11
|
11-бап
|
11-бап. Мемлекеттiк сатып алу саласында
қалыптастырылатын тiзiлiмдер
1. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай:
1) тапсырыс берушiлердiң
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң (жiктеуiштiң);
3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың;
4) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бiрыңғай республикалық тiзiлiмдерiн (бұдан әрi - тiзiлiмдер) қалыптастыруды және оларды жүргiзудi жүзеге асырады.
2. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi өздерiнiң жұмыс iстеуi, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметтi орындауы үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi заңды тұлғалардың тiзбесi болып табылады.
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi (жiктеуiшi) тапсырыс берушiлердiң осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алатын
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi болып табылады.
4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi тапсырыс берушiлер тиiстi қаржы жылында жасасқан, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткiштерi туралы, тараптардың шарттық мiндеттемелерiн орындауының нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзбесi болып табылады.
Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жеке тiзiлiмiне енгiзiледi, оны жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейдi. Мұндай мәлiметтерге қол жеткiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi бойынша жасалған шарттар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне енгiзуге болмайды.
5. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi:
1) бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң
2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң
3) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуеттi өнiм берушiлердiң
5) мемлекеттiк сатып алу туралы өздерiмен жасасқан шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесi болып табылады.
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң негiзiнде жасалады.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап он сегiз ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiмен жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап отыз ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер осы Заңда белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аталған тiзiлiмнен шығарылып тасталады.
Уәкiлеттi орган әлеуеттi өнiм берушiнiң не өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған хабарламаның жiберiлгенi және оны алғаны фактiсiн растайтын тәсiлмен тиiстi хабарлама жiбередi.
Әлеуеттi өнiм берушiнi не өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы шешiмге олардың сот тәртiбiмен шағым жасауына болады.
Осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, уәкiлеттi органға мұндай әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiмет жiберуге және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтiнiш жасауға мiндеттi.
6. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тiзiлiмде қамтылған мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қолжетiмдi болуға тиiс.
|
11-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер
1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:
1) тапсырыс берушілердің;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;
3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімдерін (бұдан әрі - тізілімдер) қалыптастыруды және оларды жүргізуді жүзеге асырады.
2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауы үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесі болып табылады.
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерін орындауының нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесі болып табылады.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 26), 31) және 35) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.
4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
1) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;
2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуетті өнім берушілердің;
4) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісті дәрежеде орындамаған өнім берушілердің тізбесі болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жасалады.
Осы тармақта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушімен жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы Заңда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарылып тасталады.
Әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібімен шағым жасауына болады.
Осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтініш жасауға міндетті.
5. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.
|
Мемлекеттік сатып алуды веб-порталы Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнім жіктеуішіне (СЭҚ ӨЖ) сәйкес жүргізіледі.
Осыған байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің (жіктеуіштің) жеке тізілімін жүргізу орынсыз.
Мемлекеттік сатып алуды веб-порталы Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнім жіктеуішіне (СЭҚ ӨЖ) сәйкес жүргізіледі.
Осыған байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің (жіктеуіштің) жеке тізілімін жүргізу орынсыз.
Заңның 4-бабы 1-тармағы тармақшаларының нөмірлерінің өзгеруіне байланысты
Келісімге сәйкес келтіру мақсатында.
Мәселен, Келісімнің 15-бабы 5-тармағына сәйкес жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) туралы мәліметтер Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген, бірақ 2 жылдан аспайтын мерзімге жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізіліміне енгізіледі.
Уәкілетті орган мен электронды мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың арасында Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушалардың тізіліміне деректерді енгізу бойынша өзара әрекет етуді ұйымдастыру туралы регламентті енгізуге байланысты бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушалардың тізіліміне енгізу жөнінде әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) электронды мекенжайларына тиісті хабарламаларды жолдайтын болады.
|