«Қазақстан тарихының кейбір ақтаңдақтары» пәні бойынша



бет6/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.34 Mb.
#15057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Игельстром жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуде шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті. Сырымның мақсаты хандық билікті жойып билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.

Көтерілстің қайтадан өрлеуі түрткі болған оқиға – Орал қазақтарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.

Атаман Д:Донсков 1500 қазақтарымен қазақ ауылдарын ойрандап адамдарды тұтқындап малдарын айдап кетті. 179 жылы тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі, граф А.А.Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді. Императица ІІ. Екатерина 1790 ж 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын бұбау туралы нұсқау шығарды. Алайда генерал – губернатор А.А. Пеутлинг бұл Кіші жүз даласына көтерілістің өршуін тездетті. Сырым батырдың алдында екі жол тұрды. Патша өкіметімен күресті тоқтатып қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді қазақтардың қолында қалдыру. Қазақ руларының басын брктіріңп патша өкіметіне қарсы күресті жалғастыру.

1792 ж Сырым Ресей империясына ашық күрес жариялады. Шабуыл нәтижесіз болып күрес уақытша бәснңдеді. 1794 ж Ералыхан қайтыс болды. 1795 ж Есім хан болып сайланды. 1797 ж күзде полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Сырым тобы Ойыл өзені бойын кетіп жазалаушыларға ұстатпады. Есім ханның қазасынан кейін ақұсүйектер тобы патша өкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді.


    • Сұлтан старшындардың бір бөлігі Қаратайды (Нұралының ұлы) қалады.

    • Сырым тобы халық пікірін еске алуды талап етті.

    • 1797 ж төменгіт Жайық бойындағы феодалдық топтар қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды.

Сырым хан кеңесі арқылы страшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. 1797 ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағытталды. Айшуақ хан болып бекітілді. (1797 ж қазан – 1805 ж)

    • 1797 жыл – Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.

    • 1802 жыл – Хиуада қайтыс болды.

Жеңілу себептері:

    • Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық,

    • Руаралық қайшылықтар

    • Көтерілісшілердің нашари ұйымдасуы.

    • Қару-жарақтардың аздығы

    • Сырымның көтерілістің әр кезеңінгде мақсаттарын өзгерту.

Тарихи маңызы:

    • Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипатта қозғалыс,

    • Руаралық қайшылықтардың баты мақсатқа жетуге зор кедергі болатынын дәлелдеді.

    • Патша өкіметінің отарлау саясатына түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігі дәлелденді.

    • Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып 14 жылға созылды.

Көтерілістің нәтижесінде 1801 ж патша өкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге мал жаюға рұқсат берді.
13..Лекция тақырыбы: ХХ ғ.Қазақстандағы ұлт – азаттық көтеріліс.

.Лекция жоспары:

1. Көтерілістің себептері, (сипаты) және қозғаушы күштері.

2. Көтерілістің жалпы ұлттық сипаты.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:
Адамзат баласының ең асыл құндылығы болып табылатын тәуелсіздік үшін, азаттық үшін қазақ халқының күресі. Қазақстан тарихының отаршылдық дәуірінде бір сәтте толастаған емес. Сондай тәуелсіздік, азаттық үшін күрестердің бірі де білгені, ауқымы жөнінен Кенесары көтерілісімен тең, ұлт – азаттық көтерілістердің асөар биік шыңы болшып табылатын – 1916 жылы ұлт азаттық қозғалыстар сияқты 1916 жылғы көтеріліс те ішкі мемлекетке тпті аймақтық оқиғалардың қатарына жатқызып келеді. Ал шынында 1916 жылғы оқиға империясының бүкіл шығысында болды. Ол тіпті сонау орталық, оңтүстік-шығыс Азия, Африка, Оңтүстік Америкадағы ұлт – азаттық қозғалыстардың ешқайсысынан кем емес еді. Сондықтан, 1916 жылы ұлт –азаттық көтеріліс империясының отаршылдық жүйеннің дағдарысы, одан қалды әлемдік ұлт – азаттық қозғалыстың құрамды бөлігі есебінде қаралуы керек.

1914 жылдан бастап және оған патшалық Ресей де қатысқан 1 – дүние соғысы оның халықтарына аса – ауыр қайғы-қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуліктерінің басынушылығы мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақтардың ең жақсы жайлымдық және егістік жерлері одан әрі көптеп тартып алынып, өздері құнарсыз, шөл, шөлоейт аудандарға ығыстырылды. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуліктерге, дін басыларына, қазақ әскерлері мен Ресейден, Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылы ортасында таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 мин. Дес жетті. Соғыс шикізаты, азық-түлікті, малдың және басқа да материалдық байлықтардың орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқаның иығына жаңадан ауыртпалықтар түсті: міндетті түрде ет тапсырылды, мемлекеттердің керегіне мал жаппай еріксіз алынды, әрбір үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді, земстволық салымдар мен болыс басқарушыларын бағып – қағуға арналған. Бай-болыстық адамдар, сондай-ақ жолкүресін төленетін және басқа да салықтар мөлшері артты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуы мен байланысты 3-4 есе, ал жекелеген жағғайларда --15 есеге дейін өсті.

1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп – жетілуін тездете түсті.


    1. Шыдамның шегінде тұрған халықтың қолына қару алып, көтерілістің басталып кетуіне 1916 жылы 25 маусымда патша жарлығы себеп болды. Жарялық бойынша майдандағы қара жұмысқа бұратана халықтардың 19 бен 43 жас арасындағы барлық еңбекке жарамды ер адамдардан алу елі. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.

Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақ Қазақстан мен Түркістанның халқы шілденің дасында стихиялы түрде бас көтерілді. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және басқа патша әкімшілігінің төменгі қызметкерлері алды. Қазақ арасында тууы туралық куәліктің жоқтығын пайдаланып, олар жасына қарама йкедей жігіттерді тізімге енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін, жасын көбейтіп, не азайтып әскер қатарынан босатып отырады.

Оның үстіне патша өкімет орындары лауазымды адамдарды жергілікті тұрғындардан шыққан полицейлік төменгі шенділерді, имамдарды, молдаларды, ұсақ несие мекемелерінің есепшілерін, үкіметтің, жекеше, жлғары және орта оқу орындары оқушыларын, үкіметтік мекемелер шенеуліктерін және дворяндық, құрметті азаматтық құқығы бар адамдарды армияға алудан босатты.

Патшаның қатал жарлығына және жер-жерде оны орындаудағы әділетсіздік тәсілдерге қатты ашынған еңбекшілер қолдарына не түссе, сонымен қаруланып, патша өкіметінің өкілдеріне, болысқа, басқарушыларға, полицейлерге, қазақтарға қарсы шығып, олардың кеңселері мен үйлерін өртеді, әскерге шақырылғандардың тізімін жойды.

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов бастаған қазақ демократиялық зиялы қайраткерлері қазақтарды тыл жұмысына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жаңілдету мен ұлттық автономия құркға үміттенді. Олар қарусыз халық осы заманғы техникамен жарақтанған патша армиясына қарсыласуы мүмкін емес деп санады, қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. Сонымен жарлықтың орындалуна қарсылық көсетпеуге шақырды. Елдің амандығын ойлады. Көтерілістен кейінгі қанқұйлы жазалау, Қазақстан мен Орта Азияның жүз мыңдаған халқының қуғын-сүргінге ұшырауы (осы қауіптің) олардың ойының дұрыс болғанын дәлелдеді.

Стихиялық қозғалыстар бірте-бірте ұйымдасқан сипаттала бастады. Көтеріліске шыққан халық 1-ші кезекте отарлауға дейінгі мемлеекттік басқату жүйелерін қалпына келтірді. Жер-жерде даладағы дәстүр ьойынша ақсүйектер өкілдерін хан сайлап жатты. Сонымен қатар әкімшілік, елдегі сот алқасы – жасақшы, қазына билеушісі – қазынашы, көтерілістенар миясының қолбасшысы – сардарбек тағайындалды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтиды, цардмның әскери – отарлаушылық және кең көлемді орыстандыру саясатына қарсы әрі делгілі бір дәрежеде жергілікті бай-феодалдық басшы топтарға қарсы бағытталған ұлт – азаттық қозғалысына ұласты. Осымен бірге бұл көтеріліс халық шаруашылығының дағдарысына және халықтың қайыршылануының ең шеткі шегіне алып келген империялистік соғысқа қарсы бағытталды. Осы жағынан ол Ресей жұмысшылар тобы мен шаруалардың революцияның күресімен қабысты. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұдан бұрынғы барлық күресек қорытынды жасайтын ұлттық және саяси азаттыққа жету болды.
14. .Лекция тақырыбы: ХХ ғ.Қазақстандағы ұлт – азаттық көтеріліс.

.Лекция жоспары:

1. Көтерілістің Торғайдағы орталығы.

2. Көтерілістің Жетісудағы орталығы.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

1916 жылы ұлт азаттық қозғалыстың аса ірі орталықтарының бірі – Жетісу болды. Осы Жетісу өңірінің өзінен ғана майданға 87 мың адам алынуы тиіс еді. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент-Тараншы облысы, Горденое селосында тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімдерін жасауға қасылық көрсеткендердің баскөтеруімен басталды. 11 шілде де Жаркент уезінде Иванов болысының тұрғындары болысты және басқа қызмет адамдарын ұстап алды. Дәл осы күні Нарынқұл учаскелік бастығы үйінің алдында 1 мыңға тарта қазақтар жиналып, моблизацияға адам бермейміз, адам жинауға көмектесіп жүргендердің бәрін өлтіре отырып, бір адам қалғанша өлуге әзірміз деп мәләмдеді. 10 шілдеде Ұзынағаш болысының Үлкенсаз деген жерінде дәл осындай құрамында көп адам қатысқан съез болды. Оған қатысушылар «оқтың астына барғанша осыдан өлген артық» деген қаулы қабылдады. 1916 жылы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайтор болыстары қазақтарының Самса станциасы маңында біріккен баскөтеру басталды. Көтеріліс бұл жерде Тоқмақ маңында ауысты. Верный-Қордай жолының бойындағы барлық почта станциялары өртелді. Тамыздың орта ішінде Жетісу облысының барлық облыстары көтеріліс толқынында еді.

Отаршылдық «бұратаналарға» қарсы күрестің сыннан өткен тәсілдерін шебер пайдаланды. Патша әкімшілігі ұлттық қақтығыстар туғызу үшін ұлттар арасына от тастап, арандату шараларын қолданды. әсіресе орыстарды жергілікті халықтарға қарсы айдап салды. Түркістан генерал-губернаторы Крупаткин мен Жетісудың әскери губернаторлары Фальбаумен басшылығымен жергілікті «бұратаналарға» қарсы күрес үшін орыстардан қаруланған отрядтар құрды. Ұлтаралық арақатынастықты үндеуі қасіреті роль атқарады. Қарқара аймағы халақтың ревлюциясының ірі ошағы болды. 1916 жылы тамызда 1-де 5мыңнан астам көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршады. Көтерілістер Кравгенконы жарялау отрядын талқандап, жәрменкені басып алды. Лепсі уезінде жаралау отрядтарымен көтерілісшінің қарулы қақтығысы болды. Қыркүйектің 10-12-де Лепсі уезінің Мақаншы—Садыр, Мәмбет, Қысқыш, Балқаш, Лепсі болыстарының көтеріліске шыққан жігіттері Маслов басқарған жазалаушы әскерлермен шайқасты. Жазалаушылар 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.

Көтерілісшілерді халықтың қалауымен Бекболат Әшенов, Т. Бокин (Верный), Жәрмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов (Қарқара), Ақкөз Қосақов(Мерке ауданыҚұрақты облысы) т.б. басқарды. Жетісудағы халық көтерілісін басып жаншу үшін патша үкіметі құрамында14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек және 97 пулемент командасы бар тұтас жазалау экспедицясын жабдықтады.

Жазалаушылармен соңы ұрыс 1916 жылы қыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Вежа өзенінің маңында болды. Көтерілісшілердің әскерлері жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға кетті. Көтеріліс 1916 жылы қазанда аяусыз басып жаншылды. Патша жендеттері көтерілістерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады. Патша әскерлепі қудаланған 300 мыңнанг астам қазақтар мен қырғыздар туған жерінтастап кетті. Сотсыз—тергеусіз атылғандарды, жазалаушылар мен кулан отрядтарының қолынан қаза тапқандарды есептемегеннің өзінде Куропаткин бекіткен сот үкімдері бойынша ғана Түркістан өлексінде 1917 жылы 1-ақпанға дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге отыруға кесігді.

Сырдария, Ақмола, Семей,Орал облыстарында және Бөекй ордасындағы халық толқулары. Сырдария облысындағы бұқаралық бас көтерулер «бұратана» халықты тылдағы жұмыстарға күшейтіп тарту туралы патша жарлығы алынысыменг іле басталған еді.

11 шілдеде Ташкентте көтеріліс басталды. Ташкенттен кейін іле Сырдария оьлысының құрамына кіретін қазақ, өзбек, қырғыз аудандарының бәрінде бұқаралық толқулар өріс алды. Көтерілісшілер феодал – байлар әкімшілігінің өкілдерін жазалады, болыстардың мал-мүлкін құртты, полициямен және патша әскерлерімен соқтығысты. 1916 жылы тамыздың бас кезіне қарай көтеріліс Сырдария облысының барлық уездерін қамтыды. Көтерілістер уездің орталықтарына таяу жерге жиналып, казак жүздіктеріне шабуыл жасап отырды.

Әулиеата уезінің Алматы, Арғын, Боталымойнақ Алматы болыстарындағы және Шымкент уезінің Ақсу, Қаракөл болыстарындағы көтерілісенғұрлым ұзаққа соылды. 1916 жылы ұыркүйектің аяғында Сырдария облысындағы көтеріліс аяусыз басып – жаншылды. Жекелеген аудандар патша өкіметіорындарында бағынбай, Торғай облысына көшіп барып, Амангелді Иманов көтерілісіне қосылды.

Жер-жердің бәрінде жаппай толқуларбасталды. Орал облысындағы қозғалыс ұйымдасу жағынан әлсіз, әрі жергілікті сипатта болды. Қыркүйкетің басында мұнгда көтеріліс ьасып жаншылды, сонда да қазақтар шақыру пунктеріне келмеді.

Бөкей Ордасында, Темір және Тутьев уездерінде қозғалыс 1916 жыды шілденің орта шенінде патша жарлығына қарсы наразылықтан басталып, жазалаушы әскерлерге қарсы қарулы соқтығыстарға ұласты. Қозғалыс әсіресе Темірде бұқаралық сипт алды.

Патша жарлығы туралы хабар Семей 1916 жылы 28 маусымда, Ақмолаға – 29 маусымда «жетіатаның жарлығы» жарияланысымен –ақ Өскемен уезінде толқулар басталды, ол кейін Зайсан, Қарқаралы,Семей уездерінде, Ақмола және Атбасар уездерінде, Бийек уезінің Қосағаш болысна таралды. Көтерілісшілер көбіне найзамен, сойылмен өаруланды. Көтеріліске қазақ жұмысшылары да белсене қатысты. Спасск, Успенск, Жезқазған рудниктерінің, Қарсақпай зауыттарының, Қарағанды тас көмір кен оорындарының жұмысшылары көтерілді.

Кейбір аудандарда көтерісшілер саны 7 мыңға жетті. Көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, күшейтілген 11 жаяу әскер ротасы жіберілді.

1916 жылы қыркүйек-қазанда Зайсан, Өскемен, Қарқаралы, Ақмола және Атбасар уездерінде ерекше күшді соқтығысулар болды. Повладар уезінде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің шайқастары 21 қыркүйкектен 3 қазанға дейін Алабас деген жерде жүргізілді. Қаражар маңында т.б. жерлерде ірі-ірі қарулы қақтығыстар болды.

3-4 қазанда Ақмола уезінің Айнабұлақ деген жерінде найза, балталарымен қаруланған көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы 2-рет шабуыл жасады. 8 қазанда әлгі көтерілісші отряд Ақмола уезі, Алексеевка селосының маңында табанды шайқастан кейін жазалаушыларды шегінуге мәжбүр етті. 29 қазанда Атбасар уезіндегі Қыпшақ қыстағының маңында 1 мыңнан астам көтерілісшілер ауылдардың соңына түскен жазалаушы әс керді бірнеше сағат бойы тоқтатып тұрды.

Көтерілісшілердің жаппай ерлігіне қарамастан, жақсы қаруланған паша әскерлері 1916 жылы қазанның аяғына қарай Семейге және Ақмола облысында олардың қарсылығын баса алды. Көтерілісті басудың қиын болмаған бір себебі көтерілісшілер көбнесе бөлек-бөлек әрекет жасады, байланыс болмады. Ақмола және Атбасар уездеріндегі ктерілісгілер топтары Торғай уезіне барып, Амангелді Иманотың отрядтарына қосылды.

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзақ созылған, ең табанды және ұйымдасқанкөтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай,Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған бірде-бір ауыл немесе елді мекен болмады.

Амангелді Имановты ұйымдастырушылық қабілеті халық көерілісшілерінің алғашқы күнденінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшықиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрятары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. Амангелді жақтаушылардың қатары күннен күнге өсе берді. Оған Торғайға жақын Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей обылысынан көтерісшілер ағылып келіп жатты. Егер Қазанның бас кезінде Амангелдінің отрядында 5мың дай адам болса, 15-20 күннен кейін-ақ олардың қатары 50мың адам шамасында болды. Көтерісшілер армиясының штабы Торғай даласының қиыр түкпірінде, Бетпаққара маңында болды.

Торғайдағы көтерілісі ошағы биліктің бір орталықта болуымен, көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен ерекше көзге түсті.әрине кеңес құрылып, ол әскери іс мәселелерінебаса назар аударып отырды. Ұстаханалар ұйымдастырылып, онда білбелі және ақша мылтықтары қайта қалпына келтіріліп, пышақ, балта, семсер т.б. соғылды. Амангелді тәртіп дегенді білмейтін қалың бұқараны әскери тәртіп, әскери өнерге өзі үйретті. Көтерілісшілер 10, 50, 100 және 1000 адамнан құралған бөлімдерге бөлінді, олардың әрқайсысын командирлер – онбасы, елубасы басқарды. Амангелдінің өзін сардарбек (бас қолбасшы) деп атады. Амангелдінің көтерілісшілеротрядтары байқалатын аудандарда бұрынғы ауыл-болыс әкімшілігі басқарудан шеттетіліп, өкімет билігі іс жүзінде көтерілісшілердің қолына өтті.

17 қазанда Ақтөбе уезінің көтерілісшілерінің Қарабұтақ селосен қоршап алды, еклесі күні 2500 адамнан құралған көтерілісшілер отряды Көжекөл көлінің маңында жазалаушыларға шабуыл жасап, табанды ұрыстан кейін патша әскерлерін шегінуге мәжбүр етті. 21 қазанда 4 мың көтерілісші Татыр көл маңында кзак жүздігімен және плиция отрядмен шайқасқа түсті. Жазалаушылар өлгені, жараланғаны бар көптеген адамнан айырылып, Торғай қаласына әрең жетті. 23 қазанда Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршап алды. Қозғалыстың кең қанат жаюынан қауіптенген Торғай облысының әскери губернаторы Эверсман әскери министрден көтерілісті басып жаншу үшін жазалаушы экспедиция жіберуді өтінді. Патша армиясы бас штабының бұйрығы бойынша көтерілісті басу үшін генерал Лаврентьев бастаған экспедициялық корпусты жасақтады. Оған 17 жаяу әскер ротасы, 18 қазақ жүздігі, 18 зеңбірегі мен 17 плеументі бар 11 атты әскер эскадроны кірді. Олар 3бағытта: Қостанай, Ақтөбе және шалқар жазалаушыларкорпусының келе жатқаны туралы дерек алғаннан кейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. 16 қарашада Тосын және Шұбалаң болыстарының Амангелді жалпы саны 10-12 мың адамдық көтерілісшілері Түнқойма почта станциясы маңында подполковникКотолиннің от рядына шабуыл жасады. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып, Торғайға кірді. Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі бұқарасы Торғайдан 150 км-ге қашықтап Батпақ қараның төңірегене жиналды. Мұнда әскери кеңес құрылып, жазалаушылар қарсы партизан жорықтар жасалып тұрды. Көтерілісшілер Лаврентьев корпусының негізгі күштерін өзіне бағыттап, Торғай қаласын 100 км шеңберде қоршау қоспағында ұсталды.

Көтерілісшілер партизандық күрес әдісін кеңінен пайдаланды. 22 қарашада Ырғыз уезіндегі Ұлпан станциясында 4мың көтерілісші ксауыл Фролваттың отрядымен қақтығысып қалды. Хабарламада «қырғыздар әскери сап құрып алды, лап беріп шабуыл жасады, тынығу кезінде 25 шақырымға дейін шалғыншылар жіберіп қорғанды» деп көрсетілген. Соғыс қақтығыстары 21-23 қарашада Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да болды.

30 қараша 6 мың еөтерілісшілер подполковник фон Розеннің отряды келе жатыр деп хабар алғаннан кейін оларға қарсы аттанды. «Артиллериядан, плуметтен, мылтықтан қарша бораған оққа қарамай, қырғыздар шабуыл жасай берді» -- деп баяндады патшаға осы ұрыс жөніндегі бас штабтың бастығы.

Қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Амангелді өз сарбаздарын жазалаушылардың жетуі қиын жерге жинақтап, 1917 жылдың басынан бастап күресті қайта бастамақшы болды. Қазақстанның басқа облыстарында көтеріліс 1916 жылдың аяғына қарай басып жанышталған болса, Торғай облыстарында жақсы ұйымдастырылуының арқасында ол 1917 жылы да жалғасып, Ақпан буржуазиялық-демократиялық рейфорумына ұласты.

Қостанайдан Батпаққараға қарай беттеген 1-ші жазалаушы отрятың жолын Амангелді бастаған 2 мыңдай өктерілісші бөгеді. 1917 жылы 13 қаңтарда Шашқалықопа деген жерде, ал 14 қаңтарда Күйікқопа деген жерде болған күшті ұрыстардан кейін жазалаушы отряд шегінуге мәжбүр болды. 18-19 ақпанда полковник Тургеневтің мықты қауланған отряды мен Амангелді сарбаздардың мен шайқас болды. 22-24 ақпанда көтерілісшілер Доғал – Үрпек маңында патша әскерлеріне қарсы соңғы рет шайқасты. Жазалаушылар 1000-даған сарбаздарды өлтіріп, бейбітшілік алуды ойластырды қарттар, әйелдер, бала-шағалар барынша күш сала шайқаса отырып, көтерілісшілер шегіне берді. Ақпанның соңында жазалаушы отряд Доғалүрпен Батпаққараның көтерілісшілердің қолында қалдырып Торғай қаласына шегіді. Торғайдағы соғығқимылдары ақпан ревалюциясынан кейін де жалғаса берді. 1917 жылдың соңында Амангелді Торғайды алды. Сондықтан патша үкімері қазақтардың азаттық жолындағы көтерілісін басып-жанши алмады. Бірақ соғыс жылдарында қазақ ауылдарының әлеуметтік эканомикалық жағдайы қатты құлдырады.

1916 жылы Ұлт азаттық көтеріліс имперализімге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, аймақ аумағында ұйымшылдықтың жеткілікті ьолуы еді. Патша үкіметі қалыптасқан жағдайда бағалап, халық қозғалысына қарсы шұғыл шаралар қолданды. Оның үстіне күш те соның жағында болды. Ол орыс, украйн шаруалары, казактар және қазақ, өзбек, қырғыздар арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді. Соны аз жергіліктіпролетарияд оқиғалардың барысына әлі де азды-көпті елеулі ықпал жасай алмады. Көтерілістің біртұтас басшылығы, ұйымдық орталығы болмалы. Қозғалыс қазақ халқының ұлттық сана – сезімнің өскенін көрсетті. Ьұл 16 жылғы көтеріліс ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардапттары жағынан алғанда ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың

бүкіл кезеңі ішіндегі азаттық күресінің асқар биік шыңы болды.
15..Лекция тақырыбы: Алаш партиясы жәнен Алашорда үкіметі.

Лекция жоспары:


  1. Алаш партиясының құрылуы, қызметі, бағдарламасы.

  2. Алаш Орда қайраткерлері.

Кеңес үкіметі Алаш Орда үкіметін жою және жазалау.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.
Алаш Орда қазақтың буржуазиялық автономиясы байлар мен феодалдардың және буржуазияшыл ұлтшылдардың 2 – съезінде жарияланды. Съезде құрылған Алашорда үкіметі басшылары Ә.бөейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С. Омаров, М. Шоқаев, Х. Ғаббасов, Х. Досмұхамедов.

Әлихан кезінде заман ағымы қатал болған шығар. Кейбір деректерінде Әлиханның есімі буржуазиялық ұлтшыл “Алаш Ордашыл, Халық жауы” деген сияқты құбыжық ұйымдарымен жасырын атпенде жүрегінін кездестіруге болады.

Әлихан Бөкейхановқа ой жүгірте қарасақ бұл қайраткер халқы үшін, ұлты үшін не көрмеді. Жанында қиды емеспе жәнеде Әлекен қазақ халқының көптеген таршылық, қиыншылықтан шығуына, дамуына, төзімділікке тартып, білімділікке шақырды.

Қазақ даласын ашықтан-ашық отарлау саясатына білек түрініп кіріскен патшалық жүйемен пәрменді күрес жүргізу үшін, әунлі бүкіл қазақтың басын біріктіруді көздеген әрекеттер жасап дамыту еді.

Қазақстанның мемлекет қайраткеррі - Әлихан “Алаш партиясын халқының, жалпы халықтық бірлікті талап етті. Жәнеде ол отаршылыққа қарсы күрес, ұлттық бағдарлама жасау, салу, ұлттық санасын көтеруді күн тәртібіне қойды. Осылайша бұл қозғалысы халықтың назарындағыларды ат төбеліндей зиялыларды қамтыды.” Алаш қозғалысының көсемі Әлихан отаршылықты құртуды көксеген, ұлт мерейін көтеруге асығып арпаласқан.

Алаш партиясы Контррев буржуазияшыл –ұлтшыл ұйым(1917-1920) Байлардың ,феодалдар мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының сойылынсоқты 1905 жылы кодет партиясының Қазақстандағы тобы ретінде пайда болды.Оған Ә.Бөкейханов ,М.Тынышбаев т.б қазақтың буржуазияшыл –ұлтшылдары құрды.1917жылы 21-26 июльде (3-8 августь)Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» («Бүкіл қазақтық») съезде «Алаш» партиясы саяси жағынан ресми түрде қалыптасып ,өзін басшы органдарын сайлады.»Алаш»партиясының бағдарламасы пан исламизм ,пан туркизм идиялогиясын уағыздады.

Қазақстанның буржуазия автономиясы ұранын көтерді ,потриархалдық-феодалдық ескі қатнастарды біртіндеп буржуазия қоғамының жағдайларына үйлестіруді ұсынды, ауылда жер иеленудің бұрынғы түрлерін сақтауды ,әдет прабасын негізделген сот жүйесін құруды ,халық арасында мұсылман дінін кең таратып,оның ықпалын көздеді.»Қазақ»(Орынбор) ,»Сарыарқа «(Семей ) газетері партияның осы идеяларын насихаттайды

“Қазақ ” газетінің 1917 ж 21 қарашадағы санында “Алаш ” партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жобаны жасаушылар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Елдес Омаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов деп көрсетілген. Бұдан көріп отырғанымыздай ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, әрі идеялық басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың аты-жөндері бірінші тұр. Ұдайы саяси қуғын –сүргінге ұшырағанына түрмеге жабылып, жазаға тартылғандарына қарамастан, олар өздерінің туған халқына шексіз берілгендігін көрсетті және оны іс жүзінде дәлелдеді. Олар қатәгез отаршылдық пен полицейлік езгі жағдайында туған халқының мүддесін қорғады, оның өмір сүру құқын ғана емес, сонымен қатар дербес саяси даму құқығын да ғылыми дәйектілікпен айқындап партия бағдарламасының жобасын түзді.

Ұйымдасып көмеген қазақ зиялылары бостандық жарияланғаннан кейін алғашқы кезде әрқайсысы әр жақта ұйым ашты, олардың көбі ұйым деген аты болмаса, ен істеу керектігін өздері де білмеді, жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарынан (сауық кештерін қою, жазба газет шығару,т.с) әрі аспады.Мысалы Омбыда “Бірлік”, Қызылордада “Талап ”, Зайсанда “Қазақ жәрдемі ” т.б. ұйымдар болды. Орынборда бір топ қазақ жастары 1917 жылдың жазында “Еркін дала ” деген ұйым ашып, “Қазақ ” газетінің 17 шілдедегі санында халыққа мынадай үндеу жариялапты: “Бірінші тамызда оқытушылардың Орынборда жиыны болады.Учредительное собрание келіп қалады.Болатын өзгерістің жайын ұйымдасып кеңксуіміз қажет. Оның үстіне, жаңа туған қауымның көптің талқысына салатын сөздері бар. Соның үшін күш біріктіріп қызмет етуге сендерді біз шақырып күтеміз”.



Алаш партиясының бағдарламасының жобасы.

I Мемлекет қалпы. Ресей демократиялық федеративтік республикаға енген әрбір мемлекет тәуелсіз болып табылады. Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу.

Депутаттар тегіс, тең төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында дін, еркек, әйел талғаусыз болады.

Законда жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.

II Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстарының бәрі бір байланып өз тізгіні өзінде болып Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. “Алаш ” партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земестволардың управаларында милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. “Алаш ” партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи (дамуына) ету жағына бастайды.

III. Негізгі хұқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек әйел демей адам баласы тең болу.

-жиылыс жасауға,қауым ашуға, жария сөйлеуг, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік, үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығынт атамаушылық;

законсыз жолмен ешкімді өкімет адамдары ұстамаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде бір жетідей қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға –айып, оқығанға жаза болу.

IV.Дін ісі.

Дін ісі мемлекет ісінен айырулы балу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.

Муфтілік қазақта өз алдына болу.Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молада болу, жесір дауы сотта қаралу.

V. Билік һәм сот. Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кімде болса, олардың үкіміне мойын сұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присежный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присежныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билікпен сот жұрт ұйғарған ерепсе жолмен атқарылу.

VI. Ел қорғау . ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету, әскер тобына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

VII. Салық.

Салық әл-ауқат табысқа қарай байға –байша, кедейге –кедейше әділ жолмен тарату.

VIII. Жұмысшылар.

Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод –фабрикалар аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. “Алаш” партиясы жұмысшылар турасында социал –демократтардың меньшевик табының програмасын жақтайды.)

IX.Ғылым –білім үйрету.

Оқу ордаларының есігі кімде кім болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жацылу.Бастауыш мектептерде ана-тілінде оқу, қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу, оқу жолы өз алдына автономия түрінде болу;үкімет оқу ісін е кіріспеу; Мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.

X. Жер мәселесі.

Учредительное собрание негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдамен жергілікті жұртқа берілсін деу;қазақ жер сыба ғасын отырғ ан жерлерденалып орналасқанша қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; Сыбаға өлшеу норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; Сыбағадан артылған жер земество қолында болу; артық туған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп беру; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иленбей ауыл-аймақ, туысқан тобына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.Жер законынде жер сату деген болма, әркім өзі пайдалану.Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земество қолында болу.Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земество мүлкіне саналу.

1917 ж 5-13 желтоқсанда Орынборда II жалпы қазақтар съезі өтті. Съезде жалпы “қазақ –қырғыз ұлты автономиясы ” құрылды.оған “Алаш ” деп ат қойылды. Автономияны басқару үшін “уақытша халық кеңесі”, “Алашорда ” құрылды. Ол 25 мүшеден құралды. Оның он орны орыс және тағы басқа халықтарға ұсынылды.алашорданың орналасуы Семей қаласы болды.Осы Орынборда өткен II съезде Алашорданың “Алаш ”партиясының бағдарламасын бекіткен тұғын.

Революциядан кейін қазақ зиялылары көбінесе екі орталықта-Орынбор мен Ташкентте топталған еді. Орынборда “Қазақ ” газеті болды, ал Ташкентте Көлбай Төгісов 1916ж “Алаш ” деген газет шығарып, “Қазақ ” газетімен алакөз араз болды., “Алаш” газетін өкімет орындары 1917 ж жауып тастағаннан кейін Көлбай өзінің әйелі , гимназиябітірген Мәриям Төгісова атынан “Үш жүз ” деген газет шығара бастады, бірақ оның да өмірі ұзақ болмады. Көлбай “Қазақ ”газетіне жазғанына қарағанда, Зайсанда ауыл шаруашылығы мектебінде оқыған, сонда сотқа тілмаш болып қызмет істеген, аздап заң жүйелерімен танысып алғаннан кейін “адвокат ” болып жүрген, заңсыз адвокат болғанын білген заң орындары қудалаған соң екі баласы мен әйелін тастап Ташкент жаққа барып,бойдақпын деп Намангандағы белгілі бір адамның әлгі айтқан Мәриям деген қызына үйленген.

XX ғасыр басында Ресей топырағына Марксизм идеяларының енуіне байланысты, большевиктер партиясы В.И.Лениннің басшылығымен саяси аренаға жолдама алды. Саяси билікке төңкеріс жасау арқыыл жетіп, демократиялық, социялистік өзгерістерді енгізіді, бағдарламалық мағанада насихаттаған. Бұл партияның жұмысшы табы арасында беделі зор болды. Шын мәнінде кадеттер партиясы қазақ зиялыларынан көп қолдау тапты.Олардың басшылары рухани жетекшілерісол партияға мүшелікте болып бағдарламасын мойындады. Атап айтқанда Әлихан Бөкейханов 1906 ж кадет партиясының Орталық комитетінің мүшесі болғаны белгілі, бірақ одан өзі шығып қалған. Оның себебін өзі былай дейді: кадет апртиясы жер әркімнің жеке меншігінде болсын дейді.Қазақтарға жерді бөліп берсең, олар ана башқұрттар сияқты, ішкі жақтан келген орыстарға сатып, жерлерінен айрылып қалады; екіншіден, кадеттер ұсақ ұлттарға автономия беруге қарсы, ал біз автономия алуды көздейміз. Осы екі себептен ол партияны тастап шықтым дейді.

Ахметтің сөзімен айтқанда “киіздей шала басып қарпылмаған ” алаштың өзі сол қым-қиғаш заманда құрылмай жатып быт-шыт болып Шығыс Алашорда, Батыс алашорда болып бір бөлігі Торғайда қалыпыдырап аяғынан тозды. Шығыс пен Батыс Алашорданың арасында байланыс болмады. өйткені жер шалғай қолдарында байланыс құралдары жоқ еді. Сонымен “Алашорда ” іс жүзінде 1918ж ортасынан 1919ж аяғына дейін бас аяғы жыл жарымдай ғана өмір сүрген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет