«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі» пәні бойынша



бет7/16
Дата13.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
#133478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Лекция №14 Тақырыбы. Сейфуллин Сәкен (1894-1938)

Жоспар:

  1. Өмірі

  2. Қызметі

  3. Мұрасы


Пайдаланылатын әдебиеттер:

а)негізгі

1. «Жүз тұңғыш » Алматы 2005 ж

2. М. Жолдасбекұлы, А. Сейдімбек, Қ. Самюраұлы «Ел тұтқа» Астана 2001ж

3. Данагүл Махат «Қазақ зиялыларының қасіреті» алматы 2004 ж.

б)қосымша

1. М. Құлмұхаммед «Алаш бағдарлымасы» қиянат пен ақиқат Алматы 2000ж

2. «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» Алматы 2002 ж.

3. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы 2004 ж.



Лекция мәтіні
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазу-шысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.Туып өскен жері –Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908) , үш кластық қалалық училищеде (1908 -1913) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913 -1916) оқыған Омбыда қазақ жастарының «Бірлік қауымын», Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған. Ақмолада Совдепі президиумының мүшесі (1917). КОКП мүшесі Ақмолада совдепшілерімен бірге тұтқындалып (1918) Атаманның « азап вагонында » 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан.Ақмола атқару комитетінің төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі (1920). Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық атқару Комитеті Президиумының мүшесі. (1920). «Еңбекші қазақ » газетінің редакторы(1922).

Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы(1922-1925).Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының (Каз.АПП) басшысы (1925). БК(б) П Өлкелік коммитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі (1926). Қызылорда халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры (1927). «Әдебиет майданы» журналының редакторы (1932). Қазақтың коммунистік журналистика институтының

профессоры (1934). Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол ,тайғақ кешу » мемуарлық роман жазған.

«Бахыт жолында», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бахыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.

Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С.Сейфуллин әдебиетінің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени – рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойынының құнарлығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегінің мәні зор.

Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.

Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бахыт пен бостандық әкелушідеп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жөнінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп-көктеуіне пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады. Алайда мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген, мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды таңдаған ұлтжандардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды. Демек, тарихи тұлғалардың тағдырын парақтағанда олар қандай жолды таңдағаны бойынша бағаланбауы керек, халқына қаншалықты қызмет еткені, қаншалықты еңбек сіңіргені, қаншалықты жілігі танитын мұра қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы берілуге тиіс.

Тарихи әділдіктің де, ғылыми-әдіснамалық объективті ұстанымның да қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға.



Лекция №17 Тақырыбы: : Тұрар Рысқұлов. (1894-1938)

Жоспар:

1. Өмірі

2.Қызметі

3.Мұрасы

Пайдаланатын әдебиеттер

а)негізгі

1. Қ. Салғараұлы. “ Ел тарихының әйгілі тұлғалары” Алматы 2000 ж. 116 бет.

2. Қоңыратбаев О. Т. Рысқұлов Қоғамдық – сакяси және мемлекеттік қызметі. Алматы. “ Қазақстан ” 1995 ж 280 бет.

б)қосымша

1. М. Жолдасбекұлы. Қ. Салғарұлы. А. Сейдімбек. “ Елтұтқа

2. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. ”Астана “ KUZ TEGIN ” баспасы. 2001ж. 114 бет.

Лекция мәтіні

Т. Рысқұлов – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20 – 30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер. Ол туралы 1922 жылы 20 қарашада М. С. Энштейн былай деп жазды: “Рысқұлов Тұрар жолдас есімімен Түркістандағы кеңес өкіметінің, даму тарихының тұтас бір дәуірі байланысты болған қайраткердің бірі. Т. Рысқұловтың есімі айналасына партия қайраткерінің белгілі бір тобын топтастырған және сонымен қатар басқа топтың қарсы күресін тудырған ту.” Рысқұловтың қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметін зерттеудің қиыншылығы да аз емес. Өйткені зерттеу объектікінің ауқымы кең әрі тым қайшылықты. Зерттеу барысында

Т. Рысқұлов өмір сүріп, қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи процестер мен саяси оқиғалардың сырына барынша терең үңілуге тура келді. Т. Рысқұлов ұзақ жылдар бойы, нақтырақ айтқанда 1916 – 1937 жылдары аралығында, ірі мемлекеттік істер мен саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді. Ал, бұл кезең еді. Сондықтан да

Т. Тұсқұлов қоғамдық - саяси және мемлекеттік қызметін зерттеу – сол кезеңнің де тарихын зерттеу деген сөз. Бұл Т. Рысқұловтың қоғамдық - саяси және мемлкеттік қызметтінің Түркістан кезеңін зерттеуге арналған.

Қазақтың ардагер азаматы, белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов 1924 – 1925 жылдары Монғол Халық Республикасында Коммунистік Интернационалдың уәкілі қызметін атқарды. Ол Монғалияға 1924 жылы қазан айында келіп, 1925 жылы шілде айына дейін тоғыз ай қызмет істеді. Т. Рысқұлов Монғалияға келген кезде елдің саяси, әлеуметтік - экономикалық жағдайы қандай еді? Дүниені дүр сілкіндірген Шыңғыс хан империясы феодалдық бытыраңқылықтың салдарынан ыдырай келе ақыры ХVII ғасырдың ақырында Манжурларға жем болған еді. 1691 жылы халықа Монғолдар (қазіргі Монғолия немесе сыртқы монғолия деп аталады) Манчжурлар үстем болған Қытайдың Цин империясының қоластына өтеді де, 1758 жылы бұл империяның жазалаушы әскерлері ұлт – азаттық қозғалысқа көтерілген ойраттар (тарихта бұл мемлекет Жоңғария деп те аталады) мемлекетін жер бетінен құртып жібереді. Сөйтіп монғол халқы 200 – ден астам жыл бойы Цин империясының қанауында болды.

ХХ ғасырдың басында адамзат тарихында болған өзгерістер, әсіресе отар елдер халқының ұлт – азаттық қозғалысының өрлеуінің нәтижесінде олардың тәуелсіздікке қолы жете бастаған еді. Тарихтың осындай қолайлы кезеңін пайдаланған Монғол халқы патшалы Россияның көмегіне сүйене отырып, 1911 жылы Цин империясының қанауына қарсы көтерліске шығыс, елдің ұлыттық тәуелсіздігін қалпына келтірді. Монғолияда тәуелсіз теократиялық монорхия орнады. Тәуелсіз монғол мемлекетінің сырт жағдайы ауыр да күрделі еді. Қытай мемлекеті Монғолияның тәуелсіз ел болғанын мойындағысы келмеді. Россия, Қытай, Монғолия үшеуінің арасында 1912 – 1915 жылдары жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Монғолия автономиялы құқықты Қытайдың сюзеренитетіндегі ел болды. Осыны пайдаланып 1918 жылы Қытай әскері Монғолияға баса көктеп кірді. 1920 жылғы желтоқсанда советтік Росияның территориясынан қуылған ақтардың генаралы борон Унгерн Қытай әскерлерін қуып шығып Монғолияға басып кірді. Осындай жағдайда Монғолияның отаншыл күштері бас қосып шет ел басқыншыларына қарсы күреске Монғол халқын жұмылдырды. Советтік Россияның әскери күшіне сүйенген монғол революционерлері 1921 жылы шілде айының 11 жұлдызында ақгвардияшылдарға соққы беріп Монғолияның астанасын азат етеді. Сөйтіп Монғолияда ұлыттық демократиялық революция жеңіске жетеді. Ұлттық демократиялық революциялық күрес нәтижесінде Монғол халқының қолы тәуелсіздікке жетті. Монғол халқының тәуелсіздігінің тағдыры екі көршінің советтік Россия мен Қытайдың Монғолия тұрғысында жүргізген саясатына байланысты еді. 1921 жылы советтік Россия мен Монғолияның арасында жүргізілген келісімдер бойынша Монғолия мен Россияның ара қатынасы жолға қойылды. Ендігі кезекте екінші көрші Қытай елімен ара қатынасты жолға қою мәселесі тұрды. Революция жеңген жылдардан соң моңғол халқының алдына қойылған негізгі мәселе елдің саяси, әлеуметтік – экеномикалық және рухани өміріне демократиялық өзгерістер жасау болды. 1921- 1924 жылдары осы бағытта бірсыпыра шаралар жүзеге асырылды. Халық революциясының бастапқы 2-3 жылында Монғол халық партиясы мен халық өкіметі жер мәселесін шешу, бұхараны басыбайлықтан азат ету, еңбекші бұхараға ауыр жүк басып келген өткен заманның алым - салықтарын жою, шет ел саудагерлері мен өсімқрларына төлейтін борыштан халықты азат ету, сөйтіп әлеуметтік өмірге демократиялық өзгеріс енгізуге бағытталған шараларды жүзеге асырды.

1921 жылы халық өкіметінің қаулысы бойынша Монғол мемлекетінің барлық жер – су монғол халғының дәулеті сондықтан оны жеке меншікке беруге болмайды деген шешім қабылданды.

Сондықтан оны жеке мекшіке беруге болмайды деген шешім қабылданды. Мұнан кейінгі жылдары да халық өкіметі жер меншігі туралы, оны пайдалану тәртібі туралы бірнеше шешім қабылдады. Монғолияда жер мәселесін осылай шешу феодалдардың жер меншігін жоюға, олардың бұл меншікке сүйеніп халықты қанауына тыйым салуға, малшылардың экономикалық жағдайын жеңілдетуге едәуір әсер етті. Дегенмен жер – суға өкімет меншігінің үстемдігі осы кезден басталған еді. Жер – суға. Жер – судың өкімед қолына шоғырлануы оны иесінен айыруға әкеп соқты. Жер – су иесіз қалды. Жер – суды экономикалық тұрғыдан дұрыс пайдалануға ешкім көңіл бөлмейтін болды. Әрине жер – судағы өкіметтің жеке дара меншігінің зардабы дәл осы кезде біліне қойған жоқ, бұл зардап уақыт өткен сайын күшейіп отырғандығы бүгінгі күнде айқын болып отыр.

Шет ел саудагерлері мен өсімқорларға халықтан борыш төлетуге тыйым салынды. Ревалюциядан бұрынғы Монғалияның бір шаруа қожалығы шет ел саудагері мен өсімқорларына 540 млнға борышты болған. Халық өкіметі 1921 жылы шілдеде шет ел саудагерлеріне борыш төлеуді кейіндету туралы, жаңадан олардан қарыз алуға тыйым салған шешім қабылдады да Монғолияға Тұрардың келер алдына ғана шет ел саудагерлері мен өсімқорларға борыш төлеуге тыйым салды.

1921 жылғы революцияның нәтижесінде өкімет билігі бұқара халық қолына өткенін мемлекеттік Ұлы Хұрал заңдастыруға тиіс еді. Дегенмен, ревалюциядан соңғы 2 – 3 жылда елдің ішкі, сыртқы жағдайы қиын да күрделі болғандықтан 1924 жылға дейін Ұлы Хұралды шақыруға мүмкіндік тумады. 1924 жылы мамыр айында хұқығы шектелген хан дүние салып, елде демократиялық республика жариялауға мүмкіндік туды. Монғолияда республика жариялаған тұңғыш Ұлы Хұрал туралы, Хұралдың жұмысына Т. Рысқұловтың қалай қатысқандығы туралы мәселе кітаптың соңғы тарауында сөз болады. Т. Рысқұлов Монғолияға келген кездегі елдің саяси экономикалық және әлеуметтік хал жағдайы міне осындай еді. Рысқұлов Монғолияға келген соң елдің өмірінде болған өзгерістерге мұқият талдау жасай отырып соның нәтижесінде өзінің алдында тұрған міндеттерді тұжырымдауға Т. Рысқұловтың Монғолияда атқарған іс - әрекетіне байланысты архив құжаттары көп жыл бойы оқырман жұрттың назарынан тыс қалып келген еді. . Бұл құжаттардың біразы бұрынғы совет одағы Коммунистік партиясы орталық Комитетінің Москвадағы орталық архивінде жабулы жатты. Бұл құжаттарға оқырмандарды былай қойғанда, осы тақырыппен айналысатын ғалымдардың да қолы жетпеді.

Тұрар Рысқұлов – мемлекет қайраткері, саяси күрескер, ұлттық тұлға сталиндік репрессияның құрбаны. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде “халық жауы” деген жаламен тұтқындалып, 1938 жылы 10 – ақпанда Мәскеудегі Лубянкада атылған. 1956 жылы ісі қайта қаралып, толық ақталды. Содан бері де ол туралы мерзімдік басылымдарда қаншама ғылыми зерттеу мақалалар жазылды. Алайда соларда айтылған ой – тұжырымдары әрқалай. Бірі оның сан қырлы қайраткерлігін жоғары бағаласа, бірі бұрынғы таңылған айыптарын қайталап, қаралаумен келеді. Бұдан оған деген репрессиялық әлі күнге жалғасып жатқанын көреміз.

Бала Тұрардың өзгеше алғыр зеректігін алғаш танып, оған ден қойған – инженер Мұхаметжан Тынышпаев жалындай өткір Тұрар 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетіне төреға етіп сайланды. Бұрын бұл өнірде жергілікті ұлт өкілдерінен мұндай билікке ешкімнің қолы жетпеген.

Сол жылдың қазан айында Ташкенттегі Түркістан республикасы кеңестерінің VI – сезінде қатысып, Түркістан орталық Атқару комитетінің құрамына кіреді. Ал қарашаның 28 – күні Аштықпен күрес бойынша Орталық төтенше комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалған. Бұрын Түркістанға астық Ресейдің сібір өлкесінен және Солттүстік Кавказдан әкелініп, бұл жақтан мал өнімдері мен мақта шикізаты алып кетілетін. Арада ай өтпей жатып, Тұрар Рысқұлов денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалады. Аштыққа ұшырағандар саны 2 миллоннан асқан. Басқындар ішінде қатерлі аурулар шығып, тез тарап, күресті одан сайын қиындатып жіберді. Рысқұлов камиссариат жұмысын шұғыл қайта құрып, қолдағы бар дәрі – дәрмекті қатаң есепке алып, дендеп кеткен жұқпалы ауруларға пайдаланды... Рысқұловтың ұйымдастырғыш қабілетінің арқасында, табанды күресінің нәтижесінде 1 миллион 200 мыңнан астам адам аштық тырнағынан аман қалды. Егер бұл іске Тұрар Рысқұловтың өзі сұранып, жанын салып кіріспегенде, жағдайдың мүлдем басқаша болары хақ еді. Бұдан Рысқұловтың ұлытына деген шын жанашырлығы көрінді... 1919 жылы 14 – 31 наурыз күндері Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының 11- концеренциясы өтті. Конференция орталық Комитеті жанынан Мұсылман бюросын құру жөнінде шешім қабылдады. Мұсбюроның төрағасына

Т. Рысқұлов сайланып, құрамына Н. Ходжаев, Ю. Алиев,

Ю. Ибрагимов және А. Мұхамединов бекітілді. Мұсбюро аз уақыттың ішінде, партия жұмысын елдегі мұсылман халықтарының мүддесі тұрғысынан жүргізудің арқасында, зор беделге ие болды... 1919 жылы 24 – 25 шілдеде Түркаткам, Түркістан халық коммисарлар кеңестері, Ревалюциалық әскери кеңсе Ташент кеңесінің атқару комитеті және ескі Ташкент атқару комитетінің бірлескен мәжілісі болды. Оған Т.Рысқұлов төрағалық етті. Мәжілісте “Республикадағы экономикалық саясат туралы” мәселе қаралып, қызу талқыланыды. Рысқұлов сөз алып, бірқатар комиссариаттарды қатаң сынады. Санап қана қойған жоқ, алдағы уақытта олардың жұмыстарын жақсардудың жолдарынан да тың пікірлерін ортаға салды. Рыспубликада ірі өндіріс орындарының болмауын сылтауратып, құр босқа уақыт өткізбей қолөнер кәсіпшілігін дамытуда, сауда – саттықты жандандыруды, комерциялық ұйымдар құруды тілге тиек етті. Рысқұлов қай мәжілісте де ұлт мәселесіне келгенде, өз ұстанымынан танбады. Яғыни принципшілігіне танытты. Кеңестердің 1919 жылы 29 – қыркүйекте VIII – сезінің қортынды мәжілісінде Түркаткомның құрамы жаңарып, төрағасына И.А. Апин сайланды. Оның бірінші орынбасары және Республика экономикалық кеңесінің төрағалығына Т.Рысқұлов тағайындалды. Съезд міндетіне жүрдім – бардыммен қараған шовенистік пиғылдағы А. Казаковты, К. Соркинді және Г. Темлянцев республика аумағынан тез кетуін талап етті. Олар қазан айында өлкелік партия комитетінің шешімімен партия мүшеліктерінен шығарылды. Партия қатарынан шығарылған әлгі үшеу қарап жатпады. Республикадан да кете қоймады.

25 – қарашадағы өлкелік партия комитетінің пленумында Түріккомиссия мүшелері оларды қайта партияға қабылдамақшы ниеттерін білдіргенде, Т.Рысқұлов “Біріккен мәжілісте бұл жолдастардың партиядан шығарылуы туралы шешімге болатын. Түріккамиссия бұларды партияға қайтадан қабылдаған жағдайдың өзінде де, оларға бәрібір Түркістаннан кетуге тура келеді. Өйткені мұсылмандар мен сорокин, Темлянцев және казаковтың бірге істеуге ақылға сыймайтын іс,” – деп үзілді – кесілді қарсы тұрды. Рысқұловтың бұл талабын Түркаткамның орындалмасқа лажы қалмай үшеуі республикадан аластатылды. 1920 жылдың 21 қаңтар күні республика басшылығында үлкен өзгерңс болды. Түркаткамның төрағасы

И.А. Апин Мәскеуге шақыртылып, орнына Т. Рысқұлов сайланды ол сол күнгі мәжілісте Халыққа білім бері комисариятында шешімін тауып, жолға қойылмай жатқан түйінді мәселерді айта келіп, оларға көмектесудің орнына кедергі келтіріп жүрген. Азық түлік, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы комисарианттарын өткір сынға алып, Атқару комитетіндегі қызметкерлер жұмыстарын жаңаша ұйымдастырды.

1920 жылы 17 – мамырда Т. Рысқұлов Түркістан Республикасының өкілетті делегациясын бастап мәскеуге келді содан 25 – мамырда Ленинге “Түркістан Республикасының жағдайының жоспары” деп аталған баяндамасын тапсырады. 9 беттен тұратын бағдарламасы бар соның 5 және 6 – тармақтарын былай тұжырымдаған . “Түркістан Республикасындағы барлық өкімет билігі Түркістан Республикасы Кеңестерінің съезіне, Түрікаткомға және Түркістан Республикасының халық комиссарлар кеңесіне берілсін халық комиссарлар кеңесі орталықтан келетін табанды қызметкерлермен нығайлатылсын. Түркістан Кеңес Республикасының автономиялығы туралы ереже бекітілсін, ол үшін Түркістанның нақты жағдайының материалдарынзерттеп, тексеретін алдын – ала арнайы комиссия құрылсын”,”Түріккомиссиясы таратылсын”деген. Сталин мен Рудзутакқа жазған хаттарында Рысқұлов Түріккомиссия мүшелерінің түркі халықтарының тұрмыс – салтын, әдет – ғұрпын, табиғи болмысын білмейтіндерін айтып, кездей соқ келген жандарға теңеген. Тарихшы В. Григорыв ”Түркікомиссия мүшелерітүркі халықтарының еуропалықтардан ерекшіліктерін түсінбегендіктен, Лениннің өзін шатастырып отырған”, дейді. Рысқұловтыв халқы үшін жанкешті ісін кейін Ян Эрнестович Рудзуток қана түсінді. Әуелгіде ол қателесіп:” Рысқұлов таза мұсылман мемлекет орнатқысы келеді,” деген. В. Куйбышев” Рысқұлов партияның шығыс саясатын жүргізуге аса қауіпті адам,” – десе, В.Фрунзе:” Рысқұлов буржуазиялық көзқараста ,”- деп бағалаған. Осы дүмбіл пікірлердің салқыны әлі күнге дейін кейбір зерттеулердің еңбектерінен сезіледі. Көптеген Рысқұлтанушы оны жіберген саяси қателіктері үшін Түркістан Республикасының барлық қызметінен босатылды деп жүр. Жоқ олай емес. Оны қызметтерінен ешкім де босатпаған. Ленин Түркістан Республикасы жайындағы ұсыныстарын бекітпеген соң, наразылық ретінде өзі бар қызметінен бас тартып, отставкаға шыққан. 1967 жылы Д .А. Қонаев өз қателігін жуып – шайып комиссия құрып, Рысқұловтыы бүкіл өмірін, қызметін зерттеуге тапсырады. 1974 жылы Тұрар Рысқұловтың 80 – жылдығы аталып өтті. Осыдан кейін арысымызға деген көзқарас біршама түзелді.

Осы уақытқа дейін Т. Рысқұловтың сталинге жазған хаттары белгісіз болып келуі тарихшыларымыздың осалдығы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтының бұл мәселеге назар аудармауы. Ал архив қызметкерлері мұндай құнды материалдарды не өздері жарияламайды, не қолға берілмейді. Жалпы, Т.Рысқұлов Сталинге 2 хат жолдаған. Біреуін 1932 жылдың жаз айында, екіншісін 1933 жылдың басында. Ал екінші хаттан кейін Голощекин Москваға шақырылған Қазақстан өлкелік партия ұйымын басқаруға кейінен халық құрметіне бөленген. Л. И. Мирзаен (1933жылы) келеді. Ашаршылық жылының ащы шындығын айтып Ғ. Мүсірепов бастаған бір топ адам ресми хат жолдағаны белгілі. “әйгілі бесеудің хаты” деген атпен жұрт аузында жүргені болмаса, хат Қазақстан Крайкомынан аспай, архив шаңына көміліп қалып қойған. Жариялылық кезеңінде бұл хат жарық көруге тиіс. Сондай – ақ, Ә. Жанкелдин де орталық комитетке хат жолдаған деген сөз бар. Анық – қанығы белгісіз. Өз басым көрген жоқпын. (қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы – драматург Шерхан Мұртазаев, лениншіл жас, 1 – көкек, 1988 жылы жазған)

Т.Рысқұлов жайлы сонау балалық шағымнан білем десем ателеспесем керек. Тұрар аға біздің үйде жиі болушы еді. Менің есімде ап – анық қалғаны – Ташкент қаласында тұрған кезіміз. Ол кезде Тұрар аға орта Азия ( Түркістан) үкіметінің құрамында жұмыс істеді. Біз ол кезде Долинский көшесінің 17 – үйінің, ал Тұрар ағаның отбасы 15 – үйде тұрды. Жиі үйге келетін . Әкемен ( Мұхаммеджан Тынышбаев) түн ортасына дейін ұзақ әңгімелеитін ол бізбен ақжарқын мінезбен сөйлесетін. Қайырымды да, қарапайып, көпшіл кісі де Тұрар аға. Кейде асық ойнайтынбын әр келген сайын печены, конфет әкелетін. Біз қазақ институтында оқығанымызда да жиі келіп, жатақанамызға оқулықтар тарататын. Келген сайын қазақ балаларының жағдайын сұрайтын. Оларға көмектесетін. Сол жылдары қазақ институтының есігі қазақ ауылдарынан келгендерге ашық еді. Мектеп ашты. Келгендердің бәрін оқытуға күш салды. Оны мектеп оқушылар өте жақсы көрді. Мектепке Тұрар аға келгенде оқушылар лезде оны қоршап алатын. Мұндағы оқушылардың барлығының аттарын ол жатқа білетін. Мәскеудегі РСФСР – дің Совнаркомында төрағаның орынбасары болғанда “Шығыс киносы” студиясын құрды. Осы студияға белгілі – белгілі қайраткерлерді шақырды. “ Түркісіп” деректі киносын шығаруға тікелей көмектесті. Т.Рысқұловтың 1920 жылдың екінші жартысы – 1922 жылдың бірінші жартысындағы қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметін мынадай 3 кезеңге қарастырып көрген жөн:

Т.Рысқұлов саяси қуғындалу кезеңінде ( 1920 ж екінші жартысы),

Т. Рысқұловтың РСФСР Ұлт істері халық комиссариатының Әзербайжандығы өкілетті өкілі болып қызмет істеген кезеңі ( 1921 ж),Т.Рысқұловтың РСФСР Ұлт істері комиссариатының Москвадағы орталық аппаратындағы қызметі ( 1921 ж – 1922 ж ). Бірақ біз бұл кезеңдердің ара – жігін ашып көрсетіп жатпадық, өйткені тарихи оқиғаны баяндағанда ішкі сабақтастық сақтағаны жақсы. Т.Рысқұловтың 1920 ж 18 шілдеде өзін Түркістан Республикасындағы барлық қызметінен босату туралы өтініші қанағаттандырылған соң, ол біраз уақыт кезекті еңбек демалысына шығады. Бұл еңбек демалысын Т. Рысқұловтың 1916 жылдан бері алып отырған алғашқы еңбек демалыс болатын, өйткені 1918 20 жылдарда оның қысқа мерзімге болса да еңбек демалысында болғанда дерек жоқ, архив құжаттарының мәліметтеріне сүйене отырып. Т.Рысқұловтың осы жолдардағы әр күнгі қызметіне тоқталып, жүйелеп шыққан кезде осындай қортындыға келдік, ал 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерлісі мен 1917 жылғы екі бірдей әлеуметтік ревалюция кезінде ондай демалыстың болуы мүмкін де емес – тін. Т.Рысқұлов Түркістан Республикасындағы өзінің үш жылдық мемлекеттік және қоғамдық саяси қызметі барысында қатты қажыған болатын, ұлт мәселесі төңірегіндегі саяси күрес оны барынша титықтатып кетті. Сондықтан да Т. Рысқұловтың ұзаққа созылған саяси күрестен соң тынығып, шығармашылықпен айналысу үшін демалыс сұрағанын түсінуге болады, бірақ қалыптасқан шиеленісті саяси ақуал мен оқиғалардық одан әрі даму барысы Т. Рысқұловқа осы қысқа мерзімді демалысты да пайдалануға мұрша бермеді. Түріккомиссия Т. Рысқұлов тобының

“ саяси жеңілісін” заңдастыруға асықты, бұл “ жеңісті” тезірек ресмилендіру үшін Түріккомиссия пленумын шақыруға құлшына кіріседі. Түріккомиссия пленумы Түркістан Республикасы Кеңестерінің кеңесті IX съезін шақыру мәселесін де шешуі тиіс болатын. Кезінде аталған съезді шақыруға Т.Рысқұловқа мүмкіндік бермей, оның шақырылуын түрліше сылтаулармен алғашында 1 айға сосын 3 айға артынан 5 айға кейінге қалдыртқан Түріккомиссия, енді бұл съездің шақырылуын қызу жақтай бастады. 1920 жылы сәуір айында

Т. Рысқұловтың ұсынысы мен Түркістан Республикасы Кеңестерінің кезекті IX және Түркістан Коммунистік партиясының кезекті V съездерінің шақырылуын әзірлеу үшін съездері шақыру туралы арнайы комиссия құрылған болатын, бірақ шешім қабылданған мәжілістегі дауыс басымдығын пайдаланып бұл комиссияның құрамына Түріккомиссияның көзқарасын жақтайтын адамдар көптеп еніп кеткен еді. Съездерді шақыру туралы комиссия атынан жасалған баяндаманы талқылауға Т.Рысқұлов та қызу араласты. Т. Рысқұлов бұл комиссияның атқарып отырған қызметін өткір сынға алды, баяндаманың жағдайы тек өзіне тиімді тұрғыда ғана суреттеп шыққанын айыптады.

Съездерді шақыру туралы комиссияны ұйымдастыру туралы жоспарды өлкелік партия комитеті мен Түркаткомның ескі құрамы ұсынған болатын дейді Т. Рысқұлов.Біз Т.Рысқұлов ұсынған жұмыс жоспары қабылданбады.Сырттай құрылған комиссияның құрамы мен жұмыс жоспарына Т. Рысқұлов наразылық білдіреді, өйткені оның құрамында шовенистік ниеттегі орталық өкілдері көптеп еніп кеткен еді. Келешеке съездерге делегаттарды іріктеу мәселесін комиссия жергілікті ревкомдардың басшыларымен келіспей, керісінше ерекше бөлім мен төтенше Комиссияның арандатушы тыңшылары арқылы жүргізуде дейді. Т. Рысқұлов ерекше бөлімнің тыңшылары әр обылыстан, әр уезден кімді сайлау керек, кімді қай қызметке тағайындау керек, кімді қызметтен алу керек, кімді кімге қарсы қою керек, кімдерді “ қылмыскер”,

“ ұлытшыл” етіп көрсету керек, кімдердің қылмысын жасыра тұру керек және т.б. осындай “ аса маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша”. Съездерді шақыру туралы комиссияға кеңес беріп отырды.

Т.Рысқұлов осы дөрекілікті нақты деректерге сүйене отырып дәлелдеп берді. Мысалы, съездерге сайлау барысында қарсылық

іс - әрекет көрсету мүмкін деген сылтаумен Әулиеата уездік ревкамының төрағасы Қ. Сарымолдаевты қызметінен алып тастаған, осындай әдіспен Сырдария обылыстық партия комитетінің мүшесі Жылысбаевты заңсыз қуғындап, орнынан алған, және бұл әрекетті комиссия өлкелік партия комитетінімен де, Түркатком төралқасымен де келіспей Комиссия бұл қайраткерлерді орнынан алу туралы ерекше бөлімнің бұйрығын бұлжытпай орындаған, өйткені Қ. Сарымалдаев та, тағы да басқалары да негізінен Т.Рысқұловтың саяси бағытын қолдаған адамдар еді. Т. Рысқұловтың пленумдағы саяси қарсылықтары да қарап қалмады, олар өздерінің өкілдері

П. Г. Константинопальский арқылы Т .Рысқұловтың барлық сын – ескертпелерін жоққа шығаруға, оның ұсыныстарының өтіп кетуіне жол бермеуге тырысты. Негізгі мақсаты Т. Рысқұловтың сөзінің “ қателігін” дәлелдеу болған П.Г. Константинопольский өз сөзінде көмиссия мен ерекше бөлімнің бүкіл қызметін ақтап алуқа күш салды. Пленумда шовинистердің ірі өкілі – И. Любимов пен Т. Рысқұловтың арасында шиеленіскен саяси пікірталас орын алды. Т. Рысқұлов бастаған саяси топтың бұдан ар тағдыры туралы бірер сөз. Олардың тағдыры туралы баяндалған құжаттардың ішінен, Түрікомиссияның жаңа құрамының мүшесі

Г. Сафаровтың 1920 жылы 3 қазанда Ташкенттен Москваға, тікелей

В.И. Ленинге жазған хатындағы мәліметтер ауқымдылығымен көзге түседі, сондықтан да осы хатты таныстыра кетейік. В. И. Ленинге Түркістан Республикасының саяси жағдайы туралы мәліметтерді хабарлай келе және Түріккомиссияның ұлт саясатына тоқтала отырып Г. Сафаров былай дейді: Барлық жерде біз басшы етіп мұсылмандарды, ал орынбасары етіп орыстарды қойып жатырмыз иә, қандай ойластырылған амал дейсіздер ғой, кейінірек егер бірінші хатшы қазақ болса, онда орынбасары міндетті түрде орыс болатын, не керісінше, бірінші орыс болса, екінші қазақ болатын саясат сонау 20- шы жылдардың басында - ақ қалыптаса бастаған ғой! Ұлт мәселесін шешудің кеңестік үлгісі . Одан әрі өз хатында Г. Сафаров “ Рысқұловшылдардың ” тағдыры мәселесін тоқталады: “ Тағы да Рысқұловшылдар туралы: Тұрсынходжаев – Бұқарада.” Олардың Алиевтері де сонда. Бесиров сынды жас бала

( малодой мальчик) жұмысшы факультетіне түсті де, қазірше саясаттан кетті. Н. Ходжаев қазірше “ демалыста”

1920 жылы жазда Москвада аяқталған Комиттерінің II конгресі Шығыс халықтарының съезін шақыру туралы шешім қабылдайды. Азамат соғысының негізгі шайқастары аяқталып, батыстың ірі капиталистік елдерінде болатын социалистік революцияларға деген сенім біртіндеп сөне бастаған бұл уақытта, РКП (Б) орталық комитеті. Шығыс елдердегі ұлт – азаттық қозғалыстарына ( батыстың капиталистік елдерінің отарларындағы) көңіл бөліп, үміт арта бастаған еді, сондықтан Комиттерынің бұл шешімі РКП ( Б) орталық комитеті мен В. И. Лениннің тарапынан бірден қолдау тапты

Бұл мандаттарды қолына алғаннан кейін Т.Рысқұлов Ташкентте көп кідірмей, 13 тамызда жолға шығады. Т.Рысқұловтың аттанған күні дәл осы 13 тамыз екенін дәлелдейтін архив құжаты сақталған. 1920 жылы 10 тамызда таңертеңгі сағат 7 – де Ташкенттен, Түркістан атынан Нәшібаев деген кісі Әулиеата қаласынан жеделхат жіберген, жеделхатта Т. Рысқұловтың 13 тамызда Бакуге аттанатыны сондықтан да Тлеубердиев деген кісіден барлық қажетті құжаттар мен материалдарды тез арада беріп жіберуді өтінген және бұл құжаттардың Түріккаткомға қажет болып отырғаны баяндалған.

Т. Рысқұлов аттанып кеткеннен кейін 1920 жылы 23 тамызда ТКП Уақытша орталық комитетінің толық мәжілісі өткізілді. Мәжіліс Түркістан Республикасында Түріккамиссияның саяси жағдайдың толық қожасы болып отырғанын көрсетті. Мәжілісте РКП ( Б) орталық комитетінің Түркістан Республикасына келіп жеткен жаңа комиссарлық органы – Түрікбюроның Түркістандағы саяси жағдай туралы мәлімдемесін тыңдады. Мәжіліске қатысқандардың құрамының өзі сол кездегі Түркістан Республикасының саяси жағдайының қалай болғанын сездіріп тұр.

Мәжіліске: ТКП уақытша орталық комитетінің мүшелері – И. И Ибрашимов Қ. С. Атабаев, В. Р. Домбровскеий,

В.П. Билик, Плетнов, Семенов, Рабинович, Н. Төреқұлов

( төрағасы), С. Қасымходжаев, С.А. Асфендияров, Түркістан майданы саяси бөлімнің

(Ерекше бөліммен шатастырмау керек) төрағасы – Вотник; Түркістан Республикасы темір жолдары саяси басқармасының төрағасы - Лознер; Түрікатком төралқасының мүшелері - Ширинский, А. Рақымбаев (төрағасы), Н. Ходжаев; Түріккомиссияның алғашқы құрамының мүшелері – В.В. Куйбышев, М.В. Фрунзе; орталық комитетінің Түркістан Бюросының ( Түрікбюро) Ташкентке келіп жеткен мүшелері – Г сафаров, Я.Х. Петерс, Г. Я. Сокальников; Түркістан Республикасы халық комисарлар кеңесінің төрағасы - И. Е. Любимов қатынасты. Т. Рысқұлов Баку қаласына Москва арқылы барған болуы керек, өйткені архив құжаттарының мәліметтері дәл болмаса да оның Москва арқылы жүргенін көрсетеді. Түріккомиссия мүшелерінің өтінуі бойынша РКП (Б) ортақ Комитеті Т. Рысқұловты Түркістан Республикасынан тезірек алып кетуге тырысты. Орталық Комитетінің саяси Бюросы Т.Рысқұловты РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының құрамына жұмысқа жіберу туралы шешім қабылдады, бірақ ондай шешімнің қай күні шығарылғаны туралы зерттеушілердің арасында пікір әртүрлі. Мысалы В.К. Григорьевті дерегі бойынша, 1920 жылы 24 тамызда орталық Комитетінің саяси Бюросы орталық Комитетінің Ұйымдастыру Бюросының Т.Рысқұловты РСФСР Ұлт істері жоніндегі халық комиссарының екінші орынбасары етіп тағайындау туралы шешімін бекітеді. Тарихшы А.В. Панфилов Т. Рысқұловты бұл қызметке 1920 жылы күзде тағайындады деп көрсеткен. Ал, В.М. Устиновтың зерттеулеріне қарағанда, В.И Лениннің тікелей басшылығымен өткен РКП (Б) орталық Комитетінің саяси Бюросынын 1920 жылы 14 қазандағы мәжілісінде БОАК – тың мүшесі Т. Рысқұловтың мәселесі талқыланып, оны РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының қарамағына қызметке жіберу туралы шешім шығарылады.

Сонымен, барлық деректкрді өзара салыстыра талдаған кезде және архив құжаттарының жанама мәні бар деректеріне қосымша сүйене отырып, біз В. М. Устиновтың дерегі дұрыс деген қортындыға тоқтадық. Ал, егер В. К. Григорьевтің дерегі дұрыс болған жағдайда Т.Рысқұлов Мосваға, өзі жаңадан құрамына кірмеген РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатына соғып, ары қарай Бакуге аттанған болып шығады, егер В.К. Григорывтың архив құжаттарымен өте ыждағаттықпен жұмыс жасайтын тарихшы екенін ескерсек, онда мұны да теріс деуге болмайды. Өз сөзінде Т. Рысқұлов, егер батыс европалық мемлекеттерде социалистік ревалюциалар комунизм мақсаттары үшін іске асырылатын болса, онда бұл жолды Шығысқа да тән деген пікірге қарсы дәлелдер келтіреді. Егер - дейді

Т. Рысқұлов, - Батыста социалистік қозғалыс коммунистік сипатта өтетін болса, онда біз таза комунистік қозғалысқа иек арта алмаймыз. Бұл қозғалыс Шығыста ұсақ буржуазиялық сипатқа, ұлыттық өз тағдырын өзі шешу жолдағы қозғалысқа, Шығысты біріктіру жолындағы күрес сипатына ие болады. Бірақ бұл қозғалыс сөз жоқ әлеуметтік қозғалысқа, аграрлы қозғалысқа ұласады (қол шапалақтау). Шығыстағы коммунистік қозғалыстың сипатына Т. Рысқұлов дұрыс анықтама берген, бірақ осы бір – ақ маңызды тұстарынан басқа өз сөзінде ол ештеңе айта қоймаған. Шығыс халықтарынан I сезінде

Т. Рысқұловтың саяси беделі өте жоғары болды, яғни

2 мыңнан аса делегаттардың басым көпшілігі коммунистер және коммунистік бағытта жақтаушылар болса Т. Рысқұлов съездің осы коммунистік фракциясының жұмысына жетекшілік етті, артынан төрағалықты Г.Е. Сеновоевке тапсырады. Өкінішке орай, съездің коммунистік фракциясы өткізген мәжілістердің стенографиялық есептері сақталмаған, сонда да болса біз бұл мәжілістерде Т. Рысқұловтың үлкен аяси пікірталастар ұйымдастырғанын білеміз.

В.В. Куйбышевтің 1920 жылы 9 тамыздағы хатында атап көрсетілген тапсырмаларды орындауға тырысқан Е.Д. Стасова съезді Т.Рысқұловтың іс - әрекетіне құрағы бақылау қоюға тырысты съездің коммунистік фракциясының өте барысына тоқтала келіп ол былай деп жазады: Съездің фракциялық мәжілістері қызу пікірталас жағдайында өтті, өйткені біздің қазіргі орта азиялық республикаларымыздың кейбір өкілдері, атап айтқанда Рысқұлов, қатты шатысқан көзқарас тұрғысынан сөйлегендіктен де оларға өз қателіктерін түсіндіруге тура келді. Е. Д. Стасованың әділетсіз іс - әрекетіне Г.К. Орджоникидзе назары болған болуы керек, себебі фракциялық мәжілістердің бірінен соң оның тарапынан ескерту алғанын да атап көрсеткен. Съездің фракциялық мәжілістерінде өткен пікірталастардың мәнін тек архивтерде сақталып қалған құжаттар арқылы ғана білуге болады. Шығыс халықтарының

I съезі өтіп жатқан уақытта съездері кейбір делегациялардың, атап айтқанда, Кавказ, Түркістан, Сібір, Монғолия, Тибет, Персия және Үндістан делегацияларының кейбір өкілдері өзара бас қосып, Кеңестік Россияның Шығыс халықтарына қатысты жүргізіп отырған саясатын қатаң сынға алады. Бұл саясаттың бар қыр сырын егжей – тегжей талқыға салғаннан кейін, олар өз пікірлерін білдіріп В.И. Ленинге арнайы жат жазады. Хат тезис түрінде жазылған, хаттың соңында аталған делегациялардың 23 мүшесінің қолы бар, ал Түркістан Республикасы атынан қол қойған адам – Т. Рысқұлов. Хатпен В. И. Ленин Т. Рысқұловтың ұйымдастырумен жазылған, деген тұжырымға алып келді, себебі хаттың негізгі мазмұны орталық комитетінің Түркістан Республикасында жүргізіп отырған ұлыттық саясатын сынауға құрылған. Хаттың 1- тармағында былай деп атап көрсетілген. “ Орталықтың соңғы уақытта шығыс аймақтарына қатысты жүргізген барлық саясаты түп – тамырымен өзгертілсін және (шығыс халықтарына, бұдан әлде қайда кең түрде автономиялы құқықтар берілсін, өйткені алғашқы кезде автономиялы құқықтар берілсін, өйткені алғашқы кезде түрліше шығыс халықтарына берілген, автономиялар ” өз мақсатына жеткен жоқ және түздік еңбекшілер өкімет (мемлекет) құрлысына мүлдем тартылмайды. Бұл тармақтаған “ шығыс халықтары ” Түркістан халықтары екені өзінен - өзі түсінікті, себебі ескі Россия империясының құрамында болған халықтар қағаз жүзінде болса да “ ұлыттық автономияны ” алған болатын; Шығыс халықтарының 1 съезінде 2 үндеу, атап айтқанда, біріншісі: Шығыс халықтарын отаршылдар мен империалистерге қарсы күреске шақырған, екіншісі, Европаның, Американың және Жапонияның жұмысшыларын Шығыс халықтарының ұлт – азаттық күресіне көмектесуге шақырған үндеулер қабылданды. Шығыс халықтарының

1 съезінде комиттерінің шығыстағы іс - әрекетін жүйелеп, реттеп отыру үшін “ Шығыстағы насихат және іс – қимыл кеңесі” құрылды. Бұл кеңестің жұмыс орталығы ретінде үш қала Баку, Ташкент және Иркутск белгіленді. Осы үш қаладағы орталықтарға Шығыстағы барлық елдердің географиялық жағынан үш аймаққа топтасқан бөліктеріндегі іс - әрекетті басқару жүктелді. Мысалы, Баку орталығына алдыңғы Азия мен Кавказ елдері ( Түркия, Араыия, Серия, Египед, Армения, Грузия, Азербайзан, Дағыстан ), Ташкент орталығына - орта Азия ( Түркістан Бұқара, Хиуа, Қазақстан, сондай – ақ, Башқұртстан, Татарыстан, Кашмир, Индия, Ауғаныстан, Алтай) және Иркутск орталығына – қиыр Шығыс елдері ( Қытай, Корея, Монғолия, Маньчжурия, Сібір және Жапония ) бекітіліп берілді. “ Шығыстағы насихат және іс – қимыл Кеңесінің” құрамына 48 мүше, атап айтқанда : С. М. Киров,

Г. К. Оржоникидзе, Е. Д. Стасова, Н.Н. Нариманов, М. Павлович, Исмаил хакки, Гайдархан, Ф. Махарадзе, Д. Қорқымасов және т. б. кіргізілді. Бұл кеңестің мүшелігіне Түркістан Республикасы делегациясынан өкіл болып Т. Рысқұлов, Т. Жанұзақов және т.б. сайланды. 1920 жылы 8 қыркүйекте Баку қаласының “ Азаттық ” алаңында опасыздықпен өлтірілген 26 Баку комиссарларын жерлеу рәсіміне Т. Рысқұлов та қатысады. Т. Рысқұлов Түркістан Республикасының делегациясының мүшесі ретінде шығыс халықтарының 1 сиезінің жұмысына қатысып жатқан уақытта, Түркістанда ұйымдастыруымен оған қарсы бағытталған саяси науқан толастамады. Түріккомиссияның тапсырумен Түрікатком төралқасының жаңа төрағасы А. Рақымбаев Баку қаласында, Түркістан Республикалық делегациясының басшысы Т. М. Геллерге арнайы жеделхат жолдап, онда Т. Рысқұловтың съезде сөз сөйлеуіне жол бермеу үзілді кесілді тапсырылған. Түрікбюроның 1920 жылғы 23 қыркүйектегі жеделхатымен танысқан соң И. В. Сталин мен Н.Н. Крестинский Ташкентке

Г. Я. Сокольников пен Гасфаровтың атына №119 – шы жеделхат жіберген, жеделхаттың жіберілген күні 1920 жылғы 2 қазан РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты құрылған күнен бастап – ақ, оның басшылығында Большевиктердің ірі өкілдерінің бірі, революцияға дейін РСДРП орталық комитетінің құрамында ұлт мәселесі бойынша данышпан “ реоретик” саналып үлгерген, кейінгі он жылдықтарда социалистік - әлеуметтік революцияның барлық демократияның идеяларын аяқ асты етіп, ұлы орыстың астамшыл шовенистік рухқа арқа сүйеген тоталитарлы коммунистік қызыл империя құрған, адамзат баласы тарихында бұрын – соңды болып көрмеген қанды қырғынды ұйымдастырушы – И.В. Сталин отырды

Ұлыты орыс емес коммунистердің ұлы орыстың шовенизмді орыстардың өзінен әлде қайда қатыгездікпен іске асыратыны туралы В.И. Лениннің кейінгі жылдардағы пікірі тегіннен – тегін айтылмаған еді. Ескі патшалы Россияның орнына, барлық бұрынғы аумақтың шекті сақтай отырып жаңа коммунистік империя құруға тырысқан

В. И. Ленин И. В. Сталиннің тап осындай адам екенін ревалюцияға дейін де білетін және социалистік ревалюциядан соң қйымдастырылған кеңес үкіметіндегінің құрамындағы Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының кандидатурасына адам таңдау кезінде В. И. Ленин

И.В. Сталинді ұсынды И.В. Сталинді таңдап, Т. Рысқұловқа РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында И.В. Сталин сынды келешек қанышермен қызметтес болуына тура келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет