Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет2/7
Дата01.07.2016
өлшемі1.46 Mb.
#171266
1   2   3   4   5   6   7

Зақымдалу жиілігі

Созылмалы артериялық жетімсіздігінің себебі көбіне аяқ артерияларының атеросклерозы ол 65 жастан жоғары жастағы тұрғындардың 10%-да кездеседі. Егер созылмалы артериялық жетімсіздігінің негізгі белгісі ауыспалы ақсақтық деп алсақ, ол 40-60 жастағы тұрғындардың 2%-да және 70 тен жоғары жастағылардың 6% да кездеседі.

Жас адамдарда аяқ артерияларының бітелмелі аурулары 60 жастан асқан науқастарға қарағанда қатерлі өтеді.

Аса қауіптісі ишемия, ол көбіне ампутацияға әкеліп соғады.

Ампутацияға дәлел көрсеткіштің пайда болуы жүрек-тамыр қатерліктің саны мен салмақтылығына (темекі тарту, артериялық гипертензия, қант диабет) байланысты. Ұзақ уақыт темекі тарту аса қауіпті болып есептеледі, өйткені созылмалы артериялық жетімсіздікті үнемі үдете береді.

Созылмалы артериялық жетіспеушілік синдромы нәсілдік және ұлттық тәуелділігі жоқ ауру. Синдром 50 ден асқан ер адамдарда жиі кездеседі. Егер синдром жас адамда кездессе, онда атеросклероздан басқа аяқ артерияларының зақымдалуы бар деп қарау керек.



Созылмалы артериялық жетіспеушіліктің жіктелуі

Созылмалы артериялық жетіспеушіліктің қай сатыда екенін бағалау үшін негізгі белгі аяқ бұлшық еттерінде ауру пайда болатын қашықтық (дистанция) – ауыспалы ақсақтық (1 кесте).


Клиникалық сипаты
Созылмалы артериялық жетіімсіздіктің негізгі симптомы бұлшық етте пайда болатын қайталамалы ишемиялық ауру ауыспалы ақсақтық (Шарко синдромы, claudicatio intermittens). Аяққа күш түскенде пайда болады да, қозғалыссыз күйде 2-5 минут ішінде басылады. Бұл симптомды бағалағанда мынадай жағдайларды еске алу керек:

  • Аурудың орналасатын жері артерияның зақымдалу деңгейіне байланысты. Созылмалы артериялық жетімсіздіктің клиникасы жиі беткейлі сан артериясы зақымдалғанда байқалады да ауру балтыр бұлшық еттерінде зақымдалған жерден төмен орналасады.

  • Аорта-мықын сегменті зақымдалғанда ауру санда және бөксе тұсында орналасады.

  • Ауыспалы асқақтықтың клиникалық көрінісінің дәрежесі әрқилы болып келеді. Науқастардың бір бөлігі жүргенде аяқ ауруы пайда болуын кәрі адамдарда болатын өзгеріске балайды. Науқастардың 50-90% дәрігермен сөйлескенде бұл шағымды айтпайды.

1 кесте


Созылмалы артериялық жетіспеушіліктің жіктелуі

(Покровский А.В., 1979)


саты

клиникасы

I

аяққа көп күш түскенде ауруы, мысалы 1 км ден артық қашықтыққа жүгіру немесе жаяу жүру

II


II А

200 метрден артық жаяу жүргенде аяқтың ауруы

II Б

200 метрден аз жүргенде аяқтың ауырғаны білінеді

III

қозғалыссыз күйде әдетте бунақ тұсы ауырады, немесе 25 метрден аз жүргенде пайда болады

IV

аяқ тіндерінің жаралы-некроздық өзгерістері

Аурудың бас кезінде субъективті сезімдер бунақтың жансыздануы, тоңуы, қышуы, шымырлауы болады. Сонымен қатар науқас аяғын аяғына салып отырғанда ауру пайда болатынына назар аударады – Панченконың тізелік симптомы.



Қозғалыссыз күйде болатын ауру аяқтардағы қан айналысының жеке декомпенсация симптомы. Әдетте ауру башпайларда, бунақ күмбезінде орналасады. Ауру көлденең жатқан кезде апяқты көтергенде күшейеді. Аяқты төсектен төмен түсіргенде ауруы бәсеңдеп жеңілдік сезінеді.

