Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі


Қорытынды..........................................................................................................25 Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет2/14
Дата20.01.2023
өлшемі350 Kb.
#468572
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
(2курс) АйкенД. Группа ТПП18-25 Отчет по практике

Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................26

Кіріспе
Барлық тірі организмдер сыртқы ортадан қоректік заттар мен оттегі алады. Дененің әрбір жасушасы қоректік заттар мен оттегіні алады, нәтиже- сінде ағза өсіп, дамиды. Организмде пайда болатын зат алмасу өнімдері үнемі ағзадан бөлініп кетеді. Бұл жасушаларға қоректік заттарды жеткізеді және метаболизм өнімдерін жасушалардан алып кетеді. Қан дененің ішкі ортасы болып табылады және барлық жасушалармен, органдармен тығыз өзара әрекеттеседі.


Қан – дененің тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды жүйесі. Жасуша- ларының түзілуіне және бұзылуына қатысатын қан мен органдар, реттеу тетіктерімен бірге бірыңғай қан жүйесіне біріктіріледі. Қан - сұйық дәнекер ұлпасы. Адам ағзасында қан маңызды функцияларды орындайды. Осы фун- кциясының бірі – тасымалдау. Қан ағзаға әртүрлі заттарды таратады: оттегі, көмірқышқыл газы, қоректік заттар, гормондар, медиаторлар, электролиттер, ферменттер, антиденелер, газдар және т.б. Организмнің ішкі ортасы өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайды. Осылайша, организмнің барлық мүшелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.
Жасуша мембраналары арқылы заттардың енуі мен шығарылуы таңдамалы, тек ерітінді түрінде жүреді. Ұлпалардағы жасушалар аралығында жасушаларды қоршап жатқан сияқты ұлпа сұйықтығы болады. Ұлпа сұйық- тығы қанның сұйық бөлігі – плазмадан (грек. plasma – жапсырылған) түзіледі. Сонымен қатар оның құрамында жасуша тіршілігінің әрекеттеріне қажет барлық заттар еріген күйінде болады. Оттек пен қоректік заттар өте жіңішке қан тамырлары – капиллярлар (лат. capillariesөте жіңішке, қылдай) арқылы ұлпа сұйықтығына, одан жасушаға өтеді. Зат алмасу нәтижесінде жасушада түзілетін су, көмірқышқыл газы және басқа да өнімдер алдымен ұлпа сұйық- тығына, содан кейін сыртқы ортаға шығарылуы үшін капиллярларға өтеді. Организмде ұлпа сұйықтығы үнемі қозғалыста болады, ол қан тамырлары арқылы жаңартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет