Лекция:№ 7 Тақырыбы: М.Тынышбаев.
Жоспар:
1. М.Тынышбаев - өлкетанушы
2 .Этнографиялық қызметі
Пайдаланылған әдебиеттер
а)негізгі
1. «Қазақ» / Субхардина Ү., Сахов Қ, Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.
2. Қазақ әдебиеті. 1991 -22 -29 наурыз
3 Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз –кайсахского народа. Ташкент: 1925г. -66с.
4Тынышбаев М. Великие бедствия... Ташкент 1927г. -152с.
5.Левшин А.И. Описание киргиз –казачьих, или киргиз –кайсацких, орд и степей. /Под Общ.ред М:К.Козыбаева –Алматы: Санат,1996-65с.
6. «Қазақ» 1916 №166, 211,24 сандары
7. Богачев А.К. У истоков воспоминания А: 1971 -102с.
б)қосымша
1. Шафиро Ш. Брайнин С. Очерки по истории Алаш Орды Алматы: 1935г.–
С.14
2. Қозыбаев М. Тарих зердесі І –ІІ томдық Алматы: Ғылым, 1998 -25 бб
3.Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен) 2-изд /Под ред Проф А.Такенов Алма –ата: Қазақ университеті, 1993 -304.
4. Нұрпейсов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек, 1995 -25б
5. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы Алматы: «Қазақ университеті, 1992 Омарбеков Т. 20 -30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы:1997 -320 6.Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. Алматы: Жалын, 1996 -224б
Лекция мәтіні
Қазақстан мен Орта Азияда өлкетанушылық ісі ХХ –ғасырдың 20 –шы жылдары айтарлықтай дамыды. Бұл өңірлердегі өлкетанушылық жұмыстар 1917 жылғы Қазақ революциясына дейінгі әртүрлі ғылыми және ағартушылық қоғамдардың дәстүрлері мен тәжірбиелері негізінде өрістелді. Орта Азия мен Қазақстан көлемінде осы кезде археологтар, этнографтар мен фольклористер мен тарихшылар өлкетанушылық салада айтарлықтай іс тындырды. Олар жинақтаған өлкетанулық деректер негізінде көптеген кітапханалардың, мұражайлардың қорлары жасақталып, толықтырылды. Орта Азия мен Қазақстан өлкесін зертеуге елеулі еңбекті Орыс Географиялық қоғамның Түркістан бөлімінің /ТОРГО/ этнография және археология секциясы атқарды. Секция құрамында болған А.А.Семенов, М.Е.Массон, Е.К.Бетгер, Б.П.Денике, Б.А.Пестовский секілді өлкетанушы ғалымдар осы аймақтардың этнографиясын танып білуде, зерттеуде жемісті еңбектер атқарды. Олар көптеген жылда көлемінде жергілікті халықтардың тарихын біліп, тануда сан түрлі анкеталар, сауалнамалар дайындап жергілікті халықтардың тайпалық және рулық құрамын, дінін, материалдық тұрмысын, қоғамдық құрылысын зерттеді және солардың негізінде көптеген еңбектер жазды. Оған Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұрағатында сақталған мағлұматтар дәлел бола алады. Осы мұрағаттың 34,69,71,72,269,368, қорларында сақталған деректер жоғарыда есімдері аталған зиялылар қатарында М.Тынышбаевтың өнімді өлкетанушылық зерттеулер жүргізгенін айғақтайды. Бұл қорларда жоғарыда атап кеткен ғалымдар қатарына алты алаштың ардақты азаматтарының бірі Мұхаметжан Тынышбаевтың есімі кездеседі.Мұхаметжан Тынышбаевтың тарихқа, этнографияға қызығушылығы студент кезінде –ақ басталғаны белгілі. Алайда өлкетанушылық салаға бет бұрып, қалам тартуына ықпал жасаған қоршаған орта, әсіресе ХІХғ. Соңы мен ХХғ. бас кезіндегі Түркістан өлкесі мен Ташкенттегі өлкетанушылық қауымдастар болып табылады.
Түркістан генерал –гебернаторлығының құрылуы /1867 -1868ж.ж./ осы өлкеде ғылыми жұмыстардың географиялық, жаратылыстанулық, тарихтық, статистикалық және т.б. салалар бойынша ұйымдастырылып, өлкетанушылық зерттеулердің жандануына негіз салды. М.Тынышбаевқа ғылымның басқа салаларымен қатар өлкетанушылықпен айналысуына өзі туып өскен ел мен жерді жақсы біліуді, ондағы тарихи және мәдени ескерткіштерден хабардар болуы сонымен қатар сол кездерде Ташкент пен Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеген Е.К.Бетгер, Ә.Диваев, М.Е.Массон, Л.В. Ошанин сияқты археолог, этнограф және фольклористердің ықпалдарының және айтылмыш ғалымдардың біразымен етене жақын болуы негіз болды.
М.Тынышбаев 1920 жылы ұйымдасқан Қырғыз (Қазақ) өлкесін зерттеу қоғамын құрушылардың бірі болды, сол кезде Ташкентте шоғырланған басқа ұлт зиялыларымен (Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, М.Әуезов тағы басқалар) бірге «Сана» журналын шығаруға ат салысты. Ол сол кезден бастап мерзімді баспа сөз беттерінде өлкетанушылық еңбектер жариялай бастады. Солардың қатарында 1923 жылы оның «Түрік –Моңғол тарихы» еңбегі жарық көрді.
М.Тынышбаев Ташкент қаласында 1925 жылдың қарашасына дейін жұмыс істеп тұрған «Талап» атты «Қазақ – Қырғыз мәдениетін көркейтушілер қауымдастығын құрушылардың (учредитель) бірі болды.
1922 жылғы 13 желтоқсанда өткен «Талап» қауымының құрылтай (тұңғыш) жиналысында оның жеті адамнан тұратын басқармасы құрылды. Оның «Төрағасы» болып Халел Тоқтабаев, Мырзағазы Есболұлы, Мұхаметжан Тынышбаев,Мұхтар Әуезов, Қасым Тастанұлы сайланды. Бұлардың ішінен М.Есболов төрағаның орынбасары, М.Әуезов, басқарма хатшысы, ал М.Тынышбаев қазынашы болып бекітілді.
«Сана» журналының 1923 жылғы бірінші санында жарияланған «Талап» қауымының бағдарламасына (түпнұсқалық –«Жолында») оның басты мақсаты –«Қазақ –Қырғыз халқының мәдениеті өркендеуіне жәрдем келтіру» дер анықталып, одан туындайтын бес нақты міндеттері белгіленді. Олардың қатарында басқа міндеттермен қатар (тіл, әдебиет, өнер мәселелеріне байланысты) «халықтың тарихын әм салтын тексеріп, қарастыру» міндетіде қамтылған.
Анықталған міндеттерді орындау үшін ғылыми баяндамалар дайындап, оларды талқылау, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар даярлау, жаңа журналдар мен газеттер шығару, әртүрлі тақырыптарға көрмелер ұйымдастыру, әдеби, ғылыми және ғылыми –көпшілік еңбектер жариялау, керекті мамандар дайындау үшін әртүрлі деңгейдегі оқу –орындары мен қысқа мерзімді курстар ашу шаралары қарастырылған.1925 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында шекаралық бөліністің нақтылануына сәйкес қауым Ташкенттен осы жылы астанасы болған Қызылорда қаласына көшіріліп, Қазақстан өлкетану қоғамы болып қайта құрылған. Қоғамға зиялы қауым мүшелері қатарында 27 –і тарихшы мен өлкетанушылар болды. Бұл ұйымның құрамында ХалелДосмұхамедов, Мұхаметжан Тынышбаев,Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Әбубәкір Диваев сынды бірегй тұлғалар болады. Қоғам өз өмір сүрген кезеңінде қазақ тарихын жете зерттеуде бір қатар еңбектер сіңіріп, қазақ тарихи ғылымының қалыптасып дамуына үлес қосты. М.Тынышбаев осы қауымның мәжілістерінде «ХІІ ғасырға дейінгі түріктердің ежелгі тарихы», «Шыңғысхан және
оның империясы», «Қазақ –қырғыз тарихы» атты лекцияларын оқиды. Олардың кейбіреуі кейін және ғылыми еңбектер түрінде жарияланады.
Осы кезеңнен бастап ол ғылыми зерттеулермен тұрақты айналысып, секция мәжілістерінде жүйелі түрде тарихи - өлкетанушының сипатта баяндамалар жасап тұрады. Бұл тұрғыда жоғарыда аталған архивтің «Орыс Географилық қоғамы Түркістан бөлімінің Археология және Этнография секциясы» деп аталған қордың құжаттарында 1924 – 25 жылдар аралығында М.Тынышбаевтың осы секцияға мүше бола жүріп бір қатар мәжілістерде ғылыми баяндамалар жасап, оларды баспа беттерінде жариялағаны туралы айтылады. Осы қоғамға мүше болумен қатар ол тарих ғылыми саласының әр түрлі өкілдерімен араласа жүріп өзінің ғылыми көзқарасын, ғылыми зерттеу әдістемелерін қалыптастырады. Осы жылдары ғалымның тарихи еңбектерімен қатар өлкетанушылық зерттеулері де
жарық көре бастайды. Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі Этнографиялық және Археологиялық секциясының 1924 – 25 жылдары аралығындағы атқарған жұмыстары жөніндегі құжаттарда. А.А.Семенов, М.Е.Массон, Б.П.Денике, Е.К.Бетгер сияқты белгілі ғалымдар қатырында жалғыз қазақ М.Тынышбаевтың есімін жиі кездестіреміз.
М.Тынышбаевтың қоғам мүшесі бола жүріп, 1924 жылы маусымда болған мәжілісте «Қызыл өзен үйіндісі және Баласағұн қаласы» (1925ж) «Қазақ хандығының құрылу тарихы» еңбектері бойынша баяндамалар жасағандығына көз жеткіздік. Сол сияқты Чулошниковтың «Қырғыз –қазақ тарихының очерктеріне сыни тұрғыдағы еңбегі М.Тынышбаевтың өз қол таңбасымен (20.02.25ж) кездестірілді.
Бұл еңбектерді оқи отырып, ғалымның қазақ халқының шежірешілік, ауызша шығармашылығына тарихи құжат ретінде қарастырғанын көреміз. Ғалым халық ауыз әдебиетінің белгілі бір дәуірде қалыптасып, халық өмірінің маңызды оқиғаларымен байланысты екендігін айқындай келіп, олардың өз еңбектерінде құнды этнографиялық дерек ретінде қолданды. Бұл тұрғыда да ғалымның тарихшылық көзқарасы байқалады.
М.Тынышбаевтың тарихи –этнографиялық қызметі тек ғылыми қоғамдармен шектелмеді. Ол өзінің тарихи, этнографиялық, өлкетанушылық еңбектерін жергілікті баспасөз бетеріне шығарып отырған.
ХХғ. бас кезеңінде қазақ халқының ұлттың мәдениетін жаңғырту мақсатында Қазақ ғылыми комиссиясы 1923 жылы комиссия болып «Сана» атты журналын шығара бастағаны белгілі. Журналдың алғашқы санында осы басылымның шығарылуы мақсаты және міндеттері айқындалып, негізгі авторлары ретінде И.Аралбаев, А.Асфендияров, М.Әуезов, А.Байғарин, Т.Рысқұлов, А.Шмидт, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамдетов және тағы басқалардың есімдері жарияланды.
2.М. Тынышбаевтың тарихи – этнографиялық қызметі
«Сананың» алғашқы санында Х.Досмұхамедовтың қазақтың ғылыми комиссиясы жөніндегі мақаласы жарияланып, онда оқырмандар» ұлт мәдениетін және тілін жаңғыртуға шақырылды.
1923 жылы М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, М.Жұмабаев және Н.Архангельский сияқты бірқатар ғалымдармен бірге Қазақ мәдениетін қорғаушылар қоғамын құрады. Қоғамның алға қойған негізгі мақсаты оның жарғысына сәйкес халық мәдениетінің дамуына ат салысу болып табылады. Осы кезеңде халық алғыс өзінің өлкетанушылық білімі мен жинақтаған материалдарын қоғамдық ағартушылық саласында кеңінен қолданды.
Тарихи деректерді, өлкетанушылық материалдарды жинақтауда ғалым өзінің негізгі прнципін олардың тарих пен этноргарфия мәселелерін зерттеудің негізі ретінде маңызын ашып, осы бағытта ғылыми ізденістер жасау деп анықтады. Әсіресе ғалым халық ауыз әдебиетін халқының тарихы мен мәдениетінің негізгі дерегі ретінде қарастыра отырып, өлкетанушылық, этнографиялық тұрғыда ғылыми мәселелерді шешіп отырған.
Бұл ретте ғалым қазақ халқының этногенезінің мәселелерін қарастыруға үлкен мән берді. Онда қазақ халқының жеке руларының шығу тегін зерттемейінше, олардың қай кезеңінде кімдермен қарым –қатынаста болғанын тарихи жүргізіп анықтамайынша оның тарихын, толық беруге болмайды деп көрсете келе, орта ғасырларда өмір сүрген уақ, үйсін, жалайыр, керей, қыпшақ, арғын сияқты рулардың өзара сауда, дипломатиялық қатнастарда болғаны тіпті олардың кейде өзара қарулы қақтығыстарға барғанын көрсетеді, ол әр рудың шығу тегін, олардың халық болып ұйысуын деректермен қатар аңыздар арқылы да негіздейді.
Ғалымның қай тұрғыдағы еңбектерін алсаңыз да олар қазақ халқының мәдени дәстүрлерімен байланысты жазылған.
Бұған жарқын мысал ретінде М.Тынышбаев жазбаларында талданған «Қозы –Көрпеш –Баян –сұлу» жырына байланысты аңыз -әфсаналарды келтіруге болады. М.Тынышбаевтың талдауында айтылмыш жырдың мазмұнының ашылуымен қатар оған байланысты жер –су аттарының тарихы да нанымды әңімеленді. Осы жыр туралы аңызда, дейді. М.Тынышбаев, «Қозы – Көрпеш ауылы Баян –сұлу ауылынан алыс жерге көшіп кеткендігі туралы айтылады. Баян ауылына қалмақтар жиі шбуыл жасап тұрады. Сол қалмақтардың бірі Қодар Баян үйіне орнығып алып, баянға түбі бір қосылуды көздейді. Оның ойының жүзеге асырылуына кедергі жасау үшін баянның туыс ағасы Қозы – Көрпешті іздеуге аттанады. Жасының елделігіне байланысты туған жеріне қайта оралудан үмітін үзген ол тек Қозы –Көрпешті іздеуге аттанады. Сондықтан Қозы –Көрпеш Баян сұлудың ауылын табу үшін тез көзге түсіп, байқалатын төбелерге кейбір заттарын қалдырып отырады. Осылайша биік бір тау басына сандықттың бұрыштарына қойылатын әртүрлі қауырсындары ерекше қарқара әшекейін қалдырады. Бұл тау осыдан бастап Қарқаралы деп атала бастайды. Келесі бір тауға алтын қазық қалдырып, бұл тау қазіргігедейін Алтын қазық деп аталады. Ақырында ол қалыңдығын іздеуге шыққан Қозы –Көрпешті кездестіріп өзі қалдырған белгілеріне қарай таба алатынын айтадыда жан тапсырады. Ал бұл кезеңде Баян түрлі сылтаулар ойлап тауып, ұзатылу тойының уақытын кешіктіріп отырады.
Баянның тілегімен Қодар құдық қазады. Ол құдық «Қодар қазған» деп аталынып қазірге дейін сақталғанын (Балқаш көлінің шығысындағы Аягөз өзенінің құяр ағасынан 20 шақырым жерде орналасқан). Таңсық, Ай, Айғыз өзендері (Сергеполь маңында) Баянның апалары атымен аталған. Қозы –Көрпештен жеңілген Қодар өз туыстарын көмек сұрай барады. Қозы –Көрпештің елден кетіп жасырынауына тура келеді. Ал шындығына келсек, Қодар жасырынған Қозы –Көрпешті Аягөз өзенінің Балқаш көліне құяр тұстағы Күркілдек деген жерде тауып алып өлтіреді.
Баян Қодардан әйтеуір бір қулықпен құтылып шығады. Қодар өлгеннен кейін Баянды дәлетті бір керуен басшы алмақ болып ниет қылады. Баян өтінішімен ол Қозы –Көрпеш басына мазарат салады. Мазарат салынып біткенен Баян өз жүрегіне қанжар салып өледі. Оның денесін сүйегін жарының қасына қояды. Бұл тұста ғалым жоғарыда аталған топонимикалық атаулармен қатар аңыз кейіпкері атымен Баянауыл тауының бар екенін анықтайды. Осылайша Мұхаметжан Тынышбаев өз еңбектерінде теориялық мәселелерден гөрі ақиқат тұрғысындағы деректік материалдарды дәстүрлі мәдениет түсінігі бойынша жан –жақты алып қарастырады.
Мұхаметжан Тынышбаевты қызықтырған мәселелердің бірі –Қазақстан жерінде, әсіресе Жетісу маңында орналасқан қазақ халқының тек көшпенді болып қана қоймай, мәдениетті, өркениетті халық болғанын дәлелдейтін ортағасырлық қалалар тарихы болып табылды. Еліміздің өзекті мәселелеріне қатысты қызықты тарихи деректер беретін М.Тынышбаевтың «Сырдария және Жетісу губерниясындағы ежелгі қалалардың, бекініс, қорғандардың іздері» . атты зерттеулік еңбегін атауға болады.
Шымкент әуе
1. Арыс станциясынан 20 верст жерде, Семиреченск темір жолының бойында, Арыс өзенінің сол жағасында, Қараспан деген жерде (местность) ежелгі қаланың орны орналасқан; жергілікті қазақ тұрғындардың (қоңырат тайпасының) айтуына қарағанда, қаланың аты «Қалаш» болған Ежелгі кезде «қалаш» атты түрік руы болған; қала осы рудың атымен аталды ма, жоқпа белгісіз. Жергілікті тұрғындардың қала орнынан саздан жасалған көзелер, тіпті, мыстан жасалған ыдыстар тапқан.
2. Шымкент қаласынан төмен (оңт. –бат –Р.Ә.) 6 – 7 верст, Бадам өзенінен 2 верст жерде, темір жолдан 100 – 150 сажение жерде бірі –бірінен кварталдарға айқын бөлініп жатқан төбелер орналасқан; төбелер ауқымды алаңды алып жатыр; оның аумағы қанша екенін дәл айту қиын , себебі төңіректің барлығы қазақтар мен сарттардың хуторлары бар жыртылған жерлер. Қаланың өзен жағасында, тамаша суармалы жерде орналасуы оның қайсыбір кездерде маңызды қала болғанына дәлел бола алады. Мүмкін бұл қала орны академик В.В.Бартольдтің айтуы бойынша қазіргі Сайрам қыстағының (Шымкенттен 10 верст жоғарыда) орнында болуы тиіс Асфиджаб қаласыныкі болуы мүмкін. Жергілікті тұрғындар саздан жасалған көзелер тапқан, ал ыдыс немесе басқа бұйымдар табылған –табылмағанын біле алмадық.
3. Келте –машат өзенінің жоғарғы ағысында, Цир –Су деген жерде бір бекіністің іздері көрінеді; ешқандай қазба жүргізілген жоқ; қазақтар да ешнәрсе таппаған.
4. Түлкібас станциясынан батыста 6 верст жерде, темір жолдың дәл табынан Шаңқа –Бастау өзені өтеді, темір жол выемкасы шағын бекініс типтес «төрткүлдің» оңтүстік бөлігін кесіп өткен. 1916 жылы выемканы жасау кезінде саздан жасалған көзелер, мыс кеселер табылған; осы жерде тұратын қазақтың (Жуа... бек Нүсіпбеков) айтуы бойынша, осы жерден 50 сажение төмен жерден күміс ыдыс табылған. 15 жыл бұрын бір қазақ үлкен көлемдегі мыс ыдыс тапқан, оны түлкібастық бір сарт онымен саудаласпай –ақ айырбасқа үлкен мыс самауыр берген. Одан төмен тағы 20 сажение жерде 15 жылдай бұрын биіктігі ересек адаммен бірдей, яғни 2,5 аршын шамасында, түбінің және ернеуінің диаметрі 1,25 аршын келетін ыдыс табылған; қабырғаларының қалыңдығы 6 вершок. Оның іші –сырты безендірілмеген. Ыдыс іші топыраққа толған; ыдыс қабырғасы бүтін кесектен бе әлде күйдірілген бөлек –бөлек кесектерден жасалған ба деген сұраққа ол жауап бере алмады., бірақ ол кесектен қаланған болса керек деп топшылайды. Ыдысты сол кезде –ақ қазақтар сындырып тастаған. Осы жерге жақын жерден 2 – 3 аршин тереңдіктен 5 адам сүйегі табылады, олардың барлығы бірдей батысқа, жүздері батысқа қаратылып жатқызылған, соған орай айтушы оларды мұсылмандардың сүйектері деді; айтушы бас сүйекті өз басына кигізген кезде бассүйек қабырғалары басынан 1 вершок кең болып тұрды, тістері ересек адамның полмезинцасындай, жақсы сақталған, ролекная костьтары қазіргі адамныкінен бір жарым есе ұзын және үлкен болып шыққан.
5.Түлкібас станциясынан 5 верст шығыста, темір жолдан 50 сажение солтүстікке шағын қорған орналасқан, оған күйген саз балшықтан жасалған су құбыры тартылған. Су құбырының ұзындығы 4 версттей; су таудағы кішкене байқалмайтын көзден келген.
ІІ. Әулиеата уезі
6. Әулие –ата қаласынан төмен 4 верстта, Талас өзенінің сол жағасында; «Қостөбе» төбелерінің маңында бірнеше төбелер орналасқан; бұл жерден батысқа қарай біраз жерге дейін ескі құландардың іздері созылып жатыр; жергілікті қазақ тұрғындар ешқандай мәлімет бере алмады; Сондай –ақ, қазба жүргізілген –жүргізілмегені де белгісіз. Бұл қала орындары ежелгі Тараз қаласының орны болуы мүмкін.
ІІІ. Пішпек уезі
7.Константиновка станциясынан 2 верст төмен Шу белгісіз бір бекіністің іздері орнласқан.
ІV. Алматы уезі
8. Қордай станциясынан 42 верст солтүстікте, Бозбармақ деген жерде үлкен қаланың орны орналасқан; оның аумағы, шамамен; екі жаққа бағытталған 7 көше. Бұл жерде ашық, тегіс және қазіргі кезде сусыз. Ежелгі кезде ол жер мұндай болмаған, себебі, су көзінсіз үлкен қаланың болуы ақылға сыймайды. Қалаға су Отар станциясына жақын жердегі, кеуіп кететін Көлқамыс көлінен әкелінген болса керек.
Бірнеше жылдар бұрын қазақтар Бозбармақты Көлқамыс суымен суармақ болып, «Қопасордың» тұзды балшығын кесе отырып ұзындығы 30 верст арық қазған, 2 – 3 жыл пайдалынғаннан кейін су азая бастап, соңында тіпті келмей қалған; қазақтар басқа жаққа көшуге мәжбүр болады. Қазақтардың айтуынша құдық сулары мұнда жыл сайын азайып келеді. Бір кездері Көлқамыстың суы Бозбармақ қаласына жеткілікті болған болуы мүмкін. Аңыз бойынша қаланы «Муг» халқы мекендеген. 40 жыл бұрын бұл қала орны туралы Алматы басшылығы естіген; жүргізілген қазба жұмыстары кезінде бірнеше мыс ыдыстар табылған. Қазақтардың айтуынша, әкімшілік күміс кеселер, қаңқалар, т.б. табылған.
V.Қопал уезі
Бала –саз деген жерде, Қопалдан 5 верст шығыста ежелгі қаланың орны орналасқан; Одан ары Ақсу өзенінің бойында (Арасан станциясынан шығыста) төбелер орналасқан, қаланың немесе бекіністің іздері болса керек.
VІ. Лепсі уезі
9. Сарқандтан 7 верст жерде, Басқанға барар жолда төбешік орналасқан, оған саздан жасалған су құбырымен су тартылған. Су құбырының сынықтарын өз көзімен көрдім.
10. Антоновка поселкесі мен Лепсі өзенінің арасында ежелгі қала орны орналасқан; көшелер, кварталдар, мейлінше шық көрінеді. 20 жыл бұрын қазақтар ол жерден саздан жасалған көзелер, мыс қазандар тапқан.
11. Черкаска поселкесінен 5 верст жоғарыда, Лепсі өзенінің сол жағасында ежелгі қала орны орналасқан, тағы бір жерде өте көп жыландар мекендеген тастар үйіндісі орналасқан. Қазақтар ол жерді Орда жылан деп атап, ол жерде жыландар патшасы «Айдахар» тұрады деп ойлайды. Мен бұл қаланы бала кезімде, 40 жыл бұрын көргенмін; ешқандай қазба жүргізілген жоқ.
12. Лепсинск қаласының батыс шетінде, мұсылмандар қорымына қарсы жерде шағын көлемді тастардан (5-7 фунт шамасында) үйілген үлкен төбешік орналасқан. Шеттері үшкір тастар құрылысқа жарамсыз, олар жақын жердегі Лепсинка өзенінен алынған емес (ондағы тастар жұмысланып келген), сөз жоқ таудан әкелінген (12 верст). Төбешік пен тастардың қандай қызмет атқарғаны белгісіз ; жергілікті қазақтардың ойынша, тастарды таудан Шыңғысхан әскерлеріне өз әскерінің санын анықтау үшін әкелдірген. Сонымен қатар осы өңірлердегі орта ғасырлық қалалармен елді мекендердің зерттелуі, баламалануы, даму тарихы және ерекшеліктері қарастырылып, оларға тән ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетуде М. Тынышбаев ауыз әдебиеті деректерін пайдалана отырып, бұрын жарияланбаған аңыздарды зерттеу жұмысының арқауы етеді.
М Тынышбаев ғылыми тұрғыдан осы күнге дейін нақты жауабын тауып дәлелденбеген Баласағұн қаласының тарихы мен оның қай жерде орналасқандығын анықтауда зерттеулер жүргізіп, ғылыми тұрғыда өзіндік пайымдаулар жасаған өлкетанушылардың бірі . Ірі сауда,қол өнер мен рухани өмірдің орталығы болған ортағасырлық қалалардың бірі Баласағұнның Қарлұқ, (Хғ.) Қарахан (Х-ХІІ ғ.) Қарақытай (ХІІІ ғ.) мемлекеттерінің басты астанасы болуы мен қатар саяси, эканомикалық және рухани мәдениетінің де орталығы болғандығы тарихи деректерден белгілі. Сондықтан да, Баласағұнның тұрған жердің анықтаудың тарихы да, ғылыми да зор мәні бар екенін, қаланың орнын табу маңызды мәселе екенін түсінген М. Тынышбаев оны зерттеуге көңіл бөлген. Баласағұн қаласы жайында тарихи деректерде 940 жылдары Баласағұн қаласын түріктер басып алынғандығы жайында мәлімет беріледі. Ал, Иакут ибн Абдуллах Ар-руми-әл Хамава Баласағұн қаласынан бір топ ғұламалар шыққан, оның пікірі В.В.Бартольд Баласағұннан шыққан ақын Жүсіп (Юсуф) хас Хаджиб Құдатқу-білік паэмасын түрік тілінде жазған деген мәліметтер келтірсе,Баласағұн қаласының әр түрлі аттары мен осы қала төңірегінде жер атаулары жайында деректерді Махмуд Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінен» кездестіруге болады. Онда Баласағұн қаласының жанындағы Шу қаған салдырған Шу қамалы туралы аңызбен бірге осы қала төңірегіндегі жер атаулары көрсетілген. Ал, келесі бір деректе ХІІІ ғасырдың басында Баласағұн манғолдардың қол астына қаралғап, монғолдардың қаланы «Го балық» (жақсы қала ) атағандығы беріледі.
Осындай іспеттес тарихи деректерде Баласағұнның Ұлы Жібек жолының үстіндегі үлкен шаһар, ірі мәдениетінің орталығы және астана болғандығы баяндалып, қала жайында мол мәліметтер беріледі. Дегенмен, қала орналасқан жері жайында деректер әр қала орнына баламалаумен шектеліп келеді. Солардың ішінде Х ғасырда өмір сүрген арабтың ұлы географы Әл-Макдиси Баласағұнның орналасқан жерінің тұрмысқа өте қолайлы екендігіне тоқталып өтсе, В.В.Бартольд Баласағұнды Бурананы, сонан соң Ақ-Бешім қаласы болса керек деп көрсетеді. А.Н.Бермштам Баласағұнды Ақ-Бешіммен байланыстыра қарастыруды жөн деп санайды. Ал, Л.Р.Кызласов болса Ақбешім Баласағұн емес, оны өзге жерлерден іздеу керек деді.
Мұхаметжан Тынышбаев кәсіби тарихшы болмаса да зиялы қауым өкілдерінің бірі ретінде көне қала орнын зерттеуде инженерлік мамандығын пайдаланып, 1924 жылдың маусымында «Орыс Географиялық қоғамы Түркістан бөлімінің археология және этнография секциясының» кезекті мәжілісінде өзінің «Қызылөзендегі қираған үйінді және Баласағұн» атты зерттеулік жұмысынан баяндама жасайды. Баяндама «Пішпек уезіндегі Иванов және Қызылөзен елді мекендерінің арасындағы көне қаланың үйіндісіне мен (М.Тынышбаев) сонау 1920 жылы Алматыдан Ташкентке Қастек арқылы өтіп бара жатқанда назар аударған едім», -дей келе, 1923 жылы мамыр айының бас кезінде салынып жатқан Қызылөзен каналын көре жүріп, қала орнында болып деректер жинақтағанын баяндайды. Баласағұн қаласының үйіндісін зерттеуде М.Тынышбаев тарихи, археологиялық әдістер мен қатар инжинерлік анықтау әдістерін қолдаған. Бұған оның мына жазбалары дәлел: «Каналдан төмен аса түзу емсе тік бұрышты үш бұрыш аумақты алып жатқан, қала ауқымы меридиандық бағытта (3 ½) верст және ендігі 4 верст, яғни 7 шаршы верст.
Ал каналдан жоғары аумақ қабырғалары 2 және 4 верст болып келетін тік бұрышты, яғни 8 шаршы мертге таяу, демек қираған қаланың жалпы аумағы 15 шаршы верстке тең. Көлбеу тұрғысынан алып қарағанда Қызылөзен суландыру учаскесі бір кездері Шу өзені арқылы қазіргі қала орнына жақын жерден өткен: бұған қарағанда қазіргі Қызылөзен Шу өзенінің ескі арнасымен ағып отыр деп болжауға болады.
Қала Шу өзенінен (немесе Қызылөзен) қолдан жасалған суландыру жүйесін алып тұрған. Өйткені аз сулы тау өзендері қалаға дейін жете бермейді. Бұл жер солүстікке, Шу өзеніне қарай еңіс, ал жер бедері ойлы –қырлы болып келеді. Оның үстіне жері сары топырақты. Бүгінгі белес үйінділердің әрқайсысынан әр түрлі аумақтағы қала мақаласының ізін аңғартуға болады. Ал үйінділердің аралығында көшелер сұлбасы сайрап жатыр. Бұл көшелердің меридиандық және ендік бағыттары бар. Тереңдігі бір аршынға жуық тереңдікте қазылған жұмыс барысында біздер қаланған қабырғаны тіпті оның слағын көрдік. Ал осы қабырғаның бір бұрышында топырақпен көміп тасталған құдықты байқауға болады. Оның да қабырғасы кірпіштен қаланған», -дей келіп қала орналасқан Бішпек тен Тоқмаққа баратын пошта жолының бойындағы Қызылөзен (21/2) және Иванов (5 ½) поселькелерінің аралығында, Тоқмақтан 23 верст. «Буран» алқабынан 27 верст жерде» деп көрсетеді.М Тынышбаев бұл ескерткіштің қай қаланың орны екендігіне, оның баламалану мәселесіне үлкен көңіл бөлген. Баласағұн қаласының тарихына байланысты М. Тынышбаевтың жекелеген пайымдаулары осы мәселе жөнінде қалам тартып, зерттеулер жүргізген әйгілі шығыстанушы В.В.Бартольд «Отчет о поездке в Среднйю Азию с научной целью» . атты еңбегінде көтерілген Баласағұн қаласының орны жөніндегі мәселелермен байланыстырады.
Ал, академик В:В. Бартольд өзінің «Түріктер. Орталық Азия түркі халықтарының тарихынан ХІІ лекция» атты еңбегінде: «Бағдат тарихшысы Сәбит Б Синанның хабарлауынша түркі халықтары ислам дінін шамамен 960жылы қабылдаған. Х ғасырда Ислам дінін қабылдаған Қашқар билеушісі Бога –ханның немересі Богра хан Харун б Муса Баласағұнды билеп, Мауеренахрға шапқыншылықтар жүргізеді. Осының салдарынан кейінгі кезеңдерде Қашқар мен Баласағұн Қарақанидтер династиясынан шыққан хан илігіндегі қалалар ретінде жиі бірге аталып жүреді. Хандық династияда Баласағұн маңызға ие болсада Шығыс әдебиеттерінде қала орнын көрсететіндей мәліметтер кездеспейді» , -дей келіп, қала жайындағы мәліметтер тек Х ғасырда өмір сүрген географшы әль –Макдиси мәліметтерінде ғана кездесетіндігін, алайда орны көрсетілмегенін айтады. Баласағұн бұрынғы кезде ІХ –Хғасыр географтарында өзге атпен кездесуі мүмкін деген пікір айтады.
Орта ғасырлық қалаларды көп жылдар бойы зерттеп жүрген К.Байпақов «Оңтүстік Қазақстан және Жетісудағы ортағасырлық қалалар мәдениеті» атты еңбегінде Баласағұн қаласының ежелгі тұрағын, тарихи орнын Суяб қаласымен байланыстыра отырып: «Батыс түріктердің, Қарлұқтардың, Түркештердің астанасы болған Суяб қаласының аты Х ғасырда тарихи мәліметтерден ығыстырыла бастап, оның орнына астаналық қала ретінде Баласағұн атала бастады. Қала ХІV ғасырға дейін өмір сүріп, Рашид – ад –Диннің мәлімет бойынша «Қарабалық» атымен белгілі болған» -дейді.
Қ.Байпақов Бурана қаласындағы қазбалардың нәтижесіне сүйене отырып, оның
Баласағұнға саятындығын қосымша дәлелдейді. Ғылымның нақты дәлелдері Х
ғасырда өмір сүрген Аль –Максиди жазғанын дай «аса үлкен тұрғыны көп, өте бай
қала» Баласағұнның бүгінгі күні Қызыл өзен каналы жүргізілген аймақта болғанын ешқандай күман қалдырмайды.
Профессор В.Бартольдтың зерттеулеріне қарағанда Найманның Күшік ханына қарсы жіберілген Шыңғысқанның қолбасшысы Жебе Ноян Жетісу арқылы Қашқарияға 1217 жылы өткен. Сол жолы Баласағұн Жебе ноянға қарсылықсыз берілген. Сол үшінде олар осы қаланы « Го Балық» яғни «Жақсы қала» деп атаған.
Баласағұн сөзінің төркіні жайында В.В.Бартольд түріктерде Баласағұн Күз ұлысы немесе Күз Урду (қыстақ, қала деген мағынада) деп те аталғанын айтады. Урду –Баласағұн қаласының жанындағы қала аты екендігі Аль –Макдиси Түркімен билеушілерінің тұрақтанар орны ретінде атап кеткен.
Махмуд Қашқаридиң хабарлауынша «Урду –Баласағұн қаласындағы қала» дей келіп, оған «Патша қаласы деген түсінік береді. Бұдан келіп саятыны Баласағұнды Күз Урду де депте атағанын аңғарамыз.
ХVІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген «Тирих Рашидидің» авторы Мухамед Қайдар былай деп жазады: «Шу еліндегі бір жерде үлкен қаланың қираған орны сақталған. Онда минареттер мен куполдар көрініп тұр. Бірақ қаланың атын ешкім білмейді. Моңғолдар оны «Мұңаралы» деп атайды. Мұнда 711жылы (1312 жылы) қайтыс болған Мұхамед –Факих Баласағұнның купол –қабірі сақталған» .
Осындай мәліметтерді салыстыра зерттей келе, М.Тынышбаев Баласағұн қаласы ХІV ғасырдың бас кезіне дейін өмір сүрген дей келіп, Тоқмақ қаласынан тура оңтүстікке қарай 10 версттей жерде жергілікті қара қырғыздар «Буран» деп атайтын «Мұнара» бар. Бұл да «Буран» өзенінің жағасында орналасқан. Буранның маңындағы қираған қала аумағы онша үлкен емес. Осы бір –екі жағдай (аумақтың шағындылығы судың жетіспеушілігі) профессор Бартольдтың, Буран тек қаланың сыртындағы дем алатын орын, ал нағыз Баласағұн Ақбешін деп аталатын үйіндіден батысқа қара 5 - 6 верст шамасында болуы мүмкін деген қорытынды жасауына себепкер болған, деген қорытынды жасайды.
М.Тынышбаев Баласағұн қаласында байланысты академик В.В.Бартольдтың кейбір пікірлерімен келіспеген. Атап айтқанда, ол В.В.Бартольдтың қаланың орналасуы жөніндегі тұжырымымен келіспейді, осы қаланың қираған орны жөнінде оның ешкімнен жөн сұрамағанына, яғни нақты деректерді іздемегендігіне қынжылады да Баласағұн қаласының тарихы жөнінде көптеген тарихи деректер келтіреді. Баласағұн қаласы алғаш рет Бұқар әмірі Насырдың қайтыс болуы (943ж) қарсаңында Баласағұнды «Дінсіз түріктер» басып алғаны жөнінде хабарлайды. Х ғасырдың тарихшысы Аль –Максиди Баласағұнды «Үлкен тұрғыны көп бай қала», деп жазады. Бұл екі жайдан Баласағұн қаласы ең әрі дегенде ІХ ғасырдың соңғы ширегінде салынғанын білуге болады. Сондықтан бізге оның пікіріне Баласағұн қаласының ІХ ғасырдың аяқ шенінен бастап салынып, Х –ХІ ғасырларда шырқау шегіне жете дамыған ортағасырлық қалалардың бірі деген тұжырым жасаймыз. Мұны археологиялық жазба деректер де дәлелдейді.
Академик В:В. Бартольд Баласағұн қаласы туралы мәлімет М.Қащқаридің замандасы парсы министірі Низам аль –Мулуктың әңгімесінде кездеседі. Олай болса бұл қала 943 жылы мұсылмандық болды. Оның дінсіздердің қолына көшуі қасиетті соғысты тудырды деп есептейді. Оның бұл пікірі М.Тынышбаевта қолдайды және одан әрі деректермен дәлелдей түседі. Тарихта Баласағұнды Ислам дінін алғаш болып қабылдаған түрік ханы Қашқардың билеушісі Сатух Богра хан. Оның немересі Богра –хан -Харун б Муса Баласағұн қаласында тұрған. Сондықтан Қарақанидтер әулетінде Қашқар мен Баласағұн аты көп жағдайларда қатар аталады.
Түрік ойшылы М.Қашқари Қарақанидтер әулетін хан мен оның Сарайы орналасқан жерді Ордукент деп атайтын Қашқарлар мен тығыз байланыстырады да, оларды Яғма халқынан деген тұжырым жасайды. Осы Қарақанидтер әулеті билеген ІХ –ХІІ ғасырларда Баласағұн қатты гүлденеді. Қарақанидтер дәуірінде (955 -1130ж) Баласағұн жиі атала бастайды. Бұл кезде Баласағұн тоғыз Оғыздан шыққан тайпалардың тұсында көп салалы шаруашылығы, заттық және рухани мәдениеті дамыған басқа көршілермен байланыста үлкен роль атқарған астанаға айналады.
Ортағасырлық қалалардың атын саяхатшылар, ғалымдар,ойшылдар, саудагерлер шығарған. Соның бірі- Ж.Баласағұн. «Баласағұнда туып өскен Юсуп деген біреу 1069 жылы Қашқарда ұйғырдың сөзі мақамымен «Құдатқу- білік» дидактикалық поэмасын,түрік тіліндегі тұңғыш шығармасын жазған»- , деп М.Тынышбаев оған үлкен баға береді.Осылайша аты шыққан Баласағұн қаласының тарихы да сол кезде беделді әулеттердің өзара қырқысуының , билікке таласуының тарихына аиналады.
«1130 жылдар шамасында- деп жазады М.Тынышбаев – түрік таипалары қаңлы мен қарлұқ ығыстырған Баласағұндық хан сол кездері алакөлдің шығыс жағында Эмил өзенінің бойындағы Чугучак қаласының жанында қоныстанған Қарақытай гурханы көмек сұраған. Қарақытайлықтар қаңлы мен қарлұқты қуып шығып, қараханидтердің өзін тақтан тайдырып, Баласағұнды басып алған. Дәуірлеген Қараханидтер әулетін Қарақытайлықтар тақтан тайдырып, биліктен айырып, өз билігін орнатқан. Гурханның ордасы су мол, шөбі шалғын жерге орналсады. Сөйтіп, Гурханның тұрағы Баласағұнның маңында болып, Хосун орда (Күшті орда) деген атпен белгілі болды.
Бішпек уезіндегі Бураның маңынан және басқа жерлерден табылған Несториандық қабірлер қарақытайлықтар тұрған уақытта (яғни ХІІ ғасырға жатады). ХХ ғасырдың ІІ жартысында жүргізілген археологиялық қазба деректерде осыны дәлелдейді. Біздің бабаларымыздың ақыл –ойымен, маңдай терімен салынған шахар несториандық қарақытайлар билігіне көшеді. Алайда Баласағұнды 1210 жылы Қарақытайлықтар басып алғаннан кейін Гурханның Ферғанадағы Қарадария өзеніндегі узгенттегі сақтаулы қазынасын талан таражға салған найманның ханы Күшік хан келеді. Күшік ханның күшейуі ұзаққа бармайды, қарақытайлықтар оған лап қойып, Гурханның қазынасын қайта тартып алып өзара бөліседі. Осылайша бір елді басып алып, қан жылата тапқан қазына екі жаққа да оңа бермейді.
Баласағұн қаласының ролі мұнан кейін бәсеңдей береді. Монғол –татар шапқыншылығы кезінде, ХІІІ – ХІV ғасырларда, 1312 жылдар шамасындағы деректерде оның аты бірен –сараң ғана аталады. Ол жөніде М.Тынышбаев «Шағатай дәуіріндегі өзара қырқыс кезінде Баласағұн кейбір деректерде 1312 жылдары аталатынана қарамастан өзінің бұрынғы маңызын жоғалтқан сияқты» –дейді.
Баласағұн қаласының аты кейінгі ғасырларда тіпті аталудан да қалады. ІХ –ХІІІ ғасырларда дәуірлеген Баласағұнның болғаны да беймәлімдікке айналады. В:В: Бартольд «Жетісу тарихының очерктері» атты еңбегінде тарихи оқиғалардың нәтижесінде Баласағұн ХІV ғасырдан бастап тарих сақнасынан түсіп, бірте –бірте оның орны қай жерде екеніде ұмытылып кеткен « Баласағұн Орта Азиядағы қала, оның қай жерде орналасқаны анықталмай келе жатыр». –деп жазады. Академик көтерген мәселе археология ғылымында күні бүгінгі дейін өзекті болып келеді. Өйткені қазақстандық ғалымдардың арасында Баласағұн қаласының тарихи орнына байланысты екі болжам қалыптасып отыр. Атап айтқанда, этноргафшы ғалым У.Шалекеновтың бір қатар еңбектері мен ғылыми мақалаларында Ақтөбе қаласын тарихи Баласағұн мен баламаласа, археолог ғалым М.Елеуов ғылыми зерттеулерінде Баласағұнды Бурана мен баламалайды.
Сонымен, кезінде Ж.Баласағұни, Аль –Хорезми, Аль –Хамза, тағы да басқа ғұламалар батыс түріктерінің астанасы болған Баласағұн қаласы халық жадынан ұмыт болды.
Содықтан да дейді М. Тынышбаев, Әмір Темірдің жорықтары және одан кейінгі оқиғалар жөніндегі кейбір тау, өзен, көл, қала сияқты атауларда еске алғанда Мұхамед Қайдар жазбаларында Баласағұнда немесе оның төңірегінде болған оқиғалар жайында ешбір мәліметтер келтірмейді. Оның орнына Қастек (Қарақастек ) Қошқар, Шу тағы да басқа атаулар кездеседі. Бұдан Баласағұн Әмір Темір кезеңіне дейін ақ мүмкін 1312 мен 1370 жылдар аралығында өзінің өмір сүруін тоқтан деп қорытынды жасауға боладыдейді.
Қарақытайлықтар билігі орнағаннан кейінгі қалған деректер, несториандық молалардағы жазулар қандай ойшылды болсада шатастырары сөзсіз. Солай бола тұрса да Баласағұнның өмір сүруін тоқтату жөнінде М.Тынышбаев тұжырымы тарих тұрғыдан дұрыс болып табылады.
«Несториан молаларындағы жазуларға сүйене отырып, профессор В.В.Бартольд 1336 – 1339 жылдар Жетісуда оба ауру қатты тарағанын, мүмкін Баласағұн тұрғындары да осыдан зардап шегіп, тірі қалғандары қорықаннан қаланы тастап кетуі мүмкін екенін» айтады.
Мәселені басқа қырынан қарасақ , осындай «Үлкен, тұрғыны көп, бай қаланың» Біржола талқандалу бұл қаланың жау қоршауында қалуы қала ішіндегі ірі шайқастар салдарынан да қирауы мүмкін деп ойлауға болады. Бірақ мұндай ірі оқиғалар еш жерде айтылмайды. Осы жайдың бәрі Баласағұнның 1338 – 1339 жылдардағы оба ауруынан кейін өмір сүруін тоқтатқаны бір жақты болса да дәлелдей түседі». «Діни адамдардың жұма күні намаз оқитын 40 мешіті, күнделікті намаз оқитын 200 –ден астам мешіті, 20 ханқа, 10 медресесі болған Баласағұн қаласының, «үлкен, тұрғыны көп, бай қала» соншалықты оба ауруына өшетіндей күнәкерлігі болмаған шығар, сондықтан да еш деректе айтылмаса да билік таласы, алауыздық, даланың өз ішіндегі шайқасы, ұрысы –қырысы қаланың тарих сахнасынан өшуіне себеп болды деген М.Тынышбаевтың тұжырымы дұрыс болып табылады.
М.Тынышбаевтың келесі бір археологиялық ескерткіші жайлы еңбегі –«Ежелгі Илан балық (Іле балық) қаласының орны туралы» атты баяндамасы. Баяндама 1454 – 1455 ж.ж. Монғол ханына барған Армиян патшасы Гайтонның маршрутында аты аталатын Илан-балық қаласының бүгінгі орнын анықтауға арналған.
Баяндамада автор В.В.Бартольдтің Илан –балықты Рубрук еңбектеріндегі Эквиус қаласымен баламалап, алтын –емел асуымен Іле өзенінің аралығында орналасқан деген пікіріне, сонымен бірге Фин археологы Геймельдің Илан –балықты Илан –Баш –Су өзенінің бойында, Шу өзенінің сол жағасында орналасқан деген пікіріне тоқталады. М.Тынышбаев Геймель айтқандай Шу өзенінің бойында ешқандай Илан –Баш –Су деген арнаның жоқ екендігін алға тартып, оның болжамымен келіспейді.
М.Тынышбаевтың хабарлауынша Алтын –Емел және Іле өзендірінің аралығында, почта станциясынан 15 верст жерде, Іле өзенінен 25 верст жерде көлемі шамамен 1 верст2 келетін ежелгі қала орны табылған. Қала Көктал өзініне тоғысатын Ұянкөл және Қызылжусан өзендерінің жағасында орналасқан. Қазір ол жерлерді халық «Қалмақ қорған» немесе «Қалмақ –күре» деп атайды. Автор қаланың қалмақтарға ешқандай қатысы жоқ, халық оны қалмақтар мен байланыстырып қателеседі дейді және бұл қала орнын орта ғасырлық Илан –балық (Іле балық) қаласымен баламалағанда жөн санайды.
1926 жылы М.Тынышбаев Қазақстанды зерттеу қоғамының тарих секциясында «Көк судағы үйінділер және Қайлақ (Қолық) баласы» атты баяндама жасайды.
Тарихтың атасы аталған Геродоттың жазуына қарағанда, басқа елдерді былай қойғанда ертеде Орта Азия мен Қытай мемлекеті үшін байланыстыратын дала жолдары, «Далалық сақ жолы» деп аталған. Ұлы Жібек жолы сауда жолы ғана емес, жаңа елдер мен жерлерді көріп, танып білуге асыққан саяхатшылардың да мәдениет өкілдерінің де жолы болды. Осы жолдың басында VІ ғасырдың ІІ жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Сары теңіз бен қара теңіз аралығын түгел қамтыған көшпелі түріктердің құдіретті империясы Түрік қағанаты қалыптасқан.Осы кезеңнен бастап Жетісуда аса ірі қалалар жүйе қалыптаса бастады. Соның бірі Қойалық –Қойлық қала болып табылады. VІІІ –ІХ ғасырлардағы Қарлұқтар заманында Іле алқабына халық қоныстап өсіп, олар ХІІІ ғасырдың басында кемеліне келеді.
Осы қатынастар мен қатар Қойлық, Іле –балық сияқты ежелгі қалалары іріленеді. Осы қалалар туралы деректер саяхатшы Рубруктың жазбаларында кездеседі. Ол 1253 жылы Буддистік ұйғырларды Іледен солтүстігіне қарай Қойлық қаласынан таптым деп жазады. Бұл дерек ХІ –ХІІ ғасырларда Буддистік ұйғұрлардың қарақытайлардың тұсында Іле алқабына келгендігін көрсетеді.
Бұл жағдай академик В.В.Бартольдтің М.Қашқаридің тұсында, қарақытайлар пайда болғанға дейін Баласағұн хандығын солтүстігінде мұсылмандық иелік болған жоқ деген пікіріне негіз болған. Қазақстан жеріне Монғол –татарлар басып кірер алдында қарлұқтың ханы Арслан билеген, орталығы Қойлық қаласы болған мұсылмандық иеліктің аты шығады.
Өз зерттеулерінде (Өлкетанушылық) М.Тынышбаев осы Қойлық қаласының тарихына да назар аударады. Оның пікірінше Қойлық қаласы өз тарихында бірнеші кезеңдерді қарлұқтық, қарақытайлық, қараханидтік және монғолдық кезеңдерді бастан өткізеді. Атап айтқанда, қарақытайлар билеген кезеңде мұсылмандар мұсылман емес императорға бағынышты, өз алдына билік құра алмады. Исламдықтың шығысқа қарай тарлаына әуел баста ұйғұрлар кедергі келтірді. Қарақытайлар билігі жойылған кезеңде Қойлық жан –жақты шаруашылығы, қолөнері, саудасы, ғылымы дамыған қалаға айнала алды.
М.Тынышбаевты өлкетанушы ретінде өз атамекенінің әрбір төмпешігі үйіндісі қызықтырады. Оның «Қойлық қаласы немесе Көксу үйіндісі туралы» мақаласы осындай ізденістің нәтижесі болатын.
М.Тынышбаев Таулы- Жалайыр болысының қазағы Керімқұл Назаровтың «Дүнген поселкесі орнындағы үйінді жөніндегі мәліметтері бойынша Қойлық қаласының тарихтағы алар орнын анықтайды. Керімқұл Назаровтың мәліметін талдауға сүйене отырып, ең алдымен ол сол географиялық орынға сипаттама береді. М.Тынышбаев «Дүнгенге» поселкесі Гавриловканың жанындағы түзу жол бойына орналасқан.Көксу өзені Қараталға Дүнгеннен 13 верст оң жағына құяды да, екеуінің қосылған жері Керімқұл айтқандай «Күркіреу» деп аталынады. Тастөбе төбешігі Қаратал өзені жағында Күркіреуден 4-5 верст, Гавриловканың солтүстік – батыс жағында 18 верста орналасқан. Керімқұлдың сөзі бойынша тұрғындар Көксу, сонан соң Қаратал арқылы солтүстікке кеткен. Өйткені жау оңтүстіктен келген. Кейінірек олардың қосылуы белгілі бір жерлерде ғана мүмкін еді. Керімқұлдың Шұбар селосы Қаратал өзенінің бойында орналасқан дегені кездейсоқ жіберелген қателігі. Өйткені оған оның Дүнгеннен Бақанастыдан 7-8 верст жоғары Көксу өзенінің жағына орналасқаны белгілі.
М.Тынышбаев Жетісу қоныстарының табиғи жағдайларға көп бейімделетіндігін көрсетеді. Жергілікті халықтар өзендер бойына қалай болса солай орналаса салмайтындығын, оны шаруашылығына, жаудан қорғануға икемдейтіндігін көрсетеді. М.Тынышбаев сонымен қатар жер атауларының мағынасына да толық түсініктемелер береді.
М.Тынышбаевты қарапайым қазақтың тарихи әдебиетпен таныс болмаса да өз елінің тағдырына шын жаны ашитындығы таң қалдырады.Олардың атадан балаға ауысып , зерделерінде сақталған торғауыттардың 1567 жылы Қара Ертісте, 1633 жылы Волгада, жоңғарлардың 1613 жылы Шуға жеткендігі жөніндегі дәл мәліметтер таң қалдырады. Қазақтың басына «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» 1723 жыл Қалдан- Церен атымен байланысты болса , оның жиені Әмір- Сана тарихта қалмақ мемлекетін түпкілікті күйретуші ретінде белгілі.
Керімқұлдың 1740 жылы Абылайханның қалмақтарды ойсырата жеңді деуі шындыққа жақын келеді. Оның 1400 жылы Көксу өзенінің бойында қираған қаласы Қойлық болуы мүмкін деп М.Тынышбаев деректерді салыстырады:Француз королі Людовик ІХ елшісі – Вильгельм Де Рубрук «Қарақытайлар тұрған тауға жолдағы үлкен өзенмен қайық арқылы өттім. Одан соң ең далада қираған бекініске тап болдым, содан соң парсы тілінде сөйлеитін мұсылмандар тұратын Эквиус деген әдемі қалаға кездестім де, Өте әдемі , көк шалғынды кең жазыққа шықтым. Сол күні оң жағынан биік тау қоршаған , солтүстігінде айналасы 25 күн жолдық үлкен базары, саудагерге толы Қойлық деген үлкен қаланы таптым дейді. Бұрын ол «Органум» деп атаған. Осыдан М.Тынышбаев мынадай қорытынды жасайды: Біріншіден, Рубрук қайықпен өткен үлкен өзен еш күмәнсіз Іле өзені, екіншіден, Қойлық қаласын тапқан өте әдемі көк шалғынды жазықтық – бұл Көксу мен Қаратал өзенінің жазығы.
Орта ғасырлық қалалардың бәріне тән тарих талқысын Қойлық қаласы да басынан кешірген. Керімқұл айтқан үйінді Қойлық қаласына жатады. Өйткені Рубрук маршруты бойнша мұндай жазықтық жоқ. М. Тынышбаевтың басқа тарихшылардан ерекшелігі Қойлық қаласының тарихын білуінде. Олай дейтін себебіміз Керімқұл Қойлық қаласының ұзындығы 12 верст деп, көлденеңі туралы ешнәрсе демейді.
Оған қанағаттанбаған М.Тынышбаев қаланың ұзындығы 12 верст шамасында, қалған 8 верст айналасы , ал ені 4 верст шамасында болғандығын анықтайды. Осылайша қала 45-50 шаршы верст алып жатқан жан-жақты дамыған үлкен қала екенін дәлелдейді. Ал «Қойлық» деген «Барании» (Қойлы) деген мағынаны білдіреді, дейді ол, өйткені қазақ адамға, жер-суға ат қоюда тілек пен әр түрлі ырымдарды немесе сол өңірді географиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа байланысты нышандарды негізге алған.
Қойлық қаласының тарихына өлкетанушылық тұрғыда талдау жасай келіп, М.Тынышбаев негізінде гүлденген ірі елді мекен болған қала туралы дерек ХІІІ- ғасырдың екінші жартысынан кейін сирек кездесетінін айтып, Әмір- Темірдің Жетісу өңіріне, оның қатарында Қапал уезіне ХІV-ғасырдың соңында жасаған дүркін-дүркін шапқыншылықтарынан кейін мүлдем кездеспеитіндігін мәлімдейді.
Сонымен, М.Тынышбаев сан қырлы деректерді, олардың қатарында жекеленген географиялық, топонимикалық атауларды молынан қолданған, адамдардың жадында сақталған тарихи аңыз әңгімелерді пайдалана отырып, Көксу үйіндісін жан –жақты зерттей отырып, ол жерде отрағасырларда шаруашылығы гүлденген, мәдениеті мен өнері дамыған Қойлық қаласы болғандығын дәлелдейді.
Лекция №9 Тақырыбы: Жаһанша Досмұхамедов.
Жоспар:
1. Өмірі
2. Қызметі
3.Мұрасы
Пайдаланатын әдебиеттер.
а)негізгі
1. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж
2.Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы «Ататек» 1995, 186-187- б.
3.Иночкин В,Карин А, Азалы кітап.Орал ,2001.75-б.
б)қосымша
1.Мақсат-Тәж-Мұрат. Батыс Алаш Орда.Биобиблиографиялық сөздік тәжірбиесі. Ақтөбе .2003. 93-б.
2.Төгісов К. Шығармалар жинағы. Алматы , «Алаш»,2003.22-бет.
ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында өз халқының егеменді ел болуын көксеген Батыс Алашорда үкіметін құрушы азаматтың бірі-Жаһанша (кейбір деректерде Жаһаншаһ деп көсетілді.-Р.М.)Досмұхаммедов.
Ол 1886жылы Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының Бұлдырты елді мекенінде дүниге келген. Жаhаншаның туған жылы турасында мұрағат құжаттар мен ғылыми әдебиеттерде әр түрлі мерзім көрсетіліп жүр.Мәселен,Мемлекеттік,Қауіпсіздік,мемлекетінің мұрағатына алған құжаттар «Досмұхаммедов Жақаншақ-қазақ .Партияда жоқ (айыпталған уақытта 44жаста ).1930жылы 31-шіқазанда Мәскеудегі «мал шаруашылығы»басқармасында аға экономист қызметін атқарып жүрген кезінде ,бұрынғы қазақ КСР ППОГУұйымдары арқылы Алаш партиясының ұйымдастырушыларының бірі және Алаш орда үкіметінің бұрынғы мүшесі болды»деген айыппен қамауға алынды»деп келтірілсе,алРесей Федерациясы Әділет министрлігінің Мәскеу қалалық сотынан алынған анықтамада «188жылы бұрынғы Орал облысы,Жаметай ауданында туып өскен» деген мәліметтер келтіріледі.
Ж.Досмұхаммедов 1896жылы Орал қаласындағы реалдық әскерт уеличесіне түсіп,оны1904жылы үздік бітірді.1906жылы белгілі қоғам қайраткері, заңгер Бақытжан Қаратаевтің ақылымен Санк-Петербург университетінің заң факултетіне түсіп,бұл оқу орнында орыс және Батыс ғалым заңгерлерінің озық ойлы еңбектерімен танысып, қазақ тәрізді кереге биліктен азматтық заңды билік түріне көшудің аса қажет екендігін ұғынды.
1911жылы Жаhанша Санк-Петербургт Императорлық университетінің заң факультетін үздік бітіргеннен кейін Оралға келіп, заңгерлік қызметке орналасады. Алайда, «Оарлски листок» газетіне қазақ халқының бұрыннан шешімін таппай келе жатқан жер мәселесі туралы мақала жариялап, жерге қатысты ойын ашық айтқанын сескенген Орал генерал губернаторы оның қызметін ауыстырып,Том қаласына жібереді,сөйтіп Жаһанша 1911жылдан1917жылдың ақпанында дейін Том қаласында әуелі адвокаттық қызмет кейіннен Том округтық сот прокурорының орынбасары қызметін атқарады.
1917жылы Ресейдегі ақпан революциясыннан кейін Ж.Досмұхаммедов саяси белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды.Ол уақытша қазақ комитетінің арнайы шақыруымен Оралға келіп,1917 жылдың 19-22сәуір аралығында өткен Қазақ Орал облыстық сьезіне қатысады.Сьезде уақытша үкметтің төрағасы болған Хабдулла Әлібеков-4- наурыз 19- ақпан аралығында атқарған қызметі жайында есеп беріп сиезге «призидум сайлау» турасындағы ұсыныс айтады.аталмыш сиезге қатысушы 800 делегат тарапынан Жаһанша бірауыздан сиез төрағасы болып сайланды. 1917 жылдың 19 мамырында шыққан «қазақ»газетінде бұл жайында: «Жұрт бір ауыздан прецедателдікке Жаһанша Досмұхановты серіктікке –Алпысбай Кәлменовты,Ғабдулла Әлідековты,хатшылыққа төрт кісі сайлаған.Прзидиум сайлауы біткен соң председатель Досмұхаммедов Алаш ұранды халықты құттықтап, бостандық бекуін тілеп, бостандықты әперген ерлермен таныстырды » деп жазылды.Бұл сьезде Орал қазақтары үшін аса маңызды жер,дін, азық түлік, бірқатар қарарлар қабылданды.
Ж.Досұхаммедов осы сьезде Мәскеуде өтетін бүкіл Ресейге мұсылманмен сьезіне делегаттыққа сайланады.
1917жылы 1-11ші мамыр аралығында Мәскеуде өткен бүкіл Ресейлік мұсылман сьезіне қазақ облыстарына,Түркістан,Кавказдан,Сібірден,Хиуа мен Бұқарадан және т.б.жерлерден 830-ға тарта делегат қатнасты.Батыстан Ж.Досмұхаммедов пен бірге Х.досмұхаммедов,Ғ.Әлібеков,У.Танашев,А.Темеріов сияқты қазақ зиалылары қатысқан.
Бүкіл Ресейлік мұсылман сьезіне қаралған басты мәселелер оқу ағарту,жергілікті басқару,жер,дін,әйел,Ресейдің мемлекеттік құрылысы,Ресейлік мұсылмандар кеңесін құру болды.
Мұсылман сьузінің қарағында бүкіл мұсылман істерін басқарып тұратын «Шура-И-Ислам»болсын деген қаулы қабылданды. «Қазақ»газетіне жарияланған «Шура-И-Ислам»атты мақалада бұл жайында: «Шура-И-Ислам»ағзасының бар саны-30. Оның10-ы ноғай,7-іТүркістандықтан ,5-іқазақстаннан, 2-іқырымнан,қалғандары Кавказ һәм Литвадан.Бірақ бұлар өкілдерін бір жола елден сайламақ болған.30-ағзаның ішінен 12-ікісі басқарушы болып Шура –И-Ислам жұмысын атқарып тұрмақ» деп жазды.13-ші мамырда бүкіл Ресейлік мұсылмандар кеңесі жиналыс өткізіп,Жаһанша Досмұхммедовты Шура-И-Ислам комитеті төрағасының орынбасарлығына сайлайды. Бүкіл Ресейлік мұсылмандар кеңесінің атқару комитетінің құрамында Жаһаншамен бірге Уалитхан Анашев,Зәки Валиди,Көлбай Төгісов және Ғ.Ходжаевтар болды.
1917жылы 21-26 шілдеде Жаһанша Досмұхаммедов Орынборда өткен І жалпықазақ сиезіне Орал қазақтары атынан қатысады.
Халел Досмұхммедовтың басшылығымен өткен бұл съезге Ақмола ,Семей,Торғай, Жетісу,Сырдария,Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей Ордасынан өкілдер қатысты . Съезде Құрылтай жиналысына депутат сайлау мәселесі көтеріліп, Орал мен Манғышлақ облыстарынан сайланатын депутаттардың тізімі жарияланды . Сондай-ақ, Ә.Бөкейханов ,У Танашевпен бірге Ж. Досмұхамедов та тамыз айында Киев қаласында өтетін федералистер съезіне белгілі бір себептермен 8 қыркүйекке қондырылды . «Сарыарқа » газетінде жарияланған Орал облысы
Атынан Құрылтай жиналысына сайланған депуттатар тізіміне Ж. Досмұхамедов турасында: «Жаһанша Досмұхамедов- өзгеріске шейін Томск окружной сот товарищ прокурор еді.Өзгерістен кейін ол орынды тастап , халыққа қызмет етіп жүр. Бұл күнде Петроградта Шура-и- Ислам ағзасы, социолист революционер» делінсе, ал «Қазақ» газетінде : «Жаһанша Досмұхамедов- юрист, Петроградтағы Шура-и- Ислам ағзасы» деген мәліметтер келтірілді.
Ж. Досмұхамедов Орынборда 5-13 желтоқсан аралығында өткен ІІ жалпықазақ сиезіне арнайы шақырылды. Бұл сиезде «ұлттық автономия» мәселесі қарастырылып, осы мәселе төңірегінде екі топ құрылды.
«Тез арада автономия жариялау» мәселесін көтерген 33 делегат арасында Ж. Досмұхамедов та болды. Ал бұл топқа «қарсы» топ арасында «Алаш» партиясы құрушы зиялылар Ә.Бөкейханов пен А.Байтурсұновтар болды.М.Шоқай,Ә.Кенесарин мен А.Шегіровтар
бұл мәселеге дауыс беруден қалыс қалды.Сиез шешімі бойынша Алашорданың халық кеңесінің мүшелеріне Ж. Досмұхамедов сайланды.
1918-жылдың наурыз айында Алашорда үкіметінің шешімімен Жаһанша мен Халел Досмухамедовтар Мәскеуге келіп, Кеңес өкіметінің Қазақ автаномиясына позициясынаанықтау мақсатында
В.Ленин және И.Сталинмен келіссөз жүргізген. Кеңес өкіметінің талаптары орталық Алашорда үкіметінің ойынан шыққын, келіссөз тұйыққа тірелгеннен кейін де Жаһанша бастаған делегеция Совнаркомда Алашорда өкілдерінен тұратын Қазақ комисариятын құру жұмыстарымен айналысты. 29-наурызда Мәскеудегеі Жаһанша мен Халел Ғаббасовқа «Кеңес үкіметі барлық облыстарда қамауға алынған қазақ қайраткерлерін босату туралы бұйрық бергендігі, «Алашорданың үкімет алдына қойған шарттарына тайау арадажауап беретіндігін уәде еткендігін, сондай-ақ, қазақ комиссариятын ашу мәселесіне рұхсат етіліп , оның құрамын бекіту Алашорданың құзырына қалдырғандығы» турасында жеделхат жібереді.
Жаһанша 1918-жылы мамыр айында Жымпипыда өткен IV Орал облыстық сиезінде төрағалық етіп, осы сиезде «Ойыл уалияты» Уақытша үкіметтің төрағасы болып сайланды.
Б9л сиез жөнінде мұрағаттағы мына бір құжатта: «Ауылда жаңа сыбыс. Ж. Досмұхамедов Мәскеуден келді, болшевиктермен ұлттықавтономия туралы келісті.Басқарма Жымпитыға көшірілді. Таңға сиезге келдік.Бірінші сөзді . Ж. Досмұхамедов алды »,-делінген.
Жымпиты сиезінде Алашорданың басқару ұйымының әкімшілігімен халық милициясы құрылды.Алайда,бұл кензде Алашорданың Батыс бөлімшесі мүшелерінің арасында өзар келіпеушілік қалыптасқан еді. Өйткені, Мәскеуге барып келген Алашорда мүшесі Х.Досмұхамедов пен оның орын басары Поповтың дүниетанымында болшивиктерге деген өзгеше көзқарас туындады.
Оралға келгеннен кейін олар Казак әскери үкіметіне болшивиктердің дінге қарсы екенін, сондықтанда да олар үкімет басынаұзақ тұрақтай алмайтын, олардыңұсынған ұндеуіне (Саратовта Кеңес үкіметін қолдап оған келісу туралы қол қойған құжат) қызылдардың күштеуімен қол қойылғанын баяндады.
Жаһанша облыстық замоство басқарма отырысында мүлде басқа мазмұнда баяндама жасап, онда: «Болшевиктердің көмегімен жүзеге асқан ойлармен нағыз шаралар сан жағынан Кеңес үкіметінде көп, бүкіл Ресей мойындаған жұмысшылармен барлық халықтың, шаруалар топтарының сұраныстарын қанағаттандыруда. Кеңес үкіметінің жағдайы мықты және берік. Кеңес үкіметін саяси күш ретінде қазақ халқыда мойындау керек.»-деп көрсетті . Осы баяндамасы үшін Жаһанша сотқа тартылды. Алайда, әкери үкімет басшысы Х.Досмұхамдов пен уақытша үкімет комисары Бизяновтың басшылығымен шешім ауыстырылып, Жаһаншаға Оралдан кетуге тыйым салынды.
1918-жала қыркүйектк Ж.Досмұхамедовқа қазақ атқару комитеті атынан Колучке (Самардағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті РМ) мүше болып кірді. Сондай-ақ 1918-жылдың 8-23 қыркұйек аралығында өткен Уфа кеңесіне қатысады.
Жаһанша бастаған делегация «Ойыл уалятын » таратып, оның орнына Батыс алашорда үкіметін құрды . Батыс алашорда үкіметін Ойылға көшіріп, өзі Жымпитыда қорғаныс комитетін құрады. Батыс Алашорда жетекшілері Орал облысында орныққан Кеңес өкіметінің ықпалынан алыстап , дербес билікті сақтап қалуға тырысып , өздерінің большевиктерге беруін талап еткен шартына келіспей, тең құқылы қарым қатынас орнатуға тырысты. Халел мен Жақанша арасында кейбір істер жөнінде келіспеушіліктер болғанымен де,Алашорда үкметінің Батыс бөлімшесін құруда екеуінің ойлары бір болып, ұлттық аумақтық автономия құруда бірлесе күресті.
Алаш орда үкметінің нақты қызметі Ж.Досмұхаммедов,К.Жәленов,И.Қашқынбаев,Х.Досмұхаммедовтердің қол қойған «Алашорданың Батыс бөлімшесіндегі қазақ үкметінің қызметі туралы» баяндама хатта:
«Біз Алашорда өкілдері,өзіміздің қазақ өлкесіндегі сасяси басшылық пен Уақытша үкімет басшылығына халықтың өз таңдауымен, халықтың өз қалауымен келгенімізді мәлімдеуді қажет деп есептейміз.Қиын- қыстау кезеңде басшылықта болған біз өз шама-шарқымыз мүмкіншілігімізге қарай өз халқымыздың еркін қалауын жүзеге асыру жолында қызмет істедік.
Сеніп тапсырған билікті өз еркімізбен Кирвоенкомға бере отырып,біз бұл әрекет қазақ халқының басты арманы-автономиялық басқару идеясына қызмет етеді немесе қызмет етуге тиіс.Әзірге жалпы мемлекеттік билік жағдайында өз-өзін сақтау мақсатымен қазақ халқының өз мемлекеттік аппараты болуға тиіс деген саяси ойды жақтай отырып, біз қазақ өлкесін басқарушы жоғарғы ұйымдарға міндетті түрде қатысуымыз керек деген ниетпен аулақпыз.Сонымен бірге өлкедегі автономиялық билікті жүзеге асырушылардың қандай да болсын саяси сенім,нанымдарына қарамастан,біз өзіміздің барлық күш-жігерімізбен билігімізді, еңбегімізді қазақ өлкесінің гүлденуі үшін жұмсауға әзірміз.
Біз тек тағы да «өңін айналдырған» ұлы державалық үстемдік пен құлдықтың орнауына, сондай-ақ, қазақтардың тағы да ұлы державалық ұлттың саяси қызметшісі мен қолшоқпарына айналуына барлық жан-тәнімізбен қарсымыз»,- деп көрсетілді.Бұл баяндама хатта В.И.Ленинге,И.В.Сталинге,Л.Д.Троцкийге Жаһанша өз қолымен табыстады.
Қызыл армияның революциялық комитеті дала жұртын Кеңес өкметінің тәртібіне бағынуға шақырады.Алашорда Батыс бөлімінің төрағасы Жаһанша да қазақ халқын Кеңес өкметін мойындау қажеттігін айтып,бір тәртіпке бағынуға шақырады.
1920жылы 5наурызда Алашорда үкметінің Батыс бөлімі таратылып, оның мүшелеріне кешірім жасалып,олар қазақ даласынан оқшау жерлерге қызметке жіберілді.
1920ж.қыркүйегінде Жаһанша Бас тоқыма басқармасының жолдасымен Түркістан Республикасы халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып,ташкент қаласына жіберілді. Ол бұл қызметпен қоса Түркістан Республикасы Орталық атқару комитеті қазақ бөлімінің хатшысы міндетін де атқарды.1922-1924ж.ж. «Жаһанша Ташкенттегі мәдени ағарту «Талап» қоғамының тапсырмасымен қазақ тіліндегі алғашқы қылмыстық кодексті әзірлеп, қазақ халқының мәдениетін, тарихы мен салтын жастарға үйретуге қыруар жұмыстар жүргізді.Ташкент қаласында құрылған «Талап» қоғамының 103-ке тарта мүшесі болып, оны Халел Досмұхаммедов басқарды.Қоғам мүшелері 1жылға 120сом көлемінде мүшелік жарна төлеуге ,сондай-ақ, қазақхалқы мәдениетін дамытуда ,жастарға ұлыттық өнерді үйретуде, қазақ мектептеріндегі оқу ісін қадағалап,қазақ тілінде арнайы оқулықтар шығаруға міндеттеледі.
1928
-1929 жылдар аралығында Ж.Досмухамедов Қызылорда қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық банкісіне заң кеңесшісі болып қызмет етеді. Ал 1930 жылы Мәскеуге ауысып «Скотовод»басқармасында аға экономист болып істеп жүрген кезінде тұтқындалып «Кеңес үкіметіне қарсы әрекет жасады, астыртын ұйым құруға атсалысты»деген айыптармен Воронеж қаласына бес жыл мерзімге жер аударылды.Ақыры жоғарыда айтылған айыптармен ол 1938 жылы тағыда тұтқындалып,Үштіктің шешімімен РСФКР ҚК 58-8,58-10 баптары бойынша ату жазасына кесілді.Жаhанша 1938 жылы 16-мамырда Орал облыстық сотының шешімінің ақталы.Ж.Досмұхаммедовтың мемлекеттік және саяси қызметі ғасырлар бойы бодандық бұғауында күн кешкен қазақ жұртын дербес ел болуға, қазақ халқының әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтеруге арналғандықтан, оның өмір жолдарын саралап көрсету зор міндет.
Лекция №10 Досмухамедов Халел (1883-1937).
Жоспар:
1 Өмірі
2 Қызметі
3 Мұрасы
Пайдаланатын әдебиеттер.
а)негізгі
1.Нұрпейісов К. және т.б. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы «Санат» 1996, 89- б.
2.Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы «Ататек» 1995, 186-187- б.
б)қосымша
1.Нұрпейісов К. және т.б. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы «Санат» 1996, 94- б.
2.М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж
Досмухамедов Халел(24,4,1883,Қызылқоға ауд,-23.4.1939)-Алашорда көсемдерінің бірі,ғылым, публист.Орал реалдық училещесін үздік(1903),С-Петербург Императорлық Әскери академиясын алтын медалмен (1909)бітірген. 1903-13ж.Пермь губерниясында 1-Түркістан,2-Орал орыс қазақ атқыштар батальонында әскери дәрігер,1913-17ж.Темір уезінде дәрігерлік қызмет атқарды. Д.1905 жылдан бастап саяси күреспен айналыса бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанның бес облысының игі жақсылары бас қосқан Оралдағы жиынға қатысып, қазақ халқының тәуелсіздігін ту еткен Алаш қозғалысының жұмысына белсене араласады. 1913 жылы әскери дәрігерлік қызметін тастағаннан кейін біржолата Алаш қозғалысына ден қойып оның саяси қызметіне араласа бастаиды. 1913 жылы “Қазақ”газеті ұйымдасқанда оның тұрақты авторы ретінде қатысып отырды. 1917 жылдың Ақпан ревалютсиясыннан кейін Д. Қазақстанның батысында Алаш қозғалысын өрістетіп, 1917ж-19-22 сәуірінде өткен,
800-ден астам делегат қатысқан Орал облыстық сьезінің жұмысына белсене араласып,облыстық камитет мүшелігіне саиланды. 1917ж.1-11 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресеилік мұсылмандар сьезіне делегат ретінде қатысып бүкілресеилік саяси күреске тартылады.1917ж21-26 шілдеде Орынборда өткен бүкілқазақтық сьезге төреғалық етіп,онда Бүкілресеилік құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылды.1917жылдың 5-13 желтоқсан күндері Орынборда өткен бүкілқазақтық сьезіне төрт адамның бірі ретінде сьездің тең төреағасы болып сайланып, 15-адамнан тұратын “Алашорда” үкіметінің мүшелігіне өтеді. “Алашорда” тапсырмасы бойынша Д.Жаhанша Досмухамедовпен бірге 1918 ж.РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төреғасы В.И.Лелин және Ұлт істері Халық комиссиясы В.И.Сталинмен Алашорда және Кеңес үкіметінің арақатынасына байланысты келісөздер жүргізілді. Азамат соғысы жылдарында Алаш қозғалысының бір орталыққа бағынған біртұтас қызметін жүргізу қиынболып қатысып,2-Бүкілқазақтық сьезде (5-13 желтоқсан 1917) Алащорда үкіметіне мүше болып сайланды.1917-18ж.Алаш автономиясы Уақытша Сібір үкіметі, Комуч,Башқұрт үкіметі, Сібір облыстық думасы, Уфа директориясы атыннан Колчактың Омбы үкіметімен келісөздер жүргізді.
1918ж2-сәуірде Ә. Бөкейханов және Х.Ғаббасовтармен бірге Семеиден тікелей байланыс арқылы большевиктер үкіметінің басшылары Халық Комиссарлар Кеңесінің төреағасы В.Лелин,Ұлт істері Халық комиссары И.Сталинмен Алаш автономиясын тану жөнінде келісөздер жүргізеді.1919ж.Алашорда үкіметі күшпен таратылғаннан кеиін Семеи губрекованың мүшесі, кеиін Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-рев крмитетінің мүшесі әрі төреағасы болып қызмет атқарды. 1920 ж17 тамызда Лелин төреағалық еткен мәжлісте болашақ ҚАКСР шекарасын белгілеу мәселесі бойынша баяндама жасап, қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалды. 1921-22жҚарқаралыда халық ағарту ісімен айналысып,1923ж Томскидегі оқуын бітіреді.1924-25жСемей губ.атқару комитеті мен губ.жоспарлау комитеті төреағасының орынбасары,1925-26жҚАКСР Мемлекеттік жоспарлау комитет төреағасының орынбасары қызметтерін атқарды.1926 жылдан біріңғайғыл.-педагоктык қызметке көшіп,Қазақ жоғары пед.ин-да оқытушы, жаратылыстану математика ф-тінің деканы(1926-28),Қазақ мемл.ун-тінде (1930 жылдан Қазақ пед.ин-ты)доцент,Қазақ мемл.зоотех.-мал дәрігерлік ин-да доцент,проф. Кафедра меңгерушісі (1929,1932-35).Қазақ тау-кен металургия ин-тында проф,математика және теориялық мехарика кафедрасының меңгерушісі (1935-37) Кубышев жоспарлау институнда кафедра меңгерушісі (1938) Шымкент техналогия ин-да математика кафедрасының меңгерушісі(1947-48)Қарағанды тау-кен ин-тының аға оқытушысы (1955-58) қызмет атқарды.1958 жылдан кеиін ғыл.-педагогтык қызметтен біжолата шеттетілді.
Е.Кеңес үкметіне комунистік репресиялық жүиеге қарсы қызметті Алаш партиясын құрысып Алашорда үкіметіне мүше болғаны үшін бір неше рет жазықсыз жазаға тартылды. 1930-32ж М.Әуезовпен бірге екі жыл түрмеде отырады. 1938-47жрепресияға ұшырап сталиндік лагерде азап шегеді,бір жылғы үзілістен кейін 1948 ж қамауға алынып 1955ж деиін түрмеде отырады.
Е.жоғарғы математикалық сталистика ықтималдық теориясы математикалық терминалогия мәселелері жиынтығы бірқатар ғыл. Еңбектермен естеліктердің авторы.
Лекция №11 Тақырып: МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935)
Жоспар:
-
Өмірі мен қызметі.
-
Шығармашылығымен еңбегі.
-
Қоғамдық қызметі.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
а)негізгі
1. «Жүз тұңғыш » Алматы 2005 ж
2. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж
б)қосымша
1. Данагүл Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті» алматы 2004 ж.
2. М. Құлмұхаммед «Алаш бағдарлымасы» қиянат пен ақиқат Алматы 2000ж
Лекция мәтіні
1885 – жылы 25 – қаршада Қостанай обылысының Жангелдин ауданындағы Қазбек ауылында туған, 1935 – жылы 5 – қазанда айдауда жүріп, Карелияның Беламор – Балтықө каналы бойындағы Сосновец дейтін бекетінде қайтыс болды. Мәйіті 1992 – жылы қазан айында туған жері Бидайық (қазіргі М. Дулатов) ауылына әкеліп қайта жерленді.
Тұңғыш қазақ романының авторы;
Бастауыш мектеп балаларына арнап тұңғыш оқулық жазған жазушы.
М. Дулатов 1885 – жылы 25 – ноябрьде қазіргі Қостанай облысына қарасты Сарықопа деген жерде туған. Алғашында ауыл мектебінде 12, жасынан бастап Торғайдағы екі кластық орыс – қазақ училищесіне оқыды. 1902 – жылы педагогиклық курсты бітірген соң ауылда мұғалім болып істей жүріп, өзінің бүкіл бос уақытын білім көтеруге, орыс және шетел жазушыларының туындыларын игеруге арнайды.
1905 – жылы революциялық оқиғалар тұсында ол Қарқаралыдағы шеруге қатысқандар қатарында болады. Қазақстан конституциялық – демократиялық партиясы дейтіннің Оралдағы өткен сьезіне қатысады, ал 1909 – жылы оның делегаттарының құрамында Петербургке барады.
1909 – жылы Қазанда басылған «Оян қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағы М. Дулатовтың атын көпке мәлім етті. Қысқа мерзімде екі рет басылып шыққан бұл жинақ та қатталып, автордың үстінен «іс» қозғалып, автор патша үкіметі тарапынан қуғындауға түседі. Бір жарым жыл бойы ақын абақтыда қамауда болады.
1910 – жылы Қазанда оның «Бақытсыз Жамал» романы, ал 1913 – жылы Орынборда «Азамат» атты өлеңдер жинағы, 1915 – жылы «Терме» деген әдеби – публицистикалық кітабы жарық көрді.
М. Дулатовтың ақын, жазушы әрі публицист ретінде қалыптасуына оның «Қазақ» газетінің редакциясында Ахмет Байтұрсыновпен бірге еңбек еткен кезеңі ерекше із қалдырды. Газет бетінде ол саяси бағыттағы өлеңдер, сол кездегі Қазақстанның өміріндегі қиын – қыстау жағдайларға байланысты публицистикалық материлдар бастырды.
М. Дулатов болса азаттық қозғалыстағы осынау буржуазиялық – ұлтшылдық ағымның белді басшыларының бірі есебінде Алашорданың жетекшісі Ә. Бөкейхановтың ең бір сенімді серігі болып алды.
Бірақ көп ұзамай өмірдің, нақты болмыстың өзі қате түсініктерін аяусыз сейілткен М. Дулатов 1919 – жылы Алаш орданың басқа да көп деген қайраткерлерімен бірге Совет өкіметі жағына шығады.
1925 – жылы аяқ шенінде Қазақстанда революцияға дейінгі интеллигенция қараткерлерін қудалау басталды да, оларға Алаш орда қозғалысын қайта қалыптастыруға астыртын әрекет етіп жүр деген нақақ тағылады. Осындай ойдан шығарылғн айыптар бойынша М. Дулатов қамауға алынады да, 1930 – жылы апрелінде ОГПУ коллегиясының шешеімі бойынша ату жазасына кесіледі, бірақ кейіннен бұл үкім 10 жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырылады. Ол 1935 – жылы 5 – октябрьде Соловецкідегі лагерьде қаза табады
Тұңғыш өлеңі 1907 – жылы Петербургте алғашқы шыққан “Серке” атты қазақ газетінің бірінші санында жарияланады. Ол газаеттің екі – ақ саны шығып, сонан соң жабылды.
Міржақыптың алғашқы өлеңдер жинағы “Оян қазақ” 1909 – жылы жарияланып, елге тез тарап кетеді. “Оян, қазақ” 1911 – жылы екінші рет басылып шағады. “Оян, қазақ” кітабының сыртқы бетінде ақынның:
-
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты!
Өткізбей қараңғыда бекер басты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харап боп,
Достарыңызбен бөлісу: |