31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталған күнге дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай:
1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген соманы көрсете отырып, жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу нысаны болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң (техникалық шарттары көрсетiле отырып) қысқаша сипаттамасын;
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
5) әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын табыс етуiнiң басталу және аяқталу мерзiмi туралы;
6) елеулi талаптарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын орналастыруға мiндеттi.
Осы тармақта көзделіп, орналастырылатын ақпаратта Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың:
1) негізгі (орнатылған) жабдықты толық жиынтықтауға, жаңғыртуға және толық жарақтандыруға;
2) тауарды лизингке беру жөніндегі өнім берушіні айқындауға және лизингтің затты егжей-тегжейлі сипаттауға, қажеттілігінің туындауына байланысты мынандай жағдайларын қоспағанда орналастырылып отырған ақпаратта осы тармақта көзделген тауар белігілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, тһпатенттерді, пайдалы модельдерді, өндірістік үлгілерді тауардың шыққан жерінің атауын және өндірушінің атауын, сондай-ақ сатып алынып отырған тауардың, жұмыстың жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиістілігін айқындайтын өзге сипаттамасын көрсетуді қамтуға жол берілмейді.
2. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізудің ережесімен көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысын табыс етуi оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткiзудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ашуды және қарауды жүргізеді.
Ең аз баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Егер ең аз баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім берушілер берген жағдайда баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Баға ұсыныстарын салыстыру мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде жүргізіледі.
4. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында мемлекеттік сатып алудың веб-порталы не мемлекеттік сатып алудың веб-порталын қолданбастан өзге де әдістермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.
5. Егер баға ұсыныстарын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің кемінде екі баға ұсынысы берілсе, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайталама мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
6. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын мемлекеттік сатып алу веб-порталының егер:
1) ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түссе;
2) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы лотқа баға ұсынысын берсе;
3) әлеуетті өнім беруші өзінің баға ұсынысын беру сәтіне мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімінде тұрса, автоматты түрде жойып жіберуіне жатады.
Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарын жоюға жол берілмейді.
7. Егер осы баптың 6-тармағымен көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің кемінде екі баға ұсынысы қалса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
8. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімінің аяқталған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Заңның 7-бабының 7-тармағына сәйкес анықталған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды тұлғасы бекітуі және мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауы тиіс.
9. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және неғұрлым аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына неғұрлым аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші не осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жеңімпаз деп анықталған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оған берген күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушіге табыс етілуге тиіс.
Осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының елеулі шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартқан, жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы Заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.
10. Егер әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты бермесе, тапсырыс беруші:
1) осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушімен, ал мұндай әлеуетті өнім беруші болмаған кезде – ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейін ең аз болып табылатын әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Барлық қажетті ақпарат орналастырылатын мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы конкурс тәсілімен электрондық нысанда ғана бағалы ұсыныстарды сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты
|
|
31
|
32-бап
|
32-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
1) қандай да бiр өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған тапсырыс берушiде қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпей қалды деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажеттi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қажеттiлiгi болса;
4) осы Заңның 31-бабының 6 және 8-тармақтарында көзделген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, жүргiзiлуi мүмкiн.
|
32-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
1) қандай да бiр өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорында, заңды тұлғада және олармен аффилиирленген тұлғаларда қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпей қалды деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
3) егер осындай мемлекеттік сатып алу жылдың бірінші айы ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу мерзімі ішінде, бірақ екі айдан аспай, тапсырыс берушінің мұқтажын қамтамасыз ету үшін қажет осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге, күнделікті және (немесе) апта сайынғы талапты сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік бар;
4) осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
5) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 35-9-бабының 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтпеді деп танылса жүргiзiлуi мүмкiн.
|
Келісімнің 13-бабына сәйкес, егер бір көзден (жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден)) сатып алу тәсілі Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбестен, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген Тараптың актісінің негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып жүргізілген жағдайда мұндай сатып алу Келісімге №1 қосымшада көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Аталған Қосымшада мемлекеттік сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырудың жол берілетін жағдайларының нақты тізбесі көзделген.
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші – Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқаратын орган, оның ішінде мемлекеттік және муниципалды мекемелер, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған жағдайлардағы өзге де адамдар.
Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында мемлекеттік және муниципалдық бірегей кәсіпорындарға және мемлекеттік немесе муниципалдық қатысуы бар өзге заңды тұлғаларға қатысты Келісімді қолдануды алып тастауды көздеуге Тараптардың құқы бар.
Осылайша, Заңның 32-бабының 1) тармақшасында көзделген бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайы Келісімге 1-қосымшада көрсетілмеуге байланысты бұл жағдайды мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің сатып алуына қолданбау ұсынылады.
Келісімге 1-қосымшаның 31-тармағында егер мұндай сатып алу Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тізбе бойынша жылдың 1 айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілігін сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі сияқты бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайы көзделген. Бұл жағдайда сатып алу көлемі сатып алуды өткізу мерзімі ішінде қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажет тауарлардың, жұмыстардың санынан аспауы керек, бірақ 2 айдан артық емес.
Осылайша, 32-баптың 3) тармақшасына Келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында түзету енгізіледі.
Редакциялық түзету.
Осы тәсілмен мемлекеттік сатып алу бірнеше рет өтпеген деп танылған жағдайда, аукцион тәсілімен сатып алуды реттеу мақсатында
|
|
32
|
33-баптың
1-тармағының 9) және 10) тармақшалары
|
33-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді, онда мынадай мәліметтер:
………..
9) осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарының тізбесі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растау үшін табыс етуге тиіс құжаттар тізбесі;
10) әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзімі қамтылуға тиіс.
|
33-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді, онда мынадай мәліметтер:
………..
9) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатынын қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттар тiзбесi;
10) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының
4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатынын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.
|
Заңның 8-бабының 9-тармағына сәйкес әлеуметті өнім берушілерге ұсынылатын осы баптың 2 және 3-тармақтарымен белгіленген біліктілік талаптары бағалы ұсыныстарды сұрау тәсілімен жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға таратылмайды.
Заңның 32-бабының 4) тармақшасына сәйкес егер мемлекеттік сатып алу бағалы ұсыныстарды сұрату тәсілімен екі рет өтпеді деп танылса, Заңда көзделген жағдайда бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Осыған байланысты баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды болмады деп тану негізінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуде қажеттілік жоқ деп ұйғарамыз.
|
|
33
|
33-бап
2-тармағының 2) тармақшасы
|
2. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
………
2) әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын;
|
2. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
...........
2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының
4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатынын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын;
|
Заңның 8-бабының 9-тармағына сәйкес әлеуметті өнім берушілерге ұсынылатын осы баптың 2 және 3-тармақтарымен белгіленген біліктілік талаптары бағалы ұсыныстарды сұрау тәсілімен жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға таратылмайды.
Заңның 32-бабының 4) тармақшасына сәйкес егер мемлекеттік сатып алу бағалы ұсыныстарды сұрату тәсілімен екі рет өтпеді деп танылса, Заңда көзделген жағдайда бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Осыған байланысты баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды болмады деп тану негізінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуде қажеттілік жоқ деп ұйғарамыз.
|
|
34
|
33-баптың
4-тармағы
|
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың біліктілік талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігін айқындау мақсатында қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
|
4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатынын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен не электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларымен белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
|
Заңның 8-бабының 9-тармағына сәйкес әлеуметті өнім берушілерге ұсынылатын осы баптың 2 және 3-тармақтарымен белгіленген біліктілік талаптары бағалы ұсыныстарды сұрау тәсілімен жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға таратылмайды.
Заңның 32-бабының 4) тармақшасына сәйкес егер мемлекеттік сатып алу бағалы ұсыныстарды сұрату тәсілімен екі рет өтпеді деп танылса, Заңда көзделген жағдайда бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Осыған байланысты баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды болмады деп тану негізінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуде қажеттілік жоқ деп ұйғарамыз.
|
|
35
|
34-бап
1-тармағының 3) тармақшасы
|
34-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті, онда мынадай ақпарат:
……..
3) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы;
|
34-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті, онда мынадай ақпарат:
……..
3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатынын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы;
|
Заңның 8-бабының 9-тармағына сәйкес әлеуметті өнім берушілерге ұсынылатын осы баптың 2 және 3-тармақтарымен белгіленген біліктілік талаптары бағалы ұсыныстарды сұрау тәсілімен жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға таратылмайды.
Заңның 32-бабының 4) тармақшасына сәйкес егер мемлекеттік сатып алу бағалы ұсыныстарды сұрату тәсілімен екі рет өтпеді деп танылса, Заңда көзделген жағдайда бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Осыған байланысты баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды болмады деп тану негізінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуде қажеттілік жоқ деп ұйғарамыз.
|
|
36
|
6-тарау
|
6-тарау. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта және тауарлар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
|
6-тарау. Аукциондарда және тауарлар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
|
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында
|
|
37
|
35-бап
|
35-бап. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілерге ұйымдастырылған электрондық сауда-саттыққа рұқсат беру, ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу, сондай-ақ ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау электрондық мемлекеттік сатып алуды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
|
35-бап. Мемлекеттiк сатып алуды аукцион тәсiлiмен жүзеге асыру
1. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, мемлекеттік сатып алу веб-порталында нақты уақыт режимiнде өткізілуін электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз ететін электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есеп көрсеткішінің төрт мыңдық мөлшерінен асатын құндық көрсеткіштегі тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның мәні болып табылады.
3. Аукционда қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және аукциондық комиссия аукционға қатысушы деп таныған әлеуеттi өнiм берушiлер қатысады.
|
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен регламенттеу мақсатында
|
|
38
|
35-1-бап
|
|