Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Өзге де пошталық және курьерлік қызмет



бет194/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   290
ОКЭД kz

53.20 Өзге де пошталық және курьерлік қызмет

53.20.0 Өзге де пошталық және курьерлік қызмет


Бұл ішкі класқа кіреді:


- жалпыға бірдей қамту аймағында қызмет көрсету шегінен тыс пошталық жеткізу қызметі арқылы посылкалар мен бандеролдар түрінде пошта жөнелтімдерін алу, сұрыптау, тасымалдау және жазба хат-хабар түрінде ішкі және халықаралық почталық жөнелтімдерін жеткізу. Мұның өзінде тасымалдаудың бір немесе бірнеше көлік түрін пайдалану мүмкін және осы қызмет жекеменшік көлік арқылы да, қоғамдық көлік арқылы да жүзеге асырыла алады.

Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- пошталық жөнелтімдерді үйге жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер кіреді

Бұл ішкі класқа:


- жүк тасымалдау кірмейді, (көлік түріне байланысты 49.20.0, 49.41.0, 50.20.0, 50.40.1, 51.21, 51.22.0 қараңыз)


I СЕКЦИЯСЫ ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ


Аталған секцияға келушілер мен басқа сырттан келгендерге қысқа мерзімді тұратын орындар беруді, сондай-ақ дереу тұтынуға жарамды тамақ өнімдері мен сусындардың толық түржиынын ұсыну кіреді. Аталған секцияға ұсынылатын қосымша көрсетілетін қызметтер ауқымы мен типі едәуір құбылып отыруы мүмкін.


Аталған секцияның өзіне ұзақ мерзімді тұру көрсетілетін қызметтерді ұсыну кірмейді, жылжымайтын мүлікпен операциялар сипатталатын секцияда жіктеледі (L секциясы). Сондай-ақ бұған дереу тұтынуға жарамайтын не тәуелсіз тарату арналары арқылы сатылатын, яғни көтерме және бөлшек сауда көмегімен, тамақтар мен сусындар әзірлеу жатпайды. Аталған тамақ өнімдерді немесе сусындарды әзірлеу «Өңдеу өнеркәсібі» С секцияда жіктеледі.


55 Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

Аталған бөлімге туристер мен басқа сырттан келгендерге қысқа мерзімді тұру орнын ұсыну кіреді, сондай-ақ бұған студенттер, жұмысшылар және елдің осындай басқа да топтарына ұзақ мерзімді тұру орнын ұсыну кіреді. Кейбір нысандар тұру орнын ғана ұсынады, сонымен бірге басқа нысандар тұрумен бірге тамақтану және/немесе демалуға арналған және көңіл көтеру қызметтерін ұсынады.


Аталған бөлімге әдетте бір айға немесе бір жылға жалға берілетін пәтер сияқты үй-жайларда ұзақ мерзімді тұруды ұсынумен байланысты қызмет кірмейді және аталған қызмет түрінің жіктелімі жылжымайтын мүлік операцияларына арналған «Жылжымайтын мүлікпен операциялар» L секциясында жіктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет