35-1- бап. жоқ
35-1-бап. Аукциондық құжаттама
1. Аукциондық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiмен айқындалған аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
2. Аукциондық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәлiметтер:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) қажет болғанда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң сипаттамасы мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және сатып алынатын тауардың эскизін, суретін, сызбаларын, фотосуреттері мен өзге бейнелерді ұсыну туралы ақпарат;
3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәні болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
6) төлем жасау шарттары және елеулi шарттары көрсетiле отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
8) аукционға қатысуға өтiнiмдi енгiзудiң талаптары мен қамтамасыз етудiң мөлшері;
9) әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға өз өтiнiмiн оны берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi сiлтеме жасау;
10) аукционға қатысуға өтiнiмді табыс етудiң тәртiбi және аукционға қатысуға өтiнiмнiң қолданыста болуының талап етiлетiн мерзiмi;
11) әлеуеттi өнiм берушiлердің аукциондық құжаттаманың мазмұнын түсіндіру туралы сұрау салуларды ұсыну тәртібі;
12) аукционға қатысуға өтiнiмдерді беру мерзімінің күнi мен аяқталу уақыты;
13) аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашу, қарау рәсiмдерiнiң, аукционның бастапқы (ең жоғары) бағасын төмендету сипаттамасы;
14) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң талаптары, түрлерi, көлемi және оны енгiзудiң тәсiлi;
15) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшін бөлiнген сома туралы мәлiметтер;
16) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың (аукцион аралығының) мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшін бөлiнген соманы төмендету көлемі;
17) аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарау мерзімінің аяқталу күні;
18) аукционды өткізу күні мен уақыты қамтылуы тиiс.
Аукциондық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлерге өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк сатып алуды негiзгi (белгiленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндiрiстiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берiлмейдi.
4. Аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.
5. Әлеуеттi өнiм берушiлерге аукциондық құжаттаманы ұсыну, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру осы Заңмен және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде айқындалады.
6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнi өткенге дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалына жауап ретiнде аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Бұл ретте, аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәнін өзгертуге жол берілмейді. Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу Заңның осы бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) олар туралы мәлiметтер тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн өтемсiз негiзде жiберуге;
2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған аукциондық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
Аукционға қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк жеті күннің мерзiміне ұзартылуға тиiс.
|
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында
|
|
39
|
35-2-бап
|
35-2 – бап. жоқ
|
35-2-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысуға өтiнiмдер берген соңғы күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
2. Егер аукцион тәсiлiмен өткізілетін мемлекеттiк сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерінен аспайтын болса мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алудың аукцион тәсiлiмен жүзеге асырылуы туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттiк сатып алу веб-порталында әлеуеттi өнiм берушiлердің аукционға қатысуға өтiнiм ұсынуының түпкілікті күніне дейiн кемiнде жеті күнтiзбелiк күн бұрын орналастыруға міндетті.
3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсiлiмен өткізілетін мемлекеттiк сатып алуды аукционға қатысуға өтiнiм беру аяқталатын күнге дейiнгі кемiнде он күнтiзбелiк күннен кешіктірмей, ал егер аукцион тәсiлiмен өткізілетін мемлекеттiк сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерінен аспайтын болса, ол жағдайда аукционға қатысуға өтiнiм беру аяқталатын күнге дейiнгі бес күнтiзбелiк күн бұрын болдырмауға құқылы. Бұл ретте аукцион тәсiлiмен өткізілетін мемлекеттiк сатып алуды болдырмау туралы шешім қабылдау күні мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тиісті хабарлама жарияланады.
|
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында
|
|
40
|
35-3-бап
|
35-3–бап. жоқ
|
35-3. Аукционға қатысуға өтiнiм
1. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды берудi, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.
2. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
2) өзiнiң және тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген фактiлер анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға келiсiмi туралы растауды қамтуға тиiс.
Аукционға қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде айқындалады.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аукциондық құжаттамада белгiленген талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.
|
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында
|
|
41
|
35-4-бап
|
35-4- бап. жоқ
|
35-4-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдi табыс ету
1. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуеттi өнiм берушiнің мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға беретін аукционға қатысуға өтiнiмі мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрінде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада санамаланған қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екі бөліктен тұрады.
2. Аукционға қатысуға өтінімнің бірінші бөлігі мыналарды қамтуы тиіс:
1) тауарды мемлекеттік сатып алу кезінде сатып алынатын тауардың сипаттамасы мен ұсынылатын техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын (тауарлық белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын және өндірушінің атауын көрсете отырып, сондай-ақ егер аукциондық құжаттама сатып алынатын тауардың эскизін, суреттерін, сызбалары, фотосуреттері мен өзге бейнелерін ұсыну туралы талапты көздемеген жағдайда, онда аукционға қатысуға өтінімде осындай ақпарат қамтылуы тиіс), ал қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып;
2) жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге келісімін;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотта орналастырылатын кепілдікті ақша жарнасы түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда кепілдікті ақша жарнасын растайтын төмен құжатының электрондық көшірмесін.
Банк кепілдігі түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген кезде оның түпнұсқасы электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде көзделген тәртіппен аукционға қатысуға өтінімдер берудің түпкі мерзіміне дейін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.
3. Аукционға қатысуға өтінімнің екінші бөлігі әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы Заңның 8-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтуы тиіс.
Аукционға қатысуға өтінімді аукциондық құжаттамада көрсетілген оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынуға жол берілмейді.
4. Аукционға қатысуға өтiнiмдерін белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында хронологиялық тәртіппен тіркеледі.
5. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталған кезден кешiктiрмей:
1) аукционға қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) аукционға қатысуға өзi енгiзген өтiнiмнің қамсыздамасын қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.
Аукционға қатысуға өтiнiмді табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн аукционға қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алу сияқты, өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге де жол берiлмейдi.
6. Әлеуеттi өнiм берушi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға өзiнiң қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, аукциондық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi мойнына алмайды.
|
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында
|
|
42
|
35-5-бап
|
35-5-бап жоқ
|
35-5-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмнің қамсыздамасы
1. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмнің қамсыздамасын, өзiнiң:
1) аукционға қатысуға өтiнiмiн мұндай өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн керi қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтiндiгiнiң және (немесе) толықтырмайтындығының;
2) оны аукционның жеңiмпазы деп анықтаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасуының кепiлi ретiнде енгiзедi және аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуының қамсыздамасын енгiзеді.
2. Аукционға қатысуға өтiнiмнің қамсыздамасы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді сатып алу үшін аукционға бөлінген соманың үш пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
Әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтiнiмінiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн дейін үшiншi тұлғаларда енгiзiлген кепiлдiк ақшалай жарнаға толығымен не бiр бөлiгiнде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын iс-әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.
Осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
4. Мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
1) аукционның жеңiмпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
2) аукционның жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалу қамсыздамасын енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы белгіленген талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімнің қамсыздамасын қайтармайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде аукционға қатысуға өтiнiмнің қамсыздама сомасын тиiстi бюджеттiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кiрiсiне есептейдi.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген аукционға қатысуға өтiнiмнің қамсыздамасын мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай аукционның қатысушылары деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуының қамсыздамасын енгiзген;
5) осы Заңның 35-2-бабы 3-тармағында көзделген жағдайда қайтарады.
|
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында
|
|
43
|
35-6-бап
|
35-6-бап жоқ
|
35-6-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң бірінші бөліктерін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
1. Аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысуға өтінімдердің бірінші бөлігін ашуға қол жетімділікті мемлекеттiк сатып алу веб-порталы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының аукциондық құжаттамада көрсеткен өтінімдерді түпкілікті ұсыну мерзімінің күні мен уақыты басталғанда автоматты түрде береді.
2. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукционда қатысуға өтінімдердің бірінші бөлігін ашатын күні аукциондық комиссияның мүшелеріне, электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде көзделген өтінімдерді тіркейтін электрондық журналда олар туралы мәліметтер енгізілген әлеуеттi өнiм берушiлерге автоматты түрде хабарлама таратады.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң бірінші бөлігін қарауды аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану мақсатында аукциондық комиссия жүзеге асырады.
4. Аукциондық комиссия аукционда қатысуға өтінімдердің бірінші бөлігін қарайды және әлеуеттi өнiм берушiлердің аукционда қатысуына рұқсат беру туралы шешімді кемiнде жеті күнтiзбелiк күннен және аукционда қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталатын уақыттан кешіктірмей қабылдайды.
5. Егер аукционға қатысуға екеуден кем өтінім берілген жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады.
6. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын, әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтің техникалық ерекшелiкке сәйкес келуiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеуi үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ол мемлекеттiк қызметшiлердi не сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетiлетiн қызметке мамандығы сәйкес келетiн өзге мамандарды сарапшылар ретiнде жұмысқа тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде ақысыз негiзде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаласуы бойынша ақылы да, өтемсiз де негiзде тартылады.
Сарапшылардың аукциондық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын тұлғаларды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң бірінші бөлігін қарау кезiнде аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға өтiнiмнiң бірінші бөлігін қарауды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден материалдарды және түсiндiрмелердi жазбаша немесе электрондық құжат нысанында сұратуға;
2) аукционға қатысуға өтiнiмдердің бірінші бөлігінде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша немесе электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
Аукционға қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтырудан, аукционға қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiсінше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруден көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты аукциондық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi.
Аукциондық комиссия аукциондық құжаттаманың талаптарына жауап беретін ретінде аукционға қатысуға өтінімнің бірінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса қарайды.
8. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
1) оның аукционға қатысуға өтiнiмi бірінші бөлігінің аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;
2) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбесе аукционға қатысуға жiберiлмейдi (аукционға қатысушы деп танылмайды).
9. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық аукциондық комиссияның мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (аукционға қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күні қол қояды.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы аукциондық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні олар туралы мәліметтер электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесінде көзделген аукционға қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почта бойынша автоматы түрде хабарландырумен, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.
10. Аукциондық комиссия екеуден аз әлеуетті өнім берушіні аукционның қатысушысы деп таныған жағдайда аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсілімен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
11. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
|
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында
|
|
44
|
35-7-бап
|
35-7 – бап. жоқ
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |