126-бап. Донор болып табылатын жұмыскерлер үшін кепілдіктер
Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін
донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-
ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасына
сәйкес
өзге де кепілдіктер беріледі.
2020.07.07. № 361-VI ҚР
Заңымен
126-1-баппен толықтырылды
126-1-бап. Жүктілігінің мерзімі он екі аптаға дейінгі әйелдерге арналған
кепілдіктер
Жүкті әйелдердің қарап-тексеру және он екі аптаға дейін жүктілік бойынша
медициналық есепке қою уақытына жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы
сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.
2020.07.07. № 361-VI ҚР
Заңымен
126-2-баппен толықтырылды
126-2-бап. Трансплантаттау үшін ағзалардың (ағзалар бөліктерінің) және
(немесе) тіндердің (тін бөліктерінің) донорлары болып табылатын
жұмыскерлерге арналған кепілдіктер
Трансплантаттау үшін ағзалардың (ағзалар бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тін
бөліктерінің) донорлары болып табылатын жұмыскердің қарап-тексеру және ағзаларын
(ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөліктерін) алу уақытына жұмыс
орны
(лауазымы)
мен
орташа
жалақысы
сақталады,
сондай-ақ
Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер
беріледі.
127-бап. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер мен өтемақы
төлемдері
1. Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне
келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.
2. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:
1) іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін
тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.
3. Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық
шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедек
жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым
салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған
жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
5. Үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды
негізінде мүгедек балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға
мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедек
балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
2017.30.11. № 112-VI ҚР
Заңымен
6-тармақпен толықтырылды
6. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге
қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын
тәртіппен
жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге
қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібін бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
127-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: |