Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп ( үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар — бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттері мен сапаларының үлгісі).
Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.
Зейін. Тікелей қызығушылықпен байланысты ( ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де балса нашар дамыған.
Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық белсенділігі, оның зейінін зерттеу обьектілеріне қызығушылығы жоғалғанша аударады. Егер алты жасар бала өзіне маңызды ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3 сағат ойнай береді. Осылайша ол ұзақ бар ықыласын аударып өнімді іс әрекетпен айналыса алады.
Алайда бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-әрекетте ықыласты болу керек болса, ол қажып, алаңдап, тіпті өзін өте бақытсыз сезінеді.
Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, бұл жастағы балалар өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады.
Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізу және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
Ес. Мектепке дейінгі жас-естің қарқынды даму жасы. Ес жетекші танымдық процесс болып саналады. Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Шын мәнінде мектепке дейінгі жаста баланың тілді меңгеруі соншалықты ол нағыз ана тілін иеленуші болады. Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады.
Алты жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақтау тәсілдерімен саналы қолдана алады. Бірақта ырықсыз есте сақтау жемісті бола бермек.
Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі-танымдық белсенділігі.
Ойлау- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ондағы айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның соншалықты алуан түрлі болады.
Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау–алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.
3) Дамуында ауытқуы бар балаларда жалпы кемшіліктер сияқты өзгеше қиындықтары да болады. Ол бірінші және екінші ауытқудың ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Бірінші ауытқу тікелей биологиялық аурудың сипаттамасынан бастау алады, ал екінші ауытқу бірінші аурудың жалғасы ретінде пайда болады, және біріншіден олар ертеректе түзету мақсатында көрсетілген көмекке жүгінеді. Л.С. Выготский тұжырымы бойынша екінші ауытқу психологиялық және педагогикалық түзету мен зертеудің негізгі объектісі болып табылады. Баланың дамуындағы кемістігінің түрлері бірінші және екінші ауытқудың ұқсастығына байланысты екенін ескерген жөн. Бұл дәлелдер Выготскийдің пікірін растайды, яғни бірінші бұзылу ауытқудың құрылымын ғана анықтамайды. Сонымен қатар жетіспеушілікті күшейтетін немесе одан арылтатын тәрбие шартын да анықтайды. Мысалы, мүмкіндігі шектеулілерде ақыл-ой бұзылуы бірінші болып табылады. Кейбір балаларда мінез-құлық дұрыс қалыптасқан және үлкендермен балалардың қарым-қатынастың қолайлығы көрінуі мүмкін, ал кейбіреулерінде мүлдем қарым-қатынасқа алмаушылық байқалады. Мысалы: эмоционалды бұзылуы бар балаларда жалпы мәселеге баланың әлеуметтік бейімделе алмауы, төмен деңгейдегі психикалық процесі қажеттілік түрткісінің қалыптаспауы моторлы дамуының жетіспеуі әрекетінің мінез-құлқының озбырлығы. Жоғарыда айтылып кеткен кешіліктер әр түрлі ауытқуы бар мектепке дейінгі балаларда әр түрлі деңгейде әр-түрлі ауытқу деңгейінде байқалуы мүмкін. Өзгеше қиындықтар бұл баланың дамуындағы әлеуметтік-педагогикалық ауытқуы. Мектепке дейінгі түзету педагогикасы әр деңгейдегі баланың білімімен тәрбиесі мен айналысады. Сонымен бірге бала үшін отбасы ең маңызды институт болып табылады. Ата-ананың әлеуметтік педагогикалық бейімділігі бала тәрбиесіндегі ата-ана қарым-қатынасы проблемасы бар баламен қарым-қатынас жасауды үйретуде мектепке дейінгі тәрбие педагогика кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |