Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет4/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

13. Қону арақашықтықтары
      80. Қону арақашықтығы барлық қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштарымен, сондай-ақ, егер оның істен шығуы тежеу құралдарының тиімділігін төмендетуге және (немесе) қону конфигурациясын өзгерту (шектеу) қажеттілігіне әкелетін мынадай жағдайларда бір қозғалтқыш істен шыққан кезде айқындалуға тиіс:
      15 м биіктікке дейін қонуға кіру учаскесінде белгіленген төмендеу 5%-дан аспайтын төмендеу градиентімен Птөм және осы Норманың 71-тармағына сәйкес белгіленген жылдамдықпен жүргізілуі тиіс;
      15 м биіктіктен ұшу сәтінен бастап (ӘК жанасуының күтілетін нүктесінде ШҚЖ деңгейінде) және жанасудан кейін 2 секунд өткен сәтіне дейін ӘК қону конфигурациясы өзгерусіз сақталуға тиіс (конфигурацияны автоматты өзгерту жағдайларынан басқа);
      ұшқыштың командасы бойынша экипаж мүшелері орындайтын операциялар үшін команданы берген сәтінен бастап оны орындауды бастау сәтіне дейін 1 секунд уақыт аралығы енгізіледі;
      экипаждың сол бір мүшесімен орындалатын және штурвалдың және (немесе) басқыштардың ауыспалығымен байланысты емес операциялар үшін өткен операция аяқталған сәтінен бастап кейінгі басталғанға дейін 1 секунд уақыт аралығы енгізіледі;
      қону аса тік үдеулерсіз жүргізілуге тиіс және қайтадан самғау, тұмсықпен тірелу, жалтаруына және басқа да қалаусыз құбылыстарға үрдісін туындатпай 1,5 м/с аспайтын ШҚЖ-на тікелей тию алдында ӘК төмендеуі тік жылдамдықпен жұмсақ болуға тиіс;
      шасси дөңгелектерінің тежелуі ШҚЖ-ға ӘК жанасуынан кейін жүргізілуі тиіс, осы орайда ӘК авариялық тежеу құралдары пайдаланылуы тиіс емес;
      ӘК қосымша тежеу құралдары, мысалы, қозғалтқыштың тартымын кері қимылдату, егер олар қауіпсіз, сенімді және оларды жалпы пайдалануда қолдану ӘК басқарылу сипаттамаларының елеулі нашарлауынсыз және экипаждың ерекше шеберлігі мен күштерін қолдануының қажеттілігісіз тұрақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретіні дәлелдесе ғана қолданылуы мүмкін.
      Егер осы қосымша тежеу құралдары автоматты түрде іске қосылмаса және тигенге дейін оларды қолдану қалаусыз салдарларға әкелуі мүмкін болмайтыны ұшу сынақтарымен дәлелденбесе, онда оларды қолдануды бастау ШҚЖ-ға ӘК жанасқаннан кейін 3 сек өткен соң рұқсат беріледі.
      Ескертпе: 200 км/с кем қонуға кіру жылдамдықтарымен жергілікті әуе желілерінің ӘК үшін биіктіктен қону арақашықтығын айқындауға:
      1) 5% төмендеу градиенті кезінде 9 м;
      2) 5% артық, бірақ 10%-дан аспайтын төмендеу градиенті кезінде 15 м рұқсат беріледі.
      81. Құрғақ ШҚЖ-ғы үшін қажетті қону арақашықтығы:
      негізгі әуеайлақтар үшін - 1,67;
      қосалқы әуеайлақтар үшін - 1,43;
      1) коэффициентіне көбейтілген барлық қалыпты жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуды орындаған кезде қону арақашықтығынан;
      2) бір істен шыққан қозғалтқышпен қонуды орындаған кезде қону ара қашықтығынан қем болмауы тиіс.
      82. Атмосфералық жауын-шашындармен жабылған ШҚЖ үшін қажетті қону арақашықтығы:
      1) 1,43 коэффициентке көбейтілген барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен және ШҚЖ бетінің қаралып отырған жай-күйлерінде қону кезінде қону арақашықтығынан;
      2) Осы Норманың 81-тармағы (негізгі әуе айлақтар үшін) бойынша айқындаған қажетті қону ара қашықтығынан кем болмауы тиіс.
      83. Сулы ШҚЖ үшін қажетті қону арақашықтығына арналған сынақтар кезінде сулы ШҚЖ-да қону арақашықтықтарды айқындау жүргізілмеген сол жағдайда 1,15 коэффициентіне көбейтілген сулы ШҚЖ үшін өзімен қажетті қону арақашықтығын көрсету тиіс.
14. Екінші айналымға кету градиенттері мен биіктіктері
      84. Екінші айналымға кетудің ең төмен биіктігі барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен де, бір жұмыс істемегенмен де қонуға кіру үшін дайындаушы белгілейді және қонуға кірудің, орталықтандырудың пайдалану жылдамдықтарының және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген шектеулердің шектерінде төмендеудің тік жылдамдықтарының неғұрлым қолайсыз тіркесімдерінің кезінде екінші айналымға кету кезінде үлгілеме көрсетіледі, бұл ретте:
      1) әсер етудің бұрышы ақосым аспауға тиіс;
      2) шассиді жинауға биіктікті алу режиміне ауысқаннан кейін ғана рұқсат беріледі;
      3) тежеудің аэродинамалық құралдарын жинау және механизмді өзгерту екінші айналымға кету туралы шешімді қабылдау сәтіне айналымға кету туралы шешімді қабылдау сәтінен бастап рұқсат етіледі;
      4) ұшқыштың командасы бойынша орындалатын операциялар үшін команданы беру сәтінен бастап оны орындауды бастау сәтіне дейін 1 сек. уақыт аралығы енгізіледі;
      5) экипаждың сол мүшесімен орындалатын басқару иінтіректерінің ауыспалығымен байланысты емес операциялар үшін өткен;
      6) көрсету процесінде ШҚЖ-ға жанасу рұқсат етілмейді.
      85. Екінші айналымға кету кезінде 1,3 Vcl аспайтын жылдамдық жағдайында және мынадай жағдайларда:
      салмақ максимальді рұқсат етілетін қону салмағына сәйкес келеді;
      шасси шығарылған;
      екінші айналымға кетуді бастау сәтінен бастап 8 сек. кейін жететін режимінде қозғалтқыштар жұмыс істейді;
      ӘК конфигурациясы екінші айналымға кетуге белгіленгенге сәйкес келетін осы Норманың 71-тармағында қөрсетілген жылдамдықтардан кем емес кезінде белгіленген биіктікті алудың толық градиентін жасау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
      86. Жұмыс істемеген қозғалтқышпен екінші айналымға кету кезінде 1,5 Vcl аспайтын жылдамдық және мынадай жағдайларда:
      салмағы максимальді рұқсат етілетін қону салмағына сәйкес келетін;
      шасси шығарылған;
      екінші айналымға кетуді бастау сәтінен бастап 8 сек. кейін жететін режимінде қозғалтқыштар жұмыс істейтін;
      ӘК конфигурациясы екінші айналымға кету үшін белгіленгенге сәйкес келетін осы НОРМА-ның 71-тармағында көрсетілгеннен кем емес:
      1) екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 2,1%;
      2) үш қозғалтқыштары бар ӘК үшін - 2,4%;
      3) төрт және одан да көп санымен қозғалтқыштары бар ӘК үшін - 2,7% белгіленген биіктікті алудың толық градиентін жасау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
15. Басқару кезіндегі күштер
      87. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың көрсетілген ӘК ұшыру үшін қажетті, оның ішінде бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен ұшуда, сондай-ақ ықтималдарға қарағанда тым жиі істен шығулар туындаған кезде басқару иінтіректеріндегі максимальді күштер абсолютті шама бойынша:
      бойлық басқаруда - 35 кгс;
      көлденең басқаруда - 20 кгс;
      жолдық басқаруда - 70 кгс-тен аспауы тиіс.
      Ұзақ режимдерде күштер бойынша ӘК теңгерілуі қамтамасыз етілуге тиіс.
      88. Ықтималдығы төмен мен ықтималдығы төмен өте істен шығу жай-күйлері туындаған кезде ӘК ұшыру үшін қажетті басқару иінтіректеріндегі максимальді қысқа мерзімді (30 сек аспайтын) күштер тиісінше:
      бойлық басқаруда - 50 және 60 кгс;
      көлденең басқаруда - 30 және 35 кгс;
      жолдық басқаруда 90 және 105 кгс-тен аспауы тиіс.
      Бұл ретте, ұшудың ұзақ режимдерінде ҰПБ-ға (Ұшу пайдалану жөніндегі басқармасына) сәйкес экипаждың қимылдары кезінде басқару иінтіректеріндегі күштер тиісінше 10,5 және 20 кгс-тен аспауға тиіс.
      89. Тікелей және кері жүрісте иінтіректердегі қүштердің жартылай айырмашылығы сияқты анықталатын басқару иінтіректеріндегі үйкеліс күштерінің шамалары:
      бойлық басқаруда - 4 кгс;
      көлденең басқаруда - 3 кгс;
      жолдық басқаруда - 7 кгс-тен аспауы тиіс.
      Басқару иінтіректердің қозғалту күштері (үйкеліс күштері мен жүктемелік құрылғылардың алдын ала күштерінің жиынтығы) жоғарыда көрсетілген мәндерден екі еседен артық асуға тиіс емес.
      Басқарулардың көлденең және шеткі жағдайларында (жүрістің 80% асатын) 1,5 еседен аспайтын үйкеліс күштерінің көтерілуіне рұқсат етіледі.
      90. Жылдамдық пен ұшу биіктігінің тұрақты мәндері кезінде Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұсынылатын ұшудың режимдерінде басқару иінтіректерінің жүрісі бойынша күштердің градиенттері үш еседен көп күштердің кенеттен өзгерілуі көзделген (жүктемелік құрылғылардың алдын ала күшінен басқару иінтіректер жағдайларының күштері бойынша теңгерілгеннің жанында немесе пайдалану шектеулерге жақындаған кездегі) жағдайлардан басқа өзгерілуге тиіс емес.
16. Бойлық орнықтылығы мен басқарылуы
      91. ӘК ұшудың Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта барлық көзделген режимдерінде бойлық қысқа кезеңді қозғалысының қолайлы сипаттамаларына ие болуға тиіс. Қалыпты жүктелімнің салыстырмалы лақтырысы ^nу - таст 0,3 аспайтын, ал жұмыс істеу уақыты tср, төрт секундтан аспайтын болуы ұсынылады.
      92. Бойлық ұзын кезеңді қозғалысының сипаттамалары ұшқыштың бағалауы бойынша ӘК ұшуын қиындатпайтындай болуға тиіс.
      93. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған ұшу режимдерінде және ӘК конфигурациялары кезінде Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген nу =0,7 ден nу maх дейін жүктелімдердің диапазонында су <0,9 су және тік сызықтық ұшуда белгіленген күштер бойынша теңгерілуі кезінде dPв және dxв
      Dny dny
      туындылары теріс болуға тиіс және абсолютті бойынша dPв 10 кгс кем емес құрауға тиіс, ал dxв кем дегенде 5 см ұсынылады.
      dnу
      Vmах Э - Vmах mахmах Э- Мmах_mах)жылдамдықтарда dPв және dxв өлшемдер
      dnу dnу
      теріс белгіні сақтауға тиіс және ұшқыштың бағалауы бойынша қолайлы шамаға ие болуға тиіс. Тік сызықтық ұшудың бастапқы режиміндегі күштер бойынша ӘК теңгерілуі жағдайында бағыт бойынша ұшу үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған конфигурациясында ақосым асырмай максимальді пайдалану жүктелімді nэу_mах_(а)  жасау үшін қажетті штурвалдағы күштер бойынша кем дегенде 25 кгс-ты құрауға тиіс.
      94. Тік сызықтық ұшудың бастапқы режиміндегі күштер бойынша ӘК теңгерілуі жағдайында Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған ұшу режимдерінде және ӘК конфигурациялары кезінде dnуdnу nу = 0,5 жүктелімге дейін dPв
      және dxв dnу
      dny туындылары теріс болуы тиіс.
      «Өзінен» штурвалдың толық ауытқушылығына сәйкес келетін, егер n эmin< 0 не жүктеліміне дейін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген nу_э_min жеткенге дейін dPв және dxв туындылар белгісін өзгертуге
      dnу dnу 
      рұқсат етіледі. Осы жағдайларда штурвалдағы күштерді азайту олардың максимальді шамасынан 30% аспауға тиіс. Ең төменгі жеткен жүктелімде бойлық басқарудағы күштер бойлық басқару жүйесіндегі үйкеліс күштері кем дегенде үш есе асуға тиіс.
      95. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көзделген ӘК барлық конфигурациялары үшін теңгерілу қисығының келбеуі Рв = f(V, M) оң болуға тиіс. Егер осы ретте, ұшқыштың бағалауы бойынша жылдамдық пен қалыпты жүктелім бойынша шектеулердің қасақана емес асырылу мүмкіндігі болмайтын Vmах Э - Vmах mахmах Эmах_mах) жылдамдықтарында ғана теңгерілу қисығының теріс көлбеуіне Рв = f(V, M) рұқсат етіледі.
      Егер ұшқыштың бағалауы бойынша ӘК сипаттамалары қолайлы болса, теңгерілу қисығының теріс көлбеуіне xв = f(V, M) рұқсат етіледі.
      96. Ұшу-қону механикаландыруын шығарған немесе жинаған, тежеу аэродинамалық құралдарын шығарған немесе жинаған, аз газдан ұшу басталғанға дейін немесе кері қозғалтқыштардың күштерін өзгерткен кезде ӘК басқарылуы ұшқыштың оң бағасын алуға тиіс. Осы орайда, Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта нұсқауларына сәйкес ӘК ұшыру кезінде штурвалдағы бойлық күштердің өзгерісі 10 кгс аспауы ұсынылады.
      97. Тоғыспалы байланыстар ұшуды қиындататын (ұшқыштың бағалауы бойынша) ерекшеліктерді енгізуге тиіс емес nу=1 кезінде тұрақты жылдамдықпен ұшу режимінде сырғанаудың максимальді бұрышына жеткен кезде бойлық басқаруда штурвалдағы күштің өзгерісі абсолютті шама бойынша 15 кг-тен асырмау ұсынылады.
      98. Бойлық басқарудың тиімділігі ұшудың ұсынылатын режимдерінің саласында:
      бұрын қол жеткізілетінге қарай ақосым ӘК шығару не nу = 1,5;
      nу= 0,5 қол жеткізуді іске асыру жеткілікті болуы тиіс.
      Алдыңғы дөңгелекті көтерген және ӘК жерден көтерілген кезде, сондай-ақ қону кезінде, оның ішінде nу=1-ге жанасқан сәтте бойлық басқарудың тиімділік қоры 10% кем болмауы тиіс.
      Ескертпе: Артқы дөңгелегі бар шассиге ие ӘК үшін қонуда бойлық басқарудың тиімділік қоры 20%-дан кем болмауы тиіс.
17. Бүйірлі орнықтылық мен басқарылуы
      99. Тіркелген де, босатылған да күйде басқарылатын ӘК тербелісті қозғалысы орнықты болуы тиіс. ӘК бүйірлі тербелісінің бастапқы амплитуданың 5% дейін тыншуы бастапқы биіктікті алу үшін және қонуға кіру үшін (Ұшып көтерілу жағдайының механикаландыру кезінде) Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген режимдерде 12 сек аспайтын мерзімде және ұшудың крейсерлік режимінде 20 сек аспайтын мерзімде болуы ұсынылады.
      100. ӘК шиыршықты қозғалысы бейтарапты не орташа орнықты немесе орташа орнықсыз болуға тиіс. Крейсерлік режимде, биіктікті алу режимінде, қонуға төмендеу мен кірудің 200 қисаюымен белгіленген бұрылыста уақыттың екі есе арттыруы немесе қисаю бұрышының екі есе азаюы қисаю бойынша штурвалды және тік сызықтық ұшуда оларды күштер бойынша теңгерілуі кезінде (басқару колонкасы жағдайларының бұрылысын күштер бойынша теңгерілуі кезінде) басқыштарды босатқаннан кейін кем дегенде 20 сек болуға тиіс.
      101. Көлденең басқарудың тиімділігі ұшып көтерілу (VVкк жылдамдықта) режимдерінде, сондай-ақ қисаю режимдер мен биіктікті алу және төмендеу режимдерінде 7 сек аспайтын уақыт ішінде белгіленген бұрылыстан 300 қисаюмен ӘК шығуын және 300 қисаюымен қарама қарсы бағытта кіруі осы Норманың 87-тармағында келтірілген аспайтын күштермен 900 аспайтын қисаю бойынша басқару штурвалы ғана ауытқушылығы кезінде) қамтамасыз етілуге тиіс. Vmax э-Vmax max (Mmax Эmax_max) жылдамдықтарының диапазонында көлденең басқарудың тиімділігін екі есе төмендетілуіне рұқсат етіледі.
      102. Басқару иінтіректерінің өзгеріссіз жағдайларының кезінде ӘК қисаюуы процесінде бұрыштық жылдамдығының азаюы 50% артық болуға тиіс емес және ұшқыштың бағалауы бойынша іздеу бұрышы бойынша шектен тыс лақтырысы болуы тиіс емес.
      103. Тік сызықтық ұшудың режимдерінде басқыштардың ауытқушылығына қисаюы бойынша тіке реакцияға ие болуға тиіс. Бұл ретте ұшқыштың бағалауы бойынша қисаюы бұрышы бойынша шектен лақтырысы болуға тиіс емес. Vmax э-Vmax max (Mmax Эmax_max) жылдамдықтарының диапазонында, егер ұшқыштың бағалауы бойынша ол қолайлы болса қисаюы бойынша кері реакцияға рұқсат етіледі.
      104. Жолдық және көлденең басқарудың тиімділігі Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған ӘК ұшыру әдістерін пайдаланған кезде максимальді жылдамдықпен ұшып көтерілу-қону жолағының осіне 900 бұрышпен бүйірден соққан желдің әсерімен ұшып көтерілуді, қонуға кіруді және қонуды қамтамасыз етуі тиіс.
      105. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған ӘК конфигурациялары кезінде және ұшу жылдамдықтарында басқыштардың бар ауытқушыларымен не 105 кгс басқыштарында күштердің әр түрлі болуымен, бір жұмыс істемейтін сындарлы қозғалтқышпен ұшуды қоса алғанда айқындалатын сырғанау бұрыштарының шектерінде Рн = f(в) және Рэ=f(в), теңгерілу қисықтығының көлбеуі, сондай-ақ = F1 және Хэ = F2 (в) теріс болуы тиіс. Басқыштардың 1/2 жүрістен артық ауытқушылығы кезінде жолдық пен бойлық басқаруда күштерді азайтуға, бірақ максимальді 30% аспайтын шамасынан рұқсат етіледі, бұл ретте, жолдық пен бойлық иінтіректеріндегі қалдық күштер тиісті басқару жүйесінде үш еседен кем болмайтын үйкеліс шамасынан астам болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген сырғанау бұрыштарының шегінде көлденең басқарудың тиімділігі сырғанау кезінде пайда болатын қисаю сәтін тәсілдеу үшін жеткілікті болуы тиіс.
18. Қозғалтқыштар істен шыққан кезде ӘК орнықтылығы мен басқарылуы
      106. V1 тең немесе одан көп кез келген жылдамдықта қауіпті қозғалтқыш істен шыққаннан кейін ұшып көтерілуді жалғастырған және шарықтау режимінде қалған қозғалқыштар жұмыс істеген кезде жолдық пен бойлық басқарудың тиімділігі:
      белгіленген бүйірден соққан жел кезінде ӘК көтерілуіне дейін тік сызықтық екпінін;
      жұмыс істеген қозғалтқыштарға 50 аспайтын кренімен ӘК көтерілгеннен кейін тік сызықтық ұшуды;
      қозғалтқыш істен шыққан кезде бастапқы траекториядан ауытқушылықты түзету үшін V2 жылдамдықта жұмыс істегендерге де қарай, істен шыққан қозғалтқышқа да қарай бұруларды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуға тиіс.
      Істен шыққан дағдарысты қозғалтқышпен шарықтауды жалғастырған кезде барлық жұмыс істеген қозғалтқыштарымен ұшуды орындауға сәйкес келетін триммерлердің жағдайы кезінде жолдық пен бойлық басқарудың күштері осы Норманың 87-тармағында керсетілген шамалардан аспауға тиіс.
      107. Қауіпті қозғалтқыш істен шыққан және істен шыққаннан кейін 5 сек бойы басқаруға ұшқыш араласпаған кезде ауыспалы процестердің сипаттамалары әсер ету бұрышы бойынша (жүктелімде) және сырғанау бұрышын пайдалану шектеулерден шығуын болдырмайтындай болуға тиіс;
      осы орайда қисаюы бұрышы абсолютті шама бойынша 300аспауға тиіс.
      Көрсетілген талап (барлық жұмыс істеген қозғалтқыштарымен ұшуда күштер бойынша ӘК бастапқы теңгерілуі кезінде):
      қозғалтқыштар жұмысының ұшып көтерілуі режимінде ұшып көтерілу конфигурациясында және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен ұшуға арналған жылдамдықта белгіленген биіктікті алу;
      қозғалтқыштардың жұмыс режимінде бағыт бойынша ұшу конфигурациясында Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған жылдамдықтардың диапазонында белгіленген биіктікті алу;
      Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған қонуға кіру жылдамдықтарында VЗП 5% градиентімен төмендеу үшін қажетті қозғалтқыштар жұмысының режимінде қону конфигурациясында қонуға кіру;
      қозғалтқыштар жұмысының режимінде кету үшін көзделген конфигурацияда және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұсынылған жылдамдықтарда екінші айналымға кету режимдерінде орындалуы тиіс.
      108. Бойлық пен жолдық басқарудың тиімділігі барлық пайдалану жылдамдықтар мен ұшудың барлық кезеңдерінде (осы НОРМА-ның 106 және 107-тармақтарында баяндалған ұшып көтерілуден басқа) істен шыққан дағдарысты қозғалnқышпен қисаюсыз тік сызықтық ұшуды жалғастыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
      Триммериялық құрылғылардың тиімділігі істен шыққан сындарлы қозғалқышпен тік сызықтық ұшудың барлық жағдайларында жұмыс істеген қозғалтқыштарға 50 аспайтын қисаю бұрышымен ұзақ ұшуда күштер бойынша ӘК теңгеру үшін жеткілікті болуы тиіс.
      109. Екі қауіпті қозғалтқыш істен шыққаннан кейін (екіден асатын қозғалтқыштары бар ӘК) осы жағдай үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұсынылған төмендеу, ұзақ ұшу және қонуға кіру режимдерінде бойлық пен жолдық басқарудың тиімділігі:
      ұшудың ұзақ режимдері үшін осы Норманың 88-тармағында келтірілген мәндерден аспайтын басқару иінтіректеріндегі күштер кезінде жұмыс істеген қозғалтқыштарға 50 аспайтын қисаюымен тіксызықтық ұшуды;
      ықтимал оқиғалар үшін осы Норманың 88-тармағында келтірілген мәндерден аспайтын басқару күштері кезінде жұмыс істегендерге де қарай, істен шыққан қозғалтқышқа да қарай 15 қисаюымен бұруларды орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Екі істен шыққан қозғалтқышпен қонуға кіру режимінде жұмыс істеген қозғалқыштардың режимі максималдығына дейін қысқа мерзімді (30 сек аспайтын) артқан жағдайда екіталай оқиғалар үшін осы Норманың 88-тармағында келтірілген мәндерден аспайтын басқару иінтіректеріндегі күштер кезінде жұмыс істеген қозғалтқыштарға 50 аспайтын кренімен тіксызықтық ұшу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
19. Әсер етудің үлкен бұрыштарында ӘК орнықтылығы мен басқарушылығының сипаттамалары
      110. Осы бөлімнің талаптары Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың жазылған барлық конфигурациялары, массалары, орталықтандырулары, ұшу биіктіктері, М сандары мен қозғалтқыштар режимдері үшін және егер бөлімнің тиісті тармақтарында ерекше атап өтілмесе, осы сипаттамаларға әсер ететін ӘК функционалдық жүйелері қалыпты жұмыс істеген кезде ақосым -дан ашек дейінгі әсер ету бұрыштарының диапазонында ӘК орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларына жатады.
      111. Әсер етудің рұқсат етілетін бұрышында ақосыму_доп):
      ұшқыштың бағалауы бойынша тангаж, қисаю және іздеу бойынша басқарылу қолайлығы; dPв және dxв туындылардың теріс мәндері;
      dny dny;
      егер осы Норманың 119-тармағына сәйкес ақосым ас тең болып қабылданса ақосым дейінгі әсер ету бұрышы бойынша 30 кем емес қоры;
      егер ақосым-дан ашек дейінгі әсер ету бұрыштарының диапазонында бойлық орнықтылық сақталса немесе ашек әсер ету бұрышы кезінде штурвалдағы созылмалы күштер (штурвалдың ауытқушылығы) ақосым жағдайында күштің абсолютті шамасы бойынша (штурвалдың ауытқушылықтары) кем емес тек қана жергілікті орнықсыздылық байқалса ашек әсер ету бұрышына дейінгі әсер ету бұрышы бойынша 30 кем емес қоры;
      - егер ақосым-дан ашек дейінгі әсер ету бұрыштарының диапазонында бойлық орнықсыздылық орын алса және ашек әсер ету бұрышы кезінде штурвалдағы созылмалы күштер (штурвалдың ауытқушылығы) ақосым жағдайында күштің абсолютті шамасы бойынша (штурвалдың ауытқушылықтары) кем болса, және штурвалды жасанды шайқалу, тактикалық дабыл беру немесе штурвалда күштерді кезеңді көтеру түрінде ақосым әсер ету бұрышына жеткені туралы ӘК дабыл беру болмаса әсер ету бұрышы бойынша 50 кем емес қоры;
      - әсер ету бұрыштарында ашек дейін алынған көтеру күші коэффициентінің максимальді мәнінен 10% кем емес қоры;
      ұшқыштың бағалауы бойынша өздігінен рұқсат етілмейтін кез келген осьқа қатысты ӘК тербелісінің болмауы;
      ұшуды қиындататын немесе конструкцияның мықтылығына қатысты қауіпті шайқалуы болмауы;
      күштік қондырғы мен басқа жүйелерінің қызмет етуін ұстау үшін экипаждың қосымша іс-әрекеттерінің қажеттілігін болмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
      112. Ұшудың крейсерлік режимдерінде, сондай-ақ бағыт бойынша биіктікті алу мен төмендеу режимдерінде ақосым әсер етудің рұқсат етілетін бұрышына ӘК шығаруға қажетті штурвалға күштер абсолюттік шама бойынша кемінде 25 кгс (тік сызықтық ұшудың бастапқы режимінде күштер бойынша ӘК теңестіру кезінде) құрауға тиіс.
      Егер:
      ақосым-дан ашек дейінгі әсер ету бұрыштарының диапазонында теңестіру қисықтардың көлбеуі Рв = f1(a) және хв = f2(a) теріс болып сақталса;
      ӘК ақосым әсер ету бұрышын жеткені туралы штурвалдың жасанды селкілдеу, ырғақты сигнал беру немесе штурвалда күштерді кезеңді көбейту түрінде дабыл беру болса көрсетілген күштерді 15 кгс дейін төмендетуге рұқсат етіледі.
      113. ақосым сәйкес келетін әсер ету бұрыштарында ұшқыштың бағалауы бойынша жеткілікті қарқынды және тек қана осы бұрыштарға сипатты ұшқыш тура және оңай танитын және тіпті ашек дейін әсер ету бұрышын одан әрі көбейткен кезде жоғалмайтын табиғи немесе жасанды ескертуші белгілер уақытылы пайда болуы тиіс. Қабылдауға лайық ескертуші белгілер:
      механизацияны шығарған кездегі немесе істен шыққан қозғалтқышпен ұшқан кездегі селкілдеуден айырмашылығы бар басқару конструкциялардың және/немесе иінтіректердің селкілдеуі;
      жарық дабыл берумен қосарланатын ӘК басқа дыбыстық дабыл берушілерден айырмашылығы бар дыбыстық сигнал беру болып табылады; осы орайда тіпті ашек дейін ағымды әсер ету бұрышының индикациясы қамтамасыз етілуі тиіс. Ескерту белгілері ӘК қалыпты әсер ету бұрыштарына ауыстыруға қедергі жасауы тиіс емес.
      114. Ұшудың крейсерлік режимдерінде, сондай-ақ бағыт бойынша биіктікті алу мен төмендеу режимдерінде желдің басталуына Н<7 км кезінде W1 =9 м/с Н>7 км кезінде W1=9-0,5(Н-7), бірақ барлық
жағдайларда W1> 6,5 м/с, яғни 
                      W1
      аоқос > аокұ + ---- . 57,3( W, > 6,5м/с),
                      V1
      сәттік кіруінен әсер ету бұрышының өсіміне сәйкес келетін ақосым дейін әсер ету бұрышы бойынша қор қамтамасыз етілуге тиіс, мұндағы аодұ - деңгейлес тік сызықтық ұшудағы әсер ету бұрышы.
      Осы орайда ақосым-дан шығу кезіндегі жүктелімнің өсімі кемінде /\nу = 0,5 болуға тиіс.
      115. ашек әсер ету бұрышында сипаттамалары осы Норманың 119-тармағының талаптары қанағаттандырмайтын құлауы туындауға тиіс емес. Әсер ету бұрыштарында тіпті ашек дейінгі тым болмағанда қозғалтқыштардың біреуін ажыратуды талап ететін (помпаж және т.б.) күштік қондырғылардың жұмыс қабілеттілігін бұзуға жол берілмейді.
      116. ақосым-дан ашек дейін асатын әсер ету бұрыштарына шығарғаннан кейін бағыт бойынша ұшу, күту, айналым бойынша ұшу, қонуға кіру, екінші айналымға кету, шарықтау мен қону кезінде (конфигурациялар, қозғалтқыштар жұмысының режимдері кезінде және түзу сызықтық ұшуға сәйкес келетін күштер бойынша теңестіру кезінде) крейсерлік ұшу режимдерде:
      штурвалда тартылмалы теңдестіру күштерді 50% аспайтын ең жоғары шамадан азайтуға рұқсат етіледі, бұл ретте минималды күш кемінде 15 кгс болуы тиіс;
      60 кгс-тен аспайтын күшімен штурвалдың "өзінен" ауытқуы кезінде, ұшқыштың бағалауы бойынша, ӘК жеткілікті тез және ұшудың ерекше әдістерін қолданбай бастапқы режиміне қайтып келуге тиіс.
      Бұл ретте кемінде 3 град/сек2 тангаждың теріс бұрыштық үдеуін ұсынылады.
      117. Ұшудың крейсерлік режимдерінде, сондай-ақ бағыт бойынша ұшу кезінде биіктікті алу мен төмендеу режимдерінде кем дегенде 18м/с тиімді индикаторлық жылдамдықпен желдің сатылас басталуымен сәйкес келетін ашек дейін әсер ету бұрышы бойынша қор қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл ретте, осы режимге тиісті штурвалдың теңдестіру жағдайы ӘК бастапқы режиміне қайтып келуі қамтамасыз етілуге тиіс.
      118. ақосым-дан асатын әсер ету бұрыштарында ӘК сипаттамалары құлауға дейін не:
      түзу сызықтық ұшуда 1 сек. ішінде 2 км/сағ. аспайтын қарқынмен аз газдың режимінде, сондай-ақ ең жоғары мүмкін қарқынымен (деңгейлес ұшуға келетін) барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайда орындалатын тежеу;
      түзу сызықтық ұшуда 1 сек. ішінде 2 км/сағ. аспайтын қарқынымен және 300 қисаю бұрышымен бұрылған кезде V = 1,3-1,4 Vc1 жылдамдықты белгіленген деңгейлес ұшуға сәйкес келетін режимде барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайда тежеу;
      жұмыс істеген қозғалтқыштарға 50 аспайтын қисаю бұрышымен тіксызықтық ұшуда 1 сек. ішінде 2 км/сағ. аспайтын қарқынымын бір істен шыққан қозғалтқышпен ұшу биіктігі үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқама берілген режим бір істен шыққан қауіпті қозғалтқышпен қалған қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайда тежеу;
      V= 1,3-1,4Vс1 бастапқы режимде түзу сызықтық ұшуда 1 сек. ішінде 2 км/сағ. аспайтын қарқынымен номиналь режимде қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайда орындалатын тежеу;
      деңгейлес ұшуға және түзу сызықтық ұшудың бастапқы режимінде күштер бойынша ӘК теңдестіруіне сәйкес келетін қозғалтқыштар режимі жағдайында V= 1,3-1,4Vc1 -дан Vmaх Э (осы Норманың 142-тармағында) жылдамдықтардың диапазонында бағыт бойынша ұшу конфигурациясында бірліктен асатын жүктеліммен маневр жасау процесінде ашек дейін көрсетілуі тиіс.
      1-ескертпе. ашек шығуымен ӘК сынақтан өткізу алдында (41-тармақтың 44-тармақшасы) аэродинамикалық трубада үлгілер немесе ұшып жүрген үлгілер сынақтарының материалдары бойынша 5-15-қа ашек асатын әсер ету бұрыштарынан ӘК шығару мүмкіндігі көрсетілуге тиіс (41-тармақтың 44-тармақшасы).
      2-ескертпе. Шығарылған механикаландыруымен ӘК тежеу 6000 м. аспайтын биіктікте көрсетілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет