Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру



бет196/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   290
ОКЭД kz

55.2 Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру


55.20 Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.20.0 Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру


Бұл ішкі класқа әдетте тәуліктік немесе апталық негізде, тұруға/тамақтануға/ұйықтауға арналған, аспаздық керек-жарақтарды немесе толығымен жарақтандырылған ас үйді қоса алғанда, толығымен жиһазбен жабдықталған бөлмелерден тұратын жеке оқшауланған үй-жайларда келушілердің қысқа мерзімді кезеңге келуі үшін тұрғын үй беру кіреді. Бұл бөлек тұрған көпқабатты ғимараттар немесе блоктарда орналасқан апартаменттер немесе пәтерлер болуы мүмкін немесе бір қабатты бунгало, шале, коттедждер және шағын үйлер болуы мүмкін. Сондай-ақ егер бұл қарастырылса, аз мөлшерде қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесі ұсынылады.


Бұл ішкі класқа:


- балаларға арналған немесе өзге де демалыс үйлері
- сырттан келгендерге арналған пәтерлер және бунгало
- жинау немесе тамақ дайындау бойынша қызметтерді ұсынусыз коттедждер мен шағын үйлер
- жастарға арналған туристік лагерлер, тау турбазаларымен және т.б. ұсынылатын тұрғын үйлер кіреді

Бұл ішкі класқа:


- жинау, төсек-орын ауыстыру, тамақ және сусын берумен жайластырылған қысқа мерзімді тұруға арналған орындарды ұсыну, (55.10 қараңыз)
- тұрақты тұру үшін, әдетте айлап немесе жылдап жалдау негізінде, үйлер және аббаттандырылған немесе аббаттандырылмаған пәтерлер немесе апартаменттер беру кірмейді, (68-бөлімді қараңыз)


55.3 Кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету


55.30 Кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету

55.30.1 Жол бойындағы белдеулерде орналасқандардан басқа, кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету


Бұл ішкі класқа:


- қысқа мерзімді орналастыру үшін кемпингтерде тұру үшін орындарды, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелер, сондай-ақ аң аулайтын немесе балық аулайтын жерлерде тұруға арналған орындарды ұсыну
- кемпингтер аумағында автомобильмен демалыс үшін орындарды ұсыну кіреді

Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- палаткаларды және/немесе жатын қаптарды орналастыруға арналған қорғаныш баспаналары немесе жай бивактар түріндегі ұсынылатын тұрғын үй кіреді

Бұл ішкі класқа:


- жастарға арналған туристік лагерлер, тау турбазалар және т.б қысқа мерзімді тұруға арналған орындарды ұсыну, (55.20.0 қараңыз)
- жол бойындағы белдеулерде орналасқан кемпингтердің, автофургондарға және автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызметтерді ұсынуы кірмейді, (55.30.2 қараңыз)


55.30.2 Жол бойындағы белдеулерде орналасқан кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету

Бұл ішкі класқа:


- республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жол бойындағы белдеулерінде орналасқан жол сервисі объектілерінің аумағында орналасқан кемпингтерде тұруға орын, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге тұрақтарды ұсыну
- республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жол бойындағы белдеулерінде орналасқан жол сервисі объектілерінің аумағында орналасқан кемпингтердің аумағында автомобильдермен демалуға арналған күзетілетін тұрақтарда орын ұсыну кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет