Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет55/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   290
ОКЭД kz

17.24 Түсқағаздар өндіру
17.24.0 Тұсқағаздар өндіру

Бұл ішкі класқа:


- винилді және тоқыма жабыны бар түсқағазды қоса, тұсқағаздарды осыған ұқсас материалдар өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- блоктармен қағаз немесе картон өндіру, (17.12.0 қараңыз)
- пластмассадан жасалған қабырға жабындарын өндіру кірмейді, (22.29.0 қараңыз)


17.29 Қағаз бен картоннан өзге де бұйымдар өндіру

17.29.0 Қағаз және картоннан өзге де бұйымдар өндіру


Бұл ішкі класқа:


- затбелгілер өндіру
- сүзгі қағаз және картон өндіру
- қағаз және картон иіршіктер, шарғылар және шөлнек т.б. өндіру
- жұмыртқаға арналған бумаларды және қалыпталған қағаз өзге де массасынан қаптама бұйымдарын өндіру
- қағаздан арзан қағаз бұйымдарды өндіру
- жаккард тоқыма станоктарын пайдалану үшін қағаз немесе картон перфокарталар өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- ойын карталарын жасау, (32.40.0 қараңыз)
- қағаз немесе картоннан ойындар мен ойыншықтар жасау кірмейді, (32.40.0 қараңыз)


18 Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

Аталған бөлімге газеттер, журналдар, кітаптар, мерзімдік басылымдар, бланкілер, құттықтау ашықхаттары сияқты баспа өнімдері және өзге де материалдар, сондай-ақ полиграфиялық өнімдерді өндіруге ықпал ететін түптеу ісі, баспа формаларын әзірлеу және бейнелерді өңдеу сияқты қызмет түрлерін кіреді. Бұл бөлімге енгізілген полиграфиялық өнімдерді өндіруге ықпал ететін қызмет түрлері, полиграфиялық өндірістің ажырамас бөлігі болып табылады, ал тиісті өнімдер (мысалы, баспа пішіндері, түптелген кітап, баспа ақпараты бар файл немесе диск), полиграфиялық қызметтің ажырамас бөлігі бола отырып, әрқашан дерлік қызметтің осы түрлерінің нәтижесі болып табылады.


Полиграфияда пайдаланылатын процестер бейнені баспа пішінінен, экраннан немесе компьютерлік файлдан қағаз, пластмасса, металл, тоқыма бұйымдары немесе ағаш сияқты негізге көшірудің әртүрлі әдістерін қамтиды. Негізгі операциялар мұның өзінде офсеттік, терең, трафареттік және флексографиялық баспа болып табылады. Көбіне компьютерлік файл байланыссыз тәсілмен (сандық баспа немесе байланыссыз баспа) бейне жасау үшін «басуға», яғни басушы механизмге тікелей жіберіледі.
Әдетте баспа және полиграфиялық қызмет сол бір кәсіпорынмен жүзеге асырылады (мысалы, газет шығару), бірақ аталған қызмет түрлері түрлі кәсіпорындар жүзеге асыруы да мүмкін.
Аталған бөлімге сондай-ақ дыбыс жазбалары, бейне жазбалар, компакт- дискілердегі немесе магниттік ленталардағы, цифрлік дискілерде және т.б. бағдарламалық қамтылым сияқты жазбалардың жеткізгіштерін жаңғырту кіреді.
Аталған бөлімге баспа қызметі кірмейді (J секциясын қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет