жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық
құбырларды, электр беру және байланыс
желiлерiн, каналдарды, бөгеттердi, өзге де
құрылыстар мен объектiлердi орналастыру,
жобалау мен салу кезiндегi экологиялық талаптар
1. Кәсiпорындар, құрылыстар мен басқа да объектiлер орналастырылатын орын, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне әсер ететiн және әсер етуi мүмкiн жаңа техниканы, технологияны, материалдар мен заттарды енгiзу жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiледi.
2. Жануарларды және олардың тiршiлiк ету ортасын қорғау құралдарымен қамтамасыз етпей объектiлердi пайдалануға беруге және технологияларды қолдануға тыйым салынады.
3. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмайтын, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына қосу, жерлердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi айқындау, туристiк маршруттарды әзiрлеу мен халықтың жаппай тынығу орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тiршiлiк ету ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.
4. Кәсiпорындар, құрылыстар мен басқа да объектiлер салу мен реконструкциялау жобаларын экологиялық сараптамадан өткiзу кезiнде олардың жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, тiршiлiк ету ортасына, жануарлардың өрiс аудару жолдарына және көбею жағдайларына әсерi мiндеттi түрде ескерiледi.
5. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн кез келген қызметтi жүзеге асырған кезде жануарлардың тiршiлiк ету ортасының, көбею жағдайлары мен өрiс аудару жолдарының қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндiрiстiк процестердi жүзеге асырған уақытта, оның iшiнде жануарларға қауiптi препараттарды, химиялық заттар мен қоспаларды сақтау, тасымалдау, қолдану, қалдықтарды жинап қою, жою, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, ағаш дайындау және басқа жұмыстар жүргiзген кезде, сондай-ақ электр желiлерi мен көлiк құралдарын пайдалану кезiнде жануарлардың қырылуын болдырмауға арналған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
6. Темiр жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, электр беру және байланыс желiлерiн, сондай-ақ каналдарды, бөгеттердi және өзге гидротехникалық құрылыстарды жобалау мен салу кезiнде жануарлардың өрiс аудару жолдарының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.
7. Жануарлардың көбею жерлерiнде жоғары шуыл көздерi болып табылатын жару және басқа да жұмыстар жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасымен шек қойылады.
8. Су объектiлерiнде гидротехникалық және басқа құрылыстарды пайдалану, су объектiлерiнiң гидрологиялық режимi мен олардан су тұтыну режимiн, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасының жай-күйiне әсер ететiн және әсер етуi мүмкiн басқа да қызметтердi белгiлеу жануарлар дүниесiн қорғау талаптары, балық және аң шаруашылығы мүдделерi ескерiле отырып жүзеге асырады.
Ескерту. 237-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
238-бап. Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi өртеу
кезiндегi экологиялық талаптар
Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi немесе оның қалдықтарын өртеуге жабайы фаунаның сақталуы жөнiндегi iс-шаралар әзiрлене отырып, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен өртке қарсы күрес қызметi органдарының тиiстi рұқсаттарына сәйкес шаруашылыққа қажеттi жағдайда ғана жол берiледi.
239-бап. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық
тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де
қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды
тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа
препараттар жасау кезiнде қойылатын
экологиялық талаптар
1. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезiнде жеке және заңды тұлғалар аталған препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану ережелерiн сақтауға және жануарлардың ауыруы мен қырылуын болдырмауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
2. Жаңа препараттар жасаған кезде оларды қоршаған ортада қолданудың нормативтерi әзiрленуге тиiс.
3. Жануарлардың қырылуын және олардың тiршiлiк ету ортасының нашарлауын болдырмау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) қолданылуы шектелетiн немесе оған тыйым салынатын жекелеген аумақтарды айқындай алады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiне енгiзiлген пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етiледi.
4-1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге және пайдалануға тыйым салынады. Осы заттардың экспорты мен импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.
5. Пестицидтердi (улы химикаттарды) осы баптың 4-тармағында аталған тiзiмге енгiзуге уыттылық зерттеулер, олармен жұмыс iстеуге гигиеналық регламенттеу жүргiзiлгеннен, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгiленгеннен және осы пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн жол берiледi.
6. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
7. Минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарда ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттар болған кезде, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша уыттылық зерттеулерiн жүргiзiп, соның негiзiнде осы минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар бойынша экологиялық нормативтер белгiленедi.
8. Мыналарға:
1) дала кемiргiштерiн құрту кезiнде, сондай-ақ жануарлардың жаппай құтыру iндетi және басқа аурулары болған жағдайларда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша улы химикаттар қолдануды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн улы химикаттар қолдана отырып аулауға;
2) пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорық режимi аймақтарында;
өрiс аудару және көбею кезеңiнде жануарлар жаппай топтасатын жерлердегi белгi қойылған тыныштық аймақтарында, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерде;
жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің белгі қойылған тіршілік ету және қолдан өсіру орындарында қолдануға;
3) ауыл шаруашылығы және басқа да алқаптарда топыраққа сіңірілмеген және жабайы жануарлардың қоректенуі мүмкін уланған тұқымдарды жер бетінде қалдыруға тыйым салынады.
9. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларының тіршілік ету орталарын пестицидтермен (улы химикаттармен) ластанудан қорғау мақсатында су шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің қазіргі бар жағалауларынан екі километр шегінде:
1) өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптермен күресте авиация арқылы тозаңдату тәсілін қолдануға;
2) пестицидтер (улы химикаттар), минералдық тыңайтқыштар мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды салуға, авиахимиялық жұмыстар жүргізу үшін ұшу-қону жолақтарын, сондай-ақ жер бетіндегі аппаратураларды пестицидтермен (улы химикаттармен) толтыру алаңдарын және қой тоғытуға арналған әуіттер орнатуға тыйым салынады.
Ескерту. 239-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу трәтібін 2-б. қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
240-бап. Жануарларды жаңа тіршілік ету орындарына
көшіру, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жануарлар
түрлерін жерсіндіру, жануарларды қайта
жерсіндіру мен будандастыру, оларды Қазақстан
Республикасына әкелу және одан тысқары
жерлерге әкету кезіндегі экологиялық талаптар
1. Жануарлар дүниесі объектілерін жаңа тіршілік ету орындарына көшіруге, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жабайы жануарлар түрлерін жерсіндіруге, сондай-ақ жабайы жануарларды будандастыру жөніндегі іс-шараларға ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жол беріледі.
2. Жеке және заңды тұлғалардың жабайы жануарларды өз бетінше көшіруіне, жерсіндіруіне және будандастыруына тыйым салынады.
3. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен будандасуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын жартылай ерікті немесе еріксіз жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.
4. Жануарлардың тіршілігіне қатер төндіретін дүлей зілзала және төтенше экологиялық жағдайлар туындаған жағдайда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланушылар жабайы жануарларға көмек көрсетуге және бұл туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.
5. Жануарлар дүниесі объектілерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
241-бап. Аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру,
аңшылықты ұйымдастыру кезіндегі экологиялық
талаптар
Аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру, сондай-ақ аңшылықты ұйымдастыруды жүргізу кезінде қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
242-бап. Балық аулау кезіндегі экологиялық талаптар
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу трәтібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Балық аулау ережесі, балық аулау объектілері, балық шаруашылығы мен балық аулауды жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі, балық ресурстары мен басқа су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға жануарлар дүниесі объектілерін жалпы пайдалану тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір рет балық аулауға шыққанда бес килограмға дейін тегін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы белгіленген ережелер, нормативтер, шектеулер мен тыйымдар сақталуға тиіс.
3. Сулы-батпақты алқаптарда және балық ресурстарының және басқа да су жануарларының тіршілік ету және таралу орындарында гидромелиорациялық жұмыстар мұндай қызметтің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
4. Балық аулау Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 242-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу трәтібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
243-бап. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен
өнімдерін пайдалану кезіндегі экологиялық
талаптар
1. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға, жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда, олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда және жануарларға зиян келтірмегенде, жол беріледі.
2. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалануға жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда және олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда жол беріледі.
3. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
244-бап. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын
экологиялық талаптар
1. Жеке және заңды тұлғалар жануарларды табиғи ортадан алу жолымен зоологиялық коллекцияларды (жануарлар дүниесі объектілерінің тұлыптарын, жұмыртқаларын, препараттары мен бөліктерін, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерін, зообақтарын, цирктерді, зоологиялық питомниктерді, аквариумдерді, океанарумдарды) жасауды және толықтыруды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.
2. Ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік немесе эстетикалық құндылық болып табылатын және жалпымемлекеттік маңызы бар зоологиялық коллекциялар мемлекеттің есебіне алынуға тиіс.
3. Зоологиялық коллекцияларды жасау, толықтыру, сақтау, пайдалану, иеліктен алу мен мемлекеттік есепке алу, олармен сауда жасау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге жөнелту мен әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін ережелер бойынша жүзеге асырылады.
245-бап. Жануарлардың санын реттеу кезіндегі
экологиялық талаптар
1. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, ауылшаруашылық және басқа үй жануарлары ауруларын болдырмау, қоршаған ортаға, шаруашылық және басқа қызметке зиян келтіруді болдырмау мүддесінде жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін және оларға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.
2. Жануарлар санын реттеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 245-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
246-бап. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу
кезіндегі экологиялық талаптар
Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады:
1) жануарлар дүниесі объектілерін ұтымды пайдалану, өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың тіршілік ету ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асырған уақытта табиғат қорғау технологияларын қолдану;
2) жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуының бастапқы есебін жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, ол ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру;
3) жануарларды аулаудың белгіленген ережелерін, нормаларын, лимиттері мен мерзімдерін сақтау;
4) бекітіп берілген аумақтағы жануарлар дүниесінің объектілерін, соның ішінде құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қорғауды жүзеге асыру;
5) жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың тіршілік ету ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу;
6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша жалпымемлекеттік, өңірлік, республикалық және басқа да аумақтық экологиялық бағдарламаларды орындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
7) аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрестің кешенді іс-шараларын жүзеге асыру, жануарлар ауруларының анықталуы, олардың тіршілік ету ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың құрып кету қаупінің туындауы және қырылу жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына дереу хабарлау;
8) жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен олардың тіршілік ету жағдайлары нашарлаған, жануарлардың көбею қабілеті төмендеген және олардың құрып кету қаупі туған жағдайда оларды пайдалануды өз бетімен тоқтату, жануарларға және олардың тіршілік ету ортасына теріс әсерді жою шараларын шұғыл қолдану.
247-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен
квоталар белгілеу кезіндегі экологиялық
талаптар
Жануарларды сақтау және өсімін молайту мақсатында Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгіленеді.
248-бап. Жануарлар дүниесін биотехнология өнімдерінің
зиянды әсерінен қорғау
Микроорганизмдердің жаңа штаммдарын, биологиялық белсенді заттарды жасау, генетикалық түрлендірілген организмдерді жасап шығару, басқа да биотехнология өнімдерін өндіру мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындылар болмаған кезде көрсетілген организмдер мен заттарды пайдалануға тыйым салынады.
36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ
ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ
ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ
ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
249-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету
қаупі төнген түрлерінің тізбесі
1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жануарлардың (омыртқалы және омыртқасыз) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін (шағын түрлерін, популяцияларын) қамтиды.
2. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлар мемлекеттік меншік болып табылады, ал еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жануарлар мемлекеттік меншікте де, жеке меншікте де болуы мүмкін.
3. Жеке және заңды тұлғалар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен пайдалануға құқылы.
250-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін
жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету
қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін
молайту
1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің қырылуына, санының азаюына немесе тіршілік ету ортасының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерге жол берілмейді.
2. Жеке және заңды тұлғалар бекітіп берілген аумақтар шегінде жануарларды қорғауды қамтамасыз етуге, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуының өздеріне белгілі болған немесе анықталған жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайларды тексеру тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
3. Дүлей зілзалалар кезінде және басқа да себептер салдарынан жануарлардың жаппай ауруы, оларға қырылу қаупі төнген жағдайларда, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес көмек көрсетіледі.
4. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ерекше жағдайларды қоспағанда, оларды алып қоюға тыйым салынады.
5. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің өсімін молайту мақсатында:
1) табиғи өсімін молайту жағдайларын жақсарту;
2) қонысын ауыстыру, жерсіндіру, қайта жерсіндіру;
3) қолдан өсірілген жануарларды тіршілік ету ортасына жіберу жүргізілуі мүмкін.
6. Осы баптың 5-тармағында аталған іс-шаралар мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздемелер негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
7. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылады, сондай-ақ олардың айналасында осы аймақтардың шегінде жануарлар дүниесінің жағдайына теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, күзет аймақтары белгіленуі мүмкін.
8. Шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасы мен көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс, сондай-ақ осы жануарлардың тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын, бөлініп берілетін учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
251-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін
Достарыңызбен бөлісу: |