Қазақстан республикасының азаматтық процестік кодексі



бет10/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#124822
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

6) арыз бергенде мемлекеттік баж төленбеген жағдайларда судья арызды кері қайтарады. 

2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту немесе кері қайтару туралы арыз сотқа түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарым шығарады.

3. Арызды кері қайтару сот бұйрығын беру туралы сотқа қайтадан арыз беруге не сол нысана мен сол негіздер бойынша сол жауапкерге, егер ол жол берілген бұзушылықты жойса, талап қоюға кедергі болмайды.

4. Судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе арызды кері қайтару туралы ұйғарымына апелляциялық сатыға шағым берілуі мүмкін, апелляциялық сот шешімі түпкілікті болып табылады.


139-бап. Сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімі

Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыз сотқа түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.


140-бап. Сот бұйрығының мазмұны

1. Сот бұйрығында: 

1) жүргізілетін істің нөмірі және сот бұйрығының шығарылған күні; 

2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі мен аты-жөні;

3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса оның атауы, нақты орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жері, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол белгілі болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi, сондай-ақ қалалық және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер, электрондық почта мекенжайы (егер мұндай мәліметтер бар болса және белгілі болса);

5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң; 

6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген, талап етілуге жататын жылжитын мүліктің белгілері; 

7) егер заңда немесе шартта айыпақы өндіріп алу көзделсе, оның мөлшері және айыпақы есептелген уақыт кезеңі; 

8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;

9) мәлімделген талапқа қарсылық білдіру туралы арыз берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. 

2. Осы баптың 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы сот бұйрығында асырау үшін алимент өндірілетін әрбір баланың аты мен туған күні, айы, жылы, борышкерден ай сайын өндіріліп алынатын төлемдердің мөлшері және оларды өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі. 

3. Сот бұйрығына судья қол қояды.

141-бап. Борышкерге сот бұйрығының көшірмесін жіберу.

Сот бұйрығына білдірілетін қарсылықтар

1. Сот бұйрығы ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып борышкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.

2. Борышкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберуге құқылы.

3. Борышкердің қарсылығы сот бұйрығын беру туралы арызда көрсетілген дау нысанының бар екені туралы тиісті дәлелдемелермен расталуға тиіс. Электрондық құжат нысанында берілетін қарсылыққа құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

4. Қарсылыққа осы баптың екінші тармағында көрсетілген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Қарсылық электрондық құжат нысанында берілген кезде ол борышкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл беретін қарсылыққа оның өкілеттігін растайтын сенімхат қоса берілуі қажет.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің талаптарына сай келмейтін қарсылық сот ұйғарымымен кері қайтарылады.

6. Дәлелді себептермен өткізіп алынған қарсылықтарды беру мерзімін сот бұйрығын шығарған сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қалпына келтіруі мүмкін.
142-бап. Сот бұйрығының күшін жою

1. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не сот бұйрығымен құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

2. Судья қарсылық немесе арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда өндіріп алушыға мәлімделген талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен берілуі мүмкін екені түсіндіріледі. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей өндіріп алушыға және борышкерге жіберіледі.

Сот бұйрығының күшiн жою туралы соттың ұйғарымы шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды. 

Сот бұйрығының күшiн жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымына шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.

143-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу

1. Егер белгіленген мерзімде сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, судья соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын оны борышкердің тұрғылықты жеріндегі тиісті әділет органына орындауға ұсынуы үшін өндіріп алушыға береді. 

2. Өндіріп алушының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын сот тікелей жіберуі мүмкін. 

3. Мемлекеттік бажды борышкерден тиісті бюджеттің кірісіне өндіру үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасын сот аумақ бойынша тиісті әділет органына тікелей жібереді.

4. Сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізген істе қалады.


13-тарау. ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН (ЖАЗБАША) ІС ЖҮРГІЗУ
144-бап. Жеңілдетілген (жазбаша іс) жүргізу тәртібі

1. Сот ауызша талқылауды жүргізбей, істерді осы Кодекстің 14-тарауының қағидалары бойынша осы тарауда белгіленген ерекшеліктерімен бірге жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Әкімшілік және өзге де жария құқықтық қатынастардан туындайтын істерді шетелдік тұлғалардың қатысуымен жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде, егер осы тарауда өзгеше көрсетілмесе, осы Кодекстің 3-бөлімшесінде, 4-бөлімінде тиісінше белгіленген ерекшеліктер қолданылады.

2. Судья істерді арыз қарауға қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Істерді жазбаша іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

3. Сот егер:

1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;

2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;

3) қарсы талап қою қабылданса;

4) осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса;

5) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу, сараптама тағайындау немесе куәнің айғақтарын тыңдау қажет болса;

6) сот қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапқан жағдайда істі талап қою ісін жүргізу ережесі бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарым шығарады.

4. Істі талап қою ісін жүргізу ережесі бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарымда іске қатысушы тұлғалардың жасауына жататын әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қараудың мерзімі талап қою арызы алғаш қабылданған күннен бастап есептеледі.

5. Егер бір мезгілде бірнеше талап мәлімделсе, оның біреуі немесе одан да көбі осы Кодекстің 145-бабында көрсетілген тізбеге сәйкес келмесе және сот осы талаптарды жеке іс жүргізуде бөліп қарамаса, олар осы Кодекстің

14-тарауында белгіленген тәртіппен қаралады.


145-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер

1. Мынадай:

1) егер талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін бес жүз айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;

2) талап қою бағасына қарамастан, талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша;

3) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

4) «Нотариат туралы» Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

5) тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен «Адвокаттық қызмет туралы» Заңға сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

6) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

7) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, сақтандыру даулары және банкілік заем шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

8) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

9) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, зияткерлік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

10) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

11) азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне және заңды тұлғаның іскерлік беделіне дақ түсіретін мәліметтерді теріске шығаратын мәліметтерді не бұқаралық ақпарат құралдарында жауап жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

12) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы істер жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған талап арыз талаптары оларды жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау көрсетілмей қойылған кезде олар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.
146-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді қараудың ерекшеліктері

1. Талап қою арызы нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 148 және 149-баптарының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

2. Сот талап арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда ауызша талқылауды өткізбестен істің жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді.

3. Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді. Пікірге (қарсылыққа) оның көшірмесі талапкерге жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.

4. Сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа түскен пікір (қарсылықтар), дәлелдемелер және өзге де құжаттар, егер тарап оларды сот белгілеген мерзімде ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе және олар сот шешім шығарғанға дейін түссе, қабылданады.

5. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

6. Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды.

7. Істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 26-тарауында және осы Кодекстің 198-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды.


147-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім

1. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сот шешімінің көшірмелері тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жолданады не шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

2. Жауапкер жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз жауапкер талап қою арызының түскені және оның жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісінше хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ, шешімнің мазмұнына әсер ететін дәлелдемені ұсына алмаған жағдайда беріледі.

3. Шешімнің күшін жою туралы арыз осы баптың екінші бөлігінде көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Кодекстің 21-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қаралады.

4. Шешімге осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал егер арыз берілген жағдайда - сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзімнің ішінде апелляциялық тәртіппен тараптар шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
2-бөлімше. ТАЛАП ҚОЮ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
14-тарау. ТАЛАП ҚОЮ
148-бап. Талап қою арызының нысаны мен мазмұны

1. Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.

2. Арызда:

1) талап қою арызы берілетін соттың атауы;

2) талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талапкер заңды тұлға болса, оның толық атауы, тұрған жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талапкерге белгілі болса). Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның толық фирмалық атауы, тұрған жері, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi. Арызда, егер талапкерге белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талапкердің заңды мүдделерін және талапкердің талабын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 

5) талапкер өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын  дәлелдемелердің мазмұны; 

6) жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер, егер бұл заңнамалық актілерде белгіленсе немесе шартта көзделсе;

7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндірілетін немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі; 

8) талап қою арызына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. 

3. Прокурордың мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін берген талап қою арызында мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неден көрінетіндігіне, қандай заңды мүдделердің бұзылғанына негіз, сондай-ақ қолдануға жататын заңға сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап қою арызында азаматтың өзінің талап қоя алмау себептеріне негіз болуға тиіс. Талап қою арызына, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін талап қою арызы берілетін жағдайларды қоспағанда, прокурордың талап қоюмен сотқа жүгінуіне азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісім беруін растайтын құжат қоса берілуге тиіс. 

4. Талап қою арызына талапкер немесе талап қою арызына қол қоюға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Талап қою арызы электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талапкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
149-бап. Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар

1. Талап қою арызына: 

1) жауапкерге немесе оның өкіліне, үшінші тұлғаларға талап қою арызы мен оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің жіберілгенін растайтын құжат;

2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; 

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; 

4) талапкер өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;  

5) дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңнамалық актілерде белгіленсе немесе шартта көзделсе;

6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талапкердің дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;

7) егер талап қоюды заңды тұлғаға қойса, мемлекеттік тіркеу туралы жарғының, куәліктің көшірмелері қоса беріледі.

2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап қою арызына осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.


150-бап. Талап қою арызын қабылдау

1. Судья талап қою арызы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.  

2. Талап қою арызын бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетіп, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
151-бап. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту

1. Егер: 

1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса; 

2) сол тараптардың арасындағы сол дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, осы Кодексте көзделген негіздер бойынша іс жөніндегі іс жүргізуді қысқарту туралы сот шешімі немесе заңды күшіне енген сот ұйғарымы болса;

3) төреліктің немесе аралық соттың сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша қабылданған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.

2. Судья талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымды ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарады және талап қоюға қоса берілген барлық құжаттармен бірге арыз берушіге табыс етіледі немесе жіберіледі.

3. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту талапкердің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. 

4. Егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымда талапкердің қай органға жүгінгені дұрыс болатыны көрсетіледі.

5. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.
152-бап. Талап қою арызын қайтару

1. Егер: 

1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін  реттеудің заңнамалық актілерде немесе шарттабелгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса; 

2) іс осы соттың қарауына жатпаса; 

3) талап қою арызы осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабының 1), 2), 3), 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталса;

4) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе; 

5) арызға оған қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттігі жоқ адам қол қойса; 

6) осы немесе басқа соттың не төрелік немесе аралық соттың іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша іс болса;

7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көрсетілмесе, осы дауды төрелік немесе аралық соттың шешуіне беру туралы тараптар арасында заңға сәйкес келісім жасалса;

8) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;

9) талапкер өзі берген талап қою арызын кері қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қою арызын кері қайтарады. 

2. Сот талап қою арызын кері қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың қарауына жатпаса, қандай сотқа жүгіну керектігі, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығы көрсетіледі. Ұйғарым сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттармен бірге талапкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс. 

3. Арызды қайтару, егер талапкер жіберілген бұзушылықты жойса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талапкердің сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.

4. Талап арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.


153-бап. Қарсы талап қою

1. Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірге қарау үшін талапкерге қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою, қарсы талапты кері қайтару, оны қабылдаудан бас тарту осы Кодекстің 151, 152 және 153-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

2. Егер жауапкер істі дайындау сатысында істі сот талқылауына дайындау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбауы себебінен сот талқылауына қатыспаса, сот талқылауы барысында қарсы талап қою қабылдануы мүмкін.
154-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары

1. Егер: 

1) қарсы талап қою алғашқы талап қоюдың есебіне бағытталса; 

2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру бастапқы талап қоюды  толық немесе ішінара қанағаттандыруды жоққа шығаратын болса; 

3) қарсы талап қою мен бастапқы талап қоюдың арасында өзара байланыс болса, оларды бірге қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, судья қарсы талап қоюды қабылдайды.

15-тарау. ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


155-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің негіздері

  1. Іске қатысушы тұлғалардың, төрелік немесе аралық талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе оны орындауды мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады.

Аралық немесе төрелік талқылау тараптары талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызға аралық немесе төрелік сотқа талап қоюды растайтын құжатты қоса беруге тиіс.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингіне және (немесе) олардың мүлкіне қатысты олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) олардың қосымшаларының қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.

Салық тексерулерін жүргізу үшін негіз болып табылатын мемлекеттік кіріс органдарының дауланып отырған құқықтық актісінің қолданылуын тоқтата тұру түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауға жол берілмейді.


156-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары

1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар: 

1) жауапкерге тиесілі және оның өзінде немесе басқа да адамдарда болатын мүлікке (банктің корреспонденттік шотында тұрған ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттықтар әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банк шоттарында тұрған ақшаға тыйым салуды қоспағанда) тыйым салу болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет