Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі


тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол



бет19/22
Дата11.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#190167
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

                тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол
                берілетін радиоактивтілік деңгейі

      1. Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол берілетін радиоактивтілік деңгейі радиациялық қауіпсіздік нормаларымен белгіленеді.


      2. Көмір радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген мөлшер шегінен аспаған кезде кез келген мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Радиоактивтілігі радиациялық қауіпсіздіктің қолданыстағы нормаларында және санитарлық ережеде көзделген деңгейден жоғары көмір, радиациялық қауіпсіздік нормалары сақталу шартымен карьердің ішкі үйіндісіне жинақталып, көмілуге тиіс.

      276-бап. Елді мекендер аумақтарындағы, тұрғын үйлердің


                және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы
                радиациялық жағдайға, құрылыс материалдарының,
                минералдық тыңайтқыштардың, отын-энергетикалық
                шикізаттың радиациялық қауіпсіздігіне және
                мұнай операциялары кезіндегі радиациялық
                қауіпсіздікке бақылау ұйымдастыру

      1. Радиациялық бақылауды ұйымдастыру радиациялық қауіпсіздіктің белгіленген нормативтік шамаларынан асуына жол бермеуін, сондай-ақ халыққа дозалық жүктемені төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен енгізуді өзіне міндет етіп қояды.


      2. Елді мекен пункттерінің, тұрғын үй-тұрмыстық объектілерінің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, демалыс және рекреация аймақтарының, бағбандық серіктестіктерінің құрылысына жер учаскелері бөлініп берілген кезде, міндетті іздестіру жұмыстары көлеміне бөлініп берілген учаске аумағындағы сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу енгізілуге тиіс. Нәтижелері құрылысқа учаске таңдау жөніндегі комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
      3. Тұрғын үй объектілері пайдалануға берілген кезде сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық мөлшерінің қуаты - әрбір пәтерде, ал радонның шоғыры әрбір кіреберістің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өлшенеді. Радонның жол берілетін шоғырлануы асып кеткені анықталған жағдайда зерттеу үйдің барлық пәтерлерінде жүргізіледі.
      4. Сыртқы гамма-сәуленің дозалық қуатын өлшеу жер бетінен немесе үй-жай еденінен 1 метр биіктікте жүргізіледі.
      5. Радонның баламалық тепе-тең көлемді белсенділігінің болуын бақылау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның әдістемелік нұсқауларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған басқа да әдістемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Пайдалануға берілетін құрылыс объектілеріндегі өлшеулердің нәтижелері радиациялық тексеру актісі түрінде ресімделіп, оның бір данасы объектіні пайдалануға енгізу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне тіркеледі. Өлшеулерді өткізу үшін жауапкершілік объект құрылысын жүзеге асыратын және оны пайдалануға ұсынатын ұйымға жүктеледі.
      7. Үй-жайлардағы гамма-фонды және радонның мөлшерін азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мүмкіндігін, қажеттілігін, көлемі мен мерзімдерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өкілдерін міндетті түрде қатыстыра отырып, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының комиссиясы айқындайды.
      8. Табиғат пайдаланушы құрылыс материалдары, минералдық тыңайтқыштар, мелиоранттар мен отын-энергетика шикізаты кен орнын игеруді бастағанға дейін олардың радиациялық қауіптілік деңгейі мен пайдаланылу шарттары туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиіс. Қорытындыны геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша пайдалы қазбаларды радиациялық-гигиеналық бағалау бөлімі қамтылатын, кен орындарын игеру жобасының негізінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган береді.
      9. Табиғат пайдаланушының радиациялық бақылау қызметі кен орындарын игеру жөніндегі жоба талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, радиациялық бақылау нәтижелері құжатпен ресімделеді.
      10. Өнімнің радиациялық сапасы аккредиттелген зертханалар орындаған зертханалық зерттеулер негізінде мемлекеттік бақылау органдарының қорытындысымен расталады. Өнімнің сапасын растаудың тәртібі мен кезеңділігі кен орындарын игеру жобаларының сараптамасы кезінде белгіленеді.

      277-бап. Металл сынықтарына радиациялық бақылауды


                қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Металл сынықтарын өндірістік радиациялық бақылау:


      1) дайындау ұйымына түсетін барлық металл сынықтарын оның радиоактивті ластануын не онда оқшау гамма-сәуле көздерінің болуын анықтау мақсатындағы радиациялық бақылауды;
      2) металл сынықтарының тобына немесе бөліктеріне жақын жерде радиациялық фонның артуы анықталған кезде гамма-сәуле дозасының қуатын өлшеуді;
      3) металл сынығының альфа- және бета-активті радионуклидтермен беткі ластануының бар-жоғын іріктеп тексеруді;
      4) металл сынығы топтарын тасуға арналған бос көлік құралына радиациялық тексеру жүргізуді, сондай-ақ жүк тиелген көлік құралының үстіндегі гамма-сәуле дозасының қуатын өлшеуді қамтиды.
      2. Мемлекеттік өндірістік радиациялық бақылау жүргізудің әдістемесі мен тәртібі санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен айқындалады.

      278-бап. Радиациялық авариялар кезінде іс-шараларды


                жүзеге асыру тәртібі

      1. Радиоактивті материалдарды тасымалдағанда төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтардың денсаулығын, олардың мүлкін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптары және техникалық регламенттер сақталуға тиіс.


      2. Авариялық рәсімдер авария болған жағдайда жүк құрамының қоршаған ортамен өзара іс-әрекеті салдарынан басқа қауіпті заттардың пайда болу ықтималдығын ескеруге тиіс.

      279-бап. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету


                саласындағы қадағалау мен бақылау

      Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қадағалау мен бақылау Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ,
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ
ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      280-бап. Ықтимал қауіпті химиялық заттарды өндіру және


                пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      1. Ықтимал қауіпті химиялық заттарды өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында:


      1) өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдалану процесінде қоршаған ортаға әсер етудің шекті жол берілетін белгіленген нормативтерінің орындалуы;
      2) оларды қолданудың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарларының алдын алу жөніндегі шаралардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.
      2. Жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын немесе оны пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған химиялық заттарды өндіруге және пайдалануға шектеу қойылады.
      Ескерту. 280-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      281-бап. Қоршаған ортаны зиянды және бақыланбайтын


                биологиялық әсерден қорғау

      Ықтимал қауіпті биологиялық заттарды, оның ішінде генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдерді өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында:


      1) өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдалану процесінде қоршаған ортаға әсер етудің шекті жол берілетін белгіленген нормативтерінің орындалуы;
      2) оларды қолданудың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарларының алдын алу жөніндегі шаралардың орындалуы;
      3) генетикалық түрлендірілген өнімдердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат берген тізбе шеңберінде ғана пайдаланылуы қамтамасыз етілуге тиіс.

      282-бап. Гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі

      1. Генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында мынадай талаптар сақталуға тиіс:

      1) табиғат пайдаланушылар генетикалық түрлендірілген өнімдердің қайдан шығатынын және қайда түсетінін айқындайтын жүйелер мен рәсімдерді меңгеруге тиіс;

      2) қоршаған ортаға әдейі шығаруға арналған генетикалық түрлендірілген организмдер үшін табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына олардың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруге тиіс;

      3) тағамға, жемге немесе өңдеуге арналған генетикалық түрлендірілген организмдер үшін табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өнімде болуы мүмкін генетикалық түрлендірілген организмдердің ерекшеліктерін сипаттап, өнімнің тек тағам, жем ретінде немесе өңдеу үшін пайдаланылуға тиістілігі туралы декларация ұсынуға тиіс; P080346

      4) генетикалық түрлендірілген организмдерден алынатын тағам және жем өнімдеріне қатысты табиғат пайдаланушылар сатып алушыларды өнімнің генетикалық түрлендірілген организмдерден алынғаны туралы хабардар етуге тиіс;

      5) табиғат пайдаланушылар генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру мен пайдалану туралы ақпаратты бес жыл бойы сақтауға және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға олардың талап етуі бойынша табыс етуге тиіс.

      2. Ауыл шаруашылығының табиғат пайдаланушылары өз өнімін сатып алушыға оның генетикалық түрлендірілген өнім сатып алатынын таңбалау арқылы хабардар етуге және өз өнімін ұсынатын сатып алушылардың тізілімін жүргізуге тиіс.

      3. Мемлекеттік органдар барлық генетикалық түрлендірілген тағам өнімдері мен жемге арналған таңбалау туралы қолда бар ережелерді таратады. Генетикалық түрлендірілген организмдерді қамтитын немесе олардан құралған немесе алынған барлық тағам өнімдері мен жемдер таңбалануға тиіс. Таңбалаудың мақсаты тұтынушыларды өнімнің немесе жемнің нақты қасиеттері туралы хабардар ету болып табылады.

      4. Генетикалық түрлендірілген организмдерді таңбалау жүйесі түпкі тамақ өнімінде генетикалық түрлендірілген дезоксирибонуклеидтерді немесе белоктарды табу мүмкіндігіне негізделеді.

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН
АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      283-бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығы

      1. Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.
      2. Қалдықтарға меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру шартының немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәміле негізінде алуы мүмкін.
      3. Мемлекет мемлекеттік меншік объектілерінде немесе сот шешімі бойынша мемлекеттік меншікке түсті деп танылған объектілерде құралатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда қалдықтардың меншік иесі болып табылады.
      4. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.
      5. Меншік иесінің қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды орындайтын субъектiлерге қалдықтарды беруі, егер тараптар келісімді өзгеше жағдайда жасамаған болса, қалдықтарға меншік құқығының бір мезгілде осындай субъектілерге ауысуын білдіреді.
      Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      284-бап. Иесіз қалдықтар

      1. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар иесіз қалдықтар болып табылады.
      2. Жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған кезде оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігіне айналдыруды куәландыратын өзге де әрекеттер жасай отырып, осы қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға құқылы.
      Басқа иесіз қалдықтар, егер сот қалдықтарды иеленуге кіріскен тұлғаның өтініші бойынша оларды иесіз қалдық деп таныса, осы тұлғаның меншігіне түседі.
      3. Өзге жағдайларда, иесіз қалдықтарды тапқан тұлғалар бұл жөнінде тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлауға міндетті. Аумағында иесіз қалдықтар анықталған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы иесіз қалдықтардың бар екендігі жөнінде хабарлама алған кезден бастап бір жыл ішінде бұл қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті.
      Иесіз қалдықтар табылған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен де сотқа жүгіне алады.
      4. Жергілікті атқарушы органдар иесіз қалдықтармен жұмыс істеу және олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.
      5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады.
      6. Сот шешімі бойынша республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп танылмаған иесіз қалдықтар оларды қалдырған меншік иесінің иелігіне, пайдалануына және билік етуіне қайта қабылдануы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену мерзімі өткендіктен меншікке сатып алынуы мүмкін.
      7. Заңды тұлғалар өңдеу үшін алған иесіз қалдықтар қалдық ретінде қарастырылмайды.
      Ескерту. 284-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      285-бап. Қалдыққа меншік құқығының ауысуы

      1. Қалдықтар орналастырылған жер учаскелерінде жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзгерген кезде қалдыққа меншік құқығы туралы мәселе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шешіледі.
      2. Мемлекеттік меншік объектілері жекешелендірілген кезде, егер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы кәсіпорындарды жекешелендіру шарттарында өзгеше көзделмесе, қалдықтарға меншік құқығы, сондай-ақ қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу және оларды жою, жерлерді рекультивациялау мен қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелер жаңа меншік иесіне ауысады.
      Ескерту. 285-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      286-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтары және олардың


                түрлері

      1. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтары қауiптiлiк дәрежесі бойынша қауiптi және қауiпсіз болып бөлiнедi.


      2. Осы тараудың күші, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу кезінде түзілген, олардан пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт жасалған, олармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасымен реттелетін техногендік минералдық түзілімдерге, сондай-ақ беткі қабаты эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы шөгінді жыныстарға (аршынды жыныстарға), радиоактивті қалдықтарға қолданылмайды.
      Ескерту. 286-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      287-бап. Қауіпті қалдықтарды сыныптау

      1. Мына заттардың:
      1) жарылғыш заттардың;
      2) жеңіл тұтанатын сұйықтардың;
      3) жеңіл тұтанатын қатты заттардың;
      4) өздігінен жанатын заттар мен қалдықтардың;
      5) қышқылданатын заттардың;
      6) органикалық пероксидтердің;
      7) улы заттардың;
      8) созылмалы және тұрақты ауру туғызатын уытты заттардың;
      9) жұқтырушы заттардың;
      10) коррозиялаушы заттардың;
      11) экоуытты заттардың;
      12) сумен әрекеттесу кезінде тұтану қаупі бар газдар бөле алатын заттардың немесе қалдықтардың;
      13) ауамен немесе сумен әрекеттесу кезінде уытты газдар бөле алатын заттардың немесе қалдықтардың;
      14) жоғарыда аталған қасиеттердің бірін иеленетін басқа материалдарды құрауға қабілетті заттар мен материалдардың біреуін немесе бірнешеуін қамтитын қалдықтар қауіпті қалдықтарға жатқызылады.
      2. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсатында олардың қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленеді:
      1) Жасыл - G индексі;
      2) Янтарь түсті - А индексі;
      3) Қызыл - R индексі.
      3. Қалдықтарға код белгілегенде қалдықтар пайда болатын сала, жинау (көму) тәсілі, кәдеге жарату немесе регенерация тәсілі, ықтимал қауіпті құрамдас элементтері, қауіптілік түрі, объектілерінде қалдықтар пайда болатын экономика салалары ескеріледі.
      4. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және қалдықтарға код белгілеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қалдықтар жіктегішінің негізінде жүргізіледі. Жіктегіште қалдықтардың осы түрі болмаған жағдайда қауіптілік деңгейі мен код белгілеу әрбір нақты жағдайға негізделеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
      5. Технологиялар өзгерген кезде немесе өзге шикізат ресурстарына көшкен кезде, сондай-ақ қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгеруі мүмкін басқа да жағдайларда қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау мен код белгілеу жүргізіледі.
      6. Табиғат пайдаланушы қалдықтарды белгілі бір код белгілеуге жатқызуды дербес жүргізеді немесе қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып жүргізеді.

      288-бап. Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс


                істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

      1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.


      2. Қалдықтарды орналастыру мен жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын орындарда жүргізіледі.
      3. Қалдықтарды уақытша сақтау орындары қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналады.
      4. Қалдықтарды өңдеу, көму немесе сақтау үшін Қазақстан Республикасына әкелу олармен жұмыс істеуге техникалық (технологиялық) мүмкіндіктер болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады.
      5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайту мақсатында оларды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.
      6. Қалдықтарды залалсыздандыру немесе орналастыру тәсілдерін және орнын таңдау кезінде, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды айқындау кезінде қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуге тиіс.
      7. Біржолғы өнімдерді әкелу, егер ол кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен байланысты немесе экономикалық жағынан мақсатқа лайық емес қалдықтардың құралуына әкеп соқтырса, шектелуі немесе оған толық тыйым салынуы мүмкін.
      8. Пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе жою жөніндегі технологиясы жоқ қауіпті қалдықтар құралатын өнімдер импортына тыйым салынады.
      9. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген пайдалану нәтижесінде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.
      Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы

      1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен, І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ 2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 2011.12.03 N 505-IV Заңымен.
      2. Қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу міндетті.
      3. Қалдықтарды басқару бағдарламасында түзілген және орналастырылған қалдықтардың көлемі мен құрамы туралы, оларды сақтау, кәдеге жарату, көму, рекультивациялау немесе жою әдістері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      4. Қалдықтарды басқару бағдарламасында:
      1) өндірістік процестерді, оның ішінде аз қалдықты технологияларды енгізу есебінен жетілдіру;
      2) қалдықтарды қайтадан пайдалану не оларды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беру;
      3) қолжетімді озық технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайтуды қамтамасыз ету бойынша көлемдері мен оларды орындау мерзімдері көрсетілген шаралар көзделеді.
      5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялар болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
      7. Қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялаудың технологиялық мүмкіндігі болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
      8. Қалдықтарды басқару бағдарламасы он жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді және ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
      Ескерту. 42-тарау 288-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      289-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты



      1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және
заңды тұлғалар қауіпті қалдықтардың паспортын жасайды және бекітеді.
      2. Қауіпті қалдықтардың паспорты:
      1) осы Кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген қалдықтарға;
      2) Янтарь және Қызыл тізімдердегі қалдықтарға жасалады.
      3. Қауіпті қалдықтардың паспортында мынадай міндетті бөлімдер:
      1) қалдықтардың атаулары;
      2) қалдық шығарушы - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, өндірістік үй-жайы болған кезде оның орналасқан жері, кәсіпорынның атауы мен деректемелері;
      3) қалдықтардың шығу көздері;
      4) қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі;
      5) қалдықтардың химиялық құрамы және олардың құрауыштарының қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы;
      6) қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері;
      7) қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары;
      8) қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар;
      9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар;
      10) қосымша ақпарат қамтылуға тиіс.
      4. Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және ол қалдықтардың әрбір түріне жеке толтырылады.
      5. Қауіпті қалдықтар паспорты, қауіпті қалдықтар құралған кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда тіркелуге тиіс.
      6. Міндетті бөлімдерге енгізілген, деректердің толықтығы мен дұрыстығын көтеретін қосымша ақпараттардың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға және қайта тіркелуге жатады.
      7. Тіркелген қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы тобын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға, сондай-ақ қалдықтардың осы тобының (топ бөліктерінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде табыс етіледі.
      8. Жүк алушы алынған қалдықтар тобын өңдеу кезінде, басқа материалдармен араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы топқа (топ бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге және оны тіркеуге тиіс.
      9. Қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты өзінің қолданылуын тоқтатады.
      10. Қалдықтың химиялық және құрауыштық құрамы аккредиттелген зертхана орындаған талдаулардың нәтижелері негізінде көрсетіледі. Өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер) түрінде берілген қалдықтар үшін техникалық жағдайларға сәйкес бастапқы тауардың (өнімнің) құрауыштық құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      11. Қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып, нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі.
      12. Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықтарға байланысты, оның ішінде тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытындағы төтенше жағдайлар зардаптарын болдырмау және оларды жою жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі.
      13. "Қосымша ақпарат" бөлімінде қалдықтардың меншік иесі хабарлағысы келетін өзге де ақпарат көрсетіледі.

      290-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет