Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ



Pdf көрінісі
бет81/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
11-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ 
  
124-бап. Жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған 
кезде берілетін кепілдіктер 
1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда 
жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта 
оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан 
босатады. 
2. Жұмыскерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін жалақы 
көрсетілген міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ жұмыс орнындағы орташа 
жалақысынан төмен болмай төленеді. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

3. Мерзімді әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын 
жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті әскери басқару 
органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде - жұмыс орны (лауазымы), 
жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді әскери қызметті өткеру немесе 
әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. 
Мерзімді әскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны 
(лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуға немесе әскери 
жиындардың аяқталуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен 
бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті. 
  
125-бап. 
Медициналық қарап-тексеруге жіберілетін жұмыскерлер үшін 
кепілдіктер 
Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен 
мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті жұмыскерлердің олардан өткен 
уақытта жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады. 
  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет