Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


-параграф. Әуеайлақ (аэроторап) ауданындағы ұшулар



бет7/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

73-параграф. Әуеайлақ (аэроторап) ауданындағы ұшулар

      373. Әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшулар осы әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшуды орындау жөнiндегi нұсқаулыққа немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспортына сәйкес орындалады.


      Әуеайлақтар (аэротораптар) туралы қажеттi мәлiметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
      374. Әуеайлақ ауданында ұшу:
      1) ұшудың белгiленген бағыттары бойынша;
      2) ұшып шығудың белгiленген схемалары бойынша;
      3) қонуға кiрудiң белгiленген схемалары бойынша немесе айналып келiп қонуға кiру схемасының бiр бөлiгi бойынша;
      4) Ұшудың негiзгi қағидаларына сәйкес әзiрленген Ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес (әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты) ӘҚҚ органы белгiлейтiн траектория бойынша;
      5) көзбен шолып қонуға кiру әдiстерi бойынша орындалады.
      Әуеайлақ (аэроторап) ауданындағы ұшулар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларына сәйкес орындалады.

74-параграф. Көзбен шолып қонуға бет алу

      375. Айналымнан көзбен шолып қонуға бет алу (бұдан әрi – КҚБ) Ұшуды жүргiзу нұсқаулығында (аэронавигациялық паспортта) көзделген болса барлық санаттағы ӘК үшiн, сондай-ақ қонуға бет алудың осы түрi үшiн белгiленген пайдалану минимумы жарияланған, «жеңiл» санатына жататын ӘК үшiн әуеайлақтарда күндiз және кешқұрым қолданылады.


      376. Қонуға көзбен шолып бет алудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көзбен шолып маневр жасау аймағы белгiленедi, оның шектерiнде төмендеудiң ең төменгi биiктiктiгi мен ҚКБ-ның ең аз мөлшерiнiң есебi жағдайында кедергiлердi ескеру керек.
      Бақыланатын әуеайлақта қонуға көзбен шолып кiрудi орындау үшiн аэронавигациялық ұйым ӘС әр санаты үшiн құжаттарда аэронавигациялық ақпаратты анықтап, жариялайды:
      1) көзбен шолып маневрлеу аймағында абсолюттiк/қатыстылық кедергiлер аралығын (ОСА/Н);
      2) төмендеудiң ең төменгi абсолюттiк/қатыстылық биiктiгiн (MDA/H);
      3) қонуға көзбен шолып кiрудi орындау үшiн көрiнiстiң ең төменгi мәнi.
      377. Айналымнан ҚШК үшiн минимумдар мен төмендеудiң ең төменгi биiктiгiнiң есебi мен кедергiлердi есепке алу тәртiбi «ӘК ұшуларын жүргiзу» ИКАО (Doc 8168 OPS/611)құжатының талаптарына сәйкес белгiленедi.
      378. ҚШК төмендегiлердi қарастырады:
      1) алдын ала қонуға тiкелей шығу үшiн көзбен шолып маневрлеудiң белгiленген аймағы шегiнде әуеайлақ ауданында көзбен шолып маневрлеу;
      2) қону курсына бұрылу басталған сәтке дейiн төмендеудiң белгiленген ең төменгi биiктiгiн сақтай отырып;
      3) ұшу жолағы шегiнде ҚШК және (немесе) болжамдармен тұрақты көзбен шолып байланысуды белгiлеу және сақтау;
      4) ҰЕҚ бойынша қонуға кiру және ҰЕҚ бойынша екiншi айналымға кетудiң белгiленген схемасына шыға отырып, ҚШК және (немесе) оның болжамдарымен көзбен шолып байланысуды жоғалтып алған жағдайда, айналымнан ҚШК кез келген нүктесiнен екiншi айналымға кету.
      379. Айналып келiп қонуға бет алу КШК ымыртта ҰҚЖ жарық  техникалық құралдары қосылып тұрған кезде орындалады.
      Айналып келiп қонуға бет алу КШК көзбен көрiп шолу арқылы үздiксiз байланыс жағдайында орындалады (ҰҚЖ алдында немесе жарық техникалық қонуға бет алу құралдары арқылы).
      380. Айналып келiп қонуға бет алу ӘК КШК көзбен көрiп шолу арқылы маневрлеу аймағына кiргеннен кейiн және ӘҚҰ органынан рұқсат алған соң басталады.
      Айналып келiп қонуға бет алу КШК кезiнде төмендеудiң жарияланған ең төменгi биiктiк (бұдан әрi - ТЕБ) мәнi сақталады және көзбен көрiп шолу арқылы маневрлеу аймағында белгiленген шекте ӘК болуы қамтамасыз етiледi.
      ӘҚҚ органы төмендегi талаптар сақталған жағдайда жер үстiндегi болжамдар мен көзбен шолып байланысуды белгiлеу туралы ӘК экипажының баяндамасынан кейiн қонуға көзбен шолып кiруге рұқсат бередi.
      1) бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi КҰЕ бойынша қонуға кiрудiң бастапқы учаскесi үшiн белгiленген ұшу биiктiгiне (эшелон) сәйкес келедi немесе асады;
      2) Әуе кемесiнiң осы санаты үшiн белгiленгеннен кейiн төмен емес метеореологиялық көрiнуi;
      3) Аспаптар бойынша төмендеу алдын-ала жазылған траектория бойынша немесе ӘҚҚ органы көрсеткен кiрудi бастау нүктесiне белгiленген биiктiкке дейiн, ал рәсiм басталғаннан кейiн ЖӘК дейiн жүргiзiледi;
      Қону мақсатында ӘК-нiң ЖӘЖ-ден төмендеуi қонар алдындағы сызық бұрылым басталғаннан кейiн жүргiзiледi.
      382. КШК-мен көзбен шолып маневрлеудiң кез келген нүктесiнде КШК-мен көзбен шолу байланысын жоғалтып алған кезде төмендеу тоқтатылып, қонуға бет алудың осы бағыты үшiн белгiленген аспаптар бойынша екiншi айналымға кету схемасын жаза отырып, биiктiктiң ең төменгi қауiпсiз биiктiкке көтерiле отырып, КШК-ға қарай ұшу орындалады.
      383. ӘКК Айналып келiп КҚБ кезде мыналарға жауап бередi:
      1) төмендеу және аспаптар бойынша қонуға бет алу схемаларын сақтауға;
      2) ҰҚЖ және (немесе) оның бағдарлары көрiнбеген жағдайда көзбен шолып маневр жасауға;
      3) көзбен шолып маневр жасау кезiнде қону бағытына бұрылып келгенше төмендеудiң белгiленген ең төменгi биiктiгiн сақтауға;
      4) ҰҚЖ және (немесе) оның бағдарлары көрiнбеген жағдайда немесе көзбен шолып маневр жасаудың белгiленген аймағынан шығып кеткен жағдайда уақытында екiншi айналымға кетуге;
      5) оның алдында көзбен шолып қонуға бет алған ӘК-мен қауiпсiз аралықты ұстап тұруға.
      384. Айналып келiп КҚБ ережелерi бойынша басшылық етуiмен ұшу орындалып жатқан ӘҚҚ органы:
      1) Айналып келiп КҚБ орындау мүмкiндiгiн әуедегi жағдай мен метеожағдайды талдау негiзiнде анықтауға;
      2) экипаждың айналып келiп КҚБ басталғанға дейiн төмендеу және аспаптар бойынша қонуға бет алу схемаларын сақтауына;
      3) экипажға көзбен шолып маневр жасаудың белгiленген аймағына кiрген кезде айналып келiп КҚБ-ға рұқсат беруге;
      4) радиолокациялық бақылау болған жағдайда экипаждың екiншi айналымға кету схемаларын сақтауына;
      5) экипажға әуедегi жағдайды, метерологиялық және орнитологиялық жағдайды уақытында хабарлауға жауапты.
      385. Ұшу жылдамдығы 300 км/сағ аспайтын ӘК үшiн КҚБ күндiз,  кешқұрым және түнде қолданылады.
      Түнде және кешқұрым КҚБ жарық-техникалық жабдықтармен жабдықталған әуеайлақтарда (қону алаңдарында) орындалады.
      386. КҚБ бұлттардың төменгi шекарасының нақты биiктiгi (бұдан әрi – БТШБ) және көру мүмкiндiгi осы Қағиданың 5-қосымшасында келтiрiлген Көзбен шолып ұшу талаптарында көрсетiлген биiктiктен төмен болмаған жағдайда орындалады.
      387. Әзiрленген пайдалану тәртiптемесiне сәйкес КҚБ жердегi бағдарлар үнемi көрiнiп тұрған кезде орындалады.

75-параграф. Күту аймағындағы ұшулар

      388. Күту аймағы, әдетте, әуеайлақтың (дәлiздiң) немесе нүктелердiң координаттарымен белгiленген радионавигациялық нүктесiнiң үстiнде белгiленедi.


      389. Күту аймағындағы ұшу қағидасы және қонуға бет алу үшiн күту аймағынан шығу тәртiбi әуеайлақтың (аэротораптың) ауданында ұшуларды жасайтын нұсқаулықпен (аэронавигациялық паспортпен) айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Күту аймағындағы ұшулар эшелондау қағидасына сәйкес жүргiзiледi. Күту аймағының төменгi эшелоны өту эшелоны болып табылады.
      Егер күту аймағына кiру және одан шығу тәртiбi аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланбаса, онда осы Қағиданың 8-қосымшасын басшылыққа алу керек.
      390. Күту аймағында ұшу биiктiгiн (эшелонын) өзгерту осы әуе кемесiнiң ұшуына қызмет көрсетудi (басқару) жүзеге асыратын ӘҚҚ (УВД) органның рұқсатымен жүргiзiледi.
      391. Егер күту аймағындағы әуе кемесiне дереу қону қажет болса, ӘҚҚ орган осы әуе кемесiне кезектен тыс қонуды қамтамасыз етедi.
      392. Күту аймағындағы ұшу күту аймағындағы ұшулар үшiн жарияланғаннан көп емес жылдамдықта, ал егер олар жарияланбаса, онда осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес мәннен аспайтын жылдамдықта орындалады.
      393. Күту аймағына кiру және күту рәсiмдерiн орындау 25о кренмен немесе бұрылудың 3 град/секундтан кем емес бұрыштық жылдамдықпен орындалады.
      394. Қашықтау жолының сызығына бұрылу әуе кемесiнiң күтудiң бақылау нүктесiне шыққан сәтiнде басталады.
      Жақындау жолының сызығына бұрылу бұрылудың басталуы навигациялық параметрдiң берiлген мәнiне жету сәтiнде (жердегi навигациялық құралдан қашықтығы немесе пеленга) немесе навигациялық құралдың үстiнен ұшып өткен сәтте берiлетiн жағдайларда ескертусiз басталады.
      395. Жақындау жолының сызығына бұрылу басталған сәт көрсетiлмеген жағдайда,онда экипаж штильдi жағдайға тең, күтудiң бақылау нүктесiнiң траверзiнен қашықтау жолының сызығы бойынша ұшу уақытын басшылыққа алады:
      1) егер күту эшелоны (биiктiгi) 4200 м-ден аспаса 1 минут;
      2) егер күту эшелоны (биiктiгi) 4200 м-ден асса 1,5 минут.
      396. Күту рәсiмдерiнiң талаптарын орындау мүмкiн болмаған жағдайда, ӘК командирi әуе кемесi оның бақылауындағы ӘҚҚ органына хабарлайды.

76-параграф. Ұшуларды орындау бағыттары мен аудандары

      397. Пайдаланушы ұшулар ол үшiн тек бiр ғана бағытта және ауданда орындалатынына:


      1) ұшудың жоспарланған түрiне сәйкесетiн метеорологиялықты қоса алғанда, жер бетiнде қамтамасыз етуге;
      2) ұшу ауданының қауiпсiз биiктiгiн ұстану талаптарына сәйкес келетiн әуе кемесiнiң сипаттамасына;
      3) әуе кемесiнiң бортындағы жабдықтардың ұшудың жоспарланған түрiне арналған ең төмен талаптарға сәйкес келуiне;
      4) жарамды ұшу картасы мен схемасының бар болуына;
      5) екi қозғалтқышты әуе кемелерiн пайдаланғанда ұшу уақыты мен қашықтығы бойынша шектеулер шегiнде қолайлы әуеайлақтардың бар болуына;
      6) бiр қозғалтқышты әуе кемелерiн пайдаланғанда мәжбүрлi қонуды орындауға мүмкiндiк беретiн қолайлы алаңдардың болуына көз жеткiзедi.
      398. Пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген ұшу бағыттарындағы және аудандарындағы барлық шектеулердiң сақталуын қамтамасыз етедi.
      399. Әуе трассалары, МВЛ және метеорологиялық жағдайларға, әуе кемелерi түрлерiнiң және олардың жабдықтарына байланысты белгiленген бағыттар бойынша ұшулар трассаның белгiленген енiнiң шегiнде (ЖӘЖ, белгiленген бағыттың) ұшудың берiлген биiктiгiнде (эшелонында) АҰЕ мен КҰЕ бойынша орындалады.
      400. Ұшудың қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда ұшудың берiлген биiктiгiн (эшелонын) өзгертуге және берiлген жол сызығынан жалтаруға рұқсат етiледi. Берiлген жолдың белгiленген сызығынан немесе ұшу биiктiгiнен жалтарған кезде ӘК командирi өзiнiң әрекеттерi туралы әуе кемесi оның басқаруындағы ӘҚҚ органға дереу хабарлайды.
      401. Мiндеттi хабар жеткiзу пунктiнiң ұшып өтетiн есептi уақыты 3 минуттан артық шамаға өзгергенде ӘК командирi нақтыланған есептi уақытты ӘҚҚ органына хабарлайды.
      402. ӘК командирi әуе трассасына (ЖӘЖ, белгiленген бағыт) кiргенге дейiн 5 минуттан кешiктiрмей осы әуе трассасы (ЖӘЖ, белгiленген бағыты) бойынша әуе қозғалысын басқаруды (қызмет көрсетудi) жүзеге асыратын ӘҚҚ органынан рұқсат сұрайды және кiру жағдайын нақтылайды.
      403. Әуе кемесi әуеайлақтан, оған жақын орналасқан әуеайлақтан ұшып көтерiлген кезде әуе трассасына кiруге рұқсатты және нақтыланған жағдайды ұшып көтерiлгеннен кейiн бiрден сұрайды.
      404. ӘК командирi әуе трассасынан (ЖӘЖ, белгiленген бағыттан) шыққанға дейiн 5 минуттан кешiктiрмей әуе кемесi әуе трассасынан (ЖӘЖ, белгiленген бағыттан) шыққаннан кейiн әуе қозғалысына тiкелей басқаруды (қызмет көрсетудi) жүзеге асыратын ӘҚҚ органнан рұқсат алады және шығу жағдайын нақтылайды.
      405. Әуе трассасына (ЖӘЖ, белгiленген бағыт) кiру және оның шегiнен шығуды әуе кемесi эшелонда (биiктiкте) ӘҚҚ органымен алдын ала келiсiлген көлденең ұшу режимiнде жүргiзедi.
      406. Әуе трассасына (ЖӘЖ, белгiленген бағыт) кiру эшелонына (биiктiгiне) шығу оның шекарасына дейiн кемiнде 10 км iшiнде жүргiзiледi.
      407. Әуе трассасынан (ЖӘЖ, белгiленген бағыттан) шыққаннан кейiн ұшу биiктiгiн (эшелонын) өзгерту әуе трассасының (ЖӘЖ, белгiленген бағыттан) шекарасынан кемiнде 10 км қашықтықта жүргiзiледi.
      408. ӘКК басқаруды беру межесiне жақындағанға дейiн 5 минуттан кешiктiрмей ӘҚҚ органымен радиобайланыс орнатады, ол әуе қозғалысын басқаруды (қызмет көрсетудi) жүзеге асыратын болады, оған ұшу биiктiгiн (эшелонын), өзiнiң тұрған жерiн, есептi уақыт пен басқаруды беру межесiне шығатын орынды баяндайды, ӘҚҚ органның аймаққа кiруге және ұшу жағдайына (ұшу туралы ақпарат) рұқсат алады. Алынған рұқсат туралы ӘК командирi осы әуе кемесiнiң әуе қозғалысын тiкелей басқаруды (қызмет көрсетудi) жүзеге асырушы ӘҚҚ органына баяндайды.
      409. Осы әуе кемесiнiң әуе қозғалысын тiкелей басқаруды жүзеге асырушы ӘҚҚ пунктi диспетчерiнiң нұсқауы бойынша әуе қозғалысын немесе қайталама радиолокаторды басқарудың автоматтандырылған жүйесiнен әуе қозғалысына қызмет көрсету пунктiндегi әуе жағдай туралы ақпарат болғанда, ӘКК мiндеттi жеткiзу пунктерiннен ұшып өткенде ӘҚҚ пунктiмен байланыс орнатудан босатылуы мүмкiн.
      410. КҰЕ бойынша ұшқанда ӘК командирi әуеайлақты қауiпсiз қашықтан әуеайлақты қауiпсiз қашықтан немесе сақтықты барынша сақтай отырып ӘҚҚ органының нұсқауымен белгiленген бағыт бойынша айналып өтедi.
      411. Елдi мекеннiң үстiнен ұшу әуе кемесi бұзылған жағдайда сол елдi мекеннiң шегiнен тысқары жерде қонуға мүмкiндiк беретiндей биiктiкте орындалады.
      412. Метеорологиялық жағдайлар белгiленген биiктiктi ұстап тұруға мүмкiндiк бермейтiн жағдайда әуе кемесiнiң командирi, егер айналып өтудiң басқа тәртiбi белгiленбесе, елдi мекендердi оң жағынан айналып өтедi.

77-параграф. Тiк эшелондаудың қысқартылған минимумы жағдайында әуе кеңiстiгiндегi ұшулар (RVSM)

      413. Тiгiнен эшелондаудың қысқартылған минимумы RVSM 8850 метр (FL290) және 12500 метр (FL410) қоса алғанда эшелондары арасындағы қабатта қолданылады.


      414. RVSM қолданудың әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындауды жоспарлайтын мемлекеттiк әуе кемелерiн қоспағанда, әуе кемелерiнiң навигациялық жабдығы RVSM қолданудың әуе кеңiстiгiнде ұшу үшiн борт жүйесiнiң ең төменгi сипаттамаларына қойылатын техникалық талаптардың критерийлерiне сәйкес келуi тиiс.
      RVSM қолданудың әуе кеңiстiгiнде ӘК ұшуға рұқсатты осы қағиданың 12 қосымшасында келтiрiлген, 290 (8850 м.) және 410 (12500 м.) қоса алғанда эшелондары арасындағы 300 метр (1000 фут) тiгiнен эшелондаудың қысқартылған минимумы жағдайында ӘК мен пайдаланушыларға ұшуға рұқсат беру талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган бередi.
      415. RVSM өтпелi әуе кеңiстiгiн қоспағанда, RVSM қолданудың әуе кеңiстiгiне кiруге диспетчерлiк рұқсат көрсетiлген әуе кеңiстiгiнде ұшуға жiберiлген азаматтық әуе кемелерiне және барлық мемлекеттiк әуе кемелерiне берiледi. RVSM өтпелi әуе кеңiстiгi ӘҚҚ сабақтас органдары арасындағы өзара iс-қимыл рәсiмдерi туралы келiсiммен белгiленедi және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында анықталады.
      RVSM қолданудың әуе кеңiстiгiне кiруге диспетчерлiк рұқсат барлық қалған әуе кемелерiне және топ құрамында ұшуды орындайтын әуе кемелерiне берiлмейдi.
      416. RVSM эшелондау жүйесiне (жүйесiнен) кез келген ауысу ӘҚҚ сабақтас органдары арасындағы өзара iс-қимыл рәсiмдерi туралы келiсiмге сәйкес өтпелi әуе кеңiстiгiнiң шегiнде орындалады.
      417. RVSM қолданудың әуе кеңiстiгiнде ұшуға жiберiлген әуе кемелерiне және RVSM әуе кеңiстiгiне кiретiн және одан шығатын мемлекеттiк әуе кемелерiне осы Қағиданың 342-тармағына сәйкес ұшу эшелоны тағайындалады.
      418. Егер әуе кемесi жабдықтың iстен шығуынан, ауа райы жағдайынан, турбулентiлiктен ұшудың берiлген эшелонын ұстау жөнiндегi талаптарды орындай алмаса ӘҚҚ органы 600 метр (2000 фут) тiк эшелондаудың немесе барлық басқа әуе кемелерiне қарағанда осы әуе кемесiн тиiстi көлденең эшелондаудың минимумын қамтамасыз ететiн болады.
      419. Егер ұшу биiктiгi туралы көрсетiлген ақпарат тiк эшелондаудың қысқарған минимумын қолданудың әуе кеңiстiгiнде берiлген эшелоннан ±60 м. (±200 фут) белгiленген рауалы шаманың шегiнен шықса, әуе кемесiнiң экипажына қысым мөлшерiн анықтауды тексеруге және әуе кемесiнiң ұшу биiктiгiн растауға нұсқау берiледi.
      420. ӘҚҚ органы метеорологиялық ақпаратты және ұшулардың басшысымен келiсiм бойынша күштi шайқалымның бар болуы туралы әуе кемелерi экипаждарының хабарламаларын пайдалана отырып, белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған және белгiлi бiр ұшу эшелондарына және/немесе аймақтарына арналған RVSM бойынша ұшуларды тоқтату қажеттiгi туралы шешiм қабылдайды.
      Егер эшелондаудың ұлғайтылған минимумын қолдану қажет болған жағдайда, ӘҚҚ органы ӘҚҚ сабақтас органдары арасындағы өзара iс-қимыл рәсiмдерi туралы келiсiмге сәйкес төтенше жағдайларда эшелондарды бөлу схемасы анықталған жағдайларды қоспағанда, олардың арасында әуе кемесiн беру кезiнде қолданылатын ұшу эшелондарын ӘҚҚ (УВД) сабақтас органдарымен келiседi.
      421. Пайдаланушы төмендегi жабдықтармен:
      1) RVSM борттық жүйесiнiң ең төменгi сипатының талаптарына жауап беретiн, ұшу биiктiгiн өлшеудiң екi дербес жүйесiмен;
      2) берiлген ұшу биiктiгiнен кету туралы борттағы дабыл жүйесiмен;
      3) ұшу (автопилот) биiктiгiн басқарудың автоматты жүйесiмен;
      4) ұшудың берiлген биiктiгiн ұстану үшiн пайдаланылатын биiктiк өлшегiш жүйесiне қосылған биiктiктi хабарлау жүйесi бар қайталама радиолокацияның қабылдау-беру құралымен (SSR ағылшын тiлiндегi қысқарған аббревиатура (бұдан әрi - SSR) RVSM санаттарының әуе кеңiстiгiнде ұшуларды орындайтын әуе кемесiн қамтамасыз етедi.
      422. КВС RVSM аймағында ұшу кезiнде:
      1) ұшудың берiлген биiктiгiн ұстау мүмкiн болмауына алып келетiн бiр немесе бiрнеше қозғалтқыштар iстен шыққан;
      2) бiр және одан көп биiктiк өлшегiш iстен шыққан (60 метр (200 фут) астам биiктiк өлшегiш көрсетулерiндегi айырма);
      3) ұшу биiктiгiн ұстаудың автоматты жүйесi (автопилот) iстен шыққан;
      4) берiлген ұшу биiктiгiн ұстап қалуға әсер ететiн, кез келген басқа жабдық iстен шыққан;
      5) 90 метр (300 фут) шегiнде берiлген ұшу биiктiгiн ұстауға мүмкiндiк бермейтiн ұшу эшелонындағы шайқалым жағдайында ӘҚҚ органына хабарлайды.
      423. RVSM аймағында спрямленген бағыт бойынша ұшу кезiнде радиобайланыс жоғалған жағдайда әуе кемесiнiң командирi ұшудың мәлiмделген жоспармен әуе трассасына қайтады және әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидасының талаптарына сәйкес радиобайланыс iстен шыққан жағдайда ұшу қағидаларын басшылыққа ала отырып, ұшуды жалғастырады.

78-параграф. Ұшу аудандарындағы немесе сипаттамаларға негiзделген тиiстi навигациялық ерекшелiктер белгiленген бағыттар бойынша ұшулар (бұдан әрi - PBN, ағылшын тiлiндегi аббревиатура)

      424. Тиiстi PBN орнатылған аудандарда немесе бағыттарда ұшқан кезде белгiленген навигациялық ерекшелiктерге сәйкес ұшуларды орындауға мүмкiндiк беретiн, әуе кемесi навигациялық жабдықпен жарақтандырылады.


      425. Пайдаланушы егер оның әуе кемесiнiң тиiстi навигациялық жабдығы болмаса және оны уәкiлеттi орган сертификаттамаса навигациялық ерекшелiктер белгiленген (PBN) мемлекеттердiң немесе аудандардың әуе кеңiстiгiнде ұшуларды орындамайды.
      426. Тиiстi навигациялық ерекшелiктер белгiленген (PBN) мемлекеттердiң немесе аудандардың әуе кеңiстiктерiнде ұшуларға әуе кемелерiн жiберудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

79-параграф. Байланыстың талап етiлетiн сипаттамаларының тиiстi үлгiсi белгiленген аймақтардағы ұшулар (бұдан әрi - RCP, ағылшын тiлiндегi аббревиатура)

      427. Әуе кеңiстiгiнiң белгiлi бiр аудандарында немесе байланыстың талап етiлетiн сипаттамаларының тиiстi үлгiсi белгiленген (RCP) бағыттар бойынша ұшуларда әуе кемелерi байланыс жабдығымен жабдықталады, ол оған RCP белгiленген үлгiсiне (үлгiлерiне) сәйкес ұшуларды орындауға мүмкiндiк бередi.


      428. Пайдаланушы уәкiлеттi органнан ол байланыс сипаттамаларының RCP нақты үлгiсiнде көзделген қамтамасыз ету жөнiндегi рәсiмдердiң анықталғанын, өз құзыреттiлiгiнiң шеңберiнде персоналдың дайындығы қамтамасыз етiлгенiн, әуе кемесiнiң борт жабдықтары мен ӘҚҚ жеткiзушi байланыс қызметiмен өзара iс-қимыл байланыстың талап етiлетiн сипаттамаларына RCP үлгiсi сәйкесетiнiн көрсеткеннен кейiн осындай әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындауға рұқсат алады.
      429. Мемлекеттердiң әуе кеңiстiгiнiң аудандарында немесе байланыстың талап етiлетiн тиiстi үлгiсi белгiленген (RCP) бағыттар бойынша ұшуларға әуе кемелерiн жiберудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

80-параграф. Отынның аэронавигациялық қорын анықтау қағидасы

      430. Әуе кемесiнде отынның есептi мөлшерiнен басқа, жоспар бойынша ұшу сәтiнен қону сәтiне дейiн ұшуды орындау үшiн қажеттi отынның аэронавигациялық қоры (бұдан әрi - АНҚ) болуын көздейдi.


      431. АНҚ мөлшерi қонуға бет алу және қону, стандартты температуралық жағдайларда қосалқы әуеайлақтың үстiнен 450 метр биiктiкте күту аймағында ұшу жылдамдығымен 30 минут iшiнде баратын әуеайлақтың шешiм қабылдау биiктiгiнен немесе есеп бойынша қосалқы әуеайлаққа дейiн жету шебiнен ұшуды және айналып ұшу биiктiгiнде ұшуды қамтамасыз етедi.
      432. Қосалқы әуеайлаққа өту шебi есебiмен немесе қосалқы әуеайлақсыз ұшуға шешiм қабылдаған жағдайда әуе кемесi бортындағы отынның мөлшерi жететiн әуеайлаққа ұшып келуiнiң есептi уақыты айналып ұшу биiктiгiнде уақыт бойынша кемiнде 1 сағат ұшуды қамтамасыз етуi тиiс. Бұл ретте өту шебi қосалқы әуеайлаққа ұшып келудiң есептi уақыты әуе кемесiнiң бортындағы отынның мөлшерi айналым биiктiгiнде кемiнде 30 минут ұшуына есептелуi арқылы анықталады.
      433. Әуе кемелерi үшiн АНҚ ҰПБ сәйкес есептеледi және барлық жағдайда:
      1) газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшiн 60 минут;
      2) поршеньдi қозғалтқышы бар ұшақтар үшiн 45 минут;
      3) тiкұшақтар үшiн 30 минуттан кем емес ұшу уақытын қамтамасыз етедi.
      КҰЕ бойынша ұшулар үшiн авиациялық жұмыстарды немесе АОН орындау мақсатында борттағы отын мен майдың мөлшерi:
      1) ұшақтар үшiн - тағайындалған әуеайлаққа дейiн ұшуды орындауға, кейiн оны жоспарланған крейсерлiк жылдамдықта:
      күндiз - 30 минут iшiнде;
      түнде - 45 минут iшiнде жалғастыруға;
      2) тiкұшақтар үшiн - тағайындалған тiкұшақ айлағына дейiн ұшуды орындауға, кейiн оны 20 минут iшiнде жоспарланған крейсерлiк жылдамдықта жалғастыруға мүмкiндiк беруге тиiс.
      434. Отынның аэронавигациялық қорының мөлшерi туралы түпкiлiктi шешiмдi әуе кемесiнiң командирi ұшу бағыты бойынша тағайындалған және қосалқы әуеайлақтағы аэронавигациялық, метеорологиялық жағдайға және тағайындалған әуеайлақ пен қосалқы әуеайлақтардағы қашықтыққа байланысты қабылдайды.

81-параграф. Шекаралық белдеудiң әуе кеңiстiгiнде ұшу

      435. Шекаралық белдеудiң әуе кеңiстiгiнде ұшу ұшудың негiзгi қағидасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


      436. ӘК экипаждары (пилоттар, ұшқыштар) сол аудандағы ұшу ерекшелiктерiн зерделеп, осы ерекшелiктерi бойынша бiлiмдерi тексерiлiп, тасымалдауды орындағаннан кейiн шекаралық белдеудiң әуе кеңiстiгiнде ұшуға жiберiледi.

82-параграф. Әуе қозғалысына қызмет көрсету

      437. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк қызмет көрсетудi, ұшу-ақпараттық қызмет көрсетудi және авариялық хабарландыруды қамтиды.


      438. Әуе қозғалысына қызмет көрсету Заң талаптарына, ұшудың негiзгi қағидасына, «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 мамырдағы қаулысына, «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Ұшуды орындау. Негiзгi талаптар.

83-параграф. Әуе кемелерi ұшып шығуының, ұшып келуiнiң жалпы қағидалары және қосалқы әуеайлақты айқындау

      439. ӘК командирi мына шарттарды сақтаған кезде ұшып шығуға шешiм қабылдайды:


      1) экипаж алдағы ұшуға дайындалған және оның қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн жағдайда болғанда;
      2) әуе кемесi күтiлетiн шарттарда ұшуға техникалық жарамды және осы үлгiдегi әуе кемесi ҰПБ немесе оған балама құжаттың талаптарына сәйкес пайдаланылуы мүмкiн болғанда;
      3) әуе кемесiнiң есептiк ұшып көтерiлу, ұшу және қону массалары мен орталықтандыруы осы үлгiдегi әуе кемесi ҰПБ-да немесе оған балама құжатта белгiленген шектерден асып кетпесе;
      4) ұшуды орындау үшiн қозғалтқышты (тарды) iске қосар алдында әуе кемесi бортындағы отын қоры ұшуға арналған отын қорына қойылатын талаптарға сәйкес айқындалған ең төменгi мәннен төмен болмағанда;
      5) метеорологиялық, аэронавигациялық жағдайлар туралы, ұшу ауданы, ұшып шығу, белгiленген әуеайлақ және қосалқы әуеайлақтар бойынша шектеулер мен шарттар туралы жеткiлiктi ақпарат болғанда, бұл ретте:
      ұшып шығу әуеайлағы не ұшу жоспарында көрсетiлген белгiленген әуеайлақ және (немесе) қосалқы әуеайлақтар техникалық жағынан жарамды және метеорологиялық жағдайлармен байланысты емес кез келген себеп бойынша ұшып шығудың/ұшып келудiң күтiлетiн уақытында жабық болмаса;
      алдағы ұшу бағытында ұшуды пайдаланушы ұсынған ұшу жоспарына не қозғалыстағы қайталанатын ұшу жоспарына сәйкес орындауға мүмкiндiк бермейтiн әуе кеңiстiгiн пайдалануға шектеулер немесе кедергiлер жоқ болғанда немесе қолданыста болмағанда;
      6) ұшу ӘҚҚ органдары растаған жоспармен (жоспарлармен), рұқсаттармен (егер талап етiлсе), сондай-ақ, әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң (басқару) қажеттi түрiмен (егер ұшу бақыланатын әуе кеңiстiгiнде өтетiн болса) қамтамасыз етiледi, бұл ретте пайдаланушы ұсынған ұшу жоспары немесе ұшуды жалғастырудың қолда бар жоспары ұшуға (ұшуды орындау) арналған тапсырмаға сәйкес келуге тиiс.
      440. Егер әуе кемесiнiң ұшып шығуына шешiм қабылдау мен ұшып шығуы аралығындағы кезеңде ұшып шығу, белгiленген және (немесе) қосалқы әуеайлақтардағы, сондай-ақ, бағыт (авиациялық жұмыстар ауданы) бойынша ӘҚҚ органы хабарлаған метеожағдайлар осы әуеайлақтар (бағыттар) үшiн белгiленген минимумдардан төмен мәнге дейiн нашарласа, ӘК командирi ұшып шығу мүмкiндiгiн қайта бағалап, ұшуды ауыстыру немесе егер ұшуға даярлық кезiнде ӘК массасы нақты жағдайларға арналған әуе кемесiнiң рұқсат етiлетiн массасынан асып кетсе, жүктеме бөлiгiн алып тастау туралы шешiм қабылдайды.
      441. ӘК командирiнiң ұшу алдында қозғалтқышты iске қосуға рұқсат сұрауы ұшып шығуға шешiм қабылдауды растау болып табылады.
      442. Ұшу жоспарында көзделген ұшып шығу уақытынан 30 минуттан астам кiдiрiс немесе ұшып шығу ауыстырылған кезiнде ӘКК бұл туралы ӘҚҚ органына хабарлайды және ұшып шығуға қабылданған шешiмдi растау немесе болдырмау үшiн осы Қағиданың 439-тармағында көрсетiлген ақпаратты алады.
      Метеорологиялық ақпаратты және ұшып шығуға шешiм қабылдауды бұл жағдайда экипаждың радио арқылы немесе басқа да байланыс құралдары арқылы алуына рұқсат етiледi.
      443. Әуе кемесiнiң ұшып шығуына, ұшып көтерiлуiне және қонуына шешiм қабылдау ӘК командирiнiң әуеайлақтың әуе кемесiнiң барынша жоғары белгiленген минимумдары бойынша жүргiзiледi.
      444. Ұшып көтерiлудi немесе қонуды орындауға шешiм қабылдау кезiнде нақты желдiң белгiленген шектеулерге сәйкестiгi оның арыны ескерiле отырып, анықталады.
      445. Белгiленген әуеайлақтың шешiм қабылдау биiктiгiнен (ең төменгi құлдилау биiктiгi) қосалқы әуеайлаққа кете отырып, ұшып шығуға шешiм қабылдау нұсқалары негiзгiлерi ретiнде қарастырылып, әуе кемелерi қозғалысы жоспарларын (кестелерiн) әзiрлеу кезiнде көзделедi.
      446. Қосалқы әуеайлақтың жарамдылығын анықтау кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) әуеайлақ сипаттамалары (орналасуы, асып кетуi, климаттық сипаттамалары, ҰҚЖ, ЖЖ, перрондардың сипаттамалары және т.б.);
      2) осы әуеайлақ бойынша қолданыстағы аэронавигациялық ақпараттың жеткiлiктi көлемде болуы;
      3) осы әуеайлақта белгiленген шу бойынша шектеулердi қоса алғанда, ұшуды орындау бойынша шектеулер;
      4) әуе кемесiнiң пайдаланылатын үлгiсi үшiн осы әуеайлақта ұшуды қамтамасыз етудiң талап етiлетiн түрлерiнiң және орындалатын ұшу түрiнiң болуы.
      447. Қосалқы әуеайлақтар мыналарға бөлiнедi:
      1) ұшып көтерiлуге арналған қосалқы әуеайлақ - онда әуе кемесi ұшып көтерiлуден кейiн ұзамай қонуды жүргiзуi мүмкiн және ұшып шығу әуеайлағын пайдалану мүмкiн болмайтын әуеайлақ
      2) бағытқа арналған қосалқы әуеайлақ - онда әуе кемесi, егер бағыт бойынша ұшқан уақытта ол оқыс немесе авариялық жағдайға тап болған жағдайда қонуды жүргiзе алатын әуеайлақ
      3) межелi орынға арналған қосалқы әуеайлақ - егер белгiленген әуеайлаққа қонуды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда, әуе кемесi қона алатын әуеайлақ.
      Әуе кемесiнiң ұшып шығуы жүргiзiлетiн әуеайлақ, сондай-ақ, бағыт үшiн қосалқы әуеайлақ немесе межелi орынға арналған қосалқы әуеайлақ болуы мүмкiн.
      448. Қосалқы әуеайлақ ұшып көтерiлу кезiнде таңдап алынады және егер ұшып шығу әуеайлағындағы метеорологиялық жағдайлар қонуға арналған әуеайлақтың белгiленген пайдалану минимумдарынан төмен болған немесе басқа себептер бойынша ұшып шығу әуеайлағына оралу мүмкiн болмаған жағдайларда ұшудың жұмыс жоспарында көрсетiледi.
      449. ӘК арналған қосалқы әуеайлақ ұшып көтерiлу кезiнде стандарттық атмосфера жағдайларын есептеу кезiнде ұшып шығу әуеайлағынан мынадай арақашықтық шеңберiнде таңдап алынады, желсiзде:
      1) екi қозғалтқышы бар ұшақтар үшiн жұмыс iстемейтiн бiр қозғалтқышпен крейсерлiк жылдамдықта ұшу уақытының бiр сағатына немесе егер пайдаланушының кемiнде 120 минут өту уақытымен ETOPS қағидасы бойынша ұшуға құқығы болса, ұшудың екi сағатына балама арақашықтықтан алыс емес;
      2) үш немесе одан көп қозғалтқыштары бар ұшақтар үшiн – бiр жұмыс iстемейтiн қозғалтқышпен крейсерлiк жылдамдықта ұшу уақытының екi сағатына балама арақашықтықтан алыс емес;
      3) РЛЭ талаптарына сәйкес екi қозғалтқышы бар ұшақтар үшiн, бiрақ барынша пайдалы жылдамдықта ұшқан кезде қосалқы әуеайлаққа ұшқанға дейiнгi ұшу уақыты 1 сағаттан аспаса, ал нақты және болжанатын метеоталап ондағы қону минимумынан төмен болмаса.
      Ұшып көтерiлуге арналған қосалқы әуеайлақ нақты ауа райының немесе ауа райы болжамының бiр қозғалтқыш iстен шыққан жағдайдағы шектелулер ескерiле отырып, ұшып келудiң есептiк уақытына дейiнгi және одан кейiнгi 1 сағат iшiнде әуеайлақтың пайдалану минимумына сәйкес келген кезде таңдап алынады.
      450. Бағыттағы қосалқы әуеайлақтар екi немесе одан көп газтурбиналы қозғалтқыштары бар ұшақтарға арналған ұшудың жұмыс жоспарында таңдап алынады және көрсетiледi.
      451. Осы Қағиданың 742-тармағында көрсетiлген жағдайлардан басқа, еру бағыты бойынша қосалқы әуеайлақ бағыттың кез келген нүктесiнен таңдап алынған қосалқы әуеайлаққа дейiнгi стандарттық атмосферадағы бiр iстен шыққан қозғалтқышпен ұшу уақыты екi газтурбиналы қозғалтқышы бар әуе кемесi үшiн 60 минуттан немесе үш және одан көп қозғалтқыштары бар әуе кемесi үшiн 180 минуттан асып кетпейтiндей таңдап алынады.
      452. Егер белгiленген әуеайлаққа арналған қосалқы әуеайлақ кету шебi есептеле отырып, таңдап алынса, онда кету шебiнен белгiленген әуеайлаққа дейiн ұшу уақыты барлық қозғалтқыштары жұмыс iстейтiн крейсерлiк режимде ұшудың екi сағатына тең және қосалқы әуеайлаққа дейiн одан аспауға тиiс.
      453. Жарамды теңiздегi қосалқы тiкұшақ айлақтары мыналарға сүйене отырып, айқындалады:
      1) теңiздегi қосалқы тiкұшақ айлақтары тек қана авиациялық техника жұмысында iстен шығу болмаған кезде қайту шебiнен ұшып өткеннен кейiн пайдаланылады;
      2) ұшып келу сәтiнде палубадағы орынға кепiлдiк берiледi;
      3) нақты ауа райы туралы дәлме-дәл ақпарат болуға тиiс.
      Бұл ретте тiкұшақ командирi:
      1) ҰПБ-да немесе оған балама құжатта анықталған қону әдiстемесi тiкұшақты басқару жүйесi iстен шыққаннан кейiн кейбiр тiкұшақ палубаларын қосалқы тiкұшақ айлақтары ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейтiнiн;
      2) егер бортта жағадағы тiкұшақ айлағына ұшуды орындау үшiн жеткiлiктi отын қорын ұстау мүмкiн болса, теңiздегi қосалқы тiкұшақ айлақтары пайдаланылмауға тиiс екендiгiн;
      3) теңiздегi қосалқы тiкұшақ айлақтарын қолайсыз метеорологиялық және аэронавигациялық жағдайда пайдаланбау керектiгiн ескеруi қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет