«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі» пәні бойынша


Тақырып: Ахмет Байтұрсынұлы. (1873-1937) Жоспар



бет4/16
Дата13.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
#133478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Тақырып: Ахмет Байтұрсынұлы. (1873-1937)

Жоспар:
1.Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.

Пайдаланатын әдебиеттер.



а)негізгі

1. Ахмет Байтұрсынов шығармалары 2.Өлеңдер,Аудармалар,Зерттеулер.А»Жазушы»1991ж.

3 .Ахмет Байтұрсынов «Ақ жол» А «Жалын» 1991ж.

4 .Мұқтар Әуезов. «Қазақ әдебиеті» 23.12.1988 ж

5 .Мұқанұлы Сәбит «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті»,1-бөлім ,Ұлтшылдық дәуірі .1932, «Қазақстан» баспасы..

б)қосымша
1. Ахмет Байтұрсынов 5-1 том А.»Алаш» 2003ж.

2. Д.Досжанов «Абақты» А «Қазақстан» А1992 ж.

3. М.Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» А.1995ж.

Лекция мәтіні

1873 жылдың 28 (15) – қаңтарында қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Сарытүбек ауылында туып, «халық жауы» деген жаламен 1938-жылдың 8-желтоқсанында атылған.

Тұңғыш қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаған адам.

Тұңғыш әдебиеттану ғылымының негізін салған ғалым.

Араб харіпіндегі тұңғыш төте жазу әліппиін жасаушы;

Тұңғыш тіл ғылымына және әдебиеттануға қатысты қазақ терминдерін жасап, ғылыми айналымға түсіруші.

Ахмет 1873 жылы Торғай облысы, Торғай уезінде Тосын болсында туған, сүйегі Арғын, оның ішінде Үмбетей болады.

Бергідегі аталары – Үмбетейден шыққан Шошақ Ахмет- Шошақтың немересі. Өз әкесінің аты - Байтұрсын. Ахметтің туып- өскен ауылы , қыр қазағының ұғымынша ол кездегі Үмбетейдегі іргелі, аталы ауылдың бірі болған. Оның үстіне белгілі батырдың тұқымы болғандықтан, Ахаңның жақындарының ішінен батырлықты, мықтылықты салт қылған ірі мінезді адамдар көбірек шыққан.

Ахаңның әкесі баласын өзге ағайындары түскен жолға түсірмей, өнер – білім үйретпекші болып, жас кезінде Торғайдағы екі сыныптық орыс- қазақ мектебіне берген.

Сол мектепте оқып жүріп, 13-ке келгенде әкесі Байтұрсын үкімет алдында « Жазықты » кісі болып, Сібірге айдалып кеткен. Мұның себебі Тосын болысының сайлануына шыққан Тотғай уезінің басшысы « Кәрі ояз » атанған Яковлев Үмбетейге бұрыннан көптігін көрсетіп, зорлығын көрсетіп жүрген Дәуітбай тобына болысып, соның сөзін қостап, бұларға қиянат қылғандықтан, Байтұрсын Кәрі оязды сабап, басын жарған.

Байтұрсынның айдалған себебі сол. Бұл оқиға Ахметтің соңғы кездегі « Анама хат » деген өлеңінде бала күндегі жүргеніне қандай әсер бергендігін көрсетеді.

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам,

дегені сол күнде әкесі көрген бейнеттен қалған белгісі. Торғайдағы алғашқы түскен школын жастай бітірген соң тағы ілгері оқуды талап қылып, Ахмет Орынбордағы мұғалімдік мектебіне түскен. Әуелгі мектебінде де соңғы Орынбор мектебінде де сабақтас балалардың алды болып, жақсы оқыған. Мұғалімдік мектепті 4 жыл оқып, жасы 19-ға кегенде, 1982 жылы оны да бітірген. Оқуды бітірген соң ел ортасына барып, қазақ балаларын оқытпақ ниетпен Ақтөбе уезі, Батпақты болсындағы Ахметкерей Қопсыбақовтардың ауылындағы ауылдық мектепке барып оқытушы болған. Мұнда біраз уақыт болған соң Қостанай уезіндегі Әулиекөл деген жерде болыстық мектепте екінші рет оқытушы болған. Әуликөлден үшінші рет ауысып барған мектебі Қостанай қаласының өзіндегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебі . Бұл айтылған үш мектепте неше жылдан тұрғаны бізге белгісіз. Жиыны үшеуін де төрт жылдан тұрып 1986 жылы Омбыда, Ақмола, Семей мектептерін басқарып тұрған Алекторовпен хабарласып Омбыға барған.

Ахметтің Қостанайдан кетуіндегі себептерінің көбі бізге белгісіз, бір себебі, қазақтың басқа жерлердегі хал-жағдайын көріп білу болса керек. Омбыға барып Алекторовпен көрісуі Ахметтің кейінгі күндері адамшылығы мен ісіне екі түрлі әсер берген.

Біреуі, Алекторовтың қазақ турасындағы отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп жүрген мақсатын сезген болар.

Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін ашу үшін осы оқу керек деген саясатын тұтынып үргендігін сөздерімен білдірген Алекторовтың ниетімен жақын келіп танысқан соң, Ахмет қазақ халқының жағдайының ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойлары сол кезде ояна бастаған.

1905 жылы Қарқаралыда Ахметпен біраз оқығандар бас қосып кіндік үкіметке қазақ халқының атынан (арыз-тілек) жіберген, ол арыз тілекте аталған үлкен сөздер, бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып. Екінші қазақ жұртына земство беруді сұраған; үшінші отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Арыз-тілек қылған мәселелер осылар.

1905 жылдағы арыз-тілек берген адамның бәрінің атын жиып, үстінен белгілі доностарын жүргізе бастаған. Бұлардың бейнеті көпке созылмай-ақ аз күнде еңбегі жанған. Қазақтың өзгеріс уақытында түзілуді ойлап, тура бетпен жүірген азаматтарының бәрі де үкіметтің қырын қабағына ілініп, абақтыға түсе бастаған.

Сол доностың арқасында Ахметті алты жолдасымен абақтыға салған.

Қарқаралы тұтқында аз уақыт отырған соң «жазалыларды» Семейге айдаған. Он екі жыл өмір өткізіп еңбегі жанбай айдалып бара жатқанда Ақаңның қайғылы көңілінен шыққан ауыр сөздерінің бірі :

Қош сау бол Қарқаралы, жуылмаған

Айдай бер, қалса адамың қуылмаған,-

Семейде сегіз ай абақтыда отырған соң бір жарым жылға айдау ретімен Орынборға келген. Орынборда сол тұрған жылдарындағы ниет қылған бетінен тайынбай, бұрынғыдан ащырақ күштірек тілмен «масаны» жазған.

1917 жылдың төңкерісіне дейін Ахметтің уақыты «Қазақ» газетімен бірге өтті. Бұдан да «Қазақтың» сатылған тілмаштары жасаған донастары аз болған жоқ.. Әлденеше рет «Қазақты»жаппақ болып, штраф төлеткен, Ахметті абақтыға салмақ болған күндері белгілі.

Ахметтің денсаулығын ойлап, халін ойлаған жолдастары абақтығы жатқызған жоқ.. Үкіметтің тілеген штрафын беріп, босатып алды.

Ахмет ашқан қазақ мектебі, Ахмет тілеген ана тілі, Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ

баласына істеген еңбегі, өнер-білімі, саясат жолдарындағы қажымас қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер болатын.

Ахмет Байтұрсынұлы «Масадан» кейін өлең жазған жоқ.

Қазақ әдебиетіне Ахметтің еңбегі өлең жазудан гөрі тіл жағынан көп сіңді. Ахметті тарих өлеңінен гөрі тіл жағынан көп бағалайды.

Осы сияқты әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам - Ахмет Байтұрсынұлы. Ахметтің тарихи еңбегі бағаланбай қалмауы мүнкін емес.

Бұны плолетариат та бағалайды.

1929 жылы Ахмет Байтұрсынов ұсталғаннан кейін ендігі кезек сүйген жары Бәдрисафа мен қызы Шолпанға келді. «Халық жауының әйелі мен қызы» деген атаққа ұшыраған Бәдрисафа мен Шолпан Астанаға қуылды.

Ахаңның шаңырағының астаң-кестеңі шықты . Тінту өте қатаң түрде жүргізілді. Ахметтің бүкіл кітапханасы, жазған-сызғандары қоқысқа лақтырып жыртылды.

Қажетті дегендерді таңдап теріп алып, ОГПУ қызметкерлері жерден жеті қоян тапқандай қуанды.

Ахметтің халқына арналған қазынасы осылай ОГПУ қолында кете барды. Ахмет Байтұрсыновқа тиесілі барлық асыл қазына, бағасыз мұра Бәдрисафа мен Шолпанға бұйырмай, олардың көз алдында жыртылды, тапталды. Көп ұзамай бір - екі күн құйтыртқы сұрақтар мен жәбірленіп жандары жараланған анасы мен қызы Сібірге жер аударылды.

Томск қаласында ОГПУ- дың ерекше бақылауына алынды. Бұл 1929 жылдың жазы болатын.

1936-1937 жылдардың құйыны басталды. А. Байтұрсыновта 1937 жылы 8-октябрьде тұтқындалып, содан қайтіп оралмады. Сөйтіп көрнекті ғалым, әдебиетші қасірет кездің құрбаны болып кете барды. Оның атына, еңбектеріне ұзақ жылдар бойы тиым салынды.

Әдебиеттану ісіне А. Байтұрсыновтың қосқан үлесі аса мол. Қазақ тілі мен көркем сөзі, сана-салты, дүние танымы Ахмет Байтұрсыновты семинарияда оқып жүген кезінен қатты қызықтырғанға ұқсайды, өйіткені ол Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын семинарияны бітірген. 1895 жылдың өзінде «Тургайская газетаның» 39-санында «Казахские предметы и пословицы » деген мақала жарияланған. Бұл оның баспа бетін көрген алғашқы еңбегі.

Қазақ филологиясының әдедиеттану саласында А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) атты кітабының ерекше маңызы бар. Бұл әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы қазақ тіліндегі тұңғыш көлемді де салмақты қазақ тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет- ғұрыптарын терең білетіндіктен, А. Байтұрсынов Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғанда көп жәрдемдесті тамаша екі күйді, тіпті өз орындады.

Қазақ халқының мәдениеті, оның тарихы, қалпы, келешегі туралы толғаныстар А. Байтұрсынов еңбектерінде көп ұшырайды.

М. О. Әуезов бір мақаласында А. Байтұрсынов 1923 жылы «Мәдениет тарихы» атты кітаптың қолжазбасын тәмандағаны туралы да хабарлаған.

Бірақ ол қолжазбаның тағдыры әлі күнге белгісіз. Ақынның өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйқтағанның айнала ұшып,

Қақы жеп қанаттары бұзылғанша

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

«Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер – білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу.

Байтұрсынов айнала қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды.

«Қазақ салты»,

«Қазақ қалпы»,

«Досыма хат»,

«Жиған - терген»,

«Тілек батам»,

«Жауға түскен жан сөзі»,

«Бақ» сияқты өлеңдердің мазмұны осыны танытады.

А. Байтұрсынов қазақ ауылындағы әулеттік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-қақтығыстардың себеп-салбарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр халіне көңіл бөліп аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге төзіп, көніп, үндемей жүре бермей, адамдық қасиетті қорғауды қалайды.

А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы басылған мақалалардың бірі РКП (б) - ның Орынборлық комитетіне мүшелікке алу туралы өтінішіне байланысты жазылды .
Лекция №6 Тақырып: Ахмет Байтұрсынов.(1873-1937)

Жоспар:

1. А. Байтұрсынов. Қазақ ревкомындағы қызметі.

2. А. Байтұрсынов отаршылдыққа қарсы күрес идеясы.
Пайдаланатын әдебиеттер.

а)негізгі

1. Ахмет Байтұрсынов шығармалары 2.Өлеңдер,Аудармалар,Зерттеулер.А»Жазушы»1991ж.

3. Ахмет Байтұрсынов «Ақ жол» А «Жалын» 1991ж.

б)қосымша
1. Мұқтар Әуезов. «Қазақ әдебиеті» 23.12.1988 ж

2. Мұқанұлы Сәбит «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті»,1-бөлім ,Ұлтшылдық дәуірі .1932, «Қазақстан» баспасы.


Лекция мәтіні:

Қазақ білімі мен ғылымының Хантәңірі атанған халқымыздың бір туар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының өз халқының алдында сіңірген еңбегі туралы аз жазылған жоқ және алдағы уақыттада жазыла берері сөзсіз. Өйткені, Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл саналы өмірін ұйықтап жатқан халқын қараңғылықтан оятуға, отарлық езгіден құтқарып, бостандыққа жеткізуге арнады. Әсерлеп айтпай-ақ турасын айтқанда сол жолда жанын құрбандыққа берді.

Бүгін біз ұлы тұлғаның саяси күрестегі өмір белестерінің бір кезеңі оның Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің мүшесі ретінде қызметіне тоқталмақпыз.

1919 жылдың шілде айынан 1920 жылдың қазан айына дейін жұмыс істеген Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет өз қолына Қазақстандағы әскери-азаматтық біріктіру мен ұйымдастыру, орталық кеңнстің биліктің қарулыларын іске асыру, жергілікті кеңестердің қызметін бақылау, қазақ өлкесін шаруашылық және мәдени жағынан көтеру, жергілікті маңыздағы пайда болған барлық мәселелерді шешу, жалпы сьездің қарауына және бекітуіне қазақ автономиясы туралы жобаны дайындау, қазақ өлкесі мен Ресей федерациясы және Түркістан кеңестік республикасы арасында қарым-қатынасты реттеу міндеттерін іске асыруы қажет еді.

Таптық қарсылықтан туындаған Азамат соғысының бел ортасында құралған бұл Ревкомның алдында жоғарыда аталған міндеттерімен қатар, Ресей империясының кезіндегі „бөлшекте де, билер бер” саясатының салдарынан жанжақты бөлшектеніп кеткен байырғы қазақ жерлерін біріктіру, жинастыру сияқты қасиеттті де, қажырлы жұмыстар тұрған еді.

1919 жылы Кеңес өкіметі кешірім жариялағаннан кейін Алашорданың шығыс бөлігі кеңес өкіметі жағына шығып, оның кейбір көрнекті мүшелері кеңестік қызметтерге тартылды. Бұдан былайға өзінің -әрекетін, халқының жарқын болашағы кеңес өкіметімен байланыстырғылары келіп, өз еркімен кеңестер жағына шыққандардың бірі –Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Бар жоғы он бес айдай жұмыс істеген революциялық комитеттің құрамына кірген –Ахмет Байтұрсынұлы оның белді мүшесі болып, төрағаның орынбасары ретінде ревком шешкен, қараған барлық мәселелерге белсенді араласып, өзінің ұлт мүддесін қорғауға бағытталған ұсынысын –пікірлерін батыл білдіріп отырғанын ревкомның құралған кезінен бастап, автономияға айналғанға дейінгі бүкіл қызметінен мол хабар беретін ревком мәжілістерінің хаттамаларынан анық байқауға болады .

Қазақ автономиясын құруға дайындық барысында үлкен талас тудырған мәселенің бірі жер мәселесі болды. Әсіресе, Ақмола мен Семей облыстары, Қостанай уезі үшін Сібір ревкомымен арадағы талас-тартыс барысының алдыңғы шебінде Ахмет Байтұрсынұлы тұрды.Ревком 1991 жылғы 12 қыркүйектегі мәжілісінде Сібір ревкомына қарасты Челябы губерниясының құрамына берілген Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару жөнінде мәселе қарайды. Ресей империясы кезіндегі әкімшілік территориялық бөліс бойынша Қостанай уезі орталығы Орынбор қаласы болған Торғай облсының құрамында болды. Азамат соғысы жылдарында Қостанай уезінің еліміздің батысындағы Орынбормен байланысы нашарланғаннан кейін уезд 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің шешімімен Челябы губерниясының құрамына беріледі. Қазақ жерлерін біріктіру жұмысын бастағанда шовинизммен уланған Сібір ревкомы басшылары Қостанай уезін Қазақстанға қайтаруға қарсы шықты. Мәжілісте қабылданған қаулыда Қостанай уезін Қазақ ревкомының құрамында қалдыру жөнініде орталық билікке жеделхат жолдау және үш күн ішінде Қостанай уезін Қазақ ревкомының құрамына қалдырудың қажеттгі туралы баяндама дайындауды Ахмет Байтұрсынұлына тапсырылады. Ахмет Байтұрсынұлына бұл баяндама дайындауды тапсыру оның білімділігі мен өз көзқарасын табанды қорғай алатын қазақ жері тарихының білгірі екендігі ескерілсе керек. 1919 жылы 16 қыркүйекте дайындалған баяндамасында: Ахмет Байтұрсынұлына Қостанай уезін байырығы қазақ жері екендігін басты негізге ала отырып, уездің тұрмыстық және экономикалық жағынан Торғай облысының басқа уездерімен сондай-ақ , Сырдария Қазалы Перовск уездерімен де өте тығыз байланысып жатқандығын дәлелдеп берді. Сонымен қатар Қостанай уезінің тарихы географиялық жағынан да Қазақстанда қалдырылуы керек екендігіне назар аударады . Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасы негізінде ревком 16 қыркүйекте Халық Кмиссарлар Кеңесіне Қостанай уезінің Қазақстанға қайтарылуының саяси экономикалық жағынан тиімділігін ұсынған баяндама жолдайды. 1919 жылы қараша айында ревком төрағасы С.С. Пестковский Кеңестердің 7-бүкілресейлік сьезіне байланысты Москвада болғанда сьезден кейін ревком алдында тұрған көптеген мәселелермен қатар , Қостанай уезі жөніндегі мәселені де шешуге тиіс болатын. 1919 жылы қараша айының 21 күні блоған ревкомның мәжілісінің қаулысы бойынша Москвадағы сьезге Пестковскиймен бірге Ахмет Байтұрсынұлы барсын деген қаулы қабылданады . Бірақ бұл кезде белгілі бір себептерге байланысты Ахмет Байтұрсынұлы аталған сьезге бара алмай қалады.

Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық комитеттің 1920 жылы 10 сәуірде болған мәжілісі де көңіл аударарлық Мәжілісте Қостанай уезіне және Қазақстанның басқада талас тудырып отырған жерлеріне байланысты А. Байтұрсынұлын Москваға іс сапарға жіберу керек пе мәселені Москвадан төраға Пестовский келгенше кейінге қалдыра тұр керекпе деген пікірталас өрбиді.Ревком мүшесі Седельников қордаланған мәселені шешу үшін тез арада А. Байтұрсынұлын Москваға жіберуді табанды түрде ұсынып, бұған дейін Москвада бірнеше рет болған Пестовский ештеңе шеше алмады, оған үміт арттырудың қажеті жоқ деген ой айтады. Т. Седельниковтың А. Байтұрсынұлын Москваға тез арада жіберу керек деген ойының екінші бір себебі ревкомның өз ішінде алдағы құрылғалы жатқан қазақ кеңестік автономиясының құрылымы мен әдіс тәсілдері жөнінде қарам-қайшылық күшейіп келе жатқан болатын. Бұл кезде Москвада жүрген ревком төрағасы Пестовскийдің өзі байланыс арқылы ревком мүшелерімен сөйлескенде БОАК – нің жанындағы қазақ ревкомының тұрақты өкілдігін қайта құру үшін, Қазақстандағы материалдық және қаржылық жағынан қамтамассыз етуді жақсарту мақсатында оның қызметін күшейту үшін беделді тұлға А. Байтұрсынұлының тез арада Москваға келуін жатқанды. Сонымен 1919 – жылы сәуір айында Москваға аттанған

А. Байтұрсынұлы кеңес елінің басшысы В.И. Ленинмен кездескенде Қазақ жерінің шекарасын айқындау барысында талас тудырып отырған Семей мен Ақмола обылыстары, Қостанай уезі. Орынбор губерниясын экономикалық, саяси, тарихи, этнографиялық тұрғыдан қазақстанға қосудың тиімділігін нақты көрсетіп, Ресей империясы кезінде қазақтардан тартып, орыс шаруаларына дәлелдеп береді. Жалпы бұл талас тудырған даулы жерлер 1920 жылы тамыз айында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылғанға дейін де, бірнеше рет талқыланғаны белгілі. А. Байтұрсынұлы байырғы қазақ жерлерінің біртұтастығын сақтау жолында табанды түрде күрескен және соған қол жеткізуі жолында бар күш жігерін аямаған нағыз халқын сүйген қайраткер болды. Яғни, ата-бабаларымыздың қа.нымен орныққан қасиетті жеріміздің териториялық тұтастығын қайта қалпына келтіру жолындағы күресте А. Байтұрсынұлы еңбегі де зор. Ревком мүшесі ретінде А. Байтұрсынұлының саяси қызметінің екінші бір қыры оның ақ гвардияшылар жағында кеңес қарсы күресіп жүрген Алашордалықтарды кеңес үкімет жағына тартуда көрінді. Әрине бұл іс әрекеттер бірден іске асып, оңайлықпен орындалған жоқ. Қолына қару алып, бір-біріне қарсы күресіп жүрген екі қарсыластарды ымыраластыру үшін қаншама тер төгу қажет еді.

1919 жылы 4 сәуірде Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің қаулысында алаштықтарға амнистия жарияланып, қаулыда аталған: Аталған мәжілісте А. Байтұрсынұлы ұсынысы мақұлданып, қабылданғанымен де кешегі Алаш қайраткерлеріне деген сенімсіздік, оларды қуғындау әрекеттері жалғасты.Қайраткерлеріне деген сенімсіздік, оларды қуғындау әрекеттері жалғасты . Мәселен Ревком өзінің 1920 жылы наурыз, тамыз айларында болған мәжілістерінде Семей , ақмола облыстарында қазақтың ұлттық зиялы өкілдерін кешегі саяси қызметтері үшін қуғындаулар тоқталмай отырғандығы жөнінде мәселе қаралып , бұдан әрекеттердің аймақта кеңес өкіметін орнатуға кедергі жасалып отырғандығы айтылады. Тіпті А. Байтұрсынұлының өзіне Қазрпевкомның құрамында жұмыс істеу оңайға түспегенін бағамдаймыз. Большевиктер Еуропада ымырашұыл саясат ұстанып, байқап қимылдаса, Азияда орталықтан келген өкілдер жергілікті большевиктермен санаспастан, белден басып, ұлт мәселесінде ұлы державашыл шовинизмді ұстанды. Мәселен орталықтан жіберілген Түрік комиссиясы мен Түркістан республикасы басшыларының арасындағы айтыс тартыс Мәскеуге дейін жеткен. Осындай айтыс тартыстар Қазревком ішінде де жүріп, орталықтың өкитем өкілдері жергілікті халық өкілдеріне тізесін батыруға тырысты. 1919 жылы қазан айының 28-і күні Ревком мүшесі Лукашевтің ісі жөнінде мәселе қаралып, анайы хаттама толтырылады. Хаттамада Түріккомиссияның, үркістан майданының революциялық әскери кеңесінің және Қазревкомның біріккен мәжілісі аяқталғаннан кейін ревком мүшесі В. Лукашов мәжіліс барысында өзінің тарапына қарай айтылған А. Байтұрсынұлы сөзін қайтып алмайтынын, өзінің ойында қалатынын айтқанда В. Лукошев, А. Байтұрсынұлына тақап келіп жағдайды қауіпті болып бара жатқандығынан ревком мүшелері Мендешов, Сидоров, Пестковскийлер оның қолынан қаруын тартып алып, сыртқа алып кетеді. В. Лукашов сияқты кейбір ревком мүшелерінің ақ гвардияшылар жағындағы Алашорданың батыс бөлігін соғыс арқылы талқандауды белсенді жақтауы айтыстың басты, өзегі болуы әбден мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осы оқиға жөнінде оқиғаның басы қасында болып, өз көзімен көрген Түркістан майданының қолбасшысы М.В. Фрунзе 1919 жылы 30 қазанда Ленинге былай деп жеделхат жолдапты:

“..Қазревком әрекетсіз және орыс – қазақ екі жақ. Пестовский ревкомға басшылық ете алмай отыр. Ревком мүшесі Лукашев мәжіліс үстінде Байтұрсыновты револьфермен атуға оқталды, біз оны Москваға қайтарып жіберуге мәжбүр болдық. Егер Казревкомдағы жолдастар талап етсе оны соттау керек ” Казревком мүшелері А. Байтұрсынұлының, С. Мендешовтың және Бегимбетовтың батыс басшыларымен бірнеше рет жүргізілген келісөз барысында оларды өкімет жағына тартуға мүмкіндік туып, 1920 жылы 5 наурызда Қазревкомның қаулысы бойынша батыс Алашорда үкіметі таратылады. Батыс Алашорда қайраткерлерін қантөгіссіз кеңес өкіметі жағына шығаруды А. Байтұрсынұлының қазақтар арасындағы беделі, саяси қайраткерлер ретіндегі өмір тәжірибесі септігін тигізгені дауыссыз.

Өз халқының өзгенің құлы болмай азат өмір сүруін аңсаған

А. Байтұрсынұлының өз сөзімен айтқанда “өз ауылының иттері үріп қапты”. Сол кездегі қоғам әділсіздігіне налыған А. Байтұрсынұлы:

Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр?

Кім шыдап жолдастыққа төзіп жатыр?

Сасық ми салқын жүрек, санасыздар

Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр, деп ішкі күйзелісін қашық білдіреді. А. Байтұрсынұлы 1891 – 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер мектебінде оқып, оны бітіргеннен кейін қазақ балаларына білім берумен айналысты. Халық арасына ағартушылық қызметімен зор беделге ие болып, аса байып кетпесе де, көптеген озық жанына жайлы өмір сүрді. Солай тыптыныш солай өмір сүре беруіне болатын да еді. Бірақ өз өмірінен ұлт мүддесін жоғары қойған А. Байтұрсынұлы мехнатты халқының болашағы жолындағы қастерлі күресті таңдап алды. Сол жолда отқа да түсті, суға да түсті. Осындайда немістің ойшыл ақыны Гетенің: “Бостандық пен билікке сол үшін күн сайын күресетін адам ғана лайық” – деген бәрінен де ұлт мүддесін жоғары қойған, сол жолда құрбан болған қазақтың арыстарына лайықты айтылғандай.

Лекция №7 Тақырып: Мұхамеджан Тынышбаев.(1879-1937)



Жоспар:

1.Өмірі


2.Шығармашылығы мен еңбегі.

3.Қоғадық қызметі.



Пайдаланылған әдебиеттер

а)негізгі

1. «Қазақ» / Субхардина Ү., Сахов Қ, Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.-5бб

2. Қозыбаев М. Тарих зердесі І –ІІ томдық Алматы: Ғалым, 1998 -5 бб

3. Қазақ әдебиеті. 1991 -22 -29 наурыз

4. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз –кайсахского народа. Ташкент: 1925г. -66с.

5.Тынышбаев М. Великие бедствия... Ташкент 1927г. -152с.

6. «Қазақ» 1916 №166,



б)қосымша
1. Шафиро Ш. Брайнин С. Очерки по истории Алаш Орды Алматы: 1935г.

2.Қозыбаев М. Тарих зердесі І –ІІ томдық Алматы: Ғылым, 1998 -25 бб.

3.Нұрпейсов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек, 1995 -25б 4Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы Алматы: «Қазақ университеті, 1992-272 б 5.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы: «Қазақ университеті», 1992 -22 б 6.Омарбеков Т. 20 -30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы:1997 -320 7.Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. Алматы: Жалын, 1996 -224

8.Нурпейсов К. Алаш және Алашорда тарихының зерттелуі хакында. // 9.Қазақ тарихы. 1994 -№1 -5-б Қойгелдиев М. Алашорда. // Егемен 10.Қазақстан. 1992 -18 қаңтар Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы //Ақиқат. 11.1992 -11 -38-.Жұртбаев Т. Алаш арын сақтайық. // Қазақ әдебиеті 1992-21 тамыз 5бб

12.Қойгелдиев М. Отаршылдыққа күрес кезеңдері. /Қазақ тарихы 1993 -№1

13.Мукашева А. О чем говорят архивы . Страницы и истори (1867 -1936)// Заря. 1997 № 3 25 апр52бб



Лекция мәтіні
М. Тынышпаев сияқты ірі тұлғаны тарихтан ойып алып тастау немесе оның халқына сіңірген өлшеусіз еңбнгін жоққа щығару біздер үшін өте үлкен күнә болған болар еді. Лепсі уезі бастығының құптауымен 1890 жылы жіберіледі. Қарт Тынышбай баласын генерал Колплковскийдің қазақ балаларына арнап ашқызған гимназия ішіндегі пенсионатқа әкеп тапсырады. Бұл туралы архив материалдарында : “1890 жылдың август айында Верный гимназиясының дайындық курсына түсіп, он жыл болып және ҮІІІ класта бір жыл оқыды”

1900 жылы гимназия бітіруші он сегіз түлектің ішіндегі жалғыз қазақ М. Тынышпаев алтын медальмен бітірген төртеудің бірі болады. 1900 жылдың 31 майында гимназияның мұғалімдер советі оның орыс тілі, логика, латын тілі, математика, физика, тарих, география және француз тілі пәндерінен өте үздік бағалар алғанын айта келе мынадай шешім қабылдайды:“... ереже негізінде мына оқушылар алтын медальмен наградталады: Бенько, Куневичь, Тынышпаев және Фрунзе”. Гимназия бітірушілердің тәртібі бойынша, гимназия директоры Вахрушевтің атына жазылған арызында Мұхамеджан : “.. менің император І Александр атындағы Жол қатынасы инжинерлері иститутына түсуді қалайтындығымды Сізге мәлім етемін”, - дейді. Петербургке оқуға жүрейін деп тұрған М. Тынышпаевқа гимназия дирекциясы өте жақөсы мінездеме береді.

Осы жерде айта кететін тағы бір жай: Мұхамеджанмен бірге бітірген К. Фрунзе өзінің інісі Михайл Фрунзе туралы естелігінде : “...біз гимназияда таризтан, философиядан және жаратылыстану ғылымдарынан қосымша мағлұмат беретін “дебиеттермен танысып отырдық”, деп атап өтеді. Бұл үйірмеден Мұхамеджанда сырт қалмаған болуы керек.

Сол кездегі Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасы инжинерлерін дайындайтын иститутқа тек орыстардың дворян балаларын қабылдайтын еді. Түркістан өлкесінен келген қыр баласына иститут оқытушылары сенімсіздікпен қарап, қабылдау емтиханына дейін бірнеше комиссиядан өткізеді. Кейін өзінің бір естелігінде Мұхамеджан осы комиссиялардың емтихандарынан мүдірмей өтуіне үлкен пайдасын тигізгенін айтады. Оқу барысында 1906 жылға дейін Жетісу губерниясының қазынасынан Тынышпаевқа стипендия төленіп тұрған. Прогресшіл идеялар орталығы болған петербургте жас Мұхамеджан Бірінші орыс ревалюциясының куәгері болды. Бұл болашақта тлық зерттелуге тиіс мәселердің бірі.

1906 жылы институты бітіріп келген М. Тынышбаев Орта Азия темір жол құрылысына инжинер болып жұмысқа орналасады.

1907 жылы 28 жасында Жетісу губерниясынан Екінші Мемлекеттік думаға депутан болып сайланды. Дума құрамына Қаратайев, Тынышпаев сияқты дала депутаттары кірген мұсылман фракциясыда социал-демократиялық фракция сияқты Дума мінбесінен патша өкіметінің аграрлық , отаршылдық саясатын сынады. Патша өкіметі бұл “тілазар ” Думаны таратуға қажетті сылтау іздей бастады.

Екінші Дума таратылдғаннан кейін Тынышбаев темір жол құрылысына қайиып келіп, ерекше бөлімнің инжинері болып тағайындалды.

1911 жылдан бастап Урсатьевск-Андижан станциясындағы темір жол құрылысың бастығы және бас инжинері болып қызмет атқырды.

1914 жылы Жетісу темір жол құрылысына жұмысқа ауысады. Мұнда ол Арыс станциясынан Әулие – Атаға дейінгі құрылыс бөлімінің бастығы және бас инжинері қызметінде болады.

1916 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген ақ патшаның июнь жарлығы ұлт-азаттық қозғалысының басталуына себеп болды. Қазақтың көптеген алдынғы қатарлы прогресшіл қөзқарастағы азаматтары сияқты Тынышбаев та халықтың ауыр тағдырын бірге көтеру үшін февральдің басында туған жері Ешкіөлмеске келеді. Келген заматта тұтқынға алынған Мұхамеджан өзінің тергеу кезінде берген жауабының бір нұсқасын генерал – губернаторға жібергізеді. Бұл берген жауабында Тынышбаев ұлт-азаттық қозғалысқа дейінгі қазақ халқының мұқ-мұнтажын, жергілікті патша әкімшілігі мен қазақтардың арасындағы шиеленіскен қайшылықтарды, патша чиновниктерінің жүгенсіздігін , зорлық – зомбылығын ашып көрсете келе: “...Мен жоғарыда қырғыз (қазақ-ред) өміріне өзгерістер енгізген орыс өкіметі мен қырғыздың (қазақ) арасындағы қатынасты сипаттайтын мәліметтерді келтірдім... осыдан кейін біз куә болған қайғылы уақиғалардың шығуына қалай ғана таңырқауға болады және бұған жалғыз қырғыхдардың (қазақ) айтпауға бола ма?”-дейді. Көтерілістің шығу тегін түсіндіріп губернаторға хат жазғандағы Тынышбаевтың мақсаты – осы кезде қазақ даласында бейбіт ауылдарды қанға бояп жүрген жазалаушы экспедицияларды ауыздықтау еді.

1917 жылы февраль , онан кейін Ұлы Октябрь ревалюциясы Ресейді және оның құрамындағы отар елдерді мекендеген барлық халықтың өміріне түбегейлі өзгеріс алып келді.

1917 жылдың 26 ноябрінде қоқанда шығарылған мұсылмандардың өлкелік төтенше ІҮ съезінде жарияланған “Қоқан автономиясының ” күйзеліске ұшырауына байланысты халық қанын нақақтан төккізбеу мақсатымен Тынышпаев осы өкіметті таратуды талап етіп, Хожиковпен бірге Ташкентке келді.

В.И. Лениннің нұсқауы бойынша, байырғы интеллегенцияға кешірім жасағаннан кейін Тынышпаев 1921-1922 жылдары Түркістан өлкесінің жер-су Халкомының су шаруашылығы қызметін атқарады. Тынышбаевтың осы кезеңге байланысты өміріне жарық беретін мына бір документті келтірейік. “Удостоверение Дано настоящее бывшему сотруднику комиссии товарищу Тынышпаеву в том что он на службе в органах государственным размежением был назначен в Особую Комиссию ВЦИК по землеустройству на должность ст. Совета, находясь в указонных должносьтях по 1-ое мая ”. Осы қызметімен қатар 1924 жылдан бастап қазақтың тұңғыш жоғарғы оку орны болған Таншкенттегі Қазақ халық ағарту институтында алгебрадан, геометриядан және физикадан сабақ берген.

Осы кезде, 1919 жылы декабрьде Орынборда “Қазақ өлкесімен қазақ халқының геграфиялық тарихи және этнографиялық жағына ежелдегі және таяудағы өткендегісін зерттеу” мақсатымен құрылған Тарних статистика бөлімінің мүшесі белгілі тарихшы Чулошниковтың қазақ халқы тарихының екі томдық еңбегімен танысады. Жоғарыда айтылған тарихшының мардымсыз жанжақты, зерттелмеген , дұрыс талдау жасалынбаған еңбегін сынға алады. Мәселен сол еңбектің ҮІ – тарауына : всерьез утверждает что, “узбеками произваны шайзвольных людей ”, и что другая шайка других вольных людей, оброзоваашайся поздне называлась “казаками”. Его “о казаках” до джанибекского периода нечто вроде высказал вельяминов-Зернов то по здашнему кругу знании о происхождении казакох забыла еще понятно , от автора подводяшшего научное или всему прошлому о казахах мы вправе требовать большего. Вопрос а шайках настолько несерезный и повсяком случая не науяной что не стойт даже астонавлевается на нем”, - деп автордың қазақ халқының шығу тегін дұрыс түсінбегендігін, басты тарихи оқиғаларға дұрыс назар аудармағандығын кітаптың 4/1 бөлігінің қазақтарға еш қатысы жоқ екенін айта келе тағы : “в виду изложенного мигу Чулочникова, так солидный научный труд рекомендавать мы не можем”- деп қорытынды жасайды.

Түркістан тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген белгілі тарихшы В.В. Бартольд “Серезное изучение... края еше находится впереди и главная роль при этой работе должна принадлежать месным деятелям”,-деп жергілікті тарихшылардың болашағына үлкен үмітпен қарады. Өз кезегінде бұл тарихшылар Бартльдты құрметтеп, ұстаз тұтқан. 1925 жылы бұл ғалымның “Туркистан в эпохы мангольского нашествие ” деген докторлық диссертациясының 25 жылдығына арнап “Бартльду, Туркистанские друзья, ученики и почитатели”- деген жинақ бастырды. Осы еңбекее “Ақтабан шұбырынды ” деген зерттеуінде М. Тынышпаев былай деп атап өтеді:”Этот важнеишии момент в исторической жизньи казахов почти неизучен , если не счетать кратких упаменании онем Левшина и нашего заслуженного учителя по историй Средней Азии Бортольда ”. Қазақ тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан Тынышпаевтың баспа бетін көрген және қолжазба түрінде сақталып келген еңбектері болашақта жинақ болып басылады деген үміттеміз.

1925-1926 жылдардағы қысқа мерзім ішінде Тынышпаев осы Қызылордадағы қызметімен өзінің таланттты инжинер екенін көрсетіп қана қоймай тамаша ұйымдастырушы екенін де байқатты.

Құрылыс жұмысының аяқталуына байланысты КазАССР ХКС мен ОАК-і өзінің келесі мәжілісінде “Құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты... 1926 жылдың 1-ші январьдан бастап бас инжинердің қызметі қысқартылсын” – деп қөаулы шығарды.

Осы кезде яғни 1926 жылдың 26 ноябрінде БК (б) ПОК Түркісіб темір жол магистралін салу жұмыстарын түзету жөнінде шешім қабылдады. Бұл құрылысқа жан-жақтан белгілі инжинерлер : Березин, Шатов, Перелман және осы құрылыстың тікелей маманы жергілікті жер – су жағдайын жақсы білетін инжинер Тынышпаев шақыртылады. РСФСР ХКС-і председаделінің орынбасары Т. Рысқұлов Қызылордадағы Қазақстан басшылары : Н. Нұрмақоатың Голошекинге жазған телеграммасында “инжинер Тынышпаевті білгір маман ретінде Көмек комитетімен Жол қатынастар комиссариатының Құрылыс комитетіне қосымша енгізуді ұйғардық өз пікірлеріңізді хабарлаңыздар. Млсква Кремль 18- декебрь. 1926 ж”- деп хабарлайды. Алайда Голошекин бастаған өлкелік партия комитеті Қазақ совет интелегенциясының, оның ішінде алаш Орда қозғалысына бұрын қатысқан кейін ревалюция ісіне адалдықь көрмсеткен адамдардың творчествалық потенциалын толық пайдалана алмады. Оларды қуғын – сүргінге салып, тағдырларын тәлкекке түсірді.

Голошекиннің қарсылығына қарамастан Ұлы магистральдың алғашы жобасының авторы болған дарынды инжинерді Т. Рысқұловтың ұсынуымен жоғарыда аталған комитеттер құрамына кіргізді. Оны 1927 жылдың январында Рұсқұловтың Алматыдағы Тынышбевқа жіберген телеграммасынан көруге болады. “Сіздің ХКС-ң Көмек комитеті және ЖҚК-ң Құрылыс комитеті құрамына енгіздік. Алдын ала Москвада дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Егер қарсы болмасаңыз қай уақытта шығатыңызды хабаолаңыз. Нұрмаховпен келісімге РСФСР ХКС-і председателінің орынбасары Рысқұлов ”.

Қазақ даласына экономикалық прогресс әкелген жұмысшы табының үлкен мектебіне айналған, І-ші бес жылдық қорытындының негізгі көрсеткіші болған Түркістан Сібір темір жолын салуды, сол салада жас ұлттық кадрлар дайындауда Тынышбевтің еңбегі ұланғайыр.

Осындай қыруар еңбегіне қарамастан жалған жаламен 1932 жылдың 22 апрелінде тұтқынға алынып, Воронежге жер аударылды. Айдауда жүріп 1933-1937 жылдар аралығында Москва –Донбас темір жол салу құрылысында инжинер болып істейді. Осы жалған айыпты 1959 жылдың 29 Сентябрьдегі ҚазССР Жоғары Сот үкімі жоққа шығарады: “Постонавление бывшей тройки при ПП ОГПУ Казакстане 20 апреля 1932 году в отнешении Тынышпаева Мұхамеджана отменено и дело производства прекрашенно за отсутствием застава преступления”.

1937 жылдың басында айдауда елге оралған Тынышпаев денсаулығының нашарлығына байланысты жұмыс істемеді. 1937 жылдың 21 ноябрінде қайта ұсталынып елде басталған ІІ репресияның құрбанына ұшырайды.


М. ТЫНЫШПАЕВ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ.
Тынышпаев 1879 жылы 22 мамырда Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы - Садыр болысындағы Жалынды тауының дүниеге келген.

1890 жылы 14 тымызда Верный қаласындағы Ерлер гимназитясына оқуға қабылданды.

1900 жылы 21 жасында гимназияны алтын медальмен бітіреді.

1900-1906 жылдары император І Александр атындағы Птербург Жол қатынасы инжинерлері корпусы иститутының студентті.

1905 жылы Профессор Бодуэн-дэ Куртэнэмен (поляк) А.А. Кусов пен (украин) журналист В. Жаботинскиймен (еврей ) бірігіп автономист- федералистер одағын құрды.

1905 жыл 19 қарашада Петербург қаласында автономист-федералистердің эсерлік одағының І съезінде “Қазақтар және азаттық қозғалыс” атты баяндама жасады.

1905 жыл Бүкіл қазақ халқының атынан Ресей Министірлер Комитетінің төреағасы С.Ю. Витте ге хат жазды.

1907 жылы сәірде Жетісу түземдіктері атынан екі Мемлекеттік Думаға сайланады.

1908 ж 1 тамызда Ашхабат қаласында Жол қызметі дистанциясы бастығының көмекшісі.

1911 ж Урсатьевске-Андижан станциясының Темір Жолд құрылысының бастығы әрі бас инжинері.

1912 ж Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірігіп, “Қазақ ” газетін шығаруға қатысты.

1914 ж бастап Жетісу темір жол құрылысында болды.

1914-1915 ж “Қазақ” газетінде “Қазақ инжинері” деген бүркеніш атты көптеген мақалалар жазып отырды.

1916 ж Жетісу жеріндегі көтеріліске ат салысты. Патша өкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясаты туралы белгілі мәлімдемесін (“его происходителству господину Туркистанскому генерал-губернатору”) жазып қалдырды.

1917 ж 6 сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысымен Түркістан өлкесін (Самрқанд, Сырдария, Ферғана, Закаспий, Жетісу облыстарымен Хиуа, Бұхара ) басқаратын Түркістан комитетіне мүше болып тағайындалады.

1917 ж 24 сәірде О.А. шкавскимен бірге 1916 жылғы көтерілістің зардабын жою үшін Жетісуға іссапарға жіберілді.

1917 26 қарашада Қоқан қаласында ІҮ Төртінші өлкелік Мұсылмандар съезіәнде Бүкіл үкімет билігі М. Тынышпаев басқаратын уақытша үкіметі (министірлер кеңесі) мен 54 мүшесі бар Халық билігі кеңесіне берілді.

1917ж 28 қараша “Түркістан автономиясының төреағасы болып сайланды”

1932 ж 20 сәір. 2370 іс бойынша РКФСР қылмыс кодексінің 58/7 ,58/11 және 58/3 баптарымен тармақтарымен айыпталып, басында 5 жыл мерзімге (1930 жылдан бастап есептеліп) қамау туралы үкім шығып, Воронежге жер аударылды. От басымен Воронежле тұрды. Мұнда Москва –Донбас темір жол басқармасының өндірістік техникалық бөлімі тобының жетекшісі және жобалау бөлімінің инжинері болып істейді.

1935 ж көктем -жаз. Жер аударылу мерзімі аяқталып, елге оралды.

1935-1937 жж Гурьев Қанды ағаш темір жолы құрылысында істеді.

1937ж 21 қараша. Өзбек ССР –і Ішкі Істер Халық Комисариаты тұтқынға алды.

1938 ж 20 сәірде. Тынышпаев ресми құжаттар бойынша “атылды”.

1958 ж 28 ақпан қазССР Жоғары Соты Тынышпаевтың қылмысы жоқтығы туралы шешім қабылдады

Ұлт – азаттық қозғалыстың осы көрнекті өкілдерінің қатарына мұхамеджан Тынышпаевтың 1879-1938 ж орны ерекше екені мәлім. Ол қазақтың тұңғыш теміржолшы инжинері. Кезінде Санк-Петербургтегі Жол қатынасы инжинерлер институтын бітірген. Инжинер Тынышпаев Жетісу темір жолының жобасын жасауға, кейін оның құрылысына қатынасып, тыңнан түрен тартқан кәсіби маман. Орталық езгіні көщімен көріп, қазақ жерлерінің талам - таражға салынуына халқыгның құқығын қорғауға белсене шыққан студент Тынышпаев кейін, 1905-1907 жж Ресей ревалюциясы кезінде қазақ халқының атынан Мемлекеттік Думаға тұңғыш рет сайланған ұлт өкілдерінің бірі. 1917 ж Ақпан ревалюциясынан кейінгі құрылған Ресей империясы Уақытша үкіметінің Түркістандағы комитетінің мүшесі, Жетісу облысының комисары М. Тынышбев сол жылы қарашаның аяғында құрылған Қоқан Автономиясы үкіметінің алғашқы төреағасы болды. Оның алаш Орда үкіметіндегі қызметі ерекше еді.

Құрамында Тынышбев бар Алашорда үкіметі 1918-1920жж қамтитын осынау шиеленіске толы кезеңде екі жаққа бірдей соғыс алаңы болған туған жерді қан төгістен қазақ елі дербестігін қалпына келтіруге елдің амандығын сақтауға, бар мүмкіндікті пайдаланып бақты. Алашорданың жетекшілерінің бірі болған Тыншбаев осы мақсатты ту етіп, Ә. Бөкейханов, Ғаббасов, Мәрсеков, Танашев және Қозбағаровтармен бірге бір-бірімен күшпен алмастырған әр түрлі орыс үкіметтерімен жүргізілген келіс сөздерге де белсене қатысты.

Тынышпаевтың өмірімен қызметі туралы Бөкейханов, Байтұрсыноа, Дулатов шығарған “Қазақ” газеті 1917 ж 247 санында “Мұхамеджан Тынышпаев – ІІ Гасударственный Дума ағасы , инжинер. Саясат ісіне жетік халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрегн алдынғы қатар зиялы азамат” деп көрсетіп, оның 1905, 1916 және 1917 жж қоғамдық саяси қызметі туралы “Мұхамеджан қазақта бір болса өзі , екі болса екншісі кісі екендігі ” – деп бағалайды. Сол сияқты “Семреченские ведмости” газеті де қөұрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат Тыншбаевты “1905ж Ревалюциялық қозғалысқа араласқан Жетісу қырғыздары арасынан бостандық пен ревалюция идеяларын үгіттеп таратқан облыстан шыққан тұңғыш қырғыз ” деп сипаттайды.

Азамат соғысы аяқталғаннан соң, бұрынғы Алаш қозғалысы қайреткерлерінің басына күн туған кезде Тынышпаев өзінің кәсіби мамандығы бойынша Темір жол құрылысында еңбек етті. Оның бұл қызметке сеніп жіберілуіне Тұрар Рысқұловтың себепші болғаны белгілі. Аса қабілетті қазақ инжинерінің қолтаңбасы қалған Түркісібтің күні бүгінгі дейінгі Халық шаруашылығы күре тамыры болып отырғанын ескерсек Оның тарихында Тынышпаевтың еңбегі зор.

Алматы қаласындағы Транспорт және Комуникация академиясына М. Тынышпаевтың есімі берілуі талантты инжинердің қызметінің құрметті белгісі деп білеміз.

Тынышпаев қазақ халқының тарихының келелі мәселелерін тоғаған зерттеулерде жазып жариялатқан. Ғалым мұрасының маңызды бөлігі осы ғылыми талдаулары. Ол халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап дерек көздері бай ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер қалдырды. Мысалы, “Қырғыз қазақ руларының шежіресі”, “Қырғыз қазақтырдың шығу тегі”, “Қазақ этнонимы туралы ”,”Алтынорданың күйреуі” және “Қазақ хандығының құрылу тарихы ”, “Ақтабан шұбырынды ” және т.б еңбектері әлі күнге дейін өте құнды. Ғылыми айналымда кеңінен қолданылып келеді. Кеңес заманында тарихшы ғалымдар Тынышпаев еңбектеріне жүгінп, оның қазақ руларының шежіресіне, таңбаларына қатысты жазғандарын дерек көзі ретінде пайдаланса да сілтеме жасап көрсете алмағаны да рас.

Кеңестік саяси жүйе құрбаны Тынышпаев 1930 жж Воронеж облысына жер аударса, 1937 ж қайтадан тұтқынға алынып, атылып кетті. М. Тынышпаев халқына қайта ор\алғаннан бері уақытта 1993 ж оның шағармалар жинағы орыс тілінде жеке кітап болып жарық көрді.

2001 ж “Арыс” қорынан Тынышпаевтың шығармалар жинағы жарияланды. Ол туралы зерттеулер жазылып, кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі орталық ғылыми кітапханасында шығарыла бастаған “Ұлы тұлғалар ” сериясы бойынша әзірленген бұл жинақтан оқырман Тынышпаевтың өмірімен қызметі туралы мол мағлұмат алары сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет