Қазақстан республикасының азаматтық процестік кодексі



бет11/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#124822
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға жол берілмейді.

Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша Үкіметтің Қазақстан Республикасының аумағында, шетел мемлекетінің орталық банктерінің банк шотында тұрған ақшаға тыйым салуға жол берiледi.

Жауапкерге тиесілі және банкте тұрған ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын талап қоюдың бағасын негізге ала отырып сот айқындайды; 

2) жауапкерге белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тыйым салу; 

3) басқа адамдардың орындау мерзімі келген міндеттемелер бойынша мүлікті жауапкерге беруіне немесе заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де міндеттемелерді жауапкерге қатысты орындауына тыйым салу; 

4) егер мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылса, тыйым салынған мүлікті сатуды тоқта тұру;

5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) олардың қосымшаларының қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;

6) борышкер сот тәртібімен даулайтын атқарушылық құжат бойынша өндіруді тоқтата тұру;

7) кепіл нысанасын соттан тыс сату жөніндегі сауда-саттықтарды тоқтата тұру;

8) дауланып отырған актілерді және сот орындаушысының өндіріп алуды мүлікке аударумен байланысты атқарушылық іс жүргізуде жасайтын әрекеттерін тоқтата тұру болуы мүмкін.

2. Қажетті жағдайларда сот осы Кодекстің 155-бабының бірінші бөлігінде аталған мақсаттарға сай келетін, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Сот талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін. Осы бапта көрсетілген тыйымдар бұзылған кезде кінәлі адамдар заңнамалық актілерде белгіленген жауапкершілікті көтереді. Бұдан басқа, талапкер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды осы адамдардан сот тәртібімен өндіруді талап етуге құқылы.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары талапкердің мәлімдеген талабына сай болуға және үшінші тұлғалардың жария мүдделері мен мүдделерін бұзбауға тиіс. 
157-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды, егер ол талап қою арызына қоса берілсе немесе бұл туралы талап қою арызында көрсетілсе, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні судья қарап, шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья арыз сотқа келіп түскен күні шешеді.

2. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья іске қатысушы тұлғаларға, аралық немесе төрелік талқылау тараптарына хабарламай, сот отырысын өткізбей қарап, шешеді.

Судья арызды қараудың нәтижелері бойынша осы Кодекстің 156-бабында көзделген қамтамасыз ету шараларын немесе арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы көрсете отырып, талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады.


158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

1. Сот:


1) мүлік туралы мәліметтер болмаған кезде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен борышкердің мүлкіне тыйым салу үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына;

2) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 6), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына;

3) егер ұйғарым осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылса, жауапкерге;

4) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік органға немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына;

5) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген жағдайда кепіл ұстаушыға;

6) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда әділет органына немесе мүлікке шектеулі иелік етуді іске асыратын уәкілетті органға;

7) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда жауапкердің дебиторына;

8) даулы мүлікке ауыртпалықты салу үшін тіркеуші органға оны дереу ұсыну үшін немесе қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты берген адамға;

9) жауапкерге тиесілі және банк шоттарында тұрған ақшаға тыйым салу үшін банктерге және банк ұйымдарына шоттардын номерлері мен нақтылы банк белгілі болған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды жібереді немесе табыс етеді.

2. Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүлік туралы мәліметтер болмаған жағдайда, соттың ұйғарымы орындау үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына жіберіледі.

Өздеріне ұйғарым жіберілген органдар мен адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымының орындалуы туралы сот ұйғарымын орындау жөнінде қажетті әрекеттерді жасағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сотқа хабарлауға міндетті. Көрсетілген міндеттерді орындамау заңда көзделген жауаптылықтың туындауына әкеп соқтырады.

3. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.


159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасын ауыстыру

1. Іске қатысушы тұлғаның, төрелік немесе аралық талқылау тараптарының арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыруына болады.

2. Сот іске қатысушы тұлғаларға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы мәселені осындай арыз түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені қарауға кедергі болмайды.

3. Судья талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарым шығарады.

Арызды қанағаттандырудан бас тарту кезінде сот бұрын таңдалып алынған талап қоюды қамтамасыз етудің шарасын ауыстыруға болмайтын дәлелдерді ұйғарымда көрсетеді.

4. Жауапкер талап қою бағасына барабар соманы сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз ету шарасының орнына соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің депозитіне енгізуге құқылы.


160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою

1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысушы адамның, төрелік немесе аралық талқылау тараптардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін.

Судья іске қатысушы тұлғаларға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою туралы мәселені бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені қарауға кедергі болмайды.

2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Алайда сот шешіммен бірге немесе оны қабылдағаннан кейін талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығаруы мүмкін. Талап қою қанағаттандырылған кезде оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар сот шешімі орындалғанға дейін өзінің қолданысын сақтайды. Қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.

3. Қаржы ұйымын немесе банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) олар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта құрылымдауды жүргізген кезде олардың мүлкін қайта құрылымдау туралы істі қарайтын сот қаржы ұйымына немесе банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингіне және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім шығарылғанға дейін сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.
161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша

ұйғарымдарға шағым беру

1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамға хабарланбай шығарылса, шағым беру мерзімі оған осы ұйғарым туралы белгілі болған күннен бастап есептеледі.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым беру осы ұйғарымның орындалуын тоқтатпайды. 

4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе наразылық келтіру ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.

5. Қабылданған ұйғарымға қатысты материал істен бөлініп алынып, жеке шағыммен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі.
162-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз ету кезінде келтірілген залалдарды өтеу

1. Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талапкерден жауапкер үшін ықтимал болатын залалдарды қамтамасыз етуді талап етуі мүмкін. Ықтимал залалдарды қамтамасыз ету соттың ұйғарымында көрсетілген соманы уәкілетті органның депозитіне енгізу жолымен жүргізіледі.

2. Жауапкер талапты қанағаттандырудан бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау туралы талапты мәлімдеген адамға оның арызы бойынша қабылданған шаралармен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.
16-тарау. ІСТІ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДАЙЫНДАУ
163-бап. Істі дайындаудың міндеттері

1. Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданып және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен істі сотта талқылауға дайындайды. 

Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасалуға тиіс әрекеттерді көрсетеді.

2. Азаматтық істі сот талқылауына дайындаудың міндеттері:

1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау; 

2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиісті заңды анықтау; 

3) іске қатысатын тұлғалардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарлау; 

4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуы тиіс дәлелдемелерді анықтау;

5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады. 
164-бап. Істі сот талқылауына дайындаудың мерзімдері


  1. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талап арыз сот өндірісіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Алименттерді өндіру туралы, денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты істерден басқа ерекше жағдайларда және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім істі сот талқылауына дайындау үшін ұсынылған мерзім өткеннен кейін судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір ай мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін.

2. Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.


165-бап. Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттері

1. Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жасайды:

1) талапкерден ол мәлімдеген талаптарды мәні бойынша жауап алады, одан ол даулап отырған фактілерді, жауапкер тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтайды, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер ұсынады, талапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

2) дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, жауапкер даулап отырған фактілерді көрсете отырып, талапкер мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді сот белгілеген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейді және жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін, пікірді ұсынбаудың құқықтық салдарын түсіндіреді;

3) егер жауапкер немесе іске қатысушы басқа да адамдар талап арызға қоса берілген құжаттарды алмағандарын сотқа мәлімдесе, сот олармен сотта таныстыруды қамтамасыз етеді, ал осы адамдардың өтінішхаты болған жағдайда талапкерді аталған құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндеттейді;

4) іске қатысушы адамдардың құрамы туралы, оның ішінде іске үшінші адамдардың қатысуы туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді алмастыру туралы мәселені шешеді;

5) тараптарға олардың дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу не дауды шешу үшін төрелікке не аралық сотқа жүгіну құқығын және олардың құқықтық салдарын түсіндіреді;

6) кәмелетке толмаған талапкердің немесе жауапкердің заңды өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша беру туралы өтінішхатпен баланың тұрғылықты (тұрған) жері бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі;

7) істің шешілуіне мүдделі адамдарды сотқа талап арыздың түскені туралы хабардар етеді;

8) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;

9) тараптың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;

10) тараптың өтінішхаты бойынша азаматтарды және заңды тұлғаларды істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар дәлелдемелерді ұсынуға міндеттейді, осы Кодекстің 73-бабының жетінші бөлігінде белгіленген құқықтық салдарды түсіндіреді;

11) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, іске қатысушы адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеріп қарайды;

12) сот тапсырмаларын жібереді;

13) талапкердің арызы бойынша ол берген талап арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады;

14) іс үшін маңызы бар дәлелдемелерді уақытылы ұсынудың қажеттілігін, процесс негіздемесіз созылған жағдайда осы Кодекстің 73-бабының жетінші бөлігінде белгіленген құқықтық салдарды тараптарға және іске қатысушы басқа да адамдарға түсіндіреді;

15) егер тараптар арасында сотқа дейін реттеу тәртібімен партисипативтік рәсім жүргізілген жағдайда тарапты оны жүргізу барысында алынған құжаттарды және дәлелдемелерді ұсынуға міндеттейді;

16) істі дұрыс әрі уақытылы қарау және шешу үшін қажетті өзге де процестік әрекеттерді жасайды.


166-бап. Талап арызға пікір

1. Жауапкер талап арызға қатысты пікірге дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ жауапкер пікірдің көшірмелерін және оған қоса берілген құжаттарды талапкерге және іске қатысушы басқа да адамдарға жібергені туралы құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді сотқа ұсынады.

2. Пікір олармен сот отырысы басталғанға дейін танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей сот белгілеген мерзімде ұсынылады.

3. Талап-арызға пікірді талапкер мәлімдеген талапқа мүдделерінің қатысы бар іске қатысушы өзге адамдар да ұсынуға құқылы.

4. Пікірде:

1) талапкердің атауы, оның тұрған немесе тұрғылықты жері;

2) жауапкердің атауы, оның тұрған жері; егер жауапкер азамат болып табылса, онда оның тұрғылықты жері;

3) оларды негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасала отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша дәлелдер;

4) пікірге қоса ұсынылған құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

Пікірде істі дұрыс және уақтылы қарау үшін қажетті телефондар, факстердің нөмірлері, электрондық поштаның мекен-жайлары мен өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

5. Жауапкердің пікірді және дәлелдемелерді ұсынбауы істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі болмайды.

6. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса беріледі.

Пікір электрондық құжат нысанында берілген кезде ол өндіріп алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін арызға осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.
167-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату

1. Егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым дұрыс болса, судья талапкер біріктірген талаптардың біреуін немесе бірнеше талаптарды жеке іс жүргізуге бөліп шығара алады.

2. Бірнеше талапкер немесе бірнеше жауапкерге талап қойған кезде, егер судья мұндай талаптарды бөлек қарау анағұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талаптарды жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға құқылы.

3. Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын бірнеше ұқсас іс не бір талапкердің әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талапкердің сол жауапкерге қойған талаптары бойынша бірнеше іс бар екенін анықтап, егер осындай біріктіруді орынды деп тапса, өзінің қарауы не тараптардың өтінішхаты бойынша осы істерді бірлесіп қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

4. Бір талап екіншісінен бөлінгеннен кейін істі қарау мерзімі істі бөлінген талап бойынша сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

Істер бір іс жүргізуге біріктірілгеннен кейін істі қарау мерзімі бұрын мәлімделген талап бойынша істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

5. Бірнеше талап қоюды біріктіру немесе ажырату туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда көрсетілуі мүмкін.

168-бап. Істі сот талқылауына дайындаған кезде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қысқарту және арызды қараусыз қалдыру 

1. Осы Кодекстің 272, 273-баптарында, 277-бабының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында және 279-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8), 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде істі сотта қарауға дайындау кезінде іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұруы немесе тоқтататылуы не арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін. 

2. Тараптарға мұндай процестік әрекеттердің салдары түсіндіріледі.


169-бап. Талап қоюдың нысанасын немесе негіздемелерін өзгерту, талап қою талаптарын көбейту немесе азайту

1.Талапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін не қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажеттігі болмаған кезде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.

Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту туралы дауларды сотқа дейін реттеудің тәртібі сақталғаннан кейін, егер осындай тәртіп заңнамалық актілерде белгіленсе немесе шартта көзделсе, мәлімделуі мүмкін.

2. Талап қоюдың нысанасы мен негіздемелерін бір мезгілде не кез келген ретпен өзгерту талапкердің жаңадан талап қоюын және талапкердің бұрын қойылған талап арыздан бас тартуын білдіреді, бұл бұрын берілген талап арыз бойынша іс жөніндегі іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғады. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған жағдайда талап қоюдың нысанасы мен негіздемелерін бір мезгілде не кез келген ретпен өзгертуге жол беріледі.

3. Сот талап қоюдың нысанасын немесе негіздемелерін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.
170-бап. Талапкердің талап қоюдан бас тартуы

1. Талапкер істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы.

2. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін талапкерге немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.

3. Талап қоюдан бас тарту қабылданған жағдайда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады, ол апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарға шағымдануға және наразылық білдіруге жатуы мүмкін.

4. Сот талапкердің талап қоюын осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздемелер бойынша қабылдамаған жағдайда немесе осы баптың бірінші бөлігінің талаптары сақталмаған жағдайда сот істі мәні бойынша қарауды жалғастырады және талап қоюдан бас тартудың қабылданбау себептері туралы соттың шешімінде немесе қаулысында көрсетеді.
171-бап. Жауапкердің талап қоюды мойындауы

1. Жауапкер талап қоюды істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы толық немесе бөлігінде мойындауға құқылы.

2. Жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады. Талап қоюдың бөлігі мойындалған жағдайда дәлелдемелерді зерттеу жауапкердің талап қоюды мойындамаған бөлігінде ғана жүргізіледі.

3. Сот талап қоюды мойындау қабылданғанға дейін талапкерге, жауапкерге немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.

4. Жауапкердің осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талап қоюдың толық немесе бөлігін мойындауын қабылдау туралы не осындай мойындауды қабылдамауы туралы сот шешімінде немесе қаулысында көрсетіледі.
172-бап. Алдын ала сот отырысы

1. Тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдардың істі сот талқылауына дайындау, сотқа жүгіну мерзімдерін өткізіп алу фактілерін және талап қою мерзімдерінің өтуін зерттеу кезінде жасаған өкімдік әрекеттерін процестік тұрғыдан бекіту мақсатында істі сот талқылауына дайындау жүргізудің нәтижелері бойынша алдын ала сот отырысы өткізіледі.

2. Тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар алдын ала сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады. Шақырылған адамдардың біреуінің келмеуі алдын ала отырысты өткізуге кедергі болмайды.

3. Сот алдын ала сот отырысы барысында істің мән-жайларын тараптармен талқылайды, сұрақтар қояды, даулы құқықтық қатынастардың сипаты мен тараптардың бітісуіне ықпал ететін мән-жайларды анықтайды. Қатысушы тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар тыңдалуға тиіс.

4. Судья істі сот талқылауына дайындау үшін тағы талап етілетін барлық іс-шараларды осы Кодекске сәйкес қабылдайды. Судья айрықша жағдайларда аса күрделі істер бойынша істі сот талқылауына дайындау мерзімін осы Кодекстің талаптарына сәйкес ұзартады.

5. Егер жауапкер талап қоюды бұрын белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе пікірді талап қоюдың барлық талаптары мен негіздері бойынша ұсынбаса, сот талап қоюға жазбаша пікір беру үшін мерзім белгілейді. Соттың талап етуі бойынша пікір тікелей алдын ала сот отырысына ұсынылады.

6. Талап қою мерзімін немесе сотқа жүгіну мерзімін дәлелсіз себептермен өткізіп алған жағдайда судья іс бойынша өзге де нақтылы мән-жайларды зерттемей, талап қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мерзімді өткізіп алу фактісі талапкердің өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатының немесе жауапкердің талап қою мерзімін қолдану туралы өтінішхатының негізінде белгіленеді.

7. Сот талап қоюды осы Кодекстің 171-бабында белгіленген тәртіппен тану кезінде судья іс бойынша мән-жайларды зерттеместен, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды.

8. Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде іс бойынша іс жүргізу алдын ала сот отырысында тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.

9. Сот отырысының хаттамасы осы Кодекстің 281-бабының екінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

10. Осы Кодексте міндетті түрде қатысу белгіленген істер бойынша прокурор алдын ала сот отырысына қатысады.
173-бап. Істі сот талқылауына тағайындау

Судья істі дайын деп танып, оны сот отырысында талқылауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарды және іске қатысушы басқа адамдарды да істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарландырады.

Осы Кодекстің 198-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тағайындалған сот талқылауын ауыстыруға, әдетте, жол берілмейді.
17-тарау. ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ
174-бап. Тараптардың татуласуы

1. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға ықпал етеді.

2. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бөлігінде реттей алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет