66. Экипажға арналған оттегі жабдығы
446. Экипаж мүшелерінің оттегі жабдығы (оттегін беруді реттегіштер, оттегі аспаптары, оттегі маскалары) ауамен оттегінің қоспасына және таза оттегіге қолмен ауыстыру мүмкіндігімен тыныстау-автоматты типінде болуы тиіс. Оттегін авариялық беру де көзделуі тиіс.
Ұшу уақытында өз жұмыс орнында орналасқан экипаждың әрбір мүшесінің оттегі жабдығы толық дайындық жай-күйіне болуы тиіс.
Жұмыс орнында орналасқан экипаждың әрбір мүшесі оттегі маскасымен, оны тиісті жағдайында бетінде ұстап тұратын тиісті бекітпесі бар бетке жабысып орналасқан өлшемдері бойынша мүмкіндігінше әртүрлі оттегі маскасымен жабдықталуы тиіс.
Оттегі маскасы оны пайдалану кезінде мыналарға:
ұшу кезінде өз міндеттерін қиындықсыз орындауға экипаж мүшелеріне мүмкіндік беруге;
сыртқы және ішкі радиобайланысын жүргізуге мүмкіндік беруге тиіс.
Ұшу биіктігі 9000 м дейінгі ӘК экипаждың әрбір мүшесінің маскасы оны өз жұмыс орнынан оған алуға және оңай қолдануға мүмкіндік беретін жерде және жай-күйде орналасуы тиіс.
Ұшу биіктігі 9000 м астам ӘК экипаждың әрбір мүшесінде оттегі маскасы болуы тиіс, оның көмегімен бір қолымен 5 секунд ішінде бетіне киілуі тиіс.
447. Экипажды түтіннен, көміртегі тотығынан және басқа да зиянды газдардан қорғауға арналған оттегі жабдығы (түтіннен қорғау жабдығы).
ӘК экипаждың әрбір мүшесінің жұмыс орындарында тыныс алу органдары мен көзге экипаждың кабинасында өз міндеттерін орындау уақытында түтіннің, көміртегі тотығының және басқа да зиянды газдардың әсер етуінен экипаждың мүшелерін қорғау үшін жабдық орнатылуы тиіс. Осы мақсат үшін экипаждың әрбір мүшесіне арналған есептік шарттарға келтірілген (қысымы 760 мм сынап бағанасы (1010,8 м бар), температура 200С) 300 л кем емес оттегінің қоры көзделуі тиіс.
Тыныс алу органдарын қорғау үшін пайдаланылатын оттегі маскасы талаптарға жауап беруі тиіс және оны қолдану үшін түтіннен қорғау көзілдіріктерімен оны қолдану үшін жарамды болуы тиіс. Беттің барлығын жауып тұратын маска да пайдаланылуы мүмкін.
Көзді қорғауға арналған көзілдірік пен маска көздің көру аумағын шектемейтіндей, шынылар буланбайтындай, қаралатын заттар мен олардың түстері бұрмаланбайтындай ұсынылған функцияларды орындауға кедергі келтірмеуі тиіс, сондай-ақ белгіленген үлгідегі жақтауы бар диоптриялық түзеумен көзілдірікті қолдануға мүмкіндік беруі тиіс.
Кері герметизацияланған кабинада немесе түтінденген бөліктерде жылжу үшін қалыпты есептік жағдайларға келтірілген (қысым 760 мм сынап бағанасы (1010,8 мбар), температура 200С) сыйымдылығы 300 л кем емес көзбен тыныс алу автоматтық жүйесіндегі жылжымалы оттегі аспабы (блогы) көзделуі тиіс. Аспап (блок) беттің барлығын жабатын түтіннен қорғау маскасымен жабдықталуы және экипаждың кабинасында орналастырылуы тиіс.
67. Жолаушылар мен бортсеріктеріне арналған оттегі жабдығы
448. ӘК оттегі жетіспеушілігінен қорғау үшін тұрақты оттегі жүйесі немесе жылжымалы жабдық қолданылуы тиіс. Бұл ретте, масканы қажетті жағдайда ұстап тұратын қарапайым бекітпесі бар, бетке жеткілікті түрде нығыз жапсырылып тұратын үздіксіз берудегі оттегі маскалары пайдаланылуы тиіс. Жылжымалы оттегі аспаптары оған бір мезгілде 2-4 масканы қосу үшін ыңғайластырылуы мүмкін.
Осы Норманың 437-тармағына сәйкес айқындалған 4500 м астам биіктік кезіндегі герметикалық кабинадағы ӘК оттегі нүктелерінің (штуцерлер мен маскалардың) жалпы саны ӘК орындардың санынан 10% астамға асуы тиіс. Оттегі нүктелері жолаушының әрбір орнының жанында, сондай-ақ мүмкіндігінше кабинаның барлық жерінде теңдей орналасуы тиіс. Маскаларды беруден кейін олар өз орындарында отырған жолаушылардың шолу аумағы мен жету аймағында орналасуы тиіс. Әрбір әжетхана және жуыну бөлмелерінде екі оттегі нүктелерінен орнатылуы тиіс.
Кабинаны кері герметизациялаудан кейін жолаушыларға оттегіні беру төменде көрсетілгендерге сәйкес жүргізіледі:
4200+300 м астам биіктік кезіндегі кабинада барлық оттегі маскалары автоматты түрде беріледі, оттегі жеткізілген, бірақ беру жоқ. Оттегін беру масканы кие отырып, бір мезгілде басталады;
4200+300 м және төмен биіктік кезіндегі кабинада оттегі маскаларының іс-әрекетін бортсерігі жүргізеді.
449. Жолаушыларды оттегімен терапевтикалық тыныстандыру жылжымалы оттегі аспаптарының (блоктарының) немесе тұрақты жүйенің оттегі нүктелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс.
450. Кабинаның кері герметизациясынан кейін жолаушыларға көмек көрсетумен айналысатын әрбір бортсерігі қоректендіру 15 минуттан кем емес мерзімде оттегінің қорымен жылжымалы оттегі аспабы (блогы) бар маскамен қамтамасыз етілуі тиіс. Кабинаның түтінденуі кезінде жолаушыларға көмек көрсету функциясы ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүктелген бортсеріктері түтіннен қорғау маскаларымен қосымша қамтамасыз етілуі тиіс. Оған түтіннен қорғау маскасымен түйістірілген аспап осы Норманың талаптарына сәйкес болуы тиіс және бортсерігі үшін қолжетімді жерде орнатылуы тиіс.
68. ӘК оттегі жабдығын пайдалану және орналастыру қауіпсіздігі
451. Тұрақты оттегі жүйесінде өрт кезінде қысымның авариялық артуы жағдайында борттан баллондардан оттегін шығару үшін құрылғы көзделуі тиіс.
452. ӘК оттегі жабдығын орналастыру кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:
Оттегі жабдығының элементтері өрт қауіпсіздігі аймағында орналаспауы тиіс және мұндай аймақтан тыс таралатын қызудан қорғалуы тиіс.
Оттегі жабдығының элементтері олардың қалыпты жұмысы кезінде және сынған жағдайда сыртқа шығатын оттегі қандай-да бір басқа жабдықтың қалыпты жұмысы, бас тартуы немесе сынуы кезінде орын алатын майлардың, сұйықтықтардың немесе булардың жануын тудырмайтындай жолмен орнатылуы тиіс.
Оттегі жабдығының элементтері ұшқын шығарудың герметикалық көздерінен тұратын электр жабдығы элементтерінен алып тасталуы тиіс.
Оттегі көздері мен жолын жабатын және редукциялайтын құрылғылармен оттегінің көздерін біріктіретін тұрба құбыры авариялық қону кезінде олардың бұзылуы мүмкіндігі мен қаупін азайтатындай орналасуы тиіс.
69. Оттегі жабдығын пайдалану
453. Оттегі жабдығының конструкциясы және оны ӘК орналастыру ұшуда басқарушы және бақылаушы органдардың пайдалану ыңғайлылығын және оны қызмет көрсету кезінде оттегі жабдығының элементтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
ӘК оттегінің көздерінде оттегі қорының бақылау құрылғысы болуы тиіс. Тұрақты оттегі жүйелеріндегі оттегінің қорын бақылау үшін мұндай құрылғылар экипаждың кабинасында да орналасуы тиіс.
454. Экипаж мүшелеріне маскаға оттегін беруді бақылайтын құрылғы көзделуі тиіс.
455. Барлық оттегі маскалары жеңіл тазарту мен дезинфекция үшін ыңғайластырылған болуы тиіс. Мүмкіндігінше, бұл операциялар экипаж мүшелерінің оттегі маскалары үшін арнайы борт дәрі қобдишасының көмегімен орындала алатындай болуы тиіс.
456. Авариялық оттегі жүйесімен жабдықталған ӘК ұшу алдында жолаушыларға оттегі маскасын пайдаланудың ережесі мен әдістері хабарландырылуы және көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта ӘК көрсету маскалары мен оларды орналастыру орындары көзделуі тиіс.
70. Мұздануға қарсы қорғау
457. Мұздану жағдайында пайдалану үшін жол берілетін ӘК сипаттамасы мен конструкциясы барлық пайдалану биіктіктері мен жылдамдықтарда мұздану жағдайында ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
458. ӘК қорғау ұзақ мұзданудың келесі диапазонында ерекше жағдайлардың туындауынсыз қамтамасыз етілуі тиіс (5-кесте):
5-кесте
Сыртқы ауаның температурасы,0С
|
0
|
-10
|
-20
|
-30
|
Сулылық, г/м3
|
0,8
|
0,6
|
0,3
|
0,2
|
Биіктік,м
|
5000
|
6000
|
8000
|
9500
|
Тамшының есептік орташа арифметикалық өлшемі, мкм
|
20
|
Мұздану аймағының көлденең ұзақтығы, км
|
200
|
Тік ұзақтығы, м
|
2000
|
Сулану мен температураның шекті мәндері кезінде ұшу жағдайларын күрделілендіруге жол беріледі.
Ескертпе: Қорғау деп конструктивтік, аэродинамикалық және өзге де іс-шаралардың кешені (ӘК мұздануға қарсы қондырғыны қамтитын) түсініледі.
459. ӘК қорғау қысқа мерзімді мұзданудың (6-кестеде) мынадай жағдайларында күрделі жағдайдың туындауынсыз қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте, мұздану себебі бойынша күш қондырғысын орнатудан бас тартуға жол берілмейді:
6-кесте
Сыртқы ауаның температурасы, 0С
|
0
|
-10
|
-20
|
-30
|
-40
|
Сулылық, г/м3
|
2,5
|
2,2
|
1,7
|
1,0
|
0,2
|
Биіктік, м
|
500-5000
|
500-6000
|
2000-8000
|
3000-9500
|
5000-11000
|
Тамшының есептік орташа арифметикалық өлшемі, мкм
|
20
|
Мұздану аймағының көлденең ұзақтығы, км
|
5-10
|
460. ӘК планерінің мұздануға қарсы жүйесі талаптарға сәйкес жобалануы тиіс, ал күш қондырғыларының, биіктік-жылдамдық өлшемдері аспаптары датчиктерінің (ауа қысымын қабылдағыштар, шабуыл бұрыштарының және сырғанау датчиктері және т.б.) және мұзданудың сигнализаторлар планерінің мұздануға қарсы жүйесі осы Норманың талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.
Планердің мұздануға қарсы жүйесі жұмысы кезінде ерекше жағдайлардың туындауына алып келмейтін планер мен күш қондырғысының элементтерінде қалдық мұздың жинақталуына жол берілмейді.
461. Жұмыс істеуі қозғалтқыш жұмысымен байланысты планерінің мұздануға қарсы жүйесі ұшағында қолдану жағдайында осы бөлімнің талаптарына сәйкес ұшудың кез келген кезеңінде бір (сындарлы) қозғалтқыштың бас тартуы кезінде де айқындау қажет. Бұл ретте, планерінің мұздануға қарсы жүйесі тиімділігінің төмендеуі авариялы жағдайлардың туындауына алып келмейтіндігі көрсетілуі тиіс.
462. ӘК мұздану жағдайындағы ұшу уақытының ішінде мұздану туралы сигнал беруді, экипажды уақтылы ескертуді қамтамасыз ететін мұздану сигнал беру құралдарымен жабдықталуы тиіс.
ӘК сертификаттау кезінде сипаттамалары, сигнализатордың конструкциясы және ӘК оны орнатудың орны эталондық цилиндрде 10-15 мм 0,5 мм дейінгі қалыңдықтағы мұздың құралуы болғаннан кешіктірмей мұзданудың басталуы туралы дабылды беруді қамтамасыз ететіні көрсетілуі тиіс.
ӘК мұзданудың көзбен шолу көрсеткішін немесе интенсиметрді орнату, сондай-ақ оны қолмен қосу және сөндірудің міндетті болуы кезінде планерінің мұздануға қарсы жүйесін автоматты қосуды (басқаруды) көздеу ұсынылады.
463. Жердегі планерінің мұздануға қарсы жүйесінің ақаулығы мен жұмыс қабілеті, сондай-ақ ұшудағы оның жұмысы үшін бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Экипаждың мүшелері үшін күндіз және түнде ӘК үстіндегі және бөліктеріндегі мұздың болуына тікелей немесе жанама бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Көзбен шолу бақылауға жататын нақты үстілері мен бөліктері ӘК жобалау және сертификаттау процесінде талдау нәтижелері бойынша айқындалады.
464. Планердің мұздануға қарсы жүйесі жұмысы ұшудың жағдайларын күрделілендіруге алып келетін ӘК ұшу сипаттамаларын өзгертуін тудыруы және осы Нормалармен белгіленген рұқсат етілген деңгейден асатын навигациялық және радиотехникалық жабдықтың жұмысында кедергілер жасауға, сондай-ақ ӘК басқа жүйелерінде бас тартуды немесе жұмыста бұзушылықты тудыруы тиіс емес.
465. Планердің мұздануға қарсы жүйесі планер мен қозғалтқыштарды пайдалану ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қозғалтқыштар жұмысының барлық пайдалану режимдерінде қамтамасыз етілуі тиіс.
Жағдайдағы күш қондырғысы элементтеріндегі мұздың мүмкін болатын жиналуы және жұмыс істейтін планердің мұздануға қарсы жүйесі кезінде және планердің мұздануға қарсы жүйесін қосудың кешігуі кезінде қолайсыз салдарларға алып келмеуі тиіс.
466. Жұмыс істемейтін планердің мұздануға қарсы жүйесі планермен мұздану жағдайында ӘК түсуі кезінде авариялық жағдайдың туындауынсыз ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұшуды аяқтау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
467. Мұзданудан қорғалмаған жекелеген ұстап тұратын беттерінің және конструкцияның басқа да элементтері бар ӘК үшін талаптарға сәйкес барлық пайдалану биіктіктері мен жылдамдықтарында мұздану жағдайындағы ұшудың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
468. Мұздану жағдайында ӘК басқару және механикаландыру органдарын мұздың бітеп тастауы немесе бұзуы болмауы тиіс.
469. Мұздану жағдайларына қарастырылмаған ӘК үшін ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес авариялық жағдайдың туындауынсыз мұздану аумағынан шығуға қажетті уақыт ішінде мұздану жағдайына қасақана емес түсуі кезінде ұшу қабілеті қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Көрсетілген ӘК мұздану сигнал беруін, сондай-ақ күштік қондырғылардың мұзданудан, экипаж қабинасының, биіктік-жылдамдық өлшемдерінің аспаптар датчиктерінің т.б. қырауланудан қорғалуын көздеу ұсынылады.
470. ӘК осы тараудың талаптарына, сондай-ақ мұздану жағдайларында ұшуға қатысты 9, 10, 13, 14, 15-тараулар осы Норманың талаптарына сәйкес келетін табиғи мұздану жағдайларында сынақтарды қоса алғанда жерүсті және ұшу сынақтарының есептерімен және кешендерімен растауы тиіс. Сынақтардың ұсынылатын тізбелері:
1) ӘК жекелеген бөлімдерінің немесе олардың моделдерінің «құрғақ» ауада және табиғи мұздану жағдайларында зертханалық және стендтік сынақтары;
2) ӘК моделдерін немесе оның жекелеген бөлшектерін аэродинамикалық түтікте мұз имитаторларымен сынау;
3) ӘК құрғақ ауада ұшу сынағы;
4) ӘК немесе оның бөліктерін табиғи мұзданудың бақылататын жағдайларында ұшу сынағы;
5) ӘК мұз имитаторларымен ұшу сынағы;
6) ӘК табиғи мұзданудың бақыланатын жағдайында ұшу сынағы.
71. Ұшу ақпаратын жинау жүйесі
471. Жинау жүйесі жинақтаған ұшу ақпараты ұшу оқиғаларының себептерін және олардың алғы шарттарын белгілеу мен талдауға арналған әрі авиациялық техниканың техникалық жай-күйін бағалауға, ӘК жүйелері мен агрегаттарының жұмыс режимін бақылауға, экипаждың іс-қимылын бағалауға арналған.
Ұшу ақпаратын жинау жүйесі құрамына:
өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы;
дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы кіруі тиіс.
Ескертпе: салмағы 10 т кем және экипаж мүшелері 2 адамнан аспайтын ӘК үшін дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы орнату бөлігіндегі талаптар ұсынбалы болып табылады.
Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы мен дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы ӘК қалыпты жұмысы кезінде бақыланатын жүйелері мен жабдықтарының жұмыс қабілетін бұзбауы, ал бұл борт құралдары мен байланыс желілерінде ақау болған кезде ұшудың қиындатылған жағдайларынан нашар ахуалдарға әкелмеуі тиіс.
Ұшу ақпаратын жинау жүйесінде өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы және дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы электр қуатының авариялық көзінен ажыратып-қосуды қамтамасыз ететін құрылғы көзделуі тиіс.
Ескертпе: өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралына авариялық қуат көзімен қамтамасыз етілмеген ұшақтардың жүйелерінен алынған сигнал беру қоспау ерекшелігін құрайды.
Борт құралдарын қосу және ажырату автоматты, сондай-ақ қолмен жүргізілуі тиіс. Ұшуда бұл борт құралдарын ажырату болмауы тиіс.
Өлшемдік және дыбыстық ақпаратты ілеспе жаңалау қамтамасыз етілуі тиіс.
Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралдары мен дыбыс ақпаратын жинау құралдары осы Норманың 1025 және 1026-тармақтарына сәйкес сыртқы ықпал ету жағдайларында қалыпты жұмыс істеуі тиіс.
Өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы және дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы осы Норманың 1025 және 1026-тармақтарына сәйкес сыртқы әсер ету жағдайларында қалыпты жұмыс істеуі тиіс.
Өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы және дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралының қорғалған жинағыштары ұшу оқиғалары кезінде ақпараттың сақталуын барынша ықтималдығын қамтамасыз ететін орындарда орнатылуы ұсынылады.
Өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы және дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралының қорғалған жинағыштары ашық қызғылт-сары немесе ашық-сары түске боялып, «АВАРИЙНЫЙ САМОПИСЕЦ» - орыс тілінде «FLIGHT RECORDER» - өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы үшін, «VOICE RECORDER» - дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы үшін ағылшын тілінде жазулар болуы тиіс.
72. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы
472. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы өлшемдердің мына топтарын тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс:
қызметтік өлшемдер (уақыт, рейс нөмірі, ӘК нөмірі, ұшу күні);
ӘК қозғалысын сипаттайтын өлшемдер;
ӘК басқару органдарының жағдайын сипаттайтын өлшемдер;
күштік құрылғылардың жай-күйін сипаттайтын өлшемдер;
ӘК жүйесінің жай-күйін сипаттайтын өлшемдер.
473. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралының қорғанбалы жинақтағышы өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы жұмысының кемінде соңғы 25 сағаты ішіндегі ақпаратты жинақтауын және сақтауын қамтамасыз етуі тиіс.
73. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы
474. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы ішкі және сыртқы байланыстар бойынша сөйлесулерді, ұшқыштардың телефонына және қатты сөйлегіштерге түсетін арнайы сигналдарды, сондай-ақ экипаж кабинасындағы ашық сөйлесулерді үздіксіз жазуды қамтамасыз етуі тиіс.
475. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралдарында жазбалардың кемінде төрт тәуелсіз арналары болуы тиіс.
Ақпаратты бөлуді былайша орындау ұсынылады:
1-канал бойынша - сол жақтағы ұшқыш (Ішкі байланыс аппаратурасын қолдана отырып);
2-канал бойынша - оң жақтағы ұшқыш (Ішкі байланыс аппаратурасын қолдана отырып);
3-канал бойынша - экипаж кабинасында орнатылған ашық микрофон (микрофондар);
4-канал бойынша - уақыт жазбасы.
Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралдары жинақтаған ақпарат кемінде дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы жұмысының соңғы 30 минутына дейін сақталынуы тиіс.
Ішкі байланыс аппаратурасымен жұмыс істейтін каналдар бойынша сөздерді жаңғырту сапасы жинақталған дыбыс ақпаратын түсінікті болуын қамтамасыз етуі қажет.
74. Авариялық-құтқару жабдығы
476. ӘК жолаушылар мен экипаж мүшелері жарақаттануының ең аз мүмкіндігіне әкелу және ӘК авариялық қонуы жағдайында оларды көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатындағы осы Норманың талаптарын қанағаттандыратын борттық авариялық-құтқару кешенімен жарақтандырылуы тиіс.
477. Адамның креслоға бекіген басы, денесі мен аяғының мүмкін болатын орналасу аймағында ӘК авариялық қонуы кезінде жүктеме әсерімен оған жарақат түсіруі мүмкін конструкциялар мен жабдық элементтері болмауы тиіс.
478. ӘК ұшуы мен қонуы кезінде отырған немесе ӘК қалыпты ұшуы, тұрған және авариялық көшіру кезінде ӘК ішімен қозғалуы кезінде жарақат түсіруі мүмкін конструкциялар мен жабдықтардың шығып тұрған элементтерінің бұрыштары дөңестене бітуі немесе жұмсақ қамтамасыз болуы тиіс.
479. Егер ӘК жекелеген кабиналарға (салондарға) бөлініп, олардың арасындағы өткін тар боса, онда жекелеген әрбір кабина (салон) осы Норманың 436-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
479-1. Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шілдеден кейін берілген және біреуі автоматты болып табылатын кемінде екі ELT-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19-дан астам жолаушы тасымалдау рұқсат етілген азаматтық ұшақтардың барлығы кемінде бір КОСПАС-САРСАТ (ELT – ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура) жүйесінің автоматты авариялық жетекті хабар таратқышымен жарақтандырылады.
Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шілдеден кейін берілген және кем дегенде бір автоматты ELT-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19 немесе одан кем жолаушы тасымалдау рұқсат етілген азаматтық ұшақтардың барлығы кез келген үлгідегі кемінде бір ELT-пен жарақтандырылады.
Ұшуды 1 және 2-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тікұшақтардың барлығы кемінде бір автоматты ELT-пен, ал авиациялық жұмыстарды орындау үшін су кеңістігі үстінен ұшқан кезде кемінде бір автоматты ELT-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесiне бір авариялық-құтқару жетекті хабар таратқышымен (ELT(S) – ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура) жарақтандырылады.
Ұшуды 3-сыныпты класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тікұшақтардың барлығы кемінде бір автоматты ELT-пен, ал құрлықтан планирлеу режимінде ұшудың немесе қауіпсіз мәжбүрлі қонудың шекті қашықтығынан артатын арақашықтықта су кеңістігі үстінен ұшуды орындаған кезде кемінде бір автоматты ELT-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесіне бір ELT(S)-пен жарақтандырылады.
Ескерту. Нормалар 479-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2013 № 752 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
75. Креслолар мен бекітпе құралдары
480. ӘК бортындағы әрбір адам үшін тиісті бекітпе құралдары бар кресло (отырғыш) көзделуі тиіс.
Әрбір кресло (отырғыш), оның ӘК бекіткіш тораптары, ондағы адамды бекітпе құралдары мен олардың адамды бекіту тораптары (отырғышқа, ӘК конструкциясына) жобалануы тиіс.
Бұл ретте жолаушы мен борт жолсерігінің салмағы 80 кг, ал экипаж мүшесінің салмағы 90 кг тең болуы тиіс.
Жолаушылар мен борт жолсеріктерінің креслолары (отырғыштары) ӘК ұшуының бағыты бойынша немесе оған қарсы орнатылуы тиіс. Креслоларды ӘК ұшу бағытына қарсы орнату кезінде ӘК авариялық қонуы жағдайында адамның басына арналған тірекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Экипаждың барлық креслолары белдік және иықтық байлау белдіктерімен жарақталуы тиіс. Экипаждың ұшу құрамының креслолары иықтық байлау белдіктерін автоматты түрде тұйықтау тетігімен жарақталуы тиіс.
Борт жолсеріктерінің креслолары кабинаның едені деңгейіндегі авариялық шығыстар маңында орналасуы тиіс.
Ескертпе: егер борт жолсеріктерінің саны кабинаның едені деңгейіндегі авариялық шығыстар санынан астам болса, онда қалған борт жолсеріктері олардың функционалдық міндеттері мен кабинадағы жолаушылардың бөлінуіне қарай кез келген басқа жолаушылар кабинасында орналасуы мүмкін.
481. Жолаушылардың креслолары:
1) белдік байлау белбеулерімен, немесе;
2) белдік немесе иықтық байлау белбеулерімен, немесе;
3) белдік байлау белбеулерімен немесе адамның денесі мен басын ұстайтын соққы жұтқыш тірекпен жарақтандырылуы тиіс.
482. Реттемелі, жиналмалы және айналмалы креслолар (отырғыштар) ұйғарылған жүктелім жағдайларында олар бекітпе тораптарында қозғалмайтындай болып жобалануы тиіс. Оларды жұмыс немесе жұмыстан тыс жағдайын орнату кезінде бұл креслоларды (отырғыштарды) бекіту қамтамасыз етілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |