Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


-параграф. Борттық аспаптар мен жабдық



бет4/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

33-параграф. Борттық аспаптар мен жабдық

      155. Әуе кемесi ұшу экипажына әуе кемесiнiң ұшу траекториясын бақылауға, қағида бойынша талап етiлетiн кез келген маневрлердi орындауға және күтiлетiн пайдалану жағдайларында осы әуе кемесiне қатысты пайдалану шектеулерiн сақтауға мүмкiндiк беретiн аспаптармен жабдықталады.


      Әуе кемесi мыналармен:
      1) жеңiл қол жеткiзiлетiн орындарда орналастырылатын қажеттi медициналық құралдардың қорымен (ЖМА-ға арналған бiрiншi көмек жиынымен);
      2) пайдалану кезiнде әуе кемесiнiң iшiнде улы газдардың қауiптi шоғырлануын болдырмайтын үлгiдегi ауыспалы өрт сөндiргiштермен жарақтандырылады, ұшу экипажының кабинасында және оған экипаж мүшелерi тiкелей кiре алмайтын, ұшу экипажының кабинасынан бөлiнген әрбiр жолаушылар салонында кемiнде бiр-бiр өрт сөндiргiш орнатылады.
      156. Барлық әуе кемелерiнде мыналар:
      1) 2 жастан асқан әрбiр адамға арналған кресло немесе ұйықтау орны;
      2) әрбiр креслодағы бел байлау белдiгi мен әрбiр ұйықтау орнында ұстау белдiгi;
      3) егер ұшақта электрлiк сақтандырғыштар орнатылса, ұшу кезiнде ауыстыру үшiн қол жетiмдi тиiстi номиналдардың қосалқы электрлiк сақтандырғыштары жұмыс iстейтiн жай-күйде болады.
      157. Сертификатталған ең көп ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан астам (тiкұшақтар үшiн 3180 килограммнан астам), коммерциялық тасымалдарды орындайтын әуе кемелерi ұшу экипажының әрбiр креслосындағы байлау жүйесiмен жабдықталады. Әрбiр креслодағы байлау жүйесi кенеттен тежеу жағдайында пилот корпусының қозғалысын автоматты түрде шектейтiн құрылғыны iске қосады.
      158. Жолаушыларды тасымалдауға арналған әуе кемелерi жолаушыларға мынадай:
      1) байлау белдiктерiн қашан тағу қажеттiгi;
      2) егер ұшақ бортында оттегi көзделген болса, оттегi жабдығын қашан және қалай пайдалану қажеттiгi;
      3) темекi шегудi қашан тоқтату қажеттiгi;
      4) құтқару кеудешесi немесе осыған ұқсас жеке жүзу құралдары қайда орналасқандығы және егер мұндай құралдар бортта көзделген болса оларды қалай пайдалану қажеттiгi;
      5) авариялық шығыстар қайда орналасқандығы және қалай ашылатыны туралы мәлiметтер мен нұсқауларды хабарлауды қамтамасыз ететiн құралдармен жабдықталады.
      159. КҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерi мыналармен:
      1) магниттiкомпаспен;
      2) хронометрмен немесе уақытты сағатпен, минутпен және секундпен көрсететiн сағаттармен;
      3) барометрлiк биiктiк өлшегiшпен;
      4) аспаптық әуе жылдамдығы көрсеткiшiмен қамтамасыз етiледi.
      160. Гидроұшақтарда мыналар:
      1) борттағы әрбiр адамға арналған құтқару кеудешесi немесе соған тең бiр-бiрден жеке жүзу құралдары, олар креслодан немесе ұйықтайтын орыннан жеңiл алынатындай орналасады;
      2) теңiзде кемелердiң соқтығысуын ескертетiн халықаралық қағидаларда ұйғарылған, бұл қолданылатын дыбыс белгiлерiн беру жабдығы;
      3) бiр теңiз зәкiрi (жүзбелi) орнатылады.
      161. Ең жоғары ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан жоғары немесе 9-дан астам отыру орын саны бар әуе кемелерiнде және барлық әуе кемелерiнде жоспарлау режимiнде жағалаудан ұшудың шектiк қашықтығынан асатын аралықтағы су кеңiстiгi үстi бағыты бойынша ұшуды орындайтын жолаушыларды коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыру кезiнде – ең аз дегенде борттағы әрбiр адамға бiр бiрден құтқару кеудешесi болады, олар ұшақта оған арналған адам үшiн өз креслосынан немесе ұйықтайтын орыннан жеңi қол жеткiзе алатындай орналасады; ұшақтарда борттағы барлық адамдар ұшу кезiнде дереу пайдалануға дайын құтқару кеудешелерiн киiп отырады.
      Әрбiр құтқару кеудешесi адамдарды табуды жеңiлдету үшiн электрлiк жарықтандыру құралдарымен жабдықталады.
      162. Ұшақ су бетi үстiнде болатын немесе, егер әуе кемесi ұшудың сәйкес келетiн 30 минутiне немесе барлық басқа әуе кемелерi үшiн қайсысының аздығына қарай 185 км (100 теңiз милiне) тең қашықтықта ұшуды орындаса, крейсерлiк жылдамдықта ұшудың 120 минутiне және қайсысының аздығына қарай 740 километрге (400 м. мильге) сәйкес келетiн авариялық қону үшiн жарамды жер бетiнен қашықтайтын бағыт бойынша ұшуды орындайтын барлық ұшақтарда осы Қағиданың 161-тармағына сәйкес көзделген жабдыққа қосымша мынадай жабдық орнатылады:
      1) борттағы барлық адамдардың орналасуы үшiн жеткiлiктi сандағықұтқару салдары, олар авариялық жағдайда оларды тез қолдануды жеңiлдететiн түрде орналасады және адамдардың өмiр тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң орындалатын ұшу шарттарына жауап беретiн құралдарын қоса алғанда, осындай авариялық құтқару жабдығымен жарақталады;
      2) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 2-қосымшада сипатталған дабыл ракеталарының көмегiмен апат белгiлерiн беруге арналған жабдық.
      163. Кабинадағы барометрлiк биiктiк 3000 м. құрайтын биiктiктерде ұшуды орындауға арналған әуе кемелерiнде - оттегi сақтау және беру аппаратурасы.
      164. Тұмшаланған кабиналары бар, 7600 м. эшелоннан жоғары биiктiктерде ұшуға арналған әуе кемелерiнде - әуе кемесiнiң ұшу экипажына тұмшаланудан ажыраудың кез келген қауiптi дәрежесi туралы дәл ескерту беретiн құрылғы.
      165. Аспап бойынша ұшу қағидаттарымен (бұдан әрi - АҰҚ) ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде мыналар орнатылады:
      1) магниттi компас;
      2) хронометрмен немесе уақытты сағатпен, минутпен және секундпен көрсететiн сағаттар;
      3) барометрлiк биiктiк өлшегiш;
      4) судың шоғырлануы немесе мұздану салдарынан оның iстен шығуын болдырмайтын құрылғымен жабдықталған аспаптық әуе жылдамдығын көрсету жүйесi;
      5) кеңiстiктегi жай-күй көрсеткiшi (авиакөкжиек);
      6) сырғанау көрсеткiшi;
      7) әуе кемесi кеңiстiктегi жай-күйдiң үш көрсеткiшiмен (авиакөкжиек) жабдықталатын жағдайлардан басқа, бұрылу көрсеткiшi;
      8) әуе кемесiнiң бағыт көрсеткiшi (гидрокомпас немесе осыған ұқсас функцияларды орындайтын өзге де жүйе);
      9) гироскопиялық аспаптардың электрлiк қорек беру ақаулығының индикаторы;
      10) сыртқы ауа температурасының көрсеткiшi;
      11) биiктiк алудың немесе төмендеудiң тiк жылдамдығы көрсеткiшi;
      12) 118-137 МГц диапазонында, оның iшiнде 121,5 МГц жиiлiгiнде байланысты қамтамасыз ететiн байланыс жүргiзуге арналған радиожабдық
      13) аэронавигациялық шырақтар;
      14) қону шамдары;
      15) әуе кемесiн қауiпсiз пайдалану үшiн үлкен маңызы бар және әуе кемесiнiң ұшу экипажы пайдаланатын барлық пилотаж аспаптары мен жабдықтарына арналған астынан жарықтандырғыш;
      16) барлық жолаушылар кабинасындағы шамшырақтар;
      17) әуе кемесi экипажының әрбiр мүшесiнiң жұмыс орнындағы ауыспалы шам.
      Құрама аспаптарды немесе жекелеген аспаптардың әрқайсысы үшiн көзделгендей толық жұмыс iстемеуден осындай кепiлдiк сақталатын жағдайда кешендi командалық пилотаж жүйелерiн пайдалану жолымен осы тармақтың 5), 6), 7), 8) және 11) тармақшаларында бар талаптарды орындауға рұқсат етiледi.
      166. АҰҚ бойынша ұшатын тiкұшақтарда коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде жеке қорек көзi бар екiншi кеңiстiк жай-күйiн көрсеткiш (авиакөкжиек) қосымша орнатылады.
      167. Көрнекi ұшу қағидалары бойынша (бұдан әрi - ҚҰҚ) түнде ұшуды орындау кезiнде әуе кемелерiнде қосымша мыналар орнатылады:
      1) аэронавигациялық шырақтар;
      2) қону шамдары;
      3) әуе кемесiн қауiпсiз пайдалану үшiн үлкен маңызы бар және әуе кемесiнiң ұшу экипажы пайдаланатын барлық пилотаж аспаптары мен жабдықтарына арналған астынан жарықтандырғыш;
      4) барлық жолаушылар кабинасындағы шамшырақтар;
      5) әуе кемесi экипажының әрбiр мүшесiнiң жұмыс орнындағы ауыспалы шам.
      168. Бортында 2-ден астам адам бар, тұмшаланған кабиналы әуе кемелерiнде - найзағайды байқауға қабiлеттi жабдық.
      169. 15000 м астам биiктiктерде ұшуға арналған ұшақтарда – ғарыштық радиациядан алатын қуат пен әрбiр ұшу бойынша жиынтық дозаны үздiксiз өлшеуге және индикациялауға арналған жабдық. Бұл жабдықтың индикация блогы әуе кемесiнiң ұшу экипажы мүшелерiнiң бiрiне жақсы көрiнуi тиiс.
      170. Жылдамдықты шектеу Мах саны мәнiмен (ӘК ұшу жылдамдығының дыбыс жылдамдығына қатынасы) көрсетiлетiн барлық ұшақтарда – Мах саны өлшемi және көрсету құралының болуы қарастырылады.
      171. Бортында 19-дан астам жолаушыларды тасымалдау рұқсат етiлген барлық ұшақтар ең аз дегенде бiр авариялық автоматты жетек бергiшiмен (ELT) немесе кез келген үлгiдегi екi ELT-пен (КОСПАС-САРСАТ авариялық радиоманар жүйесiмен) жарақталады.
      172. АҰҚ бойынша ұшып, коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыру кезiнде – барометрлiк биiктiң туралы деректердi беретiн және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 10-қосымшаның 4-томының ережелерiне сәйкес келетiн қабылдап, жауап бергiш.
      173. Әуе кемесiне оның ұшу жоспарына сәйкес ұшуды орындауға және әуе кеңiстiгi мен азаматтық авиация қызметiн пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдарымен өзара әрекеттi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн навигациялық жабдық орнатылады.
      174. Ол барысында қону аспаптық метеорологиялық жағдайларда орындау жоспарланатын ұшуды орындау кезiнде - әуе кемесiн бару әуеайлағында да жоспарланған қосалқы әуеайлақтарда да көрiнетiн жер үстi бағдарлары бойынша қону жүргiзiлуi мүмкiн орынға шығаруға көмектесетiн белгiлердi қабылдауға және өңдеуге қабiлеттi радиожабдық.
      175. Осы Қағиданың 177-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әуе кемесi төмендегi шарттарды сақтамай ЖМА мақсатында ұшуды немесе жұмыс iстемейтiн жағдайдағы онда орнатылған аспаптармен немесе жабдықпен авиациялық жұмыстарды орындауды бастамайды:
      1) бұл әуе кемесi үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен осы Қағиданың 176-тармағында ескертiлген шектеулерге сәйкес келуi және аспаптар мен жабдықтардың бiр бөлiгi жұмыс iстемейтiн жағдайдағы әуе кемелерiнде ұшуды орындауды көздеуi тиiс ең аз қажеттi ақаусыз жабдық тiзбесi (MEL) болады;
      2) әуе кемесiнiң бортында жұмыс iстемейтiн жағдайдағы аспаптар мен жабдықтар туралы ақпарат бар, пилотқа қол жетiмдi құжаттама болады;
      3) әуе кемесi MEL-де бар барлық тиiстi шарттар мен шектеулердi  сақтай отырып, пайдаланылады.
      176. MEL-дегi мына аспаптар мен жабдықты қосуға тыйым салынады:
      1) оған сәйкес әуе кемесiнiң осы үлгiсi сертификатталған және ұшудың орындаудың барлық жағдайлары кезiнде қауiпсiз пайдалану үшiн мiндеттi болып табылатын ұшу қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес мiндеттi аспаптар мен жабдық
      2) ҰПН-ға сәйкес жұмыс жай-күйi мiндеттi болатын аспаптар менжабдық
      3) осы Қағидаға сәйкес нақты жағдайлар үшiн мiндеттi аспаптар мен жабдық.
      177. Әуе кемесiнiң бекiтiлмеген MEL-дiң болуынсыз жұмыс iстемейтiн жағдайдағы аспаптармен және жабдықпен, егер бұл ретте мынадай шарттар сақталса ұшып көтерiлуiне рұқсат етiледi:
      1) ұшу:
      ол үшiн жұмыс iстемейтiн аспаптармен, жабдықпен немесе жүйемен ұшуды орындауға ҰПН ережелерi негiз болатын, КСРО-да әзiрленген немесе пайдаланылған әуе кемесiнде
      ол үшiн әуе кемесi үлгiсiнiң сертификатын ұстаушы ең аз жабдықтың негiзгi тiзбесiн (бұдан әрi - МMEL) бекiткен поршендi қозғалтқышы бар тiкұшақта, ұшақта, планерде немесе аэростаттық ұшу аппаратында; немесе ол үшiн MEL бекiтiлген поршендi қозғалтқышы бар жеңiл әуе кемесiнде, планерде немесе аэростаттық ұшу аппаратында орындалса;
      2) жұмыс iстемейтiн аспаптар мен жабдық күндiзгi уақытта ҚҰҚ бойынша ұшуды орындау үшiн мiндеттi ретiнде көрсетiлген аспаптар мен жабдық болып табылмайды және ұшудың бұл нақты түрi үшiн мiндеттi болып табылмайды;
      3) әуе кемесiнен алынған жұмыс iстемейтiн аспаптар мен жабдық, бұл туралы әуе кемесi экипажының кабинасында бекiтiлген сiлтемеде және борттық журналда көрсетiледi немесе ажыратылған және сiлтемеде «жұмыс iстемейдi» деп белгiленедi;
      4) ӘК командирi бұл аспаптардың немесе жабдықтың жұмыс iстемейтiн жай-күйi әуе кемесiнiң бұл ұшуы үшiн қауiп тудырмайтындығы туралы шешiм қабылдаса.

34-параграф. Берiлген биiктiк туралы дабыл жүйесi

      178. Пайдаланушыға, егер тек олар берiлген биiктiк туралы дабыл жүйесiмен жабдықталған болса, ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 кг астам немесе 9 жолаушылар орнынан астам бекiтiлген ең көп саны бар турбобұрамалы ұшақта не турбореактивтi ұшақта ұшуды орындауға рұқсат берiледi, олар мыналарды:


      1) ұшу экипажына ұшақтың биiктiк алу кезiнде де төмендеуi кезiнде де ұшудың алдын ала берiлген биiктiгiне жеткендiгi туралы ескертудi;
      2) ұшу экипажына ұшудың алдын ала берiлген биiктiгiнен жоғары немесе төмен ауытқыған жағдайда ең азы дыбыстық белгiмен ескертудi қамтамасыз етедi.
      179. Бұл талап, егер бұл ұшақтардың ұшу жарамдылық сертификаты (куәлiгi) (түр сертификаты немесе оның балама құжаты) бастапқыда 1972 жылғы 1 сәуiрге дейiн берiлiп, олар Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлсе, ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 кг астам және 9 жолаушылар орнынан астам бекiтiлген ең көп саны бар ұшақтардың нақты даналарына қатысты болмайды.

35-параграф. Жерге жақындау туралы ескерту жүйесi

      180. Пайдаланушыға, егер тек бұл ұшақ жерге жақындау туралы ескерту жүйесiмен жабдықталған болса, газды-турбиналық қозғалтқышы бар және ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан астам немесе 9 жолаушылар орнынан астам бекiтiлген ең көп саны бар ұшақта ұшуды орындауға рұқсат етiледi (бұл талап, егер бұл ұшақтарға арналған ұшу жарамдылық сертификаты (куәлiгi) бастапқыда 1979 жылғы 1 шiлдеге дейiн берiлiп, газды-турбиналық қозғалтқышы бар және ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы кемiнде 15000 килограмм болатын немесе 30 жолаушылар орнынан астам бекiтiлген ең көп саны бар ұшақтардың нақты даналарына қатысты болмайды).


      181. Газды-турбиналық қозғалтқышы бар, ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 15 000 кг астам немесе бортында 30-дан астам жолаушыларды тасымалдау рұқсат етiлетiн барлық құжаттар ұшу бағытындағы жергiлiктi жердiң бедерiн бағалау функциясы бар, жерге жақындау туралы ескерту жүйесiмен жабдықталады.

36-параграф. Соқтығысуды ескертудiң борттық жүйесi

      182. Пайдаланушы, ЖМА ұшақтарын және ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан астам немесе бортында 19-дан астам жолаушыны тасымалдауға рұқсат етiлген тiкұшақтарды қоспағанда, егер бұл әуе кемелерi СЕБЖ-мен (TCAS) жабдықталмаған болса, турбиналық қозғалтқыштары бар әуе кемелерiмен ұшуды орындамайды.


      183. СЕБЖ (TCAS) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 10-қосымшаның IV томы ережелерiне сәйкес талаптарға сай жұмыс iстейдi.

37-параграф. Радиобиiктiк өлшегiштер

      184. Пайдаланушы:


      1) жер көрiнбеген кезде;
      2) кемiнде 1500 м көрiнбеушiлiк болған кезде;
      3) түнде;
      4) егер олар берiлген биiктiк туралы дабылдың радиобиiктiк өлшегiшi жүйесiмен жабдықталмаса, жағалаудан қалыпты крейсерлiк жылдамдықта ұшудың 3 минутiнен астам мерзiмiне сәйкес келетiн қашықтықта су бетi үстiнен ұшуды орындамайды.
      185. Берiлген биiктiк туралы радиобиiктiк өлшегiш жүйесi ұшудың алдын ала берiлген биiктiгiнен төмен ауытқыған жағдайда ұшу экипажына дыбыс белгiсiмен және пилот алдын ала берген ұшу биiктiгiне жеткен кезде iске қосылатын көрнекi дабыл бергiшпен ескертудi қамтамасыз етедi.

38-параграф. Мұздану жағдайында ұшуға арналған жабдық

      186. Пайдаланушы әуе кемесiмен, тек ол мұздану жағдайында ұшуға арналған арнайы жабдықталғаннан және сертификатталғаннан кейiн ғана нақты немесе болжамды мұздану жағдайында ұшуды орындайды.


      187. Пайдаланушы әуе кемесiмен түнде, тек бұл ұшақ жарықтандыру немесе түзiлген мұзды табу құралдарымен жабдықталса ғана нақты немесе болжамды мұздану жағдайында ұшуды орындайды. Жарықтандырудың барлық пайдалану құралдары экипаж мүшелерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауын қиындататын ақ дақтардың немесе жарықты шағылыстыруын болдырмайтын конструкцияда болуы тиiс.

39-параграф. Экипаждың iшкi байланыс жүйесi

      188. Пайдаланушы, ол ұшудың барлық мүшелерi үшiн ұшу кезiнде қолды қолданбай пайдаланатын құлаққап пен микрофондарды қосатын ұшу экипажы мүшелерiнiң iшкi байланыс жүйесiмен жабдықталған (интерфон немесе ұшақтағы сөйлесу құралы – бұдан әрi ҰСҚ) жағдайда ғана ұшу экипажының бiреуден астам мүшелерiнiң сертификатталған саны бар әуе кемесiмен ұшуды орындайды.


      189. Пайдаланушы, егер тек бұл әуе кемесi экипаждың iшкi байланыс жүйесiмен жабдықталғанда ғана ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан астам немесе бортында 19-дан астам жолаушы орнының бекiтiлген саны бар ұшу кемесiмен ұшуды орындайды.
      190. Экипаждың iшкi байланыс жүйесi:
      1) жолаушыларға хабарлаудың дауыс зорайтқыш жүйесiнен тәуелсiз жұмыс жасайды (телефон тұтқасы, құлаққап, микрофон, селекторлық ажыратқыштар мен жолаушыларға хабарлау үшiн де пайдаланылуы мүмкiн дабыл құрылғылары арқылы байланысты қоспағанда);
      2) пилоттар кабинасын арасындағы және:
      әрбiр жолаушылар салонымен;
      жолаушылар палубасынан тыс орналасқан әрбiр буфер-асүймен;
      жолаушылар палубасынан тыс орналасқан және жолаушылар салонынан қолайлы енуi жоқ экипаж мүшелерiнiң әрбiр демалыс бөлiк бөлмесiмен (модулымен) екi жақты байланысты қамтамасыз етедi;
      3) ұшу экипажы мүшелерiнiң кабина экипажына ескерту үшiн және керiсiнше кабина экипажы мүшелерiнiң ұшу экипажына ескерту үшiн пайдаланылатын дыбыстық немесе көрнекi белгiлердi көздейтiн ескерту (авариялық) дабыл жүйесi болады;
      4) алушының хабарламаның әдеттегi немесе шұғыл (авариялық) болып табылатынын тануды қамтамасыз ететiн құралы болады;
      5) жерде жер үстi персоналы мен ең азы ұшу экипажының екi мүшесi арасындағы екi жақты байланысты қамтамасыз етедi.

40-параграф. Жолаушыларға хабарлаудың дауыс зорайтқыш жүйесi

      191. Пайдаланушы, егер тек олар жолаушыларға хабарлаудың дауыс зорайтқыш жүйесiмен жабдықталғанда ғана бортында 19-дан астам жолаушы орнының ең көп бекiтiлген саны бар ұшақпен немесе 9-дан астам жолаушы орнының ең көп бекiтiлген саны бар тiкұшақпен ұшуды орындайды.


      192. Жолаушыларға хабарлау жүйесi:
      1) экипаждың iшкi байланыс жүйесiнен тәуелсiз жұмыс жасайды телефон тұтқасы, құлаққаптар, микрофондар, селекторлық ажыратқыштар мен дабыл құрылғылары сияқты жалпы құрылғыларды қоспағанда;
      2) хабарлау жүйесiн басқару органдары жабдықтаған оның жұмыс орнынан ұшу экипажының әрбiр мүшесiнiң 10 секундтен аспайтын уақыт iшiнде мақсаты бойынша пайдалануға дайындықты қамтамасыз етедi; және
      3) барлық жолаушылар орындарында, демалыс орындары мен кабина экипажының жұмыс орындарында және әжетханаларда хабарлама естiлушiлiгi мен анықтығын қамтамасыз етедi;
      4) әуе кемесiнiң электр энергиясын өндiрудiң негiзгi жүйесi жұмыс iстемей қалғаннан кейiн кемiнде 10 минут бойы сенiмдi жұмысын қамтамасыз етедi.

41-параграф. Жолаушылар тасымалдайтын ұшақтардағы кабина экипажы мүшелерiнiң орындары

      193. Кабина экипажы мүшелерiнiң орындары еден деңгейiндегi авариялық шығыстардың және авариялық эвакуациялау үшiн мемлекеттiк тiркеу көзделген басқа да авариялық шығыстардың жанында орналасады.


      194. Бастапқыда 1981 жылғы 1 қаңтардан немесе бұл мерзiмнен кейiн берiлген ұшуға жарамдылық туралы жеке куәлiгiне қатысты барлық ұшақтар функцияларына авариялық эвакуацияға қатысты жағдайларды орындау кiретiн кабина экипажының әрбiр мүшесiнiң пайдалануына арналған байлау жүйесiмен жарақталған алға немесе артқа айналатын (ұшақтың бойлық осьiне қарай 15о дейiнгi бұрышпен) кресломен жабдықталады.
      195. Барлық байлау жүйелерiнiң барлық құлыптарды тез ажырату үшiн бiр түйiнi бар конструкциясы болады. Байлау жүйесiнiң орнына диагоналды иық тұзағы бар (барынша көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 кг астам ұшақтар үшiн) немесе онысыз, яғни тек бел белдiгi ғана бар қауiпсiздiк бел белдiгiн пайдалануға рұқсат етiледi.

42-параграф. «Белдiктердi байлаңыз» және «Темекi шекпеңiз» деген жарық таблолары. Iшкi есiктер мен шымылдықтар

      196. Пайдаланушыға, тек ол барлық жолаушылар мен кабина экипажының мүшелерiне қауiпсiздiк белдiгiн байлау қажет болатын және бортта темекi шегуге рұқсат берiлмейтiн индикация құралдарымен (жарықтаблосымен) жабдықталған жағдайда ғана ұшу экипажының жұмыс орнынан барлық жолаушылар орнын шолу қамтамасыз етiлмейтiн әуе кемелерiмен ұшуды орындауға рұқсат етiледi.


      197. Пайдаланушы тек онда 19-дан астам жолаушылар орнының ең көп бекiтiлген саны бар ұшақта – «Тек экипаж үшiн» деген сiлтемемен және ұшу экипажы мүшесiнiң рұқсатынсыз ол арқылы жолаушылардың кiруiне кедергi жасайтын тиектермен жарақтандырылған, жолаушылар салоны мен ұшу экипажы кабинасының арасындағы есiктер орнатылған жағдайда ғана әуе кемесiмен ұшуды орындайды.
      198. Ұшу экипажы кабинасының есiгi бар барлық ұшақтарда оны тиекпен бекiту мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi және жолаушылар кабинасында күмәндi әрекет немесе қауiпсiздiктiң бұзылуы пайда болған жағдайда борт жолсерiктерi оның көмегiмен байқатпай ұшу экипажына хабарлай алатын құралдар көзделедi.

43-параграф. Борттық авариялық-құтқару жабдығы туралы
ақпаратты есепке алу

      199. Әуе кемесiнiң иесi немесе пайдаланушы пайдаланушының сертификатына енгiзiлген әуе кемесiн пайдаланған жағдайда әуе кемесiнiң бортындағы iздестiру және құтқарудың үйлестiру орталығына дереу беруге арналған авариялық-құтқару жабдығы туралы ақпаратпен қамтамасыз етедi.


      200. Көрсетiлген ақпарат нақты жағдайға қатысты: құтқару салдары мен дабыл ракеталарының санын, түсi мен үлгiсiн, медициналық заттардың авариялық қорларын егжей-тегжейлi сипаттауды, су қорын, сондай-ақ авариялық көшпелi радиожабдық үлгiсi мен ол жұмыс жасайтын жиiлiктi қамтиды.

44-параграф. Борттық өздiгiнен жазғышқа қатысты талаптар

      201. Ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан астам барлық ұшақтар мен ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 3180 килограммнан астам тiкұшақтар Халықаралық азаматтық авиация конвенциясына 6-қосымша ережелерiне сәйкес келетiн талаптарға сәйкес ұшу деректерiн борттық өздiгiнен жазғыштармен (FDR) және борттық сөйлесулердi өздiгiнен жазғыштармен (CVR) жабдықталады.


      202. Ең көп сертификатталған ұшып көтерiлу массасы 5700 килограммнан аспайтын барлық ұшақтар үшiн ұшу ақпаратының борттық тiркеушiсi, әрi борттық магнитофон функциясын орындайтын ұшу ақпаратын жинаудың құрама жүйесiн орнатуға рұқсат етiледi.

45-параграф. Ұшуды қамтамасыз ету

      203. Ұшуды қамтамасыз ету мемлекеттiк және азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады, әрi мыналарды қамтиды:


      1) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      2) метеорологиялық қамтамасыз ету;
      3) инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету;
      4) әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету;
      5) электржарық-техникалық қамтамасыз ету;
      6) радиотехникалық қамтамасыз ету;
      7) орнитологиялық қамтамасыз ету;
      8) медициналық қамтамасыз ету;
      9) апаттық және iздестiру-құтқарушылық қамтамасыз ету;
      10) өндiрiстiк қызметтi шұғыл басқару;
      11) экологиялық қамтамасыз ету;
      12) коммерциялық қамтамасыз ету;
      13) режимдiк қорғаумен қамтамасыз ету.
      204. Ұшуды қамтамасыз ету ҚР ӘК ҰНҚ-ның 8-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Пайдалану рәсiмдерi

46-параграф. Пайдалану рәсiмдерiн әзiрлеу

      205. Пайдаланушы жерде және ұшу кезiнде пайдалану қызметiнiң барлық түрлерiне арналған экипаж мүшелерi мен жер үстi персоналының қызметтiк мiндеттерiн қамтитын, әуе кемесiнiң әрбiр пайдаланатын үлгiсi бойынша рәсiмдер мен нұсқаулықтар әзiрлейдi.


      206. Пайдаланушыда экипаж әрекетiнiң ҰПН және/немесе ҰЖН-да бар рәсiмдерге сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында қалыпты, күрделi және авариялық жағдайларда барлық ұшу кезеңдерi басталғанға дейiн, ол уақытта және ол аяқталған соң экипаж пайдаланатын бақылау карталарының жүйелерi болады.
      207. Пайдаланушы экипаж мүшелерiнен ұшудың жауапты (күрделi) учаскелерiнде ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерден басқа, қандай да бiр әрекеттердi орындауын талап етпейдi.
      208. Пайдаланушы оның пайдаланушы сертифакатының негiзiнде орындалатын кез-келген ұшуды пайдаланушылық басқаруды жүзеге асырады (АОС – ағылшын тiлiндегi қысқартылған сөз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет