16.24 Ағаш ыдыстарды өндіру
16.24.0 Ағаш ыдыстарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- ағаш қаптама жәшіктерді, қораптарды, торлы ыдыстарды, барабандар және сол сияқты ағаш ыдыстарды өндіру
- ағаш тегендерді, борттары бар тегендерді және өзге де жүк құрал-саймандарын өндіру
- ағаш бөшкелерді, кеспектер, күбілерді және т.с.с. өзге де кеспек бұйымдарды өндіру
- ағаш кәбелді барабандарды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жүк керек-жарақтарын өндіру, (15.12.1 қараңыз)
- өруге арналған материалдардан себеттерді өндіру кірмейді, (16.29.3 қараңыз)
16.29 Өзге де ағаш бұйымдарын өндіру; тоздан, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіру
16.29.1 Әр түрлі ағаш бұйымдарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- әр түрлі ағаш бұйымдарын: құралдарға, шөткелерге, бояу жаққыштарға арналған ағаш тұтқаларды және саптарды, етіктің ағаш қалыптарын және аяқкиімге арналған кергілерді, киім ілгіштерді, ағаштан жасалған үй тұрмысына арналған және ас үйлік керек-жарақтар; тігін жіптеріне арналған ағаш шапғылар, шөлнектер, иіршіктер және ұқсас бұйымдар; өзге де ағаш бұйымдарын өндіру
- соя бұршақтары сияқты нығыздалған ағаштан немесе оны алмастырушылардан дайындалған отындар және отын түйіршіктерін және т.б.өндіру
- аяқкиімдердің ағаш бөліктерін өндіру (мысалы, өкше және қалып)
- қол шатырлар, балдақтар және т.б. үшін тұтқалар өндіру
- мүштік өндіру үшін блоктар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жүк керек-жарақтарын өндіру, (15.12.1 қараңыз)
- ағаш аяқ киім өндіру, (15.20.0 қараңыз)
- сіріңкелер өндіру, (20.51.2 қараңыз)
- сағаттарға арналған корпустар өндіру, (26.52.3 қараңыз)
- ағаш шарғыларды және тоқыма жабдықтарға арналған бобиналарды өндіру, (28.94.1 қараңыз)
- жиһаз өндіру, (31.0 қараңыз)
- шөткелерді және сыпыртқыларды өндіру, (32.91.0 қараңыз)
- табыт өндіру кірмейді, (32.99.9 қараңыз)
16.29.2 Ағаштан сәндік бұйымдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- ағаш мүсіншелерді, мозаикаларды, ағаштан инкрустациялар өндіру
- қымбат бұйымдарға арналған ағаш сандықшалар және қораптар, асхана құралдары және осыған ұқсас бұйымдарды өндіру
- айналар мен суреттерге арналған ағаш рамалар өндіру
- суретшілердің кенептеріне арналған рамалар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жүк керек-жарақтарын өндіру, (15.12.1 қараңыз)
- ағаш ойыншықтар өндіру кірмейді, (32.40.0 қараңыз)
16.29.3 Тоздан, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- табиғи тозды өңдеу, агломератталған тоз өндіру
- еден жабынын қоса алғанда, табиғи немесе агломератталған тоздан бұйымдар өндіру
- өруге арналған материалдардан бұйымдар және өрмелерді: төсеніштер, жөкелер, кермелер, қораптар және т.б. өндіру
- кәрзеңкелер және басқа да өрілген бұйымдар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- тоқыма материалдардан кілемшелер мен жөкелерді өндіру, (13.93.0 қараңыз)
- жиһаз жасау, (31.0 қараңыз)
- тоздан жасалған құтқару кеудешелерін өндіру кірмейді, (32.99.9 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |