықтардың кейбiр түрлерi жоғары сапалы энергияны қажет ететiндер болып табылады. Бiрiншi кезекте бұл цемент өндiруге қатысты. Шикiзаттық қоспаны дайындауға қарамастан портландцемент өндiрiсiнiң екi негiзгi тәсiлмен ерекшеленедi: сулы және құрғақ. Қазақстанда цемент негiзiнен сулы тәсiлмен өндiрiледi.
      Сулы тәсiлмен дайындау кезiнде клинкер тоннаға отынның орташа шығыны 240 кг, құрғақ - 183,9 кг құрайды. Құрғақ тәсiл бойынша дайындау кезiнде кесiлген отынды үнемдеу 56,1 кг тонна клинкердi құрайды.
      Қажеттiлiгi үнемдеудi қажет ететiн қажеттiлiк өндiрiсiнiң көлемiн есепке ала отырып, цемент өндiрудiң құрғақ тәсiлге өтуi кезiнде: келiсiлген отын 2007 жылы - 504,9 мың т, келiсiлген отын 2010 жылы - 690,03 мың т, келiсiлген отын 2014 жылы - 942,48 мың т күтiледi.
      Сұранысқа ие материалдардың бiрi қалыптаудың пластикалық және жартылай құрғақ тәсiлмен жүзеге асырылып, өндiрiлетiн керамикалық кiрпiш болып табылады. Өндiрiстiң жартылай құрғақ тәсiлi кезiнде шикiдей кептiру шикiзат кептiру процесi жоқ, бұл отынды айтарлықтай үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Қалыптаудың пластикалық тәсiлi кезiнде 1000 дана кiрпiшке келiсiлген отынның шығыны 240 кг құрайды. Қалыптаудың жартылай құрғақ тәсiлi кезiнде 1000 дана кiрпiшке келiсiлген отынның шығыны 180 кг құрайды. Келiсiлген отыннан күтiлетiн үнемдеу 1000 дана келiсiлген кiрпiшке 60кг құрайды. Келiсiлген отын шығынын азайту есебiнен өнiмдi қайта өңдеудiң атмосфераға шығарындылар көлемi қысқарады.
      Өндiрiстiң болжамды көлемiн және үнемдеудi қажет етуi мүмкiн қажеттiлiктi есепке ала отырып, кiрпiш өндiрудi жартылай құрғақ тәсiлге ауыстыру кезiнде: келiсiлген отын 2007 жылы - 45,3 мың т, келiсiлген отын 2010 жылы - 62,2 мың т. күтiлуi мүмкiн және келiсiлген отын 2014 жылы - 84,5 мың т.
      Негiзгi құрылыс материалы ретiнде бетонды шығаруға құрылыс материалдарын өнеркәсiпке жататын отын-энергетикалық ресурстардың 40 % дейiн жұмсалады. Құрама темiр-бетон бұйымдарын дайындау және монолиттiк конструкцияларын салу кезiнде оларды барлық ел аумағында жыл iшiнде 1 текше м. бетонға келiсiлген отын 60-100 кг бiрдей шығыспен 800С температура кезiнде төменгi әлеуетiн жылумен термоөңдеуге ұшырайды.
      Бетон және темiр-бетон бұйымдары өндiрiсi кезiнде энергияны пайдалануды азайту тәсiлдерiнiң бiрi гелиотехникалық құрылғылардың көмегiмен күн энергиясын пайдалану болып табылады. Энергияның жаңа түрiн игеру үлес салмағын немесе бетонның қатаюын үдететiн және оларды дәстүрлi жылу тасығыштармен толық бәсекеге қабiлеттi термоөңдеудiң ұзақтығы бойынша тұтынуды мүлде алып тастайды. Бұл ретте термоылғалдық өңдеу кезiнде буды үнемдеу 750 кг және электрлiк термоөңдеу кезiнде бетон бұйымдары 1 текше м сағ. 200 кВт жуық электр энергиясын үнемдеу құрайды.
      Көптеген энергетика шығындары тек қайта өңделетiн материалдардың көпшiлiгiнiң көлемiмен ғана емес, бiрақ КПД пайдаланатын диiрмендер төменгi тиiмдiлiгiмен сипатталады және жақсы жағдайда 5% тәртiбiне жетедi.
      Сондықтан соңғы уақытта құрылыс материалдарының ұнтақталған жiңiшкелiгiн арттыру бойынша жұмыстар жоғары өнiмдiлiкпен, энергиялық қауырттылықпен және өңделушi ортаға қарқынды ықпал ететiн тиiмдi әдiстер мен тетiктердi қолдануға негiзделген.
      Қазiргi уақытта цемент клинкерiнiң ұнтағы және басқа да  құрылыс материалдары үшiн диiрмендердiң жаңа қағидаттық конструкциялары мен принциптерi бойынша әрекетi әзiрлендi.
      Оған аса жұқа материалдарды алуға, мүмкiндiк беретiн «планетарная мельница» (Ресей) жатады, ал кез келген қатты заттарды ұсатады. Ұнтақтаудың iрiлiгi 5 мкм (адам шашынан 5-10 рет жұқа). Эл/энергиясының шығыны сағ. 30 кВт, дөңгелек диiрменге қарағанда 1,3 есе кем. Орталық - эллиптикалық диiрмен ОЭД 25 (Ресей) өндiрiстiк жоғары ұсақтау саласындағы жаңа әзiрлеме болып табылады. ОЭД 25 диiрмен минералдық шикiзат пен көмiрдi ұсақтау үшiн, цемент зауыттарына арналған (құрғақ және сулы тәсiлмен цемент өндiру кезiнде клинкердi ұсақтау), Эл/энергиясының шығыны сағ.18-30 кВт, дөңгелек диiрменге қарағанда 1,3-2,2 есе кем. «Atox» бiлiктi диiрмен (Германия, Жапония) үшiн арналған әртүрлi минералдық шикiзатқа өнеркәсiптiк жұқалап ұсақтау. Эл/энергиясының шығыны сағ. 26,7 кВт, дөңгелек диiрменге қарағанда 1,5 есе кем. «Pfeiffer» Бiлiктi диiрмен (Германия) цемент зауыттары мен әртүрлi минералдық шикiзатты жұқалап ұсақтауға арналған. Эл/энергиясының шығыны сағ. 10,4 кВт, дөңгелек диiрменге қарағанда 3,8 есе кем.
      Төртiншi блок: Цемент өндiрiсiндегi энергия сыйымдылықты төмендетудiң аз инвестициялық жолы.
      Қазiргi уақытта барынша капиталсыйымды бiрақ, өте тиiмдi технологияларды енгiзу қажет, мысалы, тұйықталған циклдегi шикiзат пен цементтi ұсатуды енгiзу. Бұл iс-шара цемент сапасын жақсартуға және цементтi ұсатуға арналған электр энергиясының шығындарын 15-20% қысқартуға мүмкiндiк бередi. Суперпластификаторлар мен қатаю үдеткiштерiне үлестердi қоса отырып, айрықша сәйкестiгiне осындай технология тиiмдi.
      Клинкердi күйдiруде оны өндiрудiң сулы тәсiлi кезiнде отын шығындарын едәуiр төмендетудi қамтамасыз ететiн бiрқатар сынақтан өткен техникалық шешiмдер бар. Отынды үнемдеу резервi сұйытқыш шламдарды қолдану болып қала бередi, себебi шлам ылғалдылығының төмендеу әрбiр процентi клинкердi күйдiруде отынның үлес шығындарын орташа 117-146 кДж/кг, яғни 1,7-2 %-ке азайтуға мүмкiндiк беретiнi белгiлi.
      Айналмалы пештердi футеровкалау үшiн жоғары тиiмдi жылу оқшаулағыш материалдарды қолдану да отын шығындарын клинкердiң тоннасына 2-3 килограммға төмендетуге мүмкiндiк бередi.
      Бесiншi блок: Құрылыстағы цемент сыйымдылығын төмендету.
      Құрылыстағы цемент сыйымдылығын төмендету жолдарының бiрi құрамында портландцемент 50 % дейiн төмендетiлген, сондай-ақ төмен маркалы цементсiз байланыстырғыштардың болуымен портландцементтiң түрлерiн қолдану болып табылады.
      Аралас цементi пайдалану үнемдеу тұрғысынан орынды, Өйткенi клинкердiң 10-15 % үнемделедi. Қарапайым бетондарды, қалау және сылақтау ерiтiндiлердi, дайындау үшiн жоғары маркалы цементтi пайдалану орынды емес, өйткенi олардың тұрмыстық төзiмдiлiгiн пайдалануға болмайды. Цементке ұсақ ұнтақталған құмның айтарлықтай жоғары маркалы құмды, карбонатты жыныстарды және басқа да таралған жергiлiктi қосындыларды қосу кезiнде бiрқатар бетондар мен ерiтiндiлердi алу үшiн жарамды цемент алады, бұл ретте портландцемента үнемдеуге қол жеткiзiледi.
      Құрылыс индустриясында байланыстырғыш шлакпортландцемент «құрамында 60%-ға дейiн шлак бар», портландцемент толықтырушылармен «құрамында 60%-ға дейiн толықтырушылар бар» және гипстi шлак цементтi байланыстырғыш (40-65% құрылыс гипсi немесе ангидрит, 30-50% қышқыл дөмендi түйiршiктелген шлак және 5-8% портландцемент) кеңiнен қолданылуы тиiс.
      Құрылыста қолданылатын төмен маркалы цементсiз байланыстырғыштарға 50, 100, 150 және 200 маркалы әк-шлак байланыстырғыштар; 100, 150, 200 және 250 маркалы сульфатты шлак байланыстырғыштар жатады. Сульфатты шлактың екi түрi бар екенi белгiлi - олар: гипстi шлак және клинкерлiк емес шлак. Гипстi шлак байланыстырғыштары 80-85 % шлактан, 10-15 % екiорынбасушы гипс немесе ангидрит және 5 % клинкер портландцементiнен немесе 2 % әктен дайындалады. Шлакты клинкерлiк емес байланыстырғыштар 85-90 % шлактан, 6-8 % ангидрит және 4-7% күйдiрiлген доломиттен тұрады.
      Жоғарыда көрсетiлген цементтердi құрылыста қолдану портландцемента 40-100% дейiн үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
      Цементтi үнемдеудiң күштi құралы химиялық қоспалар, және бiрiншi кезекте пластификаторлар болып табылады. С-3 бетон суперпластификаторын жүргiзу кезiнде цементтi (бетондық қоспаның айнымас иiлгiштiгi кезiнде) 20 %-га дейiн үнемдеуге болады. Цементтiң шығынын төмендетпей және бетон қоспасының иiлгiштiгiн ұлғатпай, бiрақ оның сулы цементпен арақатынасын төмендетiп, бетонның берiктiгiн 20-25 %.-ға көтеруге болады. Қуыс дене бұйымдардың әрбiр 10 пайызы отынның 7-8 пайызын үнемдейдi.
      Алтыншы блок: Ғимараттар мен ғимараттардың жылу қорғанышын жақсарту.
      Энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттарының бiрi ғимараттардың жылу қорғанышын жақсарту болып табылады.
      Қазақстанда жылу пайдалану жылына шамамен 172 млн ГКал құрайды, шартты отынның 30 млн тоннадан астамы жылумен қамтуға жұмсалады. Қазақстанның қалалары және бұрынғы Кеңес одағының басқа да республикалары үшiн орталықтандырылған жылумен қамту тән болып табылады, оның маңызды бөлiгi қазiргi уақытта қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр. Жүргiзiлген талдау жылу жүйелерiндегi жылудың жалпы шығыны 30-40%-ға жеткенiн, бұл Еуропа елдерiнiң ұқсас жүйелерiнен 3-4 есе жоғары екенiн көрсеттi. Қоршау конструкцияларының энергия үнемдеуi бойынша қазiргi заманғы талаптар ғимараттың тиiмдi жылу қорғаныш проблемасын шешуге мүмкiндiк беретiн жоғары технологиялық материалдар мен жүйелердi пайдалануды көрсетедi.
      Қазiргi уақытта ғимараттың энергияны тұтынуын азайтуға ерекше назар аударылуда. Оларды жылытуға энергия ресурстарының айтарлықтай бөлiгi шығындалатыны дәлелдендi (әртүрлi елдерде 20-дан 40 %-ға дейiн), оларды жаққан кезде СО2 антропогенiнiң айтарлықтай үлесi түзiледi.
      Ауданы тiптi тұрғын үй ғимараттарында бөлме қабырғалары ауданынық 40%-на жететiн терезелер арқылы қоршау конструкциялары арқылы жалпы жылу шығындарының 30-70%-ы болады.
      Осыған байланысты отандық тиiмдi жылытқыштар өндiру проблемасы елеулi өзектiлiкке ие. Ең алдымен бұл талшықты жылытқыштар, газ толтырылған пластмассалар, кеуектi бетоннан, көбiктi бетоннан және т.б. жасалған жылытқыштар. Мамандардың мәлiметi бойынша әрбiр құрылысқа салынған 1м3 жылу оқшаулағыштар орташа үнемдеуде жылына шартты отынның 1,45 т қамтамсыз етедi.
      Тиiмдi терезелердiң негiзгi элементтерi инерттi газбен және терезенiң немесе үлбiрдiң iшкi жағына жылу шағылыстырғыш жабында мiндеттi түрде жаба отырып, арнайы үлбiрмен толтырылған шыны пакетi болып табылады. Соңғы уақыттарда төменгi эмиссиялық шыныны қолданады.
      «Пассивтi үй» тұжырымдамасы әлемдiк экономиканың энергия тиiмдiлiгiн арттырудағы нағыз серпiнi болып табылады. Бұл ретте жылу шығандары қазiргi заманғы энергия үнемдеу технологиялары және жоғары тиiмдi жылу оқшаулағыш материалдар пайдаланылатын ғимараттың құрылыстық ерекшелiгi арқасында тоқтатылады.
      Бұл ретте қазiргi заманғы «пассивтi үй» Германияда жылудың үлес шығыны 90-жылдардағы төмен энергия тұтынған үйде 14-32 Вт ч/м2 жылудың үлес шығынына қарсы кемiнде 7-ден құрайды.
      Ресейде құрылыстар жаңа «Ғимаратты жылулық қорғау» СНиП 23-02-2003 сәйкес жылудың үлестiк шығынын ескi салынған үймен (90-жылдардың ортасына дейiн) салыстырғанда 1,7 есеге төмендетудi көздейдi.
      Мәскеу облысының құрылысшылар деректерi бойынша терезенi жылыту 7%, терезенi ауыстыру - 4,7%, жабындыны жылыту - 4,0%, желдеткiш жүйесiне жылуды кәдеге асыру - 11,5%, жылуды бақылау және есептеу аспаптарын қондыру - 15,3% жылуды жиынтық үнемдеу - 42,5% үнемдеудi көрсетедi.
      Жалпы құрылыс индустриясында ұсынылған Энергия үнемдеу бағдарламасы шеңберiнде энергия үнемдеу технологияларын енгiзу есебiнен құрылыс материалдарын және тұрғын үй коммуналдық шаруалықта жұмсалған энергия және отын 30 %-ға дейiн үнемделетiн болады.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi және iске асырудан күтiлетiн нәтиже

      4.1. Бағдарламаның мақсаты


      Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету, тұрақты және теңгерiмделген құрылыс материалдарын өндiру.

      4.2. Бағдарламаның мiндеттерi


      Ескерту. 4.2-кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.03 № 1129 Қаулысымен.
      Мақсатқа жету үшiн алға мынадай мiндеттер қойылған:
      1. Құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесiн реформалау;
      2. Өңiрлердi аумақтық жоспарлауды және елдi мекендердiң қала құрылысын дамытуды жетiлдiру;
      3. Құрылыс саласында баға белгiлеудiң жаңа жүйесiне көшу;
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.03 № 1129 Қаулысымен.
      5. Құрылыс материалдарын өндiрудi дамыту.
      6. Индустриялық-инновациялық негiзде қосылған құны жоғары бәсекеге қабiлеттi, энергия үнемдеушi, ресурс үнемдеушi құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар өндiрудi дамыту.
      6.1 Қазақстан Республикасының аумағында басым салаларда құрылыс материалдарын өндiретiн жаңа қуаттарды құру.
      6.2. Iшкi сондай-ақ сыртқы нарықта сұранысты қанағаттандыратын тиiмдi инновациялық жобаларды қолдана отырып өндiрiстiк қуаттарды жаңартуға отандық құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары мен құрылыс индустриясы үшiн ынталандыруды қамтамасыз ету және жағдай жасау. Құрылыс индустриясы өнеркәсiбiн бiлiктi кадр ресурстарымен және құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету.
      6.3. Құрылыс жұмыстарының маусымдылығы және аумақтық орналастыру мәселелерiн шешу мақсатында жаңа және жаңғыртылатын жобалар жасау есебiнен құрылыс материалдарын өндiру, жабдықтау, тұтыну ағынының теңгерiмделген сызбасын әзiрлеу. Құрылыстың жыл бойғы ырғақтылығын ұйымдастыру.
      7. Құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуын және 2010-2012 жылдарға арналған құрылыс материалдарын өндiрудi кешендi ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету.

      4.3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары


      Ескерту. 4.3-кiшi бөлiмге өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.03 № 1129 Қаулысымен.
      Құрылыс индустриясында жалпы қосылған құнды кемiнде 76 %-ға арттыру;
      Отандық құрылыс материалдарын өндiру үлесiн 80 %-ға дейiн ұлғайту;
      Құрылыс материалдары өндiрiсiнде еңбек өнiмдiлiгiн бiр адамға  24000 АҚШ долларына дейiн арттыру;

      12-кесте. Жылдар бойынша нысаналы индикаторларды ұлғайту серпiнi:     



Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерi

Өлш. бiрл.

Болжамды кезең

2010

2011

2012

2013

2014

Құрылыс материалдары өндiрiстерiнде еңбек өнiмдiлiгiн бiр адамға 24 000 АҚШ долларына дейiн ұлғайту

мың долл./
адам.

16

18

20

22

24

      Кесте деректерiнен республиканың құрылыс индустриясы кәсiпорындарының ЖҚҚ орта есеппен 76 %-ға, елдiң iшiнде отандық өндiрушiлердiң өндiрiсiн кемiнде 80 %-ға, еңбек өнiмдiлiгiн бiр адамға 2014 жылға қарай 24 мың АҚШ долларына арттыру мүмкiндiгi бар екенiн көруге болады.
      2009-2014 жылдар кезеңiнде бұған iс-шаралар жоспарына 3-қосымшаға сәйкес, мынадай жобаларды iске асыра отырып жетуге болады:
      Қолданыстағы ценмент зауыттарын жаңғырту;
      Жаңа зауыттар салу;
      Клинкер-цемент терминалдарын салу;
      Индустриялық құрылыс комбинаттарының желiсiн ұйымдастыру;
      Сантехкерамика шығаратын зауыт салу;
      Қуатын арттыра отырып керамика зауыттарын жаңғырту;
      Балшық өңдейтiн комбинаттық құрылысын ұйымдастыру.

      4.4. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелердiң көрсеткiштерi



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет