«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте

бет6/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#170486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

19-бап. Конкурстық құжаттаманы табыс ету

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделi тұлғаларға қағаз жеткiзгiште (бұдан әрi - конкурстық құжаттаманың көшiрмесi) не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгiленген талаптары ескерiлiп, тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы табыс етедi.

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізген жағдайда конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі адамдарға мемлекеттік сатып алу веб-порталында бекітілген орналастыру арқылы ұсынады.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн мүдделi тұлғаларға олар мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс ету туралы өтiнiш жасаған күнi табыс етуге мiндеттi.

      Егер конкурстық құжаттаманың көшiрмесi арқылы негiзде табыс етiлген болса және бұл туралы сiлтеме тиiстi хабарламада қамтылса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оны мүдделi тұлғаларға мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға аталған ақыны енгiзгенiн растайтын құжатты ұсыну шартымен өздерi өтiнiш жасаған күнi табыс етедi.
      Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткенi үшiн ақы мөлшерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшiрмесiнiң данасын әзiрлеумен тiкелей байланысты шығыстарынан аспауға тиiс.

2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткен тұлғалар туралы мәлiметтердi, сол сияқты тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсынан не мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы бекiтiлген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуге тиiс.

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға ниет білдірген мемлекеттік сатып алудың веб-порталында конкурстық құжаттама көшірмесін алған адамдар туралы мәліметтер автоматты түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеледі.

Заңның 18-бабында 1-тармақтың жоқ болуына байланысты және электронды мемлекеттік сатып алуды барлық қажетті ақпарат орналастырылған веб-портал арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асыруға байланысты

Электронды мемлекеттік сатып алуды барлық қажетті ақпарат орналастырылған веб-портал арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асыруға байланысты

20

20-бап

20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру

      1. Осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына мәлiметтерi енгiзiлген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалмен жүгiнуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуге тиiс.

      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен:
      1) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына мәлiметтерi енгiзiлген тұлғаларға жiберуге;
      2) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнi өткенге дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
      2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр жерде және тиiстi уақытта кездесу өткiзуге құқылы. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мүдделi тұлғалармен аталған кездесу өткiзiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, олардың дерек көздерiн көрсетпей ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалдарды, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы хаттама ресiмделген және оған қол қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға аталған хаттаманың көшiрмесiн жiберуге;
      2) көрсетiлген хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.

20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру
1. Тiркеу журналына мәлiметтерi енгiзiлген немесе мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар Осы Заңның
19-бабының 2-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, бірақ күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, ал ал конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей өтінім жасауға құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуге тиiс.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, ал конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша екі жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен:

1) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына мәлiметтерi енгiзiлген тұлғаларға жiберуге;

2) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;

3) электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен өткізген жағдайда конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін жариялауға міндетті.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өз бастамасы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күні өткенге дейін күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша күнтiзбелiк үш күн мерзiмнен кешiктiрмей немесе олар туралы мәлiметтер тiркеу журналына енгізілген не осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген адамдардың сауалдарына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:

1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;

2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;

3) электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен өткізген жағдайда енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Заңның 19-бабы бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген адамдарға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберуге міндетті.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.

3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр жерде және тиiстi уақытта кездесу өткiзуге құқылы. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мүдделi тұлғалармен аталған кездесу өткiзiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, олардың дерек көздерiн көрсетпей ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалдарды, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы хаттама ресiмделген және оған қол қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:

1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға аталған хаттаманың көшiрмесiн жiберуге;

2) көрсетiлген хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.

Осы тармақтың талаптары электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

Электронды мемлекеттік сатып алуды барлық қажетті ақпарат орналастырылған веб-портал арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асыруға байланысты, сондай-ақ ақша қаражатын уақтылы игеру үшін конкурс тәсілімен электронды мемлекеттік сатып алу өткізу мерзімін қысқарту мақсатында

21

21-баптың

2-тармағының 2-бөлігі

 21-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм

      .....

      2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
      2) өзiнiң және тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген фактiлер анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға келiсiмi туралы растауды қамтуға тиiс.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде айқындалады.
 
21-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм

........     

     2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;

2) өзiнiң және тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген фактiлер анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға келiсiмi туралы растауды қамтуға тиiс.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелерінде айқындалады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасы және электронды мемлекеттік сатып алу қағидасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген қаулысымн регламенттелуіне байланысты.

22

22-бап

1, 2-тармағы және 3-тармағының екінші бөлігі

22-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс ету
1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте оны табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн табыс етедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi не конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды оларды табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткеннен кейiн табыс етуге жол берiлмейдi.

Белгiленген мерзiм өткеннен кейiн табыс етiлген конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверт ашылмайды және әлеуеттi өнiм берушiге қайтарылады.

2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттердi белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлер туралы мәлiметтердi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына хронологиялық тәртiппен енгiзедi.

3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталған кезден кешiктiрмей:

1) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

2) конкурсқа қатысуға өзi енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алу сияқты, өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

22-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс ету
1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте, ал электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырған жағдайда электрондық құжат нысанында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы оны табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн табыс етедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi не конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды оларды табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткеннен кейiн табыс етуге жол берiлмейдi.

Белгiленген мерзiм өткеннен кейiн табыс етiлген конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверт ашылмайды және әлеуеттi өнiм берушiге қайтарылады.

Электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берсе;

2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түссе, веб-порталдың автоматты түрде жойып жіберуіне жатады.

2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттердi белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлер туралы мәлiметтердi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына хронологиялық тәртiппен енгiзедi.

Әлеуетті өнім берушілер берген конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеледі.

3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталған кезден кешiктiрмей:

1) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

2) конкурсқа қатысуға өзi енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудiң не конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім табыс етудің соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алу сияқты, өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды барлық қажетті ақпарат орналастырылатын мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жүзеге асыруға байланысты

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өзгерістер мен (немесе) толықтыруларға, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін өтінімді кері шақырау ретінде тең жол бермеу мақсатында.

23

23-1-бап

23–1-бап. Жоқ

23-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімнің қамсыздамасы

1. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімнің қамсыздамасын әлеуетті өнім беруші:

1) оны конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын беретіндігіне, ал кейіннен өзінің конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алмайтынына;

2) оны конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатындығына және конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізетіндігіне кепілдік ретінде енгізеді.

2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде анықталған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

Әлеуетті өнім берушінің үшінші тұлғаларда тұтастай алғанда не бір бөлігінде оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнасына талап ету құқығының туындауына әкеп соқтыратын іс-әрекет жасауына жол берілмейді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды:

1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын бермесе не кері қайтарып алса;

2) конкурс жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса.

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың біреуі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайыздары мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың біреуі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алғанда;

2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойғанда. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойғанда. Осы жағдай конкурс жеңімпазы деп анықталған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенде және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгенде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.

Электрондық мемлекеттік сатып алуға көшуге байланысты.

24

24–1-бап

24–1-бап. Жоқ

24-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу

1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен түпкілікті өтінімдерді беру күні мен уақыты келген кезде жүргізеді.

2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын конкурстық комиссия хатшысы веб-порталда ашылған күні жариялайды. Осы ретте веб-портал конкурстық комиссия мүшелеріне, электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде көзделген өтінімдерді тіркеудің электрондық журналына олар туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілерге конкурста қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын жариялау туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.

Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты

25

25-бап

3-тармағының

1) және 2) тармақшалары және 4-тармағы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет