61.90 Телекоммуникация саласындағы өзге де қызмет
61.90.1 Интернет желісі арқылы телерадио бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет
Бұл ішкі класқа басқару, техникалық қызметпен байланысты немесе Интернет желісі арқылы таратылатын телебағдарламаларға (отандық және шетелдік) қол жетімділік берумен байланысты қызмет кіреді
61.90.9 Басқа топтамаларға енгізілмеген, телекоммуникация саласындағы өзге де қызмет
Бұл ішкі класқа:
- спутниктік байқау, коммуникациялық телеметрия және радиолокациялық станциялардың қызметі сияқты мамандандырылған телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну
- терминалды спутниктік станцияларды және спутниктік жүйелерден сигналдарды алуға және беруге қабілетті бір немесе одан көп жерүсті байланыс жүйелерін қосылған қосымша жабдықтар пайдалану
- клиенттер мен Интернет желісі қызмет көрсету беруші арасындағы Интернет желісіне қатынауды ұсынатын провайдерлер сияқты тәуелсіз және басқа Интернет-қызмет көрсету бақылауындағы емес Интернет- қызмет көрсету арасына орнатылған желілер арқылы Интернет желісіне телефон желілері арқылы қатынауды ұсыну
- қоғамдық пайдалануға арналған жерлерде Интернет желісіне қол жеткізуді және телефон байланысын ұсыну
- қолданыстағы телекоммуникациялық қосылыстар арқылы телекоммуникациялық қызметтерді: IP-желілері бойынша VOIP-дауыс тарату қызметін ұсыну
- телекоммуникациялық қызметтерді қайта сату (мысалы, қосымша көрсетілетін қызметтерді ұсынбай желі сыйымдылықтарын сатып алу және қайта сату) кіреді
Бұл ішкі класқа:
- байланыс желілерінің операторлары арқылы Интернет желісіне қол жеткізуді ұсыну кірмейді, (61.10, 61.20, 61.30 қараңыз)
62 Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер
Аталған бөлімге ақпараттық технологиялар саласында мынадай кәсіби қызмет көрсету түрлері: бағдарламалық қаматамсыз етуді әзірлеу, түрлендіру, тестілеу және бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау; компьютерлік жабдықтарды, және коммуникациялық технологияларды біріктіретін есеп жүйелерді жоспарлау және жобалау; ақпараттық технологиялармен байланысты жергілікті басқару және клиенттердің есеп жүйелерін пайдалану және (немесе) деректерді өңдеу және басқа кәсіби және техникалық қызмет түрлері қызметі кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |