Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру көрсеткiштерi нәтижелерi



бет4/6
Дата01.07.2016
өлшемі479 Kb.
#169702
1   2   3   4   5   6

4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру көрсеткiштерi нәтижелерi

1. Бағдарламаның мақсаты

      Химия өнеркәсiбiн одан әрi дамыту үшiн жағдай жасау.



2. Нысаналы индикаторлар

Атауы

өлшем бiрлiгi

Ақпарат көзi

2009 ж

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Химия өнiмiнiң iшкi өндiрiсi 2 есеге артады

млрд. теңге

СА

85,5

98

115

116

175

177

Жоғары өңделген химия өнiмiнiң экспортын 2 есеге арттыру

млрд. теңге

СА

6,7

6,8

7,3

8,4

10,5

13,5

Жаңа химиялық өнiмдер түрлерiнiң өндiрiсiн ұйымдастыру

бiрлiк

ИЖТМ СА

-

-

5

5

5

6

Каустикалық сода*

мың тонна

СА

-

-

30

30

30

33

Хлор*

мың тонна

СА

-

-

9,6

9,6

9,6

10

Тұз қышқылы*

мың тонна

СА

-

-

45

45

45

47

Натрий гипохлоритi*

мың тонна

СА

-

-

6,6

6,6

6,6

10

Минералдық тыңайтқыштар

мың тонна

СА

251,7

254

257

260

260

1140

Химиялық шикiзатты қайта өңдеу және байыту бойынша жаңа өндiрiстер енгiзу

бiрл.

ИЖТМ СА

-

-

-

2

3

4

Күкiрт қышқылы

мың тонна

СА

997

997

1177

1177

2527

2527

Аммонит**

мың тонна

СА

-

-

-

15

15

15

Биопрепараттар және гуматтар (өсу стимуляторлары)

мың тонна

СА

-

-

0,6

0,6

0,6

0,6

      * - хлор-сiлтiлiк өнiмдер өндiрiсi;
      ** - жарылғыш заттар өндiрiсi.

3. Бағдарламаның мiндеттерi

      1. Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңғырту


      Мiндеттер көрсеткiштерi:
      2012 жылы Павлодар қаласындағы «Каустик» АҚ жаңғырту.
      2013 жылы Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС жаңғырту.

      2. Озық технологиялар негiзiнде жаңа бәсекеге қабiлеттi химия өндiрiстерiн құру


      Мiндеттер көрсеткiштерi:
      2013 жылға Ақмола облысындағы Степногор қаласындағы күкiрт қышқылы зауытын қайта қалпына келтiру.
      2013 жылға Алматы облысында қуаттылығы 600 тонна биогумат өндiрiсi («АнаЖер»ЖШС).
      2014 жылға Ақтөбе облысында қуаттылығы 880 мың тонна минералдық тыңайтқыштар өндiретiн зауыттың құрылысы («Shilisai Chemicals» ЖШС).
      2014 жылға Маңғыстау облысында қуаттылығы 850 мың тонна аммиактi-карбамидтi кешеннiң құрылысы («Каспий азот» ЖШС).

      3. «Тауаша» жобаларды iске қосудың негiзгi мәселелерiн пысықтау


      2014 жылға калийлi тыңайтқыштардың жаңа өндiрiсiн ашу үшiн барлау жұмыстарын жүргiзу.

      4. Iшкi нарықты отандық өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағытталған қосылған құны жоғары химиялық өнiмдермен толтыру


      Мiндеттер көрсеткiштерi:
      2012 жылы хлор-сiлтiлiк өнiмдер өндiру (Каустикалық сода - 30 мың тонна, тұз қышқылы - 45 мың тонна, хлор - 9,6 мың тонна, натрий гипохлоритi - 6,6 мың тонна) және күкiрт қышқылы - 180 мың тонна.
      2013 жылы биопрепараттар мен гуматтар өндiрiсi - 600 тонна, кальцийлендiрiлген сода - 400 мың тонна.

      5. Ресурстың базамен қамтамасыз ету


      Мiндеттер көрсеткiштерi:
      2014 жылы минералды тыңайтқыштар өндiретiн үлкен жобаларды табиғи газбен қамтамасыз ету үшiн ұсыныстар енгiзу.

      6. Тиiмдiлiгi жоғары технологияларды жасауға ғылым әлеуетiн тарту арқылы химия өнеркәсiбi кәсiпорындарының инновациялық белсендiлiгiн арттыру


      Мiндеттер көрсеткiштерi:
      2012 жылы химия өнеркәсiбiнде мамандандырылған шетелдiк инжинирингтiк компаниямен бiрлесiп, мамандандырылған инжинирингтiк компания құру ұсынысын дайындайтын жұмыс тобын құру.
      2012 жылдан 2014 жылдар аралығында химиялық өнеркәсiптегi қажеттi өнiмдердi өндiру үшiн ҒЗТКР жұмыстарына гранттар бөлу.

      7. Химия өнiмдерiнiң экспорттың әлеуетiн арттыру


      Мiндеттер көрсеткiштерi:
      2012 жылы халықаралық ұйымдарда аккредитацяланған химиялық өнiмдердi сертификаттайтын зертхана құру жөнiнде ұсыныс енгiзу.
      2014 жылы 9 техникалық регламенттi енгiзу.
      2014 жылы 225 мемлекеттiк стандартты әзiрлеу.
      2014 жылы 225 мемлекеттiк стандартты әзiрлеу.
      2010-2014 жылдан бастап өнеркәсiптерге халықаралық көрмелер мен симпозиумдарға қатысу үшiн химиялық өнiмдердiң экспортерларының кеткен шығындарын төлеу.

      8. Бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету


      Мiндеттер көрсеткiштерi:
      2013 жылы химия саласында мамандар дайындайтын Тараз қаласында 600 орындық мамандандырылған лицейдiң құрылысы.
      2014 жылы химия саласындағы қажеттi мамандар бойынша стандарттар жасау.

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Тапсырмаларды орындау үшiн 2010 жылдан 2014 жылдар аралығында келесi шаралар болжанады:



1. Технологиялық регламенттер мен стандарттарды енгiзу

      Экспортталатын өнiмдер сапасының әлемдiк талаптарға сай келуiн, отандық өнiмдердiң шет елдер тарапынан тартымдылығын арттыру үшiн технологиялық регламенттердi жасау мен енгiзу, мемлекеттiк стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендiру ұсынылады.


      Атап айтқанда, 2010-2014 жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi 9 техникалық регламенттi енгiзудi жоспарлап отыр; 013 «Метрология және техникалық реттеу аумағындағы қызметтер» бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде халықаралық талаптармен үйлестiрiлген 225 мемлекеттiк стандартты жасау және енгiзу, олардың iшiндегi 145 сынау әдiстерiне арналған және 80 мемлекеттiк стандарттар өнiмдерiне тиесiлi болады, мемлекеттiк эталондарды жаңарту; қазiргi әдiстермен микробиологиялық, оптико-физикалық, физико-химиялық өлшемдер жүргiзу үшiн рН-метрдiң спектрометрлiк және хромотографиялық беттiк электрлiк өткiзгiштiгi бойынша мемлекеттiк эталондарды жаңартуды жүргiзу.
      Ұсынылған стандарттар төмендегiдей химиялық өнiмдер түрлерiне бағытталған:
      1) тыңайтқыштар - 11;
      2) газдар мен аэрозольдердiң анализаторлары - 12;.
      3) электрондық техника материалдары - 3;
      4) жарылғыш заттар — 9;
      5) парфюмерия және косметика бұйымдары — 11;
      6) құрыштан жасалған аппараттар, беттiк активтi заттар - 9;
      7) зертхана жарақтары - 81;
      8) зертхана жабдықтары - 20;
      9) тұрмыстық химия тауарлары - 17;
      10) химиялық талдау әдiстерi - 52.
      Химия саласындағы жаңа техникалық регламенттер мен стандарттардың жасалуына және енгiзiлуiне байланысты мынадай мүдделi тараптарға сәйкес ақпаратты жеткiзу қажет: химия өнеркәсiбiнiң өнiмдерiн өндiретiн немесе тұтынатын өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен сатып алушылар, сәйкес сертификаттар берумен айналысатын және регламенттер талаптарына сәйкестiкке, өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне баға беретiн мамандандырылған зертханалар мен орталықтар, сонымен қатар аталған саланы қадағалайтын мемлекеттiк органдар.
      Қолданылып жатқан шаралар жөнiнде ақпарат беру мақсатында сәйкес құжаттар (техникалық регламенттер және стандарттар) төмендегi ұйымдарға жiберiлетiн болады: базалық органика, базалық бейорганика, арнайы тұтынушылық химикаттарын, өнiмдерiн өндiретiн және тұтынатын өнеркәсiптiк кәсiпорындар, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға өз жұмыстарында пайдалану үшiн, сондай-ақ оларды орындамағаны үшiн жауапкершiлiк шаралары. Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң сайтында аталған құжаттар еркiн қолжетiмдi болады.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын сапа мен қауiпсiздiктi растаудың артықшылықтарын және сәйкес техникалық регламенттер мен стандарттарға сай өндiрiлген сапалы да қауiпсiз өнiмдердi сатып алудың артықшылықтарын баяндайтын жарнама акциялары жүргiзiлiп отырады.
      Аталған саланы бақылап отыратын мемлекеттiк органдар атқарылатын iс-шаралар жайында белгiленген тәртiпте ақпарат алып отырады.

2. Өнеркәсiптi технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету

      2012 жылдан 2014 жылдар аралығында «Өнiмдiлiк - 2020 бағыты шеңберiне инновациялық гранттар беру» 026 бюджеттiк бағдарламасы бойынша жаңа химия өнiмдерiн шығару, химия кәсiпорындардың технологиялық мәселелерiн шешу, басқа да салалардың кәсiпорындарында химия өнеркәсiбiнiң өнiмдерiн пайдалану бойынша нысаналы қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын iске асыру болжанып отыр.


      Бағдарламалар мемлекеттiң, мамандандырылған қорлардың, мүдделi кәсiпорындардың тарапынан зерттеулер жүргiзуге тапсырысты қоса қаржыландыру қағидасына негiзделетiн болады. 2010 жылы бағдарламаларды құрылымдандыру қаржыландыру қажеттiлiктерi мен оларды iске асырудағы негiзгi әрiптестердi айқындай отырып жүргiзiлетiн болады. Кейiнгi жылдары зерттеулердi тiкелей iске асыру жүргiзiлетiн болады.
      Аталған жұмыстар әзiрлемелерiн озық әлемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында бiрлесiп қатысу қағидаттарында қазақстандық және жетекшi шетелдiк зерттеушiлермен орындалатын болады. Осындай қағидаттарда жаңа химия өнiмдерiн шығаруға және басқа да салалардың кәсiпорындарында химия өнiмдерiн пайдалануға гранттар бөлу қажет.
      ҒЗТКЖ гранттық қаржыландыруды ең алдымен химия өнеркәсiбiнiң перспективтi бағыттары бойынша бөлу болжанады. Қаржы қаражаты ҒЗТКЖ гранттық қаржыландыруды бөлудiң жалпы рәсiмдерiне сәйкес химия өнеркәсiбiнiң перспективтi салаларындағы ҒЗТКЖ жобаларын iске асыруға мақсатты түрде бөлiнiп отыратын болады.
      Қазақстандық мамандар есебiнен 30-дан кем емес бiлiктi мамандар дайындауға бағытталған, химиялық өндiрiс саласында арнайы инжинирингтiк компания құру, өндiрiстi жобалаудың халықаралық стандарттары мен жаңа әдiстерiн енгiзу, инжинирингтiк қызмет бойынша қазақстандық үлестi салада кем дегенде 40 %-ға дейiн көбейту, саладағы өндiрiс орындарының қызметiн ғылыми-инжинирингтiк көмек көрсету жүйесiн жасау сұрақтары пысықталады.

3. Минералдық шикiзат ресурстар базасын дамыту

      Өткен жылдардағы калийлi тұздардың кен орындарында жасалынған жұмыстар бойынша қолда бар химиялық-талдамалық, технологиялық, геофизикалық, геологиялық және басқа мағлұматтарды зерттеу болжанады. Зерттеу барысында барлау жұмыстарын жасау және бар мәлiметтердi компыотерлiк модельдеу және сараптау жүргiзу жоспарлануда.



4. Әкiмшiлiк кедергiлердi жою

      Қажеттi рұқсат қағаздарын алуға кететiн уақытты үнемдеп және химиялық өнiмдердiң бағасына әсерiн төмендету үшiн прекурсорлардың айналымы мен өндiруiн реттеу аясында рұқсат беру және қарастыру уақыттарын азайту жұмыстары жүргiзiлетiн болады.



5. Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету

      Жоспарланған жаңа инвестициялық жобалардың iске асырылуы үшiн инфрақұрылымның дамыту және мынадай өндiрiстерге отын-энергетикалық ресурстарды қоюды ұйымдастыру қажет:


      - Жамбыл облысындағы кешендi минералдық тыңайтқыштарды өндiру зауыты жобасы бойынша: 20 км. темiржол, 20 км. автожолы.
      - фосфат моноаммонийiн, фосфат диаммонийiн өндiру үшiн: 35 км темiржолы, 35 км автожолы, 5 км ЭӨЖ.
      2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамыту бағдарламасының жобасында жылына өткiзу қабiлеттiгi 10 млрд текше метрлi «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының 1-шi кезеңiнiң 1-шi жiберу кешенiн 2012 жылы iске қосу болжанады.
      Газ құбырын iске қосу жаңа өндiрiстiк қуаттардың газ қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

6. Өткiзу нарықтарына тиiмдi қолжетiмдiлiк

      Iшкi сұраныстың әлеуетiн iске асыру отандық өндiрiлген тыңайтқыштар мен арнайы химикаттарға деген iшкi сұранысты ынталандыру арқылы жүргiзiлетiн болады. Аталған iс-шара ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге субсидия көлемiн арттыру, субсидия берiлетiн минералдық тыңайтқыштардың және отандық өндiрiстегi агрохимиялық өнiмдерiнiң ассортиментiн кеңейту арқылы iске асырылатын болады. Бұл ретте, субсидиялау көлемiнiң артуы отандық өндiрiстердi пайдалануға беру мерзiмдерiне, минералдық тыңайтқыштарды өндiру көлемiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.


      Сондай-ақ, мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн отандық өндiрушiлерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) номенклатурасын кеңейту бойынша оған химия өндiрiстерiнiң жаңа өнiмдерiн енгiзе отырып, кейбiр нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар туралы мәселелерi пысықталатын болады.
      2011 жылы Еуроодақ елдерi территориясында 2011 - 2018 жылдар кезеңiнде сары фосфор тасу үшiн цистерналардың жүруiне арнайы рұқсат алу сұрағын пысықтау қажет.
      Сонымен қатар өнеркәсiптiк қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтарды тазарту мен өңдеу үшiн 2012 жылдан бастап қоршаған ортаға зиянды ластау деңгейiне қойылатын талаптарды бiртiндеп күшейту арқылы химия өнiмдерiн тұтынуды ынталандыру жүргiзiлетiн болады.
      2010 - 2014 жылдар аралығында «Экпорттаушы-2020 бағыты бойынша сыртқы нарыққа отандық тауарларды экспорттауға дем беру» 022 бюджеттiк бағдарламасы барысында экспортты дамыту мен алға жылжыту қазақстандық химия өнiмдерiнiң танымал имиджiн жасау, өнекәсiптерге халықаралық көрмелер мен симпозиумдарға қатысу бойынша iс-шараларды iске асыруға химия кәсiпорындары - өнiмдi экспорттаушылардың шығындарының орнын толтыру шаралардың көмегiмен жүзеге асырылатын болады

7. Химиялық өнеркәсiп кәсiпорындарына қаржылай көмек

      Химия саласындағы инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жаңа бизнес бастамаларды қолдап, кәсiпкерлiк секторды жандандыруға бағытталған қазiргi («Бизнестiң жол картасы - 2010» бағдарламасы) және әзiрленiп жатқан бағдарламалар шеңберiнде қаржылай көмек көрсетiлетiн болады.



8. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

      Бiлiм беру жүйесi әр салаға қажеттi мамандармен қамтамасыз етедi. Бiрақ, басым салалардағы жаңа жобаларды iске асыруға мамандар қажеттiлiгiнiң мәлiметiн бiлу керек. Сондықтан бiлiм беру жүйесi саланың дамуы үшiн тек қана бүгiнгi емес, ертеңгi күнгi қажеттi мамандармен қамтамасыз етуi керек.


      Жаңа үлкен енеркәсiптердiң ашылуы салдарынан саланың жылдам дамуы қосымша бiлiктi кадрлар санын қажет етедi.
      Химиялық өнеркәсiптегi 12 орташа техникалық және жоғарғы маман кадрларына деген сұраныс ЖОО мен арнайы оқу орындарында дайындау арқылы қанағаттандандырылады.
      Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың өкiлдерiне жыл сайын химия өнеркәсiбi кәсiпорындары үшiн сұранысқа ие тиiстi мамандарды дайындаудың орны, мамандануы, саны мен мерзiмдерi туралы ескертпе хабарлама жiберiлетiн болады. Саланы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету үшiн кәсiптiк - техникалық бiлiм беру жүйесiн жақсарту, нақты мамандықтар бойынша өнеркәсiптегi кадр қажеттiлiгiнiң сараптамасы жұмыстары жүргiзiледi.
      Экономиканың нақты секторларының отандық саласын мамандармен қамтамасыз етудiң бiр проблемасы елiмiзде инженерлi-техникалық жұмысшы мамандарына ғылыми негiзделген қажеттiлiктiң болмауы болып табылады.
      Сондықтан, елiмiзде салалар мен өңiрлердi кадрлармен қамтамасыз етудi болжаудың интегрирленген экономикалық-математикалық моделi жасалынады. Аталған модель жүйедегi әр деңгейдегi мамандардың квалификациясын жоғарылату, қайта дайындау процестерiн жылдам басқаруға Қазақстанның региондарының әлеуметтiк-экономикалық дамуынан бағытталатын болады.
      2013 жылы 012 «Бiлiм нысанандарын сейсмикалық тұрақтандыру үшiн Алматы қаласының және Алматы облысының бюджетi және бiлiм нысандарын қалпына келтiру және салуды Алматы қаласы және Алматы облысы бюджетiнен дамытуға мақсатталған трансфертер» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шеңберiнде химия өнеркәсiбiндегi өндiрiс орындарына жұмысшы мамандарын дайындау мақсатында (аппаратшы, химиялық құрал-жабдықтарды жөндейтiн слесарьлар, аппараттар мен бақылау есептегiш құралдарын жөндейтiн слесарьлар) Тараз қаласында 600 орындық кәсiптiк лицей салынбақшы.
      Мамандарды даярлау импорталмастырғыш немесе экспортқа бағытталған өнiмдi алу мақсатында жаңа технологияларда жұмыс iстеудi көздейтiн өндiрiс орындарының мәлiметтерiне сай жүргiзiлетiн болады.
      Химиялық өнеркәсiп бойынша үлкен инвестициялық жобалардың маман қажеттiлiгi осы бағдарламадағы 3-қосымшада келтiрiлген.

9. Саланың қоршаған ортаға әсерiн төмендетуге арналған iс-шаралар

      Жұмыс iстеп тұрған химия өндiрiстерi үшiн тарихи ластауларды жою ерекше маңызға ие. Осы мақсатта Ақтау қаласындағы «ҚазАзот» ЖШС 2011 ж. көлемi 40000 тоннаны құрайтын, жалпы құны 570 млн. теңге болатын радиоактивтi металл қалдықтарын жоюды жоспарлап отыр, сонымен бiрге басқа да тарихи ластануларды 1,9 млрд теңгеге тазарту қарастырылды. Шымкент қаласындағы «Агрофос-Юг» ЖШС тарапынан жылдық өндiрiс қуаты 30 мың тоннаны құрайтын фосфорқұрамдас минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт жобасы аяқталып келедi. Өндiрiстiң шикiзаты ретiнде 1963 ж. салынған бұрынғы Шымкент фосфор зауытының аумағында жиналған «әлсiз» фосфорқұрамдас шламдар, фосфорқұрамдас қиыршықтар қолданылатын болады. Фосфорқұрамдас шламдардың жалпы көлемi 250,7 мың тоннаны, фосфорқұрамдас қиыршықтардың көлемi 120,0 мың тоннаны құрайды.



Iске асыру құралдары:

1. Сала оператары

      Мемлекет саясатының негiзгi тетiгi ретiнде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ «Бiрiккен химиялық компания» ЖШС (бұдан әрi - БХК) химиялық өнеркәсiптiң инвестициялық қызметiн жақсарту үшiн:


      мемлекеттiк көмек ретiнде өнеркәсiптiң негiзгi капиталына кiре отырып химия өнеркәсiбiндегi басты жобаларға қатысу;
      химия өнеркәсiбiнiң даму процессiн сервистiк қызметпен қамтамасыз ету, инжинирингтiк, дистрибьюторлiк қамтамасыз ету;
      химия саласын дамыту жобаларын iске асыру үшiн отандық, шетелдiк, халықаралық қаржыландыру жолдарын iздеу;
      қызығушылық танытқан мемлекеттiк органдар, қоғамдық және ғылыми мекемелердiң қаруы үшiн химиялық өнеркәсiптiң дамуының тиiмдi жолдарын жасау.

2. Қазақстанның химия өнеркәсiбiндегi бәсекелестiктi қорғау

      Қазақстанда отандық химия өндiрiсiн құру немесе қалпына келтiрумен қатар, қазiргi уақытта Қазақстан нарығында жақсы танымал химиялық өнiмдердi өндiретiн шетелдiк өндiрушiлермен бәсекеге түсудiң мүмкiндiктерi пайда болады.


      Бiрыңғай кедендiк кеңiстiктi құру ендi тек Қазақстанның аумағында ғана емес және көршi елдердегi бәсекелестiк үшiн, қолданылу аясының кеңдiгiн назарға ала отырып, бүкiл кеден одағы мен ЕурАзЭҚ аумағында бәсекелестiктi қорғау бойынша шаралар қабылдау қажет.
      Бұл жаңа қазақстандық химия кәсiпорындарына көршi нарықтарға шығуға және бәсекеге қабiлеттiлiктiң бар әлеуетiн iске асыруға жәрдемдеседi.
      Еуропалық одақта (бұдан әрi - ЕО) 2007 жылдың 1 маусымынан бастап Еропалық парламент және Еуропалық одақтың министрлер кеңесiнiң химиялық заттарды тiркеу, бағалау, рұқсат беру және шектеу («Registration, Evaluation, Аuthorsation and restriction of CHemicals» - «RЕАСН») жөнiндегi Регламентi күшiне ендi.
      «RЕАСН» негiзгi мақсаты - адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейiн, оның iшiнде заттардың қауiптiлiктерiн баламалы бағалау тәсiлдерiн қоса алғанда, сондай-ақ Еуропалық одақтың iшкi нарықтарына химиялық заттардың еркiн айналымын қамтамасыз ету. «RЕАСН» регламентiне сәйкес келмейтiн химиялық заттар ЕО-ға қатысушы елдердiң нарығынан алынып тасталынуы тиiс.
      Қазақстандық химия өнiмдерiнiң Еуропалық нарықтарға еркiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында, отандық тауар өндiрушiлер химиялық өнiмдерiн «RЕАСН» талаптарына сәйкес оны тiркеуден өткiзу бойынша жұмыстарды жүргiзетiн болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет