Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2011. 11. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет17/35
Дата16.06.2016
өлшемі2.3 Mb.
#139603
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

238-бап. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау

1. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, сезiктiнiң, айыпталушының тергелетiн оқиғамен байланысты жерде берген айғақтарын тексеру мен нақтылау:

- айғақтардың растығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы анықтау;

- тексерiлетiн iс-әрекет болған бағытты және орынды анықтау;

- жаңа нақтылы деректердi анықтау мақсатында жүргiзiледi.

2. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау бұрын жауап алынған адам зерттелiп отырған оқиғаның жай-жапсары мен мән-жайларын оқиға болған жерде жаңғыртуы; iс үшiн маңызы бар заттарды, құжаттарды, iздердi тауып, көрсетуi; белгiлi бiр iс-қимылды бейнелеп көрсетуi; зерттелiп отырған оқиғада қандай заттардың қандай рөл атқарғанын көрсетуi; оқиға болған орынның өзгеруiне назар аудартуы; өзiнiң бұрынғы айғақтарын нақтылауы және айқындауы болып табылады. Бұл әрекеттерге сырттан қандай да бiр араласуға және жетекшi сұрақтар қоюға жол берiлмейдi.

3. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындау куәгерлердiң қатысуымен, қажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргiзiледi.

4. Оқиға болған жерде бiрнеше адамның айғақтарын бiр уақытта тексеру мен нақтылауға жол берiлмейдi.

5. Айғақтарды тексеру мен нақтылау жауап алынып отырған адамға оның айғақтары тексерiлетiн бағыт пен орынды ерiктi түрде көрсетудi ұсынудан басталады. Айғақтар айтылғаннан кейiн және iс-қимылдарды бейнелеп көрсеткеннен кейiн айғақтары тексерiлiп отырған адамға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бұл адам, сондай-ақ iске қатысушы өзге адамдар жүргiзiлiп отырған тергеу әрекетiне байланысты өздерiнен қосымша жауап алуды талап етуге құқылы.

6. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау барысында табылған, iс бойынша дәлел ретiнде маңызы болуы мүмкiн заттар мен құжаттар алынып, буып-түйiледi және олар мөрмен бекiтiледi; оларды алу фактiсi хаттамада көрсетiледi.

7. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау кезiнде қажет болған жағдайда өлшеу, суретке түсiру, дыбыс және бейнежазба жасау, киноға түсiру жүргiзiледi, жоспарлар мен схемалар жасалады. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау кезiнде дыбыс және бейнежазба құралдарын пайдалану осы Кодекстiң 219-бабында баяндалған ережелер бойынша жүргiзiледi.

8. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау жүргiзiлгенi туралы осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып хаттама жасалады. Хаттамада оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындаудың жағдайы, барысы мен нәтижелерi егжей-тегжейлi бейнеленедi.

239-бап. Тергеу экспериментi

1. Тергеу экспериментi iс үшiн маңызы бар мәлiметтердi зерттелiп отырған оқиғаның белгiлi бiр әрекеттерiн, жай-жапсарын, мән-жайларын қайта жаңғырту және тәжiрибе жүргiзу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргiзiледi. Эксперимент жүргiзу кезiнде, атап айтқанда, әлде бiр фактiлердi қабылдау, жекелеген әрекеттердiң жасалу, әлде бiр оқиғаның болу ықтималдығы тексерiлуi, сондай-ақ болған оқиғаның ретi және iздердiң пайда болу тетiгi анықталуы мүмкiн.

2. Тергеу экспериментi куәгерлердiң мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Қажет болған жағдайда тергеу экспериментiне өздерiнiң келiсiмi бойынша сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, куә, маман, сарапшы және тәжiрибелiк iс-қимылдарды жүргiзетiн адамдар қатыстырылуы мүмкiн. Экспериментке қатысушыларға оның мақсаты мен жүргiзiлу тәртiбi түсiндiрiледi.

3. Тергеу экспериментiн жүргiзуге оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп келтiрiлмегенде, олардың ары мен намысына нұқсан келтiрiлмегенде, оларға материалдық зиян болмағанда жол берiледi.

4. Тергеу экспериментi қайта жаңғыртылып отырған оқиғалар немесе әрекеттер болған жағдайларға барынша ұқсас жағдайларда жүргiзiледi.

5. Қажет болған жағдайларда тергеу экспериментiн жүргiзген кезде суретке түсiру, дыбыс және бейнежазба, киноға түсiру жүргiзiледi, басқа ғылыми-техникалық құралдар қолданылады, жоспарлар, схемалар, сызбалар жасалады.

6. Тергеу экспериментi жүргiзiлгенi туралы осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып хаттама жасалады. Хаттамада тергеу экспериментiнiң шарты, барысы мен нәтижелерi егжей-тегжейлi баяндалады және мыналар көрсетiледi: эксперимент қандай мақсатпен, қашан, қайда және қандай жағдайда жүргiзiлдi; оқиғаның жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту нақты неден көрiндi; қандай әрекеттер, қандай ретпен жүргiзiлдi, оны кiм және қанша рет жасады; қандай нәтижелер алынды.

32-тарау. Сот сараптамасы



240-бап. Сараптаманы тағайындау

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеу нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайда тағайындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң болуы қылмыстық iстi жүргiзушi адамды тиiстi жағдайларда сарапшы тағайындау қажеттiлiгiнен босатпайды.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 241-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен 241-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

241-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау

Егер iс бойынша:

1) өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;

2) iс үшiн маңызды болып, бiрақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;

3) ақыл-есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда сезiктiнiң, айыпталушының психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;

3-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жай-күйiн;

4) iс үшiн маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабiлетiне күмән туған жағдайда жәбiрленушiнiң, куәнiң психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;

5) iстiң өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын болса, сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады.

2006.04.07. № 151-III ҚР Заңымен 242-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 242-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

242-бап. Сараптама тағайындау тәртібі

1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау қажет деп тани отырып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптама тағайын­даған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпа­рат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші орган­­ның сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзыретіне жататын орган­дар­дың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.

2. Сараптама жүргізілмей қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау мүмкін болмайтын жағдайларда, ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте, мыналар:



1) қылмыстар туралы арыздарға немесе хабарламаларға қоса берілетін, осы Кодекстің 178, 179, 180, 181-баптарына сәйкес табыс етілген;

2) осы Кодекстің 182-бабына сәйкес қылмыс­тық істі қозғауға құқық берілген лауазымды адамдар және органдар тікелей тапқан;

3) тергеуге дейінгі тексеру барысында осы Кодекспен жол берілетін іс жүргізу әрекеттерінің нәтижесінде алынған;

4) осы Кодекстің 125-бабында көзделген тәртіппен талап етіліп алынған немесе табыс етілген материалдар сот-сараптамалық зерттеу­лердің объектілері болып табылады.

3. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведом­стволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ іс жүргізу әрекеттері барысында мамандар жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы нақ сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

4. Сараптама өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өзінің немесе өзіне беріле­тін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушы қылмыстық процесті жүргізуші органға, өз пікірі бойынша, сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды (адамдарды) атайды. Бұл ретте, шешілуі өзіне ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сарапта­масының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындаудан бас тартуға құқылы емес.

5. Бастамасы бойынша сараптама тағайын­далып отырған процеске қатысушы сараптамалық зерттеу объектілері ретінде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулысымен оларды мұндай объектілердің қатарынан алып тастауға құқылы.

6. Қылмыстық процесті жүргізуші орган ұсы­нылған мәселелерді қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтындарын қабылдамайды, сарапшыдан бас тартуға негіздердің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.

7. Сараптама жүргізуге байланысты шығыс­тарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының ережелері бойынша жүргізіледі.

8. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, егер сараптама жүргізу кезінде олардың қатысуы міндетті деп танылса, сезіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 06.11.01 ж. № 251-II Заңдарымен 243-бап өзгертілді



243-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар

1. Сот сараптамасын жүргізу:

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.

2. Сараптама жүргiзу iс жүргiзуге қатысушылар ұсынған адамдардың бiрiне тапсырылуы мүмкiн.

3. Сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы тергеушiнiң талабы аталған адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.

2006.04.07. № 151-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 244-бап өзгертілді



244-бап. Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің сараптама тағайындау және жүргiзу кезiндегi құқықтары

1. Сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде жәбiрленушiнiң, сезiктiнiң, айыпталушының, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің:

1) сараптама жүргiзiлгенге дейiн оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өзiне тиесiлi құқықтарына түсiндiрме алуына, бұл туралы хаттама жасалады;

2) сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы органын шеттету туралы өтiнiш жасауға;

3) сарапшылар ретiнде өздерi атаған адамдарды немесе белгiлi бiр сот сараптамасы органының қызметкерлерiн тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасауға;

4) сарапшының алдында қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш жасауға;



5) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен, осы Кодекстің 246-1-бабында көздел­ген тәртіппен сараптама жүргізу кезінде қатысуға;

6) осы Кодекстің 254-бабында көзделген тәртіппен сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысуға құқығы бар.

2. Аталған құқықтарға, сонымен қатар сараптама жасалатын куә да және психикалық жағдайы мүмкiндiк берсе, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп отырған адам да ие. Қылмыстық істі қозғау сатысында тізбеленген құқықтарға қылмыс жасаудан зардап шеккен адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адам ие болады.

3. Егер сараптама адамды сезiктi деп танығанға немесе айыпталушы ретiнде iске тартқанға дейiн жүргiзiлсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оның осы Кодекстің 254-бабында көзделген құқығын түсiндiруге мiндеттi.

4. Жәбiрленушiлер мен куәларға, сондай-ақ қылмыс жасау­дан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама жүргізу тек олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргiзу үшiн қолданылмайды.

5. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде де аталған адамдар жасаған өтiнiштер қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау туралы өз қаулысын тиiсiнше өзгертедi немесе толықтырады. Өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ол өтiнiш берген адамға одан қолхат алып жарияланатын дәлелді қаулы шығарады.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 244-1-баппен толықтырылды

244-1-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

1) олардан мәліметтер алу мақсатында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде, алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық техноло­гияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеу­лердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамды баламалы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдерін және жанама әсерлерді қоса алғанда, сот-сараптамалық зерттеулердің пайдаланылатын әдістері туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Көрсетілген ақпарат сот сараптамасы жүргізілетін адамның өтініші бойынша оның заңды өкіліне де беріледі.

3. Өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.

4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Осы Кодексте көзделген тәртіппен берілген шағымдарды және өтініштерді медициналық ұйымның әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде жолданым иесіне жібереді және олар цензураға жатпайды.

5. Адамға қатысты оның келісімімен жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 245-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



245-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі.

Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері

1. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер қаулыда нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған адамға үш күн мерзімде хабарлайды.

2. Сот сараптамасы органының басшысы:



1) егер: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сараптама тағайында­ған органға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді қайтаруға;

2) сараптама тағайындаған орган алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.

3. Сот сараптамасы органының басшысы:



1) сараптама жүргізу үшін қажетті объектілерді дербес талап етіп алдыруға;

2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сараптама тағайындаған органның келісімінсіз оны жүргізуге тартуға;

3) сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

4. Сот сараптамасы органының басшысы:



1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны және зерттеу объектілерін алысымен, осы Кодекстің 242-бабы бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сарапшысына немесе сарапшылар комиссиясына жүргізуді тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;

3) сараптама жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;

4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдай­ларды қамтамасыз етуге міндетті.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 246-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



246-бап. Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргiзу

1. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, қылмыстық процесті жүргізуші орган оны тағайындау туралы қаулы шығарылғанға дейін өзі сараптама жасауды тапсырғалы отырған адамның жеке басына көз жеткізуге және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстің 96-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексеруге тиіс.

2. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстiң 83-бабында көзделген құқықтар мен мiндеттердi түсiндiредi және көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл iс-әрекеттiң орындалғаны туралы қылмыстық процесті жүргізуші орган сарапшының қол қоюымен куәландырылатын сараптама тағайындау туралы хаттамада белгi жасайды. Сарапшы жасаған мәлiмдеме және оның өтiнiштерi де осылайша бекiтiледi. Сарапшының өтiнiшiн қабылдамау туралы сараптама тағайындаған адам дәлелдi қаулы шығарады.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 246-1-баппен толықтырылды

246-1-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы

1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан іс-әрекеттеріне қатысты оның түсіндірмесін алуға құқылы. Сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.

2. Сараптама жүргізу кезінде өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысуы міндетті.

3. Қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті өтінішті қанағаттандырған кезде, оны мәлімдеген адамға сараптаманың жүргізілетін орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмей қалуы сараптаманы жүргізуге кедергі келтірмейді.

4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушылар зерттеулер ба­рысына араласуға құқылы емес, бірақ сот сарап­тамасының нысанасына қатысты түсініктемелер бере алады.

5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушы сот сарап­шысының қызметіне кедергі келтірсе, сот сарап­шысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізуші орган алдында аталған процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтініш жасауға құқылы.

6. Егер сот сараптамасын сот сарапшы­ларының комиссиясы жүргізсе, сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ сот сарапшыларының кеңесуі және қорытындыларды тұжырымдау сатысында процеске қатысу­шылардың қатысуына жол берілмейді.

7. Сот психиатриялық және сот психоло­гиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілуі құпия жағдайда жүзеге асырылады.

8. Адамды жалаңаштау арқылы сот-сарап­тамалық зерттеулерді жүргізу кезінде тек сол жыныстағы адамдар қатыса алады. Осы шектеу көрсетілген зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 247-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



247-бап. Сараптама жүргізу үшін  медициналық ұйымға орналастыру

1. Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә сараптама тағайындау туралы қаулының негізінде медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін.

Осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіні, куәні медициналық ұйымға орналастыруға оның жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Егер аталған адам кәмелетке толмаса немесе сот оны әрекетке қабілетсіз деп таныса, көрсетіл­ген жазбаша келісімді заңды өкіл береді. Заңды өкіл қарсылық білдірген немесе болмаған жағдайда жазбаша келісімді қорғаншылық және қамқоршылық органы береді.

2. Күзетпен ұсталмайтын сезіктіні, айыпталу­шыны, сондай-ақ жәбірленушіні, куәні сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу осы Кодекстің 14-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

3. Өздеріне қатысты сараптама жүргізілетін адамдарды медициналық ұйымда ұстау ережелері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында айқындалады.

4. Стационарлық сот-психиатриялық сарап­тама жүргізу үшін сезіктіні медициналық ұйымға орналастырған кезде оған айып тағылуға тиісті мерзім сарапшылар комиссиясының сезіктінің психикалық жағдайы туралы қорытындысы алынғанға дейін кідіртіле тұрады.

5. Өзіне қатысты сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізілетін адамның медициналық ұйымда болуының жалпы мерзімі отыз тәулікке тең. Сот-сараптамалық зерттеулерді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім осы Кодекстің 14-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес сарапшының (сарапшылар комиссиясының) дәлелді өтініші бойынша отыз тәулікке ұзартылуы мүмкін.

Өтініш сараптаманың жүргізілу мерзімінің аяқталуына дейін үш тәуліктен кешіктірілмей прокурорға немесе сотқа табыс етілуге және алған күннен бастап үш тәулік ішінде шешілуге тиіс. Прокурор, сот мерзімді ұзартудан бас тартқан жағдайда, адам медициналық ұйымнан шығары­луға тиіс. Медициналық ұйымның басшысы мәлімделген өтініш пен оны прокурордың, соттың қарау нәтижелері туралы өзіне қатысты сараптама жүргізілетін адамға, оның қорғаушысына, заңды өкіліне, өкіліне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органға хабарлайды.

6. Медициналық ұйымда өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізіліп жатқан адам, оның қорғаушысы, заңды өкілі, өкілі осы Кодексте көзделген тәртіппен оның жүргізілу мерзімін ұзарту туралы қаулыға шағым жасауға құқылы.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 248-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет