59. ӘК доңғалақтарын тежеу жүйелері
381. ӘК доңғалақтарын тежеу жүйелері пайдаланудың жағдайларында мыналарды қамтамасыз eтуі тиіс:
1) тұру, рулдеу, маневрлеу, қозғалу, тоқталған ұшу, тіркеу кезінде және қозғалар алдында доңғалақты сенімді тежеу;
2) шассидің негізгі тіректерінің тежегіш доңғалақтарын бір мезгілде, сондай-ақ дифференциалды тежеу мүмкіндігі;
3) ұшқаннан кейін шассидің барлық тіректерінің доңғалақтарын тоқтату (қажеттілік кезінде);
4) тұрақтағы ӘК кесімді тежеу.
382. Доңғалақтардың бip немесе бірнеше тежегіштерінің құбыр өткізгіштері бұзылған жағдайда гидрожүйеден жұмыс сұйықтығының ағып кету шамасы қалған доңғалақтар тeжeгіштepiнің жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ете алатындай шектелуі тиic.
383. Доңғалақтар тежегіштерін басқару қарапайым, ыңғайлы және ӘК басқару жөніндегі басқа операцияларды орындауға кедергі келтірмеуі тиіс.
384. Доңғалақтарды тежеу жүйесі бip қосымша операцияға рұқсат берілетін жылдам тежеу режиміне көшуді қоспағанда қандай-да бip дайындық немесе бақылау операцияларынсыз басқарушы органдарды (педальдер, гашеткалар) жылжытумен ғана жұмыс icтеуге кірісуі тиіс.
385. Бip ұшқыштан екінші ұшқышқа тежегіштерді басқаруды беру қарапайым болуы және ешқандай-да қолмен ауысуларды талап eтпеуі тиіс.
386. Тежегіш доңғалақтармен ӘК қондыру мүмкіндігін болдырмайтындай шаралар көзделуі тиіс немесе тежегіш доңғалақтармен қону күрделіден нашар жағдайға алып келмеуі көрсетілуі тиіс.
387. Доңғалақтарды тежеу жүйесі пайдаланудың күтілетін жағдайында барлық ұсынылған Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың тежегіш құралдарын пайдалану кезінде оның электрқоректендіру жүйесі мен көздерінің кез келген элементін бұзу немесе бip жолғы бас тарту тежегіштерді қосуға жол беретіндей кез келген жылдамдықта бас тарту кезінде 1,5 есе астамға тежегіш жолын ұлғайтуға алып келмейтіндей резервтелуі тиіс.
Резервтеу электрқоректендірудің оқшауланған (автономды) көздері бар авариялық жүйемен немесе қатар жұмыс істейтін тәуелсіз жүйені қолданумен жүзеге асырылуы мүмкін.
388. Егер, тежеудің резервтік жүйесі электрқоректендіру көздері шектелген болған жағдайда, Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық ұсынған ұшып-қону жолағымен оны жүргізу және қозғалу кезінде ӘК тоқтату үшін жеткілікті толық тежеулер санымен қамтамасыз етілуі тиic.
389. Резервтік және авариялық жүйелерді пайдалану жүргізу, қону және тоқталған ұшуда ӘК жылдамдығының барлық пайдалану диапазонында шиналарды бұзуға алып келетін «юза» доңғалағын тудырмауы тиic.
390. Жұмыс істемейтін газға қарсы автоматика кезінде негізгі және резервтік жүйелерден тежеу кезінде доңғалақтардың тежегіштеріндегі қалыптасқан қысым оған ұсынылып отырған күш-жігерге және басқарушы органдардың жұмыс барысына шамамен тең болуы тиіс.
Оның жұмысының барлық көзделген режимдерінде басқарушы органдардың тежеу жүйесін пайдалану шамадан тыс күш-жігерлерді ұшқыштан талап eтпеуі тиic.
391. Негізгі және резервтік жүйелерден доңғалақтарды кідірту және жылдамдату уақытында барлық типтердегі ӘК үшін рулдеу және қозғалуда ӘК тежегіші мен басқарушылығының қолайлы сипаттамаларын қамтамасыз ету жағдайларынан, басқарылмайтын алдыңғы тірекпен ӘК үшін - қозғалу кезінде айқындалуы тиic. Бұл ретте, доңғалақтарды толық кідірту және жылдамдату пайдаланудың күтілетін жағдайында 1,5 секундтан аспауы тиic.
Ескертпе: Тежегіш жүйесінің талап етілетін жедел әсер етуін қамтамасыз ету үшін сырттағы ауаның минус 300-тан төмен температурасы кезінде жүргізу алдындағы ұзақ тоқтаулар кейін тежегішті қосумен оны қозғалтуға жол беріледі.
392. Тежегіш жүйелерінің басқарушы органдарындағы бос жүріс жалпы жүрістен 25% астам болмауы және бастапқы жұмыс жүрісіндегіге қарағанда аз күшеюмен таңдалуы тиic.
393. Негізгі тежегіш жүйесіндегі газға қарсы құрылғының болуы егер, пайдаланудың күтілетін жағдайында жер бойынша қозғалу кезінде ӘК басқарушылық сипаттамасының нашарлауы мен шиптің бұзылуы болмаған кезде көз жеткізілмесе, міндетті.
394. Тежегіштермен басқару жүйесінде бас тартулардың туындауы туралы экипажды ақпараттандыратын және жүйенің ақаусыздығына көз жеткізуге мүмкіндік беретін бақылау аспаптары мен сигнал беру болуы тиіс.
Егер, басқарудың арнайы тетіктерін немесе сатылы жүктеулерді енгізумен байланысты емес жүйе жұмыстары режимдерінің автоматты өзгеруі көзделмесе, аталған өзгерістің жарықтық сигнал беру көзделуі тиіс.
60. Гидравликалық және пневматикалық жүйелер
395. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері көрсетілген жетектердің жұмысы көзделетін барлық режимдерде ӘК басқа жүйелеріне кіретін жетектердің қоректендіру функциясын сенімді орындауды қамтамасыз етілетін пайдаланудың күтілетін жағдайларында құрастырылуы тиіс.
396. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері қысымы көздерінің қуаты Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес олардың бір мезгілдегі жұмысымен неғұрлым қолайсыз үйлесімдігі кезінде пайдаланушы жүйелердің жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс. Осы қуаттың бөлігі аккумулятордан алынған кезде, оның энергия сыйымдылығы олардың арасындағы уақыттың қажетті интервалдарымен жұмыс циклдарының (операцияларының) тұтынатын санын орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.
397. Экипаждың кабинасында мыналар көзделуі тиіс:
1) әрбір жүйедегі қысымды бақылау жүйесі;
2) гидробактағы жұмыс сұйықтығының саны мен үрлеу қысымын бақылау немесе сигнал беру құралдары;
3) әрбір жүйенің бас тартуы туралы сигнал беру;
4) авариялық көздерді қосу сигнал беру (бақылау);
5) Жүйе элементтерінің нығыздау қысымынан жоғары жұмыстың әртүрлі режимдеріндегі (оның ішінде, өтпелі процестер кезінде, сұйықтық пен газдың жылулық көлемді ұлғаюы кезінде, жүйе элементтерінің кез келгенінің бас тартуы кезінде, сондай-ақ оны тексеру процесінде) жүйедегі қысымның артуын болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс.
398. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері ӘК өртті немесе жарылысты тудырмауы және оларға қолданылатын өрт қауіпсіздігіне талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
399. Жүйенің сұйықтықпен (газбен) ластануы себебі бойынша бас тартулар мен ақаулықтардан жүйелердің агрегаттарын қорғау үшін өткізбейтін және қайта өткізетін құрылғылармен тазарту сүзгілерімен жабдықталуы тиіс. Бұдан басқа, компрессорлардан қоректендіру көздерімен пневматикалық жүйеде су мен майды газдан алып тастау үшін қалдықсақтауыш көзделуі тиіс.
400. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері ағып кету жағдайында мынадай жолмен орындалуы, орнатылуы немесе (және) қорғалуы тиіс:
1) белгіленген концентрацияға улы гидросұйықтық немесе оның буы экипаж бен жолаушылардың кабиналарына өте алмауы тиіс;
2) улы емес сұйықтықтың экипаж бен жолаушылардың кабинасына түсуі ұшу жағдайларын күрделілендіруден нашар жағдайға алып келмеуі тиіс.
401. Егер гидросораптың ӘК қозғалтқышынан жетегі бар болатын болса, онда жұмыс сұйықтығының болмауынан бас тартуды қоса, гидросораптың кез келген мүмкін болатын бас тартуы қозғалтқыштың жұмыс қабілетінің бұзылуына алып келмеуі тиіс.
402. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері резервтеу қағидаты бойынша орындалуы тиіс. Гидравликалық және пневматикалық жүйелерін резервтеудің қысқалығы талаптарды орындауды қамтамасыз ету мақсатымен (тұтынушыларды тамақтандыру бөлігінде) олар қызмет көрсететін тұтынушыларға қойылатын талаптармен айқындалуы тиіс.
403. Герметикалыққа, беріктікке және тығыздыққа (нығыздыққа) және бұзылуға агрегаттардың, қосылу арматурасының және құбыр өткізгіштердің сынақтары, сондай-ақ герметикалыққа жүйенің сынағы жүргізілуі тиіс.
Ескертпе: Сыртқы жүктемелерден және жұмыс денесінің қысымынан шоғырландырылған жүктемеге ұшыраған жүйелердің агрегаттары соңғыларын ескере отырып, сыналуы тиіс.
61. ӘК жолаушылар кабиналары, багаж-жүк бөліктері және жүк кабиналары
404. Жолаушылар кабиналары, багаж-жүк және жүк жабдықтары осы Норманың талаптарына сәйкес болуы қажет.
405. Багаж-жүк бөлімдері мен жүк кабиналары осы Норманың талаптарына жауап беретін багаж бен жүкті бекіту (арқандау) құралдарымен жабдықталуы тиіс.
406. Жолаушыларға қол жетімді жолаушылар кабинасындағы технологиялық люктер арнайы құрылғылармен (құралмен) ғана ашылуы тиіс.
407. Буфеттердегі, асханалардағы, әжетханалардағы және вестибюльдердегі едендердің конструкциясы (кіреберіс есіктері маңында) ылғал өткізбейтін болуы тиіс.
408. ӘК орнатылған саумен жабдықтау және кәріз жүйесі коррозиялы-тұрақты материалдардан дайындалуы және ӘК конструкциясына, агрегаттары мен коммуникацияларға ылғалдың түсуін болдырмауы тиіс. Сумен жабдықтау жүйесі судың (құйылған) сапасын нашарлатпауы тиіс.
409. ӘК багаж-жүк бөліктері мен жүк кабиналары едендері осы бөліктер мен кабиналардан ӘК басқа бөліктеріне сұйықтықтың енуінің мүмкіндігін ең азға алып келетін қорғау құралдарымен жабдықталуы тиіс.
ӘК конструкциясына олардың кездейсоқ түсуі кезінде сұйықтық пен ылғалды бақылау мен алып тастау мүмкіндігі көзделуі тиіс. Багаж-жүк бөліктерінің аумағындағы агрегаттар мен коммуникациялар сұйықтық пен ылғалдықтың түсуінен қорғалуы тиіс.
410. Кіру есіктері, авариялық шығулар және салатын люктер өздігінен, сондай-ақ оларды қасақана ашуды болдырмайтын бекіту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
411. Кіру есіктері, авариялық шығулар мен салатын есіктер жабық (ашық) жағдайдағы дабылмен, сондай-ақ бекітетін құрылғылардың жағдайын индикациялаумен жабдықталуы тиіс.
62. Герметикалық кабиналар, ауа қысымын кондиционерлеу және реттеу жүйелері
412. Ауаны кондиционерлеу жүйесі жердегі пайдаланудың күтілетін жағдайларында, сондай-ақ ұшудың барлық кезеңдері мен режимдерінде кабинадағы оның өзгерістерінің, температурасының, ылғалдылығының, газ құрамының және ауа қозғалысының жылдамдығы бойынша талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Талаптар герметикалық және герметикалық емес кабиналардағы ӘК қолданылады.
413. ӘК кабинасындағы, оның ішінде, ауаны кондиционерлеу жүйесінен шығуға ауа мынадай санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс. Көміртегінің тотығы 20 мг/м3-дан, азоттың тотығы - 5 мг/м3-дан, отынның буы (көміртегіне қайта есептегенде) - 300 мг/м3- дан, ароматикалық көмірсутегілер - 5 мг/м3-дан, синтетикалық майлау майларының булары мен аэрозольдары - 2 мг/м3-дан, минералдық майлау майларының булары мен аэрозольдары - 5 мг/м3-дан, фторорганикалық қосылыстар 0,5 мг/м3-дан (фторлы сутегіне қайта есепте), формальдегид - 0,5 мг/м3-дан, альдегид (жиынтықты) - 0,6 мг/м3-дан аспауы тиіс. Биіктеу мен төмендеудің уақытын қоса, үш сағатқа дейін ұшу ұзақтығымен 7000 м астам биіктіктің ауа қабатындағы кабинаның орташа өлшемді озоны 0,2 мг/м3-нен аспауы тиіс.
Үш сағаттан артық ұшу ұзақтығы кезінде кабинаның әуе кеңістігіндегі озонның орташа өлшемді шоғырлану ұшудың барлық уақытында 0,1 мг/м3-дан аспауы тиіс.
Кабинаның ауасында екі немесе бірнеше бір бағытты биологиялық әсер ету заттарының болуы кезінде олардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы бойынша олардан нақты шоғырланулар қарым-қатынастар сомасы бірліктен жоғары болмауы тиіс. Экипаж бен жолаушылардың жұмыс қабілеті мен денсаулығына әсер ететін басқа да зиянды заттардың болуына жол берілмейді.
414. Кабинаны үрлеу сығымдалған ауаның екі көзінен кем еместе жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте, ауаны суыту жүйесі кем дегенде екі тәуелсіз кіші жүйелерден тұруы тиіс. Олардың біреуінің қатардан шығуы кезінде және сығымдалған ауа көздерінің 50%-нан ауаны беруді тоқтату кезінде кабинадағы температура +50С төмендемеуі тиіс және (21-суреті) кестеде келтірілген бас тартулар туындағаннан кейін жүйе жұмысының уақытына байланысты мәндерден аспауы тиіс. Сығымдалған ауа көздерінің 50% бас тартқан кезде барлық тұтынушыларға оның қалған көздерінен беру қамтамасыз етілуі тиіс.
415. Экипаждың кабинасындағы және жолаушылар кабинасындағы ауаның температурасы бірқалыпты болуы тиіс. Олардың біреуіне берілетін ауа өлшемдерінің өзгеруі басқасындағы ауа өлшемдерінің өзгеруіне алып келмеуі тиіс. Аталған талап мынадай жағдайларды бірмезгілде орындау кезінде міндетті болып табылады:
1) экипаждың кабинасы мен жолаушылар кабинасының жалпы көлемі 23 м3 аспайды;
2) кабинаға ауаны беру және олардың арасындағы ауа алмасу жүйесі 30С аспайтын айырмамен экипаж бен жолаушылардың кабинасында температураны қамтамасыз етеді;
3) экипажға кабинадағы температураны реттеу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
416. Кондиционерлеу жүйесі сығымдалған газ көздерінен оны үзу және қосудың бекіту құрылғылары болуы тиіс. Сығымдалған ауа көздерінен кондиционерлеу жүйесін авариялық үзу уақыты 10 секундтан аспауы тиіс.
417. Температуралық режим мен кабинаға ауаны беруді реттейтін қысым мен таратушыларды реттеу жүйесінің агрегаттары, ауаны суыту жүйесін бекіту құрылғыларының электрлік жетектерін қоректендіру.
418. Ауаны суыту жүйесі құбыр өткізгіштері мен агрегаттарын орналастыру ӘК конструкциясының элементтері мен басқа да жүйелеріне 2000С астам температурадағы ыстық ауаның әсер етуінің олардың мүмкін болатын бұзуы кезінде күрделіден нашар жағдайға алып келмейтіндей болуы тиіс.
419. ӘК кабинасының жылу оқшаулау конструкциясы онда ылғалды барынша қысқартатындай жолмен орындалуы тиіс. Фюзеляждағы ылғалдың жиналуының алдын алу үшін шаралар қабылдануы тиіс.
420. Қысымды кондиционерлеу және реттеу жүйесінің барлық агрегаттары мынадай жағдайларда:
1) оларды орнату жерлеріндегі барынша мүмкін болатын дірілдер жағдайында (осы Норманың 1025-1026-тармақтары);
2) оларды орнату жерлеріндегі жұмыс ортасындағы температураның шеткі мәндері кезінде (осы Норманың 1025-1026-тармақтары);
3) пайдаланудың күтілетін жағдайларында және осы Норманың 1025-1026-тармақтарында көрсетілген қоршаған ауаның температурасы мен ылғалдылығы кезінде жұмысқа қабілетті болуы тиіс.
421. Соңғысының бас тартуы жағдайында сығымдалған (үрленген) ауа көздерінің жартысынан ауаны беруді тоқтату кезінде немесе кондиционерлеу жүйесі кіші жүйесінің жартысы қатардан шыққан кезде әрбір жолаушыға берілетін ауаның саны 12 кг/сағ кем болмауы, ал экипаждың әрбір мүшесі үшін 24 кг/сағ кем болмауы тиіс.
422. Кабинадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығының төмендеуі экипажға зиянды әсер көрсетуі тиіс емес.
423. Ұшудың барлық кезеңдерінде 17 - 250С шегінде ӘК кабинасында қалыптасқан ауаның температурасын қолдау қамтамасыз етілуі тиіс.
Ауа температурасының аталған мәндері жер үсті дайындығы шартымен ұшудан кейін 20 минуттан кейін қол жеткізілуі тиіс.
424. Ауаны кондиционерлеу жүйесінің сыртқы ауасының төмендеген температурасы кезінде пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы жерде кабиналарда ауаның температурасы +100С қамтамасыз етілуі тиіс; сыртқы ауаның (330С астам) жоғары температурасы кезінде жүйе сыртқымен салыстырғанда 80С-қа кабинадағы температураның төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Кабинаға ауаны орташа өлшемді беруге жол берілмейді.
425. Оған дейін экипаждың жолаушылары мен мүшелері қол жеткізуі мүмкін интерьердің жекелеген үстерінің температурасы +500С аспауы немесе +50 төмен болмауы тиіс.
426. Кабинаны жылытуға берілетін ыстық ауаның температурасы тарату құрылғыларынан шығуы кезінде 1000С (ұсынылатын мән 800С) аспауы тиіс. Осы мақсатпен жүйеде неғұрлым ыстық ауаны беруге жол бермейтін құрылғылар көзделуі тиіс.
427. Ауаны кондиционерлеу жүйесінің пайдалану шектеулерінің жақындауы немесе жетуі туралы экипажды ескертетін дабыл құралдары болуы тиіс.
428. Герметикалық кабина үшін барынша артық қысым (оң және теріс), құрылғы кез келген шектеушіге жол берген қысым, барынша артық пайдалану (жұмыс) қысымы және ұшудың барынша биіктігі мәлімделуі тиіс. Бұл шектеулер пайдалану құжаттамасында көрсетілуі тиіс.
Ескертпе: Герметикалық кабина деп онда артық, яғни, сыртқы атмосфераға қатысты жоғары және белгілі бір бағдарлама бойынша реттелетін ауа қысымы ұсталатын ӘК фюзеляжының үрмелі көлемі түсіндіріледі.
429. Пайдаланудың күтілетін жағдайларында гермокабинадағы барометрлік биіктік ұшу биіктігінің барлық диапазонында 2400 м астам болуы тиіс емес.
430. Герметикалық кабина, ауаны беру құрылғысы және қысымды реттеу жүйесі олардың бас тартуы немесе ақаулығы жағдайында жолаушылар қауіп-қатерге ұшырамайтындай құрастырылуы тиіс, бұл ретте:
1) кабинадағы биіктік кез келген орынды бас тартудан кейін 3000 м аспауы тиіс;
2) кабинадағы биіктік кез келген болмауы мүмкін бас тартудан кейін 4500 м аспауы тиіс.
Бұл ретте, ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен көзделген рәсімдерді қолдана отырып, мыналар көрсетілуі тиіс, ұшудың қалған бөлігіне 2400 м дейін кабинадағы биіктікті азайту немесе борттағы адамдар үшін оттегімен тыныстандыруды қамтамасыз ету және ұшуды аяқтау.
431. Ауаны кондиционерлеу жүйесі мен ауа қысымын реттеу жүйесі кез келген орынды мүмкін болатын бас тартулары кезінде гермокабинадағы ауа қысымы өзгеруінің жылдамдығы қысымның жоғарылауына 5 мм сынап бағанасынан аспауы және қысымның төмендеуіне 10 мм сынап бағанасынан аспауы тиіс.
432. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың көзделген ұшудың барлық режимдерінде гермокабинадағы ауа қысымын реттеу жүйесі (кабинаға ауаны барынша көп беру және берудің қысымның ең көп кері ауытқушылықтар кезінде ең көп оң артық қысымды автоматты шектеуі тиіс.
433. Ауа қысымын реттеу жүйесі ерекше жағдайларда кіру есіктерін, авариялық люктерді және желдеткіштерді қауіпсіз ашуды қамтамасыз ететін шамаға дейін герметикалық кабинадағы артық қысымды төмендетуге мүмкіндікті экипажға қамтамасыз етуі тиіс. Кері герметизацияны қасақана қосудан қорғау көзделуі тиіс.
434. Ауа қысымын реттеу жүйесі егер, олар ватерлиниядан төмен орналасса, шығу клапандары арқылы ӘК суға авариялық қонуы жағдайында оның гермокабинасының ішіне түсуінің алдын алуы тиіс.
435. Ауа қысымын реттеу жүйесінде кабинадағы артық қысым мен ондағы биіктік бойынша пайдалану шектеулеріне жақындау туралы экипажды ескертетін сигнал беру құралы болуы тиіс.
63. Әуе кемесінің оттегі жүйелері
436. Герметикалық емес кабинамен ӘК үшін оттегінің саны мен оттегі жабдығының сипаттамасы кабинадағы барометрлік биіктік ұшу биіктігіне теңдігіне байланысты белгіленеді.
437. Герметикалық кабинамен ӘК үшін оттегінің саны мен оттегі жабдығының сипаттамасы кабинаны кері герметизацияландыру қауіпсіз биіктікке дейін оның пайдалану шектеулерінен аспаусыз төмендейтін және отын қалдығын ескере отырып, қауіпсіз қонудың жеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұшуды жалғастыратын ӘК кабинасында кері герметизацияландырудан кейін оттегіне қажеттілігі көзқарасынан ең сындарлы болып табылатын ұшудың биіктігі мен пунктінде болады деген болжамның негізінде орнатылады.
Кабинаны герметизациялаудан кейін кабинадағы барометрлік биіктік егер, іс жүзінде мүмкін болмайтынға жатқызылған бас тарту жай-күйіне көз жеткізілсе ғана ұшу биіктігімен кабинадағы биіктікті теңестіруге алып келмейтін ұшудың тең биіктігі қабылданады. Бұл ретте, 12000 м аспауы тиіс кабинадағы ең жоғары биіктік оттегінің қорын айқындау және сертификаттау үшін негіз ретінде қабылданады.
Ұшу биіктігімен кабинадағы биіктікті теңестірудің мүмкін еместігінің дәлелдемелері ретінде дайындаушы ұсынатын есептердің, стенділік және ұшу материалдары қабылданады.
438. Оттегі жабдығы мыналарға арналған:
оттегі жетіспеушілігінен экипажды, бортсеріктерді және жолаушыларды қорғау үшін;
түтіннің, көміртегі тотығының (улағыш газ) және басқа да зиянды газдардың көзге және тыныс алу органдарына әсерінен экипажды қорғау үшін;
экипаждың оттегімен профилактикалық тыныстауы үшін;
жолаушылардың оттегімен терапевтикалық тыныстауы үшін.
64. Әуе кемесіндегі оттегінің саны
439. Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 3000 м-ден 3600 м қоса алғандағы ӘК оттегімен ұзақтығы 30 минуттан астам уақытқа созылатын аталған биіктіктердегі ұшудың сол бөлігінің ішінде ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұшуды орындауға қатысатын экипаждың барлық мүшелері қамтамасыз етілуі тиіс.
440. Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 3600 м астам (бірақ 6000 м астам емес) ӘК оттегімен осы биіктіктегі барлық ұшудың ішінде ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұшуды орындауға қатысатын экипаждың барлық мүшелері қамтамасыз етілуі тиіс.
441. Герметикалық кабинадағы және кабинаны кері герметизациялау жағдайы үшін 3000 м астам ұшу биіктігімен ӘК ұшудың 2 сағатынан кем емес уақытқа оттегімен тыныстандыру көзделуі тиіс.
442. Герметикалық және герметикалық емес кабиналардағы ӘК 4 сағаттан астам ұшу ұзақтығы кезінде экипаждың шаршаушылығын азайту үшін профилактикалық оттегімен тыныстандыру көзделуі тиіс.
Оттегінің қоры ұшудың әрбір екі сағатынан кейін және минутына 10 литр орташа ұшу вентиляциясының төмендеуімен таза оттегімен тыныстандыру жүргізілетінін ескере отырып, есеппен айқындалады.
Герметикалық кабинамен ӘК үшін оттегінің қажетті саны барынша қашықтыққа ұшудың ұзақтығының бірінші жартысы үшін ғана есептеледі.
443. Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 3000 м-ден 4200 м қоса алғандағы ӘК мерзімі 30 минуттан астам ұзақтықтағы аталған биіктіктердегі ұшудың сол бөлігінің ішіндегі барлық бортсеріктері мен орындардың жалпы санынан жолаушылардың 10 % оттегімен тынысталумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 4200 м-ден 4500 м қоса алғандағы ӘК аталған биіктіктердегі ұшудың барлық уақыты ішінде жолаушылардың 30% мен барлық бортсеріктері оттегімен тынысталумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 4500 м астам (бірақ, 6000 м астам емес) ӘК осы биіктіктердегі ұшудың барлық уақыты ішінде барлық жолаушылар мен бортсеріктері оттегімен тынысталумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Әрбір жеке ұшу үшін қажетті оттегінің саны ең аз дегенде жабдық конструкциясы айқындайтын оттегінің дайындалмайтын қалдығын ескере отырып, талаптар негізінде есептелген оттегінің санына теңесуі тиіс.
Осы Норманың 432-тармағына сәйкес айқындалған кабинадағы биіктік кезінде герметикалық кабинамен ӘК оттегімен тыныстаумен мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
1) 4500 м астам биіктік кезінде кабинадағы герметизациясызданудан кейін ұшудың барлық уақыты ішіндегі жолаушылар кабинасындағы барлық адамдар;
2) 4200 м-ден 4500 м қоса алғандағы кабинадағы биіктік кезінде кері герметизациядан кейін ұшудың барлық уақыты ішінде жолаушылар кабинасындағы кемінде 30 % адамдар;
3) 3000 м-ден 4200 м қоса алғандағы биіктік кезінде кері герметизациядан кейін ұшудың барлық уақыты ішінде жолаушылар кабинасындағы кемінде 10% адамдар.
Жолаушылар үшін авариялық оттегінің жүйесін қолдану кезінде оттегінің жалпы саны бортсеріктерді қоса алғанда, жолаушылар кабинасындағы барлық адамдардың тұтынуынан 10 минуттан кем емес уақытқа есептелуі тиіс.
Герметикалық кабинадағы ӘК үшін жолаушылардың 2% үшін, бірақ 2400м астам биіктік кезінде кабинаның кері герметизациясынан кейін ұшудың барлық уақыты ішінде бір жолаушыдан кем емес терапевтикалық тынысталумен қамтамасыз етілуі тиіс. Тынысталу кем дегенде екі нүктеден қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте, борт серігін түтіннен қорғау үшін талап етілетін оттегінің қоры ескерілуі тиіс.
65. Оттегімен жабдықтау көздері
444. Экипаж мүшелері мен жолаушыларға оттегіні беру әртүрлі көздерден жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы көзді қолдану жағдайында өз жұмыс орындарында орналасқан экипаждың мүшелері үшін оттегінің қажетті санын резервтеуді қамтамасыз ететін құралдар көзделуі тиіс.
Экипаж бен жолаушыларды оттегімен тыныстандыруды қамтамасыз ету бойынша талаптарды қанағаттандыру үшін жалғамалы оттегі көздері де қолданылуы мүмкін.
445. Тұрақты жүйеде немесе жалғамалы ретінде оттегінің (генератордың) химиялық көзін қолдану жағдайында ол мынадай талаптарға сәйкес жоспарлануы және орнатылуы тиіс:
1) генератор өртжарылысқауіпсіз болуы тиіс;
2) іске қосылғаннан кейінгі жай-күйден көздің қалыпты (жұмыс) жай-күйін көзбен шолып айыру мүмкіндігі көзделуі тиіс;
3) егер оған дейін экипаж мүшесі немесе жолаушы қолын тигізуі мүмкін оны орналастыру мен бекітуге арналған көз үстінің немесе құрылғысының температурасы 400С және одан астамға жетуі мүмкін болса, көздің жұмысы салдарының қызуы туралы ескерту болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |