Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі


Негізгі алмасу және су-электролиттік баланс



бет2/6
Дата10.06.2024
өлшемі41.62 Kb.
#502503
1   2   3   4   5   6
Ашық сабақ

Негізгі алмасу және су-электролиттік баланс
Балаларда негізгі алмасу ересектерге қарағанда жоғары. Сондықтан дәрілік заттар үлкен дозада тағайындалады. Жаңа туған нәрестелердің және емшек жасындағы балалар денесінің 70-80% су құрайды (ересектерде 55-60%). Сондықтан сұйықтық жоғалту өте айқын білінеді. Электролиттік баланстың ерекшелігіне анион мен катиондардың жетіспеушілігі немесе артық болуы, организмнің жоғары сезімталдығы жатады (әсіресе хлор). Хлордың денеде көп болуы улануға әкеледі, ал көп рет құсу мен іш өту хлорды жоғалтуға ұшыратады. Нәтижесінде осматикалық қысым төмендеп, клетка ішілік сұйықтық плазмаға өтеді де, эксикоз пайда болады.

Су электролиттік баланстың жас балаларда ересектерден айырмашылығы, ол метаболикалық ацидоздың жиі орын алуы мен тез өршуі.


Тері жамылғылары
Жаңа туған нәрестенің терісі өте нәзік, «бархыт» тәрізді жұмсақ. Терісі тез жарақаттанғыш, өте жұқа және борпылдақ келген эпидермалды қабаттан тұрады. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты терінің құрылысы да әр түрлі болып өзгеріп отырады. Тері өте маңызды қызметтер атқарады. Тері мен тері асты майы тереңде жатқан басқа ағзаларды сыртқы ортаның әсерінен қорғайды. Нәресте терісінің қорғану қабілеті жетілмеген. Зақымдалған тері қабаты микробтардың денеге енуіне ашылған қақпа. Дұрыс күтім болмау салдарынан нәрестелердің бұты, қолтық асты, мойын қатпарлары бозданып, қабынады. Балаларда терінің зақымдануы химиялық заттардан және әр түрлі температураның әсер етуінен де болуы мүмкін.Көмірқышқыл газы мен судың бөлінуі арқылы терінің дем алу қызметі іске асырылады. Бұл құбылыс балаларда ересектерге қарағанда жылдам жүреді.Тері дене жылуын бақылайтын ағза. Нәрестеде дене жылуын реттеп отыратын орталықтың қызметі және тері бездері толық жетілмегендіктен денесінің тез тоңазуы немесе тез қызуы жиі кездеседі.
Сүйек – бұлшық ет жүйесі
Балалар сүйегінің серпілгіштік және иілгіштік қасиеттері жоғары. Ол сүйек құрамындағы тұздардың аздығына, сүйек тысының қалыңдығына және қан тамырларының көптігіне байланысты. Сүйек тысы сүйектерге иілгіштік қасиет береді және оларды ауыр жарақаттардан қорғайды. Тиген соққының күшінің әлсіреп, сүйек тұтастығының сақталуы серпілгіш шеміршектердің эпифиздік өсу аймағына байланысты.Балаларда ғана ұшырасатын сынықтар бар: сүйек тысы астындағы сынық, «жасыл шыбық» тәрізді сынық, эпифизиолиз (эпифиздің өсу шеміршектері аймағында тайып кетуі), остеоэпифизиолиз (эпифиз немесе метафиздің бір бөлігі қоса сынып, өсу шеміршектерінің шығып кетуі).Жаңа туған нәрестелердің бұлшық ет жүйесі әлсіз дамыған. Ол ересектерде денесінің 40% дейінгі мөлшерін құраса, балаларда тек 25% ғана бұлшық ет.
Ас қорыту және зәр шығару жүйесі
Кішкентай балалардың асқазаны көлденең жатады, өсе келе тік орналасады. Асқазанның ет қабаты жетілмеген. Өңештің асқазанға ашылатын жері – сфинктер жеткіліксіз дамыған, кең болады. Ал асқазанның 12-елі ішекке өтер жеріндегі ет қабаты жақсы даму салдарынан нәрестелердің емген сүті асқазаннан өңешке кері қайтып, құсу немесе лоқсу тәрізді құбылыстар береді.Жаңа туған нәрестенің асқазанының сыйымдылығы 30-35 мл, ал бір жасында 250 мл-ге жетеді. Асқазан ферменттерінің белсенділігі ересектерге қарағанда балаларда әлдеқайда әлсіздеу болып келеді.Астың қорытылуы емшек еміп жүрген нәрестелерде 12 сағаттан 36 сағатқа дейін, ал жасанды тамақтандыру кезінде 48 сағатқа дейін созылады. Кішкентай жастағы балаларда асқазанның босау құбылысы ұзақ. Наркоз беріп, операция жасау және түрлі манипуляциялар кезінде науқастың құсып жіберу себебінен тыныс жолдарының аспирациясы болуы мүмкін. Баланың тұншығып өліп кетуі ықтимал.Емшек жасындағы балалардың тағы бір ерекшелігіне ішектің сіңіру қабілетінің жоғары болғандығынан организмнің қорғанушылық қабілетінің төмендеуі жатады. Сол себепті ішек жолдарындағы улы заттар қанға тез сіңіп, бала организмнің улануына (токсикозға) әкелуі мүмкін.
Жаңа туған нәрестенің алғашқы нәжісі қара қошқыл түсті, қою, жабысқақ болады. Оны меконий (тоңғақ) деп атайды. Ол бірінші тәуліктің соңына қарай көтен ішектен сыртқа шығады. Жаңа туған нәрестелердің нәжісі тәулігіне 2-6 рет, одан ересек балаларда 2-3 рет, ал бір жастан асқан сәбилерде күніне 1-2 рет болу тиіс.
Зәр шығару жүйесі арқылы бала зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қалдық су мен керек емес улы заттарды сыртқа шығарады. Нәрестелердің бүйрегі үлкен адамдарға қарағанда төменірек орналасады және әлдеқайда күшті жұмыс істейді. Бір жасқа дейінгі балалардың несепті жинақтап, шығару мүмкіншілігі төмен. Сол себептен де нәрестелердің организмінде судың іркіліп қалуы (гипергидратация) немесе шектен тыс шығып кету (дегидратация) қаупі бар. Бір айлық нәресте тәулігіне 300 мл, бір жасар сәби 600 мл, 10 жастағы бала – 1,5 литрге дейін несеп бөліп шығарады. Нәрестенің бір мәртелік зәрінің мөлшері өсе келе көбейе береді, 6 айға дейін 30 мл, бір жаста 60 мл, 10-12 жата 250 мл болады. Балалар ересектерге қарағанда несепті көп бөледі. Бала қатты терлесе, зәр мөлшері азаяды. Жылы бөлмеде нәресте несепті аз бөліп, суық бөлмеде көп шығарады.
2) Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Алғашқы екі жылда балалардың бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні анықталған. Бұл әсіресе баланың тіл дамуында ерекше байқалады. Өйткені балалардың сөз құрауында тітіркендіргіш күшінің (сыртқы әсердің) маңызы үлкен, яғни буындардың дыбыстың күші. Осыдан педагогикалық практика үшін қорытынды: 2-3 жасқа дейін және одан әр балалардың сөзді айтуда қателерді және сөйлеуде мағынасыз бөліктерге бөлуді үнемі түзетіп отыру ата-аналардан және тәрбиешілерден талап етіледі.
Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектерге жинақтай бастайды. «Әже маған су бер» деген сөздің орнына «әже су» сияқты сөздермен алмастырады.
Екінші жас-бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды.
Төртінші жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады.
Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі-ойлау, көркем өнер, т.б түрлері анықталады.
Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және тәрбишілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды (мысалы, р, ш т.б) дұрыс айтуын мұқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, құбылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әр түрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.
Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:
Тіл: Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді.
Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екенін түсінеді. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады ( егер бала балабақшаға барып жүрген болса). Алты жасар бала түсінікті тілмен-контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет