Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет81/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   290
ОКЭД kz

24.53 Жеңіл металдар құю

24.53.0 Жеңіл металдар құю


Бұл ішкі класқа:


- алюминий, магний, титан, мырыштан және т.б. жартылай фабрикаттар құю
- жеңіл металдардан құймалар құю кіреді


24.54 Өзге де түсті металдар құю

24.54.0 Өзге де түсті металдар құю


Бұл ішкі класқа:


- ауыр металдардан құймалар құю
- асыл (бағалы) металдардан құймалар құю
- өзге де түсті металдардан құймаларды қысыммен қалыптау кіреді


25 Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

Осы бөлімге көбінесе металдан тұратын бұйымдар (қосалқы бөлшектер, сыйымдылықтар, конструкциялар, қондырғылар сияқты), әдетте, тұрақты, қозғалыссыз күйдегі, 26-30 – бөлімдерден өзгеше аса күрделі кешендерге жиналған (оларды электрондық, оптикалық немесе электрлік жабдықтарға жатқызбау шартымен ғана) және қозғалатын бөлшектердің көмегімен жұмыс істейтін құрамдастырылған металл бұйымдарын (кейде басқа материалдармен байланысты) өндіру кіреді.


Қару-жарақ және оқ-дәрі өндіру де аталған бөлімге кіргізілген.

Бұл бөлімге:


- мамандандырылған жөндеу және техникалық қызмет көрсету, (33.1 қараңыз)
- аталған бөлімге жіктелетін орталықтан жылыту қазандықтары сияқты ғимараттарда бұйымдарды монтаждау кірмейді, (43.22.0 қараңыз)


25.1 Құрылыс металл конструкциялары мен бұйымдарын өндіру

Осы топқа құрылыс металл конструкциялары немесе конструкцияның бөлшектері сияқты құрылыстық металл бұйымдарын өндіру кіреді.




25.11 Құрылыс металл конструкциялары мен олардың бөлшектерін өндіру

Бұл класқа:


- металл тасымалдаушы конструкциялар немесе ғимараттардың қаңқалары мен имараттар және олардың бөлшектерін (мұнаралар, тіреулер, арқалық тақтайлар, көпірлер және т.б.) өндіру
- өнеркәсіптік имараттар мен жабдықтарға арналған металл тасымалдаушы конструкциялар (қаңқалар) өндіру (домна пештеріне арналған тасымалдаушы контрукциялар, көтеру-көлік жабдықтары және т.б.)

Бұл класқа:


- кеме немесе күш беретін қазандықтарға арналған тетіктер өндіру, (25.30.0 қараңыз)
- теміржол жолдарына арналған металл құрастырмалы бекітпелер өндіру, (25.99.9 қараңыз)
- кеме секцияларынды өндіру кірмейді, (30.11.0 қараңыз)

25.11.1 Құрылыстық болат конструкциялар өндіру


25.11.2 Жеңіл металл конструкциялар өндіру


25.11.3 Алюминий мен алюминий қоспаларынан құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын өндіру


25.11.4 Контейнерлік және құрастырмалы – жиналмалы ғимараттар мен үй-жайларды өндіру


Бұл ішкі класқа:


- негізінен металлдан жасалған ғимараттар мен үй-жайлардың құрастырмалы металл конструкцияларын: құрылыс алаңдарында қосалқы үй-жайлар, көрме павильондарының модульдік элементтерін және т.б. өндіру кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет