13. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушi қаржы жылы өткеннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей айыппұл санкцияларын тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе олар аффилиирлеген заңды тұлғалар заңды тұлғаның кірісіне өндіріп алу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.
31-баптың жаңа редакциясында тармақтардың нөмірлерінің өзгеруіне және аукциондарда жаңа мемлекеттік сатып алу тәсілін белгілеуге байланысты.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің тиісті деңгейде орындалуын және тапсырыс берушінің шартты орындауын бақылау жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету мақсатында
Тапсырып берушінің тиісті бюджеттің кірісіне айыппұл санкцияларын өндіріп алу міндеттерін белгілеу мақсатында.
49
38-бап
2- тармақ
38-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару
.....
2. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
1) ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді табыс етеді және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;
2) осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік саатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарудан келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
38-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару
.....
2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi:
1) ол енгiзген конкурсқа не аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгiнедi;
2) мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудың салдарынан келтiрiлген шығындарды өтеткiзу туралы сотқа талап-арызбен жүгiнуге құқылы.
Осындай ақпаратты беру артық деп санаймыз, өйткені әлеуетті өнім берушінің жосықсыздығы туралы сотқа жүгіну сәтінде сот шешімі жоқ. Бұдан басқа сот мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының талабын қолдамауы және әлеуетті өнім берушінің пайдасына шешім шығаруы да мүмкін
50
39-бап
2-тармағының
1) тармақшасы
39-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері
...........
2. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтiн талабы жағдайында мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiстер енгiзуге:
1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың бағасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша, егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалу процесiнде осыған ұқсас сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағалары азаю жағына өзгерсе;
2) егер мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында айқындалған тәртiппен қабылданған осындай өзгерiстiң сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешiм қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлiгiнде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартта көрсетiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бiрлiгi үшiн бағаның өзгермейтiн талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетiлген қызметтердiң көлемiндегi қажеттiлiктiң азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлiгiнде жол берiледi. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегiнде жол берiледi;
4) егер өнiм берушi тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесiнде тауар бiрлiгiне берiлетiн бағаның өзгермейтiн талабы жағдайында, онымен жасалған тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудiң неғұрлым үздiк сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзiмiн және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерiстер енгiзуге жол берiледi;
5) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлiгiнде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиiстi өзгерiстер енгiзiлген жағдайда шарттың орындалу мерзiмдерiн тиiстi өзгерту бөлiгiнде жол берiледi.

Егер тараптардың өзара келіскен келісімі болса, онда осы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге нарықта азайғандығына талдау жүргізудің қажеттігі жоқ.
Есеп комитеті бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бір жылдан астам орындау мерзімімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарда жұмыс құнын ұлғайту фактілерін анықтауда. Бақылау объектілері бұны инфляциялық процесс деп уәждейді, ал белгіленген тәртіппен бекітілген ЖСҚ әзірлеу кезінде осы фактор ескерілуі тиіс.
51
40-бап
2-тармақ
40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі
.....
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі
.....
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушi оны жасағаннан кейiн не өнiм берушi конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында.
52
41-баптың
3-тармағы
41-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
...... 3. Ерекше тәртiп қолданыла отырып мемлекеттiк сатып алу мынадай:
1) құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң ерекше шарттарын белгiлеу талап етiлетiн құқықтық тәртiп пен ұлттық қауiпсiздiктiң қажеттiгiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген қызмет көрсетулердi;
3) ҚР 2008.11.20 N 87-IV Заңымен алып тасталды;
4) ҚР 2011.02.18 N 408-IV Заңымен алып тасталды;
5) кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншiк құқығына тиесiлi тұрғын үйдi;
7) олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
8) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiмен көзделген арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
41-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
...... 3. Ерекше тәртiп қолданыла отырып мемлекеттiк сатып алу мынадай:
1) құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң ерекше шарттарын белгiлеу талап етiлетiн құқықтық тәртiп пен ұлттық қауiпсiздiктiң қажеттiгiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген қызмет көрсетулердi;
3) кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншiк құқығына тиесiлi тұрғын үйдi;
5) олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
6) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiмен көзделген арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия және таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында
Заңның 47-1-бабы 3-тармағына сәйкес 41-бап 3-тармағының 9) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
53
41-1-баптың
екінші бөлігі
41-1-бап. Қорғаныс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрiлердi, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттiлiгi мен әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн оларды жөндеу және жаңғырту жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының
43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртiп қолданылмайды.
41-1-бап. Қорғаныс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрiлердi, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттiлiгi мен әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн оларды жөндеу және жаңғырту жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының
47) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртiп қолданылмайды.
Заңның 4-бабы 1-тармағы тармақшаларының нөмірленуін өзгертуге байланысты
54
45-бап
45-бап. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
Әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк бақылау органдарында:
1) мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес олар қабылдаған мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiмi шағым жасауға жатпайды.
45-бап. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
Әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк бақылау органдарында:
1) мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес олар қабылдаған мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiмi шағым жасауға жатпайды.
Келісімнің 16-бабына сәйкес сатып алу саласындағы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзатын тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электронды сауда алаңдарының (электронды алаңдардың) операторларының, веб-портал операторларының (сондай-ақ шарттың (келісімшарттың) тізілімдерінің), тауар биржаларының, комиссиялардың және өзге тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты құзыретіне, оның ішінде шағымдар мен өтініштерді қарау жататын ұлттық бақылаушы органды құрады (айқындайды).
Осылайша, 45-бапқа түзету Келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында енгізіледі.
55
47-1–бап
47-1-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының ережесi электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
2. Осы Заңның 47-1-бабы 1-тармағының және 18-бабының бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының ережелерi 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.
3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесi 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.