Аяқ артериялық жетімсіздігі кезінде пайда болатын ауруды мазасыз аяқ синдромынан ажырату керек (anxietas tibiarum). Ол психосоматикалық бұзылыстарда, абстиненттік синдромда кездеседі. Ұйқының тұрақты бұзылуы, депрессия, үрейлену кезінде ауру өте ауыр сезіммен сипатталады. Ауру әдетте кешке немесе түнде пайда болады, жүрген кезде басылып кетеді.

Нейрогендік ауру (псевдоауыспалы ақсақтық – pseudoclaudication) жұлын сабақтарын (аттың құйрығы) бел омыртқаларының остеохондрозы, белдік радикулопатияда, омыртқаның басқа ауруларында, шонданай нерві-сінің нейропатиясы немесе невриті болғанда байқалады. Аяқтардағы ауру бел ауруымен үйлеседі де ауру жүрумен байланысты болмайды. Ұзақ уа-қыт тік тұрумен байланысты. Науқас ауру синдромын жұмыс біткен кезде және кешке үдейе түсетінін бақылайды (күні бойы омыртқаға күш түскен-діктен). Басқышпен көтерілгенде ауру сезілмейді, ал төмен түскенде ауыра бастайды. Аурудың ұзақ анамнезі аяқ терісіндегі өзгерістің болмауымен үйлеспейді, тері ұстағанда жылы, түсі қызғылт, тамыр соғуы сақталған. Шонданай нерві зақымдалғанда науқас еңкейген кезде ауру күшейеді, аяқты тізе буынында жазған кезде шалқасынан жатқан науқастың ұршық буынында бүгілуі болса ауру санның артқы жағынан білінеді.

Зақымдалған жақ аяқтың бунағы бозарып тұратыны, балтыр бұлшық еттернің гипотрофиясы назар аударады, науқастың өзі «аяғым соңғы кезде арықтап кетті» деп арызданады.



Дистрофиялық өзгерістердің: терінің құрғақ болуы, балтырдың шашының түсуі, трофикалық жаралардың болуы аяқтағы қан айналыстың өте төмендеп кеткенін (декомпенсация) көрсетеді. Трофикалық жара созылмалы артериялық жетімсіздік болғанда бунақтың I башпайында орналасады. Трофикалық жаралар басқа ауруларда да болуы мүмкін, сондықтан созылмалы артерияның бітелме ауруларымен сұрыптау диагнозын жүргізу керек.

Мартореллдің синдромында көп жылдар артериялық гипертензия диастолалық қысымның жоғары болуымен зардап шеккен науқаста жара балтырдың төменгі бөлігінің сыртында орналасады, көбне ек аяқта бірдей симметриялы болады. Жараның пайда болуы магистралдық артериялардың өтімділігінің бұзылуына байланысты болмайды. Синдром көбіне орта және кәрі жастағы әйелдерде кездеседі.

Нейрогенді трофикалық жаралар перифериялық нервтер (бел өрімінің бұтақтары) жұлын зақымдалғанда пайда болып өкшеде орналасады. Аяқтың сезімталдығы төмендеген немесе жоқ болуымен, белсенді қозғалыстың болмауымен (парез, плегия) аяқ терісі жылы, артериялардың соғуы барлық деңгейде сақталған.

Балтырдың төменгі бөлігінің маусымды қайталамалы жаралары – Фелдекер-Хайнс-Кирленд синдромы – көктемде пайда болып, күзде кетіп қояды. Бұл синдром орта жастағы әйелдерде болады. Негізінде функциональдық вазомоторлық бұзылыстар немесе жүйелі васкулиттер торлы ливедо (livedo reticularis) сияқты тері өзгерістері жатады.

Пальпация жүргізгенде бунақ терісі салқын тіпті суық бұл созылмалы артериялық жетімсіздік салдары.

Тамыр стенозы болғанда одан төменгі бөлігінде тамыр соғуы (пульс) бәсеңдейді, ал толық бітелгенде (окклюзия) тамыр соғуы анықталмайды.

Аорта бифуркациясы немесе мықын артерияларының тарылуы немесе бітелуі болғанда сан артериясының соғуы бәсеңдейді немесе анықталмайды.

Сан артериясы зақымдалғанда – тамыр соғуының өзгерістері тақым артериясы мен бунақ артерияларында болады;

Тақым артериясы зақымдалғанда – балтыр артериялары мен бунақ артерияларының тамыр соғуы өзгереді.

Балтыр артериялары зақымдалғанда балтыр-бунақ буыны деңгейіндегі артерия және бунақ артерияларының соғуы бәсеңдейді немесе анықталмайды.

Кейбір жағдайларда тамыр соғуының күшейетіні байқалады ол тарылған немесе бітелген жерден жоғары жерде болады. Мысалы сан артериясының соғуы оның төменгі бөлігі тақым артериясы зақымдалғанда күшейеді.
Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері
Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері диагнозды тұжырымдау, тамыр зақымдалуының орналасуы, оның сипаты және дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Артериограммаларда бітелмелі (облитерленуші) аурулардың белгілері болатындары:



  • «тамырдың үзілуі» - артерия толық бітелгенде;

  • Дамыған қосымша коллатеральдық жүйенің болуы;

  • Тамыр диаметрінің тарылуы;

  • артерия контурының желінуі, атеросклерозда жиі болады.

Контрасттық магниторезонанстық ангиография (КМРА) жасағанда да артерия арнасының тарылғанын немесе бітелгенін көруге болады.

Допплерография

Ақ-қара режимде артериялардың атеросклерозбен зақымдалғаны айқындалады: тамыр қабырғасының қалыңдауы, қуысының сегментарлы тарылуы, атеросклероздық бүршіктер, қабырғалық тромбтар, сонымен қатар аневризмаларды, интиманың сыдырылған жерін анықтауға болады.

Бірөлшемді допплерограммада зақымдалған жерден жоғары тұста қан ағысы қалыптағыдай, тарылған (стеноз) жерде шыңдық систолалық жыл-дамдық тарылу сатысына қарай пропорциональды түрде үлкейеді. Доп-плерограммадағы диастолалық қысым дистальдық арнаның бар еке-ніне және оның зақымдалу дәрежесіне байланысты. Диастолада қан ағысы ай-тарлықтай жылдамдауы немесе болмауы мүмкін. Зақымдалған жерден төменгі тұста систолалық қан ағысының жылдамдығы зақым-далған жерден төменгі бөлігіндегі жылдамдықпен тең немесе төмен болады.

Шыңдық систолалық жылдамдық дистальдық арнаның жетілуі деңгейімен байланыстылығы диастолалық жылдамдыққа қарағанда аз болады. Соңғы параметр сонымен қатар тіндерді созылмалы қан айналысының төмендеуі кезінде коллатеральдық жүйенің даму дәрежесіне байланысты болады. Осыған байланысты систолалық қан ағысының жылдамдығының өзгеруі стеноздың бар екеніне дәлел бола алады. Артериялық стеноз сонымен қатар үш фазалық допплерограмманы екі немесе бір фазалық допплерограммаға өзгертеді.

Қан ағысының эхосигналының болмауы тамырдың бітелгенін (окклю-зия), сигналдың тамыр қуысына жетпей тамыр қабырғасының кальций-ленгенені немесе техникалық қателіктің айғағы болады. Тромб эхогендік материал ретінде артерия қуысында анықталады. Сонымен қатар коллате-ральдық жүйенің дамуы да тамыр тарылуы мен бітелуінің белгісі болады.

Өте мұқият зерттегенде жалпы және беткейлік сан артериялары, тақым артериясының жағдайын бағалауға мүмкіндік туады. Тереңдік сан артериясы мен балтыр артерияларын зерттеу біршама шектелген.




Сұрыптау диагностикасы

Сұрыптау диагностикасына негіз болатыны аяқтардың ауру синдромы.


Аяқ артерияларының облитерленуші атеросклерозы

  • Көбіне жасы ұлғайған ер адамдарда кездеседі.

  • Аяқ артерияларының жоғарғы бөлігінің зақымдалуымен сипатталады – сан, тақым атериялары, аорта бифуркациясы, мықын артериялары. Науқастарды зерттегенде сан немесе тақым артериялары соғуының бәсеңдегені, осы артерияларға аускультация жүргізгенде стеноздық шудың естілуі.

  • Аяқ артерияларының зақымдалуы басқа ағзалардың артериялары атеросклероздық зақымдалуымен үйлесіп келеді. Жүрек тамырларының атеросклерозы болғанда жүрек ишемиялық ауруының клиникасы мен асқынулары болады; ми тамырлары зақымдалғанда – жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері (ми қан айналысының жедел бұзылуы және оның салдарынан болатын өзгерістер, дисциркуляторлық энцефалопатия).

  • Допплерография мен артериография аяқ артерияларының проксималь-ды сегменттерінің стенозы немесе окклюзиясы бар екені дәлелденеді.

  • Артериограммада атеросклерозды сипаттайтын белгілері болатындарына артерияның жіңішкеруі біркелкі болмауы, контурының «желініп қалуы», артерияның сегментті зақымдалуы, көбіне бифуркация және бұтақшаларының шығатын жерінде.

Облитерленуші эндартериит

  • Жас ер адамдардың ауруы (20—45 жас).

  • Негізгі қауіптілік фактор – темекі тарту, басқа арандатушы фактор – суыққа шалдығу, аяқ-қол жарақаты, күш түсу және психикалық кернеулік.

  • Балтыр артериялары зақымдалады. Сан және тақым артериялары көбіне жақсы соғады, систолалық шу естілмейді. Тек қана сыртқы мықын артериясының гипоплазиясы бар науқастарда басқаша болады.

  • Көшпелі тромбофлебит көріністері.

  • Эндартерииті бар науқастардың аортографиясында аорта, мықын және сан артерияларының төменгі үштен біріне дейінгі өткізгіштігі қалыптағыдай артерия контуры түзу, жазық. Тақым және балтыр артериялары әдетте бітелген және балтырда тек бұранда тәрізді ұсақ коллатеральдар торы көрінеді.

Аяқ артерияларының тромбозы мен эмболиясы жедел артериялық жетімсіздік клиникасымен айқындалады. Тромбоз аяқ артерияларының созылмалы облитерленуші ауруларының асқынуы ретінде байқалуы мүмкін. Клиникалық сипаттары сәйкес болғандықтан: бунақ терісі бозамық, температурасы төмендеу, аяқ артерияларының соғуының болмауы, балтыр бұлшық еттерінің ауруы – сұрыптау диагностикасы қажет болады, өйткені емдеу тактикасы түбегейлі өзгеше. Қате шешім қабылдау өте қауіпті асқынулардың дамуына және науқастың мүгедектігіне себеп болады.

Сұрыптау белгілері:



  • Аяқ ауруының пайда болуы жүру қашықтығына (созылмалы ишемияның 1 және 2 сатысы) немесе дененің жағдайына (созылмалы ишемияның 3 сатысындағыдай) байланыссыз.

  • Ауру тез пайда болады және тұрақты болады. Эмболия болғанда бірнеше секунд аралығында пайда болады.

  • Тромбоз болғанда науқастың анамнезінде – созылмалы облитерленуші аурудың, эмболия болғанда – жүрек ауруларының (ЖИА, аритмия, туа біткен ақау, аневризма) болуы.

  • Жедел ишемияның клиникасы тромбозда болатын созылмалы ишемия-дан өзгеше. Науқас аяқ-қол жағдайының күрт өзгергенін өзі байқайды.

  • Аяқ қол созылмалы ишемиясы бар науқасты стационарда бақылағанда және жедел бітелу дамығанда осы кезде дәрігер артерия соғылуы (пульс) жоғалып кеткені байқалады, бұрын артерия сол жерде соғып тұрған.

  • Ангиограммада артерияның бітелгені (окклюзиясы) – «тамыр үзілуі» көрінеді. Тромбоздық бітелу болғанда үзілу контурының томпағы төмен қарайды, эмболия болғанда – жоғары қарайды.

  • Допплерография артерия қуысында тромбалық масса немесе бөгде тканьдарды анықтайды.

Басқа аурулар:

Паркс-Вебер синдромы – туа біткен артериовеноздық жыланкөздер, аяқтың магистральды артериялары мен веналарының арасында болады. Бұл ауруға тән болатыны: аяқтың созылмалы көк тамыр жетіспеушілігі, сау аяққа қарағанда ұзындығы мен диаметрінің үлкеюі, теріастылық ве-наның варикозды кеңеюі, варикоздық кеңейген венаны тыңдағанда систо-лалық шу естіледі, аяқ терісі көкшіл, ұстағанда ыстық. Артериограм-маларда веноздық фаза артериялық фазадан кейін тікелей пайда болады, өйткені капиллярлық фаза болмайды – магистральдық веналар бейнесі контрасттық затты сан артериясына енгізгенде пайда болады. Допплерография және дуплекстік сканнерлеу жүргізгенде веноздық арнаның артерияға ауысқаны: көк тамыр қабырғаларының қалыңдағаны: магистральдық веналарда пульстенген артериялық қан ағысы, қанның артериявеноздық жыланкөздері арқылы венаға құйылуын растауға болады.

Клиппель-Треноне синдромы – аяқ терең веналарының туа біткен гипоплазиясы немесе аплазиясы. Аяқ веналарының созылмалы веналық жетіспеушілігі, аяқтың ұзаруы мен жуандауы, веналық қан тереңдік веналардан перфоранттық веналар арқылы тері астылық веналарға ауқымды құю салдарынан веналардың варикозды кеңеюі, тері көкшіл, ыстық. Эластикалық бинтпен жасалған марш сынағы оң мәнді. Флебограммаларда тереңдік веналардың өтімсіздігі, контрасттық заттың перфоранттың веналар арқылы беткейлі венаға құйылуы көрінеді. Допплерография жүргізгенде тереңдік веналардың төменгі бөлігінің кеңейгенін және онда қан тоқырауы, теріастылық веналардың варикозды кеңейгені анықталады.

Посттромбофлебиттік синдром (ПТФС) аяқтағы терең веналар тромбофлебитінің нәтижесі, көбіне илеофеморальдық флеботромбоздан кейін. Аяқтың ауруы кешке қарай пайда болады да түнгі ұйқыдан соң немесе аяқты жоғары көтеріп ұстағаннан кейін басылады. Бұл синдромға да созылмалы веноздық жетіспеушілік клиникасы тән: аяқтың тегіс циркулярлы ісінуі, ісіктің кешке қарай үдеп таңертең жоғалуы, аяқты жоғары ұстағанда ісіктің азаюы, бунақ цианозы, тері астылық вена суретінің айқындалуы, олардың варикозды кеңеюі. Синдромдардың айқындығына қарай үш түрі болады: варикоздық, ісікті-ауру және аралас.

Аяқ тромбофлебиті жедел ауру болып есептеледі. Аяқ веналарының тромбозы мен қабынуы аясында жедел веноздық жетіспеушілігі дамуымен сипатталады. Бұл аурудың екі негізгі түрі бар: тері астылық веналардың тромбофлебиті – көбіне варикозды аурудың асқынуы; терең веналардың тромбофлебиті, олардың ішінен ерекше илеофеморальдық флеботромбозды жеке бөледі. Анамнезінде варикозды ауру, ортан жілік немесе жамбас сүйектерінің сынуы, аяқты ұзақ иммобилизациялау, аурудың басталуы жүктілік пен босанумен жамбас қуысындағы органдарға операция жасаумен, іш қуысына көлемді операция жасаумен байланысты болғанда. Аяқ кернеп ауырады, балтырда орналасады, күш түсумен байланысты емес, тұрақты. Хоманс және Мозес симптомдары оң мәнді. Жедел веналық жетімсіздік орын алады: аяқтың ісінуі, бунақ цианозы, теріастылық вена суретінің айқындалуы, бунақ терісінің температурасы көтеріледі (сау аяққа қарағанда). Марш сынағы мен флебография жасалмайды. Допплерография жасағанда веноздық тоқырау, терең веналардың кеңеюі, вена қуысында тромб көрінеді. Теріастылық венаның тромбофлебитінің клиникасы - локальды гиперемия, ісіну, зақымдалған венаның бойы пальпация жасағанда ауырады, көбіне үлкен теріастылық вена. Семіздігі бар науқастарда сұрыптау диагностикасын жүргізгенде біраз қиындықтар болуы мүмкін. Оларда веналар көрінбейді де жалғыз ғана симптом жергілікті ауырсыну, көбіне балтырдың іш жағында ҮТҚ бойында. Бұл ауруда ауырсыну тұрақты, күш түсу немесе дененің жағдайына байланысты болмайды, орналасуы әдеттегідей жоғарыда келтірілгендей. Диагноз қоюға анамнез (варикозды ауру), допплерография нәтижесі – теріастылық веналардың кеңеюі, вена қуысындағы тромб көмектеседі.

Нейрогендік ауру аяқта таңертең пайда болуымен ауыр көтергенде кеңеюімен бір жерде тұрып қалғанда (кезекте тұрғанда, ыдыс жуғанда және т.б.) үдеуімен сипатталады. Науқастар еңкейгенде және отырғанда аурудың бәсеңдейтінін атап өтеді. Аурудың күшеюі көлбеу жерден немесе басқышпен төмен түскенде байқалады, ал тамыр ауруы болғанда керісінше болады. Науқастар таянышпен ұзақ жүргеннің өзінде ауруды сезбейді. ауру бел аймағынан басталып аяққа тарайды. Пальпация жасағанда паравертебральдық сызық бойында ауырсыну анықталады.

Шонданай жүйке тамырының невриті санның артқы беті және балтырдың сыртқы беті ауруымен айқындалады. Ауру қайталанған кезде тұрақты, алға қарай еңкейгенде, науқасты жатқызып ұршық буынында бүгіп балтырды жазғанда ауру үдейді.

Диабеттік нейропатия. Ауру шеткі жүйке тамырларының невриті аясында пайда болады, тұрақты сырқырайды. Анамнезінде қант диабеті бар екені, зерттеу кезінде дәлелденгені диагноз қоюға көмектеседі.

Тақым артериясының синдромы балтыр бұлшық етінің ішкі басының анатомиялық аномалиясы және тақым артериясының ақауына байланысты. Артерия балтыр бұлшық етінің сыртқы және ішкі бөліктерінің арасынан өтпей ішкі бөлігінің ішкі жағынан өтеді де басылып қалады. Сндром көбіне спортпен шұғылданатын жас адамдарда кездеседі. Уақыт өте келе артерияның созылмалы жарақаттануы тромбозға әкеліп соғады, аневризма қалыптасуы мүмкін. Науқасты зерттеген кезде балтырды толық жазғанда тақым артериясының соғуы жоғалады да бүккенде пайда болады. Ауырсыну науқас жүрген кезде пайда болады, ол ауыспалы ақсақтыққа ұқсас болады, дегенмен жүгірген кезде ауырсыну болмайды, өйткені жүгіргенде жүргенге қарағанда балтыр аз жазылады. Артериография, допплерография, КТ немесе МРА, әсіресе бунақты бүгіп сынақ жүргізгенде артерияның аномальды орналасуын және балтыр бұлшық етін кернегенде өның өткізгішті бұзылатыны анықталады. Аномалияның үштен бірінде екі жақты болып кездеседі.

Аяқ буындарының артриті. Ауру зақымдалған буында орналасады да кешке қарай буынға күш түскеннен үдейді. Науқасты қарағанда буын аймағында өзгерістерді анықтауға болады: деформалаушы артрозда деформацияны, гиперемияны және пальпация жасағанда ауырсынуды – жедел артериит болғанда. Аяқты бүккенде буында сықыр, қозғалу көлемі шектелгені. Науқасты қарау нәтижесі ренгтенографиялық зерттеумен дәлелденеді.

Аяқтың созылмалы компартмент синдром сирек кездесетінін патология және аяқ бұлшық еттері өте дамыған атлеттерде кездеседі. Бұлшық еттердің гипертрофиясы салдарынан тамырлар басылып артерия арқылы қан келу вена арқылы қанның кері ағуы бұзылады. Аяқ ауруы созылмалы артериялық жетімсіздігіне сәйкес сияқты, дегенмен аяққа күш түскенде пайда болады (жаттығу кезінде). Артерияның зақымдалуы жоқ екенін допплерография жасап білуге болады.

Артериялық кальциноз (Менкеберг ауруы) сирек кездесетін және қатерсіз болып есептеледі. Ауруға тән болатыны күйзелтетін парестезия, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы, аяқтың үнемі тоңып тұруы, температураның төмендеуі. Осыңдай өзгерістер бола тұра аяқтың артериялық қан айналысы жетімсіздігінің сапасы белгілі болмайды. Рентгенологиялық зерттеуде, УДЗ-де сан және тибиальдық артериялар бойынан кальцийленген қаздың мойыны тәрізді сақиналар анықталады.

Сұрыптау диагностикасын жүргізгенде жалған ауыспалы ақсақтық (pseudoclaudication) синдромын жеке бөліп қарайды. Ишемия клиникасының болуы, артерия тамырының соғуы нашарлап немесе жоқ болуы аяқ артерияларының бітелме ауруларына патогномиялық симптом болатұра ауыспалы ақсақтық артерия тамырларының соғуы болмауымен сәйкес келсе де, ол барлық жағдайда бірдей артериялық жетімсіздікті көрсете қоймайды. Науқас аяғының ауырмайтын күндері болатынын және көп жүргеннің өзінде ақсақтық байқалмайтыны, немесе бел тұсының ауыратыны радикулопатия туралы баяндаса дәрігер ондай науқаста жалған ауыспалы ақсақтық бар екеніне күдіктенуі керек. Бұл синдром жұлынның басылып қалуының нәтижесі немесе «ат құйрығы» синдромы. Толық неврологиялық зерттеу, омыртқаның белдік-сегізкөз бөлігін көрнекті ету (рентгенологиялық зерттеу, компьютерлік томография немесе МРТ) аталған синдромды сұрыптауға мүмкіндік туғызады.



Күрделі регионарлы ауру синдромы (complex regional pain syndromes, CRPSs): посттравматикалық ауру синдромы каузалгия, Зудека атрофиясы, рефлокторлық симпатикалық дистрофия – дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мамандандырылды. Аурудың екі түрі біреуі CRPSs I-оған кіретіндері мимокаузалгия, Зудек атрофиясы, рефлекторлық симпатикалық дистрофия, екіншісі CRPSs II оған кіретін жүйке жүйесіндегі патология кезінде болатын каузалгия. Каузалгия алғашқы рет Америкадағы азамат соғысы кезінде артерия мен нервтері зақымдалған науқастарды зерттеп жазылған. Аурудың патогенезі ақырына дейін ашылмағанына қарамай, белгілі жағдай жетекші рольді симпатикалық нерв жүйесі зақымдалғаны анық. Осыған орай симпатэктомия синдромның негізгі емі болып келген. Қазіргі кезде симпатэктомия қолданылмайды, дегенмен симпатикалық бағанаға блокада жасау нәтижелі шара болып табылады да осы патологияда жиі қолданылады.Бұл патологиямен арнаулы дәрігерлер шұғылданғанымен, тамырлық хирургтер мен жалпы хирургтер ауру диагностикасын бірінші болып өткізеді.

Аяқ травмасынан кейінгі ауру травма ауырлығына сәйкес келмейді. Ауру аяқтың жедел ишемия туралы жасалған реваскуляндыру операциясынан кейін болуы мүмкін. Ауру туралы күдік беткейлі сыздап ауру, айқын гиперсезімталдық, ісік тәрізді вазомоторлық бұзылыс, эритемалармен гипергидроз симптомдары болғанда туу керек. Диагностиканың сәулелі түрі зақымдалған аяқта теңбіл остеопатияны анықтауға көмектеседі.

Ауруды емдеу симпатикалық блокада жасаудан симптомдық ем жүргізуден тұрады. Блокаданы аурудың басталған кезінде шұғыл кезінде жасау тиімді ауру бұл кезде қайталмалы болады.

Ауру үдеген кезде аяқтағы эритема цианозбен алмасады да ісіну қа-тайып кетеді, ауру тұрақты және басылмайтын болады. Бұл өзгерістер 1 айдан кейін дамиды да аурудың екінші дистрофиялық сатысы болып табы-лады. Уақыт өте келе қызметі шектелген аяқта гипотрофия, жұмсақ тіндер-дің фиброзы және буындар контрактурасы байқалады. Сәулелі әдіс анки-лоз және айқын остеопорозды анықтайды. Бұл кезеңде ауру үшінші атро-фиялық кезеңге көшеді. Көбіне диагноз аурудың екінші сатысында белгілі болады дәрігер бұл кезенде симпатикалық блокада жасаған соң аурудың жағдайы күрт жақсарғанын байқайды. Өкінішке орай аурудың бұл саты-сында оның салдарынан болатын өзгерістер қайтпай сол күйінде қалады.

Ауыспалы ақсақтық жас ер адамдарда болуы мүмкін. Бұл туа біткен аномалия тізе алдының қапшығынан шығатын псевдоганглионарлық киста тақым артериясын басып қалады. Аяқты тізе буынында бүккенде артерия тамырының соғуы жоғалып кетеді. УДЗ, КТ және МРТ кистаны анықтауға көмектеседі, ал артериограммада артерияның қылыш тәріздес деформациясы көрінеді. Емі хирургиялық әдіспен кистаны алып тастаудан тұрады. Шунттау операциясы артерия бітелгенде (окклюзия) жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет