Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру



бет53/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   290
ОКЭД kz

17 Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

Аталған бөлімге ағаш массасын, қағаз және қағаз бұйымдарын өндіру кіреді. Осы бұйымдарды өндіру өзара тікелей байланысты процестердің реттілігін құрайтындықтан бір бөлімге топтастырылған. Қағидаға сәйкес, бір кәсіпорында бірден астам қызмет түрлері жүзере асырылады.


Осы өндірісте қызметтің үш түрі бөліп көрсетіледі: Қағаз массасын өндіру целлюлоза талшықтарын сүректегі өзге заттардан бөлуді, пайдаланылған қағазды бояудан (сиядан) тазарту, және целлюлозаны талшықтардың арасындағы байланысты күшейту үшін аз мөлшердегі реагенттермен араластыруды білдіреді. Қағаз өндіру массаны үздіксіз қозғалыстағы торға құю арқылы қағаз жайманы қалыптастыруды білдіреді. Қағаз бұйымдары әртүрлі технологиялық процестерді пайдаланумен қағаз және өзге де материалдар өндіріледі.
Қағаздан жасалған бұйымдар басып шығарылған болуы мүмкін (мысалы, түсқағаз, сыйлыққа арналған орауыш қағаз және т.б.) мұндағы басылған ақпарат бұйымның басты сипаттамасы болмайды.
Ағаш массасын, орамдағы немесе үлкен парактардағы қағаз және қатырма қағаз өндіру 17.1-топқа кіргізілген, сонымен бірге қалған кластар қағаз және қағаз өнімдерін өндірудің одан әрі жүргізілетін процестерін қамтиды.
17.1 Ағаш массасы мен целлюлозаны, қағаз және картон өндіру


17.11 Ағаш массасы мен целлюлозаны өндіру

17.11.0 Ағаш массасы мен целлюлозаны өндіру


Бұл ішкі класқа:


- механикалық, химиялық (еруі немесе толық ерімеуімен), сондай-ақ ішінара химиялық тәсіл арқылы ағарған, жартылай ағарған немесе ағармаған целлюлоза, ағаш массасын өндіру
- мақта целлюлозаны өндіру
- сия мен баспаханалық бояуды алып тастау және макулатурадан ағаш массасы мен целлюлозаны өндіру кіреді


17.12 Қағаз және картон өндіру

17.12.0 Қағаз және картон өндіру


Бұл ішкі класқа:


- одан әрі өнеркәсіптік өңдеуге арналған қағаз және картон өндіру
- жабынмен және сіңдірумен қағаз бен картон өндіру
- крептенген немесе бүрмеленген қағаз өндіру
- егер фольганың қағаз немесе картоннан қабаты бар болса, көп қабатты қағаз және фольга өндіру
- қолмен құйылған қағаз өндіру
- газеттік және өзге де баспаханалық немесе жазу қағаздарын өндіру
- целлюлоза талшықтарынан целлюлоза мақтамен жайма өндіру
- орамдардағы немесе үлкен парақтардағы көшірме қағаз немесе трафарет қағазын өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- бүрмеленген қағаз және картон өндіру, (17.21.1 қараңыз)
- өңдеуге ұшыраған қағаз, картон немесе целлюлозадан басқа бұйымдар өндіру, (17.22.0, 17.23.0, 17.24.0, 17.29.0 қараңыз)
- жабын немесе сіңіру негізгі құрамбөлігі болып табылатын жабыны бар немесе сіңірілген қағаз өндіру, (жабын немесе сіңіру жататын класта қараңыз)
- қырнау қағазын өндіру кірмейді, (23.91.0 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет