64.2 Холдингтік компаниялар қызметі
64.20 Холдингтік компаниялар қызметі
64.20.0 Холдингтік компаниялар қызметі
Бұл ішкі класқа еншілес компаниялар топтарын бақылау және басқару мақсатында олардың активтерін иеленуші (акциялардың бақылау пакетін) холдингтік компаниялардың қызмет кіреді. Аталған ішкі кластың холдингтік компаниялары өзге компанияларға қатысу бойынша әкімшілік-басқару функцияларын орындамайды.
Бұл ішкі класқа:
- басқа компаниялар мен кәсіпорындарды басқару бойынша қызмет, стратегиялық жоспарлау және компаниялардың шешім қабылдауы кірмейді, (70.10 қараңыз)
64.3 Трастық компаниялардың, инвестициялық қорлар мен ұқсас қаржылық ұйымдардың қызметі
64.30 Трастық компаниялардың, инвестициялық қорлар мен ұқсас қаржылық ұйымдардың қызметі
64.30.0 Трастық компаниялардың, инвестициялық қорлар мен ұқсас қаржылық ұйымдардың қызметі
Бұл ішкі класқа акционерлер немесе бенефициарлар атынан оларды басқармай, бағалы қағаздарды немесе басқа да қаржылық активтерді тарту үшін құрылған қаржылық ұйымдардың қызмет кіреді. Бағалы қағаздар портфельдері әртараптандыру, тәуекелдер, табыстылық пайыздары және баға деңгейінің ауытқуы сияқты белгілі бір инвестициялық сипаттамаларға қол жеткізу мақсатында ерекше талаптарға сәйкес ресімделеді. Аталған қаржылық ұйымдар мүліктен пайыздар, дивидендтер және өзге де табыстар алады, бірақ оларда қызметкерлер аз немесе жоқ және олар көрсетілетін қызметтерді сатудан ешқандай табыс алмайды.
Бұл ішкі класқа:
- ашық типті инвестициялық қорлардың қызметі
- жабық типті инвестициялық қорлардың қызметі
- инвестициялық пай қорларының қызметі
- трастық келісімдер, өсиет немесе агенттік келісімдерге сәйкес бенефициарлар атынан басқарылатын трастық компаниялардың, мүліктік немесе агенттік шоттардың қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа:
- тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатудан табыс алатын инвестициялық қорлар мен трастық компаниялардың қызметі, (олардың негізгі қызмет түріне сәйкес ЭҚЖЖ класын қараңыз)
- холдингтік компаниялар қызметі, (64.20.0 қараңыз)
- зейнетақымен қамтамасыз ету, (65.30 қараңыз)
- қорларды басқару бойынша қызмет кірмейді, (66.30 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |