Қазақстан республикасының азаматтық процестік кодексі



бет13/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#124822
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

2. Іске қатысушы, дәлелді себептер бойынша сот отырысына келмеген адамдардың жазбаша түсініктемелерін, сондай-ақ осы Кодекстің 69, 71, 74, 75-баптарында көрсетілген тәртіппен алынған дәлелдемелерді төрағалық етуші жария етеді және сот отырысында зерттеледі.

3. Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап, олардың пікірлерін ескере отырып, өзге дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілейді.

4. Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін осы адамдардың тұрған жеріндегі сот арқылы бейнеконференцбайланыс құралдарының немесе дәлелдемелердің көмегімен алуы, ал дәлелдемелерді зерттеуі мүмкін.
203-бап. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін куәға жауаптылық туралы ескерту

1. Куәдан жауап алынғанға дейiн төрағалық етушi куәнiң жеке басын анықтайды, оның мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiредi және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi. Куәға, оның ішінде он алты жасқа толмаған куәға өзіне, өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар, сондай-ақ діни қызметшілерге – тәубаға келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тарту құқығы түсіндіріледі.

2. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған iс бойынша болғанның бәрiн шынайы түрде айтып беру мiндетiн түсiндiредi, бiрақ оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлмейдi.
204-бап. Куәдан жауап алу тәртiбi

1. Әрбiр куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлi айғақтар бермеген куәлар iстi талқылау кезiнде сот отырысы залында қала алмайды.

2. Төрағалық етушi куәнiң iске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және куәға iс бойынша оның өзiне белгілінiң бәрiн сотқа хабарлауды ұсынады.

3. Ерікті нысанда айғақтар бергеннен кейiн куәға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бiрiншi болып өзінің арызы бойынша куәні шақырған адам мен оның өкiлi, содан соң iске қатысушы басқа адамдар мен өкiлдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтiнде оған сұрақ қоюға құқылы.

4. Қажет болған жағдайда сот нақ сол немесе келесi отырыста куәдан екiншi рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшiн куәлар арасында беттестiру жүргiзе алады.

5. Егер сот ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә iстi талқылау аяқталғанға дейiн сот отырысы залында қалады.


205-бап. Куәнiң жазбаша материалдарды пайдалануы

1. Айғақтар қандай да бір цифрлармен немесе басқа деректермен байланысты болған кезде куә айғақ беру кезiнде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Куә осы құжаттарды сотқа және iске қатысушы адамдарға ұсынады және ол iске қоса тiркелуi мүмкiн, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

2. Куәға оның айғақтарына қатысты қолында бар құжаттарды жария етуіне рұқсат етiледi, олар іске қоса тiркелуi мүмкiн, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
206-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жастан он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу сотқа шақырылатын педагогтың және оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Аталған адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады, сондай-ақ куәнiң жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пiкiрiн айта алады.

2. Iстiң мән-жайын анықтау үшiн қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта iске қатысушы қандай да өзге адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін соттың ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан шығарып жіберілуі мүмкiн. Осы адам отырыс залына қайта келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған куәнiң айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкiндiгi берiлуге тиiс.

3. Он алты жасқа толмаған куә, сот бұл куәнi сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.


207-бап. Куәнiң айғақтарын жария ету

Куәлардың осы Кодекстiң 69, 71, 74, 75 және 199-баптарында көзделген тәртiппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етiледi, iске қатысушы адамдар осыдан кейін олар бойынша түсiнiктемелер беруге құқылы.


208-бап. Құжаттарды зерттеу

Осы Кодекстiң 74, 75-баптарында және 164-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртiппен жасалған құжаттар немесе оларды қарап-тексеру хаттамалары сот отырысында жария етiледi және iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Іске қатысушы адамдар осыдан кейін құжаттар мен хаттамалардың мазмұны бойынша түсiнiктемелер бере алады.


209-бап. Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу

Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабарламалар беру құпиясын қорғау мақсатында хат алысу мен телеграфтық хабарламалар тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарламалар алысқан адамдардың келiсiмiмен ғана ашық сот отырысында жария етiлуi және зерттелуi мүмкiн. Осы адамдардың жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарламалары жабық сот отырысында олардың келісімінсіз жария етiледi және зерттеледi. Іске қатысушы адамдар осыдан кейін түсiнiктемелер бере алады.


210-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу

1. Сот заттай дәлелдемелердi қарайды және олар iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда - сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдар қарап-тексеруге байланысты қандай да бiр мән-жайларға сот назарын аудара алады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

2. Осы Кодекстiң 71, 75, 96, 97-баптарында және 165-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртiппен жасалған заттай дәлелдемелердi қарап тексеру хаттамалары сот отырысында жария етiледi, iске қатысушы адамдар осыдан кейін түсiнiктемелер бере алады.
211-бап. Орнында қарап-тексеру

1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткiзуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер тұрған орнында қарап тексеріледі және зерттеледi. Орнында қарап-тексеру туралы сот ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

2. Қарап-тексеру уақыты мен орны туралы iске қатысушы адамдарға, олардың өкiлдерiне хабарланады, алайда олардың келмеуi қарап-тексеру жүргiзуіне кедергi болмайды. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады.

3. Қарап-тексерудің нәтижелерi сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Хаттамаға қарап-тексеру кезiнде жасалған немесе тексерiлген жоспарлар, схемалар, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ қарап-тексеру кезiнде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердiң фотосуреттерi, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тiркеледi.


212-бап. Аудио жазбаларын тыңдау, бейнежазбаларды, фото және киноматериалдарын көрсету және оларды зерттеу

1. Жеке сипаттағы аудио жазбаларын тыңдау, бейнежазбаларды, фото және киноматериалдарды көрсету, сондай-ақ оларды зерттеу кезiнде осы Кодекстiң 65-бабында көзделген қағидалар қолданылады. Аудио жазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото және киноматериалдарын көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшiн арнайы жабдықталған үй-жайда жүргiзiледi, сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгiлерi және жария ету уақыты көрсетiледi. Осыдан соң сот iске қатысушы адамдардың түсiнiктемелерiн тыңдайды.

2. Қажет болған жағдайда аудио жазбасын тыңдау және бейнежазбаны, фото және киноматериалдарын көрсету толығымен немесе олардың қандай да бір бөлiктерi қайталануы мүмкiн.

3. Аудио және бейнежазбалардағы, фото және киноматериалдардағы мәлiметтердi анықтау мақсатында сот маманды тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкiн.


213-бап. Сарапшының қорытындысын зерттеу

1. Сарапшының қорытындысы сот отырысында жария етiледi. Қорытындыны түсiндiру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкiн.

2. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкiлi бiрiншi болып, ал iске қатысушы басқа адамдар мен өкiлдері сарапшыға содан соң сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптаманы жүргiзу тапсырылған сарапшыға бiрiншi болып талапкер мен оның өкiлi сұрақтар қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтiнде сұрақтар қоюға құқылы.

3. Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жағдайларда сот қосымша немесе қайта сараптама тағайындауға құқылы.


214-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi)

1. Арнайы зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiн жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша түрде консультация (түсiндiрме) бередi.

Маманның жазбаша нысанда берген консультациясы іске тіркеледі және сот отырысында жарияланады және зерттеледі. Ауызша кеңес тiкелей сот отырысының (процестік әрекетінің) хаттамасына енгiзiледi.

2. Консультацияны түсiндiру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Арызы бойынша маманды қатыстырған адам және оның өкiлi бiрiншi болып, ал содан соң iске қатысушы басқа адамдар және өкiлдер сұрақтар қояды. Сот қатыстырған маманға бiрiншi болып талапкер және оның өкiлi сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақтар қоюға құқылы.


215-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қорытындылары

Осы Кодекстiң 56-бабының негiзiнде сот iске қатысуға жiберген мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жазбаша қорытындылары сот отырысында жарияланады және зерттеледі. Сот, сондай-ақ iске қатысушы адамдар мен олардың өкiлдері қорытындыларды түсiндiру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкiлеттi өкiлдерiне сұрақтар қоя алады.


216-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың аяқталуы

Барлық дәлелдемелер зерттелгеннен кейiн судья iске қатысушы адамдар мен өкiлдерден толықтырулардың бар-жоғын анықтайды. Төрағалық етуші мұндай мәлiмдеулер болмаған жағдайда iстi зерттеу аяқталды деп жариялап, содан кейін сот жарыссөздеріне көшеді.


217-бап. Сот жарыссөздерi

1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдардың және олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.

Сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес.

2. Алдымен талапкер мен оның өкiлi, ал содан кейін - жауапкер мен оның өкiлi сөйлейдi.

3. Басталып кеткен сот отырысында даудың нысанасы бойынша дербес талап қойған үшiншi адам мен оның өкiлi тараптар мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөйлейдi. Даудың нысанасы бойынша өз бетiнше талаптар қоймаған үшiншi адам мен оның өкiлi талапкерден немесе үшiншi адам iске қатысатын жақтағы жауапкерден кейiн сөйлейдi.

4. Прокурор, мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнген заңды адамдар мен азаматтар сот жарыссөздерiнде соңында сөйлейдi.


218-бап. Репликалар

Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөйлеп болғаннан кейін олар айтылған сөздерге байланысты сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жауапкер мен оның өкiлi иеленедi.


219-бап. Прокурордың қорытындысы

Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстiң 54-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртіппен процеске қатысқан прокурор сот жарыссөздері аяқталғаннан кейін тұтастай алғанда, даудың мәні бойынша жазбаша қорытынды береді, ол азаматтық істің материалдарына қоса тіркеледі.


220-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың қайта басталуы

1. Егер сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қайта жалғастыру туралы сот жарыссөздері уақытында немесе одан кейін не кеңесу бөлмесінен шығысымен хабарлайды. Істі мәні бойынша қарауды жалғастыру туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот қайтадан жарыссөздерді, ал прокурордың қорытындысын осы Кодекстің 217-бабында көзделген жағдайда да тыңдайды.


221-бап. Соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуi

Сот жарыссөздерiнен кейiн, ал осы Кодекстiң 219-бабында көзделген жағдайда, прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот актісін шығару үшін сот кеңесу бөлмесiне кетедi, төрағалық етушi бұл туралы сот отырысы залындағы адамдарға жариялайды және сот шешімі жария етілетін уақыт туралы хабарлайды.


222-бап. Шешiмдi жария ету

1. Соттың шешiмi қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейiн судья сот отырысы залында сот шешiмiнiң қарар бөлiгiн жария етедi.

2. Төрағалық етуші шешімнің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің түпкілікті нысаны дайын болатын және іске қатысушы адам шешімнің көшірмесін алатын күнді жариялайды.

3. Төрағалық етушi осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейiн сот отырысын жабық деп жариялайды.


19-тарау. СОТТЫҢ ШЕШІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
223-бап. Шешiм шығару

1. Iстi мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы соттың сот актісі шешiм нысанында шығарылады.

2. Шешiм кеңесу бөлмесiнде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жұмыс күнi iшiнде сот (судья) кеңесу бөлмесiнен шығып демалу үшiн үзiлiс жасауға құқылы.

3. Шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылады. Дәлелді шешімді жасау кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалдарына қоса тіркелуге тиіс.

4. Түпкілікті нысандағы дәлелді шешім бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін дайындалуы мүмкін.
224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi

1. Сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

2. Сот шешiмдi тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.
225-бап. Шешiмді шығару кезінде шешiлетiн мәселелер

1. Шешiмді шығарған кезде сот дәлелдемелерді бағалайды, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенiн, осы iс бойынша қандай заң қолданылуға тиiс екенiн және мәлімделген талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды.

2. Сот істі талапкер мәлімдеген талаптар шегінде шешеді.

3. Сот кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін iс үшiн маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды немесе дәлелдемелердi қосымша зерттеудi қажет деп тапса, iстi мәнi бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Сот iстi мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейiн сот жарыссөздерiн, ал осы Кодекстiң 217-бабында көрсетілген жағдайда прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.

226-бап. Шешiмнiң мазмұны

1. Шешiм Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

2. Шешiм кiрiспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.

3. Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмнiң шығарылған күнi мен орны; шешiм шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; iске қатысушы басқа адамдар және өкiлдер; даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап көрсетiледi.

4. Шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде талапкердің талап қоюының, жауапкердің түсініктемелерінің және iске қатысушы үшінші тұлғалардың түсініктемелерінің қысқаша мазмұны, олар дәлелдерін негіздеген дәлелдемелер көрсетіле отырып, баяндалуға тиіс.

5. Шешiмнiң уәждеу бөлiгiнде қысқаша iстiң сот анықтаған мән-жайлары; соттың құқықтар мен міндеттер туралы қорытындылары негізделген дәлелдемелері; соттың белгілі бір немесе өзге дәлелдемелерді қабылдамау негіздері және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың мойындалғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.

6. Шешiмнiң қарар бөлiгiнде соттың талапты қанағаттандыру немесе талапты қанағаттандырудан толық немесе бөлігінде бас тарту туралы қорытындысы; сот шығындарын бөлу, шешімге шағым беру мерзімі мен тәртібі, сондай-ақ өзге де қорытындылар қамтылуға тиіс.

7. Сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі.

8. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды.
227-бап. Мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiнің заңдылығын даулау туралы арыз бойынша шешім

1. Сот мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерi (әрекетсiздiктерi) мен шешімдерінің заңсыздығы туралы арызды негізделген деп танып, осы арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде осы әрекеттің (әрекетсіздіктің), шешімнің қандай заңнамалық актілерге қайшы келетіндігі, сот шешімі орындалуға тиіс мерзім көрсетіледі.

Сот мемлекеттік органды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органын, қоғамдық бірлестікті, ұйымды, лауазымды адам мен мемлекеттік қызметшіні жол берілген бұзушылықты толық көлемінде жоюға және азаматтың немесе заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге, адамға қолданылған жауаптылық шараларының күшін жоюға не бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді өзге де тәсілмен қалпына келтіруге міндеттейді.

2. Сот арызды қарау кезінде дауланып отырған әрекеттің (әркетсіздіктің) жасалғанын, шешімнің құзыретке және заңнамға сәйкес қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады.


228-бап. Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арыз бойынша шешім

1. Сот нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арызды негізделген деп тани отырып, арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің қай заңнамалық актілерге және қай бөлігінде қайшы келетіні және нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөлігін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп тану туралы көрсетіледі.

2. Соттың нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен жариялануға тиіс. Жариялау соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.

3. Сот арызды негізсіз деп тани отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.


229-бап. Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм

Сот ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм шығара отырып, шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлетiн ақша сомасының мөлшерiн сөздермен және цифрмен валюта түрiн және ақша өндіру туралы шешім қай тараптың пайдасына шығарылғанын көрсетедi.


230-бап. Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешiм

Шартты жасасу немесе өзгерту кезiнде туындаған дау бойынша қарар бөлiгiнде шарттың әрбiр даулы жағдайы бойынша шешiм көрсетiледi, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрi және тараптар шарт жасасуға мiндеттi талаптар көрсетiледi.


231-бап. Мүлiктi немесе оның құнын алып беру туралы шешiм

Мүлiкті заттай алып берген кезде сот шешiмде оның жеке белгілі бір белгiлерiн және, егер шешiмдi орындау кезiнде алып берiлетiн мүлiк болмай қалса, жауапкерден өндiрiлуге тиiс мүлiктiң құнын көрсетедi.

232-бап. Жауапкердi белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм

1. Сот жауапкердi мүлiк немесе ақша сомаларын берумен байланысты емес белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм шығарған кезде азаматтың, заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін жауапкер жасауға міндетті әрекеттер мен оларды жасау уақытын көрсетеді.

Шешімнің қарар бөлігінде сот шешімі орындалмаған жағдайда, талапкер бұл әрекеттерді жауапкерден келтірілген шығыстарды өндіріп ала отырып өз бетінше жүргізуге құқылы екендігі көрсетіледі.

2. Егер сот шешімінде көрсетілген әрекеттердi тек жауапкердің жасауы мүмкін болса, сот шешiмнің орындалуға тиіс мерзiмiн белгілейді.


233-бап. Бiрнеше талапкердің пайдасына немесе бiрнеше жауапкерлерге қарсы шешiм

1. Бiрнеше талапкердің пайдасына шешiм шығарған кезде сот шешiмнiң қарар бөлігінде олардың әрқайсысына қандай бөлігі қатысты екенiн немесе өндiрiп алу құқығының ортақ болатындығын көрсетедi.

2. Бiрнеше жауапкерге қарсы шешiм шығарған кезде сот шешімнің қарар бөлігінде әрбір жауапкердiң талапкердің пайдасына нақты қандай әрекеттер және қандай көлемде жасауға тиіс екенін немесе жауапкерлердің міндеттемелері ортақ болып табылатындығын көрсетеді.
234-бап. Іске қатысушы адамдарға сот шешімінің көшірмелерін салып жіберу және беру

Сот отырысына келмеген тараптарға және іске қатысушы басқа адамдарға шешімнің көшірмелері шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, салып жіберіледі немесе беріледі.


235-бап. Шешiмдегi қате жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзету

1. Iс бойынша шешiм жарияланғаннан кейiн шешiм шығарған сот өз бетінше оның күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы емес.

2. Сот шешiмде жiберiлген қате жазулар мен көрінеу арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысушы адамдардың арызы бойынша түзете алады.

Сот қате жазулар мен көрінеу арифметикалық қателерді түзету туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде сот отырысында қарайды. Iске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуi түзетулер енгiзу туралы мәселенi қарау үшін кедергi болып табылмайды.

3. Соттың түзетулер енгізу туралы ұйғарымына шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.
236-бап. Қосымша шешiм

1. Iс бойынша шешiм қабылдаған сот iске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мынадай жағдайларда:

1) егер iске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсiнiктемелер берген қандай да бiр талап бойынша шешiм шығарылмаса;

2) егер сот құқық туралы мәселенi шешіп, алып берiлген соманың, берiлуге тиiстi мүлiктiң көлемін немесе жауапкер жасауға міндетті әрекеттердi көрсетпесе;

3) егер сот шығындары туралы мәселенi сот шешпесе;

4) егер сот шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.

2. Қосымша шешім шығару туралы арыз шешім заңды күшіне енгенге дейін берілуі мүмкін.

Сот қосымша шешім шығару туралы арызды арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

Талаптарды қанағаттандыру туралы қосымша шешімді бірінші сатыдағы сот арызды сот отырысында қарағаннан кейін шығарады. Іске қатысушы тұлғалар сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды.

3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.


237-бап. Шешiмдi түсiндiру

1. Істi қараған сот шешiм түсiнiксiз болған жағдайда iске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтінішхаты бойынша шешiмнің мазмұнын өзгертпей, оны түсiндiруге құқылы. Шешiмді түсіндіруге ол әлi орындалмаған және шешiмнің мәжбүрлi түрде орындалуы мүмкiн мерзiмі өткенге дейін жол беріледі.

Сот шешiмдi түсiндiру туралы арызды, өтінішхатты олар сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

2. Сот шешімінің қарар бөлігін түсіндіру туралы мәселені сот отырысында шешеді. Іске қатысушы адамдар, сондай-ақ сот орындаушысы, қарау және шешу нысанасы оны түсіндіру туралы өтінішхат болған жағдайда, сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.

3. Шешiмді түсiндiру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

238-бап. Шешiмдi орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, шешімді орындатуға жібергенге дейін шешiмнің орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет