«Қазақстан тарихының кейбір ақтаңдақтары» пәні бойынша



бет5/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.34 Mb.
#15057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Орыс, Қытай деректеріне және батырлар жырларына қарағанда Хақназар, Тәуекел, Есім, (Салқам Жәңгір) хандар тұсында қазақтар қалмақтарды жеңіп отырған Мысалы, Тәуекел өзінді Мәскеуге жолдаған грамматасында өзін “қазақтар мен қалмақтардың патшасымын” деп атады. Есім хан да ойраттарға соққылар берген. Оның соққыларының күшті болғаны соншалық, 1627 ж ойрат одағы ыдыраған: торғауыттар яғни қалмақтар батысқа (олар 30 ж Еділдің соғысына келіп, қалмақ хандығын құрады) көшеуттер Тибетке жер ауып, жоңғарлар (шорыстар) жоңғарияда қалған.


Себебі ол кезде қазақтар біріккен жоңғарлар бытыраңқы болатын. XVIIIғ. 30жж шорыс тайпасының басшысы Харақұлай батыраңқы ойрат тайфпаларын біріктіріп, жағдайын оңалта бастайды. Шығыстан жаңадан көшпелі тайпалар келіп қосылып молая ттүседі. Оның Ұлы Эрдэнэ Батұр 1635ж (1635-1653) ойрат тайпаларының одағын қалыптастырып, біріктіріп, Жоңғария мемлекетін құрды. Оның тұсында қазақ – жоңғар соғысының 3 ірі шайқасы сақталған.

1. 1635 2. 1643-44ж 3. 1652ж

Жоңғарлар XVIIғ. 2 жарт мен XVIIІ ғ. басында әскерін жорықтап, Сібірдегі орыс қамалдарын көптеп қару –жарақтар сатып алып, әден күшейді. Ал қазақтар 1652-ж салқам Жәңгір өлген соң ішкі батыраңқылық, өзара таққа талас, қырқыс күшейіп әлсірей береді.

Әр сұлтан өз ұлысын дербес басқарып, батыраңқылық күшейген заманда хадыққа келген Әз-Тәуке (1680-1718) бұлардың бәрін тыйып , береке – бірлікті барынша күшейтуге тырысты. Сұлтандар емес, 3 жүзге 3 биді басқарып , ел болу мәселесін талқылаған, “Күлтөбенің басында күнде кеңес ”ашып жету жеті жарғыны жасап, береке бірлікті ішкі берекесіздікті бәрін тыю оны даңқа бөледі. Сондықтан сол кезде джоңғарлардың қазақ еліне шапқыншылығы барынша күшейіп кетсе де (Жоңғарлар қазан жеріне 7 жүрпін басып кірді: 1698-1711-1712-1714-1718-1723-1725-1723) оларға батыл тойтарыс беріп, елді қорғап қалы. Мысалы, 1710 ж Тәуке жан елді жаудан қорғау жөнінде Қарақұмда үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақтың құрылтай өткізед. Халық жасақтары құрылып, оның бас ққолбасшылығына қанжығалы қар Бөгенбай батыр сайланады. Нәтижеде қазақтар жоңғарлармен соғыста біраз табысқа жетіп, бұрын айрылған біраз жерлерін қайтарып алады.

1718 ж тәуке хан қайтыс болған соң ішкі қырқыс, таққа талас қайта өршіді, сыртқы жау шапрқыншылығы да үдеді. 1718 ж көктемде Аягөз өзінінің бойында 3 күндік қан төгіс болды. қазақ жасақтары алғашқы 2 күнде басымдылық көрсеткенімен Әбілхайыр мен Қайып сұлтандардың бас араздығынан, соғысты келісіп, жүргізбей бірі соғысқа 2-сі қарап тұоғандықтан 3 – ші күні жеңіліске ұшырады. Сөйтіп сол жау анталап тұрған кезде өзінде де билеушілер алауыздағы үзілмеді. Қазақ халқының басына ауыр күн туды. Қазақ едінің халықаралық жағдайда ауыр болды. жоңғарлардан өзге батыста – қалмақтар, башқұрттар және орыстар – қазақтар да қазан еліне жиі – жиі шапқыншылықтар жасап отырды. Оңтүстікте - Орта Азия хандықтары көз аларды. Қазақ айналу 4 құбыласы түгел жау болып, оларды бәрімен соғысып отыруға тура келді. Оладың артына екі алып империя Ресей мен Қытай тұрды.

Ресей империясы болашақта Қазақстанды отарлауды мақсат еткендіктен, оның ішкі және сыртқы халықтарды өз қол астында бағындырып ұстап отыру үшін, оларды әдейі бір – бірімен соғыстырып отырды. 1723 ж Ресей мен Қытай келісім шарттары жасалды қарауымызда болуы тиіс. Бұл жолда миллиондаған шығынға қарамай, ол ед өзімізге бағындыру қажет деген 1723 ж Ресей мен Қытай келісім шарттары жасалды.

Екі империя да Жоңғар жеріне қауіп туғызбайтын мәлімдеген. Жоңғар хандығы қазақпен соғысуына итермелей отырып әр империя өз мақсатын көздеген. Олардың ойы: екі жыртқыш бірін – бірі қыра берсін, соғысып екеуі де әлсірейді, одан соң оларды оңай отарға айналдыруға болады. Осы дылы Қытай – Жоңғар бітім жасалып шыңғыстағы жоңғар шекарасы қоныстанды. Енді шығыстағы шекарасын толық қауіпсіздендіріп болған жоңғария бр күшінт аямай батысқа – қазақ еліне қарй бұрады. Күшті біріккен мелекет құрып, қазақ қытаймен соғысып әбдент шынығып, соғыс өнерне шебер үйренген әскеріне темірдей мықты тәртіп орнатып және оттық қарулар: мылтықпен және зеңбірекпен кеңінен қаруланған жоңғарлар 1723 ж ерте көктемінде 70 мыңнан астам 7 бағытта (кей деректерде 100 мыңнан астам) қазақ жеріне баса көктеп кірді. 1723 жы қысы өте қатты болып, ұлы даланы алапай жұт жайлаған онсыз да ауыр кезеңде жоңғарлар қырғидай тиді. Жоңғарлар қорғануға мұршасы келмеген бейбіт елді аямай кемпір – шал , бала-шағаға қарамай қырып жойды. Үй мүлкін тонап, малын айдап, кетті, тірі қалғандар ата мекенін, мал мекенін тастап қашуға мәжбүр болды. Тоз – тоз болып шұбырған қазақтар сыр, шыршық, өзендерінен ары кетті. Біразы Алакөл маңынан Бұхара мен Самарханд қарай ағылды. Кіші жүз қазақтары Сауран қалсын айналып, Хиуаға қарай беттеді. Қазақ халқы өз тарихындағы аса ауыр апат, адам айтқысыз зор зобаланды бастан кешірді. Бұл тарихқа “Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама” дегшен атпен енді. “Елім -ай” әні, “Елім айлаған” дауыстар бүкіло қазақ даласында күңіренп жатты.

Жоңғарлар қазақ халықтың өр рухын, еркін – жігерін бір жолата басып тастай алған жоқ. Ел ес жиа бастады. Қазақ даласының шығыс шекарасынан бастап, Түркістанға дейінгі жер – жерде қазақ жасақтары құрылып, сол жерлердегі жоңғар әскерлерінет соққы беру үшін әрекеттер жасаланрды. Жекпе-жтер мен екі жақ әскерлерінің қолма-қол шайқастары кезінде жан алысып, жан беріскен қан майданда қаншама жауынгерлер жан тапсырып жатты. Жоңғарлардан қазақ жерін азат ету соғысы 1724 ж өзінде – ақ басталды. Дәл осы жылы Әбілхайыр Түркістан қаласын 32 ұлысымен қайтарып алды. 1725 ж Алакөлде басқыншы жауға қатты соққы берілді. Осы екі оқиғаның өзі қазақтардың еңсесін көтеріп, рухын жігерлендірді. Белгілі қолбасшылар , батырлар шыға батады. Енді осыларды біріктіріп, ірі жеңістерге жетіп, баянды ету міндет тұрды.

Осы мақсатта 1726 ж мамыр айында ордабасында ұлы жиын өтті. Батыраңқылықтан бірлікке бұл ұлы жиындағы ұлы мақсат- бүкіл үш жүз қазақтарының басын қосып Отанды жат жерлік басқыншылардан қорғау, озат келіп, ата жауға аттануға жанталасады. Лордабасы жиының ұйымдастыруда үш ұлы бидің – Төле Әжібекұлы, Қазыбек Келдебекұлы, Әйтеке Бәйдібекұлының орны ерекше. Қаз дауысты Қазыбектің ұысынымен қазақ жолына бас сардары етіп Әбілхайыр хан сайланады. Ордабасыда болған жиынның аса тарихи маңызын көрсете келе жазушы Әбіш Кекілбаев былай дейді: “Ордабасы әуелден де шашылған ақылдың қайта жинақталған, төгілген ардың қайта түгелденген, жығылған төгілген алжасқан бағыттың қайта түзелген жері:

Сонымен, Ордабасы кездесуінде бір мәмілеге келген қазақтар жоңғарға қарсы азаттық күресін бастады. Бір дегеннен мұндай тегеуірінді күш күтпеген халықтар кейн шегінді. Жағдай былай болған: Ордабасы кездесуінен кейін қалың қол Бадам өзені бойымен төмен жылжыған. Бағыты Түркістан болған екен. Бүкіл жасақ кешке қарай Арыс өзенінің бойына келіп жайғасты. Хандар мен билердің ордалары “Қобыланды төбенің” (немесе “қараспан төбе”) түбіне төгілді. Содан Бадамның Арысқа құяр сағасынан сәл жоғарыда қазақ пен жоңағрадың арасында шайқас болған. Бұл Ордабасы кездесуінен кейінгі алғы ұрыс еді. Осы шайқастан кейін жоңғар әскерлері өзен бойымен жоғары өрлей шегініп, Қаратау аңғарларына қарай жүрді.

Кескіленген шайқастар болып қазақтар жоңғарларды ығыстырып, өз Отаның, жерін азат ете берді. Бірақ тарихта аса ірі бір-бірін ойсырата, қирата жеңген шайқастар болмаса, өзгелерді сақталмапты. Дегенмен, кескілескен ұрыстар болып жатты. Егер кескелескен ұрыстар болмаса жоңғарлар Қаратау, Жетісу өңірін басып өтіп, шығысқа өзінен - өзі шегінген жоқ, демек, табан тіресе соғысқа отырып шегінген. Оржабасы кездесуінен кейінгі қазақ – жоңғар шайқастарына зер салсақ, алдымен ол Қаратау шатқалына алып барады. Қазақ жасағының бұдан былайғы жалын боралдай мен Қшоқарата өзендерінің бастауларындағы “Үлкен Орда қорған , Кіші Орда қонған” деген өңірлер және “Әбілхайыр жотас” деген жердің атынан білуге болады. 1726-1727 ж.ж. арасында жоңғарларды талқандауға үлкен жетістіктерге қол жетті. М.Тынышбаев та бұл жөнінде: “Қазақтың жрңғарларға қарсы ірі шайқасы 1726 ж. ақыры 1727 ж. басында болды” дейді.

Қазақ жоңғар сағысындағы аса ірі, ұлы шайқастың бірі – 1726 ж. Шұбар теңіз көлінің маңы, Бұланты, Бөлент өзенінің жағасында “Қарашыр” деген жерде болды. қазақ жасақтары жоңғар әсуерлеріне күйрете соққы беріп, жеңіліске ұшыратты. Осыдан соң Бұлантайдағы ұрыс болған жер “Қалмаққырылған” деп аталып кетті. Бұл Ұлы жеңіс қазақ халықтың рухани көтеріп, жігерлендіре түсті. Бұл соғыс жеңіс туынының қазақтар қолына өткенін көрсетті, жоңғарлар шығысқа қарай қуыла берді.

1730 ж қазақ – жоңғар соғыстарының аса ірі, ұлы шайқасы Аңырақай шайқасы болып өтті. Бұл шайқас Балқаш көлінінің Оңтүстігінде 120 шаырым жерге ит ішпес көлінің маңында болды. 40 күнге созылған бұл шайқас қазақтың жоңағарды тас талқан еткен ұлы жеңіспен аяқталды. Жаудың 10 мыңдаған адамы құырылған бұл ұрыс халық аузында “Аңырақай шайқасы” деген атпен қалды. Бұл “Жоңғарлардың аңыраған жері”. деген сөзбен қалған екен. Ұрыс даласында жоңғар әскерінің көпшілігі қырылып, жаралы болғандарының аңыраған дауысы даланы бірнеше күн бойы басына көтеріп жатқан. Отанымызды жаудан азат ету ұзаққа созылған қазақ - жоңғар соғысында қазақ даласынан талай аттақты батырлар, ірі қайраткерлер шықты. Олар аса ірі мемлекет қайраткерлер хандар: Салқам Жәңгір хан(XVIII,. 1 жартысы) , Әз – Тәуке хан (1635-1718 ж.ж.), Әбілхайыр (1697-1748 ж.ж.), Абылай хан (1711-1781 ж.ж.).

Қолбасы батырлар: Қоңырат алатау (XVIIIғ. алғашқы ширегінде өмір сүрген, халыққа қарсы жатқан соғыстағы қазақ қосының ағасы) Шапырашта Қарасай, Арғын Ағынтай (XVII ғ. 1 ширегі), Жалаңтас баһадүр (1576-1656) Қанжығали Бөгенбай (1680-1778) Қаракерей Қабанбай (1690-1767), Шақшақ Жәнібек (т.о. ж.б.) Бәсентиін Малайсары, Тама Есет, Көкжал барақ, Керей Жәнібек, Шанышқылы бердіқожа, Сіргелім Қаратілеуке, Қарақалпақ Құлашбек, Шапырашты Наурызбай (1706-1781) Өтеген батыр, Қасқарыұлы Молдабай, айнақұл батый, Керей Жанабай батыр, Керейіт Тайлақ, Қазыбек ұлы Қасқары, Қыпшақ Дербісәлі, Маңдай, Керей – Еменелі жабай. Уақ сары, Баян батырлар, Матай – Бөрібай, Үйсін Сатай бөлек, Сүйіндік Олжабай, балтакерей Тұрсынбай, Беріш – Ағатай, тарақтылы Байғазы, Албан – Хангелді, Үйсін – Ахтамберді т.б.


9. Лекция тақырыбы: Әбілхайыр хан.

Лекция жоспары:

  1. ХҮІІІ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі Қазақстанның саяси жағдайы

  2. Ішкі саяси жағдай . Әбілхайыр ханның билік басына келуі

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Абжанов Х.Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера,сегодня, завтра.Алма-Ата,1990.

  2. Кутлуков М.Рукаписи идокументы по истории Восточного Туркестане в ХҮІ- 60 –х –г.ХІХ вв иего взаимосвязи со Средней Азии.А., 1983, с.203.

  3. Златкин И.История джунгарского ханства 1635-1758 г.г. М., 1983 .с. 213.

  4. Материалы по истории Казахских ханств. ХҮ-ХҮІІІ вв. Алматы.1969.

  5. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих – и- Рашиди». Введение, перевод с персидского языка А., «Санат»1999

Қосымша:

  1. Байұзақ Қожабекұлы Албани. «Тарих таным».Алматы.1994.

  2. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. Том 2.Алматы, 1982.

  3. Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы. Үшінші кітап. Кітап 3 Алматы: Білім,2002.

  4. Копабаев Ө.,Қойгелдиев М., «Заманалар тамыршысы». // Егемен Қазақстан.2001. 28- қыркүйек.

Лекция мәтіні:

ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ қауымдық құрылымдарының ең көп бөлігі аймақтың оңтүстік , орталық және солтүстік – шығыс жақтарында шоғырланған . Ұлы жүз қазақрының қысқы жайлымдары – Оңтүстік Балқаш өңірінің құмдарында , Мойнқұмда,Іле , ШУ және Талас өзендерінің аңғарларында , ал жазғы жайлауы Тянь- Шань мен Қаратау жотасының солтүстік сілемдерінде орналасты. Аймақтың оңтүстігінде Ұлы жүздің көшіп- қонатын өңірі Ташкент қаласы мен оған жапсарлас жатқан қалаларды және отырықшылық - егіншілік қыстақтарды қоса алғанда , Ферғана алқабының солтүстік – батыс бөлігіне дейін жетіп , Шыршық және Арыс өзендерінің аңғарларына дейін созылып жатты және Сырдария маңында Бұқара хандығымен шектесті ,ал оның Жетісу аумағы арқылы өтетін солтүстік шектері Орта жүз қазақтары ол кезеңде Солтүстік – шығыс , Орталық, ішнара Оңтүстік –шығыс Қазақстанның кеңістігін алып жатты, олардың шекаралары оңтүстігінде Сарысу өзенін және Шу өзенінің төменгі ағысын бойлай Сырдарияның төменгі ағысына қарай өтті, Жоңғар хандығымен шектесті, ол жақтан Арал теңізі – Ырғыз- Торғай шебі арқылы солтүстікке қарай созылып , сол учаскеде Кіші жүздің шығыс қоныстарына ұштасты: одан әрі Тобыл салаларын , Үлкен торғай өзенін және Торғайдың жоғары ағысындағы көлдері бойлай жүріп, сол жерде Сібір жолындағы башқұрттардың қоныстарымен шектесті. Солтүстігінде олар Нұра мен Есілдің жоғары ағысына қарай , Есіл бойы даласымен Ертіс бағытында, ал шығысында Ертісті бойлай Ямышевкадан оңтүстікте , жоғары Ертіс өңірінде Орта жүз рулары қазақтарының Жоңғар хандығымен тағыда ортақ шекарасы болды, ал жоңғарлардың жер иеліктері бұл арада Ертістің сол жақ салалары – Шар, Аягөз және Бақанасқа дейін жетіп жататын.

Кіші жүздің жері қазаіргі Батыс Қазақстан аумағында орналасып , шығысында Орта жүздің қоныстарына , ал оңтүстігінде Қарақұм құмдарына қарай жәнеСырдарияның төменгі ағыстарына дейін қарақалпақтардың қоныстарына , сондай- ақ Түркістан қаласы аймағына қарай созылып барып , онда Ұлы жүз бен Орта жүз тайпаларымен шектесті . Оның жазғы жайлаулары Үстірт жазығында , сондай- ақ Ор, Жайық, Елек, Жем, Темір өзендерінің салалары ауқымында , Сырдарияның төменгі ағысын бойлай , Ырғыз бассейіннің оңтүстік жағында , Арал теңізінің батысқа қарай , Маңғыстау түбегінде , Атырау алқабында , Нарын құмдарында орналасты. Орта жүз Орталық Қазақстанды алып жатты, оның жазғы жайлаулары мен қысқы қыстаулары Сарысу өзенінің бойында , Есілдің жоғарғы ағысында , Тобыл салаларының жақынырақта - Ырғыз, Ор және Елек өзендеоінің орта ағысы алқаптарында – олардың Ноғай жолының башқұрттарымен шекарасы өтті.

Негізінде көшпелі тұрмыс салты жатқан қазақ қоғамының патриархаттық – қауымдық құрылысы қазақ қоғамы дамуына елеулі ықпал жасады, ол біртендеп ру топтары мен ұжымдық құрылымдарға ыдырап , олардың билеушілері оқшалануға ұмтылды. Елде барған сайын алауыздық пен қырқыс- тартыс етек алды. Әр түрлі сұлтандардың топтары бір- бірімен ең жақсы жайылымдық алаптарды иелену мен басып алу үшін бақталасты. Қырқыстарға сырт жақтан қолдау көрсетілді . Соның салдарынан бірігу сарыны баяулады.

Жүздердің құрылымын құраған барлық буындарды , олардың шыққан тегін бір нақты не аңызға айналған бабаға телитін күрделі генеалогиялық аңыздар болды. Жекелеген есептеулер бойынша , ХҮІІ ғасырдың аяғы – ХҮІІІ ғасырдың басында барлық үш жүздің құрамына 112 шамасында ру бөлімшелері кірген. Осы буындарды құрған қазақ халқының жалпы санын зерттеушілердің көшілігі сол кезеңде 2-3 миллион дай адам деп көрсетеді.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар аясында қазақ қоғамында интеграциялық сарын күшейді, хан билігі нығайып , үш жүз өкілдерінің жиналысы біршама тұрақты түрде шақырла бастады, оларда көкейтесті мәселелер талқыланып, шешілді. Ол кезде қазақ хандары мен сұлтандарының саяси ықпал өрісі дәстүрлі көшпелі аудандарға ғана емес, сонымен қатар Сырдарияның төменгі және орта ағысы бойындағы көршілес отырықшы – егінші және сауда – қолөнерші аймақтарға да таралды, онда 1695 жлы Ташкент жазирасымен бірге 32 қала мен оларға жапсарлас жатқан жер қазақтарға бағынды. Ташкент, Сығанақ, Сайрам , Созақ, Аққорған , Отырар,Қарнақ ,Иқан, Сауран сияқты қалалардың тұрғындары қазақ билеушілерінің пайдасына жыл сайын ақшалай және тауарлармен алым төлеп отырды.Ал ауылдық егінші халықтан сиыр мен қойдың нақты санын ясақ алымы және жиналған өнімнің 1/5 не 1/10 бөлігі мөлшерінде астық бажы алынды . Сонымен бірге Сыр өңірі аймағының қала халқы ішкі саяси өмірінде және көршілес халықтармен сыртқы тоқайсулар саласында белгілі бір автономия сын сақтап қалды және оларды қалалар тұрғындарының сауда- қолөнер топтары мен мұсылман дінбасылары арасынан сайланатын жергілікті өзін- өзі басқару органдары басқарды.

ХҮІІІ ғасырдың басында сырттан соғыс қаупі төнген жағдайларда қазақ жүздерінің өз ішінде де әлеуметтік – саяси жағдай айтарлықтай тұрақтанды, бұған жергілікті рубасыларының, сұлтандар мен хандардың Жоңғар хандығының әскери белсенділігінің өсе түсуі және нақты бар күштердің бәрі сырттан жасалатын экспансияға қарсы күресу үшін жұмылдыру қажеттігі нәтижесінде көшпелі қоғамның жаңа қажеттеріне бейімдеп, дағдылы құқықты заң арқылы регламенттеу және әлеументтік практикаға оның бірсыпыра жаңа нормаларын енгізу жөніндегі бірлескен күш- жігері едәуір дәрежеде себепші болды. Хан билігін күшейтуде , қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық дәстүрлер мен нормаларды регламенттеуде, ішнара жаңартып , бір ізге түсіруде Жәңгір ханның ұлы және мұрагері , белгілі тарихшы А. Левшин «Ликург» және «Айдаһар» деп бейнелеп атаған Тәуке хан рөл атқарды.

Тәуке хан уақытша болса да ішкі өзара қырқысты тоқтатып , жүздер арасында тыныштықты орнатып , сол арқылы қазақ руларына қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Алайда сұлтандардың билік үшін күресі мен оқшалануға ұмтылуы көп ұзамай бірлікті бұзды, мұны көршілер дереу пайдалана қойды. Оңтүстік – батыстан жайық казактары қолдаған еділ қалмақтары шапқыншылық жасады: солтүстіктен сібір казактары шабуылдады: жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттарда дәмеленді . Оңтүстіктен қазақтарға Орта Азия хандықтарының билеушілері қысым көрсетті. Бірақ қазақ халқына ең қаһарлы қауіп шығыстан - күшті агрессияшыл Жоңғар хандығы Тарапынан төнді.

Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жайылымды кеңейту қажет болды, мұның өзі жер алаптарын бөлісуге және жаңа жайылымдар іздеуге әкеп соқты. Мұның өзі жер алаптарын бөлісуге және жаңа жайылымдар іздеуге әкеп соқты . Бұған Жоңғар хандығы мейлінше қатты мұқтаж болатын.

Жоғарлар сауда – қолөнер орталықтары мен керуен жолдарын өздеріне бекітіп алуға ұмтылды. Олар үшін бұл өмірлік қажетті шара еді.

Тәуке билік еткен кезеңде қазақтар мемлееттігінің күшті сыртқы жаулар алдында беделін арттыру мақсатында оны нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар жасалады . Кіші жүздің саны аз және әлсіз жеті руын жетіру деген бір тайпаға , ал Орта жүздің уақтары мен керейлерін бір уақ керей бірлестігіне біріктіруді халықтың ауызша дәстүрі осы ханның есімімен байланыстырады. Жауға қарсы күресу үшін ірі бірлестіктер мен рулар ғана күшті және жақсы қаруланған қол шығара алатын ескергенде, әлгі жаңалықтар қазақ жасақтарының жауынгерлік қабілетін арттыруға мүмкіндік берген.

Сонымен бірге жер мен су жөніндегі топтар арасындағы таусылмас алауыздықтар мен жанжалдарды жою үшін Тәукенің бастамасы бойынша, билер мен ақсақалдар кеңесі әр түрлі қауымдар мен рулардың көшіп жүретін жерлері неғұрлым айқын бөлініп , ру бөлімшелері ішінде ру таңбаларын пайдалану ретке келтірілген, қазақ қоғамында тарихи қалыптасқан дағдылы құқық нормаларын бір жүйеге келтіру , ішнара толықтырулар жүзеге асырылған.

ХҮІІІ ғасырдың алғашқы үштен бір ширегіндегі қазақ хандықтарының ішкі саяси өміріне барлық үш жүз өкілдерінің жалпы шешімді талап ететін мәселелерді талқылау үшін ара- тұра шақырлып тұратын біріккен жиналыстары тән.Түрлі мәлметтерге қарағанда, олар мәслихат құру үшін жыл сайын жиналып отырған.

Онда «қайда қыстап, қай өңірді жайлау керек , тыныштыққа қалай қол жеткізіп , қалай соғысу керек » деген мәселелер талқыланған . Мәслихаттарда аса маңызды экономикалық және саяси мәселелер , соның ішінде қоныстарды бөлісу , көшіп – қону тәртібі , руаралық жанжалдарды талқылау мәселелері , соның ішінде қоныстарды бөлісу ,көшіп-қону тәртібі руаралық жанжалдарды талқылау мәселелері , соғыс пен бейбітшілік және сыртқы қатынастар мәселелері жөнінде шешімдер қабылдаған.

Алайда Тәуке хан мен оның ең жақын серіктерінің билікті шоғырландыру және қазақ тайпаларын саяси топтастыру, қазақтар арасында интеграциялық үрдістерді дамыту механизімін күшейту жөнінде қолданған жеке үлкен күш – жігеріне қарамастан , көшпелі тұрмыс- салты, оның геосаяси жағдайы және қоғамдық қатынастардың ерекшелігі себепті оның қызметі мен саясатын елеулі нәтижелерге жеткізбеді.Сондықтан Тәуке соңғы жылдарында –ақ , әсіресе ол қайтыс болғаннан кейін қазақ қоғамында әр жаққа тарту сарыны қайта қайтадан күшейді және оның ең жақын мирасқорларына басқа хандар мен сұлтандардың оқшалануға ұмтылысын тежеу барған сайын қиындай түсті.

ХҮІІІ ғасырдың екінші он жылдығының ортасына қарай қазақтардың батыстағы , солтүстіктегі және әсіресе оңтүстік – шығыстағы көршілермен қарулы қақтығыстарының үздіксіз өрши түсуі және олардың бір- бірінен едәуір қашық жатқан бірнеше географиялық аудандарда бір мезгіл соғыс агрессиясына қарсы ұйымдасқан тойтарыс беру қажеттігін талап етті, олардың билеушілері қазақтарға өз ықпалының әлеуметтік- аумақтық ауқымын кеңейтуге және дәрменсіз аға ханға мүлдем тәуелсіз болуға барын салып ұмтылды.

Мәселен, әбден қартайған Тәукенің тірі кезінде- ақ Кіші жүздің қазақ руларының шағын бөлігі және Орта жүз көшпелілерінің кейбір тайпалық бөлімшелері соңғы екі ғасыр бойы қазақ халқы арасында жетекші саяси жағдайда болған жергілікті Жошы ұрпақтарының үлкен әулеттерінің бірінен шыққан Қайып сұлтанды өздерінің ханы етіп сайлады. Мұндай таңдау Кіші қазақтарының ақсақалдарын қанағаттандырмады, олар 1710 жылы Арал маңындағы Қарақұмға кеңесу үшін жиналып, дала дәстүрін бұзып және төтенше жағдайлар себепті жас сұлтан тұқымының өкілі еді. Шамамен сол кезде Орта жүздің қоңырат құолымының көптеген әлеуметтік топтары мен найман руларының көпшілігі қазақ сұлтандарының басқа бір үлкен әулетінің өкілі Тұрсын ханның билігін таныған еді. Ұлы жүз қоныстарында ХҮІІІ ғасырдың алғашқы екі он жылдығында Иман, Рүстем және Абдолла хандар қазақ рулары мен қауымдарын кезектесіп басқарды, олар Ташкент пен оған жапсарлас жатқан қалаларды да иеленген. Дерекетемелерде жоғарыда аталған хандарға қоса басқа да бірқатар билеуші Жошы ұрпақтарының есімдері аталады , бірақ олардың билік етуі туралы қандай да болсын нақты және біршама анық мәліметтер табылған жоқ.

Шамамен 1720 жылдан бастап Ұлы жүз бөлімшелерін Абдолланың ұлы Жолбарыс хан басқара бастады, әкесі сияқты , оның да тұрақты ордасы Ташкент қаласында, ал жайылымдық жері аймақтың оңтүстігінде, Шыршық және Арыс өзендерінің аңғарларында , сондай- ақ Ташкент пен Түркістан аралығындағы жерлерде болды.

Тәукеден кейін Орта жүз аумағында бірсыпыра уақыт бойы оның ұлы Болат хан (шамамен 1715 – 1724) билік етті, ал Отан соғысы кезімен шамалас уақытта оның шегіндегі билікті Болаттың туған інісі, наймандардың, қыпшақтардың кейбір руларына және арғындардың бір бөлігіне билік еткен Сәмеке хан (шамамен 1724 – 1738) және жоғарыда аталған Тұрсын ханның ұлы, найман бірлестігі қазақтарының садыр руын басқарған және Қаратау жағындағы оңтүстік шекаралық аудандарда, Талас және Арыс өзендерінің арасында, Сайрам қаласы тұсында Жоңғар хандығымен шекарада көшіп жүрген Күшік хан (шамамен 1718 – 1750) өзара бөлісті.

Аты аталған, хан атағын алған адамдармен қатар, XVIII ғасырдың 20 – жылдарында Орта жүз бен Кіші жүздің кейбір сұлтандарының да дала өңірінде зор саяси ықпалы болды. Соңғыларының қатарына сол кездегі қазақ билеушілерінің бірі Тұрсын ханның екінші баласы, найман руларының басым көпшілігі мен қоңыраттардың бір бөлігін басқарған Барақ сұлтанды (1750 ж. өлген); Болат ханның ұлы, арғындардың рулық бөлімшелерінің көпшілігін, наймандар мен қоңыраттар қауымдарының кейбір әлеуметтік топтарын басқарған Әбілмәмбет сұлтанды (1739 – 1771); Уәли сұлтанның ұлы, арғындар құрылымындағы үлкен атығай руын басқарған Абылайды (1711 – 1781), Қайып ханның ұлы, алшындардың кейбір топтарын бастаған Батыр сұлтанды (1771 ж. өлген) жатқызу керек. Қазақтың оңтүстік жерлері мен даланың орталық аймақтарында жоғарыда аталған хандар мен сұлтандардың билік басына келуімен бір мезгілде Батыс Қазақстан аумағында Әбілхайыр хан өз жағдайын тез арада нығайтып алды, сол кездің өзінде – ақ Кіші жүз руларының көпшілігі соның билігінде болатын. Оның бастапқы көтеріліп, хан сайлануы қазақтардың жоңғарлармен, еділ қалмақтарымен және башқұрттармен әскери тайталасы тез өршіген жағдайда болған еді. Жоңғарларға қарсы соғыс қимылдарында Әбілқайыр хан өз жағдайын тез арада нығайтып алды, сол кездің өзінде – ақ Кіші жүз руларының көпшілігі соның билігінде болатын. Оның бастапқы көтеріліп, хан сайлануы қазақтардың жоңғарлармен, еділ қалмақтарымен және башқұрттармен әскери тайталасы тез өршіген жағдайда болған еді. Жоңғарларға қарсы соғыс қимылдарында Әбілқайыр өзінің талантты қолбасшы, жауға бүкіл халық болып тойтарыс беруді ұйымдастырушы екенін көрсетті. Ол аз уақыттың ішінде Кіші жүз бен Орта жүздің Бөкенбай (1741 ж. өлген), Есет және Жәнібек (1751 ж. өлген) сияқты күшті әрі ықпалды батырларын өз жағына тарта білді және Қазақстандағы ең беделді хан жағдайына ие болды. Сондықтан Жоңғар хандығының әскери күштері тарапынан ойранға азырақ ұшыраған Кіші жүздің билеушісі ретінде бұдан әрі XVIII ғасырдың 20 – 30 жылдарында жоңғарларға жалпы қазақ болып қарысласуда басшылық рөлді, әлбетте, нақ сол атқаратын еді.

Тәуке қайтыс болғаннан кейін алғашқы үш жыл ішінде Жәдіктің немесе қазақтардағы Шыңғыс әулетінің үлкен тармағының ұрпақтарына жататын Қайып хан қазақтың ақсүйек бетке ұстарларының саяси көшбасшысы рөлінен ресми түрде үміттенді. Өзінің алдындағы Тәуке хан сияқты ол қазақ билеушілерінің ежелгі ордасы – Түркістанда тұрды. Алайда қазақ рулары мен әлеуметтік құрылымдарының біршама топтасқан және саны көп топтары түрінде азды – көпті қомақты әлеуметтік тірегі болмаған бұл ханның нақты жағдайы өте тұрлауысз болып шықты, сөйтіп билік жолындағы күресте 1718 жылы оны Орта жүзден шыққан бақталастары өлтірді.

Саяси аренадан Қайып ханның жойылуы және содан кейін болған жоңғарлардың соғы агрессиясына қарсы қазақтардың ірі ауқымды күресінің тартысқа толы оқиғалары Кіші жүз ханы Әбілқайырдың күрделі тұлғасын алдыңғы қатарға шығарды.

1723 – 1729 жылдардағы ойрат – қазақ соғысы кезеңінде Әбілқайыр Қазақстан ауамғына өзінің саяси ықпалынан шекарасын едәуір кеңейтіп, қазақ қауымдарының әскери – саяси өмірінде жетекші рөлге қол жеткізе білді. 1730 – 1731 жылдары Әбілқайырдың қазақ жүздеріндегі нақты әлеуметтік мәртебесі «үлкен хан» немесе «ең басты хан» атағына сәйкес келді, мұның өзі, негізінен алғанда, оған көптеген жылдар бойы қазақ батырларының үлкен тобы және ықпалды билер мен сұлтандардың бір бөлігі көрсеткен қолдаудың арқасында мүмкін болды. Атақты батыр және табын руының басшысы Бөкенбайдың айтуынша, «Тәуке ханнан кейін Әбілқайыр басты хан болды және ешкімнен кедергі көрмей, өз еркімен көп нәрсе істеген». Ресейдің Кіші жүзге жіберген елшісі А.И.Тевкелев Әбілқайырдың саяси рөлін шамамен нақ солай сипаттаған, 1731 жылы ол орыс императрицасына бірінші рапортында өзі қазақ даласына келгенде Әбілқайыр қазақтар арасында «басқа хандардан гөрі... зор құрметке» бөленген деп жазған. Бір жыл өткен соң, 1733 жылдың көктемінде жазған басқа бір рапортында ол тағы да былай дейді: барлық қазақ шонжарлары ішінде «жоғарыда аталған Әбілқайыр хан бірінші орында тұр», ол сонымен бірге «басқа хандар мен сұлтандардың келісімінсіз» ешқандай іс-қимыл жасай алмайды. Аталған оқиғалардан кейін он бес жыл өткен соң, Кіші жүз бен Орта жүздің халық өкілдері жиналысында белгілі Жәнібек батыр мен атақты Қазыбек би, шөмекей руынан Жайылхан би және алшын одағының бірқатар билері мен батырлары және Қазақстанның басқа да көптеген ықпалды адамдары «бүкіл жеті жұртқа әмірі бірдей жүрген және бүкіл ордаға көші – қон жерін бөліп берген ең басты және атақты хан» деп айтқан. Замандастарының осындай барлық дәлелдеулері XVIII ғасырдың 20 – жылдарының аяғы – 30 – жылдарының басында Қазақстанда Кіші жүз ханы Әбілқайырдың ең ірі және ықпалды саяси тұлға болғанына кө жеткізеді, сондай – ақ жекелеген деректі материалдарға қарағанда, қазақтың өзге хандары мен сұлтандарының бәрі оның пікірімен және әрекеттерімен белгілі бір дәрежеде санасуға мәжбүр болған.

Әбілқайыр сол кезге қарай Қазақстанда қалыптасқан билік пен басқару жүйесінің тарихи келешекте халықтың жекелеген топтарына ханның саяси ықпалын қамтамасыз етуге, қазақ бөлімшелері жетекшілерінің әскери, оның үстіне саяси іс – қимылдарын үнемі үйлестіріп ұстап отыруға және хан тарапынан қазақтардың әлеуметтік ұйымдарының әр түрлі буындарын басқарудың жоғары деңгейіне кепілдік беруге қабілетсіз болғанын дер кезінде ұғынды.

Жүздер ішіндегі бірлікті нығайту проблемаларының бұрын да ең беделді және тереңнен ойлайтын қазақ хандарының (Қасым, Еділ, Тәуке) рубасы ақсақалдар мен ықпалды сұлтандарының оқшаулануға құмарлығын жеңуге ұмтылысын туғызғаны мәлім. Кейіннен қазақ халқының тарихи есінде «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолы», ал Тәуке кезі жөнінде – «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» деген белгілі сөздердің пайда болуы сондықтан, ол сөздер аталған хандар билік еткен жылдарда халықтың жайлы өміріне және қазақтардың соғыстағы табыстарына қол жеткізуге жәрдемдескен жағдайлар жасау мағынасында түсінілді.

Өзінің атақты ізашарлары сияқты, Әбілқайырдың да алдында дәстүрлі екінің бірін таңдау тұрды – не өмірлік мән – жайлар қисынына мойынсұнып, қантөгісті айқастарда алынған нақты билікті амалсыз жоғалту, не оны сақтап қалу үшін табандылықпен күресу керек болды. Өзінің алдындағы Қасым, Есім, Тәуке, Қайып хандармен болған жағдайлардағы сияқты, ол екінші нұсқаны таңдап алуды жөн көрді және соған байланысты өзінің билік өкілеттіктерін еселей түсудің оңтайлы жолдары мен амалдарын жігерлі түрде іздестірді.

Кіші жүз ханының саяси бағдарламасы оның XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы орыс өкімет орындарына жіберген көптеген жолдаулары мен патша шенеуніктерімен жеке әңгімелерінің хаттамалық жазбаларынан айқын аңғарылады. Оның орталық түйіні Әбілқайырдың қазақ жүздеріндегі бүкіл билікті толығымен «үлкен хан» немесе «ең басты хан» дейтін арқылы бір буынға шоғырландыруға ұмтылу болды. Соңғысынан хан кеңесі мен қазақ рубасына жиналысының мақұлдауынсыз ішкі және сыртқы саяси мәселелердің бәрін шешу құқығын беру ұйғарылды, ал оның шешімдері барлық ақсақалдар, сұлтандар және басқа да хандар үшін міндетті болып саналатын. Иеленілген билік өкілеттіктерін іске асыруды үлкен хан даланың бірнеше географиялық нүктелерінде тұрақты бекіністі мекендер құру есебінен қамтамасыз ету, оларда сыртқы жаулардан қорғаныс үшін және басқа мақсаттарда пайдаланылатын кәсіби әскерлердің шағын құрамын ұстау көзделді. Ханның әлеуметтік жағдайын неғұрлым тұрлаулы ету және оны биліктен күштеу жолымен тайдыру қаупінен арылту үшін Әбілқайыр тақ мұрагерлігі тәртібіне өзгеріс енгізу қажет деп санады. Белгілі бір хан билігі тұрақтылығын қамтамасыз ету және өзара қырқысқан толассыз дау-дамайлардың негізін жою мүддесін көздеп, оның түсінуінше, хан атағын беру рәсімін халық жиналыстарының құзыретінен алу, ханның сайланбалылығы принципінің күшін жою және хан билігін қатаң белгіленген Шыңғыс ұрпақтарының тұқымдары шеңберінде ған мұраға қалдыруды көздеді. Осы мақсатпен ол хан атағын тек бір ғана сұлтан әулетіне заң арқылы бекітіп, оның ішінде жоғарғы биліктің сол рәмізін көбінесе бір кіндік бойынша, әкеден балаға беру және т.б. қажет деп санады.

Жоспарланған өзгерістер арқылы Әбілқайыр хан билеуші монарх тарапынан көшпелі халықты басқаруды, күшті көршілердің соғыс агрессиясына қоғамның пәрменді түрде қарсы тұру қабілетін жоғары дәрежеде қамтамасыз ете алатында й мемлекеттік жүйе құруды ойластырды.

Кез келген беделді саяси көшбасшысы сияқты, оның үстіне бойында мансапқорлық қасиет басым Әбілқайыр, әлбетте, өзінің ойындағы самодержавиелік қазақ ханының орнында тек қана өз бейнесін көрді және патшалық шекаралық әкімшілікпен жазысқан хаттарында өзін «үлкен хан», «ең басты хан» немесе жай ғана «қазақ ханы» дегеннен басқаша ешбір атаған емес. Бұд жөнінде патша шенеунігі А.И.Тевкелев өзінің қазақ даласынан орыс императрицасына жазған алғашқы хабарламаларының бірінде Кіші жүз ханының өз билігін бүкіл қазақ елі аймағына таратуға жан сала ұмтылғанын және бұл орайда «бұл ордада өз балаларының оны билегеніндей емес, ең жоғары билікті өз қолына алғысы келіп, олардың құлақ аспауын өзіне ызаланғандық деп білді» деп орынды атап өткен. Петербургке басқа бір ресми жолдауында ол осы пікірді тағы да атап өтіп, Әбілхайыр хан «... өзі бәрін билегісі және балаларын өзіне мұрагер еткісі келеді» деп көрсеткен. Бұдан Әбілқайырдың ішкі саяси стратегиясына көшпелі қоғамды басқарудың неғұрлым орталықтандырылған жүйесін құруға келіп саятын және оның өзінің жаугершілік шайқастарда ие болған әскери басшылық негізінде қалыптасқан билікті ұнататын менмендігіне және қол жеткен табыстардан жеке өз басы мен өзінің бүкіл үрім – бұтағы, әулеті үшін барынша саяси пайда көру тілегіне мейлінше толық сай келетін жалпы халықтық мүдделер мен қажеттерді оның дұрыс түсінуі тән болды.

Бұл орайда мынаны ескерте кету қажет: Әбілқайыр мен Шыңғыстың Жәдік ұрпақтарының «әулеттік билікті күшейтуге» ұмтылуы және осы негізде «билкі үшін» күрестің күшеюі туралы белгілі тезис нақты тарихи жағдайды онша дәл көрсетпейді және тарихи әдебиетте ішінара немесе толық ұқсас саяси мүдделер мен себептердің жай қақтығысуы сияқты көрінеді. Оның бер жағында Әбілқайырдың атаққұмарлық ойларының Батыр, Барақ сұлтандар мен басқа да хан «мәртебесіне» үміткерлердің атаққұмарлық дәмелерінен мәні жағынан күшті айырмашылығы болды.

Батырдың және басқа да Шыңғыс ұрпақтарының қазақ жүздеріне хан болғысы келгендерінің не сол кезде – ақ хан атағын иеленгендердің бағалы бағдарларына қарама – қарсы Әбілқайыр «өзінің, ханның, хан атына ғана ие болып, бодандарына хан билігі болмауы» жағдайын өзін «сыйламаушылық» деп санады және «масқара боп ғұмыр кешкенше», осы аңсаған «ерік» үшін өз өмірін қатерлі қауіпке тіккенді артық көрді. Сонымен Кіші жүз ханы мен оның Жәдіктен тараған сұлтандар жағындағы қарсыластарының арасындағы негізгі айырмашылық, соңғыларының саяси мүдделері «хан атағының» құндылығы – құрметтілік, жұртшылықтың тануы, бедел, сый-сыяпат көрсету және т.б. туралы дәстүрлі түсініктерге негізделсе, Әбілқайыр әлеуметтік иерархияның осы жоғары рәмізін және өзінің хан атағын нақты билікпен толықтыруға ұмтылды.

Алайда оқиғалардың бұлайша даму барысы қазақтардың ақсүйек бетке ұстарларының басқа өкілдерінің басым көпшілігін мүлде қанағаттандырмады, өйткені, біріншіден, үлкен ханның бүкіл билікке толық ие болуы іс жүзінде олардың алуан түрлі ішкі және сыртқы мәселелерді шешудегі билік аясын шектеуге әкеп соғар еді, екіншіден, сол Шыңғыс ұрпақтарының дені нақ Әбілқайырдың жеке билігінің күшеюін ұнатпады. Әбілқайырды Батыр, Барақ, Әбілмәмбет және басқа да кейбір сұлтандар ең алдымен шыққан тегі нашар, ата – тегінде ақ киізге көтеріп хан болған ешкімі жоқ, бұрын – соңды сұлтан әулеті арасында мүлде ықпалы болмаған жолы болғыш «мансапқұмар» деп білді.

Кіші жүз ханының саяси жоспарларымен едәуір бөлігі билерден тұратын қазақ билеушілерінің санасу ниеті одан да аз болатын. Дағдылы құқық дәстүрлеріне сәйкес бұл әлеуметтік топтың өкілдері халық жиналыстарында және хан жанындағы кеңесші органда көрнекті рөл атқарды. Сонымен бірге көшпелі қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне орай барлық билердің қолында қазақ халқына ықпал етудің мейлінше қуатты тұтқалары болды.

Қорыта келгенде, осының бәрі Әбілқайырды қазақ даласынан сырт жерлерден қуатты одақдастар мен қамқоршылар іздеуге мәжбүр етті. Қалыптасқан ішкі және сыртқы саяси жағдайда әскери күшпен қоса, тұрақты монарваға ғана өтініш жасаудың мағынасы болғандықтан, Әбілқайыр ханның гео - саяси бағдарының назары XVIII ғасырдың 20-30 жылдары шебінде көршілес Ресей империясы жағына ауды.




10.Лекцияның тақырыбы: Қазақстанның XVIII ғасырдағы саяси -экономикалық дамуы, тарихы.

.Лекцияның жоспары:

1. Қазақ – орыс қатынастары Ресейдің отарлау саясаты.

1.Абылайдың хандық құруы.(1771-1781 жж. .Абыйлайханның қазақ жерінің шекарасын қалпына келтіру.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Машимбаев С.М: Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – А., 1994.

  2. Народно – освободительное движение казаков в 1836-1838 гг. (Документы, материалы, статьи)- А., 1992.

  3. Мыңжан. “Қазақтың көне тарихы”. А. 94.

  4. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 годы XIX века –А.,-1997.

  5. М. Қ. Қозыбаев. “Жауды шаптым ту байлап” А.94


Қосымша:

    1. С. Жолдасбаев. “Бірліктің бас болған Ордабасы”Ш.94

    2. Абылайхан А.93

    3. Қ. Әбуев “Қазақстан тарихының ақтандақ беттерінен”А.94

    4. Н. Мұхамедханұлы “Тарихи зерттеулер” А.94


Лекция мәтіні:

1771 жылы Әбiлмәмбет хан дүние салуына байланысты дәстүр бойынша оның балаларының бiрi хан сайлануы тиiстi. Алайда үш жүздiң өкiлдерi жиылып, Түркiстанда Ахмет Яссауи мешiтiнде Абылайды ақ киiзге салып, ақ боз ат сойып, Орта жүздiң ханы етiп көтердi. Бiрақ Абылай өзiн үш жүздiң ханымын деп есептедi. Абылай билiгi сонымен бiрге Ұлы жүзбен, Кiшi жүздiң бiраз жерiне жүрдi. Өз халқының қолдауына сүйенген Абылай хан өзiн Ресей үкiметiнiң хан етiп бекiтуiн қажетсiнген жоқ және де сый-сияпатын алудан бас тартты. Қазақтар арасындағы беделдi тұлғаның өз жағында болуын қалаған патша үкiметi араға 7 жыл салып барып, 1778 жылы Абылайды хан деген атаққа ие деп жариялады.

Орыс тарихшысы Левшиннiң айтуына қарағанда, орыс патша үкiметi Абылайды хан деп таныған. 1778 жылы 22 қазанда Ресей патшасының Абылайды хандыққа бекiткен куәлiк хаты, бұған қоса ханға арналған тон, тәжi және әскери қылыш дайындалады. Сонымен бiрге бұл заттарды Орынборға келiп алуға және Орынбор, Тройцк яки Сiбiр шекара шебiне келiп, Ресейге ант беруге Абылайды шақырады. Абылай бұл ұсныстан бас тартады. “Менi үш жүздiң ханы етiп халқым сайлады, ендеше бұған қоса айырықша куәлiк алудың қажетi жоқ”-деп дайындалған куәлiкпен шен-шекпендердi алмады. Бұдан соң орыс патша үкiметi Абылайдың бұларды өз арасында қарсы алып, Ресей елшiсiнiң алдында ант беруiн ұсыныс етедi. Абылай бұл ұсынысқа да тойтарыс бередi.

Бұл жөнiнде Ш.Уәлиханов былай дейдi: Абылай орыс шекарасына барып, ант бергiсi келмедi. Сөйтiп ол өзiн халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықтап қойғанын, кектiң ұлының және өкiметтiң қағазы барын желеу еттi... Абылай пiкiрiнше Қытайлар хан билiгi үшiн ешқашан қатерлi емес, ал, орыс үкiметi болса жергiлiктi билiкке ең күштi бәсекелес.

Әбден амалы таусылған соң патша үкiметi Абылайдың хан ордасына әдейiлеп елшi жәберiп, сөз етiлген Грамотаны және көптеген сыйлықтар тапсырды. Хан ордасында болып қайтқан капитан Г.Лингрейн өзiнiң сапары жөнiнде есеп бергенде Абылайдың Түркiстанда тұратынын айта келiп, ендi ол Ресей шекарасына жақындап келмейтiнiн жазады. Ресеймен қарым-қатынасында Абылай бейбiт, тату көршiлестiк өмiр сүру қажеттiгiн еске ала отырып, тағы да ресми түрде өзiн оның боданы екенiн мойындап, патшаның Граматосын алғанды. Бiрақ iс жүзiнде өз елiнiң дербестiгiне дақ салған жоқ, беделiн түсiрмедi. Абылайды ықпалына көндiре алмаған патша ендi Қазақстанды отарлаудың басқа жолдарын қарастырды, оның бiрi қазақ жерiнiң шекарасына қалашықтар, бекiнiс салу, оларды келiмсектермен, әсiресе казактармен толтырып жайғастыру едi. Әсiресе халық үшiн қиын жағдай туғызған мәселе - Жайықтың, Ертiстiң т.б. өзендердiң жағасына қазақтар малын жаюына тиым салу жөнiндегi патша өкiметiнiң жарлықтары. Патшаның бұл әрекеттерi, әрине, Абылайдың наразылығын тудырды, бiрақ ол Ресеймен үзiлдi-кесiлдi қатынасты тоқтатуға, жағдайды шиеленiстiруге бармады, мәселенi дипломатиялық тұрғыдан шешудi ойластырды[15].

Абылай бiр мезгiлде екi алып империяға ресми түрде бодан болғанын аса тиiмдi пайдаланды. Ресей патшалығынан қысым көрсе, патша үкiметiмен жақындаса түскен. Сөйтiп билiк тiзгiнiн ешкiмге ұстатпай, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын дербес жүргiзе алды.

Абылай хан туралы атақты тарихшы Левшин “Абылай тәжiрибесi, ақыл-айласы жағынан болсын қоластындағы халқының саны, күшi жағынан болсын, сондай-ақ өзiнiң Ресей патшалығымен, қытайдың Боғды ханымен жүргiзген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрiнен де басым едi. Ол ұстамды, досына мiнәйiм мiнездi, жауына қатал, қаһарлы кiсi едi. Сондықтан жұртты өзiне тарта, ерте бiлетiн едi”-деп суреттейдi.

Кейбiр тарихшыларымыз Абылай хан өзiмен көршi жатқан Қырғыз елiне, Қохан хандықтарына қарсы соғыс ашып, бейбiт халықты қырғынға ұшыратты дегендi айтады. Ендi осы мәселеге тоқтала кетейiк.

Шындығына келсек Абылайдың жоңғар хандығының жаулап алуына қарсы iс-қимылы Орта Азия халықтарының дербестiгiн сақтап қалуға ықпал еттi. Бiрақ жау жағадан алған кезде, бөрi етектен алатын әдетi ғой, оңтүстiктегi сол дәуiрдегi хандықтар халқымызға зорлық-зомбылық жасауды, жерiмiзге көз алартуды қоймаған. Абылай хан олармен де соғысып, жеңiске жеткенi жөнiнде бiраз құжаттар бар. Бiрақ осы мәселемен айналысып, iзденген кiсiлер көршi туысқан халықтардың ар-ожданына дақ келтiрмеудi, ел арасында наразылық тудырмауды көздеген тәрiздi. Бұл туралы Шоқан Уәлихановтың, Левшиннiң, Веткиннiң т.б. еңбектерiнде деректер келтiрiлген.

Түркiстан аймағында тұратын қазақ елдерiн қырғыз жылма-жыл шауып, мал-жандарын айдап әкетудi кәсiпке айналдырған көрiнедi. Соған байланысты қазақтар Абылайдан өздерiн қорлықта құтқаруын талап еткен екен. Сондықтан Абылай iрiктiрiп алынған 4000 әскерiмен Қырғыз хандығының шебiне кiрген.

Бұл жөнiнде Көкшетаулық Дәдет Шахановтың айтуынша (ел аузынан жазылынып алыпты) талай шайқасқа қатысқан батырларымыз бар, тәжiрибелi Абылай әскерi Қырғыз елiн билеушi Садырбаланың жасақтарын талқандап, оның өзiн тұтқынға алады. Ендi Сарыбала айыбын мойындап, Абылайдан келiсiмге келiп, бiтiм жасауды өтiне отырып: “Абылай хан, дәл осы кезде сiздiң күшiңiзде, қарауыңызда, менен артық емес едi. Сiзде ерекше қасиет бар екен, маған не iстесеңiзде ризамын. Кiнә менен, өзiңiз бiлiңiз қандай бiтiм айтсаңызда барлық мал-жанымды, халқымды қолыңа бердiм” дептi.

Сонда Абылай тұрып: “Бұрын қазақ ауылын шауып алған мал-мүлiк, адамдарды қайтарасың, онда дау жоқ. Сонан соң айыбыңа елiңнен таңдап 40 жiгiт аламын. Өз балаңды алсам да, алдымнан шықпайсың. Сонан соң әлгi 40 жiгiт елiңнен таңдап 40 қыз алады. Өз қызыңды алсам да, алдымнан шықпайсың. Сол 40 қызды отаулап той жасап ұзатасың. Бұдан былайғы жерде жауласпауға анттасамыз, - дептi. Мұндағы Абылайдың ойы “Қырғыз басшы адамдарының балаларын алып, қан араластырсақ, жауласпаймыз”-деген.

Садырбала риза болыпты. Жанына кiсi ертiп, елiне қайтартыпты. Садырбала елiне келген соң, халқын жинап, Абылайдың сөзiн айтып, бiтiмдерiн естiртiптi. Абылайды барлық қолымен шақырып, мал-мүлкiн, адамдарын қайтарып берiптi. Абылай Садырбаланың өз баласынан бастап, атақты манаптары мен батырларының балаларынан 40 жiгiт, 40 қыз алады. Бұдан былай екi жағы жауласпауға анттасады.

Сонан соң Абылай Қырғыз отауды алып келiп, иелiгiндегi Бурабайдың күнгей тұсындағы шұрайлы жерлерге жайғастырады. Осыдан кейiн қазақ-қырғыз елдерiнiң арасында тұрақты бейбiтшiлiк орнаған екен. Сол қырғыз отаудан өрбiген ұрпақтар өздерiнiң ата-тегiн ұмытпай, өздерiн қырғызбыз деп санаған. Сөйтiп, қазақ даласының ортасында, жер шоқтығы Көкшетау өңiрiнде “Қазақтың қырғыз деген руы” пайда болыпты. Бұлардың ұрпағы туралы Ш.Уәлиханов: “Қазақ олардың ұрпағы жаңа және бай қырғыз деген екi болыс болып отыр”-деп жазады.

Осы Қазақ-Қырғыз соғыстарын бiр деректерге 1770 жылы, ал кейбiр деректерге 1779 жылы деп жазады.

Ш.Уәлихановтың дерегi бойынша, 1770 жылы Абылай жастары мен қырғыздар арасындағы соғыс Шуға келiп құятын Қызылсу мен Шамси өзендерiнiң бойында болады. бұл ұрыста Абылай iрi жеңiске жетiп, көп тұтқын алып, өзiнiң жайлауы Көкшетауға оралады.

Менiңше, 1770 жылы деген дұрыс. Өйткенi, Үмбетей жыраудың Абылайханға Бөгенбай өлiмiн естiрткенде:

Анау бiр жылы аттанған

Әскердi қырғыз қырғанда

Басына оба қылғанда,

Ол хабарды ел бiлiп

Көп батырмен сен жүрiп,

Көзiңнiң жасын көл қылып, ...

деп жырлағанда, осы қазақ-қырғыз соғысын айтса керек. Ал осы жырды жырлап отырған Үмбетейдiң өзi 1778 жылы қайтыс болады. Бөгенбай батыр өлген кезде бұл оқиғаға бiраз уақыт болғандығынан көрiнедi. Сонда 1770 жылғы тура келетiн сияқты[16].

М.Мағауиннiң “Үмбетейдiң Бөгенбай атына байланысты жырлары ХVIII ғасырдың 72 жылдарының орта шенiнде туған” деп шамалауға болады.

Деректерге қарағанда Абылай ырғыздармен бiтiм жасаған соң Түркiстанды, Шымкенттi, Созақты азат етедi. Бұл туралы Ш.Уәлиханов: “Абылайдың Ташкенттен, Ходжентпен соғысы Жызаққа дейiн жеттi шаһарды алумен тынды. Олардың арасында Әзiрет-сұлтан Сайрам, Шамкент, Созақ т.б. қалалар бар. Ал, Ташкент алым-салық төлеп отыруға тиiстi болды. 1774 жылы Абылай Үйсiннiң ел ағаларының өтiнуi бойынша оларды басқару үшiн ұлы Әдiлдi жiберiп, оған Талас өзенiнiң бойынан қалашық салып бердi”-деп жазады. Мұны М.Мағауин де қолдайды.

1781 жылы өз халқының жарқын болашағы үшiн, бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн күрескен Абылай хан 70 жасында қайтыс болады, сүйегi қазақ хандығының астанасы Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мазарына жерленедi.

11. Лекция тақырыбы: Абылай хан.



Лекция жоспары:

1. Абылайдың әскери және мемлекеттік қызметінің басталуы

2. Хан Абылайдың «Сабалақ» аттануы және оның ата-тегі

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Абжанов Х.Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера,сегодня, завтра.Алма-Ата,1990.

2. Атауов С.Деятельност компарти Казахстана по развити тяжелой прмышленности. Алма-Ата,1978.

3. Байкенов М.Қазқсатн транспортының даму белестері. Алматы,санат,1998.

4. Бейсенбаев К.Идейно-политическое движение в Казахстане в конце ХІХ- начале ХХ веков, Алма-Ата 1961.

5. Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к Росси. М.,1957.

6. Ляченко П.И. История народного хояйства СССР. М.,1950.

Қосымша әдебиеттер:

1. Фридман Ц. Иностранный капитал в дореволюционном Казахстане. Алма-Ата,1960.

2. Қазақ ССр тарихы. Бес томдық. Том 3.Алматы, 1982.

3. Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы. Үшінші кітап. Кітап 3 Алматы: Білім,2002.

4. Аманжолов К.Қазақстан тарихы .Дәрістер курсы ІІ .Алмат «Білім» 2004.

5. Қазақстан тарихы.бес томдық.Том 3. Алматы. «Атамұра»,2002


Лекцияның мәтіні:

Арғын, Шақшақ нәсілінен Жәнібек деген кісіден бата алып, Әбілмансұрды үлкен хан қойыпты, Абылай атанғаны жоғарғы «Абылайлап» шапқанынан болды.

Осы аңыздар мазмұны бойынша бүгінгі таңда бізге мәлім Абылайдың үш есімі бар. Олар: Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай. Әбілмансұр – шын есім, Сабалақ – Төле би қойған есім.

Халық жүрегінде, наным –сенімінде ерекше орын алған Абылайдың бірнеше есімдерінің қайсысы шын есім екені бүгінгі таңға дейін анықталмаған. Тіпті «Қазақ тарихының әліппесінен» бастап, «қазақстан» ұлттық энциклопедиясына дейінгі барлық тарихи дерек көздеріне ханның екі есімі- Абылай және Әбілмансұр шын есімі –Абылай және Әбілмансұр шын есімі деген түсініктеме беріліп отырады.

Біздіңше, мұндай деректі ақиқатқа айналдырған ғалымдар мынадай паымдарды:

1.ХҮІІІ ғасырдағы Ресей және Қытай деректерінде Абылайдың «Әбілмансұр» деп ешқашан аталмайтындығын;

2.Абылайдың тікелей ұрпағы Шоқан жазбаларында «Әбілмансұр» деген есімнің кездеспейтінін;

3.Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кісеге азан шақырып қойған есіммен жаназа шығаратын мұсылмандық тәртіппен жерленген Абылай хан құлыптасына оның неліктен «шын» есімі «Әбілмансұрдың» жазылмағандығын ( жалпақ жұрт Абай деп атаған ұлы ақынның көктасына Ибраһим деген шын есімі, қазақ-орыс Шоқан деп таныған ғалымның көктасына Мұхаммед-Қанапия есімнің жазылғандығын еске түсіріңіз;

4.Абылайдың мөрінде «Баһадүр Абылай хан бин сұлтан Уәлі» деген жазудың бар екендігін;

5.Тарихта Абылай сынды тұлғалардың бірнеше есімі болу себебінен қазақ фолклорының негізінде ғылыми тұрғыдан түсінуге ұмтылған зерттеудің жоқтығын;

6.Әбілмансұр есімін алғаш ғылыми айналымға енгізген оқымысты ақын Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз- қазақ һәм хандар шежіресіндегі» Абылайға қатысты баяндаулардың қандай дерекке сүйеніп жазылғандығын, оның қолында қандай жазба деректердің болғаны жөнінде нақты ғылыми сараптаулардың жоқтығын ескермеген.

Соның нәтижесінде бүгінгі ғылым Шәкәрім жазған деректі ақиқат ретінде танып жүр. Сөз жоқ, Абылай хан тарихын жазушылар Шәкәрім еңбегіне соқпай кете алмайды. Өйткені бұл еңбек –түрік және қазақ хандары туралы алғашқы зерттеулердің бірі. Бірақ бір өкініштісі, автордың халық жауы ретінде атылуы нәтижесінде кітап зерттеу нысанасының сырт қалып, ондағы деректер ғылыми тұрғыдан талданбай, кешегі күнге дейін ақиқат күйінде қабылданып келді.

Қоғамызда болған саяси өзгерістердің арқасында атақты ақынның есімі ортамызға абыроймен қайта оралса да, оның тарихи еңбектерін ғылыми тұрғыдан саралау ,екшеу ескі сүрлеу-соқпақтан жаңа жолға түскен жоқ.

Бүгінгі ғылым дәлелдеген нәтижелер тұрғысынан қарасақ, Әбілмансұр есімін қайта жаңғыртқан Шәкәрімнің тарихи зерттеулерінде елеулі олқылықтар бар. Айталық, Шәкәрім 1745 жылы дүниеден қайтқан Қалдан Серенді 1754 жылы өлді деп және жоңғар тағына таласқан қалдан жиені Әмірсананы оның ұлы деп көрсетеді.Сол сияқты Абылайдың соғыс үстінде алғаш ерлікпен көзге түскен «аңыздың уақытын» оның қазаққа хан сайланған уақыты деп шамалайды.Ал Абылайдың хан болып сайлануы оның немере ағасы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін 1771 жылы өткені белгілі. Осы орайда біз сөз етіп отырған мәселеге қатысты Шәкәрім келтіретін:

«Жоғарыда айтылған Салқам Жәңгірдің бір баласы Уәлибақи хандыққа өкпелеп, Үргеніштегі нағашысы Ғайып ханға барады деп едік, оның баласы Абылай деген бек мықыты болып, жекпе –жекке шыққан батырларды өлтіре берген соң, қанішер Абылай аттанаы. Оның баласы Көркем Уәли, оның баласы Әбілмансұр, біздің хан Абылай дегеніміз осы әбілмансұр еді» - дейтін аңыз дерегі де ешбір тарихи дерек көзіне сүйеніп айтылмағанын пайымдауға болады.

Аңыз мазмұнның әсерінен «Сабалақ –жай есім, Абылай-батырлық есім, ал оның шын есімі кім болған» деген сауал өзінен-өзі туындап, соның нәтижесінде Әбілмансұр есімі пайда болған.Бұл есім Дулат ақынның шығармаларында да кездеседі. Дулат пен Шәкәрімнің өмір сүрген өңірі –Сесмей өлкесі. ХІХ ғасырдың соңында тарихнамаға Шәкәрім арқылы ілінген сол қателікті ХХІ ғасырдың басында жүрген біз де қайталап жүрміз.

Қатені жөндеу үшін мықты дәлел керек екендігін біз жақсы түсінеміз. Дәлелдің бір шетін, яғни «Әбілмансұр» атты есімінің ұшты-күйлі жоғалып кетуі мүмкін еместігін, сол заманның бір дерегінен / Ресей, Қытай/ бой көтеруі тиіс екендігін біз жоғарыда сөз еттік. Ендігі ойымызды Шоқанның «Абылай» атты мақаласы арқылы өрбітуді жөн көрдік. Өйткені Абылай жөнінде арнайы көңіл бөлініп алғашқы жазылған мақала осы Шоқанның мақаласы.

«Атасы / оның аты да Абылай/ Түркістанның билеушісі болып тұрған. Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін «қанішер» деген қаһарлы да құрметті атаққа ие болған кісі. Бірақ баласы Уәли әкесінің даңқын асыра алмай, Түркістанды басып алған көрші билеушілердің бірінің қолынан қаза табады. Қалтықсыз берілген бір құлының арқасында ғана он үш жасар ұлы Абылай аман қалады. Адал құл өз түлегні ертіп, қазақ даласына тартты. Ақсүйек ағайын-туғандары сыртқа тепкен жас Абылай қырға келіп, Жақсылық руының бір байына малшы болды...».

Шамамен 1850 жылдардың ішінде жазылған Шоқан мақаласы ә дегеннен Абылайдың есімі жайында екі мәселені айқындап бере алады. Олар:

1/ Ата мен немере есімі бірдей - Абылай;

2/ Сабалақ есімі Абылайға әлі таңылмаған.

Тіпті, Шоқанның бір ғасырдай бұрын 1748 жылы орыс елшісі М.Тевкелев атақты Әбілқайыр мен орыс елшісі М.Тевкелев атақты Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандардың және Орта жүз бен Кіші жүздің беделді би-шонжарларының айтуымен жазып алған шежіреде де Әбілмансұр есімі тіркелмеген. Ресей империясының Сыртқы істер коллегиясы қазақ даласына елшілікке баруға бірден- бір лайық кісі деп таныған, заманының үлкен мәмлегері М.Тевкелев Абылай хан шежіресін / кейін А.И.Левшин пайдаланып, жариялаған.

Абылайдың шежіресінде мынадай қайталаулар орын алған:

Уәлі


Қанішер Абылай

Көркем Уәлі



Абылай хан


Уәлі хан /Шоқанның атас/

Абылай / Әбен/- /Уәлінің бір баласы/


Олай болса, Абыла атасы Қанішер абылайдың есімі берілуі отбасылық дәстүрдің ізінде болғанына ешбір күмән жоқ.Ата есімінің кейінгі ұрпақта қайталанатын дәстүрдің негізгі себебі- халықтың ата аруағы өз ұрпағына берілген есім арқылы желеп-жебеп жүреді деген наным-сенімнің, түсініктің әсері. «Қазақтарда аруақты қастерлеу,- деп жазады шоқан, - әлі күнге дейін өз күшінде. Олар юасына қауіп төнгенде, мұсылмандардың әулие-әнбиелеріне сиынғандай, өз ата-бабаларының атын атап көмекке шақырады.

Барлық сәттілікті аруақтар жебеуімен болады деп түсінеді». Бұл түсінікті ел арасында кең сақталғанын сол Абылай туралы аңыз мазмұнынан тани аламыз. Мысалы, Сабалақтың жауды қашырған ерлік ісі былайша мазмұн алған:

Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның батырлары: «кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған аруақ жоқ – бәрі дәнемеге жарамады. Бұл өзі жалғыз болса да, тегі заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ-талайы жоғары, аруағы күшті екен. Бұрынғының сөзі бар еді. «Қой асығы деме, қолайыңа жақса, сақа қой деген, кел осыны хан көтерейік» деп, әу десіп ақ киізге салып хан көтерген екен».

Ендігі бір аңызда ата есімін ұран етіп алу себебін Абылай жау батырын жеңгеннен кейін өз аузымен айтады:

Мен қанішер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған соң, атамның атын ұран қылдым, - дейді.

Жалпы, алғашқы ерлікке дейін абылайға жақс сын беру көп, ал ерліктен кейін мін тағу көп.

Аңыздық баянадауларды талдай келгенде бір алғашқы ерлік жалшы Абылайдың мәртебесін күрт өзгертетінін, соған орай оның лақап есім жаңа есімге өзгертетінін байқай аламыз.

Халық шығармашылығындағы түсінік бойынша, сабалақты желеп-жебеп жүрген ұран – «батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін қанішер деген қаһарлы да құрметті атаққа ие болған» атас қанішер Абылай есімі. Онсыз ол мұндай үлкен даңққа көтерілмес еді. Сабалақтың жау құтын қашырған «қаһарлы да құрметті», «соғыста жолы болған қанішер Абылай» ұран етіп алу сарыны иі қазаққа ортақ «Алаш» ұранының алынуымен мазмұндас:

«Ахмет хан қазақтың әскерге жараулысын үшке бөліп / ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп/ Алашты қойыпты. Мағынасы «жан алғыш» дегені, оны естіген соң Ахмет хан: «қалмақ бұл атты қорыққан соң қойды , енді қалмақты шапқанда «алашылап шабыңдар», -деген соң қазаққа ұран болыпты».

Аталмыш мысалдар киелі, ерекше кісілердің атын атап салған ұран-сүрені жаудың құтын қашырады деген сеніммен халық наным-түсінігінде үлкен ізі болғанын көрсетеді. Шоқанның «Шынында да, қазақтар мұңы ұлы істер атқару үшін Алланың өзі жіберген елшісі, аруақ иесі ұққанға дейін Абылай талай күресті бастан кешіріп, сан сыннан сүрінбей өтті» /Валиханов/4/, 112/ деп жазуы – сөзіміздің айғағы, ойымыздың дәлелі.

Қойшы Сабалақтың «Абылайлап» шабуының сыры неде? Оның сыры көне түсінкте жатыр.

Ертедегі адамдардың түсінігі б ойынша, бұл өмірдегі елік істердің барлығы о дүниеден қодайтын тылсым күш иелерінің қолдауымен болады. «Ерлік деген сөздің өзі сібір халықтары мифологиясындағы өлі дүние иесі Ерлік ханның есімімен ауысса керек. Көне монғол мифологиясы бойынша, адам жанын арашалаушы шаман аурудың рухын іздеп, қиямет – қайым қиындыққа толы Ерлік хан еліне барып қайтады /Санжеев, 333-337/. Әлеуметтік – иерархия туған кезде шаманның бұл ерлігі тегі бөлек жан екенін білдіретін белгі ретінде әмірлер мен батырларға атақ есебінде беріледі. Атақты хандардың барлығы өздеріне «баһадүр» /батыр/ деген атақты қосып алуға тырысып отырған. Тым әріге бармай – ақ, Абылайдың өзін және Кіші жүз ханы Әбілқайырды мысалға алсақ болады. Олар өздерінің хандық мөріне «баһадүр» деген атақты қосып жаздырған. Демек, оларға бұл атақтың /лауазым емес/ берілуі халық түсінігіндегі көне нанымның әсерінен екені сөзсіз.

Мұндай нанымның ертеден келе жатқанын көне руналық жазбалардан оқып білуге болады.

Халық жүрегінде, наным-сенімінде ерекше орын алған Абылайдың бірнеше есімдерінің қайсысы шын есім екені бүгінгі таңға дейін.


12.Лекция тақырыбы: XVIIIғ. Ұлт – азаттық көтерілістер. Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар көтерілісі. (1773-1775 ж.ж.)

Лекция жоспары:

  1. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі Ұлт – азаттық көтерілісте Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысу.

  2. С.Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. (1783-1797 ж.ж.)

Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы, нәтижесі.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:
XVIIIғ. 50 – жылдарында кіші жүздің ханы Нұралы қазақ шаруалардың талаптарын ескеріп, 1742 жылы 14 қазандағы Жайық бойында мал жаюға тыйым салған патша үкіметін жоюды талап етті. 1756 жылы императрица Елизавета Петровна башқұрттардың көтерілісін басуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға уақытша рұқсат ете отырып, Жайықтың оң жағасына көшіп-қонуға тыйым салды.

XVIIIғ. 60 –жылдарында патша үкіметінің Ертістің оң жағасындағы шұрайлы өлкені қазақ шаруаларына тартып алып беруі, қазақтарға бекіністерге жақындауға тыйым салуы халықтың наразылығын туғызды. Еділмен Жайық бойындағы ЕПугачев басқарған 1773 – 1775 ж.ж. шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, орта және кіші жүз қазақтары қатысты.

Көтерілістің алғы шарттары.


  1. Патша өкіметінің Каспий теңізінің солтүстік батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі;

  2. Петебугр билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтар мен ойрандатуы;

  3. Жайық бойында патша өкіметінің бекіністерді көптеп салу;

Кіші жүз қазақтарынрың көтерлісі үш кезеңге бөлінді.



    • Пугачев үндеулері кіші жүзде жиі тарады, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта таралуы (1773ж қыркүйек, 1774 ж наурыз)

    • Көтерілістің кең жайылуы (1774 ж наурыз, 1774 -күз)

    • Қозғалыстың саябырлап басылуы (1775 ж – қыркүйек, 1776 ж - ақпан)

Орта жүз қазақтарының көтерілісінің үш кезеңі:

    • Пугачев шабармандарының Орта жүзді аралап, көтеріліске шақыруы (1773 ж, қыркүйек – 1774 ж. сәуір)

    • Орта жүз жасақтарының жоғарғы Жайық және Ой бекіністері төңірегінде Пугачев күштерін қорғауы (1774 ж, сәуір-маусым)

    • Орта жүз қазақтарының Ертіс және Оңтүстік Сібірдегі әскери шептерге қауіп төндіру (1774 ж жазы – 1776 ж)

Кіші жүздің ірі ақсүйектері Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар Нұралы хан көтерілісті қолдады.

  • 1773 жылғы 20 қыркүйек Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады. Жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды.

  • 1773 жылы қарашаның 17-нен 18- қараған түні Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты.

Алайда Жайық бекінісін қоршауда Пугачевтың сәтсіздігі ханың көмек беруге асықпауына себеп болды. пугачев күштерінің Орынбор әскери шебіне жақындауы, осы өңірде көшіп – қонып жүрген қазақтарды рухтандырды.

Қазақ жігіттері Пугачевты әскерімен бірлесіп шайқасты.



    • Жайық бекінісін қоршауға қатысты

    • Кулагин бекінісін алды

    • Орынборды қоршауға 2000 қазақ қатысты

1773 жылдың қарашасында Пушачевтың манифесіне арқа сүйеген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп малдарын жайды.

Нұралы хан бастаған ақ сүйектер екі жақты бағыт ұстанды.



  1. Көтерлісті пайдаланып жер тапшылығын жою

  2. Көтерілістің өршуінен сескеніп, қазақтарды тәуелділікте ұстау және жеңілсе патша алдында ақталу.

Орынборды қоршаудағы сәтсіздік Пугачев күшттерінің Троицк бекінісіне шегінуіне себеп болды. енді көтеріліс орта жүзді кеңірек шарпыды. Дәуітбай би Пугачевтың үндеуі қолдау білдіріп, старшындарымен бірігіп көтерілісті қолдайтын шешімге келді.



    • 1773 жылы қазан - көтерілісшілер Пресногорьковск бекінісіне, Торицк, Гагареьвск редуттарына шабуылдады.

    • 1774 жылғы жаз – Звериноголовск бекінісі төңірегінде Пугачев тығылып жүр деген лақап тарады.

    • 1774 жылғы күз – Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша әскерінің қысымымен Сырдария бойына ығысты.

    • 1774 ж. күз-қарауыл, кенжеғалы, қыпшақ, керей т.б. рулардан құрылған топтар Пресногорьск, Петропавл, Верхнеозерный бекіністеріне шабуылдады.

1775 жылы Пугачев көтеріліс әлсіреді. Суворов бастаған күш Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандағаннан кейін ғана, қазақ өлкесінде де көтерілісін әлсіреді. 1776 жылы сәуірде генерал Н.А. Рейнсдорф “Тыныштық” орнағаны туралы өкіметке хабарлады. Отаршылдық езгіге қарсы нәтижесіз аяқталды. Кіші жүзде патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы қозғалыстың ірі ошағы қалыптасты. Көтеріліс басшысы Байбақты руынан шыққан С.Датұлы 1773- 1775 жж. көтерілістің тарихи маңызы

    • орыс және қазақ шаруаларын біріктірді

    • Сырым Датұлы бастаған көтерілістің шығуын тездетті.

- Көтерілістің нәтижесі

1775 жылғы 7 қараша сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша қысқы уақытта Еділ, Каспий теңізі, Ертіс пенг Жайықтың оң жағалауы Ембі сағыз өзендері бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етілді.

С.Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі



    • ақсүйектердің бьір бөлігінің патша өкіметін саясатын қолдамау.

    • Ресей өкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп кіші және орта жүздің кейбір өңірлерін Симбриск, Уфа басқармасына бағындырылуы. (1744 ж құрылған Орынбор губерниясы таратылды.)

Көтерілістің аумағы Еділ – Арал теңізі көтерілісшілердің басты мақсаты

  1. Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру

  2. Орал – казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.

  3. Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою. Көтеріліс басшысы Байбақты руының старшыны, батыр және шешен С.Датұлы (1742 – 1802 ж.ж.). Ол 1775 жылы Пугачевтың әскерінде қазақ жасағын басқарған.

1778 жылы Орал қазақтарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды. 1783 ж күзі батырдың Орал қазақ әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.

1783 жылғы желтоқсан Сырымды Оралдық қазақтар тұтқынға алды. Сырымның қарындасының үйленген Нұралы хан 1784 ж көктемде оны тұтқыннан босаттырды. Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Премьер майор Назаровтың басқаруымен Орал қазақтары 1785 ж наурызында табын рууына шабуылдады. Сұлтан Айшуақтың баласы Атақ шайқаста қаза болып сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласын тұтқындалды. Жазалушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтерілуі көтеріліс сипатын өзгертті. Нұралыны хандықтан тайдыру көтерілісшілердің басты мақсаттарының бірі болды. 1785 жылыдң кіші жүз старшындарының съезі нұралы хандықтн тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің мәжілісі болып патша өкіметіне Нұралы құмдарын хан тағына жолатпау талаптартын қойды. Жүзді үш ордаға (бөлікке) бөлу ұсынылды.



    • Байұлы

    • Жетіру

    • Әлімұлы

Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып паналады. 1790 жылы Уфаға жер аударылып сонда қайтыс болды. кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А. Игельстром хандық билкті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды.

Игельстром реформасы


Генарал – губернатор




Шекаралық сот (патша чиновниктері,


Жергілікті шонжарлар)

Ауылдық буындар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет