Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


K СЕКЦИЯСЫ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ



бет216/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   290
ОКЭД kz

K СЕКЦИЯСЫ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ

Аталған секцияға сақтандыру, қайта сақтандыру мен зейнетақы қорларының қызметін қоса, қаржылық делдалдық қызмет, сондай-ақ көмекші қаржылық қызметі кіреді.


Аталған секцияға сондай-ақ холдингілік компаниялардың, трасталық компаниялардың, қорлардың және басқа қаржылық ұйымдардың қызметі кіреді.


64 Қаржылық делдалдық, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуді қоспағанда

Аталған бөлімге сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру мақсаттарына арналған мақсаттардан басқа, қаржылық қаражаттарын алу және қайта бөлу қызметі кіреді.


Ескерту:


Осы бөлімнің жіктелімінде осы елдегі тиісті институционалдық бірліктерді ұйымдастыру едәуір рөл атқарады.


64.1 Ақшалай делдалдығы

Аталған топқа аударылатын депозиттер (сұрап алатын депозиттер) түрінде қаржылық қаражаттарын, яғни ұлттық банктен басқа, тұрақсыз негізде және қаржылық емес көздерден түсетін нақты ақшалай мәндегі қаржылық қаражат кіреді.




64.11 Ұлттық банк қызметі

64.11.0 Ұлттық банк қызметі


Бұл ішкі класқа:


- мемлекеттік ақшалай ресурстарды (ұлттық валюта) басқару және шығару
- ақшалай айналымды бақылау және мониторинг
- қаржылық мекемелер арасында өзара есеп айрысу үшін пайдаланылатын депозиттерді тарту (қабылдау)
- банктік операцияларды бақылау
- елдің валюталық резервтерін сақтау
- үкіметтің қаржылық агенті рөлінде шығу кіреді


64.19 Өзге де ақшалай делдалдық

Бұл класқа:


- депозиттер және/немесе депозиттер баламаларын алу, сондай-ақ несие немесе қарыздарды төлеу мерзімін ұзарту кіреді. Несие беру қарыздар, ипотека, несие карталар және т.б. осылар сияқты түрлі нысандарда орындала алады. Осы қызметті Ұлттық банктерден басқа, банктер, жинақ банктер, несиелік одақтар сияқты қаржылық мекемелер жүзеге асырады

Осы класқа сондай-ақ:


- пошталық қолма – қол ақшасыз есеп айырысу және пошталық жинақ банктерімен байланысты қызмет
- депозиттерді қабылдайтын арнайы ұйымдардың жылжымайтын объектілерді сатып алу үшін несиелер беруі
- пошталық ақша аударымдары саласындағы қызмет кіреді

Бұл класқа:


- депозиттерді қабылдамайтын арнайы ұйымдардың жылжымайтын объектілерді сатып алу үшін несиелер беруі, (64.92.9 қараңыз)
- кредиттік карталар көмегімен орындалатын мәмілелерді өңдеу және төлеу қызметі кірмейді, (66.19.0 қараңыз)

64.19.1 Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банктен басқа банктердің қызметі


64.19.2 Жинақ банкілерінің қызметі


64.19.3 Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банк қызметі


Бұл ішкі класқа кәсіпкерлікті қолдау және индустриалды-инновациялық даму саласындағы жобаларды жүзеге асыру басты мақсаты болып табылатын ұлттық даму институты – банкі және оның еншісіндегі ұйымдардың қызметі кіреді


64.19.9 Өзге несие мекемелерінің ақша делдалдығы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет