2. Рульдiк басқару
2.1. Рульдiк басқарудағы жиынтық люфт мына мәндерден асады:
_________________________________________________________________
Көлiк құралының түрi Жиынтық люфт
(градус), көп емес
_________________________________________________________________
Жеңiл автомобильдер мен
олардың негiзiнде жасалған
жүк автомобильдерi мен
автобустар ... 10
автобустар ... 20
жүк автомобильдерi ... 25
2.2. Детальдар мен тораптардың конструкцияда көзделмеген орын ауыстыруы; резьбалық қосылыстар тартылмаған немесе белгiленген әдiспен бекiтiлмеген.
2.3. Конструкцияда көзделген рульдiк басқарудың күшейткiшi немесе рульдiк демпферi (мотоцикл үшiн) жоқ немесе ақауы бар.
3. Сыртқы жарықтандыру приборлары
3.1. Сыртқы жарықтандыру приборларының саны, түрi, түсi, орналасуы мен жұмыс режимi көлiк құралдары конструкциясының талаптарына сәйкес келмейдi.
Ескертпе. Өндiрiстен алынып тасталған көлiк құралдарына басқа маркiлi және модельдегi көлiк құралдарының сыртқы жарықтандыру приборларын орнатуға жол берiледi.
3.2. Фардың реттеушiсi ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004 талаптарына сәйкес емес.
Ескерту. 3-2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3.3. Сыртқы жарықтандыру приборлары мен жарық қайтарғыштары белгiленген режиммен жұмыс iстемейдi немесе ластанған.
3.4. Жарықтандыру приборларындағы таратқыштары жоқ не осы жарықтандыру приборы үлгiсiне сай келмейтiн таратқыш пен шам пайдаланылады.
3.5. Жарқылдауық маяк стандарт талаптарына сай қондырылмаған.
3.6. Көлiк құралының алдынан - қызыл түстi оттар бар жарықтандыру приборы немесе қызыл түстi жарық қайтарғыштар, ал артта - ақ түстi, артқы жүру және тiркелiм белгiсiн жарықтандыру, тiркелудiң, айырым және тану белгiлерiнiң жарық қайтару фонарынан басқа.
4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
4.1. Әйнек тазалағыштар белгiленген режимде жұмыс iстемейдi.
4.2. Әйнек тазалағыштар көлiк құралының конструкциясында көзделгендегiдей жұмыс iстемейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |