Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария » университеті
«Гуманитарлық білім» факультеті
«Тарих» кафедрасы
«Қазақстан тарихының кейбір ақтаңдақтары» пәні бойынша
«Тарих» мамандықтарының студенттері үшін
Лекцияның Қысқаша курсы
Жетісай – 2007 ж
9. Лекция сабақтары
№1. Лекция тақырыбы: Кіріспе.
Лекция жоспары:
-
Қазақ халқының шығу тегі тарихының кеибір ақтаңдақтары.
-
Адамзаттың паида болу тарихы. Қазақстан териториясында табылған алғашқы адамдардың іздері.
-
Европа мен Азиядағы қола дәуіріндегі мәдениеттердің бірі Андронов мәдениеті.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
Археологические исследования Казахстана. – А., 1973.
-
Археологические исследование древного и средневекого
Казахстана. – А.,1980.
-
Байпаков К. М. , Ә.Х. Марғұлан. Археология институты. – А., “Ғылым”. 1998.
-
Байбатша Әділхан. Қазақ даласының ежелгі тарихы. – А., “Санат” 1998.
Қосымша:
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері) – А., “Дәнекер”.2002.
-
Қ. Аманжолов. Қазақстан тарихының әдістері курсы. 1 кітап.- А., “Білім” 2004.
Лекция мәтіні:
Қазақ халқының шығу тегі тарихымен, Қазақстандағы қола дәуіріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қоғамдық және мәдени өміріндегі ірі өзгерістерді қарастыру.
“Қазақ” атауының төркіні, қай кезде қалай пайда болғаны жайында сан алуан пікірлер айтылып келеді. Еліміздегі зерттеушілердің бұл жөніндегі болжам пікірлерінің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады. Қазақ деген атау XV ғасырда жарыққа шықты. Жәнібек пен Керей бастаған көшпенді тайпалар XV ғасырдың 60 жылдарында Әбілхайыр ханның үстемдігінен қарсы шығып Шығыс Дешті қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар “қазақ” деп аталған. Мұның мағынасы “өз ұлысынан бөлініп шыққан қашақтар” деген сөз еді. Бұл кейін келе қазақтардың атына айналған деседі. “Қазақ” атауы “таң патшалығы тарихында қаса (VІІ- VІІІ ғ.ғ.)” хаса түрінде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы тым ерте деп есептейді. Қазақ атауы ерте кезде қазақтармен қарым- қатынас жасаған , жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде атап айтқанда Ханзу, Араб ,парсы, византия, орыс , монғол және түркі тілдеріндегі жазбаларында кездеседі. Бұл елдеріндің тіл ерекшелігі мән жазу-сызудағы дағды дәстүрлерінен сай, қазақ атауы әр алуан формада хаса, қаса, хайсақ, қасақ, көсек, гасук, гасак, хасық т.б. болып жазылып келген. Қазақ атауының мән мағынасы туралы айтылған пікірлердің бір сыпырасы қазақ халқының арасында сақталған тарихи аңыздар мен шежіре деректерде сабақтаудан туған. Қазақ аңыздары мен шежірелері “қазақ, “алаш” және “жүз” (үш жүз) деген атауларды бір-бірімен байланыстыра баяндайды. Қазақ арасына таралған тарихи аңызда ерте заманда Қалшы Қадыр деген батыр қолбасшы болады, ол шеру тартып қол бастап, талай- талай жорықтармен соғыс шайқастарын бастан өткізеді. Бір олғы жорықтағы шайқаста ауыр жараланған Қалша Қадыр елсіз, сусыз жапан түзде жалғыз қалады. Жарақаттан қиналып шөлден бұрлығып әбден болдырған қолдбасшы қанша қиналсада жүруге шамасы келмей жығылады. өлім халінде жанталасып жатқанк езде аспаннан бір ақ қаз (аққу) ұшып келіп ауызына су тамызып , оны шөлден құтқарып алады да айдын шалқар көл жағасына бастап барады. Бұл қаз, аққу болып құбылып келген перизат - аққыз екен, үстіндегі аққу терісін сыпырып тастап ару қызға айналып Қалша Қадырдың жарасын емдеп жазады. Қалшы Қадыр осы аққызға үйленеді, бұдан туған ұл “қазақ атанады”. Қазақтан: Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс үш ұл туады. Ақарыстан – ұлы жүз, Бекарыстан – орта жүз,Жанарыстан –кіші жүз тарайды дейді. Қазақ жалпы халықтың аты үйсін қазақтың құрамында ұлы жүз болысының аты, қазіргі қазақтар бұл екі ұғымды екі басқа түсінеді. Қазақ атауы “таң патшалығы” тарихында (VII-VIII ғ.) хаса, түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді.
Атақты ғалым В.В.Радлов “қазақ” деген атауды тәуелсіз, еркін ерікті адам деп қалыптасты. Қазақ халқы - еліміздің ежелгі ұл ттарының бірі. Қазақ халқының ертедегі тарихы туралы еліміздің ежелгі тарихында мұң мәлімет бар. Мұндпй деректер ежелгі парсы және грек тарихында да ұшырайды.
Қазақ халқы ерте заманда еліміздіңм батыс өңірін Алтай, Тянь-шянь тауларымен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірімен Сырдария алабы және Дешті Қыпшақ даласын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайплардың, атап айтқанда сақ, үйсін, қаңлы , алан, қимақ, қыпшақ, дулат, түркеш, қарлұқ, оғыз, арғын, керей, уақ, қоңырат, жалайыр, алшын т.б. тайпалардың түрліше тарихи даму дәуірлерін басынан кешіре отырып, бірте-бірте, және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи түрде дамуы арқылы халық болып қалыптасты. Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақың байырғы шежіресінде мол мәлімет сақталған. Қазқ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың аттары тайпалық таңбалары , ұрандары және осы ру тайпалардың шығу тегімен таралу мән жайын баяндайтын шежіре деректері талай дәуірді басып өтіп біздің заманымызға жетті.
Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәденитеке – Андорнов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусин рйпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Ерте қола ғасыры Солтүстік Қазақстанда Феодоров, ал Орталық Қазақстанда Нура кезеңі деп аталды. (б.з.д. XVIII-XVII ғ.ғ) Орта қола ғасыры Солтүстік Қазақстанда алакөл, ал Орта Қазақстанда атасу кезеңі деп аталған (б.з.д. XV-ХІІ ғ.ғ ) б.з.д. ХІІ ғ, бастап Андронов мәдениеті көшпелі мәдени қауымдастықтармен ауысып, Батыс Қазақстанда қима, Орта
Қазақстанда Беғазы – Дәндібай мәдениеті деп аталды(б.з.д. ХІІ-VІІІғ.ғ)
Андронов тайпаларының шаруашылығы. Андронов мдениетіне өзендердің арналары мен көлдердің жағалауында, кешенді жер және мал шаруашылықтары тән. Андронов тайпалары жартылай жер кепелерде тұрды. Олардың төбесі бұталармен, аң терілерімен, сабанмен жабылды. Мал шаруашылығы негізінен отырықшы, бақташы болды. негізінен ешкі, сиыр, түйе өсірді. өзендердің аңғарында Андронов тайпалары кетпенді жер шаруашылығы мен айналысты.
Андронов тайпаларының шаруашылығының ерекше саласы ретінде таукен мен металлургиясы дамыды. Қола ғасыры кезінде Қазақтан дүниеде алғашқы қола өндірушілердің бірі болды. Қорытылған металл көлемі өте үлкен болды. тек Жезқазған өңірінде 100 мың т, мыс балқытылды. Ал Орта Қазақстанда 130 т, қалайы өндірілді, бұл 15 мың т. таза қола қорытуға жетерлік. Бұл көрсеткіштер тек зерттелген кендер бойынша ғана.
Андронов мәдениетінің тағы бір ерекшелігі бұл керамиканы пайдалану. Ыдыстардың формалары да әр түрлі болды – құмыра, банка тәріздес. Олар өте бай оюламен сәнделген. Оюдың геометриялық түрі қолданылды, былайша айтқанда параллель сызықтиардан күрделі крест тәрізді фигуралар – меандралар.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстанда ерте қола ғасырында жататын Қыргелді зираты мен Тасты-бұлақ қонысы зерттелген. Орта Қазақтанда Ақшатау, Бугулы обалары, Нура кезеңіне жататын Боғақара қонысы мен Қарабие, Айшырақ, Қарасай Атасу ескерткіштері зерттелген. Шығыс Қазақстанда Қапай, Сарыкөл, Қойтас обалары зерттелген. Солтүстік Қазақстанда Федоров кезеңіне жататын Бурабай, Обалы, Бирек-Көл обалары, алакөл кезеңінің Алексеевское, Ефимовка, Петропавлов қоныстары мен обалары зерттелген. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Андронов мәдениетінің ескерткіштері аз. Мұнда Тау-тары, Қойықты, Қарақұдық обалары зерттелген.
Андронов тайпаларының жерлеу дәстүрі қызық. өлгендерді көлдеңен қойылған тас плиталардан жасалған тас қораптарда жерлеген, оның үстіне қорған үйген. өліктің қасына бай безендірілген ыдыстарды, қола мен алтыннан жасалған әшекейлерді қойған. Кейде өлікті өртейтін, онда оның күлін жерлеген.
№2. Лекция тақырыбы: Арилер Қазақстан аумағындағы алғашқы тұрғындар.
Лекция жоспары:
-
Ерта темір дәуірінде Қазақстанда мекендеген тайпа арийлер.
-
Арий тайпаларының шаруашылығы.
-
Мекен тұрақтар.
Негізгі:
-
Струве ВВ Родина зороастризма М.,1948г.
-
Бойс.М Зороастрийцы. Верование и обычай М., 1987г
-
Археологические исследования Казахстана. – А., 1973.
-
Археологические исследование древного и средневекого
Казахстана. – А.,1980.
-
Қазақстан тарихы 5 том.А-96
-
Қас СССР тарих 1 томы.А-86
Қосымша:
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері) – А., “Дәнекер”.2002.
-
Қ. Аманжолов. Қазақстан тарихының әдістері курсы. 1 кітап.- А., “Білім” 2004.
-
Қазақ Ұлттық энц. 1 том. А-98
-
Қазақстан тарих очертер.А-98
Лекция мәтіні:
Қазақ халқының түп төркіні адамзат тарихындағы өз орны туған жұртымның Ұлттық мәдениетке қосқан үлесі жайлы жазылған үлкен кішілі ғылыми туындылар үздік болса да жарық көруде. Бірақ халқымның арғы бергі тарихынан баяндайтын туындыға сүйене қарасақ қазақ халқы еліміздің ежелгі тұрғындары болып табылады.
Қазақ халқының ертедегі тарихы туралы еліміздің ежелгі тарихында мол мәліметтер бар. Мұндай деректер ежелгі парсы және грек тарихында көбірек ұшырайды. Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақтардың байырға шежіреде мол мәліметтер сақтайтын. Қазақ халқының этникалық құрамына енген ұрулар мен тайпаларының аттары ұрандары және осы ру тайпаларының шығу тегі мен таралу деректері талай дәуірді өтіп біздің заманымызға жетті. Жаңа тас дәуірінде (б.з.д. V-мың жылдық) Қазақстан топырағындағы адам қауымдастары одан әрі дамыды бірақ олардың негізгі өндіруші құралы әлі малта тас еді. Алайда олар тасты енді домбалауды қойып, әдемілеп үшкірлеуді, сыртын егіп тегістеуді үйренеді. Аңшылықтың дамуы жебеу оғын найза сүңісіп ойлап табуға мәжбүр етті, үй тұрмысында балталар, кашаулар, пышақтар, қасқаштар қырғыштар молайды. Қазақстанда жаңа дәуірін сипаттайтын 500-ге жуық ескерткіштер бар. Олрдың көп жаңдайларда бір-бірін қайталағандай ұқсастығы Қазақстанды нәсілдік тұрғыдан бірегеи халық мекендегенін айғақтайды. Тек 4-мыңжылдықтан бастап Орта Азия қосөзеннің аңғарын мекендеген Келтимар мәдениеті ошғынан тұрғындары Қазақстанның Оңтүстігімен Батысына жылыстп Батыс сібір айамағына ұзаған. Қазақ топырағында өмір ағымы осылай өтіп жатқанда, Евразия жотасының Батысында яки Шығыс Еуропада Үнді еуропада нәсілінің бірлестігі пайда болып б.з.д. 3 мж. Ыдыраушылық сатысына енген олардаың қатарынан Үнді Иран тайпалары бөлініп шығады. Оңтүстік орыс даласында, еділ бойы, Орал туының Оңтүстік аймағында жүргізілген архологиялық қазбалар Үнді Иран қауымның мал шаруашылығымен айналысқн дамыған экономикасы болғаннан сенімді айғақтар келтіреді. Әсіресе жылқы өсіру биік сатыда болға. Жылқы бұл қауымның күнделікті тірлігіенің тірегіде, өлгенде бірге көметін киесіне де айналған. Үнді иран тайпалары мекендеген аймағы оңтүстік орыс даласы. Еділ, Орал аймақтар . бұл қауымның іргелі тайпаларының бірі – Ар яки Арийлер. Арий этнониміне түбір болған Ар тайпасының ізі жер- су аттарында сайрап жатыр. Сол кездерде еділ өзені Ар акс атанған. Қазақ даласының іргесінде тарихи Ар даласы жатыр, оңтүстік Оралда Аркайм қаласы Арийлердің діни орталығы деп есептелінеді. Қзақ топырағы Орал тауы етегінен Оңтүстікке ауғанда Арий қауымы екіге бөлінген – ді. Бірі –“Регведалық” арийлер, екіншісі “Авесталық” арийлер. Үндістнға барып маңдай тіреген “регведалық” арийлер ол өлкенің байрығы жұрты дравидтерді теңіз жағалауларын қарай ысырады. Олар өздерінің байрығы сенім – нанымдарын “Регведа” діни эпосына жазып қалдырған. Ал “Авеста” діни үрдісін жасаушылар өздерінің байрығы отанын “Арианам ваиджа” деп (Арий жазығы) атап, онда 10 ай қыс, 2 ай жаз болатынын ол елдегі басты кіндік өзенді Рах деп атағаны туралы мәлімет бар. әсілі Раха – Еділ болса керек, өйткен Птоламей өз еңбектерінде еділді Ра деп көрсеткен. “Авеста” жорағысын туғызушы. Зоастр арасыда туды деп есептесе, екіншілері оның отанын Орта Азия оипатына апарады. Жоғарыда “Авеста” жазбасына қарағанда, арийлердің қазақ топырағы не оған жоспарлас өңірлердін себебін күн райынын қаталдығына сайғанмен аударыла көшудің жалғыз себебі ол болмаған сынды. “Авестада” көшпенділермен отырықшылар қақтығысы суиреттелсе үнді арийлерінің байрағы жазба мұраларына жататын “Регведа”, “Махабхараталарда” олардың жауларыда ад, дай, данов тайпалары екені айтылған. Қауымдардың бауыр басқан байырғы отандарын тастап, басқа бөтен топыраққа жылыстауы бекер емес, жаугнршілік салдары болса керек. Осы жазбаларда Даха әулетінен тараған байырғы көне жазба шежірелері, алғашқы шежірелері мен абыздардың да аттары хатталған.”Авеста” – зоростризмнің кітабына қасиетті кітаптардың жинағы. Діни ұғымдардан, дұғалардан, мифтік аңыздардан т.б. тұрады. Қазіргі ғалымдардың көпшілігі “Авестаны” б.з.б. 1м.ж.бірінші жартысында Орта Азия да немесе Солтүстік Батыс Ауғанстан мен Солтүстік шығыс Иранға көрші аймақтардың бірінде пайда болды деп есептейді. Ежелгі заманда не ертедегі орта ғасырда “Авеств “Иранда, Орта Азияда, Азербайжанда Ауғанстанда кең тарраған. Парсылар арасындағы дін қызметінде күні бүгінге дейін пайдаланып келеді. “Авеста” қол жазбасы ¼ бөлігінде ғана.
“Авестаның екі нұсқасы бар. Кейіннен “Авестаға” Иран халықтары тұрған көптеген аймақтарда өзгерістер енгізіліп толықтырылды. Сондықтан “Авеста” – көптеген халықтардың ортақ ескертткіші, олардың тарихын, әлеуметтік – саяси құрылысын, тұрмыс-салтын, салт –санасын, мәдениетін, діннін, әдеби дәстүрлерін зерттеуі маңызды материал. Арилер – ғылыми әдебиетте әртүрлі ұғымда қолданфылпатын термин. ХІХғ ортасында –ақ “А” не “Априліктер” ұғымы Үнді Еуропа тілде сөйлейтін халықтарға қолданылады. Нәсілшіл әдебиетте, әсіресе фашистік германия әдебиетінде “А” термині нәсілшілдік тұрғыдан ғылымға қарсы мағнада қолданылады. Қазір “А” термині үнді –иран тілінде сөйлеген тайпалар мен халықтарға қолданылады. Бұл бірден- бір ғылымға дұрыс сінген ұғым. Үнді –Иран халықтарының ең ежелгі ескерткіштерінде олар өздерін “А” деп атаған. Мұның өзі көрші немесе бағындырылған халықтарға қарағанда, толық праволы адамдар деген мағнаны білдіреді. “А” деген сөзден бірқатар географфиялық және этникалық атаулар шыққан; үндіше- Арьяванта, Ависташы Арьяна ваиджа қазіргі Иран аты (“Арупат”-“А” елі) т.б.
Арианам Вайджа.
Арианам Вайджа – ерте қазіргі Қазақстан мен Орта Азия жерінде тұрған арий тайпаларының түпкі отанын осылай деп атаған. “Авеста” жинағында айтылатын арилердің отаны тұрған жерлері Алтай, Памир таулары, Тянь-Шань жүйесі одан ағып шығатын Амудария (сол кеезде Ардви деп аталған) және Сырдария (Датьи деп аталған)өзеннің сағасы деп көрсетіледі. Еділ (бұрын Ранха) Каспий (Варукаша) теңіздерінің жағалауы ғылымда “Арийлер жағалауы” деп аталады. Ежелгі адамдар қоныстары жер бетінде 2,5 млн жыл бұрын паида болған. Тас ғасыры б.з.б. 3млн. –2мың жыл бұрын кезеңді қамтиды. Тас ғасыры ежелгі (палеолит), орта (мезолит(, жаңа (неолит) дәуірлерге бөлінеді.
Заратуштра.
Заратуштра – адамзат тарихында тұңғыш пайғамбар, ақын. Шамамен бұдан 35ғасыр бұрын Еділдің шығысындағы Ұлы Тұран жерінде мал баққан спитама жұртында, киіз торлықты көшпелі Поуруш аспанның отбасында дүниеге келген. Заратуштра 30жасында әлемді жаратқан. Жалғыз ие – Құдадың аян беруімен Ахура-Мазда асқан ақыл-білім иесіне аиналып, Құдай аузынан естіген шындықты жұртқа жеткізбек болады. Заратуштраның діни уағыздары, өлеңмен айтылған дұғалары өзінен кейін бірнеше ғасырдан соң ғана ескі парсы тілінде Иранда қағазға түсіріледі. “Авеста” атты кітап болып жинақталады. Немістің атақты философы Фридрих “Заратуштра осылай деген “ атты философиялық толғау.
Ахура – Мазда.
Ахура-Мазда- жалғыз ие аспан, жер және адамды жаратушы. Ахура-Мазда жалғыз жаратушы ретінде Заратуштраның ұстазы. өзі жаратқан жер бетіндегі адамзат қоғамын сақтаушы, сол қоғамдағы тәртіпті реттеуші, қорғаушы және иесі. Заратуштраның “Гата” атты шығармасында Ахура-Мазда жалғыз ие ретінде көрсетіледі. “Аавестада” Жаңа пайғамбарлар пантеоның басқарушысы. Дуалистік танымның пайда болуынан кейінгі кезеңде Ахура –Мазда жақсылық пен жамандықтың күрес барысында жақсылық қорғаушы ретінде көрінеді. Біз тұлпарлары қанатты, мәңгілік жарыққа, күнге сыйынамыз. Күн жарық шашқанда, күн жылу шашқанда 100мыңдаған құдіретті сезінеді, содан соң Мазданың сыйлаған жерінде жарық, нұр салтанаты үшін, ақиқат салтанаты үшін бақытын табады әр кім. Бахыт үшін сиынамын, жалбарынамын және тұлпарлары қанатты, мәңгі жасаитын күнге , тұлпарлары қанатты мәңгі жасайтын Жарыққа сиынамын, арнаймын хаом шырынынан, Барен шыбығынан, Сезім шұғыласынан, әрі ойыммен, әрі ісіммен, әрі ақиқат сезімімен мен күнге құрмет көрсетем. “Осы арқылы сиынамыз, Ахура – Мазда біздің күнге сыйынуымызды құп көрген”.
Жаратқан Жалғыз Иеміздей...” (екі рет). Мәңгі жасаушы, жарық сыйлаушы, тұлпары қанатты күнге табыннамыз әрі мадақтаимыз, қуатпен күш берсін оған. “Ақиқат –сыйдан артық...”.
“Авеста”-ең көне кітаптардың бірі.
“Авеста”- жер бетіндегі ең көне кітаптардың бірі. “Авеста”- Қазақстан, Орта Азия, Иран, Әзербайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбатар жинағы. Б.з.б. ғасырда ғылымда “Авеста тілі” деп аталатын тілді хъатқа түсірген . Арий дәуіріндегі ежелгі халықтардың өмірі, мәдениеті, діни наным- сенімдері, әдет- ғұрыптары жөнінде мол мағлұмат береді. 21 кітаптан тұрған, ал біздің заманымызға оның ¼ ғана жеткен. “Авестаның “ осы сақталған бөлігінің 2 нұсқасы бар. Бірінші нұсқасы әртүрлі кітаптарды біріктіретін мінәжаттардан тұрса, екіншісі дін, құқық, табиғат, дүниенің жаратылуы туралы дұғалар және ән ұрандар келтірілген. Ұзақ тарихи жолдан өтіп, қазіргі заманға жеткен бұл шығарма, толықтырылып өзгерістерге түскен. “Авеста” – Заратуштра пайғамбардың рухани ілімі мен құдайға құлшылық ету уағыздары жинақталған кітап. “Авеста” уағыздары бүкіл мұсылман әлеміне тараған. Ислам мәдениетіне, оның ішінде сопылық ағымға ықпалы күшті болды. “Авестадағы” оқиғалар кейіннен түркі халықтарының көне эжпостарында көрініс тапты.
№3.Лекция тақырыбы: Ѓ±ндар (Хунну)
Лекция жоспары:
-
Ѓ±ндар, олардыњ Европаѓа ќоныс аударуы.
-
Ќазаќстан жерін ѓ±ндардыњ ќоныстана бастауы.Халќаралыќ ±лы ќоныс аударудыњ басталуы.
Еділ батыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
-
Инастранцев К.А. Хуныу и гуныу .Л.1926
-
Бернштам А.Н. Очерк истории гуннов. Л.1951
-
Гумилев Л.Н. Хунну. Средяя Азия в древние в релина М 1960
-
Є. Байбатша. Ќазаќ даласыныњ ежелгі тарихы. А. 1998ж.
-
Ќазаќстан тарихы. 1995-98ж.
-
Л.Гумилев. Кµне т‰ркілер. “Білім” А. 1994ж.
-
Абдрахман Хайруш. Тарихыњды таны. (отан тарихыныњ очерктері) А.2002ж
Қосымша:
-
Ќазаќ тарихынан. “Жалын”. А.1997ж.
-
Аманжолов К.Р. Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы. “Білім” А. 2002ж
3. Баһаеддин Өгел. Ұлы ѓ±н империясының тарихы. 1-2т.А.,1988ж
Лекцияның мәтіні:
Хунну мемлекетініњ ќ±рылуы. Ѓ±ндар жазба деректерде алѓаш рет б.з.д.822ж. аталады, ол кезде олар Ќытайѓа ‰лкен жорыќ жасаѓан. Сондыќтан да Ќытай императоры ¦лы Ќорѓан салдырды. Б±л кезде ѓ±ндар туысќан рулардыњ одаѓы ретінде ќалыптасып, оны сайлаѓан кµсем басќарды. Б.з.д. 209ж. Туман атты кµсемніњ баласы Моде µзін “сенгир” деп жариялады (сенгир-±лы).
Ѓ±н мемлекетін ќ±ру барысында ќызметете бастады. Алдымен Ѓ±ндардыњ шыѓыстаѓы кµршілері дунхулар талќандалды. Одан кейін ѓ±ндар µздеріне батыста юечже мен ‰йсіндердіњ, оњт‰стікте лоуфень мен байян тайпаларын баѓындырды. Ѓ±ндардыњ к‰шеюі Ќытайдыњ назарынан тыс ќалмады, ол кезде Ќытайда жањаХань єулеті биікке келген болатын. Ќытай императоры Гаоди µз єскерімен Байден тауында ќоршауѓа т‰сті. Императорды Мµденіњ мейрімділігі ѓана ќ±тќарып ќалды. Кµп ±замай Ќытай мен Ѓ±ндар арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Ќытай ѓ±ндарѓа жыл сайын салыќ тµлеуге тиіс еді. Мµде µлгеннен кейін бейбіт µмір бірнеше ондаѓан жылдарѓа созылды. Оны император Уди б±зды. Соѓыс б.з.д. 129ж. Басталып, екі жаќ алма кезек жењіске жетіп отырды. Ќытайлар ѓ±ндарды Ордостан ыѓыстырса, б.з.д. 90ж. Яньшан тауыныњ жанында к‰йрей жењілді. Сенгйр Хулагу µз бітімініњ шарттарын талап етті. Біраќ бейбітшілік ±заќќа бармады. Б.з.д. 59ж. Ѓ±н мемлекетінде µзара ырќысулар басталды. Сенгйрлердіњ билікке таласына Қытай депламатиясы өршіп отырды. б.з.д. 47 ж ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Алғашқылар Қытай билі гін мойындады, соңғысы тәуелсіздігін сақтап қалды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қытай (билігін ) басқыншыларының қарсыласа отырып, Камгер еліне кетуге мәжбүр болды. Сонымен, б.з.д. шегінде ғұндар ғн тайпаларының Қазақстанға жаппай көшу бастады. Б.з.д. 93ж. солтүстік ғұндар Қытай әскерінің асырауымен тарбағатайға одан кейін орталық Қазақстанға, Сырдария жағалауына дейін жетті.
Ғұн мемлекеті артилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з. 1 ғ. Қазақстан терреториясына енді. Көп замай олар Волга дон, арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хонну, алаң және Кангар тайпалары 3 ғасыр бойы көшіп Иран Рим сияқты көмек мемлекеттермен саяси қатынаста (бибітте соғыста) түсті осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерімен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимилияцияға түсті. Содан жаңа етнос пайда болды. Енді біз оны Хунну емес ғұн дейміз. Оларда осылай батыс деректеріде атайды.
375ж. төменгі Поволжеда көшіп жүрген Баланбера бастаған ңұндар боннанөтіп остготтардың тайпалық одағына соққы берді. Остгорттардың батысқа қарай тұрған империясына жеріндегі фракцияға тұрақтайды. Сүйтіп халықаралық ұлы күш басталды. Біртіндеп ғұндар әрі қарай батысқа ене берді. Шығыс Рим империясының жеріне де жиі жиі ене отырған 305 ж. ғұндар Константинопольдің дуалдарына дейін жетті. Сол жылы олар Мессепатаниямен Закавказияға жорық жасады ұйымдаспаған ложа үшін жүргізілген шапқыншылықтардың енді олар Ірі жаулап алуларға көшті әсіресе ғұндардың Римжеріне Ругиле патшаның тұсында күшейіп, (5ғ.1ширегі) Римнің байдунай провинцияларын басып алды. Осыдан Панония (қазіргі Венгрияның жері) ғұн мемлекетінің орталығына айналды. Шығыс рим император Ругилеге жылында 350 фунт алтын төлеуге міндетті болды. Римдіктермен жүргізілген соғыстардың сәттілігі ғұнмен құлдар көбейді.
Рубила өлгеннен кейін, 434 ж. билік оның жиендеріне ағасы Монзонаның балаларын Блеземен Атиллаға (Еділ) µтті. 437ж. Ѓ±ндар Тургунд корольдыѓын талќандады, осы оќиѓаныњ “Песни о Небелунгах” жырында орын алды. 445ж. Атилла µзініњ аѓасы Блезуды µлтіріп, дара билейді. Оныњ билігі ќысќа болѓанымен оќиѓаларѓа толы еді.
Атилла µзініњ алѓашќы соќќыларын Шыѓыс Рим империясына баѓыттады да, 448ж. Оѓан жыл сайын салыќ тµлетті. Сосын Герул, Остгот пен Гепид герман тайпаларын біріктіріп, Батыс Рим империясына ќарсы соѓыс бастады. Батыс Риммен вестготтар, аландар, бургундтер, франктер одаќтас болды. 451ж екі єскер арасындаѓы шайќас Атилланыњ жењілуімен аяќталды. Алайда келесі жолы оныњ єскері Римге жаќын императорды ќашуѓа мєжб‰р етті.
453ж. Атилла µлген соњ оныњ мемлекеті ыдырап кетті. Оныњ балалары арасында ќырќыс басталды. Ал б±л жаѓдайды ќол астындаѓы баѓынышты тайпалар пайдаланып кетті. Алдымен Панони мен Карпатта т±ратын Ипидтер бас кµтерді. Недар µзені бойында ѓ±ндар жењіліс тапты, Атилланыњ ‰лкен ±лы Элак µлді. Кіші ±лы Ирнак ќалѓан ѓ±ндармен Карпаттан батысќа кетіп, Ќара тењіз жаѓалауына келді. Осы жерде ѓ±н мемлекеті бµлек-бµлек иеліктерге бµлініп кетті. Хазар, утургур, кутургур, сібір Дунайдан Волгаѓа дейін ќоныстанѓан б±л тайпалар µзара жиі ќаќтыѓысып отырды.
Ѓ±ндардыњ Ќазаќстан жеріне жаппай енуінен жєне ѓ±н, кангар тайпаларыныњ ары ќарай батысќа µтіп кетуінен жергілікті халыќтыњ антропологиялыќ типініњ µзгеруі жєне т‰рік тілініњ протоќыпшаќ диалектісініњ таралуына байланысты болды. Вестгодтар – герман тайпасы, годтардыњ батыс тармаѓы 4ѓ. 70ж. Гундар шапќыншылыѓы кезінде Ќара тењіз бойынан Дунай µзенініњ ар жаѓына ыѓысты. Бірте-бірте б‰кіл батыс Европаны басып µтіп, Галлия, Испания жерлерін ќонысќа айналдырды.
Аландар – 2-9ѓѓ. Терістік Кавказды тµменгі Днепр мен оњт‰стік Орал арасын жайлаѓан сармат тайпалары 4ѓ. Алондар ѓ±ндарѓа барып, олармен бірге халыќтардыњ ±лы кµшіне ќатысты. Олардыњ біразы оњт‰стік Галлия мен Пиреней т‰бегіне ќоныстанды.
Бургундер- алѓашќы кезде Бернхалм аралы мен Орда µзенініњ бойын жалаѓан герман тайпасы. Оњт‰стік Батысќа бет алып жылжыѓан бургундар 5ѓ. Басында Бормс ќаласын орталыќ етіп, корольдық құрды. 436ж. оларды Рим қолбасшысы Аэций күйретті, 443ж. олардың қалдықтары федерат тар (одақтастар) ретінде Савойя, кейініректе Лион провинцияларына орналастырылды.рим империясының әлсірегенін пайдаланып, бургундар Рона өзенінің бойын алып қойды. 457ж. Бургундія корольдігін орнатты. Сөйтіп франк мемлекеті құрамына кірді. Кейініректе француз ұлтын құрған топтар қатарына кірді. Герулдер (алғашқы кезде Солтүстік Европаны жайлаған Герман тайпасы. Готтармен бірге Рим жеріне басып кірді., 5ғ. Гундарға бағынды. Ғұндар, Хундар – түркі халықтарының арғы тегі. Тәңірілік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болван.
Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолия, Байкал өңірінде қоныстанған. Ендеше ғұндар тікелей біздің арғы ата-бабаларымыз. Ғұндар негізінен көшпелі болғандықтан мал µсіріп, ањшылыќ ќ±рѓан, сондай-аќ отырыќшы µмір с‰ріп, егін салѓан. Кен ќазып балшыќтан т‰рлі б±йымдар жасаѓан. Ер азаматтыњ барлыѓы жауынгер саналѓан. Ѓ±ндар, яѓни біздіњ ата-бабаларымыз табиѓатынан батыр, ерж‰рек болѓан. Ѓ±н єскерініњ негізі атты єскерден т±рды. Олардыњ ќару- жараќтары садаќ, семсер, ќанжар, найза, б±ѓалыќ болѓан.
Достарыңызбен бөлісу: |