55.9 Тұруға арналған өзге де орындар көрсетілетін қызметтер
55.90 Тұруға арналған өзге де орындар көрсетілетін қызметтер
Бұл класқа оқушыларға және студенттерге, көшіп-қонып жүретін (маусымдық) жұмысшылар мен басқа адамдарға бір кісілік немесе жалпы бөлмелерден немесе жатақханалардан уақытша немесе ұзақ уақытша мерзімді тұру орындарын ұсыну кіреді.
55.90.1 Мектеп-интернаттарда жатақханалармен қызмет ұсыну
55.90.2 Студенттік жатақханалармен қызмет ұсыну
55.90.9 Басқа санаттарға кірмеген тұруға арналған басқа да орындармен қызмет ұсыну
Бұл ішкі класқа:
- жұмысшыларға және мигранттарға жатақханалар
- пансиондар
- теміржолдың ұйықтайтын вагондары кіреді
56 Тамақ өнімдерімен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету
Аталған бөлімге өзіне-өзі қызмет көрсету немесе жылдам қызмет көрсететін, тұрақты, уақытша жұмыс істейтін отыратын орынмен немесе орынсыз тез қызмет көрсететін мейрамханаларда, кафелерде, барларда, асханаларда тез арада пайдалануға жарамды тамақ өнімдері мен сусындардың толық түржиынын кіргізе отырып, тамақ және сусын ұсыну бойынша қызмет көрсету кіреді. Шешуші болып олардың ұсынатын объектінің түрі емес, тез арада пайдалану үшін жарамды тамақ өнімдерін ұсынатын фактісі болып табылады.
Аталған бөлімге тез арада пайдалануға жарамайтын немесе дереу тұтынуға арналмаған немесе дайын тамақ болып есептелмейтін дайын тамақ ретінде болмайтын тамақтарды өндіру кірмейді ("Тамақ өнімдерін өндіру" 10 және "Сусындар өндіру" 11 бөлімдерді қараңыз). Сондай-ақ осы бөлімге тез арада тұтынуға жарамды тамаққа жатпайтын немесе дайын тамақ өнімдері болып саналмайтын тамақ өнімдерін сату жатпайды ("Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу" G секциясын қараңыз).
56.1 Мейрамханалардың қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша корсетілетін қызметтер
Достарыңызбен бөлісу: |