«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте



бет10/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#170486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

35-7. Аукционды өткізу

1. Аукцион мемлекеттiк сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.

Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні болып табылады.

2. Аукционға қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлер қатысады.

3. Аукцион өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион аралығына төмендету жолымен жүргізіледі.

Аукционның аралығы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшін бөлінген соманың жарты пайызынан (0,5) бес пайызына дейін құрайды.

4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы туралы ағымдағы ұсынысты аукцион аралығы шегіндегі көлемге төмендетуді көздейтін баға туралы ұсыныстар жасайды.

5. Аукционды өткізу кезінде ағымдағы ең аз ұсыныс болмаған жағдайда аукцион аралығына тәуелсіз өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендеген кез келген аукционға қатысушы аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы туралы ұсынысты беруге құқылы.

6. Аукционға қатысушы аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы туралы ағымдағы ең аз ұсыныстан төмен аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы туралы ұсынысты, егер мұндай ұсынысты осы аукционға қатысушының өзі берген жағдайда беруге құқығы жоқ.

7. Аукционға қатысушылардың аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ аукцион өткізудің мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде аукцион өткізудің мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс түспесе, аукцион аяқталады.

8. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағаға тең түссе аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы туралы ұсынысы басқаларға қарағанда бұрын келіп түскені үздік болып танылады.

9. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі аукционның мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы баптың 4-тармағына сәйкес аукцион өтпеді деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсілімен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.

10. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізген күні автоматты түрде қалыптасады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.

Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында





45

35-8-бап


35-8 – бап. жоқ

35-8-бап. Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөліктерін қарау

1. Аукциондық комиссияның аукционға қатысушылар деп танылған өнім берушілердің аукционына қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін қарауға қол жеткізу аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттамалар орналастырылған күні автоматты түрде ұсынылады.

2. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін қарайды және жеті күнтізбелік күннен кешіктірмеген мерзімде аукциондық құжаттамамен белгіленген біліктілік талаптарына аукционға қатысушылармен танылған әлеуетті өнім берушілердің сәйкес еместігі туралы немесе сәйкестігі туралы шешімді қабылдайды.

3. Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін қарастырған кезде аукциондық комиссия мыналарға:

1) аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін қарауды жеңілдету үшін материалдар мен түсініктемелерді аукционға қатысушылармен танылған әлеуетті өнім берушілерден жазбаша немесе электорнды құжат нысанында сұратуға;

2) аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігіндегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша немесе электорнды құжат нысанында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

Аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімнің екінші бөлігін, егер онда өтінімнің екінші бөлігінде ұсынылған мәнді қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына жауап беруші ретінде қарайды.

4. Әлеуетті өнім беруші электронды мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ережелерімен көзделген жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндерді мойындайды.

5. Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін қарастырудың нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және баға туралы ең аз ұсыныс бойынша аукциондық құжаттамамен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің ішінен аукцион жеңімпазын анықтайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамамен олар болған кезде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің ішінен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасауға үміткерлерді анықтайды не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда аукционды өтпеді деп таниды.

6. Егер аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бір де бір әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсілімен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.

7. Аукционның қорытындысы туралы хаттамаға төраға және аукцион комиссиясының барлық қатысушы мүшелері, сондай-ақ аукцион комиссиясының хатшысы аукционның қорытындысы туралы шешім қабылданған күні қол қояды.

Аукцион комиссиясының хатшысы аукцион қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күні мемлекеттік сатып алудың веб-порталына қалыптастырады және орналастырады.

8. Тапсырыс беруші бес жұмыс күні ішінде аукцион қорытындысы туралы хаттама бекітілген күннен бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын аукцион жеңімпазына жібереді.

9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына аукцион жеңімпазы не тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын оған ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға үміткер қол қоюы тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының мәнді шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған аукцион жеңімпазы осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.

10. Егер аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған аукцион жеңімпазының бағасы туралы ұсынысынан кейін баға жайлы ұсынысы неғұрлым аз болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға құқылы.

11. Үміткер мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қорытындысына осы баптың 9-тармағында көзделген белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаған мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға үміткердің бағасы туралы ұсыныстан кейін ұсынысы неғұрлым аз болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға құқылы.

Мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға үміткерлер, аукцион жеңімпазын қоспағанда, осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алудың дәрменсіз қатысушыларының тізіліміне енгізілмейді.

12. Аукциондық комиссияның шешімі осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында





46

35-9–бап

35-9 – бап. жоқ

35-9-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуының негіздері

1. Аукцион мынадай:

1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға арналған өтінімдер екеуден кем берілген жағдайда;

2) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда;

3) аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарса және тапсырыс беруші осы Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаған жағдайларда өтпеді деп танылады.

2. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылған болса тапсырыс беруші мынадай:

1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін.

Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында





47

36-баптың

1-тармағы

36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

Тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдаған кезде критерийлер белгілеу мақсатында.






48

37-бап


37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасында айқындалған үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және әлеуетті өнім берушіге жолдайды.

Конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасаолған жағдайда қорытындылар туралы хаттаманың және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бір данасын конкурстың жеңімпазына жолдайды.


2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазакқстан Республикасыынң резиденті емеспен жасалған жағдайда мемлекетітк сатып алу туралы шартты ол ұсынған нысанды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып ресімдеуге жол беріледі.

3. Осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.



4. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде көзделген жағдайларда өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
      Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiсiнше орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
      Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
      Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
      Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алудың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнiм берушiлерге қолданылмайды.
      5. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге:
      1) келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзiмiмен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;
      2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында беруге себепшi болатын активтер мен басқа да тауарларды;
      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
      4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi;
      5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткiзу) мерзiмi келiсiлген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
      6. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шаралар жоспарын орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
     7. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
     8. Бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.

      9. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:


      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;

2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген көмектi көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.

9-1. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлермен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.


      10. Тапсырыс берушi және өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.


37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасында айқындалған үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және әлеуетті өнім берушіге жолдайды.

Конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасаолған жағдайда қорытындылар туралы хаттаманың және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бір данасын конкурстың жеңімпазына жолдайды.


2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазакқстан Республикасыынң резиденті емеспен жасалған жағдайда мемлекетітк сатып алу туралы шартты ол ұсынған нысанды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып ресімдеуге жол беріледі.
3. Осы Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуеттi өнiм берушiге жiберген күннен бастап, күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта осы мемлекеттік сатып туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісті деңгейде орныдамаған үшін айыппұл санкциялары, сондай-ақ тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың толық сомасынан айыппұл санкцияларын өндіріп алу бойынша міндеттері көзделуі тиіс.

5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде көзделген жағдайларда өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.

Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiсiнше орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
      Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
     1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
     2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
      Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.

Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.


     Мемлекеттiк сатып алудың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнiм берушiлерге қолданылмайды.

6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге:

1) келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзiмiмен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;

2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында беруге себепшi болатын активтер мен басқа да тауарларды;

3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;

4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi;

5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткiзу) мерзiмi келiсiлген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.

7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шаралар жоспарын орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.


      8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
     9. Бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
      10. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген көмектi көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
     11. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлермен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      12. Тапсырыс берушi және өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет