Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны



бет35/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ЖҚЕ -лекция

5. Дөңгелектер мен шиналар
5.1. Жеңiл автомобильдердiң шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерiнiкi - 1мм, автобустардыкi - 2 мм, мотоциклдер мен мопедтердiкi - 0,8 мм протектор суретiнiң қалдық биiктiгi болады.
Ескертпе. Тiркемелерге шина протекторының суретiнiң қалдық биiктiгiнiң нормасы сүйретпе-көлiк құралдары шинасына арналған нормалармен бiрдей.
5.2. Шиналардың әр жерiнде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар (соғылған, тiлiнген, кесiлген, жыртылған), сондай-ақ каркастың бүктелуi, протектор мен боковинаның ажырауы.
5.3. Бекiту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектiң дискасы мен құрсауы жарылған.
5.4. Шиналар өлшемi немесе рұқсат етiлетiн жүктеме бойынша көлiк құралының моделiне сәйкес келмейдi.
5.5. Көлiк құралдарының бiр осiне әр түрлi мөлшердегi, конструкциядағы (радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгiдегi, протекторының түрлi суретi бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзiмдi және аязға төзiмсiз, жаңа және қалпына келтiрген шиналар орнатылған.
5.6. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын автобустың (III сынып) алдыңғы осiне қалпына келтiрiлген протекторлы шиналар, ал басқа остерiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.
Ескертпе: Осы жерде және бұдан әрi автобустардың сыныптары ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-ке А-қосымшада көрсетiлген.
5.7. Автомобильдiң және қалалық автобустың (І сынып) алдыңғы осiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.

6. Двигатель
6.1. Шығарылған газдардың құрамындағы зиянды заттар және олардың түтiндiлiгі техникалық регламенттер мен стандарттарда белгiленген нормалардан асып түседi.
6.2. Қоректену жүйесiнiң герметикалығы бұзылған.
6.3. Пайдаланылған газды шығару жүйесiнiң ақаулы болуы.
6.4. Картердi желдету жүйесiнiң герметикалығы бұзылған.
7. Құрылымының басқа да элементтерi
7.1. Көлiк құралының құрылымында көзделген артқы көрiнiс айнасы жоқ немесе олардың жиынтығы ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-те белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.
7.1-1. Көлік құралының конструкциясында көзделген әйнегі және күнге қарсы күнқағарлары жоқ.
7.2. Дыбыс сигналы жұмыс iстемейдi немесе негiзгi жиiлiкпен өзгерiп отыратын дыбыс сигналы орнатылған.
7.3. Жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн, жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алу қаупiн тудыратын қосымша заттар орнатылған.
Механикалық көлік құралы кабинасының (салонының) желқағар және (немесе) алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабынды жағылған не болмаса түрлі-түсті пленкалар жапсырылған.
Ескертпе. Желқағар әйнегiнiң жоғары бөлiгiне - енi 140 мм-ден аспайтын, ал М 3 , N 2 , N 3 санаттарындағы автокөлiк құралдарына енi желқағар әйнегiнiң жоғары шегi мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдiр пленка жолағын пайдалануға рұқсат етiледi. Автобустардың терезелерiне пердешелер, сондай-ақ жеңiл автомобильдердiң артқы әйнектерiне жалюздер және пердешелер қолдануға рұқсат етiледi.

7.4. Автокөлiк құралының желқағар әйнегiнiң жүргiзушi жағындағы әйнек тазалағышпен тазалайтын бөлiгiнде сызаттың болуы.


7.5. Конструкцияда белгiленген тәртiппен көзделген қорап немесе кабина есiктерiнiң құлыптары, жүк платформасы борттарының тиектерi, цистерналар аузының тиектерi мен отын бактарының тығындары, жүргiзушi және жолаушылар отырғыштарын реттейтiн және бекiтетiн тетiк, есiктердiң авариялық ажыратқышы мен автобустағы тоқтатуды талап ету сигналы, автобустың авариялық жағдайда шығатын есiктерi мен оларды iске қосу құрылғылары, автобустың салонын iштен жарықтандыру аспаптары, есiктердi басқару жетегi және олардың жұмыс iстеу сигнализациясы, спидометр, тахограф, көлiктi айдап әкетуге қарсы құрылғылар, әйнектi жылыту және үрлеу құрылғылары жұмыс iстемейдi.
7.6. Конструкцияда көзделген артқы қорғаныс құрылғысының, ластан қорғаушы шалғыштар мен шашыратқыштардың болмауы.
7.7. Тартқыштың және тiркеме буынның тарту-қосу және тiреу-қосу құрылғыларының ақаулы болуы, сондай-ақ олардың конструкциясында көзделген сақтандыру тростарының (шынжырларының) ақаулы болуы. Мотоцикл рамасының бүйiрдегi тiркеме рамасымен қосылған жерiнде люфттердiң болуы.
7.8.Мыналардың:
автобуста, жеңiл және жүк автомобильдерiнде, доңғалақты тракторларда медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, өрт сөндiргiштiң, авариялық тоқтап тұру белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызылФонарь);
рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 3,5 т-дан асатын жүк автомобильдерiнде және автобустарда кейiн кетуге қарсы тiреуiштердiң (кемiнде екi);
бүйiрiнде тiркемесi бар мотоциклде медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, авариялық тоқтату белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь) болмауы;
22895-77 ГOCT бойынша М 2 , М 3 , N 2 , N 3 , О 2 , О 3 , О 4 санаттарындағы көлiк құралдарын СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 талаптарына жауап беретiн жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың.
Ескертпе. Медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының дәрiлiк заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының ең аз құрамын Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi.

7.9. Көлігі арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің тізбесіне кірмейтін көлік құралдарында жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарында қолданылатын, орналасу орнына қарамастан, жарыққа шағылысатын қызыл және көк түсті жарық сигналдары немесе реңктері кезектесіп тұратын дыбыстық сигналдар немесе арнайы түстік-графикалық схемалар пайдаланылады.*


Ескерту. 7.9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
7.10. Көлiк құралының конструкциясында бекiтiлуi көзделген қауiпсiздiк белбеулерiнiң болмауы.
7.11. Қауiпсiздiк белбеулерi жұмыс iстемейдi немесе олардың таспасында көзге көрiнетiн жыртықтардың болуы.
7.12. Көлiк құралының тiркеу белгiсi стандарт талаптарына сәйкес келмейдi.
7.13. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауiпсiздiк доғасының болмауы.
7.14. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тiрегiштердiң, олардың орындықтарында жолаушыларға арналған тұтқалардың болмауы.
7.15. Тежегiш жүйелерiнiң, руль басқаруының және басқа да тораптар мен агрегаттардың конструкцияда көзделген, оларға қойылатын талаптар осы Тiзбемен регламенттелетiн қосымша элементтерiнiң болмауы немесе олардың көлiк құралын жасаушы кәсiпорынмен немесе уәкiлеттiгi бар басқа ұйыммен келiспей орнатылуы.
7.16. Жол полициясының рұқсатынсыз көлiк құралдарын қайта жабдықтау жүргiзiлген.
Ескертпе: көлiк құралдарын қайта жабдықтау (конструкциясын өзгерту) - көлiк құралының конструкциясында көзделген жол қозғалысының қауiпсiздiгiне әсер ететiн құрамдас бөлiктер мен жабдықтау заттарын алып тастау немесе көзделмегендерiн орнату.
7.17. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің әріптік және сандық белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін перделер орнатылған.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң


1997 жылғы 25 қарашадағы
N 1650 қаулысына
3-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет