Заңында көзделген жағдайларда тоқтата тұруы мүмкін.
Бұл ретте салық және (немесе) кеден органдарының өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге салық және (немесе) кеден органдарының бірiншi басшысы қол қойып және мөрiмен куәландыруы тиіс.
Электронды түрде жіберілетін өкім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген форматтарға сәйкес, уәкілетті органмен келісім бойынша жасалады.
2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 02.03.01 № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 52-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда; 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
52-бап. 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері
52-1-бап. Ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптар
Ислам банкінің процент түрінде сыйақы алуға, инвестициялық депозитті қайтаруға немесе ол бойынша табысқа кепілдік беруге, темекі, ішімдік өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі шығарумен және (немесе) сатумен, құмар ойындармен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредиттеуге) тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға (кредиттеуге) құқығы жоқ.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам банкінің қызметіне ислам банкі сақтауға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
52-2-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
1. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
3. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережені, Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережені исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде ислам банкінің директорлар кеңесі бекітуге тиіс.
4. Егер осы Заңда, ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, ислам банкінің кредиттік комитетінің ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге сәйкес қабылданған шешімдері және Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалған мәмілелер исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді. Бұл ретте, исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қандай да бір мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан өз қарауы бойынша тексеруге құқығы бар.
52-3-бап. Ислам банкінің операциялары мен мәмілелерін ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танудың салдары
1. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміленің жасалуы және орындалуы мүмкін емес.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, мұндай мәміле ислам банкінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені орындалған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, ислам банкінің осындай мәміле бойынша табысы қайырымдылық ісіне бағытталуға тиіс.
52-4-бап. Ислам банкінің жарғысына қойылатын қосымша талаптар
Ислам банкінің жарғысы осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден бөлек мыналарды:
1) ислам банкі қызметінің мақсаттарын;
2) ислам банкінің тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін, сондай-ақ оны құрудың тәртібі мен исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
52-5-бап. Ислам банкінің банк операциялары және өзге де операциялары
1. Мына операциялар:
1) жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
2) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
3) банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
4) кәсіпкерлік қызметті мынадай түрде қаржыландыру:
коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;
5) лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;
6) ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет ислам банкінің банк операцияларына жатады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көзделген банк операцияларын ислам банкі меншікті ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша есебінен жүзеге асырады. Бұл ретте, ислам банкі және (немесе) инвестициялық депозит бойынша клиенттер олардың ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын алады, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қатысушысы және (немесе) ортақ үлестік меншікке жататын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушы болады. Ислам банкі сенімгерлікпен басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркелуін, көлік құралдарының және өзге де жылжымалы мүліктің тіркелуін қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік қатысушыларының есебін жүргізеді.
3. Ислам банкі, егер жарғыда осындай көзделсе, мына операцияларды:
1) факторингтік операцияларды: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын сатып алуды;
2) форфейтингтік операцияларды (форфейтингтеуді): тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу жолымен төлеуді қоспағанда, осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.
52-6-бап. Ислам банкінің депозиттері
1. Талап етуге дейінгі процентсіз депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын процент түрінде сыйақы төлеуді немесе төлеуге кепілдік беруді көздемейтін талап етуге дейінгі банктік салымға қабылдауға және клиент талаптарының түсуі бойынша депозитті немесе оның бір бөлігін қайтаруға міндеттенеді. Ислам банкінің процентсіз депозит туралы шартына ол бойынша сыйақы төлеу туралы талаптарды қоспағанда, банктік салым туралы шарттың ережелері қолданылады.
2. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын оларды номиналды түрде қайтару кепілдігінсіз белгілі бір мерзімге қабылдауға, олар бойынша табысты инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны пайдалану нәтижесіне байланысты төлеуге міндеттенеді. Ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шартына ақшаны пайдалану және қайтару тәртібі, клиенттің және ислам банкінің құқықтары мен міндеттері, сенімгерлікпен басқарушының - ислам банкінің сыйақыны айқындау және есептеп шығару тәртібі бойынша осы бапта көзделген ерекшеліктері бар мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарттың ережелері қолданылады.
Инвестициялық депозит туралы шартты жасасу кезінде ағымдағы банк шоты ашылуы мүмкін.
3. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптарында сенімгерлікпен басқарушының - клиенттің сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының ақшасын басқарғаны үшін сыйақысының мөлшері, ақшаны қайтару мерзімі мен тәртібі, ақшаны пайдаланудан келген залалдар тәуекелдері және өзге де талаптар айқындалуға тиіс.
4. Ислам банкінің сыйақысы инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен табыс есебінен ғана сыйақы төленуі мүмкін болатын талап бойынша инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған табыс бөлігі түрінде айқындалады. Ислам банкі инвестициялық депозиттің шығынды болуы кезінде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану нәтижесінде табыс болмаған кезде) сыйақы алу құқығынан айырылады. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық депозит бойынша табыстың немесе ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.
5. Клиент өз талабы бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтарып алған кезде, егер инвестициялық депозит туралы шартта өзгеше көзделмесе, табыс алу құқығынан айрылады.
6. Инвестициялық депозит туралы шарт клиенттің ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін анықтауы бойынша талаптарды не клиенттің ақшасын оларды біріктіру құқығынсыз өзге клиенттердің ақшасынан бөлек пайдалану бойынша талаптарды көздеуі мүмкін.
7. Ислам банкі ақшаны пайдаланудың тәртібі мен нәтижелерін анықтау, оның ішінде ақшаны пайдалану тәсілдерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін, мұндай пайдаланудан түскен табыстың немесе залалдың мөлшерін, ислам банкі сыйақысының мөлшерін анықтау мақсатында жекелеген инвестициялық депозиттер бойынша ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті.
8. Клиенттің талабы бойынша ислам банкі инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдалану туралы есепті табыс етуге міндетті.
9. Егер шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық депозитке ақша салған клиент ислам банкінің ақшаны орналастыруға байланысты туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бірақ ақша салынған активтер құнының кемуіне байланысты инвестициялық депозитке салынған ақша сомасы шегінде залалдар тәуекелін көтереді.
10. Ислам банкі инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар өз кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, осындай залалдар үшін жауап бермейді.
Егер инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтер құнының кемуіне байланысты залалдар ислам банкінің кінәсінен болса, ислам банкі осындай залалдардың туындағаны туралы клиентке хабарлауға міндетті.
52-7-бап. Ислам банкінің бағалы қағаздарды шығару ерекшеліктері
Ислам банкі борышты, сыйақының кепілдік берілген мөлшерін немесе құнынан процент түрінде сыйақы төлеуді көздейтін артықшылығы бар акцияларды, облигацияларды немесе өзге де борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, акциялар немесе өзге де бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
52-8-бап. Коммерциялық кредитті беру арқылы сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру
1. Ислам банктері сауда делдалы ретінде ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты (бұдан әрі - коммерциялық кредит туралы шарт) негізінде коммерциялық кредитті тауар сатып алушыға немесе сатушыға беру арқылы сауда қызметіне қатысуға құқылы.
2. Коммерциялық кредит туралы шарт тауар сатып алушының коммерциялық кредит туралы шартты (офертаны) жасасу туралы ұсынысының негізінде жасалады, онда ислам банкінің оны қабылдау мерзімі (акцепт) көзделуге тиіс. Офертаның қолданылу мерзімі ішінде ислам банкі тауар сатушымен сатып алу-сату шартын жасасуға құқылы. Ислам банкінің акцепті ол тауарға меншік құқығын сатып алғаннан кейін беріледі. Сатып алушы ислам банкінің акцептін алған кезде офертаның қолданылу мерзімі ішінде коммерциялық кредит туралы шартты орындау сатып алушы үшін міндетті болып табылады. Коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде сатып алушы ислам банкіне осындай бас тартудан туындаған нақты залалды өтейді, ал ислам банкі тауарды үшінші тұлғаға өткізеді немесе оны сатушыға қайтарып береді.
3. Коммерциялық кредит туралы шартқа осы бапта көзделген ерекшеліктер және осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптар ескеріле отырып, тауарларды кредитке (төлем мерзімін кейінге жылжыту немесе ұзарту арқылы) сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады.
4. Коммерциялық кредит туралы шартта тауардың атауы және саны, тауарға үстеме бағаның мөлшері көрсетіле отырып, сатып алушы ислам банкінен сатып алатын тауардың құны туралы талаптар, сондай-ақ коммерциялық кредиттің талаптары (төлем мерзімін кейінге жылжыту немесе ұзарту) қамтылуға тиіс.
5. Егер коммерциялық кредит туралы шартта өзгеше көзделмесе, ислам банкінің сатып алушыға тауарды сату бағасы сатушыдан тауарды сатып алу бағасы мен тауарға үстеме баға сомаларынан құралады. Үстеме баға тіркелген сома немесе сатушыдан тауарды сатып алу бағасының проценті түрінде белгіленуі мүмкін.
6. Сатып алушының офертасы негізінде тауарды сатып алу кезінде ислам банкі сатушымен жасалатын сатып алу-сату шартында тауардың коммерциялық кредит туралы шарт жасасу үшін сатып алынатынын көрсетуге міндетті.
7. Коммерциялық кредит туралы шарт бойынша бір мезгілде сатып алушы болатын сатушыдан тауарды сатып алуға жол берілмейді. Ислам банкі тауарды сатушымен жасасқан сатып алу-сату шарты тауарға алдын ала төлем жасау, сатып алынған тауарды белгілі мерзімде қайтару және тауардың сатып алу бағасын қайтару мүмкіндігі туралы талаптарды көздеуі мүмкін.
8. Коммерциялық кредит туралы шартта сатып алушының тауарларға ақша немесе өзге мүлік кепілімен төлем жасау бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талаптары көзделуі мүмкін.
9. Егер коммерциялық кредит туралы шарттың нысанасы дайындауға жататын тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, жылжымалы жаңа затты, жаңадан құрылатын жылжымайтын мүлікті), мүлікті пайдалану, жұмысты орындау не қызмет көрсету нәтижесінде алынатын тауарларды (ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе өзге ұқсас өнімнен алынған мүлікті пайдалану кезінде бөлініп алынатын жемістер түрінде) сатып алу болып табылса, шарттың осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы талап етіледі.
10. Ислам банкі мен осы баптың 9-тармағында көрсетілген тауарды өндіруші (дайындаушы) арасында жасалған коммерциялық кредит туралы шартта тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (тауар берудің мерзімін кейінге жылжыту) тауар беру талабымен сатып алынатын тауарға (аванс түріндегі коммерциялық кредит) дереу ішінара немесе толық төлем жасау көзделуі мүмкін. Тауар өндірушіге (шығарушыға) коммерциялық кредит беру кезінде ислам банкінің тауарды тікелей сатып алушымен жасасқан сатып алу-сату шарты тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (тауар берудің мерзімін кейінге жылжыту) тауар беру талабымен тауарға дереу ішінара немесе толық алдын ала төлем жасау туралы талаптарды көздеуі мүмкін.
11. Осы баптың 9-тармағында көзделген коммерциялық кредит туралы шарт жасалған жағдайда банк пен тауар өндіруші (шығарушы) арасындағы қарым-қатынастарға мердігерлік, тауар беру, келісімшарт жасасу, өтелетін қызметтер көрсету туралы ережелер немесе осы қарым-қатынастарға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген міндеттеме туралы басқа да ережелер қолданылады.
52-9-бап. Өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша қаржыландыру
1. Ислам банкі табыс алу немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарға қол жеткізу мақсатымен әріптестік туралы шарттың негізінде өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруға құқылы. Әріптестік туралы шартта (заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шарт) заңды тұлғаны құру жөніндегі талап көзделуі мүмкін.
2. Әріптестік туралы шарт исламдық қаржыландыру принциптері бойынша кеңестің оң қорытындысын алғаннан кейін жасалуы мүмкін. Осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды бұзу әріптестік туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және (немесе) әріптестік туралы шарттың негізінде құрылған заңды тұлғаны таратуға не ислам банкінің үлесін, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғы капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін шеттетуге және алынған табысты қайырымдылық ісіне бағыттауға негіз болады.
3. Заңды тұлғаны құру талабынсыз жасалған әріптестік туралы шартқа (ислам банкінің қатысуымен жасалған қарапайым серіктестік шарты) осы бапта көзделген ерекшеліктері бар бірлескен қызмет туралы шарттың ережелері қолданылады.
4. Ислам банкінің қатысуымен жасалған қарапайым серіктестік шартында бірлескен қызметтің мақсаты, шарттың қолданылу мерзімі немесе олардың туындауына байланысты шарт тоқтатылатын талаптар, бірлескен қызметтен түскен табысты бөлу тәртібі және кезеңділігі, қатысушының шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін қатысушылардың әрқайсысы енгізген мүліктің тізбесі, түрлері және құны туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін енгізілген мүліктің құнына бара-бар айқындалады. Шартта бірлескен қызметтен түскен табыс бөлігін қайырымдылық мақсаттарға пайдалану туралы талаптар көзделуі мүмкін.
5. Бірлескен қызметтен түскен табыс, ислам банкі қатысатын қарапайым серіктестік шартына қатысушылардың жалпы шығыстары мен залалдары, егер шартта өзгеше көзделмесе, ортақ мүліктегі үлеске бара-бар бөлінеді. Ислам банкі қатысатын қарапайым серіктестіктің табысы күтілетін табыс ескерілмей, нақты нәтижелер бойынша бөлінуге тиіс. Қарапайым серіктестікке қатысушының табысы тіркелген ақша сомасы түрінде белгілене алмайды.
6. Қарапайым серіктестіктің ортақ мүлкі жеткіліксіз болғанда оның қатысушылары қарапайым серіктестік шартына байланысты міндеттемелер бойынша ортақ мүліктегі үлестерге бара-бар жауаптылықта болады.
7. Егер шартта немесе осы баптың ережелерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шартқа тиісті ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның құрылтай шарты туралы ережелер қолданылады.
8. Заңды тұлғаны құруға байланысты әріптестік туралы шартта Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның құрылтай шарты үшін көзделген мәліметтерден бөлек, әріптестіктің мақсаты мен мерзімдері туралы мәліметтер, заңды тұлғаның табысын әрбір қатысушы енгізген үлеске бара-бар бөлу туралы талап қамтылуға тиіс.
9. Заңды тұлға құрып әріптестік жасау туралы шарттың ережелері әріптестіктің мақсаты осы заңды тұлғаның өндірістік немесе сауда қызметін қаржыландыру болып табылатын маңызды талаптар болған кезде заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу оның талаптары болып табылатын әріптестік жағдайларына да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |