84-параграф. АҰҚ бойынша ұшып шығуға және ұшып келуге шешiм қабылдау ерекшелiктерi
454. ӘК командирi метеорологиялық жағдайды талдау негiзiнде мынадай жағдайда, егер:
1) ұшып шығу әуеайлағындағы нақты ауа райы ұшып көтерiлу үшiн белгiленген минимумнан төмен болмаса;
2) ұшып көтерiлуге арналған қосалқы әуеайлақта нақты ауа райы немесе болжам қону үшiн белгiленген минимумнан төмен болмаса;
3) ұшу бағытында айналып өту мүмкiн емес қауiптi ауа райы құбылыстары болмаса;
4) белгiленген әуеайлақтағы нақты және ұшып келу уақытына болжанып отырған ауа райы осы Қағиданың 10 қосымшасында келтiрiлген, АҰҚ бойынша ұшып көтерiлу және қонуға қабылданған шешiм нұсқаларының бiрiнiң талаптарына сәйкес келсе;
5) 454-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген шарттардың, сол сияқты 447, 449, 455 – 459 тармақтардың талаптарына және осы Қағиданың 10-қосымшасында келтiрiлген, АҰҚ бойынша ұшып шығуға және қонуға шешiм қабылдайтын қосалқы әуеайлақ болса, ҰҚ бойынша ұшып шығуға шешiм қабылдайды.
455. Ұшып келудiң есептiк уақытына дейiнгi және одан кейiнгi бiр сағат iшiнде қосалқы әуеайлақтағы болжанып отырған метеорологиялық жағдайлар мыналарға сәйкес келедi:
1) III (A, B немесе C) санаты бойынша бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көрiну) 60 м төмен емес, көрiну (ҰҚЖ-дағы көрiну) I санаттағы әуеайлақтың пайдалану минимумынан төмен болмауға тиiс;
2) II санат бойынша бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көрiну) 60 м төмен емес, көрiну (ҰҚЖ-дағы көрiну) I санаттағы әуеайлақтың пайдалану минимумынан төмен болмауға тиiс;
3) I санат бойынша бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көрiну) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған MDA/H төмен емес, көрiну (ҰҚ-дағы көрiну) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған пайдалану минимумынан төмен болмауға тиiс;
4) аспаптар бойынша қонудың санатқа жатқызылмаған жүйесi бойынша бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көрiну) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған MDA/H төмен емес және көрiну (ҰҚЖ-дағы көрiну) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған пайдалану минимумынан төмен емес;
5) қонуға дәлме-дәл емес кiру кезiнде бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көрiну) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған MDA/H кемiнде 50 м асуға тиiс, көрiну (ҰҚЖ-дағы көрiну) қонуға дәлме-дәл емес кiруге арналған пайдалану минимумынан кемiнде 500 м асуға тиiс;
6) қонуға көзбен шолып кiру кезiнде - қонуға көзбен шолып кiруге арналған минимум;
7) айналмалы маневр жасауды қолдана отырып, бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көрiну) айналмалы маневр жасауды қолдана отырып, қонуға кiруге арналған MDA/H кемiнде 100 м асады, көрiну (ҰҚЖ-дағы көрiну) айналмалы маневр жасауды қолдана отырып, қонуға кiруге арналған пайдалану минимумынан кемiнде 1000 м асуға тиiс.
456. АҰҚ бойынша ұшып шығуға шешiм қабылдау кезiнде белгiлеген және қосалқы әуеайлақтарда мыналар ескерiледi:
1) ұшып келу уақытына болжанып отырған қауiптi ауа райы құбылыстары;
2) ұшып келу уақытына болжанып отырған жел арыны;
3) егер олардың нақты және (немесе) болжанып отырған көлемi екi октанттан аспайтын болса, бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi;
4) көрiнудiң уақытша (TEMPO) нашарлауы және (немесе) ұшып келу уақытына болжанып отырған бұлттардың төменгi шекарасының төмендеуi.
457. Ерекше машықтарды қолдану талап етiлетiн әуеайлақ, егер ӘК командирiнiң осы әуеайлаққа қолданыстағы рұқсаты болса, қосалқы болып таңдап алынуы мүмкiн.
458. Кету шебiнен қосалқы әуеайлаққа, оның iшiнде қолайсыз навигациялық және (немесе) метеорологиялық жағдай және отын құю белгiленген әуеайлақтың шешiм қабылдау биiктiгiнен (ең төменгi құлдилау биiктiгi) кету мүмкiн қосалқы әуеайлақты таңдауға мүмкiндiк бермейтiн жағдайда ұшып шығу әуеайлағына ұшып шығуға шешiм қабылдануы мүмкiн.
459. Әуе кемесiнiң командирi осы Қағиданың 458-тармағында көрсетiлген шарттарда шешiм қабылдайды, егер:
1) кету шебiнен белгiленген және қосалқы әуеайлақтарға дейiн ұшудың есептiк ұзақтығы екi сағаттан аспаса;
2) белгiленген және қосалқы әуеайлақтағы нақты ауа райы минимумнан төмен емес болса (нақты ауа райына қарамай ұшудың есептiк ұзақтығы екi сағаттан асқан кезде);
3) белгiленген және қосалқы әуеайлақтағы ұшып келу уақытына ауа райы болжамы осы Қағиданың 449-тармағының талаптарына сәйкес келсе;
4) белгiленген әуеайлаққа ұшып келу уақытында әуе кемесiнiң бортындағы отынның есептiк көлемi шешiм қабылдау биiктiгiнен (ең төменгi құлдилау биiктiгi) ұшып өткеннен кейiн ҰҚЖ деңгейiнен 450 м биiктiкте ұшудың кемiнде бiр сағатына жететiн болуға тиiс;
5) кету шебi қосалқы әуеайлаққа есептiк ұшып келу уақытында әуе кемесiнiң бортындағы отын көлемi ҰҚЖ деңгейiнен 450 м биiктiкте ұшудың кемiнде 30 минутына қалатындай етiп айқындалуға тиiс.
460. ӘК командирi мынадай шарттарды сақтай отырып, қосалқы әуеайлақсыз ұшып шығуға шешiм қабылдайды:
1) белгiленген әуеайлақта бiрi жер асты болатын осы үлгiдегi әуе кемесiнiң қонуы үшiн жарамды және техникалық жағдайы белгiленген талаптарға сәйкес келетiн (тiк ұшақтарды қоспағанда) екi қиылыспайтын ҰҚЖ болады;
2) белгiленген әуеайлақтағы нақты және ұшып келу уақытына болжанатын көрiну минимумнан (қонуға кiру үшiн пайдаланылатын жүйе бойынша барлық белгiленген ҰҚЖ iшiндегi барынша жоғары) 2000 м және бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 150 м жоғары;
3) белгiленген әуеайлақтың шешiм қабылдау биiктiгiнен (ең төменгi құлдилау биiктiгi) ұшып өткеннен кейiн ҰҚЖ деңгейiнен 450 м биiктiктегi әуе кемесiнiң бортындағы отынның есептiк көлемi:
ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 кг асатын газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшiн – ұшудың 60 минутынан;
ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 кг аспайтын поршендi немесе газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшiн – ұшудың 45 минутынан;
4) тiкұшақтар мен дирижабльдер үшiн - ұшудың 30 минутынан кем болмайды.
461. Әуеайлақ ауданында АҰҚ бойынша жаттығу ұшуын орындау кезiнде, егер бұлттардың төменгi шекарасының нақты және болжанып отырған биiктiгi осы әуеайлақтағы жаттығу ұшуы үшiн белгiленген минимумнан 50 м және көрiну 500 м асатын болса, қосалқы әуеайлақсыз ұшып шығуға шешiм қабылдауға рұқсат етiледi.
85-параграф. КҰҚ бойынша ұшып шығуға және ұшып келуге шешiм қабылдау ерекшелiктерi
462. КҰҚ бойынша ұшуды орындау үшiн ӘК командирi мынадай:
1) ұшып шығу, белгiленген және қосалқы әуеайлақта нақты уақытына ауа райы ӘК командирiнiң минимумына сәйкес келетiн және КҰҚ бойынша ұшу үшiн көзделген ауа райынан төмен болмайтын;
2) авиациялық жұмыстар ауданындағы бағыт бойынша белгiленген және қосалқы әуеайлақтар бойынша болжанатын көрiну мен бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi ӘК командирi минимумынан және КҰҚ бойынша ұшу үшiн көзделген минимумнан төмен болмайтын;
3) белгiленген шектеулер шеңберiнде екпiндi есепке алмай жел болжамы;
4) ұшу бағыты бойынша (авиациялық жұмыстар ауданы) айналып өту мүмкiн емес қауiптi метеорологиялық құбылыстар жоқ болған немесе болжанып отырған шарттармен ұшып шығуға шешiм қабылдайды.
463. Қосалқы әуеайлақ болмаған кезде КҰҚ бойынша ұшып шығуға шешiм қабылдауға мынадай жағдайда рұқсат етiледi:
1) егер ұшып келу уақытына белгiленген әуеайлақта белгiленген минимумнан 500 м жоғары көрiну және 50 м жоғары бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi болжанып отырса;
2) тiкұшақта авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде – егер бағыт бойынша және авиациялық жұмыстар ауданында болжанып отырған көрiну мен бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi КҰҚ бойынша ұшуға арналған тiкұшақ командирi минимумынан және авиациялық жұмыстардың осы түрiне арналған минимумнан төмен болмаса.
464. Авиациялық жұмыстар ауданындағы бағыт, белгiленген және қосалқы әуеайлақтар бойынша КҰҚ бойынша ұшуға шешiм қабылдау кезiнде көрiнудiң және (немесе) бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiнiң болжанып отырған уақытша (ТЕМПО) өзгерiстерi олардың барынша төмен мәнi бойынша ескерiледi.
Бұл ретте көрiнудiң және (немесе) бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiнiң уақытша (ТЕМПО) өзгерiстерi егер, әуе кемесiнiң командирiне және әуе кемесiне АҰҚ бойынша ұшуға рұқсат етiлген болса ескерiлмеуi мүмкiн.
465. Авиациялық жұмыстар ауданындағы бағыт, ұшып шығу, белгiленген және қосалқы әуеайлақтар бойынша бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгi, егер олардың нақты және болжанатын көлемi екi октанттан астам ұшу биiктiгiнен төмен болса және бұлттардың жоғарғы шекарасының үстiнен кемiнде 300 м көтерiлiп ұшу қамтамасыз етiлсе, ескерiлмейдi.
466. Әуейлақтық метеорологиялық органдардың қызмет көрсету мүмкiндiгi жоқ кезде оперативтi нүктеде авиациялық жұмыстарды бастамас бұрын ӘК экипажы, ӘҚҚ диспетчерiне болжам жасауға жауапты әуеайлақтық метеорологиялық органға хабарлау үшiн ауа райы туралы мәлiмет бередi.
Авиациялық жұмыстарды орындау үшiн ұшып шығуға шешiмдi ауданның жұмысы бойынша алынған болжам негiзiнде ӘК командирi қабылдайды.
86-параграф. Әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету
467. Әуе кемесiн пайдаланушы мыналарды қамтамасыз етедi:
1) әуе кемесiн ұшуды орындау үшiн жарамды жағдайда ұстау;
2) жоспарланған ұшуға қажеттi әуе кемесiнiң, оның компоненттерiнiң және авариялық жабдықтың дұрыстылығы;
3) ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы (ұшуға жарамдылық туралы куәлiк).
468. Әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету әуе кемесiн тiркейтiн мемлекет үшiн қолайлы пайдаланушылық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады. Егер, әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетуi орындалмаса және пайдаланушы құжаттамада және (немесе) тиiстi құжатта (техникалық қызмет көрсету туралы куәлiк) қажеттi жазбалармен расталмаса, оны пайдалануға тыйым салынады.
469. Азаматтық әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеудi азаматтық авиацияның әуе кеңiстiгi мен қызметiн пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңына сәйкес азаматтық авиация саласында уәкiлеттi орган берген немесе актiлерiне сәйкес танылған қолданыстағы куәлiгi бар авиациялық персонал, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сертификатталған ұйымдар жүргiзедi.
470. Әуе кемесiн пайдаланушы мынадай тiркелетiн деректердi сақтауды қамтамасыз етедi:
1) шектелген ресурсты немесе қызмет мерзiмi бар әуе кемесiнiң және олардың барлық агрегатының басты пайдалануынан бастап жалпы уақыт (ресурстар және қызмет мерзiмi);
2) ұшу жарамдылығын сақтау туралы барлық қолданыстағы мiндеттi ақпаратты сақтау туралы ағымдағы мәлiмет;
3) модификациялау және жөндеу туралы деректер;
4) әуе кемесiнiң немесе оның агрегатының соңғы күрделi жөндеуiнен кейiн пайдалану уақыты (ресурстар және қызмет мерзiмi);
5) техникалық қызмет көрсету туралы деректер.
Жоғарыда көрсетiлген, тiркелетiн деректер әуе кемесiнiң тиiстi компонентi пайдаланудан түпкiлiктi алынғаннан кейiн кемiнде 3 ай сақталады, ал осы Қағиданың 470 тармағының «5» тармақшасында көрсетiлген, тiркелетiн деректер техникалық қызмет көрсету туралы куәлiкке қол қойылғаннан кейiн кемiнде бiр жыл сақталады.
Иегер уақытша немесе тұрақты ауысқан жағдайда, тiркелетiн деректер жаңа иегерге ұсынылады.
471. Әуе кемесiнiң барлық модификациясы және жөндеу әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
87-параграф. АҰҚ бойынша ұшуды орындаудың жалпы қағидасы
472. АҰҚ бойынша ұшу кезiнде әуе кемесiнiң экипажы көзбен шолып және борттық радиотехникалық құралдарды пайдалана отырып, әуедегi және метеорологиялық жағдайды тұрақты түрде бақылауды жүргiзедi.
473. АҰҚ бойынша ұшуды орындау кезiнде ӘК командирi:
1) аэронавигациялық ақпаратта белгiленген әуеайлақ ауданынан және қонудан шығу схемаларын орындайды;
2) аэронавигациялық ақпаратта және ӘҚҚ органы белгiлеген ұшу эшелонын (биiктiгi) және бағытын, ұшу траекториясы мен параметрлерiн ұстап тұрады;
3) ӘҚҚ органына оның сұрауы бойынша әуе кемесiнiң нақты тұрған жерi, ұшу биiктiгi мен шарттары туралы хабарлауды қамтамасыз етедi;
4) ӘҚҚ органының нұсқауларын орындайды.
474. Әуе кемелерi арасындағы аралықты реттеу мақсатында ӘҚҚ органы векторлауды жүргiзедi, сондай-ақ, осы әуе кемесi үшiн рұқсат етiлетiн үдемелi және тiк жылдамдықтар режимiн бередi.
Әуе кемесiнiң экипажы ӘҚҚ органынан тиiстi нұсқау және егер векторлауды орындау нәтижесiнде әуе кемесi бұдан бұрын берiлген бағыттан ауытқыса әуе кемесiнiң тұрған жерi туралы хабарды алғаннан кейiн дербес ұшақ жүргiзудi жаңартады.
88-параграф. Рульдеу
475. Кабинада жұмыс орындарын иеленгеннен кейiн әуе кемесiнiң экипажы ӘК командирiнiң басшылығымен ұшуға даярлықты жүргiзедi. Ұшуды бастар алдында ӘК командирi әуе кемесi экипажының ұшуға дайындығына көз жеткiзедi.
476. Бақыланатын әуеайлақта жермен жүрудi және тiркеп сүйреудi ӘҚҚ органынан (перрондағы қозғалысты басқару органы) жермен жүруге тиiстi рұқсат және әуеайлақ бойынша жермен жүру схемасы туралы ақпарат алғаннан кейiн пилот орындайды.
Пилотқа ӘҚҚ органы жермен жүрудiң немесе тiркеп сүйреудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi басқа да ақпарат бередi.
Бақыланатын әуеайлақтарда және алаңдарда әуе кемесiнiң жермен жүруiн бастар алдында ӘК командирi ұшу алаңын тексерiп қарауды жүзеге асырады және жермен жүру бағытын таңдайды.
477. Әуеайлақ бойынша әуе кемесiнiң қозғалысын басқарушы ӘҚҚ органы:
1) әуе кемелерiнiң экипаждарына шектеулер туралы хабарлайды;
2) белгiленген схема бойынша әуе кемесiнiң әуеайлақ бойынша қозғалысы туралы нұсқаулар бередi;
3) әуе кемелерiнiң экипаждарына, оның iшiнде 400 м көрiну шарттарымен жермен жүру кезiнде бiр бағыт бойынша кейiнгi әуе кемелерiнiң өзара орналасуы туралы хабарлайды.
478. Әуеайлақтың маневр жасау алаңында әуе кемесiнiң қозғалысын басқару жөнiндегi функцияларды ӘҚҚ органы жүзеге асырады.
479. Тiркеп сүйреудiң қауiпсiздiгiн тiркеп сүйреудi басқаратын тұлға қамтамасыз етедi. Әуе кемесiн тiркеп сүйреу кезiнде тiркеп сүйреудi басқаратын тұлға мен әуе кемесiнiң экипажы арасында радио арқылы немесе белгiленген дабылдар көмегiмен көзбен шолып сөйлесу құрылғысы бойынша екiжақты байланыс ұсталуға тиiс.
Тiркеп сүйреу әуе кемесiнде қосылған аэронавигациялық шырақтармен және жарқырағыш манарларымен жүргiзiледi.
480. Бақыланатын әуеайлақтарда қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) iске қосу басталғанға дейiн әуе кемесiнiң экипажы автоматты хабар тарату болған кезде метеорологиялық ақпаратты тыңдайды және ол басқаруында болатын органға ағымдағы ақпарат индексiн баяндайды, одан қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) iске қосуға рұқсат сұрайды және алады.
481. Қозғалтқышты iске қосу алдында қозғалтқышты iске қосатын тұлға адамдардың қауiпсiздiгiне және iске қосу кезiнде бұзылуы немесе қауiп төндiруi мүмкiн бөгде заттардың жоқтығына көз жеткiзедi және жарқырағыш манарларды қосады. Iске қосудың қауiпсiздiгiне жеке көз жеткiзу мүмкiн болмаған кезде қозғалтқышты iске қосатын тұлға жерден қозғалтқыштардың iске қосылуын басқаратын тұлғадан радио арқылы немесе белгiленген дабылдар көмегiмен көзбен шолып сөйлесу құрылғысы бойынша қажеттi ақпаратты алады.
482. ӘК командирiнiң бақыланатын әуеайлақта қозғалтқышты iске қосуға немесе бақыланатын әуеайлақта ұшуды жүргiзу мақсатында қозғалтқышты iске қосуға сұрауы ұшудың басында шешiм қабылдауды бiлдiредi.
483. Әуе кемесiн тұрақ орнынан жермен жүргiзу әуе кемесiн шығаруды қамтамасыз ететiн тұлғаның белгiсi бойынша, ол болмаған кезде - ӘК командирiнiң шешiмiмен орындалады.
Түнде, сондай-ақ, көрiну 2000 м төмен кезде күндiз жермен жүру қосылған аэронавигациялық шырақтармен және шамдармен жүзеге асырылады.
484. Әуе кемесiн тұрақ орнына жермен жүргiзу қарсы алатын тұлғаның тұрағында әуе кемесiн орналастыру жүйесiнiң дабылдары бойынша, ал олар болмаған кезде - ӘК командирiнiң шешiмiмен орындалады.
Егер таңбалау белгiлерi бойынша орнатылмаған болса, ӘК командирi бұл туралы ол басқаруында тұрған әуеайлақ органына шұғыл түрде хабарлауға мiндеттi.
Жарық-дабылды құрылғылармен және радиостанциямен жабдықталған iлесiп жүру автомобилi:
1) әуе кемесi экипажының талабы;
2) шектелген көрiну жағдайы;
3) әуеайлақтың маневрлеу алаңындағы қозғалыстың күрделi схемасы;
4) әуеайлақта ұшуларды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта (әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжатында) көзделген жағдайларда қолданылады.
485. Әуе кемесiнiң экипажына жермен жүрудi бастауға немесе жалғастыруға тыйым салынады, егер:
1) тежеу жүйелерiндегi қысым пайдалану шектеулерiне сәйкес келмесе немесе тежегiштердiң басқа да бұзылу белгiлерi бар болса;
2) бақыланатын әуеайлақта ӘҚҚ органының рұқсаты алынбаса;
3) рульдеудiң қауiпсiздiгi кедергiлердiң болуы, тұрақ орнының немесе жермен жүру жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы салдарынан қамтамасыз етiлмесе.
Рульдеу басталғанда әуе кемесiнiң экипажы тежеу жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiгiн тексередi.
486. Әуе кемесi ұшу экипажының мүшелерi рульдеу уақытында қоршаған орта жағдайына, радиоалмасуға қарайды және ӘК командирiне кедергiлер туралы ескертедi.
Рульдеу бағытында кедергiлер табылған кезде ӘК командирi соқтығысудың алдын алу бойынша шараларды қабылдайды және ӘКҚ органына кедергiлердiң бар екендiгi туралы баяндайды.
487. Рульдеу жылдамдығын ӘК командирi рульдеу жүргiзiлетiн үстiңгi беттiң жағдайына, кедергiлердiң бар-жоқтығына және көрiну шарттарына байланысты таңдайды.
488. Әуе кемелерiн бiр-бiрiне қарама-қарсы рульдеу кезiнде ӘК командирi сол жақ борттардан айырылып оң жақты ұстай отырып, рульдеу жылдамдығын қауiпсiз жылдамдыққа дейiн азайтады.
Қиылысатын бағыттарда әуе кемесiнiң жақындауы кезiнде ӘК командирi оңға қозғалып бара жатқан әуе кемесiн өткiзiп жiбередi.
Рульдеу үстiндегi әуе кемесiн басып озуға тыйым салынған.
489. ҰҚЖ немесе жермен жүру жолын қию, иелену алдында ӘКҚ органынан алынған нұсқауға қарамай әуе кемесiнiң ұшу экипажы және (немесе) әуе кемесiн тiркеп сүйреудi жүзеге асыратын тұлғалар маневр жасаудың қауiпсiздiгiне көз жеткiзедi.
490. Ұшып көтерiлу басталғанға дейiн әуе кемесiнiң экипажы нақты ауа райының ұшып көтерiлуге арналған минимумға және ҰҚЖ жағдайының әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларының шектеулерiне сәйкестiгiне көз жеткiзедi.
ҰҚЖ ұзақ иелену қажет болған жағдайда ӘКК оны иеленгенге дейiн ӘКҚ органына ұшып көтерiлуге дайындық үшiн қажеттi уақыт туралы хабарлайды.
89-параграф. Ұшып көтерiлу
491. Ұшып көтерiлу алдында:
1) әуе кемесiнiң ұшу экипажы ҰПБ-ға сәйкес барометрлiк биiктiктi өлшегiштер шкаласының көрсеткiштерiн салыстырып тексеру тәртiбiн сақтай отырып, осы Қағиданың 330 және 331 тармақтарының ережелерiне сәйкес биiктiктi өлшегiштер қондырғысын тексередi;
2) ӘК командирi әуе кемесiнiң және әуе кемесi экипажының ұшып көтерiлуге дайындығына көз жеткiзедi;
3) ӘК командирi ҰҚЖ-да және ұшып көтерiлу траекториясы бойынша алда кедергiлердiң жоқтығына көз жеткiзедi;
4) ӘКК нақты ауа райының ұшып көтерiлуге арналған минимумға және ҰҚЖ жағдайының әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларының шектеулерiне сәйкестiгiне көз жеткiзедi;
5) бақыланатын әуеайлақта ӘК экипажы ӘКҚ органынан ұшып көтерiлуге рұқсат алады.
492. ҰҚЖ үш бөлiктерiндегi көрiну туралы ақпарат болған кезде (хабарланған әуеайлақ ауданындағы ақпаратты автоматты тарату қызметi немесе ӘҚҚ органы бойынша (бұдан әрi - АТIS) ҰҚЖ-дағы көрiнудi (бұдан әрi - RVR) екпiн алудың басында ӘК командирi ұшып көтерiлудiң қауiпсiздiгi мақсатында ортаңғы нүктеде және ҰҚЖ аяғында бағалайды.
ӘКК шамасы кем дегенде 600 м дейiн метеорологиялық көрiнiс нашарлайтын нөсерлi жауын түрiндегi жауын-шашынның бар екендiгi туралы ӘҚҚ органынан немесе АТIS хабарланған ақпарат алса, ұшып көтерiлудi орындамайды.
493. ҰҚЖ бөлiктерiнде минимумнан төменгi мәнге дейiнгi көрiнудi нашарлататын метеоқұбылыс немесе өндiрiстiк түтiн болған кезде тiкұшақ командирiне ӘҚҚ органының келiсiмi бойынша метеожағдай оның минимумына сәйкес келетiн ҰҚЖ бөлiктерiнде ұшып көтерiлуге рұқсат берiледi.
494. Егер әуе кемесiнiң экипажы ұшып көтерiлу қонуға үзiлiстi кiрудi (екiншi айналымға кету) орындайтын әуе кемесiне кедергi жасайтындығы туралы ақпаратты алса, ұшып көтерiлудi орындауға тыйым салынады.
495. Осы Қағиданың 138-параграфында көзделген жағдайларды қоспағанда жұмыс iстеп тұрған жарық-дабылды жабдықтары жоқ әуеайлақта (тiкұшақ әуеайлақ, қону алаңында) түнде ұшып көтерiлудi жүргiзуге тыйым салынады.
496. Әуе кемесiнiң ұшып көтерiлуi екпiн алудың басталу орнынан әуе кемесiнiң нақты ұшып көтерiлу массасы және ұшып көтерiлу шарттары үшiн талап етiлетiн ҰҚЖ орналасатын сипаттамалары сәйкес келетiн ҰҚЖ-дағы нүктеден бастап жүргiзiледi.
497. Бақыланбайтын әуеайлақтарда ұшып көтерiлу басталатын орын мен оның бағытын ӘК командирi анықтайды. Ұшып көтерiлу алдында ӘК командирi ӘКҚ органы жиiлiгiнде ол тұрған жауапкершiлiк ауданында ұшып көтерiлу орнын және магниттiк бағдарын бередi.
498. Ұшып көтерiлудi ӘК командирi немесе оның нұсқауы бойынша екiншi пилот орындайды.
499. Егер әуе кемесi ұшып көтерiлу кезiнде берiлген бағыттан екпiн алуды жалғастыру қауiпсiздiктi қамтамасыз ете алмайтындай ауытқыса, ұшып көтерiлу тоқтатылады. Әуе кемесiнiң жерден ҰПБ-да белгiленген жылдамдықтан төмен жұлқа көтерiлуiне тыйым салынады.
500. Қозғалтқыш iстен шыққан кезде немесе ұшу қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн басқа да ақаулар пайда болған кезде, егер ұшып көтерiлудi жалғастыруға шешiм қабылдау жылдамдығына қол жеткiзiлмесе, ұшып көтерiлу дереу тоқтатылады. Бұл жағдайда ұшып көтерiлудiң тоқтатылуына әкеп соққан себептер анықталып, жойылғанға дейiн қайта ұшып көтерiлуге тыйым салынады.
501. ӘК командирiнiң шешiмi бойынша әуе кемесiнiң ұшып көтерiлуi кемiнде 50 м биiктiкке дейiн қосылған шамдармен жүргiзiледi.
502. Әуе кемесiнiң экипажына әуе кемесiнiң екпiн алуы басталған сәттен бастап 200 м биiктiкке көтерiлгенге дейiн бұл қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда радиобайланыс жүргiзуге, ал ӘКҚ органына әуе кемесiнiң экипажын шақыруға тыйым салынады.
Егер ұшып көтерiлуден кейiн ұшу 200 м төмен биiктiкте орындалатын болса, көрсетiлген тыйым көлденең ұшу басталғанға дейiн күшiнде болады.
90-параграф. Биiктiкке көтерiлу
503. Ұшып көтерiлуден кейiн биiктiкке көтерiлу әуеайлақ үстiнен:
1) егер жұмыстар 50 және одан төмен биiктiкте орындалатын болса, авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде әуе кемесiнде 50 м;
2) егер ҰПБ-да өзгеше белгiленбесе, 120 м төмен емес биiктiкке дейiн ұшу бағдарымен жүргiзiледi.
504. Әуе кемесiнiң бақыланатын әуеайлақтан шығуы белгiленген схема бойынша немесе ӘКҚ органы нұсқаулары бойынша жүзеге асырылады.
505. Биiктiкке көтерiлу кезiнде өту биiктiгiн қиып өткен кезде әуе кемесiнiң экипажы барометрлiк биiктiктi өлшегiштердiң қысым шкаласын стандартты атмосфералық қысымға (QNE) аударады және олардың көрсетулерiн салыстырады.
506. Биiктiкке көтерiлу барысында әуе кемелерiнiң экипаждары соқтығысулардың алдын алу борттық жүйесiнiң (бұдан әрi – САБЖ (TCAS)) жұмыс iстеуiн болдырмау үшiн 7 м/с тiк жылдамдық бойынша берiлген эшелонға (биiктiк) дейiнгi 300 м ұсынылған шектеулерге шыдайды.
507. Егер әуе кемесi ӘКҚ органы белгiлеген немесе берген орынға ӘКҚ органымен берiлген эшелонға (биiктiкке) жете алмаса, әуе кемесiнiң экипажы бұл туралы ӘКҚ органына уақтылы хабарлайды.
508. Берiлген эшелонға жету аяқталған соң әуе кемесiнiң ұшу экипажы барометрлiк биiктiктi өлшегiштердiң көрсетулерiн салыстыруға тиiс.
91-параграф. Крейсерлiк ұшу (бағыт бойынша ұшу)
509. Әуе кемесiнiң экипажы ұшуда әуе кемесiнiң тұрған орнын тұрақты түрде бақылап отырады.
510. Егер бақыланатын ұшу барысында ағымдағы ұшу жоспарынан байқаусызда ауытқу орын алса, әуе кемесiнiң экипажы мынадай iс-қимылдарды қабылдайды:
1) егер әуе кемесi жол торабынан ауытқыса, әуе кемесiнiң экипажы берiлген жол торабына жылдам қайта оралу мақсатында әуе кемесiнiң бағдарын түзетедi;
2) егер екi бақылау пункттерi арасындағы крейсерлiк эшелондағы нақты әуе жылдамдығының орташа мәнi айнымайтын болып табылса немесе оның ұшу жоспарында көрсетiлген нақты әуе жылдамдығынан плюс-минус 5%-ға өзгеретiндiгi күтiлетiн болса, бұл туралы ӘКҚ органына хабарланады;
3) егер кезектi жоспарланған бақылау пунктiнен ұшып өтудiң нақтыланған есептiк уақыты ол туралы ӘКҚ органына хабарланған уақыттан 2 минуттан астам ерекшеленетiндiгi байқалса, әуе кемесiнiң экипажы ӘКҚ органына нақтыланған уақыт туралы хабарлайды.
511. Басқа әуеайлаққа бару бағытын өзгерту мақсатында ұшу жоспарындағы өзгерiс ұшу бағытын өзгерту жүргiзiлген орыннан бастап осы Қағиданың 433-тармақ талаптарының сақталу шартымен жүргiзiледi.
512. Ұшуда қауiптi метеорологиялық құбылыстар аймағына жақындау белгiлерi туындаған немесе тиiстi ақпарат алынған кезде ӘКК егер күтiлетiн шарттарда ұшуға ҰПБ-да рұқсат етiлмесе қауiптi аймақты айналып өтуге арналған шараларды қабылдайды. Қауiптi метеорологиялық құбылыстар салдарынан межелi орынға дейiн ұшуды жалғастыру мүмкiн болмаған кезде ӘК командирiне қосалқы әуеайлаққа қонуды жүргiзуге немесе ұшып шығу әуеайлағына қайтып оралуға рұқсат етiледi.
Қабылданған шешiм және өзiнiң iс-қимылдары туралы ӘК командирi байланыс болған кезде одан әрi ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қабылдайтын ӘКҚ органына хабарлайды.
513. Қосалқы әуеайлаққа ұшу оңтайлы ұшу бейiнiмен ӘКҚ органы қамтамасыз етедi, әуе кемесi экипажының сұрауы бойынша – әуе жолдарынан тыс (мүмкiндiгiне қарай) ең қысқа арақашықтық бойынша қамтамасыз етiледi.
514. Ұшу кезiнде әуе кемесiнiң ұшу экипажы келiп түсетiн белгiленген әуеайлақта және қосалқы әуеайлақтарда ұшу бағыты бойынша аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратты талдайды және отын шығынын қадағалауды жүргiзедi.
515. Метеорологиялық жағдайлардың нашарлауы немесе белгiленген әуеайлақтың немесе қауiпсiз қонуды жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн қосалқы әуеайлақтың техникалық жағынан дайын еместiгi туралы ақпарат алынған кезде басқаруында әуе кемесi болатын ӘКҚ органы бұл туралы дереу әуе кемесiнiң экипажына хабарлайды.
516. Аэронавигациялық және метеорологиялық жағдайды талдау негiзiнде ӘК командирiне ұшуда қосалқы әуеайлақты таңдауға рұқсат етiледi.
517. АҰҚ бойынша ұшу белгiленген қону әуеайлағы бағытында тек қана, егер ең соңғы қолда бар ақпарат ұшып келудiң есептiк кезеңiне көрсетiлген әуеайлақта немесе межелi орынның қосалқы әуеайлағының бiрiнде қону пайдалану минимумдары пайдаланыла отырып орындалуы мүмкiн екендiгiн көрсеткен жағдайда жалғастырылады.
518. Қосалқы әуеайлаққа кету шебi тұрған ӘКҚ ауданына шығу кезiнде әуе кемесiнiң экипажы ӘКҚ органына кету шебiнен ұшып өтудiң есептiк уақыты және таңдап алынған қосалқы әуеайлақ туралы хабарлайды.
Егер әуе кемесi ВОЛМЕТ автоматтандырылған жүйесiнiң хабар тарату аймағынан тыс қалған жағдайда көрсетiлген ақпаратты алу кезiнде ӘҚҚ органы шұғыл түрде нақты және болжанып отырған ауа райы туралы деректердi, сондай-ақ, қосалқы әуеайлақтың немесе белгiленген әуеайлақтың әуе кемесiн қабылдауға техникалық дайындығын растауды сұратады және бұл мәлiметтердi әуе кемесiнiң экипажына жеткiзедi.
519. Кету шебiнен белгiленген әуеайлаққа дейiн ұшуды жалғастыруға шешiмдi, ӘК командирi егер соңғы ақпарат:
1) ұшып келу уақытына ауа райы болжамы осы Қағидада белгiленген қосалқы әуеайлаққа арналған талаптарға сәйкес келетiн метеожағдайлар көзделетiнiн;
2) белгiленген әуеайлақтағы нақты ауа райы минимумнан төмен болмайтынын;
3) белгiленген әуеайлақтың әуе кемесiн қабылдауға техникалық дайындығы туралы растау алынғанын көрсететiн болса, қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |