Ерте жастық шақ (1жастан 3жасқа дейін)
Ерте жастық шақтағы маңызды жетістіктері қалыпты дамудағы жүру икемділігі, заттық іс-әрекеттің дамуы мен сөйлеу тілінің дамуы болып табылады.
Жүріс-тұрысты меңгеру мен заттық іс-әркеттің дамуы
Кейбір ақыл ойы кем баланың тік жүруін дамыту дәл осы уақытта жүріп өтеді. Бірақ көбіне жүруі ерте жасқа дейін ұзаққа созылады. Оларда тұрақсыздық, епсіздік жүріс-тұрыстары жылдам және импульсивті қозғалыстар ретінде байқалады. Баланың жалпы психикалық дамуына жүріс-тұрысы үлкен әсер етеді. Жүріс-тұрысының меңгерілуімен дамуында жаңа этап басталады – ол қоршаған ортадағы заттық әлем этабын меңгеру болып табылады. Ересектерге тәуелсіз бола отырып, бала алдағы кеңістікті меңгереді, ертеректе қолы жетпеген заттардың көлемін өз бетінше меңгере отырып, қарым-қатынасқа түседі. Ол практикада бағыттау мен кеңістіктен алшақтауын, көп заттың қасиетін таниды. Нәтижесінде заттық іс-әрекеттің даму науқаны басталады. Заттық іс-әрекет деп – оған сәйкес келетін функцианалды бағыттағы қолданылатын затты ғана айтады. Мысалы: бала егерде қолына касықты алып столға ұрса, бұл заттық іс-әрекет болып табылмайды. Ол тек заттың манипуляциясын ғана көрсетеді. Заттық іс-әрекет болып тек қасықпен тамақ ішу ғана саналады. Бұнда баланың заттық әлеммен танысу болмайды. Баланың басым бөлігі жүріс-тұрыс әрекетін меңгеруде қыңыр-қисық мінездері байқалады. Яғни затты қоршаған орта қызығушылығымен қабылдамауы мүмкін. Бұл балалар көздеріне түскен заттың бәрін ұстап, бірақ сол уақытта-ақ заттарды лақтырады, олардың құрылысына ешқандай қызығушылық танытпастан лақтырады, соның ішінде үлкендердің ұстатқан ойыншықтарын да лақтырып жібереді.
Заттық іс-әрекеттің дамуы.
Қалыптағы дамыған балалардың заттық іс-әрекетін меңгеруі өмірінің екінші жылында-ақ туындайды, ал үшінші жылында заттық іс-әрекет басқарушы болып табылады. Барлық басқарушы қабілеттер сияқты, бұл да баланың психикалық дамуымен толық сәйкестенеді. Мәселен, моторикасы, көріп-қабылдауы, ойлауы, сонымен қатар сөйлеуінің дамуы. Баланың дамуына барлық заттық іс-әрекеттер бірдей әсер ете бермейді. Дамуда көріп-қабылдау мен ойлауы көбірек әсер етіп, одан кейін баланың сөйлеу тіліне басқару іс-әрекеті мен қатынасты іс-әрекеті көрініс береді.Қатынасты іс-әрекет – мұндай іс-әрекет, баланың, бір заттың бөлігін басқа заттың бөлігімен сәйкестігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |