Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


-параграф. Төмендеу, қонуға кiру және қону



бет9/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

92-параграф. Төмендеу, қонуға кiру және қону

      520. Қонуға кiру басталғанға дейiн әуе кемесiнiң экипажы ӘК командирiнiң басшылығымен қонуға дайындықты жүргiзедi.


      521. ҰҚЖ, қону бағдарын ауыстырған немесе бұрын қабылданған шешiмдердi өзгертудi талап ететiн шарттар пайда болған кезде әуе кемесiнiң экипажы қосымша дайындықты және орындалған операцияларды қайта тексерудi жүргiзедi.
      522. Бақыланатын ұшу кезiнде ұшудың крейсерлiк эшелонынан (биiктiгiнен) төмендеуi ӘКҚ органының рұқсаты бойынша орындалады. Төмендеу ҰПБ шектеулерiнен аспайтын режимдерде ұшу бағыты және белгiленген схема бойынша жүргiзiледi.
      Құжаттарда аэронавигациялық ақпарат, сондай-ақ, ӘКҚ органының ақпаратында төмендеу шарттары мен шектеулерi жоқ болған жағдайда әуе кемесiнiң ұшу экипажы төмендеудi ҰПБ-да белгiленген режимдерде жүргiзедi.
      523. Әуе трассасы бойынша (МВЛ) ұшуды аяқтау нүктесiнен бастап қонуға кiрудiң бастапқы кезеңiнiң бақылау нүктесiне дейiн ӘК маневрлеу ӘҚҚ диспетчерi сұратқан қонудың белгiленген бағыты (аспаптар бойынша келiп қонудың стандартты бағыты) траекториясы бойынша жүргiзiледi.
      524. АҰҚ бойынша таулы әуеайлақ аудандарында ұшу кезiнде диспетчер сұратқан траекториялар бойынша ӘК төмендеуi радиолокациялық бақылау, борттық навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысының болуы, экипажбен диспетчердiң ӘК орналасқан орнын бiлген кезiнде ұшуларды жүргiзу жөнiндегi (аэронавигациялық төлқұжат) нұсқауда анықталған, қауiпсiз эшелонды (биiктiк) қамтығанға дейiн жүргiзiледi.
      525.ӘК минималды қауiпсiз эшеллоннан төмен таулы әуеайлаққа қону үшiн төмендеуi мына жағдайларда:
      1) АҰҚ бойынша ұшу кезiнде – қонуға кiру схемасын сақтай отырып, радиолокациялық бақылау немесе борттық навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысы болған кезде төмендеу басталғанда белгiленген шебiн аралап ұшқаннан кейiн;
      2) КҰЕ бойынша ұшу кезiнде – қонуға кiрудiң радиотехникалық құралдарын мiндеттi түрде қолдана отырып осы деректерге сәйкес жүргiзiледi.
      526. Борттық навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысы, үздiксiз радиолокациялық бақылау (экипаждың баяндамасы бойынша) немесе тұрақсыз екi жақты радиобайланыс болмаған кезде минималды қауiпсiз эшелоннан (биiктiктен) төмендету, төмендету және маркирленген шептi аралап ұшқаннан кейiн ғана қонуға кiру схемасы бойынша рұқсат етiледi.
      527. Осы Қағиданың 138-параграфында көрсетiлген жағдайлардан өзге, қолданыстағы жарық сигналы жабдықтары жоқ әуеайлақта (тiкұшақ айлағы, қону алаңында) түнде қонуға тыйым салынады.
      528. Төмендеу барысында әуе кемелерiнiң экипаждары САБЖ (TCAS) iске қосылуын болдырмау үшiн 7 м/с тiк жылдамдық бойынша берiлген эшелонға (биiктiк) дейiнгi 300 м ұсынылған шектеулерге шыдайды.
      529. Белгiленген немесе берiлген шепке берiлген эшелонға (биiктiкке) шығу мүмкiн болмаған кезде әуе кемесiнiң экипажы бұл туралы ӘКҚ органына уақтылы хабарлайды.
      530. Әуе кемелерi арасындағы аралықты реттеу мақсатында ӘҚҚ органы векторлауды жүргiзедi, сондай-ақ, осы әуе кемесi үшiн рұқсат етiлетiн шектерде үдемелi және тiк жылдамдықтар режимiн бередi. Векторлауды жүзеге асыру кезiнде ӘҚҚ органы беретiн параметрлердi ұстап тұру дәлдiгiн әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларын ескере отырып, әуе кемесiнiң ұшу экипажын қамтамасыз етедi.
      Векторлау пилотқа әуе кемелерiнiң экипаждарына қажеттi жол торабын ұстап тұруға мүмкiндiк беретiн нақты бағдарларды көрсету арқылы қамтамасыз етiледi.
      531. Егер әуе кемесi бұдан бұрын берiлген бағыттан ауытқи отырып, дәлдене бастаса, пилотқа ӘКҚ органы мұндай дәлдеудiң масаттары туралы хабарлайды.
      532. Әуе кемесiн векторлауды ӘКҚ органы ӘКҚ диспетчерi пилотқа дербес ұшақ жүргiзудi жаңартуға нұсқау және егер әуе кемесiн векторлауды орындау нәтижесiнде бұдан бұрын берiлген бағыттан ауытқыса - әуе кемесiнiң тұрған жерi туралы хабар бергеннен кейiн тоқтатады.
      533. Аспаптар бойынша қонуға кiру кезiнде бастаған векторлау әуе кемесi аспаптар бойынша қонуға кiрудiң аяқталу кезеңiне шығуына дейiн немесе ӘКҚ органынан көзбен шолып кiруге рұқсат алғанға дейiн жалғастырылады.
      Қонуға кiрудiң аяқталу кезеңi траекториясына шығу үшiн әуе кемесiн толық бұру сәтi векторлаудың аяқталуы болып табылады. Кiруге рұқсатты ӘКҚ органы соңғы берiлген бағдармен бiр уақытта бередi.
      534. Кiруге рұқсат алғаннан кейiн әуе кемесiнiң ұшу экипажы қонуға кiрудiң аяқталу кезеңiнде дәлдеу құралдарының қолданыс аймағына кiруге дейiн соңғы берiлген бағдарды ұстап тұрады, одан кейiн ӘКҚ органының қосымша нұсқауынсыз қонуға кiрудiң жалғастырылған аяқталу кезеңiнде дәлдеу құралымен берiлген желiде әуе кемесiн толық бұруды және тұрақтандыруды орындайды.
      535. Шұғыл қону талап етiлетiн әуе кемесiне қонуға кезектен тыс кiру қамтамасыз етiледi.
      ӘКҚ органына жалпы кезек тәртiбiнде қонуды күту үшiн отынның жеткiлiксiз қалдығы туралы хабарлаған әуе кемесiнiң экипажы шұғыл қону талап етiлетiн әуе кемелерiнен басқа әуе кемелерi алдында төмендеуге және кiруге маневр жасауды орындауда басым құқыққа ие болады.
      536. Екi әуе кемесi қонуға бiр уақытта кiрген кезде қонуға кiрудi орындау басымдығына алдында, сол жақтан және төмен ұшып келе жатқан әуе кемесi бiрiншi ие болады.
      537. Қонуға кiрер алдында әуе кемесiнiң экипажы:
      1) өту эшелонында барометрлiк биiктiктi өлшегiштердiң әуайлақтың QFE немесе QNH қысымына қысымдар шкаласын белгiлейдi;
      2) барлық биiктiктi өлшегiштердiң көрсетулерiн салыстырады;
      3) қонуға дайындықты тексередi.
      538. Қонуға көзбен шолып кiру немесе шеңберлi маневр жасауды қолдана отырып, кiру кезiнде әуе кемесiнiң экипажы ӘКҚ органына ҰҚЖ-мен және (немесе) оның бағдарларымен көзбен шолу байланысы орнатылғандығы туралы хабарлайды және қонуға кiрудi жалғастыруға рұқсат алады.
      539. Бақыланбайтын әуеайлаққа немесе әуеайлақ (әуе және (немесе) жерүстi) қозғалысына қызмет көрсету уақытша жүргiзiлмейтiн бақыланатын әуеайлаққа ұшу кезiнде қонуға кiрер алдында ӘК командирi:
      1) әуеден ҰҚЖ тексерiп қарауды және оның жағдайы мен жарамдылығын бағалауды орындайды;
      2) ол тұрған жауапкершiлiк ауданында ӘКҚ органының байланыс жиiлiгiнде қону орны және магниттiк бағдары туралы мәлiметтердi жеткiзедi.
      ӘКҚ органымен байланыс болған кезде жерге қонғаннан кейiн оған қону туралы хабарлау.
      540. Егер хабарланған метеорологиялық көрiну немесе ҰҚЖ-дағы көрiну мәнi белгiленген пайдалану минимумынан төмен болса, АҰҚ бойынша қонуға кiру аэронавигациялық ақпарат құжаттарында белгiленген глиссадаға кiру биiктiгiне дейiн жалғастырылады.
      541. Егер глиссадаға кiру биiктiгiнен ұшып өткеннен кейiн белгiленген пайдалану минимумынан төмен метеорологиялық көрiну немесе ҰҚЖ-дағы көрiну мәнi алынса, экипажға DA/H немесе MDA/Н дейiн төмендеудi жалғастыруға және егер жақындау шырақтарымен немесе қону бағыты бойынша басқа да бағдарлармен, ал ИКАО III санаты бойынша қонуға кiру кезiнде ҰҚЖ осьтiк және қону шырақтарымен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылса және көрiну шарттары ҰҚЖ кiрме ұшын (ҰҚЖ кiрме шектегiш шырақтары) үздiксiз бақылауға мүмкiндiк берсе, қонуда жүргiзуге рұқсат етiледi. ӘКК көрсетiлген жағдайда ұшу қауiпсiздiгiне жауап бередi.
      542. ҰҚЖ-дағы көрiну белгiленген пайдалану минимумдарының сақталуын айқындау үшiн пайдаланылатын бiр немесе бiрнеше бақылау нүктелерiнде (ҰҚЖ жерге қону нүктесi, ортаңғы нүктесi және алыстағы аяғы)
      ҰҚЖ-дағы көрiнудiң хабарланған мәндерi бойынша анықталады.
      513. ӘК командирi, егер:
      1) қауiптi метеорологиялық құбылыстар байқалса;
      2) қону қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн құстардың топтануы;
      3) төмендеу глиссадасында төмендеу градиентiн ұстап тұру үшiн егер ҰПБ-да өзгеше көзделмесе барынша номиналды қозғалтқыштардың жұмыс режимiн ұлғайту талап етiлсе;
      4) жақындау шырақтарымен немесе қону бағыты бойынша басқа да бағдарлармен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылғанға дейiн шешiм қабылдау биiктiгi және (немесе) жерге қауiптi жақындау дабылы iске қосылса;
      5) коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыру кезiнде қонуға кiру егер ҰПБ-да өзгеше белгiленбесе, аспаптық метеорологиялық жағдайларда ұшу кезiнде әуеайлақ деңгейiнен 300 м биiктiкке жету кезiнде немесе көзбен шолу метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде әуеайлақ деңгейiнен 150 м биiктiкке жету кезiнде ҰЖБ-да белгiленген талаптар бойынша тұрақтандырылмаса;
      6) қонуға дәлме-дәл кiру кезiнде немесе қонуға тiгiнен дәлдеу арқылы кiру кезiнде DA/H жетуге дейiн жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүстi бағдарларымен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылмаса;
      7) аспаптық метеорологиялық жағдайларда қонуға дәлме-дәл емес кiру кезiнде үзiлiстi кiру нүктесiне жеткенге дейiн жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүстi бағдарларымен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылмаса;
      8) кеңiстiктегi әуе кемесiнiң жағдайы және ҰҚЖ-ға қатысты оның қозғалыс параметрлерi қонудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпесе;
      9) DA/H немесе MDA/H төмен құлдилау кезiнде жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүстi бағдарларымен көзбен шолу байланысы жоғалса;
      10) әуе кеңiстiгiнде немесе ұшу жолағында ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кедергiлер пайда болса;
      11) қонуға есеппен кiру оны орындау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпесе төмендеудi тоқтатады және үзiлiстi қонуға кiрудi (екiншi айналымға кету) орындайды.
      544. Қонуға үзiлiстi кiрудi (екiншi айналымға кету) орындағаннан кейiн ӘК командирi отын көлемiне және қосалқы әуеайлаққа қону немесе одан ұшудың күтiлетiн шарттарына байланысты қонуға қайта кiрудiң мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды.
      545. Әуе кемесiнiң түнде қонуы қону шамдары қосылып орындалады. Тұманда және жарықты экран қалыптастыратын басқа да метеорологиялық құбылыстарда қону кезiнде шамдарды қосу биiктiгi мен оларды пайдалану тәртiбiн ӘК командирi айқындайды.
      ҰҚЖ бөлiгiнде минимумнан төменгi мәнге дейiнгi көрiнудi нашарлататын, метеоқұбылыс немесе өндiрiстiк түтiн болған кезде тiкұшақ командирiне қызмет диспетчерiнiң келiсiмi бойынша метеожағдай оның минимумына сәйкес келетiн ҰҚЖ сол бөлiгiне қонуға рұқсат берiледi.
      546. Ұшып көтерiлу және қону әуейлағындағы қауiптi метеорологиялық құбылыстарға - найзағай, бұршақ, күштi болтанка, желдiң қатты тұруы, үсiк (мұз қату), қатты мұз қату, құйын, дауыл, күштi шаңды (құмды) боран, вулканды күл, радиоактивтi бұлт, күштi нөсер жатады.
      ӘКК егер, қону әуеайлағында метеорологиялық көрудi кем дегенде 800 м дейiнгi шамада нашарлататын нөсер жауын түрiндегi жауын-шашын байқалатын болса, қонуға кiрудi орындамайды.

93-параграф. Соқтығысулардың алдын алудың борттық жүйесiн (ACAS- ТCAS) пайдалану

      547. Пайдаланушы ACAS (ТCAS) пайдалану рәсiмiн белгiлейдi:


      1) оның бұл жағдайға сәйкес келмейтiн жағдайлардан басқа соқтығысу қауiптерiн (Resolution Advisories (RA), қысқартылған атауы ағылшын тiлiнде)) сейiлту бойынша ұсынымдар берiлетiн режимде пайдаланылуын;
      2) соқтығысудың (RA) алдын алу және ұсынымдар берiлетiн режимде.
      548. ACAS (ТCAS) жабдығымен берiлетiн соқтығысу қатерiнiң алдын алу бойынша ұсынымдар ӘКҚ органы нұсқауларына қатысты басым болып табылады.

94-параграф. Тiкұшақтармен ұшу ерекшелiктерi

      549. Тiкұшақтармен ұшу жолаушыларды, багажды, поштаны, жүктердi тасымалдау және әуеайлақтарға, тiкұшақ айлақтарына, дайындалған қону алаңдарына және әуеден таңдап алынған алаңдарға қона отырып, авиациялық жұмыстарды, iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау мақсатында орындалады.


      550. Тау шыңдарында, шоқыларда, терассаларда орналасқан; ғимараттардың шатырларында, көтерiңкi платформаларда, теңiз (iшкi су) кемелерiнiң палубаларында, қалқымалы бұрғылау қондырғыларында жабдық алған қону алаңдарына ұшу осы Қағидаға, әуе кемесi ҰПБ талаптарына және қону алаңдарына ұшуды жүргiзу нұсқаулықтарына сәйкес жүргiзiледi.
      551. Ұшақтармен және тiкұшақтармен бiр мезгiлде пайдаланылатын әуеайлақтарда тiкұшақтарға арналған жеке старты бар арнайы алаңдар жабдықталады.
      Ұшақтар мен тiкұшақтардың бiрлескен ұшуын ұйымдастыру тәртiбi осы әуеайлақта ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықпен (аэронавигациялық паспорт) анықталады.
      552. Ұшып көтерiлу және қону үшiн тiкұшақ командирi ӘКҚ органымен келiсiм бойынша ұшып көтерiлу-қону жолақтарының бiр бөлiгiн немесе егер бұл осы әуеайлақта ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта (аэронавигациялық паспорт) көзделсе, ұшу алаңының кез келген басқа бөлiгiн пайдаланады.
      553. АҰҚ бойынша ұшып шығуға шешiм қабылдау кезiнде тiкұшақ командирiне қосалқы қону алаңдары ретiнде ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулығы бар қону алаңдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
      554. Сырғымалы шассиi бар тiкұшақтар жердiң үстiңгi бетiнiң («әуе жастығы») әсерiн пайдалана отырып және кедергiлерге дейiнгi белгiленген арақашықтықты сақтай отырып, ұшып келудi белгiлеу бойынша тұрақ орнынан ұшып көтерiлу орнына және керi рульдеудi орындайды
      555. Тiкұшақтың қозғалтқышын (қозғалтқыштарын) iске қосар алдында көтеру бұрандасының екпiнiнен ұлғайтылуы мүмкiн заттар оның ұштарынан көтеру бұрандасының бiр диаметрiнен кем емес арақашықтыққа алыстатылуға тиiс.
      556. Көтеру жүйесiн қоса отырып, қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) iске қосу және сынап көрудi экипаж құрамы толық болған кезде тек қана тiкұшақ командирi, сондай-ақ, тiкұшақты сенiмдi арандап байлауды қамтамасыз ету кезiнде көрсетiлген сынап көрудi өткiзу үшiн қажеттi дайындықтан өткен бортмеханик және инженерлiк-техникалық персонал жүргiзедi.
      557. Тiкұшақты рульдеу кезiнде көтеру бұрандасы қалақтарының ұшынан кедергiлерге дейiнгi арақашықтық көтеру бұрандасының жарты диаметрiнен кем болмауға тиiс.
      558. Тiкұшақты рульдеу кезiнде тiкұшақтың көтеру бұрандасы екпiнiнен және ол ұлғайтуы мүмкiн заттардан басқа әуе кемелерiне зиянды әсер болмауға тиiс.
      559. Әрбiр ұшып көтерiлу алдында тiкұшақ командирi орталықтану есебiн тексеру және ұшып көтерiлу әдiсiн анықтау, тiкұшақ жүйелерiн сынап көру, қуат қондырғылары мен басқару органдарының жұмысын тексеру мақсатында бақылау iлiнуiн орындайды. Бақылау iлiнуiнiң биiктiгiн тiкұшақ командирi анықтайды.
      560. 10 метрге дейiнгi биiктiкте iлiнуге және орын ауыстыруға егер ҰПБ-да өзгеше белгiленбесе тiкұшақ командирi минимумына қарамастан 500 метрден төмен емес көрiну және бұлттардың биiктiгi 50 метрден төмен емес кезде рұқсат етiледi.
      561. Авиациялық-химиялық жұмыстарды, оқу және жаттығу ұшуын орындау кезiнде бақылау iлiнуi ұшу басталар алдында жүргiзiледi. Бақылау iлiнуiнен кейiн тiкұшақтың жерге қонуы мiндеттi емес.
      562. Тiкұшақтың iлiнуiнде, ұшып көтерiлуiнде және қонуында маневр жасау кезiнде көтеру бұрандасы қалақтарының ұшынан арақашықтық мыналардан:
      1) қозғалтқышы (қозғалтқыштары) жұмыс iстеп тұрған әуедегi немесе жердегi әуе кемелерiне дейiн - көтеру бұрандасының екi диаметрiнен;
      2) жеңiл және шамадан тыс жеңiл ӘК дейiн - көтеру бұрандасыныңекi диаметрiнен;
      3) басқа кедергiлерге дейiн - көтеру бұрандасының жарты диаметрiнен, бiрақ 10 м төмен емес;
      4) теңiз кемелерi палубалары (iшкi су көлiгi кемелерi), алаңдар үстiндегi, жер немесе су үстiндегi көтерiңкi кедергiлерге дейiн таңбалауға және осы әуеайлақтарда ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес кем болмауға тиiс.
      563. Екпiн ала (жүрiп өту) отырып, ұшып көтерiлу-қону жолағынан тiкұшақтың ұшып көтерiлуi (қонуы) Ұшуды пайдалану жөнiндегi басшылық талабына сәйкес оның ұзындығы кезiнде жүзеге асырылады.
      564. Тiкұшақтың тұрақ орнынан ұшып көтерiлуiне және оған қонуына мына шарттармен рұқсат етiледi, егер:
      1) тұрақ орны осы мақсаттар үшiн анықталса;
      2) тiкұшақ басқа әуе кемелерiнiң ұшып көтерiлуiне және қонуына кедергi келтiрмесе;
      3) осы Қағиданың 562-тармағының талаптары қамтамасыз етiлсе;
      4) көтеру бұрандалары жерүстi бағдарларымен қажеттi көзбен шолу байланысының жоғалуына әкеп соғатын құйын тудырмаса;
      5) әуеайлақта ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта (аэронавигациялық паспорт) көзделсе.
      565. Биiктiкке көтерiлу және қонуға кiру кезiнде кедергiлердiң үстiнен кемiнде 10 метрден жоғары, жердегi әуе кемелерiнiң үстiнен тiкұшақтың көтеру бұрандасының екi диаметрiнен төмен емес ұшып өтуге рұқсат етiледi.
      566. Жақындау шарттары, көлемi және жай-күйi белгiсiз әуеден таңдалған алаңға қону оның қонуға жарамдылығын тексерiп қарау және анықтау мақсатында үстiнен бақылап ұшып өткеннен (ұшып өтулерден) кейiн орындалады.
      567. Үстiңгi бетiнiң жай-күйi белгiсiз әуеден таңдалған алаңға қону оны жерүстi тексерiп қарағаннан, топырақ берiктiгiн және қонуға жарамдылығын анықтағаннан кейiн орындалады. Алаңның жай-күйiн тексерiп қарауды және бағалауды экипаждың бiр мүшесi немесе даярланған маман жүргiзедi. Экипаждың бiр мүшесiн (даярланған маманды) түсiру iлiну режимiнде, тiкұшақтың қонуы – оның белгiсi бойынша жүргiзiледi.
      Қону мүмкiн болмаған кезде тiкұшаққа жүк тиеу және түсiру экипаждың бiр мүшесiнiң немесе даярланған маманның басшылығымен тиiстi тiкұшақ үлгiсiнiң ҰПБ ұсынымдарына сәйкес iлiну режимiнде орындалады.
      Сырғымалы шассиi бар тiкұшақтармен әуеден қону алаңын таңдау кезiнде, сондай-ақ, егер тiкұшақ экипажы бiр пилоттан тұратын болса, қону алаңын жерүстi тексерiп қарау жүргiзiлмейдi.
      568. Әуе жастығының әсер ету аймағынан тыс тiкұшақтың iлiну режимiн пайдалануды талап ететiн жұмыстар, сондай-ақ, жер бедерi күрделi жерде немесе қар (тозаң) бұрқасыны пайда болуы мүмкiн жағдайларда әуеден таңдалған қону алаңынан ұшып көтерiлу және қону «әуе жастығының» әсер ету аймағынан тыс тiкұшақтың iлiну режимiнде маневр жасауға мүмкiндiк беретiн ұшы массасымен орындалуға тиiс.
      569. Қону алаңында қар (тозаң) болған кезде қар (тозаң) бұрқасынының пайда болу мүмкiндiгiн болдырмайтын немесе азайтатын шаралар қабылданады.
      570. Ұшып көтерiлудегi iлiну алдында қар (тозаң) бұрқасыны пайда болған жағдайда экипаж көтеру бұрандасының желдету екпiнiмен қарды (тозаңды) жерүстi бағдарларының тұрақты көрiнуi пайда болғанға дейiн үрлейдi.
      Қар басқан (тозаңданған) алаңға қону кезiнде iлiну «әуе жастығының» әсер ету аймағынан тыс орындалады. Төмендеу және қону жерүстi бағдарларымен тұрақты көзбен шолу байланысы кезiнде орындалады.
      571. Қар (тозаң) бұрқасынында iлiну кезiнде жерүстi бағдарларының көрiнуi жоғалған кезде экипажға тiкұшақты құйын аймағынан жоғары шығару қажет. Жерүстi бағдарлары көрiнбейтiн кезде қар (тозаң) бұрқасынында iлiнуге, ұшып көтерiлуге және қонуға тыйым салынады.
      572. Тiкұшақтың су бетi үстiнде iлiнуi көтеру бұрандасының бiр диаметрiнен төмен емес биiктiкте жүргiзiледi. Биiктiк радио биiктiктi өлшегiш арқылы және судағы қалқып жүрген хаттар бойынша көзбен шолып анықталады.
      Судағы адамдарға көмек көрсету кезiнде оларды көтеру бұрандасының жел екпiнiнен болатын толқындардың ұруын және қалқып жүрген заттардың тиюiн болдырмау үшiн адамдарды бортқа шығаруға арналған iлiну және төмендеу тiгiнен орындалады.
      573. Таулы жерлерде ұшуды жүргiзу кезiнде бағытты шатқалдар бойымен түзеуге рұқсат етiледi, бұл ретте ұшу биiктiгiнде шатқалдың ең төменгi енi 500 метрден төмен болмауға және қажет болған жағдайда 180о (градус) бұрылу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс. Бұрылуды орындау кезiнде көтеру бұрандасы қалақтарының ұшынан тау бөктерлерiне дейiнгi ең төменгi арақашықтық 50 метрден төмен болмауға тиiс.

95-параграф. Оқу және жаттығу ұшуы, аспаптар
бойынша ұшуға елiктеу

      574. Егер әуе кемесi қосарланған (қосарлы) басқару жүйесiмен жабдықталмаса, онда оқу және жаттығу ұшуын орындауға тыйым салынады  (ұшуы басқарылатын бос аэростаттарды қоспағанда).


      575. Мынадай шарттарды сақтамай аспаптар бойынша ұшуға елiктеудi жүргiзуге тыйым салынады:
      1) жеткiлiктi түрде шолуға болатын екiншi басқару креслосын пилот куәлiгi және тиiстi бiлiктiлiк бағалары бар тұлғаның иеленуi;
      2) әуе кемесiнiң бос аэростаттарда ұшуы басқарылатын ұшуды қоспағанда қосарланған (қосарлы) басқару жүйесiмен жабдықталуы;
      3) әуе кемесiнде жолаушылардың болмауы.
      576. Оқу және жаттығу ұшуларын орындағанда әуе кемесiнiң бортында екеуден көп емес жаттығатын немесе оқитын әуе кемесiнiң экипажы немесе төрт ұшқыш болады.
      Қозғалтқышты сөндiрiп ұшуды орындауда немесе әуе кемесiнiң бортына аудару режимiнде бiр жаттығатын (оқитын) әуе кемесiнiң экипажы болуы тиiс.

96-параграф. Бақылау-сынау және бақылау
ұшулары (үстiнен ұшу)

      577. Бақылау-сынау және бақылау ұшулары (үстiнен ұшу) аса маңызды ұшуларды орындау алдында әуе кемесiнiң дұрыстығын және пайдалануға жарамдылығын, олардың жүйесiн тексеру мақсатында, жөндеуден, қозғалтқыштар мен жабдықтарды ауыстырғаннан кейiн, сондай-ақ радиожарық техникалары құралдарының жұмысын, әуеайлақта төмендеу және қонуға бет алу схемасын тексеру үшiн орындалады.


      578. ӘК бақылау-сынау ұшулары көрiнуi кем дегенде 2000 м және бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi кем дегенде 200 м болған кезде күндiз жүргiзiледi, бiрақ бұл осы айлақтағы ұшуларды орындау жөнiндегi нұсқауда (аэронавигациялық паспорт) белгiленген минимумнан төмен болмауы тиiс.
      579. Бақылау ұшулары (үстiнен ұшу):
      1) экипаж, ӘК және әуеайлақтың қолданыстағы метеорологиялық шектеулерi шегiнде әуе кемесiнiң әр түрi үшiн әзiрленген бағдарламаларға сәйкес;
      2) уәкiлеттi орган келiскен бағдарламалар бойынша осы құралдардың ұшу кезiнде тексерiлуiн қамтамасыз ететiн минимумы кезiнде тәулiктiң кез келген уақытында жер үстiндегi радиожарық техникалық құралдарын тексеру үшiн, бiрақ осы әуеайлақ үшiн белгiленген минимумнан төмен емес жағдайда;
      3) әзiрленген әуеайлақтық төмендеу схемаларын аралап ұшу және қонуға кiру үшiн – шеңбер биiктiгiнде көзбен шолып ұшуды қамтамасыз ететiн, метеожағдай кезiнде тек күндiз жүргiзiледi.
      580. Зауыттарда жөндеуден және ұшу кезiнде сынаудан өткен ӘК оларды азаматтық авиация ұйымдарының өкiлдерi қабылдаған кезде ұшуда осы ұйымдардың экипажы тексередi.
      581. Бақылау ұшуының бағдарламасына байланысты ұшуға арналған тапсырмаға ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлерi, инженерлiк-техникалық құрамның адамдары және басқа да мамандар енгiзiледi. Оларды ұшуға арналған тапсырмаға енгiзу туралы шешiмдi пайдаланушы немесе АОН мақсатында ұшуды орындаған жағдайда әуе кемесiнiң иесi қабылдайды.

97-параграф. Көрсету және көрсету мақсатындағы ұшулар

      582. Әуе кемелерiнiң көрсету және көрсету мақсатындағы ұшуларды орындауы үшiн әуе кемесiнiң немесе ұшатын аппараттардың тұрғын үй алаңдары мен адамдар жиналатын жерлерге құлауын болғызбайтын қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, белгiленген аудандардан тыс немесе елдi мекендердiң үстiнен арнайы бөлiнген әуе кеңiстiгiнде орналасқан арнайы аймақтар (ұшу аймағы) белгiленедi.


      583. Көрсету және көрсету мақсатындағы ұшуларды:
      1) халық тығыз қоныстанған аумақтың немесе елдi мекендердiң үстiнен;
      2) бұқаралық iс-шараларды өткiзгенде адамдар жиналатын жерлерге 200 м жақын;
      3) әуе трассасына 8 км жақын;
      4) бұлтта;
      5) ақиқат биiктiктен 50 м төмен;
      6) көру мүмкiндiгi 3000 м аз қашықтықта орындауға тыйым салынады.
      584. Әуе кемелерiнiң және басқа да ұшатын аппараттардың көрсету және көрсету мақсатындағы ұшуларын ұйымдастырушы оларды орындау жөнiнде арнайы нұсқаулық әзiрлейдi.

98-параграф. Планерлердi сүйреу

      585. Төмендегi шарттарды сақтамай:


      1) қажеттi бiлiктiлiгi бар сүйреп апаруды жүзеге асыратын ӘК командирi;
      2) сүйреп апаруды қауiпсiз жүргiзуге мүмкiндiк беретiн iлмектi құрылғымен жабдықталған, сүйреп апаруды жүзеге асыратын әуе кемесi;
      3) жабдықталған жағдайдағы планердiң ең жоғары салмағының 80 пайызынан кем емес және 200 пайызынан аспайтын құрамдастарының үзiлу берiктiгiне ие сүйрейтiн арқан (сым арқан) қолданатын әуе кемесiнiң планердi сүйреп апаруды орындауына тыйым салынады. Егер төмендегi шарттар сақталса екi еседен көп жабдықталған жағдайда планердiң ең жоғары салмағынан асып түсетiн үзiлу берiктiгiне ие сүйреп апаратын арқан қолдануға рұқсат етiледi:
      сүйреп апаратын арқанды планерге бекiткен жерде планердiң жабдықталған жағдайындағы ең жоғары салмағының кемiнде 80 пайызын құрайтын және осы салмақтан екi есе асып түсетiн үзiлу кедергiсiне ие сақтандырғыш сырға орнатылса;
      сүйреп апаруды жүзеге асыратын әуе кемесiне сүйрейтiн сым арқанды бекiткен жерде орнатылған сақтандырғыш сырғаның үзiлуге кедергiсi 25 пайыздан асып түсетiн және планерге сүйрейтiн арқанды бекiткен жерде жабдықталған жағдайдағы планердiң ең жоғары салмағынан екi есе асып түсетiн үзiлу кедергiсiне ие сақтандырғыш сырға орнатылса, екi еседен көп жабдықталған жағдайда планердiң ең жоғары салмағынан асып түсетiн үзiлу берiктiгiне ие сүйреп апаратын арқанды қолдануға рұқсат етiледi.
      586. Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде сүйреп апаруды жүргiзу басталғанға дейiн сүйреп апаруды жүзеге асыратын ӘК командирi сүйреп апаруды жүргiзу туралы ӘҚҚ органына хабарлайды.
      Сүйреп апару басталғанға дейiн сүйреп апаруды жүзеге асыратын әуе кемесiнiң ұшқышы мен планердiң ұшқышының арасында ұшып көтерiлу дабылы мен ағытуды, әуе жылдамдығы мен әр ұшқыш үшiн авариялық жағдайдағы iс-қимыл тәртiбiн қоса алғанда, өзара iс-қимыл тәртiбi туралы уағдаластыққа қол жеткiзу керек.
      587. Егер бұл үшiншi тұлғаның өмiрi немесе мүлкi үшiн қауiп төндiруi мүмкiн болса, планердi ағытқаннан кейiн сүйреп апаратын арқанды әдейi тастауды жүзеге асыруға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет