Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Жылу оқшаулағыш материалдарын өндiру



бет6/24
Дата16.06.2016
өлшемі2.19 Mb.
#139049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

      Жылу оқшаулағыш материалдарын өндiру
      Минералдық жылу оқшаулағыш материалдар өндiрiсiнде базальт талшықтарынан жасалған тиiмдi минералдық мақта бұйымдарын шығару 2014 жылы 1900 мың текше м. дейiн жететiн болады, бұл iшкi нарықтағы қажеттiлiктi 100 % қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл мынадай iс-шараларды жүзеге асыру есебiнен қол жеткiзiледi (iс-шаралар жоспарына 2-қосымша):
      соңғы 2-3 жылда салынған, базальт шикiзатымен жұмыс iстейтiн қолданыстағы зауыттардың жобалық қуаттылығын олардың жиынтық қуаттылығын жылына 880 мың текше м. дейiн жеткiзе отырып, игеру;
      Шымкент қаласында жылу оқшаулағыш материалдардың жаңа зауытын салу, қуаты 350 текше м., Алматы қ. 350 мың текше м., Өскеменде - 300 мың текше м. және Павлодарда 80 мың текше м.
      Лак-бояу өнiмдерiн шығару
      Лак-бояу материалдары өндiрiсiнде су-дисперсиондық және басқа да бояу түрлерiн шығару 2009 жылғы 25 мың тоннамен салыстырғанда 2014 жылы 50 мың тоннаға дейiн жетедi. Жаңа қуаттылықтарды тиiмдi бөлу үшiн өлшемдерi, бiрiншi кезекте, өңiрде лак-бояу материалдарын шығару бойынша кәсiпорындар жоқтығы болып табылады. Жаңа зауыттарды орналастыру үшiн басқа өлшемдер жақын аралықта шикiзат ресурстары көздерiнiң бар болуы болып табылады.
      Лак-бояу материалдары өндiрiсiнiң нашар дамуы құрылыстағы тұтынудың айтарлықтай үлкен көлемi кезiнде Астана қаласында жылына қуаты 5 мың тонна және Алматы облысында жылына қуаты 5 мың тонна бояу өндiрiсiн ұйымдастыру орынды. Лак бояу материалдарының негiзгi компоненттерi Ресей мен Ираннан келетiн титан оксидi және мәрмәр ұны болып табылады. Сондықтан, сыртқы және iшкi инвестицияларды тарту есебiнен Ақтау, Қостанай және Ақтөбе қалаларында жылына қуаты 5 мың тонна болатын тағы үш зауыт салынатын болады.
      Шыны өнiмдерi өндiрiсi
      Жылына қуаты 140 мың т. шыны өндiрiсiн ұйымдастыруды құру үшiн кварц кен орындарын пайдалануға және оны барлауға рұқсат ететiн құжаттарды жедел ресiмдеудi қолдау қамтамасыз етiлетiн болады (iс-шаралар жоспарының 3-қосымшасы).
      Сондай-ақ, «Қаз-Құрылыс-Шыны» ЖШС халықаралық стандарттардың қауiпсiздiк шарттарына жауап беретiн және құны бойынша қымбат емес қауiпсiз шыны мен энергия сақтайтын шыны пакеттерi өндiрiсi iске қосылатын болады.
      Құрылыс арматуралары өндiрiсi
      Құрылыс арматураларын шығару үшiн болат құю кәсiпорындары бар Қарағанды облысында арматура шығаратын екi кәсiпорын құрылатын болады.
      Энергиялық тиiмдi құрылыс материалдары
      Энергия тасығыштарға бағаның ұдайы өсуi кезiнде, әсiресе тұрғын үйлер мен өндiрiстiк ғимараттар тұрғызу үшiн жарамды жылу энергиясын сақтайтын құрылыс материалдарын шығару өткiр мәселе болып тұр.
      Энергия сақтайтын материалдар мен технологиялар күн сайын үлкен сұранысқа ие. Аталған құбылыстың себебi анық: энергия тасығыштардың құны жоғары, олардың шектеулi болуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануынан болып отыр. Энергияны тиiмдi тұтыну көптеген компанияларға өздерiнiң өнiмдiлiк шығындарын айтарлықтай төмендеуге, ал жеке тұлғаларға пәтер мен үйге жылытуға қосымша ақша қаражатын шығындамауға мүмкiндiк бередi.
      Энергия сақтайтын материалдар мен технологиялар мыналарды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi:
      энергия ресурстарын үнемдеуге;
      бизнестiң пайдалылығын арттыруға;
      қоршаған ортаға жүктеменi азайтуға.
      Қазақстан өңiрлерiндегi ғимараттар мен құрылыстардың термиялық кедергiсiнiң коэффициентi бойынша талаптарды көтеру есебiнен кеуек бетондарды минералдық жылу оқшаулағыш материалдарды тұтынуды арттыруға ынталандыру.
      Басқару технологияларын енгiзу
      Отандық өндiрiстердi оңтайландыру мақсатында құрылыс материалдарының 50 кәсiпорындарында әлемдiк тәжiрибе (Just in time, Canban және т.б.) бойынша басқару технологиялары енгiзiлетiн болады. Басқару технологияларын енгiзу кәсiпорындардағы өнiмдiлiктi 50%-ға дейiн көтеруге, өндiрiстегi шығындарды қысқартуға, кадрлық әлеуеттiң инновациялық қабiлеттiлiгiн көтеруге, кәсiпорындардың икемдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
      Кадрлармен қамтамасыз ету
      2010-2014 жылдар кезеңiнде 6909 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның iшiнде (iс-шаралар жоспарына 4-қосымша):
      құрылыс кезеңiнде 1361 жұмыс орны;
      пайдалануға беру кезеңiнде 5548 жұмыс орны.
      Өңiрлер бойынша мамандарды даярлық және қайта дайындау мақсатында 050730 - «құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндiру» мамандықтары бойынша мамандарды қайта даярлық жүзеге асыратын мынадай оқу орындары тартылатын болады: Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетi, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Атырау мұнай-газ институты, Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi, Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетi, Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi, Рудный индустриялық институты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi, М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары институты, Қазақ жол қатынастары университетi.
      Технологиялық келiсiмдер
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Қазақстанның шағын және орта бизнесi дайындаған өнiмдердi одан әрi кепiлдемелiк сатып алу мақсатында өнiм импортының технологияларын игеруге мемлекеттiк тұрғын үй құрылысына тапсырысты орындайтын iрi құрылыс компанияларымен техникалық келiсiмдер әзiрледi және оларға қол қойылды. «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ технологияларды игеру ұсыныстары бойынша бастамашысы болады. Бұл үшiн «Инжиниринг және трансферт технология орталығы» игеруге ұсынылатын импорттық құрылыс материалдарына талдау жүргiзiлетiн болады.
      Бизнес өкiлдерiмен қайта байланыс жүйесiн ұйымдастыру
      Бағдарламаны орындау үшiн бизнес өкiлдерiмен, құрылыс саласы қауымдастығынан қайта байланыс жүйесiн орнатуы қажет. Бұдан өзге, құрылыс индустриясын қалыптастыру мен дамытуға тiкелей ықпал ететiн даму үрдiстерiнiң, конъюнктураларының, ерекшелiктерiнiң шұғыл, сапалы және жүйелi мониторингiн қамтамасыз ету бойынша тетiктер құрылатын болады.
      Қайта байланыс мыналарға бөлiнетiн болады:
      белсендi - бизнес өкiлдерi қайта байланыс операторы болып табылады;
      белсендi емес - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiптi қолдау саласындағы Министрлiктiң және өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiне қанағаттану деңгейiн анықтау үшiн бизнес өкiлдерiне жүгiнедi.
      Қайта байланыс тетiгi жұмыс жағдайында қолданылуы және қайта байланыстың бағыттылығына, сындарлылығына байланысты жүгiнуге ден қою уақытына тұрақты талаптар белгiленуiнiң маңызы зор.

      5.8. «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберiнде құрылыс индустриясын дамыту жөнiндегi шаралар

      Ескерту. 5-бөлiм 5.8-кiшi бөлiммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.19 № 1219 Қаулысымен.

       Кiрiспе

       «Қолжетiмдi тұрғын үй - 2020» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру құрылыс материалдарының қолда бар өндiрiсiн одан әрi дамытуға және жаңа өндiрiстердi құруға мүмкiндiк бередi. Мемлекет тарапынан кепiлдi тапсырыс беру жүйелерiн құра және дамыта отырып, жыл сайын 1,5 млн. шаршы метр көлемiнде пайдалануға беру жоспарланып отырған тұрғын үй көлемi, мемлекеттiң тұрғын үйлердi күрделi жөндеу жөнiндегi шығыстарды бiрге қаржыландыруға қатысуы, көлiктiк инфрақұрылымға мемлекеттiк инвестициялар 2020 жылға дейiнгi орнықты сұранысты қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, бұл өндiрiстердiң қолданыстағыларын жаңғырту және жаңаларын құру үшiн өте жақсы ынталандырушы фактор болып табылады.
      Бизнестi қолдаудың қолданыстағы «Бизнестiң жол картасы - 2020» және «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламалары құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарына ұзақ мерзiмдi жобаларды iске асыруға мүмкiндiк беретiн қаржыландыру көздерiне қолжетiмдiлiк бередi.
      Құрылыс материалдарының өнеркәсiбiн дамытудың негiзгi мақсаты осы бағдарламалар шеңберiнде отандық құрылыс материалдарын тұтынуды 80 %-ға дейiн жеткiзу болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2012 жылғы қаңтар - сәуiр кезеңдерiнде 2 044,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлген, бұл 2011 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 125,6 % - ды құрайды. Осы кезең iшiнде пайдалануға 7 570 тұрғын үй ғимараты берiлген, олардың 199 – i көппәтерлi, 7 362 жеке және 99 жатақханалар. Пайдалануға 16 472 пәтер тапсырылған. 2012 жылғы қаңтардан бастап сәуiрге дейiн 17 230 млн. тг., оның iшiнде мемлекеттiк меншiктi - 72,9 млн. теңге және жеке меншiктi - 16 799 млн. теңге сомаға күрделi жөндеу жұмыстары орындалды.

      Құрылысты индустрияландыру, жоспарланатын үлгiлiк жобаларды талдау және негiзгi құрылыс материалдарының тiзбесiн белгiлеу



       Қолжетiмдi тұрғын үй - 2020» бағдарламасын iске асыру индустриялық құрылыс технологияларына көшудi көздейдi. Бұл технологиялар стационарлық жағдайларда өнеркәсiптiк тәсiлмен негiзгi конструктивтi құрылыс элементтерiн дайындауға, оларды кейiннен құрылыс алаңына жеткiзуге және кейiннен монтаждауға негiзделген. Құрылысты индустрияландырудың негiзгi артықшылығы конструкциялардың сапасын арттыру, ағынды және жыл бойына созылған өндiрiстi енгiзу мүмкiндiгi, еңбек шығындары мен материалдық ысыраптарды төмендету болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi (бұдан әрi - ҚТКШIА) Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен (бұдан әрi - ИЖТМ) бiрлесiп, индустриялық үй құрылысының барлық ықтимал технологияларын зерттеу жұмыстарын жүргiзген. Өткiзiлген жұмыстар нәтижесiнде биiк және жеке үй құрылысы үшiн қазiргi заманғы технологиялық база ретiнде iрi панельдi үй құрылысының (бұдан әрi - IПҮҚ) технологиясын қолдану ұсынылды. Қазiргi заманғы үй құрылысы комбинаттарын салу және iрi панельдi үй құрылысы (ҮҚК IПҮҚ) бойынша қолда бар темiр бетон бұйымдарының зауыттарын жаңғырту ұсынылып отыр. Бұл толығымен құрастырмалы 5 - 9 қабатты тұрғын үй өндiрiсiнiң дәстүрлi технологиялық схемасын өзгертуге мүмкiндiк бередi. Классикалық кассеталық өндiрiсi бар бұйымдар қатары бойынша қиыстырылған конвейерлiк-ағынды әдiс ретiнде жаңа технологиялық схеманың негiзi ұсынылады. Өндiрiстi енгiзгелi отырған кәсiпорындарда алмалы борт жабдығы бар паллеттерде сыртқы қабырғалардың үш қабатты панельдердiң икемдi өндiрiсi қажет, бұл шығарылатын бұйымдардың номенклатурасын жедел ауыстыруға және жылу оқшаулау қабаты мен толтырғыш түрiн ауыстыру мүмкiндiгiмен бұйымдардың әрбiр маркасына металл пiшiндерiнiң паркiнен бас тартуға мүмкiндiк бередi. ҮҚК IПҮҚ-да сәулет бетонынан жасалған бөлшектерi мен суретi бар, қасбетi ұсақ бөлшектi элементтерден жасалған суретi әртүрлi, бетi бедерлi панельдердi жасау үшiн полимерлi полиуретандық матрицаларды, мәрмәр және шыны түйiрлерi пайдаланылған ғимараттарды дайындау мүмкiндiгi көзделген. Бұл технологияның басымдықтары:
      1) құрылыстың жоғары қарқыны және үйлердi салу мерзiмдерiнiң қысқаруы;
      2) модульдiк жоспарлау мүмкiндiгi;
      3) құрылыстың төмен өзiндiк құны (30-40%-ға) және шаршы метрдiң өзiндiк құнының төмендеуi;
      4) маусымдылық факторының болмауы;
      5) жоғары өнiмдiлiк және iс жүзiнде өндiрiстi толығымен автоматтандыру;
      6) инновациялық технологияларды қолдану;
      7) өнiмдi көпқабатты, аз қабатты тұрғын үйлердi салу және жеке құрылыс кезiнде пайдалану;
      8) түрлi географиялық және климаттық жағдайларда сынаулардан өтуi болып табылады.
      Технологияның ерекшелiктерi
      Қазiргi заманғы iрi панельдi үйлер iшкi бөлмелерi кең, кеңiстiктi ыңғайлы аймаққа бөлiнген пәтерлердiң жақсартылған жоспарларымен сипатталады. Қазiргi заманғы технологиялармен салынған панельдi үйлер сыртқы көрiнiсi мен пайдалану сапасы бойынша кiрпiш және монолиттi үйлерден кем емес.
      Қасбетi әрленген сыртқы қабырға панелi iшкi жылу оқшауланғышы бар үш қабатты бетондық панель болып табылады. Ауыр панель құрастырмалы конструкциялар зауытында толығымен дайындалған, бетоннан жасалған қабырға элементi болады. Ол климаттық жағдай талаптарына сүйене отырып, кез келген қалыңдықта дайындалуы мүмкiн. Бұл ретте монтаждық қаттылық пен түпкiлiктi жағдайды қамтамасыз ету үшiн талап етiлетiн арматура зауытта орнатылады. Ауыр панельдердiң бiр жағы мен периметрi тегiс болып дайындалады.
      Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберiнде индустриялық құрылыс комбинаттарын (бұдан әрi - ИҚК) ұйымдастыру арқылы қаңқалы-монолиттiк үй құрылысының технологияларын пайдалану болжанып отыр. Жалпы, тек құрылыс және жол саласын ғана емес, энергетика және мұнай-газ секторын да өнiмдермен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн комбинаттар желiсiн құру жоспарлануда.
      Технологияның ерекшелiктерi:
      1) бұйымдардың шектелмеген номенклатурасы және бiр бұйымнан екiншi бұйымға ауысудың қарапайымдылығы;
      2) бұйымдардың кепiлдiк берiлген сапасы, оның iшiнде тамаша геометрия және арматураның сырғып кетуiнiң болмауы;
      3) жабдықтың нақты пайдалану жағдайларына: инерттiк материалдардың нақты сапасына; персоналдың бiлiктiлiгiне және с.с. бейiмдiлiгi;
      4) жабдықтың сенiмдiлiгi және қызмет көрсетудегi қарапайымдылығы әрi нәтижесi ретiнде пайдалану процесiндегi жоғары технологиясы;
      5) сервистiң дұрыс жолға қойылған жүйесi;
      6) ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң және технологиялық жобалаудың жоғарғы деңгейi;
      7) жабдықты түрлендiрудi және бұйымдар номенклатурасын кеңейтудi қамтамасыз ететiн үздiксiз инновациялық процесс;
      8) жеткiзiлiмдердiң жинақтылығы және ұсынылып отырған шегендеусiз қалыптау нұсқасының басқа технологиялармен бiрлiгi.
      Үй құрылысының қаңқалы құрастырмалы-монолиттi индустриялық әдiсiн көп қабатты ғимараттар құрылысында және 2 - 3 қабатты тұрғын үй құрылысында газ-бетон, көп қуысты қыш тастар мен блоктар сияқты жаңа қабырға материалдарын пайдаланумен қиюластыра қолдану ерекше тиiмдi.
      Сондай-ақ бұл комбинаттар энергетика, жол құрылысы (кең форматты жол тақтасы) үшiн темiр бетон бұйымдарын, сондай-ақ мұнай саласы үшiн темiр бетон бұйымдарының көптеген түрлерiн шығаратын болады.
      Барлық өңiрлерде ҮҚК IПҮҚ ұйымдастыру жоспарланып отыр. Технологияларды бейiмдеу, тәсiлдi сынау және тәжiрибе алу үшiн ҮҰК құру жобалары пысықталып, әзiрленген жоғары дәрежеде iрi құрылыс салушылардан тұратын пилоттық топ бөлiнген. Пилоттық топ Астана және Алматы қалалары, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан облыстары сияқты құрылыстың белсендi өңiрлерiн қамтиды. Осы топ 2012 жылдың үшiншi тоқсанында ҮҚК IПҮҚ жасау бойынша жобаларды бастауы тиiс. Бұдан басқа облыстардың әкiмдiктерi өңiрлерде ҮҚК IПҮҚ құру жобаларын iске асыра алатын кәсiпорындарды айқындады. Пилоттық топтың iс-қимылы шеңберiнде Қазақстанның түрлi өңiрлерiнiң географиялық және климаттық жағдайларын есепке ала отырып, IПҮҚ бойынша үлгiлiк жобаларды бейiмдеу жүргiзiлуде. Кейiннен Қазақстанда IПҮҚ технологиясын пайдаланып және ғимараттарды жобалауға құзыреттiлiгi бар жобалау институтын құрған жөн.
      Құрылыс индустриясы мен тұрғын үй қоры субъектiлерiн кешендi ғылыми-техникалық және жобалау-технологиялық қолдауды ұйымдастыру мақсатында Бағдарлама шеңберiнде Беларусь Республикасының тәжiрбиесi бойынша «Тұрғын үй салу мен жаңғыртудың қазақстандық ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық институты» АҚ (Тұрғын үй институты)
құрылады. Тұрғын үй институты қызметiнiң негiзгi бағыттары: тұрғын үй құрылысы саласындағы проблемалы жобаларға мониторинг және талдау жүргiзу, индустриялық үй салу саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер, құрылыстар мен ғимараттардың үлгi жобаларын әзiрлеу және сертификаттау, жобалаушылар мен технологиялар инженерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру. Тұрғын үй институты құрамында референттiк зертхана құрылатын болады, ол мынадай мiндеттердi шешу үшiн қажет:
      тұрғын үй құрылысы саласында материалдарды, технологиялар мен техникалық шешiмдердi бағалау жөнiндегi референттiк (төрелiк) функциялар;
      тұрғын үй құрылысы саласында материалдарды, технологиялар мен техникалық шешiмдердiң ұлттық депозитарийiн жүргiзу.
      IПҮҚ технологиялары мен құрастырмалы қаңқа ерекшелiктерiн ескере отырып, үй салу кезiнде шығындардың қомақты бөлiгiн құрайтын негiзгi құрылыс материалдарының тiзбесi айқындалды (1-кесте).

      1-кесте. Экономикалық қызмет жiктеуiшiсiне сәйкес негiзгi құрылыс материалдарының тiзбесi (ҚР АК 04-2008)



Р/с


Атауы

ЭҚТӨК

1

2

3

1

Цемент

1)

Цемент

2351

2)

Портландцемент, сазбалшықты цемент, күл-қож цементi және гидравликалық ұқсас цементтер

235112

2

Қабырғалық материалдар

1)

Тақташалар, тақталар, кiрпiштер және цементтен, бетоннан және жасанды тастан жасалған ұқсас бұйымдар

236111

2)

Кiрпiштер, блоктар, тақташалар және диатомит топырақтан немесе тасты кремнезем ұнынан жасалған басқа да керамикалық бұйымдар (тақталарды, панельдердi, қуысты брикеттердi, цилиндрлердi, құбырларды қоса алғанда)

232011

3)

Керамикалық құрылыс кiрпiштерi, еденге арналған блоктар, салмақ түсетiн блоктар немесе толтыру блоктары және отқа төзiмдi емес ұқсас керамикалық бұйымдар

233211

3

Құрама темiрбетон конструкциялар және бұйымдар

1)

Құрылыс үшiн цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған оның iшiнде азаматтық, құрама конструкциялар элементтерi

236112

2)

Бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары

23612

4

Құрылыс ерiтiндiлерi

1)

Отқа төзiмдi цемент, құрылыс ерiтiндiлерi, ұқсас бетондар және құрамдар, басқа топтарға қосылмағандар

232013

5

Табақты шыны




1)

Табақты шыны

2311

6

Кендi емес құрылыс материалдары




1)

Табиғи құмдар

081211

2)

Түйiршiк, тасты ұнтақ және тасты қоқым, жұмыр тас, қиыршық тас, жарықшақталған тас немесе ұсақталған тас

081212

7

Құрылыс битум




1)

Табиғи битум және асфальт; құрамында асфальттiк битумы бар қатты битум және тау жыныстары

089910

2)

Табиғи асфальтта немесе олармен байланысты түп негiздерiнде, мұнайлы битумында, жасанды немесе табиғи тасты материалдарында негiзделген битумдiк қоспалар

239913

8

Құбырлар




1)

Құбырлар, түтiктер, пластмассадан жасалған шлангiлер және фитингтер

222129

2)

Құбырлар, құбыр жолдары, құбырларға арналған керамикалық су бұрғыштар және фитингтер

233213

3)

Болатты басқа да домалақ қималы құбырлар және түтiктер

242013

9

Линолеумдер, паркеттер (еденге арналған жабындар)




1)

Құрама қалқан паркет

1622

2)

Линолеум және винил, линолеум түрiндегi эластикалық еден жабындары

222315

10

Лифтiлер




1)

Лифтiлер, скиптiк көтергiштер, эскалаторлар және қозғалатын жаяу жолдар

282216

11

Жылу оқшаулайтын материалдар




1)

Басқа топтарға қосылмаған, металлдан жасалмаған минералды өнiмдер

23.99.19

2)

Басқа топтарға қосылмаған, дубляждалған немесе қапталған, сiңiрiлген текстильдi материалдар

13.96.14

      Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн негiзгi құрылыс материалдарына деген қажеттiлiк және құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң проблемалары.

       Құрылыс саласы тарапынан сұраныс әлеуетiн бағалау үшiн таңдалған технологияларды қолдануды, iшкi өндiрiстiң болуы және құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарының жүктелуiн ескере отырып, негiзгi құрылыс материалдарына деген бағалау қажеттiлiгi есептелдi.



      2-кесте. Құрылыс индустриясының өндiрiстiк қуаттары.

Р/с


Негiзгi материалдар

Өлшем бiрлiгi

Қажеттiлiк

Өндiрiстiк қуаты

Қамтамасыз етiлуi %

1

2

3

4

5

6

1

Есiктер, терезелер және терезе жақтаулары

мың тонна

26

55,7

214

2

Раковиналар, металдан жасалған жуғыштар және ванналар

мың дана

98,4

200

203,2

3

Гипсокартон

млн. м2

20

33,7

168,5

4

Бояу және лактар

мың тонна

63,5

84,8

133,5

5

Арматура

мың тонна

278

307

110,4

6

Қиыршық тас

млн. м3

56,5

59,2

104,7

7

Бетоннан жасалған бұйымдар

млн. тонна

13,5

14,1

104,4

8

Цемент

млн. тонна

8,4

8,2

97,6

9

Битум

млн. тонна

1,2

1,1

96

10

Кiрпiштер

млн. дана

93,4

86,4

92,5

11

Күйiндi мақта және минералды мақта

мың тонна

40

36,8

92

12

Жеңiлдетiлген бетон блоктары

мың м3

150,6

126,5

84

13

Құбырлар

мың тонна

600

400

66,7

14

Радиаторлар

мың дана

822

280

34,1

15

Сым және шыбықтар

мың тонна

636

202,6

31,9

16

Шатыр материалдары

млн. м2

27

7,3

27,0

17

Керамикалық тақталар

мың м2

14 500

6000

41,3

18

Лифтiлер

дана

3 125

220

7

19

Сүрек өңдеу

млн. м3

277

18,9

6,8

20

Линолеум

мың м2

3 250

16,6

0,5

21

Табақ шыны және басқалары

млн. м2

12

0

0,0

22

Арматура

мың тонна

436,8

509

116,5

      Статистика деректерiне сәйкес құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететiн сала iшкi өнеркәсiптiк әлеуеттiң жоғары болуымен, бiрақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жүктелу коэффициентiнiң төмен болуымен сипатталады.
      Келтiрiлген деректер отандық тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен болуына байланысты салада маңызды проблемалардың бар екенiн көрсетедi. Қалыптасқан жағдайдың туындау себептерiне мыналарды жатқызуға болады:
      1) отандық тауарларды тұтынуды ынталандыру бойынша көтермелеушi және шектеушi мемлекеттiк шаралардың болмауы. Iшкi өндiрiстi ынталандыруды мемлекеттiк қолдаудың жұмыс iстеп тұрған жалғыз құралы кеден баждары болып табылады;
      2) құрылыс секторының тұтынуының күрт төмендеуiне байланысты құрылыс материалдарын өндiрушiлердiң әлсiз инвестициялық қызметi;
      3) экспортты белсендi мемлекеттiк қолдау, жұмыс күшiнiң төмен құны және өндiрiстiң өзге де факторлары сияқты бәсекелестiк басымдықтардың болуынан қытай тауарларының экспорттық экспансиясы;
      4) халықтың тығыз орналасуы және елдi мекендердiң алшақтығы, өндiрушiлердiң әлеуеттi өткiзу нарығын шектеуi.
      Тұтастай алғанда, Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қолданылатын тауарлар өндiрiсiн ұлғайтуға мүмкiндiк жеткiлiктi.
      Сондай-ақ, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша құрылыс материалдарына деген қажеттiлiктi ақшалай мәнде бағалау жүргiзiлдi.

      3-кесте. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша құрылыс материалдарына деген қажеттiлiк.



Р/с





2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Бағдарлама бойынша шығын (млрд. тг)

90,2

86,8

95,9

95,9

95,9

95,9

95,9

95,9

95,9

2

Ақшалай мәнде құрылыс материалдарына жұмсалған шығыс (млрд. тг)

40,6

39,1

43,1

43,1

43,1

43,1

43,1

43,1

43,1

      Жергiлiктi атқарушы органдардың деректерi бойынша су құбырлары желiлерiнiң жалпы ұзындығы 77 255 км құрайды, оның iшiнде магистральды су құбырларының ұзындығы 21 237 км құрады.
      Құбыржолдардың ең ұзыны Шығыс Қазақстан облысында - 30 394 км, Оңтүстiк Қазақстан облысында - 9 013 км, Қарағанды облысында - 5 594 км тiркелген. Құбыржолдардың ең қысқасы Астана қаласында - 773, 4 км және Маңғыстау облысында - 1141, 6 км белгiленген.
      Талдау көрсетiп отырғандай, тұтастай республика бойынша су құбырлары желiлерiнiң жалпы ұзындығының 14 763 км ауыстыруды қажет етедi, бұл жалпы ұзындықтың 19,1 %-ын құрайды.
      Авариялы су құбырлары желiлерiнiң ең үлкен ұзындығы Алматы қаласында (жалпы ұзындығы 2 964, 2 км, оның 1 999,4 км немесе 67, 4% күрделi жөндеуге немесе ауыстыруға жатады) және Астана қаласында (тиiсiнше 773,4 км-нiң 463,8-i немесе 59,9 %-ы жөндеуге немесе ауыстыруға жатады) тiркелген.
      Жол құрылысына және жолдарды қалпына келтiруге байланысты құрылыс материалдарына деген қажеттiлiк қосымша бағаланған.

      4-кесте. Жолдарды салу және қалпына келтiру кезiнде негiзгi жол-құрылыс материалдарына деген қажеттiлiк



Р/с


Материалдың атауы

Өлшем бiрлiгi

Орташа жылына 1 000 км

5 312 км қажеттiлiк (2010-2014 ж. жоспары)

10 233 км қажеттiлiк (2015-2019 ж. жоспары.)

5 901,9 км қажеттiлiк (2020-2029 ж. жоспары)

Барлығы 21 449,9 км

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Фракциалық қиыршық тас

млн. м3

35,04

175,2

337,6

194,7

707,5

2

Құм

млн. м3

14,76

73,8

142,3

82

298,1

3

Бетон

млн. тонна

7,42

37,1

71,5

41,5

150,1

4

Цемент

млн. тонна

2,94

14,7

33,6

19,3

67,6

5

ҚҚҚ

млн. м3

1,22

6,1

121,6

70,1

197,8

6

Битум

млн. тонна

1,28

6,4

12,4

7,1

25,9

      Қазақстанда жолдарды салу және қайта жаңарту белсендi жүргiзiлуде. Қазiргi кезде Қазақстандағы ең iрi «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автокөлiк дәлiзiн ұйымдастыру жөнiндегi жобаны iске асыру басталды, ол Батыс Еуропа елдерiне шыға отырып, Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы өтедi. Жоба құрамында Орталық Азия елдерiнен, оның iшiнде Өзбекстан мен Қырғызстаннан дәлiзге шығатын барлық жолдарды қайта жаңарту көзделедi. Маршруттың жалпы ұзақтығы 8 445 км құрайды, оның iшiнде: Ресей бойынша – 2 233 км, Қазақстан бойынша – 2 787 км (2 552 км қайта қалпына келтiруге жатады), Қытай бойынша – 3 425 км.
      Қазақстанда көлiк дәлiзi, Қазақстан халқының жартысынан сәл ғана аз 7,9 млн. адам тұратын бес облыс (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Алматы) аумағы арқылы өтедi. 2 452 км жол қайта жаңартуға жатады (Ақтөбе облысында - 358 км, Қызылорда облысында - 817 км, Оңтүстiк Қазақстан облысында - 458 км, Жамбыл облысында - 480 км, Алматы облысында - 339 км).
      Қазiргi балама дәлiздермен салыстырғанда бұл жобаның негiзгi артықшылығы (Транссiб автожолы, Суэц арнасы арқылы теңiз жолы) оның ұзақтығы мен жолда болу уақытында болып табылады.
      2012 жылы автожолдарды жөндеуге және ұстауға 27 млрд. теңге бөлiнедi. Бұл шамамен 1 245 км жол желiсiн ретке келтiру мүмкiндiгiн бередi.
      Халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттiк дәлiз учаскелерiн, сондай-ақ Алматы - Астана - Петропавл, Самара - Шымкент, Омбы - Майқапшағай, Бейнеу - Ақтау, Астана – Қостанай - Челябi және Таскескен – Бақты автомобиль жолдары учаскелерiн қалпына келтiру жұмыстары жалғасуда.
      «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бюджеттен қомақты үлес алады, оны iске асыруға 179 млрд. теңге бөлiнген. 2012 жылдың жұмыс нәтижелерi бойынша Жамбыл және Қызылорда облыстарының 750 км жол-көлiк желiсiнде қозғалыс ашылатын болады. Бұдан басқа, республикалық бюджеттен ұзақтығы 1 228 км болатын 35 объектiдегi жұмыстар қаржыландырылады, олардың - 18-i жаңа (662 км) және 17-i – ауыспалы (566 км).
      Қазақстанның климаты күрт континентальды, бұл асфальт жолдардың қызмет ету мерзiмiн ұлғайту жөнiндегi iс-шараларды қиындатады. Тәжiрибе жолдарды асфальтпен жабудың шектеулi ресурстарын көрсетiп отыр. Мысалы, Германияда 30 градус аязда асфальттық жол төсемдерi көптеген жарықтарды және шұңқырларды жабады. Ал, Қазақстанда Цельсий бойынша аяз 50 градусқа жеткенде, қолда бар материалдардан сапалық сипаттамасы жағынан асып түсетiн материалдарды енгiзу қажет.
      Негiзгi құрылыс материалдарын тұтынуды және импортты талдау.
      Құрылыс материалдары бойынша импорттың өткiзiлген талдауы әлеуеттi мүмкiндiктердiң бар екенiн көрсетедi. 2020 жылға қарай импорт алмастыру болжамы жасалған.
      Құрылыс материалдарын тұтынуды талдау бағалық болсын, сондай-ақ сапалық болсын сипаттамалары сияқты бiрқатар позициялар бойынша отандық өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлетiнiң төмендiгiн көрсетедi. Импортты талдау отандық өндiрушiлердiң қайта өңдеу деңгейi өте жоғары құрылыс материалдарының өндiрiсi саласындағы позициялары әлсiз екенiн көрсетедi.

      5-кесте. Құрылыс материалдарының импортын талдау



Р/с №

Атауы

2011

2020

Импорт

Өндiрiс

Импорт

Өндiрiс

1

2

3

4

5

6

1

Табақты шыны

100

0

15

85

2

Керамикалық тақталар

100

0

40

60

3

Радиаторлар

92,7

7,3

20

80

4

Арматура (сым және шыбықтар)

17

83

1

99

5

Ағаш конструкциялар

78,9

21,1

40

60

6

Полиэтиленнен және пластмассадан жасалған құбырлар

61

39

10

90

7

Күйiндi және минералды мақта

60

40

1

99

8

Металл құбырлар

42,5

57,5

1

99

9

Раковиналар, жуғыштар, ванналар

61,2

38,8

20

80

10

Цемент

12

88

10

90

11

Кiрпiштер

11,2

88,8

1

99

      Негiзгi құрылыс материалдарының өндiрiсi

       Iшкi сұранысқа негiзделетiн сала ретiнде отандық құрылыс материалдарының тапшылығын жою және құрылыс кешенiн дамыту үшiн сұраныстың болуы, өндiрiстiк-инфрақұрылымдық және технологиялық базалар, өнiмдердi, жинақтаушыларды және жабдықтарды жеткiзуге жұмсалатын көлiктiк шығындар басым факторларға айналады.



      6-кесте. Қазақстанның өңiрлерi бойынша қуаттардың орташа жүктелуi

Р/с


Облыстар

Қуаттардың жүктелуi

1

2

3




Қазақстан Республикасы

46,0

1

Ақмола

40,0

2

Ақтөбе

40,0

3

Алматы

50,0

4

Атырау

60,0

5

Батыс Қазақстан

60,0

6

Жамбыл

40,0

7

Қарағанды

40,0

8

Қостанай

40,0

9

Қызылорда

55,0

10

Маңғыстау

50,0

11

Павлодар

40,0

12

Оңтүстiк Қазақстан

40,0

13

Солтүстiк Қазақстан

60,0

14

Шығыс Қазақстан

35,0

15

Астана қаласы

50,0

16

Алматы қаласы

40,0

      Салалардың осы тобының жаңа өндiрiстерiн орналастыру дәстүрлi секторлар кәсiпорындарымен қатар, Алматы, Астана қалаларында жүргiзiлетiн болады. Салалық мамандану орталықтары: Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Атырау қалалары болып табылады.
      Цемент зауыттарын салу және жаңғырту, сондай-ақ керамика, шыны, гипс блоктарды, жеңiл құрылыс панельдерiн, құрғақ құрылыс қоспаларын шығару жөнiндегi инвестициялық жобаларды iске асыру шикiзат базасына және өткiзу нарықтарына бағдарланады (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары).

      7-кесте. Өңiрлер бойынша жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар



Р/с


Атауы

Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар

Өндiрiстiк қуаты, млн. теңге

Жоспарланатын жобалар, индустрияландыру карталары бiрл.

1

2

3

4

5




Қазақстан Республикасы

1 254,0

185 307,7

59

1

Ақмола

44,0

4 968,8

3

2

Ақтөбе

62,0

16 257,5

2

3

Алматы

160,0

22 440,0

1

4

Атырау

33,0

3 371,8

1

5

Батыс Қазақстан

38,0

3 819,0

3

6

Жамбыл

64,0

13 071,3

5

7

Қарағанды

136,0

12 603,5

4

8

Костанай

40,0

4 911,5

2

9

Қызылорда

21,0

9 813,8

1

10

Маңғыстау

53,0

8 382,0

3

11

Оңтүстiк Қазақстан

107,0

13 134,0

16

12

Павлодар

73,0

3 867,3

6

13

Солтүстiк Қазақстан

14,0

520,8

1

14

Шығыс Қазақстан

64,0

24 813,0

3

15

Астана қ.

122,0

19 431,3

2

16

Алматы қ.

223,0

23 899,5

6

      2020 жылға дейiн ғимараттарды салу үшiн пайдаланылатын құрылыс материалдарына, яғни кiрпiш, цемент және т.б. деген сұраныстың артуы болжанып отыр. Құрылыс көлемiнiң ұлғаюы және құрылыс өнiмдерiнiң осы түрлерiндегi қазақстандық қамтудың өсуi олар дайындалатын бастапқы материалдарға тiкелей байланысты болады.

      8-кесте. Қазақстанның қажеттiлiгiн құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету ресурстарының теңгерiмi



Р/с


Көрсеткiш

Өлшем бiрлiгi

Кәсiпорындардың саны 431 бiрлiк

Жүктелуi%

2011 ж өндiрiс фактiсi

Iшкi тұтыну

Қуаттығы өте жоғары болғандағы профицит

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Металдан жасалған раковиналар, жуғыштар және ванналар

млрд. тг.

1

15

1

2

+9

2

Цемент

млн. тонна

8

61

7

8,4

+4

3

Цементке арналған қоспалар

мың тонна

18

60

600

619,5

+380

4

Бұрыштар

мың тонн

4

40

109,5

116

+249

5

Бетон бұйымдар

млн. тонна

68

35

4,9

4

+10

6

Саз және каолин

млн. тонна

20

60

2,6

2,2

+3

7

Бор және доломит

мың тонна

18

60

785

793

+515

8

Кiрпiштер

млн. тонна

110

50

2,6

2,9

+2,3

9

Құрылыс ерiтiндiлерi

млн. тонна

35

39

0,5

0,5

+0,8

10

Табиғи құм

млн.

тонна


26

50

8

8

+8

11

Асбест

мың тонна

3

53

222

57

+363

12

Есiктер, терезелер, терезе жақтаулары

мың тонна

34

40

22

24

+31

13

Гипсокартон

млн. шаршы метр

21

15

33

34

+191

14

Төсемтас, жиек тастар

мың тонна

15

29

15

19

+34

15

Күйiндi мақта және минералды мақта

мың тонна
 

10

5

16

39

+284

16

Этиленнiң полимерлерi-нен жасалған құбырлар

мың тонна

44

32

63

183

+15

      Ресурстармен қамтамасыз етiлу теңгерiмi қазақстандық нарықтың құрылыс материалдарымен қамтамасыз етiлуiн және құрылыс салу көлемiн ұлғайту, жаңа бағдарламаларды қамтамасыз ету қажеттiлiгi туындаған жағдайдағы нарық икемдiлiгiн анықтайды.
      Цемент
      Цемент өндiру Қазақстанның бес облысында жүргiзiледi: Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды. Қазақстан Республикасындағы барлық құрылыс материалдарының өндiрiсiндегi цементтiң үлес салмағы 2011 жылы 11,5 % құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 1,5 % артық. Бұл көрсеткiш осы тауарға сұраныстың артуын және өндiрiс көлемiнiң өсуiн индекстейдi. Таза цемент өндiрудiң жалпы көлемi 2010 жылы 3 676,3 мың тоннаны, ал 2011 жылы 4 339,5 мың тоннаны құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 28 % артық. Қазақстан бойынша жалпы динамика тұрақты болып қалады.
      Қазiрiгi кезде «Қолжетiмдi тұрғын үй 2020», «ТКШ жаңғырту», «Ақбұлақ» бағдарламаларын және мұнай саласы мен инфрақұрылым объектiлерiн салу қажеттiлiгi есебiнсiз жолдарды салу және қайта қалпына келтiрудi iске асыру салдарынан цементке деген сұраныс 8,4 миллион тоннаны құрайды. Сегiз зауытты қосқанда, өндiрiстiк қуаты 8,2 миллион тоннаны, яғни 97,6 % құрайды. Қазақстанның құрылыс секторының жұмыс тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн өңiрлер бойынша цементтi тұтыну және өндiру картасын есепке ала отырып, 2013 жылға дейiн Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында цемент өндiрiсiнiң тағы бес объектiсiн енгiзу жоспарлануда. Сондай-ақ жылына қайта өңдеудiң жалпы қуаты 2 100 мың тонна болатын клинкерлi цемент терминалдарын (бұдан әрi - КЦТ) енгiзу жоспарлануда, оның құрылысы жуырдағы екi жылға белгiленген.
       Қабырғалық материалдар
      Қазiргi уақытта құрылыс секторында мынадай қабырғалық материалдар қолданылады: кеуектi бетондар сыныбына жататын силикат кiрпiштер, керамика кiрпiштерi, қож блоктар, көбiктi блоктар және газ блоктар. Кiрпiш, черепица және күйген саздан жасалған басқа құрылыс бұйымдарын өндiрудiң нақты көлемi 2008 жылы 254,4 мың тоннаны, ал 2011 жылы тек 9 айында 534,4 мың тоннаны құрады. Отқа төзiмсiз керамикалық кiрпiштер Қазақстанның барлық өңiрлерiнде дерлiк өндiрiледi. Осы саладағы көшбасшы Алматы облысы болып табылады, 2011 жылдың 9 айында жалпы 157,7 мың текше метр өндiрiлдi. «Құрылыс материалдары» ЖШС (Алматы), «Керамика» АҚ (Ақтөбе обл., Хромтау қ.), «Талап» ЖШС кiрпiш зауыты (Атырау), «ENKI» ЖШС (Солтүстiк Қазақстан облысы), «Кереге – Астана» ЖШС (Солтүстiк Қазақстан облысы) сияқты кәсiпорындар және т.б. жұмыс iстейдi.
       Темiрбетон бұйымдары
      Қазақстанда бетон бұйымдарын өндiру құрылымындағы қомақты үлес бетоннан жасалған құрылыстық құрастырмалы конструкцияларға тиесiлi – 41 %. Есептеулер бойынша бетоннан жасалған бұйымдарды тұтыну көлемi 2010 жылы 6 %-ға қысқартылды, ол өндiрiске әсер еткен жоқ. 2008 – 2011 жылдар аралығында iшкi тұтыну меншiктi өндiрiс есебiнен iс жүзiнде толығымен жабылды. Тұтынудың орташа жылдық өсу қарқыны 2002 - 2007 жылдары 59 % құрады. Қазақстан Респубикасы Статистика агентiгi ұсынған деректерге сәйкес қазiргi кезде Қазақстанда 411 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 199 кәсiпорын қабырға блоктарын, 198 кәсiпорын құрастырмалы темiрбетонды және бетон конструкцияларын, 75 кәсiпорын асфальтты бетон шығарады. Қазiргi кезде "Стройдеталь" ЖШС (Ақтөбе облысы), «УПТК» ЖШС (Атырау облысы), «Құрастырмалы темiр бетон өндiрiстiк бiрлестiгi» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), «Жамбылхимстрой» ЖШС (Жамбыл облысы), «Бином Строй-Деталь» ЖШС (Жамбыл облысы) және т.б. кәсiпорындар жұмыс iстейдi.
       Болат илек
      Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасының аумағында 5 кәсiпорын жұмыс iстейдi. Орналасу географиясы мынадай: республиканың орталық өңiрiнде бiр кәсiпорын, бiреуi солтүстiк өңiрде, бiреуi шығыс өңiрде, бiреуi батыста және оңтүстiкте. Кәсiпорындарды толықтай жүктеген кезде жылына арматураның жиынтық өндiрiс қуаты 805 мың тонна. Бүгiнгi күнi импорт 620 мың тоннаны құрайды. Статистика деректерi бойынша 2011 жылдың желтоқсанына өндiрiс 130,5 мың тоннаны, ал жүктеме 17 %-дан астамды құрады. Барлық мемлекеттiк бағдарламалар бойынша жиынтық қажеттiлiк 718 мың тоннаны құрайды. Осылайша, Қазақстанның осы қажеттiлiктi өз күшiмен жабуға жағдайы бар. «Қолжетiмдi тұрғын үй  -2020» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 2020 жылға қарай осы саладағы отандық өндiрiс үлесi 99 % құратын болды. Қазiргi кезде «Каспиан Сталь» ЖШС (Маңғыстау облысы), «Кастинг» ЖШС (Павлодар облысы), «Жаңатас Металлургия Комбинаты» ЖШС (Жамбыл облысы), «АрселорМиталл Темiртау» АҚ (Қарағанды облысы) сияқты кәсiпорындар жұмыс iстейдi.
       Табақты шыны
      2011 жылы Қазақстандағы шынының жалпы нарығы 70 000 мың тоннаға бағаланды және соңғы бiрнеше жылда 25%-ға өстi. Бұл материалға деген сұраныс күннен-күнге өсiп келе жатқанына қарамастан, республика аумағында табақты шыны өндiретiн бiрде-бiр кәсiпорын жоқ. Қазақстанда табақты шыны өндiрiсi болмағандықтан, құрылыс индустриясындағы орта және шағын бизнес субъектiлерi елдiң iшкi нарығында пайдаланылатын материалдың 100%-н импорттайды.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Ақтөбе облысының әкiмдiгi балама жобалар бойынша ТЭН-дi әзiрлеп жатыр. Осы жұмыстың нәтижесi бойынша зауыттың орналасу орны (Қызылорда және Ақтөбе облыстары) және жабдықтарды жеткiзушiлердi (Қытайлық немесе Еуропалық компаниялар) таңдау айқындалады.
      Сұранысты қанағаттандыру үшiн бiр зауыт салу жеткiлiктi, себебi көршiлес мемлекеттерде нарықты толығымен шынымен қамтамасыз ететiн кәсiпорындар бар.

       Отандық өндiрушiлер үшiн тауашалар

       «Тауаша» бағыттары бойынша жаңа өндiрiстердi құру құрылыс материалдарын тұтынуынға деген отандық өндiрiстiң үлесiн ұлғайту құралдарының бiрi болып табылады. Оларға мыналар жатады:
      1) табақ шыны өндiрiсi бойынша зауыт салу. Зауытты орналастыру туралы шешiм балама жобалар бойынша ТЭН аяқталғаннан кейiн
қабылданатын болады. Жоспарланған өндiрiстiк қуаты тәулiгiне 500 тоннаны құрайды (жылдық қуаты 145 909 тонна);
      2) өңiрлерде маусымдық сұранысты нивелирлеу үшiн республиканың бiрқатар облыстарында цемент терминалдарының жүйелерiн ұйымдастыру;
      3) Ақтөбе облысының Хромтау қаласында қуаты жылына 200 мың тонна болатын саз өңдеу кәсiпорнын ұйымдастыру;
      4) санфаянстық және сантехникалық бұйымдардың өндiрiсiн ұйымдастыру;
      5) Алматы қаласында қуаты 105 мың тонна болатын арматура зауытын салу;
      6) Қарағанды облысында лифтiлiк жабдық шығаратын өндiрiс ұйымдастыру;
      7) едендiк жабындардың өндiрiсiн ұйымдастыру;
      8) гидроқшаулау материалдарының өндiрiсiн ұйымдастыру.
      Барлық жүктемелер мен жаңа өндiрiстердi енгiзудi ескере отырып, 2020 жылға қарай отандық өндiрiстiң үлесiн 65-тен 90%-ға дейiн ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл ретте құрылыс материалдарының жеке түрлерi бойынша 2020 жылға қарай: шыны - 85; арматура, металл құбырлар, кiрпiш, қож мақта мен минералды мақта - 99; цемент - 90; керамикалық тақталар-60; радиаторлар, полиэтилен құбырлар, раковиналар - 80; ағаш конструкциялар - 60% үлестi құрайды.

       Құрылыс материалдарын өндiрудi ынталандыру жөнiндегi шаралар



       «Қолжетiмдi тұрғын үй - 2020» бағдарламасында көзделген белсендi құрылыс салу және қайта қалпына келтiру жұмыстары шеңберiнде шешiлуi қажеттi негiзгi проблемалардың бiрi осының алдында аталып өткен құрылыс материалдарының қолда бар өндiрiстiк қуаттарының төмен жүктелуi болып табылады.
      Өндiрiстi ынталандыру бойынша мемлекет тарапынан мынадай шаралар қарастырылуда:
      1) кәсiпорындарды жүктеу үшiн ұзақ мерзiмдi шарттар жасасу және қажеттiгiне қарай өндiрiстi кеңейту; - үйлердiң үлгiлiк жобаларына отандық өнiмнiң техникалық сипаттамасын енгiзу;
      2) сауда үйлерiн ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      3) Кеден одағы шеңберiнде шекара бойындағы ынтымақтастықты нығайту.
      Бұдан басқа, индустриялық-инновациялық қызметтi және кәсiпкерлiктi қолдайтын «Өнiмдiлiк 2020», «Экспорттаушы 2020», «Бизнестiң жол картасы 2020» сияқты қолданыстағы бағдарламалар шеңберiнде құрылыс материалдары өнеркәсiбi кәсiпорындары қаржылық көздерге және экспортты жылжыту үшiн мемлекеттiк қолдауға қол жеткiзе алады. Бұл оларға мынадай проблемаларды шешуге мүмкiндiк бередi:
      1) жаңғырту үшiн қарыз қаражатына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сыйақы мөлшерлемесiн төмендету есебiнен олардың тартымдылығын арттыру, жеңiлдiк кезеңiнiң неғұрлым ұзақ мерзiмдерi, кәсiпорындардың өнiмiн тұтыну маусымына төлемдердi байланыстыру;
      2) жаңғырту процесiне жобалық және инжинирингтiк бiлiктi ұйымдарды тарту және оларды жұмылдыру жөнiндегi шығындарды мемлекеттiң iшiнара өтеуi;
      3) инновациялық, оның iшiнде жабдықты шетелден сатып алуға және оны жергiлiктi жағдайларға бейiмдеуге гранттар беру;
      4) өндiрушiлер үшiн қолжетiмдiлiктi арттыру, шығындарды iшiнара өтеу есебiмен шетелдiк мамандарды тарту;
      5) қазiргi заманғы басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзу;
      6) экспортты жылжытуды қолдау.
      Инновацияларды және трансферттер технологияларын енгiзудi мемлекеттiк қолдаудың ең тиiмдi құралы – мемлекеттiк бағдарламалар
бойынша iске асырылатын үлгiлiк жобаларға және жобаларға техникалық шешiмдердi мiндеттi енгiзу болып табылады.
      Энергия үнемдеу саласында индикативтi нысаналы индикаторларға қол жеткiзудi қамтамасыз етпейтiн не «лас» технологиялармен немесе ескiрген технологиялармен өндiрiлетiн құрылыс материалдарын тұтынуды немесе еңбек өнiмдiлiгiн шектеудi ғимараттар мен құрылыстарды жобалау сатысында енгiзу қажет.
      Сондай-ақ кепiлдi тапсырыс жергiлiктi технологияларға не ерекше жергiлiктi шикiзат базасына бейiмделген iшкi стандарттарды енгiзу
арқылы отандық қамту көрсеткiшiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстанда қаңқалы-панельдi үй салудың ең озық технологияларын дамытуды қолдау мақсатында жобалардың өзiн-өзi ақтауы кезеңiнде осы зауыттарды мемлекеттiк тапсырыспен қамтамасыз ету шаралары көзделген.
      Қазақстан Республикасында инновациялық саясатты практикалық тұрғыдан iске асыру мақсатында мемлекеттiк даму институттарының жүйесi құрылды, бұл институттарды жоғары технологиялық жаңа өндiрiстердi ұйымдастырудың сенiмдi құралы ретiнде отандық және шетелдiк әрiптестерi мойындаған.
      Даму институттарының негiзгi миссиясы – экономиканы жаңғырту және әртараптандыру, елiмiздi әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа деңгейiне шығару салаларында маңызды мемлекеттiк мақсаттарды орындау үшiн отандық бизнестiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттiлiктерiн арттыру және iске асыру болады.
      Даму институттары арқылы мемлекет қосылған құнның технологиялық және экономикалық тiзбегiн жүйелi дамыта отырып, бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын өндiрiстердiң бiртұтас жүйесiн құруға бағытталған жобаларға қатыса алады. Бұл бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң барлық өлшемдерiне сай келетiн түпкiлiктi өнiмге жұмыс iстейтiн көп салалы кәсiпорындарды құруға мүмкiндiк бередi.
      Тұтастай алғанда, мемлекеттiк қолдау бағдарламаларына қатысу құрылыс материалдарын өндiрушiлерге бәсекеге қабiлеттiлiктi импорттық тауарларға қатысты ғана емес, iргелес елдерге бiрқатар тауар позициялары бойынша экспорттау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы технологияларды ендiруге мүмкiндiк бередi


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет