«Қазақстан тарихының кейбір ақтаңдақтары» пәні бойынша



бет4/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.34 Mb.
#15057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

¦лы Ѓ±ндар Ордасы.
Ұлы ѓ±ндар ордасы- ѓ±ндар ќ±рѓан ±лы мемлекет. Ѓ±н ±лысын ќ±рѓан ±лы тайпалар т‰ркі халыќтарыныњ арѓы тегі. Ењ алѓашќы кезде Солт‰стік Ќытайда, Монѓолия жєне Байкал µњірінде ќоныстанѓан. Б.з.д. ѓ. мыњ жылдыќтаќалыптасќан ѓ±н тайпасы, б.з.б 3ѓ. соњына ќарай бірігіп, мемлекет ќ±рып, ќуатты єскер ќалыптастырды.Азаматтардыњ барлыѓы дерлік ќатардаѓы жауынгер саналѓан. Ѓ±ндардыњ єскерініњ негізі атты єскерден т±рды. 24 тайпалыќ одаќтан ќ±ралѓан ѓ±н ±лысымен алып Евразия ќос ќ±рлыѓында тењ келетін бірде-бір мемлекет болѓан емес. Ѓ±ндардыњ єскери ќуаты, ќахарлы тегеуріні Ќытайлыќтарѓа ¦лы Ќытай ќорѓанын салдырды. Батыс Рим мемлекетініњ ќ±лауына ѓ±ндар себепші болѓан. Ѓ±н ±лысы кейіннен ќанат жайып, Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейін, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Днестр, Кан тауларына дейін кетті. Ғұн ұлысы қанат жайып тармақталып, тарихта Азияның ғұн ұлысы (48-156ж. аралығы), Ақ ғұн ұлысы (350-469ж. аралығы), Ақ ғұн ұлысы( 367-560ж, аралығы), Табғаш әулеті (386-557ж, аралығы) қалыптасқан.
Ақ ғұндар ұлысы.

Ақ ғұндар ұлысы 4-5ғ. Ғұндар құрған ірі мемлекет. Ақ ғұндар ұлысына Орта Азия ,Ауғанстан, Пәкстан, Солтүстік және Батыс Үндістан, Шығыс Түркістан жерлері қарады. Ақ ғұндардың астанасы – Баих қаласы болды. 5ғ. Басында Ирандыќ Сасани єулетімен к‰ресте Аќ ѓ±ндар жењіске жеті. Сол жењістен кейін Ирандыќтар Ақ ғұндар ұлысына салыќ тµлеп т±рѓан. Жауынгер кµшпелі тайпалар бірлестігі – Аќ ѓ±н ±лысыныњ ќ±рамындаѓы тайпалар негізінен мал µсіріп, егіншілікпен айналысќандары да болѓан.


Батыс ѓ±н ±лысы.

Батыс ѓ±н ±лысы – ѓ±ндардыњ Еуропада ќ±рѓан мемлекеті. Батыс ѓ±н ±лысыныњ негізі ІІѓ. Каспий тењізініњ жаѓалауында ќазаќ жерінде ќаланды.

Ѓ±ндар сол µњірден µздерініњ патшасы танып, 4ѓ. 70ж. Днестрге дейінгі жерлерді жаулап алды.

Остготтар мен Вестгодтарды жењіп, баѓындырды. Ѓ±ндардыњ Батысќа жорыѓы халыќтардыњ ±лы ќоныс аударуына ыќпал етті. Керчь б±ѓазы мен Ќырымдаѓы Боспар патшалыѓы да ѓ±ндарѓа бас иді. 451ж. Каталун ќырѓынынан кейін Еуропада ѓ±ндарѓа ќарсы т±ратын ешќандай єскери к‰ш ќалмады.

Атилла Еділ (400-453-454) єйгілі ѓ±н ±лысыныњ билеушісі. Оныњ есімін ѓ±ндар, кейінен т‰ркілер Еділ деп атаѓан.

Еділ аты (орысша Волга) алып µзен атымен байланысты ќойылѓан. Оны Атилла деп сол кездегі латын тілінде атаѓан. Сондыќтан ол Еуропада осы есіммен танымал. Атилла патша баласы болѓандыќтан жас кезінен білім алѓан, Рим ќаласында оќыѓан. Атилла бозбала кезінен єскер ќ±рамында болып, шайќастарда ерлігімен кµзге т‰скен.

Кейінен Атилла дарынды ќолбасшы ретінде кµріне бастады. 434-442ж. Атилла мемлекет басына келгеннен бастап ѓ±н ±лысы к‰шее т‰сті. Атилла Еуропада т‰гел баѓындырѓан ѓќн королі ретінде єлемге єйгілі болды. Атилла ѓ±ндардыњ атын жер ж‰зіне танытќан ерекше тарихи т±лѓа.

Еуропа елдерініњ µзі оныњ батырлыѓын, кемењгерлігін мойындап бас иген. Соныњ бір белгісі – Еуропа мемлекеттерінде 6ѓ. Атилла есімімен аталатын кµптеген кµшелер, оќу орындары кездеседі.


Мµде.

Мµде-ѓ±ндардыњ єйгілі билеушісі. Туѓан жылы белгісіз. Мµде ѓ±ндардан мыќты єскери жасаќ ќ±рды. Ол Ќытайдыњ шекаралас жатќан елдеріне бірнеше рет шабуыл жасап, соќќы берді. Хань императоры Газзу Мµденіњ алдында бас иіп, салыќ тµлеуге міндеттенеді. Онымен “Тыныштыќ жєне туыстыќ туралы шартќа” ќол ќойып, ѓ±н мемлекетініњ ќуатын мойындаѓн.

Керулен мен Онон алќаптары, Тибет, Шыѓыс Т‰ркістан аумаќтары ѓ±ндарѓка ќарады.

Мµде Свитай µњірін т‰гел µзіне ќаратты. Б.з.б.174ж. Мµде ќайтыс болды. оныњ орнына баласы Лаушањ отырды.

Мµде есімі т‰ркі халыќтары арасында ањыз болып тараѓан.

Мµде туралы ањыз.

Ойдаѓы ѓ±ндар ±лы орданыњ жас тєњірќ±ты Мµдеге елші жіберіпті,- деп басталады ањыз.

Елші Мµдеге µз кµсемініњ:

- Мµде тєњірќ±т таќымы ќатпаѓан жас бала ѓой, оѓан єкесінен ќалѓан д‰л-д‰л т±лпарды мініп ж‰ру жараса ќоймас, Т±ман тєњірќ±ттыњ мінген атын маѓан берсін,- деген µктем сєлемін жеткізеді. Б±л жас тєњірќ±тты ашыќтан-ашыќ ќорлау еді. Мµденіњ тµњірегіндегі аќылшылары м±ндай ќорлыќќа шыдамай, айќасып µлейік – деп аќыл береді.

- Жоќ,- дейді Мµде – т‰бі бір туысќанбыз, бір ат ‰шін ќырќысамызба?

Аѓайындыќтыњ белгісі боп арада ж‰рсін. Сµйтіп Мµде єкесінен ќалѓан д‰лдере сєйг‰лікті беріп жібереді. Біраќ ойдаѓы ѓ±ндар кµсемі ±замай келесі елшісін жібереді. Оныњ алып келген сєлемі б±рынѓысынан да сораќы еді.

- Мµде жасќой, жас адам с±лулыќтыњ ќадірін білмейді. Ана ќойнындаѓы ханымын маѓан берсін,- депті ожар кµсесі.

Б±л енді ±лы тєњірќ±ттыњ намысына тиіп, соѓысќа шаќырумен бірдей іс еді. Мµденіњ аќылшылары да м±ны солай ќобылдады. -Астымдаѓы атым, ќойнымдаѓыєйелім – елімніњ садаѓасы. Ойдаѓы аѓайынныњ кµзі т‰сіп, ќызыќќан екен барсын, ханымѓа айтыњдар, “ќыз µріс деген, еліміздіњ елшісі болсын, кµз жасы ќ±рѓайтын кез туар”,- дейді. ‰шінші елші таѓы келеді ентігіп:- ¦лы Орда биыл Сары жайлауѓа кµшкелі жатыр деп естідім, онда кµшпей – аќ ќойсын. Мен бір жыл Саржайлауды жайлап, ханым екеуміздіњ ‰йлену тойымызды сонда жасамаќпын,- депті масаттанѓан ойдаѓы ѓ±ндар бегі. Е, бір жылѓы жердіњ т‰гі ештење етпес, кµшпесек-кµшпей-аќ ќоялыќ,- дейді. Мµденіњ кµнбістігіне єбден ‰йренген аќылшы билер.

- Жоќ,- дейді Мµде орнынан атып т±рып,- аѓайынныњ алдыњѓы екі тілегіне кµнгенім; ат та, єйелде µзімдікі, ал жер халыќтыњ игілігі. Б±л ќорлыќќа кµнбейміз, соѓысќа єзірленіњдер.

Сµйтіп, Мµденіњ ±рысќа саќадай єзірленген жасаќтары µктемсіген ойдаѓы ѓ±ндардыњ єскерін тас-талќан етіп, тєњірќ±т ханымына ‰йленіп ‰лгермеген ожар бектіњ басын алыпты мыс.

4.Лекция тақырыбы: Қыпшақтар тарихы.



Лекция жоспары:

  1. Қазақстандағы қыпшақтар билігі.

  2. Дешті Қыпшақтың алып жатқан географиялық аумағы.Қыпшақтардың саяси тарихы.


Пайдалаған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Є. Байбатша. Ќазаќ даласыныњ ежелгі тарихы. А. 1998ж.

  2. Ќазаќстан тарихы. 1995-98ж.

  3. Л.Гумилев. Кµне т‰ркілер. “Білім” А. 1994ж.

  4. Абдрахман Хайруш. Тарихыњды таны. (отан тарихыныњ очерктері) А.2002ж

Қосымша:

  1. Ќазаќ тарихынан. “Жалын”. А.1997ж.

  2. Аманжолов К.Р. Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы. “Білім” А. 2002ж


Лекцияның мәтіні:
Қыпшақ этнонині Селенга жазбасында (759ж.) аталып. Мұсылман авторлары шығармаларында кифчак атаулары Ибн Хардадбеха және Гердизи IX ғ. М.Қашғари IX ғ. Ибн Асир XIII, Рашид-ад-дин, Ибн Халдун еңбектерінде көрсетілген. Орыс жылнамкаларында оларды половцы, венгерлерде Полоцое, хундар, визянтиялықтар мен батыс европа саяхатшылары (Рубрук XIIIғ.) командар (құмандар деп) атаған.

VIIIғ. Орталық және Шығыс Қазақстанда құрылды. Мұнда көшпенді тайпалар қаңғарлар, қарлұқтар, қимақтар, қырғыздар, VII ғасырда Алтайдан келген сыр-қыпшақтарының билігіне өтіп, бірікті.

XI ғ. басыцнда Қазақстан даласында саяси жағдай өзгеріп, саяси билік қыпшақтарға өте бастады. Арал, Каспий өңірлеріндегі оғыцздарды ығыстырып, XI ғ. ортасында Қазақстанның Жетісудан басқа барлық жері қыпшақтар иелігіне өтті. Шекарасы Шығыста Ертісте, Батысы, Еділге, Оңтүстікте Талас өзені, Солтүстігінде Батыс Сібір ормандарына дейін жетті. Бұл кезеңде бүтін қазақ даласы Қыпшақ даласы, Xiғ. ортасында қыпшақтар Қара теңіз өңірі мен Вмзантия шекараларына дейін жетті. XII Ғасыр басында қыпшақтар алған жерлер екі үлкен бөлікке, Шығыс Еділге дейінгі Қазақстан аумағы және Баиыс қыпшақтар болып бөлінді. Қазақстан территориясындағы қыпшақтар орталықтандырылған мемлекет құрды. Ел билеу елбөрі тайпаларының хандарының елшісінде болды.

Халық ұлықтары болып тархандар: бектер, басқақтар есептелінген.

ХІ-VІІ ғғ. Шығыс қыпшақ мемлекеті екі қанатқа бөлінді. Оң қанатқа Торғай даласы, Жем, Жайық, Еділ өзені жағалары, Маңғыстау жарты аралы, Елбөрі хандарымен басқарылды. Торғай ауданында үлкен ханның ордасы болды. Сол қанатқа Орталық және Шығыс Қазақстан жерлері, Сырдариядан, Ертіс, Есілге дейін созылды. Астанасы Сығанақ қаласы болып, ел билеу қаны-ұран тайпасының билігінде еді. Сырдария бойындағы қалалардың қыпшақтарға өтуі, осы жерлер үшін Орта Азия мемлекеттерінен соғысуға алып келді. Хорезм шахымен арадағы соғыстар Сыр аймағындағы қыпшақтар Хорезмшахқа жартылай бағынып, тақпен құда-жекжаттық қарым-қатынастар орантып, оның қызметіне өтеді. Қыпшақтар қала басшылығы, әскер басы смекілді қызмет атқарды. Хорезмшахтардың әскери күші қыпшақ орнағанға дейін өмір сүрді. 1223 ж. Калка өзені бойында біріккен орыс князьдықтары әскері монғолдардан жеңіліс тапты. Тарихта аты әйгілі Мысыр билеушісі Мұхаммед Бейбарс көрнекті ғалым Алладин әл-Қыпшақи (ХІІ-ХІІІғ.) қыпшақ тайпаларынан шыққан.

Л.Гумилевтің ХІ ғасырда түріктердің ірі этнос ретінде тарих сахнасынан шығып қалғандығы жөніндегі тұжырымдамасы мәлім. Дәл осы тұста олардың орнын қыпшақтар басады. Бұл турасында Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің шежіресінде былай деп жазады; «Батыста – Сырдария, Шығыста – Ертіс, Оңтүстікте –Жетісу, Солтүстікте – Еділ. Осынау төрт өзеннің аралығындағы кеңістікте қыпшақтардың 92 руы орын тепкен Дешті – Қыпшақ деп аталады». Қыпшақтар тарих сахнасынан «түрік» құрама этнонимін тайдырып, енді өздері өзге түрік тпайларына өзек болған ірі этносқа айналды.

Атақты парсы ақыны, саяхатшы һәм уағыздаушы Насыри Хосроу 1045 жылы Адтай мен Еділ арасындағы ұлан – ғайыр жерді алғаш рет «Дешті - Қыпшақ» - «Қыпшақтар даласы» деп атады және бұл атау кейін, ғасырларға кетті. Бұдан соң жарты ғ,асыр өтті, орыс жылнамалары Қара теңіз маңайындағы далаларды поплвецтер далсы депи атады. Ал XIV ғасырдың басында парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини бұрындары Хазар даласы делініп келген деп аталып келе жатқанына түсінік берді.

Қыпшақтар ХІІ ғасырда бүкіл, араб, парсы, славян., роман-герман әлемін тітіреткен қаһарлы күшке айналады.

Жаңа далалық тайпалардың көшіп-қону дүбірі Русьтің шекараларына да жетеді. Бірақ бұл жаңа мекендерде “қыпшақ” деген этноаяси термин сіңген жоқ, Русьте “сары ”деген сөз славяншаға аударғанда

“желтый”, “половый” болып өзгерді. Сөйтіп жаңа келімсектерге “половцы” деген ат қойылды, ал дала

“Половецтер өлкесі” деп атала бастады. Кейін олар Еділ, Дон, Днепр және днестр өзендеріне дейін жетті.

5.Лекцияның тақырыбы: Алтын Орда мемлекеті



Лекцияның жоспар:

  1. Алтын Орда мемлекетінің құрылу ,Батыйдың елді билеуі.

  2. Алтын Орданың гүлденуі


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1998-206 бет.

  2. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 т. – Алматы, 2002.

  3. Амандолов К.Р. Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы. – Алматы, 1999 ж – 207 бет.

  4. Жақыпов Е.Қ – Шыңғысхан және ол құрған империяны аулап алу жорықтары. (ХІІ-ХІІІ ғасырдың бірінші жартысы). Автореферат. – Алаты, 2002-25 бет.

  5. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. – Алматы, “Қазақстан”, 1997 ж.




  1. Є. Байбатша. Ќазаќ даласыныњ ежелгі тарихы. А. 1998ж.

  2. Ќазаќстан тарихы. 1995-98ж.

  3. Л.Гумилев. Кµне т‰ркілер. “Білім” А. 1994ж.

  4. Абдрахман Хайруш. Тарихыњды таны. (отан тарихыныњ очерктері) А.2002ж

Қосымша:

  1. Ќазаќ тарихынан. “Жалын”. А.1997ж.

  2. Аманжолов К.Р. Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы. “Білім” А. 2002ж


Лекцияның мәтіні:

Моңғол шапқыншылығынан соң Казақстан аумағы Шыңғысханның үш ұлына бөлінген ұлыстар құрамына енді. Жетісудың Солтүстік бөлігі және төменгі Еділ бойына дейінгі жерлерді қоса бүкіл Шығыс Қыпшақ даласы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиеді. Екінші ұлы Шағатайға Жетісу аймағы және Мәуеренахрды мен Шығыс Түркістан, үшінші ұлы Үгедейге Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай жерлері бөлінді. 1227 жылы Шыңғысханның қайтыс болуымен күшпен, зорлықтан құрылған империясының ордасы сөгіле бастады. Орхондағы орталық пен ұлан – ғайыр жердегі ұлыстардың шалғайлығы мен ұлыс билеушілерінің мүддесі империяның, жеке мемелекеттерге айналуына алып келді. Жошының мирасқоры Батый 1236 - 1242 жылы ұлыстың шекерасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енді. XVI ғасырдың соңына “Алтын Орда” болып құрылған мемлекет өз кезінде билеушілердің атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталған мемлекет ұлыстық жүйеде құрылды. Орданың оң қанатында мемелекет орталығы болып орналасса, ал сол қанаты Жетісудың солтүстік Шығыс бөлігі, Ертіс аймағы мен Ұлытаудан Қаратауға дейінгі жерлер ағасы Орда Ежен басқаруына берілді. Ішкі ұлыстар өз кезіндегі кіші ұлыстарға бөлініп басқарылды. Астанасы алдымен Сарай Батыйде кеінірек Сарай Беркеде орналасты.

Берке ханның (1257-1263) тұсында Империя орталығының, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болсада тәуелділік пен толық дербестікке қол жеткізді.Шаманизмнен бір құдайшылыққа Ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемелекеттің ғылымын дамытуға күш салды. Моңғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Алтын Орда Мемелекеті Мұхаммед өзбек ханының билігі тұсында ширақтау шегіне көтерілді. Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттің дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, Кіші Азия Египет, Индия, Қытай мемлекеттерімен жүргізілді.

Мемлекеттік құрылысы моңғол империясы жеріндегі билік шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық үкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға халықтан салық жинауға араласа алмайтын. Хан мемлекеттік иегері ретінде мемлекет басшысы әскери заң шығару және әкімшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер бегі басқарды. Ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар, басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, түменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ержелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі моңғол өмірінің нормаларын ғана реттестірі. Отырықшы қоғамның дәстүріне, әдет – ғұрпына қайшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан ұшыр - мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төледі.

Алтын Орда Мемелекеттің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрады.

Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді.

Қазақ мемелекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігі көрсетеді.

Алтын Орда Жәнібек Ханның өлімінен кейін ішкі алауыздыққа ұрынды. 23 жылда (13571380) жиырмадан астам хандар бірін – бірі ауыстырды. Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Ішкі аласапыраннан кейін билікке қарадан шыққан түменбасы Мамайда, Маңғыт әмірі Едіге би араласып іс жүзінде билеушілерге айналды. Едіге 15 жыл билікті өз қолында ұстады.

Едігенің 1419 жылы билік үшін күресте қаза болуынан кейін орталық билік толық ыдырауға бет алды. 15 ғасыр ортасына қарай оның аумағында Астарахань – Қазан, Қырым хандықтары құрылды. Жошы ұлысының негізгі ордасы болған Қыпшақ даласын Алтын орданың тіректі күші болды. Орда ішіндегі алдын ұлыс болған Ақ Орда орталықтан бөлініп жеке мемлекетке айналды. Алтын Орданың негізгі аумағы қазақ халқының атамекені Ақ Орданың билігіне күшті.

6. Лекция тақырыбы: XIV-XV ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.



Лекция жоспары:

  1. Ақ орда

  2. Ноғай ордасы.Өзбек хандығы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы: 1998-208 бет

  2. Аманжолов Қ.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 т. Алматы. 2002

  3. Аманжолов Қ.Р.., Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы. Алматы, 1999ж, 207 бет


Қосымша:

  1. Жақыпов Е.Қ. Шыңғыс хан және ол құрған империяны жаулап алу жорықтары. (ХІІ-ХІІІ ғасырдың бірінші жартысы) Автореферат. Алматы. 2002 25 бет

  2. Қадырғали Жалайыр. Шежіррелер жинағы. Алматы. “Қазақстан” 1997 ж.


Лекция мәтіні:

Ортағасырлық саяхатшылар қыпшақ даласы (дашт-и Қыпчак)

аталған жердiң шығыс бөлiгiнде ХIV-XV ғасырдың алғашқы ширегi аралығында Ақ орда атты мемлекеттiң болғанын хабарлайды.

Рашид ад-диннiң (ХIV ғ.) айтуына қарағанда Жошы ұлысының шығыс бөлiгiн (сол қанатын) Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Иген) әкесiнiң тiрi кезiнде еншiге алған. Әбiлғазының (ХVII ғ.) көрсетуi бойынша Ордаға бұл жердi кiшi iнiсi Батый хан ХIII ғ. орта тұсында бөлген. Орданың мұрагерлерi Батый ханның тұқымына сырттай тәуелдi көрiнгенiмен, iс жүзiнде олар өз ұлысының дербес билеушiлерi болды.

Ақ орда жерi Алтын Ордадан алған тәуелсiздiгiнiң нығаюы барысында ХIV ғ. екiншi жартысына қарай қалыптасып, алғашында Жетiсудың солтүстiк шығыс бөлiгi, Ертiс бойы, Ұлытау мен Кентау далаларын қамтыды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл мен Сарысу өзендерi аралығы, Арал теңiзi төңiрегi мен Сырдарияның төменгi сағасы Жошының тағы бiр ұлы Шайбан ұлысына қарады.

ХIII ғ. орта тұсында Орда Еженнiң ел басқарған ордасы Ертiстiң бойында және Алакөл көлiнде болған. ХIV ғ. Орда Еженнiң мұрагерлерiнiң билiгi Шайбан ұлысына да тарайды, яғни бүгiнгi Қазақстанның аумағын түгел қамтиды. Тек Жетiсу өңiрi ғана бұл кезде шағатайлық ұлысына, соңынан Мағұлстанға қарайды. Ақ Орданың күшеюiне байланысты оның орталығы ендi Қазақстанның оңтүстiгiне, Сығанақ қаласына ауысады.

ХIV ғ. бас кезiнен Орда Еженнiң мұрагерлерi Шағатайлықтармен Сыр бойы қалалары және Жетiсу үшiн күрес жүргiзе бастайды. Ертiстен Сырдарияға шейiн, Алтайдан Ұлытау және Аралға шейiнгi аралықта қалыптасқан дәстүрлi мал шарушылығына қуат бере отырып, Ақ Орда билеушiлерi сыр бойы, Талас, Шу, және Ұлытау өңiрлерiнде отырықшы егiншiлiк пен мәдениетттiң қайта жандануына ден қойды. Сығанақ, Отырар, Сауран және Жентте бiрақ жаңа құрылыстар өмiрге келдi, Ақ орда хандары өз аттарынан теңге құйғызды.

Орта Азия мен Хорезмнiң қала, егiншiлiк және сауда аудандарымен байланыс орнатқан Ақ Орда хандары бiртiндеп Алтын Орда билiгiнен алыстай бастайды да, ХIV ғ . алғашқы жартысында, яғни Ерзен және Мүбәрәк қожа (1320-1344жж.) хандар тұсында бiржола дербестiкке өтедi. Ақ Орданың күшеюi Ұрыс ханның билiгiне тұс келедi (ХIVғ. 60-70жж.). Тарихшы Қадырғали би Қасымұлы Ұрыс ханды ақылды да батыл билеушi ретiнде сипаттайды. Осы ханның тұсында қысқа мерзiмге болса да Ақ Орданың билiгi жерiне де тарайды.

ХIV ғ. соңғы ширегiнде және ХV ғ. алғашқы ширегiнде Ақ Орда Әмiр Темiрдiң, оның мұрагерлерiнiң, ең ақыры шайбандықтардың шабуылдарына ұшырады. Тынымсыз әскери қақтығысулар нәтижесiнде әлсiреген Ақ Орда жерiнiң үлкен бөлiгiн ХV ғ. 20-шы жылдарының соңына қарай шайбандықтар өздерiне бағындырды.

Мұсылман деректерi Ақ Орданы билеген хандар шежiресiн шамамен мынадай жүйеде бередi: Орда Ежен, Сартақтай Қойыншы, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Ұрыс хан, Құйыршық және Барақ.

Ақ Орда – Қазақстан жерiнде манғолдар шабуылынан соң жергiлiктi этникалық негiзде қалыптасқан алғашқы мемлекеттiк құрылым.

Бұл жер ерте замандардан түркi тiлi мен мәдениетiндегi, сондай-ақ осы тарихи кезеңде жолында тұрған қазақ ұлтының негiзiн құраған үйсiн, қаңлы, қарлық маңғыт сияқты ортағасырлық елдердiң, сондай-ақ басым бөлiгi Шыңғыс хан шабуылы тұсында Қазақстанға iргелес оңтүстiк-шығыс аудандардан және Алтайдан ығысқан жалайыр, найман, керей, арғын, қоңырат және басқа iрi тайпалық одақтардың атамекенi болды.

Ақ Орда мемлекетiнде феодалдық меншiк түрi отырықшы-егiншiлiк және көшпелi мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрiнде көрiндi. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың iнджеу, мильк, сүйiрғал сияқты жер иелiгi, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлерi болғандығын айтады. Елдегi билiк жүйесiнiң басында орда Ежен ханның үрiм бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергiлiктi аймақтарды билейтiн оғландар мен бек, әмiр, батырлар бағынды.
Ноғай Ордасы.

Алтын Орданың ыдырау барысында өмiрге келген iрi мемлекеттiк құрылымдардың бiрi Ноғай Ордасы. ХIV – ХV ғасырларда ол Батыс Қазақстан жерiнiң бөлiгiн қамтыды. ХIV ғ. соңына қарай Жайық пен Едiлдiң арасындағы тайпаларды бiрiктiрген қауым өзiн маңғыттар, ал өз ұлысын “Маңғыт жұрты” атады. “Ноғайлар”, “ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы”деген атаулар деректерде ХVI ғ. бас кезiнде пайда болды. Ноғай Ордасының мемлекеттiк құрылым ретiнде оқшаулануы Едiге бидiң алтын Орданы билеген кезеңiне түс келедi (1396 – 1411жж.). “Беклар-бегi” атанған би iс жүзiнде бұл құрылымның негiзiн қалаушы болды. Ол бес жыл бойы Алтын Орданың саяси өмiрiнде шешушi роль атқарған Едiге би өз елi маңғыттар ұлысын күшейтуге бiраз күш жұмсайды. Едiге би опат болған соң (1419ж.) маңғыттардың билеушiлерi шығыс жағындағы көршiлерiмен жақын қатынаста болуға ұмтылды. Әбiлқайыр ханмен одақ құрды. Ноғай Ордасы дербестiкке бiржола Едiгенiң ұлы Нұр ад-Дин билiгi (1426 – 1440жж.) тұсында қол жеткiзедi.

Ноғай Ордасының жер көлемi өзгерiп отырған. ХV ғ. Екiншi жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан асып өтiп, шығыс және оңтүстiкке жылжыды. Сыр бойы қалалары үшiн күрес және Мауреннахрға ықпалын арттыру жолында жүрген Әбiлқайыр хан ноғайларға ешқандай да кедергi жасаған жоқ, қайта одақтастық пиғылда болды. Мұны пайдаланған ноғай билеушiлерi солтүстiк-шығысқа жайылымдарын Батыс Сiбiрге дейiн жеткiздi. Төменнiң оңтүстiк шығыс бетi Ноғай даласы аталды. Сондай-ақ, ноғайлар көшi ауық-ауық Сыр бойы мен Арал теңiзi жағалауына шейiн де жетiп жатты. Ноғайлардың сол кездегi билеушiлерi, Едiге бидiң үрiм-бұтағы Уақас би, Мұса мырза, Ямғұрчи және басқалары Әбiлқайырға Сыр бойы қалаларын алуға көмек бередi. Қазақ елiне тiлi, салт-дәстүрi жақын ноғай жұрты қазақтармен жылы, одақтастық қатынаста болды. Алғашқы қазақ ханы Жәнiбектiң тұсында (ХVғ.) қазақпен ноғай жылы, туыстық қатынаста болды. ХVI ғ. орта тұсында деректер Хақназар ханды “қазақтар мен ноғайлардың ханы” атады.

Ноғай ордасының этникалық құрамы төңiрегiндегi түркi халықтарының, яғни олардың жеке ұлттық тұтастыққа көшкенге шейiнгi құрамына ұқсас болды. Оның құрамына маңғыттардан басқа қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсiн, қарлық, алшын, тама және басқа тайпалардың бөлiктерi ендi. Әуелде этносаяси құрылым ретiнде пайда болған Ноғай Ордасы негiзiнде кейiнiрек, яғни ХV ғ. соңына қарай ноғай халқы қалыптаса бастады.

Ресейдiң Қазан және Астрахан халықтарын өзiне қосып алған соң, ХVI ғ. екiншi жартысына қарай Ноғай хандығының да тәуелсiз жағдайы әлсiрей түсiп, ақыры бiрнеше өзара тәуелсiз иелiктерге ыдырайды. Оның халқының бiр бөлiгi Кiшi жүздiң құрамына ендi.
Әбiлқайыр хандығы.

Ақ орданың ыдырауы нәтижесiнде XV ғ. 20-шы жылдары Орталық жән Солтүстiк Қазақстан жерiнде жергiлiктi ру-тайпа билеушiлерiнiң қолдауымен Жошы ұлы Шибанның (Сабан, Шайбан) ұрпағы Әбiлқайыр жаңа мемлекеттiк құрылымның негiзiн қалайды. 1428 ж. Батыс Сiбiрдегi Тұр атты мекенде ол хан жарияланады. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басшыларымен қатар ислам дiн басылары да қатынасады. Ал, Әбiлқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман,өкреш-найманғ тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсiн, қоңырат, құрлауыт, ичкi, ичкi-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкiлдерi болады. Басқаша айтқанда Әбiлқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгiлi дәрежеде Ноғай Ордасының құрамына да жақын болды. Мiне осы тiлi, шаруашылық түрi, тұрмыс- салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздерi XIV ғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен «өзбек» деп атады. Бұл кезде ол халық аты (этноним) емес, тек саяси мағынадағы сөз едi.

Деректер Әбiлқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бiрге маңғыт жұртының билеушiлерiне де сүйенгендiгiн айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбiлқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп «екеуi бiр кесенiң екi шетiнен бөлiп бал iшетiн едi» дейдi. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуiне бидiң көмегi аз тимесе керек.

Әбiлқайыр ұлысы батысында Хайықтан шығысында Балқашқа, Оңтүстiгiнде Арал теңiзiмен Сырдарияның төменгi ағысының солтүстiгiнде Тобыл мен Ертiстiң орта сағасына дейiнгi аралықты қамтыды.

XV ғ. 30-40-шы жылдары Әбiлқайыр хан Мауреннахр және Сырдың орта сағасындағы қалаларға бiрнеше жорықтар жасайды. 1946 ж. Әбiлқайр хан қолдары Сыр бойындағы және Қаратау етегiндегi Созақ, Сығанақ, Ақ Қорған және Өзген қалаларын өзiне қаратып, Сығанақты хандығының астанасына айналдырады.

Дегенмен, Әбiлқайыр ұлысының iшiнде саяси тұтастық терең тамыр жая алған жоқтын. Жошы ұрпағынан тарайтын сұлтандардың бiразы, арасында Ұрыс ханнан тарайтын Жәнiбек хан мен Керей сұлтан бар топ Әбiлқайыр ханмен жараса алмай, өз ара араздық отын жағады. Iшкi алауыздыққа сырттан қалмақтар тарапынан төнген шабуыл қаупi қосылады.

Маңғұл халқының батыс қанатын құрайтын қалмақтар (ойраттар) XV ғ. 20-шы жылдарына қарай Орталық Азиядағы елеулi саяси және әскери күшке айнала бастайды. Қалмақтардың әсiресе көз тiккен жерi Жетiсудың шұрайлы жайылымдары мен егiншiлiк оазистерi болды. XV ғ. 50-шi жылдары ойраттар қолы Сыр бойына да жетедi. 1456-1457 жж. Көк-Кесек атты жерде (Сығанақ маңы) Әбiлқайыр қолдары Ұз-Темiр тайшы бастаған қалмақтар қолынан жеңiлiс табады. Бұл шайқас Әбiлқайыр ұлысының әлсiреуiне себепшi болған оқиға едi. Қалыптасқан саяси ұтымды пайдаланған Жәнiбек хан мен Керей сұлтан бастаған ұлыс халқының бiраз бөлiгi Мағұлстанға қарайтын Шу өзенi бойындағы Қозы-Басы атты мекенге келiп қазақ хандығының құрылғандығын жария етедi. 1468ж. Әбiлқайыр хан Мағұлстанға жорыққа атанып, жол үстiнде қазаға ұшырайды. Сонымен Әбiлқайыр опат болған соң көп ұзамай оның құрған ұлысы да ыдырауға ұшырады. Оған себепшi болған билеушi сұлтандар тобының өз арасында билiк үшiн жүрген таластың толастамауы, қала және отырықшы егiншiлiк мәдениетiнiң ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды. Бұл Ақ Орда, Ноғай ұлысы, Әбiлқайыр хандығы сияқты мемлекеттiк құрылымдардың ыдырауына негiз болған ортақ себептер едi.

7. Тақырып: ХҮ- ХІІ ғ.ғ Қазақ хандығының сыртқы саясаты

Жоспары:


  1. Қазақстанның Орта Азия , Сібір хандықтары мемлекетімен қарым- қатынастары

  2. Орыс –қазақ қатынастары


Пайдаланатын Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Абжанов Х.Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера,сегодня, завтра.Алма-Ата,1990.

2. Кутлуков М.Рукаписи идокументы по истории Восточного Туркестане в ХҮІ- 60 –х –г.ХІХ вв иего взаимосвязи со Средней Азии.А., 1983, с.203.


  1. Златкин И.История джунгарского ханства 1635-1758 г.г. М., 1983 .с. 213.

  2. Материалы по истории Казахских ханств. ХҮ-ХҮІІІ вв. Алматы.1969.

  3. Байұзақ Қожабекұлы Албани. «Тарих таным».Алматы.1994.

  4. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. Том 2.Алматы, 1982.

  5. Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы. Үшінші кітап. Кітап 3 Алматы: Білім,2002.

  6. Копабаев Ө.,Қойгелдиев М., «Заманалар тамыршысы». // Егемен Қазақстан.2001. 28- қыркүйек.

Қосымша:

  1. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, «Қазақстан» 1999.

  2. Аманжолов К.Қазақстан тарихы .Дәрістер курсы ІІ .Алмат «Білім» 2004.

  3. Қазақстан тарихы.бес томдық.Том 3. Алматы. «Атамұра»,2002.

  4. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы. 1994.

  5. Мырзахметов М.Түркістаннан туған ойлар.Алматы.2001.

  6. Мәшімбаев С.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы,1995.

Лекция мәтіні:

ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ сұлтандарының арасында Есім, Тұрсын, Абылай, Ханзада сұлтандар басқарған, өзара бақталас бірнеше топтар болған. ХҮІ ғасырдың аяғы – ХҮІІ ғасырдың басындағы аты белгілі емес және белгісіз қазақ хандары мен сұлтандары Әбу – Лайыс сұлтан, Назар хан, Мұрат сұлтан туралы мағлұматтар маңызды болып табылады. ХҮІІ ғасырдағы қазақ әміршілері мен Аштарханилер тартылған саяси оқиғалар олардың өзара қатынастарының тұрақсыз-дануына себепші болды, олардың арасындағы қақтығыстар уақытша одақтармен алмасып отырады. Мәселен, Түркістан мен Ташкенттен жасақталған 5 мың қазақты бастаған Есім хан 1611 ж. Иранға және Уәли – Мұхаммедке қарсы күресінде Имамкули ханға көмек көрсеткен. Алайда бұл одақ уақытша сипатта болды және Имамкули хан қазақтарға қар-сы талай рет жорықтар жасады. «Тарих – и аламара – йи Аббасиде» Имамкулидің қазақтарға қарсы Ташкентке екі жорық: 1020/1611 жылдың басында біреуін, ал 1022/1613 жылдың басында екіншісін жасағаны суреттеледі. Бірінші жорықта Имамкули хан Самарқандқа дейін жетіп, қазақтармен бітісіп, олардың Ташкент пен оның аймағына үстем-дігі құқығын таныды. 1613 ж. Имамкули хан Балх әскерін басқарған Нәдір – Мұхаммед ханмен бірге Ташкентке жорық жасап, қазақтарды жеңіп шықты. Осы жеңістен кейін ол өзінің ұлы Ескендір сұлтанды Ташкент билеушісі етіп тағайындады. Көп кешікпей ташкенттіктер Ескендірді өлтірді де, Имамкули хан Ташкентті тағы да басып алып, сұмдық қырғын салды/5/. Ташкент Бұхара ханының билігінде ұзақ болған жоқ. Қазақ әміршілерінің Бұхара хандығымен өзара қатынастарының мән – жайы «Тарих – и аламара – йи Аббасиде», «Бахр әл – асрарда» және Иван Хохловтың «Статьялық тізімінде» суреттеледі. Бұл деректерде Имамкули хан мен Ташкентте отырған қазақ ханы Тұрсын – Мұхаммед арасындағы соғыс туралы айтылады. Ескендір – Мұңшының айтуына қарағанда, екі рет тас талқан болып жеңілген Имамкули қа-зақтармен татуласуға мәжбүр болған. Бұл туралы Иван Хохловтың «Статьялық тізімінде» мынадай неғұрлым егжей – тегжейлі мәліметтер бар: «Бұхараның Имамкули патша... Ташкенттің Тұрсын сұлтанымен со-ғысы болды, мұның себебі: осының алдында сол Тұрсын сұлтанды өз адамдары қуып шығып, Имамкули патшаның аяғына жығылған; Сонда Имамкули патша оған жақтасып, оны мемлекет басына отырғызған; ал оның мемлекеті – Ташкент қаласы, ал оның адамдары көшпелі, ол Қазақ Ордасы деп аталады, ал Қазақ Ордасында ханзадалар көп дейді; ал Тұрсын үлкені болған, сондықтан олардың заңы бойынша патшалық соған жеткен».

1613 ж. Имамкули хан қазақ сұлтаны Тұрсынды Ташкент билеушісі деп жариялады. Кейін Тұрсын хан аштархани Имамкули ханның сюзе-рендігін танудан бас тартты, өз теңгесін соғып, баджды және харажды өз пайдасына ала бастады. Осы оқиғалар мен Тұрсын сұлтанға қарсы өзара қырқысқан күрестен кейін Есім хан өзінің қоластындағы қазақ және қырғыз ұлыстарымен бірге Қырғызстанға кетуге мәжбүр болды. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы оқиғалар туралы баяндалатын деректемелерде қазақтар мен қырғыздардың одақтастық қатынастары туралы айтылады. Қырғыздардың ата – бабалары туралы бір аңызда Дайыр деген кел-імсек аталады, ол содан соң қазақтарға барып, қазақтардың жалайыр тобының негізін салушы болған. Бұл есім тарихи тұлға – қазақ ханы Тахирге әбден сәйкес келеді, ол қазақтарды да, қырғыздарды да біріктір-іп, Сұлтан Саид ханға, оның ұлы Абд ар – Рашид сұлтанға қарсы кү – ресте саяси және экономикалық дербестігін қорғап қала білді. Мұхаммед қырғыз тарих сақнасынан кеткеннен кейін қырғыздар ХҮІІІ ғасырдың орта шеніне дейін қазақ хандары Тахирдің, Хақназардың, Тәуекелдің, Есімнің билігін танып келді, деректемелерде олар көбінесе «қазақ пен қырғыз патшалары» деп аталған.

ХҮІІ ғасырдың басында қазақтар мен қырғыздардың Аштархани-лердің саяси істерінде бірлесіп қимылдағаны атап өтіледі. 1621 ж. Аш-тарханилердің әскерлері мен біріккен қазақ және қырғыз күштерінің арасында ең ірі шайқастардың бірі болды. Тұрсын хан 100 мыңдай жау-ынгер жинады, олардың 10 мыңын қырғыз тайпаларының көсемдері берді. Махмұд ибн Уәлидің мағлұматы бойынша, Имамкули хан әскері-нің саны 160 мыңға жеткен/10/. Оның үстіне Аштарханилерге Әндіжан-ның билеушісі және Имамкули хан қойған қазақ сұлтаны Абылай өз әскерімен келіп қосылды. Қарсыластар Шахрухийа бекінісіне жақын жерде беттесті. Абылай сұлтан басқарған жауынгерлер шайқастың ұрыс алаңын тастап кете бастаған кезінде Бұхара әскерінде үрей туып, Имамкули хан шегінді.

Қазақ хандарының Моғолстандағы Шағатай ұрпақтарымен: Тұрсын-ның Жаркент пен Қашғар ханы Абд әл – Латиф ханмен, Есімнің Шал-ыш пен Турфан билеушісі Абд ар – Рахым ханмен одақтастық қатынастары ХҮІІ ғасырдың бас кезіне жатады. Ол былай тұрсын, Есім хан барлық қазақтардың бірден – бір ханы деп танылмай тұрған кезең-де Абд ар – Рақым ханға кетуге мәжбүр болып, бес жылдан астам уа-қыт бойы өз қосынымен бірге соның жағында күреске қатысты.

Махмұд ибн Уәли Ақсу мен Бай ауданында күреске Есім хан-ның белсене қатысқанын мейлінше егжей – тегжейлі баяндайды. «Сол арада Абд ар – Рақым хан Шалыштан және Есім сұлтан Ташкенттен Ақсуға аттанды. Шынтемір оғлан деген жерде олар бір бірімен кездесті. Осы жорық кезінде Абд ар – Рақым хан мен Есім сұлтан құдандалық және жақын туыстық достық байланыс орнатты: Абд ар – Рақым хан Есім сұлтанның бауыры Күшік сұлтанның қызымен неке құрып қосыл-ды, ал Есім сұлтан Абд ар – Рақым ханның қызымен некеге тұрды». Көрініп отырғанындай, қазақтар мен моғолдар арасындағы саяси одақтар әулеттік некелер арқылы баянды етілген. Шорастың «Хроникасында» Абд әл – Латиф ханның анасы Тұрсын ханның қарындасы Ханым – пад-ишах болғаны атап өтіледі.

Қазақ сұлтандарының өзара тартысқан қырқыстары барған сайын асқына түсті, билеушілер Есім хан Тұрсын – Мұхаммед арасында ара-здық туды. Бұл жөнінде біз «Түріктер шежіресінің» авторы, Хорезмдегі өз бауыры Исфандйиардан қашып кетіп, 1625 – 26 ж. Түркістан қаласында-ғы Есім ханды паналаған Әбілғазыдан мынадай егжей – тегжейлі мәлі-меттер табамыз: «...онда үш ай тұрдым. Бұл кезде Ташкентті Тұрсын хан билеп тұрған еді. Есім хан сонымен жүздесуге кетті. Тұрсын ханмен жүздескеннен кейін қайтып келіп, Есім мені ертіп ханға апарды, оны-мен таныстырып, былай деді: «Бұл Жәдігер ханның баласы Әбілғазы. Осы кезге дейін бұл үйдің мүшелерінен бізге мейман болып әлі ешкім келген жоқ, ал біздерден оларға барғандар көп. Сіз Әбілғазыны өзіңізге алмайсыз ба?» Мен Тұрсын ханның қолында тұруға кеттім. Екі жылдан кейін Есім Тұрсын ханды өлтіріп, оның адамдарының көбін қырып тас-тады. Сонда мен Есім ханға былай дедім: «Мен сендерге өздеріңнен, екі ханнан, маған әлдебір пайдасы тиер деген үмітпен келген едім, ал сен-дерде мынадай болды. Мені Иманкули ханға жіберіңдер». – «Жақсы, бара ғой», - деп жауап қайырды Есім. Мен Иманкули ханға кеттім».

Алайда «Ламахат мин нафақат әл – кудсте» Тұрсын ханның өлтірі-луінің басқа бір нұсқасы бар. Бұл шығармада бір жолы Тұрсын ханның ортаазиялық шейхтардың Сырдариядағы мүриттерден табыс алуына кедергі жасап, сол үшін Хазірет Азизны және сол үшін кейін өміріне айрылғаны туралы қызықты мәліметтер келтіріледі.

Махмұд ибн Уәли «Бахр әл – асрарда» қазақ сұлтандарының со-ғысы мен Тұрсын ханның қаза табуын егжей – тегжейлі суреттейді. Сол кезде Есім хан қалмақтарды шабуға кеткенде, Тұрсын сұлтан жағдайды пайдаланып, басып алу және оның адамдарын қырып салу үшін Түркістанға, Есім ханның ордасына қосын жіберген. Жауынгерлер көп-теген адамдарды қырып, Есім сұлтанның әйелдері мен балаларын қолға түсірген. Тұрсын сұлтан Есімді өлтірмек болды. Сол арада Әндіжанның әміршісі қазақ сұлтаны Абылай Бұхара әмірі Иманкули ханмен бірі-гіп, олар Ташкентке қарайтын Піскентке шабуыл жасаған; ұрыстардан кейін оны қазақ Үшқара сұлтаннан тартып алған. Содан соң Шахрухй-иаға барып, одан қазақ Мұрат сұлтанды қуып шықты. Осы жағдайлар Есім сұлтанға мәлім болған кезде, ол да Ташкентке бет алды.

Ташкент төңірегінде қазақ хандары Есім мен Тұрсынның шайқа-сы болды. «Бахр әл – асрардың» мағлұматына қарағанда, Тұрсын сұлтан қаза тапқан: оны өзінің маңайындағылар өлтірген. Осыдан кейін Бұхара ханы Есім сұлтанға Ташкентті, Түркістанды билеу тізгінін тапсыру туралы грамота берді. 1628 ж. Тұрсынды өлтірумен бірге Есім хан Тұр-сынға бағынатын қатаған қазақтардың қалдықтарын қырып тастады.

Қазақ хандары Есім мен Тұрсынның ХҮІІ ғасырдың бірінші шире-гінде болған соғысына қырғыздардың қатысуы жөнінде аңыздар мен тарихи әңгімелердегі қызықты мәліметтер сақталған. Тұрсын хан өлтірі-ліп, оның әскері талқандалды деп хабарланады. Аңыз бойыншы бұл Есімге берген антын бұзғаны үшін оған лайықты жаза болған. Қазақ тарихында Тәуке хан тұсында қырғыздарды Қоқым би Қарашорин бас-қарғаны көрсетілген Ш.Ш.Уәлиханов Есім ханның өз қарамағында қыр-ғыздың ру басы Көкем би болғаны, соның көмегімен оның қатағандар мен шанышқылылардың Тұрсынын құлата алғаны туралы аңызды келтіреді. Қырғыздар мен қазақтар одағының ескерткішіне Есім Ташкентте мұнара салғызды, ол осы кезге дейін тұр және «Көкемнің көк күмбезі» деп аталады.

Махмұд ибн Уәлидің хабарларына қарағанда, Есім хан 1628 ж. өлген. Есім хан 1643 жылға дейін билік етті деген басқа мәліметтер де бар. Есім хан Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи мешітінің қасына жерленген. «Есім ханның ескі жолы» ретінде белгілі Ереженің жасалуын соның есімімен байланыстыратын аңыз осы кезге дейін сақ-талған. Есім ханнан кейін Қазақ хандығын талас – тартыстар жаулап алды. Ташкент пен оның төңірегіне Әндіжанды иеленген Абылай сұл-тан билік етті. Билік Есімнің ұлы Жәңгірдің қолына көшті.

ХҮІ ғасырда Қазақ хандығы күрделі этникалық – мемлекеттік ор-ганизм болды, оның ішкі өмірінде аймақаралық әлеуметтік – экономикалық және мәдени байланыстардың нығаю процесі жүріп жатты. Соны-мен қатар жер аумағы кеңеитіліп, шектес халықтармен және мемлекет-термен сауда және сыртқы саяси байланыстар жандандырыла түсті.

Қазақ хандығының сол кезеңдегі Орыс мемлекетімен байланыста-ры тұрақты болған жоқ, оның үстіне деректермен қамтамасыз етудің нашарлығы байсалды саяси бағалау жасауға мүмкіндік бермейді. Қа-зақ хандығының Орыс мемлекетімен алғашқы байланыстары, сірә, ХҮ ғасырдың аяғында – ақ жасалған болса керек. Екі мемлекет арасындағы сауда және дипломатиялық байланыстар ХҮІ ғасырда орнатылды. Орыс мемлекетінің Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағда-йымен мұқият танысу алдында өзара қарым – қатынастың негізі қалан-ды. Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы туралы орыс деректерінде азын – аулақ мәліметтер жинақтала түсті. Соның бірі – Данила Губиннің өз патшасына берген мағлұматы. Онда 1534 ж. оның «қазақтардың» но-ғайларға қарсы соғыс бастамақшы болып отырғаны хабарланады. 1535 ж. келесі мағлұматында былай деп хабарлаған: «Ал қазақтар, патша ағзам, едәуір күшті деседі және патша ағзам, Ташкентті шапты деседі және Ташкент ханзадалары олармен екі рет шайқасып, қазақтар оларды жеңіп шықты деседі».

ХҮІ ғасырдың орта шеніне қарай Орталық Азия даласының кең – байтақ аумағында және оған жапсарлас жатқан аудандарда буырқан-ған этникалық және саяси оқиғалар болып, олар Орта Азия, Еділ бойы-мен Орал өңірі халықтарының белгілі бір шегінде этникалық – саяси шекаралардың қалыптасуына шешуші ықпал жасады. Әрбір халықтың этникалық - әлеуметтік жағынан қалыптасу өзіндік даму жолымен жүреді, бұл орайда аумақтық шекаралар да, этникалық айырмашылықтар да тым бұлыңғыр болуы да мүмкін. «Көшпелі өмір және тұтас рулардың мыңдаған шақырымға жаппай көшуі орын алып отырған жағдайда жекелеген провинциялардың томаға – тұйықтығы мен айқын аңғарылатын этнографиялық айырмашылықты көзге елестету мүмкін емес. Мәселен, 1557 ж. Исмаил Ноғайлы ІҮ Иванға өз жиендерінің «қазақ патшасына қосылып жүргенін» және олар кейіннен өз ұлыстарына иеленушілер ретінде қайтып оралып, Исмаилға жанама бағынғанымен, кейбір ноғай ордаларының қазақтар болып қалғанын хабарлаған. Бұл орайда кейіннен орыс деректемелерінде астарлап болса да, Қазақ хандығының толық тәуелсіз және қуатты мемлекет екені айтылады.

ІҮ Иванға Семен Мальцевтің хабарында Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығының қысқа мерзімді өрлеуі мен орталық хан билігінің күшеюі көрініс тапқан, ол «Ақназар патшаның және Шығай ханзада мен Шелым ханзаданың, ал олармен 20 ханзаданың Ноғайға келгені және шайқас болғаны» туралы жазған»

ХҮІІІ ғасырдың мәліметтері бойынша бұл кезеңде Хақназар ноғайлар мен башқұрттардың бір бөлігін билеп төстеген/48/. Сол кезеңдегі оқиғаларды өте дәл суреттеген ағылшын саяхатшысы Дженкинсон 1558 ж. қарай «күшті де құдіретті халық қазақтар үш жылдан бері Ташкентке қысым көрсетіп, өздерінің талап – тонауы арқылы керуендердің емін – еркін жүріп өтуіне кедергі жасап келеді» деп жазды/49/. Оның ІҮ Иваннан Орталық Азия хандықтарына арнаулы грамотасы болған, мұны осы бір ұлан – байтақ аймақпен саяси байланыстар орнатуға тырысқан әрекет деп қарастырыуға болады.

1573 ж. Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді, соның нәтижесінде Строгановтар өздеріне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне, сондай – ақ баж төлемей, соның ішінде қазақтармен де сауда жүргізуге грамота алды, ол «...оларға сол жаңа жерлерге қазақ ордаларының да, өзге жерлердің де жылқы және алуан түрлі товарлармен сауда жасайтын адамдары келіп тұрады, олар Москваға келмейді және оларды әр алуан тауарлармен сауда баж салынбай жүргізілді».

1577 ж. ноғайға жіберілген елші Б.Доможиров қазақтар туралы «...біздің патшамыз Ақназар патшамен әрі ұлы князьбен тату» деп хабарлаған». Бұл хабарлардан Хақназар ханның ноғайларға шабуыл жасап, Еділ мен Жайықтың төменгі ағыстарын иеленуге ұмтылғаны көрінеді.

Москва мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы алғашқы саяси байланыстар жекелеген кезеңдерде өздерінің сыртқы саяси міндеттерін шешу үшін одақтастар іздестіру ретінде де атап өтілді. Екі жақ Көшімді Мальцев пен Чебуков арқылы өздерінің саяси өрісіне тартуға ұмтылған кезде Хақназар мен ІҮ Иванның Көшім хан жөніндегі байланысы осындай болған еді.

Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің арасындағы сыртқы саяси байланыстары Тәуекел хандық құрған кезеңде одан әрі дамыды. Сауда байланыстары мен екі мемлекет беделінің өсуі ХҮІ ғасырдың аяғында неғұрлым тығыз деңгейде келіссөз жүргізуге мүмкіндік берді. Бұған мы-надай жағдайлар себепші болды. Тәуекел ханның жиені Ораз – Мұхам-мед сұлтанды Тобыл воеводасы Данила Чулков тұтқынға алып, Москва-ға кепіл етіп жібереді, онда ол өзінің қадір – қасиетімен терең құрметке бөленді, ал орыс патшасының күш – құдыреті және Ораз – Мұхам-медке ізгі көзқарасы тұтқынды беделді қызметкерге айналдырды. Ораз – Мұхаммедтің өзі орыс патшасына көрнекті әскербасы ретінде қызмет етіп қалды. Тәуекел хан өзінің жиенін тұтқыннан құтқару үшін Құл – Мұхаммед бастаған елшілік аттандырылды. Елшіліктің мақсаты неғұрлым саяси байланыстар да орнату болатын. Құл – Мұхаммедтің Ораз – Мұхаммедпен және ханзада Федор Ивановичпен әңгімесінің жазбасы сақталған. Елшілік Москваға 1594 ж. жетті. Қолда бар деректемелерге қарағанда, Құл – Мұхаммед Московиямен келіссөз жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар сол кезде Москвада болған парсы елшісімен де кездес-кен. Құл – Мұхаммед әңгіме кезінде Ораз – Мұхаммедтің нағашысы Тәуекел хан туралы құдіретті патша деп айтады: «Қазір сенің нағашың Тәуекел ханзада хан қазақ ордасына орнықты, ал өзінің інісі Шахмұхаммед ханзаданы қалмақтарға отырғызды, ол жақын жерде және бәрі бірге көшіп жүреді, қазір Бұхара патшасымен уақытша болса да тату және ноғайлармен татулығы баяғыдай ағайын сияқты».

Тәуекел ханның арнау хатында өз тарапынан белгілі бір шарттар-мен бодандыққа қабылдау туралы мәселе де айтылған: «...патша ағзамның рақымы түсіп, патша қабылдаса және ханзадаларды өзінің патшалық қолына алса, сені босатуға тақымы түсіп, рұқсат етсе, мен шынымды айтып отырмын, Тәуекел хан аманатқа ханзада жібереді. Ал патша ағзам тілесе, патша мен ханзадаларға оқ атса болғаны, Тәуекел патша мен ханзадалар дереу қарсы соғысты бастайды...».

Толық тәуелсіз және құдіретті ханның бодандығын нақты міндет-темелермен өзара келісілген әскери – саяси одақ ретінде қарастырыуға болады, Ораз – Мұхаммедтің тұтқындағы төре ретіндегі жағдайы Тәуекел ханды осындай саяси одақ түріне баруға мәжбүр етті. ІҮ Иван мен Сібір ханы Көшім одақтың осындай түрін қабылдады; жалпы алғанда мұндай саяси одақтар Орталық Азия аймағының басқа да билеушілері арасында таралған еді. 1595 ж. Тәуекел ханға жауап ретінде 2 жылға Вельямин Степановтың елшілігі жіберілді, онда былай делінген: «...оған, Тәуекел патша мен ханзадаларға Вельямин Степановтың осы елшілігі жіберіліп отыр, бұл оларға барып, біздің істеріміз туралы айтқан кезде олардың бұған барлық жағынан сенгені жөн және оны тыңдап алып, ортақ ісіміздің мән – жайын ойластырып, оны кідіртпей бізге жіберген жөн болар еді». Яғни Москва патшасы Тәуекелмен жаңа саяси қатынастар орнатуды дегенмен де мойындаған, алайда өзі мынадай шарт қойған: «...Тәуекел патшаға айтыңдар: Тәуекел патша мен оның ханзада бауырларының бәрі патшаның қол астында болсын, ал патша ағзам әрі ұлы князь оларды барлық дұшпандарынан қорғауды және олардың Бұхара мен Көшім ханға қарсы тұруын ескертеді. Өзінің адалдығы үшін патша ағзам әрі ұлы князьге Тәуекел патша өзінің ұлы Үсейнді жіберсін, ал патша ағзам әрі ұлы князь оларға бауыры Ораз – Мұхаммед ханзаданы босатуға әмір береді»/55/. Тіпті Тәуекел хан мен оның ұлдары атына бодандыққы қабылдау туралы грамота да жазылды, ал Тәуекел елші Вельямин Степановты өте құрметпен қабылдады. Москва патшасының талабы мен қойған шарттары қисынсыз өте ауыр болғандықтан Тәуекел ханның тарапынан қабылданбады.

ХҮІІ ғасырдағы жағдайларға байланысты Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен саяси қарым – қатынасын үзеді.

Томск воеводалары Василий Волынский мен Михаил Новосиль-цовтың 1609 ж. құжатында Қазақ хандығы мазасыз және жаугер мем-лекет деп айтылады. Сібір князьдарының бірі Ресей бодандығын қа-былдаған кезде, оған Сібір шептерін қазақтар мен қалмақтардан қор-ғау жүктелген: «...оларды Алтын патшадан және Қазақ ордасы мен қара қалмақтардан қорғауға әмір бересің»/56/ делінген, ал сол кезде қазақтардың өздері, басқа бір құжатта көрсетілгеніндей, қалмақтармен со-ғысып жатқан: «...қара қалмақтар олардан алысырақ көшіп кетіп, Алтын патшамен және Қазақ ордасымен соғысып жатты».

Қазақ хандарының оңтүстік шептердегі саяси күресі, Қазақстан-ның оңтүстік – шығысында ойраттарға, батыс және шығыс шептерде қалмақтарға қарсы толас таппаған күресі, белгілі бір ұлыс пен жұрт әміршілерінің әрқайсысының саяси үстемдігін орнықтыру негізіндегі әулеттік қырқыстар бүкіл ХҮІІ ғасырда жалғаса берді. Ресей мемлекетін-дегі саяси жағдай да бірыңғай және тұтас көріністе болған жоқ. Дүрбеленді уақыт кезеңі және мемлекет басында жаңа әулеттің орнығуы, ал сонымен бірге жаңа саяси және идеологиялық доктриналардың пайда болуы Қазақстан мен Ресей арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді саяси қатынастардың нығаюына жағдай жасамады. Саяси байланыстар ХҮІІ ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік басына аса көрнекті саяси қайраткерлер – Тәуке хан мен І Петр келген кезде жан-данады. Ресей мен Қазақ хандығының жақындасуы жоңғарларға қарсы күрестің біртүтас саяси мүдделер негізінде орын алды. «Ал қазір қырда Галдан деген шайтан шықты, сөйтіп бір – бірімізге қатынасудан қалдық... жолдарды көп жылдар бойы шөп басып кетті».

1687 ж. Тобольскіге Тәшім батыр бастаған қазақ елшілігі жібер-ілді. Бұл елшіліктің басты міндеті екі мемлекет арасында неғұрлым берік байланыс орнату болатын: «...Қазір қарамағымыздағы адамдарға тыныштық және олардың арасында елшілер мен сауда жасайтын адамдар жүргені керек, біздің арамыздағы ізгілікті даңқ... жарық дүниеде жақсы болады», яғни дербес екі мемлекет арасында байланыстар орнату көзделген. Тобольскіге 1689 ж. аяғы – 1690 ж. басында барған келесі елшілікті Тұманшы батыр басқарды.

Бұл екі елшілік те нәтижесіз аяқталды. Зерттеушілер 1686 – 93 ж.ж. Тәукенің Ресейге бес елшілік жібергенін, алайда оның берік саяси байланыстар жасауға ұмтылысында олардың нәтижесіз болғанын атап көрсетеді: «(Біздің) тұсымызда болғанын желге ұшырып жатқанымыз жаман нәрсе, алдағы уақытта ол да болмайды, тек біз ғана кеңес құра-мыз». 1691 ж. күзінде жіберілген, Тұманшы мен Қабай бастаған елшілік сияқты, ықпалды қазақтар Сары мен Келдей басқарған, енді ара ағайындар арқылы жасалған келесі елшілік те нәтиже бермеді. Ақырында, Сібір әкімшілігі мен Тәуке ханның арасындағы істерді жолға қою үшін 1692 ж. шілдеде Түркістандағы Тәуке ханға Андрейи Непри-пасов, Василий Кобяков және аудармашы Шаманаев құрамында елшілік жіберілді, алайда саяси алауыздықтың күшті болғаны сонша елші-лер Сары мен Келдей және Наприпасовтың адамдары екі жақта да кепілдер ретіндер ұсталды. 1693 ж. қазан айында Тәуке хан Келдейді босату мақсатымен Тобольскіге Толыбай Аталықовты жіберді; онымен бірге орыс елшілігінің мүшелері де аттанды. Тобольскіге қазақ елшілігінің келуіне жауап ретінде Келдей мен оның адамдары босатылды. Келдеймен бірге Тәуке ханның ордасына 1694 ж. Ф.Скибин мен М.Тро-шин жүріп кетті. А.Неприпасовпен бірге олардың бәрін 1695 ж. наурыз-да Тәуке хан ұстап алды. 1695 ж. қазан айында Скибин мен Трошин Бұхараға қашып барып, 1697 ж. басында олар Тобольскіге қайтып орал-ды. Ал Неприпасов Түркістанда қайтыс болады. Олардың хабарларында Қазақ хандығы туралы көптеген қызықты мәліметтер кездеседі. Тобольск әкімшілігі тарапынан қазақ елшіліктерін қабыл алмау Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарының шиеленісуіне әкеп соғып, ХҮІІ ғасырдың аяғы – ХҮІІІ ғасырдың басында Ресейдің Жоңғарлармен жақындасуы себептерінің бірі болды.

Ұлы Жібек жолы кезінен бастап Қазақстан аумағы кең көлемді транзиттік сауда ауданына айналған еді. Сонау біртұтас Ноғай ордасы кезеңінде – ақ Орыс мемлекеті ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында: «Ноғай князьдарымен және үнді ханы Бабырмен сауда саттық жөнінен қарым – қатынас жасау мақсатын» көздеді . Бір – бірімен сауда жасасуға Орыс мемлекетінің өзі де, көршілес халықтар да мүдделі бол-ды; 1524 ж. орыс көпестерінің Қазанға жақын жердегі жәрмеңкеге баруына тиым салынған кезде, Бұл Шығыспен сауда жасасуға қатты соққы болып тиді. Товар алмасу мейлінше кең көлемді болған, С.М. Соловьевтің атап өткеніндей, «Шағатай көпестері – жібек маталар, татар жылқы және жаңбырдан қорғайтын жүннен басылып жасалған әдемі шапандармен осы шапандар жасалатын тамаша ақ материял әкеліп отырды» . Ал Орта Азия аумағына ер – тұрман, жүгендер, шұға, тері, мата, пышақ, балта, үзеңгі, айна, әмияндар әкелінді/64/.

Сауда бірнеше жолмен жүргізілді. Олардың біреуі Орта Азиядан Маңғыстау мен Астрахань айлағынан теңіз жолымен Жем арқылы Жайыққа, Сарайшықтан жоғары қарай, сонан соң Самараға, Башқұртстан арқылы «Ескі Қазан жолымен» өткен. ХҮІ ғасырдың аяғында товар айырбасы мына жол арқылы жүзеге асырылды: Қазаннан Камаға, одан Башқұрт өлкесімен, Уфадан айналып өтіп, Жайықтың жоғарғы жағына қарай, Жайық өзенін Сақмар және

Қазақтар мен қалмақтардың тарихи тағдыры оларды ХҮІ ғасыр-дың өзінде, батыс монғол – ойраттары Моғолстанды тастап шыққан кезде – ақ соқтығыстырған еді. ХҮ ғасырда – ақ ойрат билеушісі Ұлжей – Темірдің ордасы Бесбалықта болды. ХҮІ ғасырға қарай ойраттардың шапқыншылығы Ыстықкөлге дейін, тіпті Сырдарияға дейін жетті. ХҮІ ғасырдың орта шенінде, қазақтар Шу және Талас өзендерінің алқабына ірге тепкен кезде, ойраттармен үздіксіз қақтығыстар басталды, олардың басты себебі Моғолстанның біртіндеп бөлшектеліп, ыдырап бара жат-қан иеліктері үшін күрес болатын. Бұған басқа жағдайлар да себепші болды. В.В.Бартольдтің атап өткеніндей, «Кейінгі уақыттағы барлық мемлекеттік құрылымдар... қазақ, өзбек хандықтары мен Орта Азиядағы басқа да хандықтар мұсылмандық хандықтар еді». Шаруашылық, сая-си, идеологиялық қайшылықтар ойраттардың бір бөлігі – торғауыттар мен дербеттердің Ертіс өңіріне көшіп келіп, бірте – бірте солтүстікке ілгерілеуіне әкеп соқты. 1607 ж. қарай – ақ орыс шекарасына 12 сан, яғни шамамен алғанда 120 000 адам көшіп келді, ал барлық көшіп келгендер саны 8000 жауынгер мен 200 мың қалмақ халқы болатын. 1608 ж. қалмақ қосындары Жем өзенінде пайда болып, ноғайларды ығыс-тырды. 1613 ж. қалмақтар тұңғыш рет Жайық өзенінен өтті. Одан кейін-гі жылдарда қалмақтар Ресей бодандығына кіріп, Ресейдің саяси аясы-на тартылды. Нақ осы кезеңде торғауыттардың «алыстағы қалмақтар-мен», яғни Жоңғария билеушілерімен қақтығысы болады. 1635 ж. қазақ ханы Жәңгірмен одақтасқан торғауыттар билеушісі Далай тайша Ертіс өңірінде көшіп жүрген дербетттер билеушісі Үрлік тайшаға екі рет жабуыл жасады. 1642 ж. ол Сібірдегі қоныстарынан Жайыққа ауыс-ты. 1649 ж. шамамен алғанда саны 20 000 жауынгер болатын «алыстағы қалмақтардың» Ресей шегіне тағы бір көшуі басталды, соның салдары-нан басқа қалмақ ұлыстары Жем және Сырт өңірлеріне ығысты. 1671 ж. қалмақтардың Ресей шегіне жаңадан келуі байқалады, ал Аюке хан-ның тұсында – ақ Қалмақтардың Жоңғариямен қатынастары нығайды. Көшпелі халықтың осылайша жаппай көшуінің бәрі қазақ хандарының наразылығын тудырмай қойған жоқ, олар бүкіл ХҮІІ ғасыр бойы Қазақ-станның далалық аудандарындағы өздерінің ежелгі жерлері үшін күрес жүргізді. Бұл қазақтың ауыз әдебиетінде көрініс тапқан, онда қазақтар-дық ең күшті жауы «қалмақ» деп аталған. Бұл орайда, В.В.Бартольдтің атап көрсеткеніндей, «қалмақ» деген терминді оның шыққан тегі қандай болса да, мұсылман авторлары ойратқа қарағанда біршама кең мағы-нада қолданады.

Сонымен қатар Орыс үкіметі қалмақтарға үнемі қорған болып, ол-ардың патшаға атқарған қызметін көтермелеп, оларды қазақтарға қар-сы пайдаланды. Акедемик И.И.Лепехин ХҮІІІ ғасырда: «Біз оларды бас-қа да әскери қызметімен қоса, өз бабаларымызды қырғыз – қайсақтар мен кубандықтардың шапқыншылықтарынан жақсы және сансыз көп қорғаушылар деп білеміз», - деп жазған еді.

Қытайдың Орта Азия аймағымен тығыз байланыс жасап келгені жөнінде ерте заманнан бері көп мағлұмат бар. Кейінгі зерттеулерде Юань әулеті кезеңінде осы ұзақ мерзімді және тұрақты байланыстар-дың Қытай өмірінің көптеген салаларына елеулі ықпал жасағаны атап өтілген. Мәселен, фарфор бұйымдарының түр – түсіне, қытайдың ас – тағамдарына «Батыс өлкенің» ықпал жасағаны байқалды. Мин әулеті кезеңінде Қытайға киім – кешек үлгілерінің де, ортаазиялық тақияға ұқ-сайтын алты қиықты дөңгелек бас киім – люхэмао енгені аңғарылды. А.Ш.Қадырбаевтың, К.Ш.Хафизованың және басқа ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, қытайдың саяси, әскери, мәдени өмірінде түрік элементінің елеулі болғаны көрінеді. Алайда, Мин әулеті кезеңінде – ақ Қытайдың Орта Азиямен байланысы біртіндеп нашарлай берді де, ХҮІ ғасырдан бастап Қытайдың Батыс Азия халықтарымен бүкіл саудасы тоқтап қалды. Батыс Азиядан, соның ішінде Орта Азияның батыс аймағынан шыққандардың бір бөлігі ерекше этникалық қауымдастық – қытай мұсылмандарын құрады. Қытай өркениетімен тығыз саяси және өзге де байланыстар жасалған аудан Шығыс Түркістан болды, онда ХҮ – ХҮІ ғасырларда Моғол мемлекеті қалыптасып, дамыды да, ол ХҮІІ ғасырға қарай Орта Азия мемлекеттеріне ұқсас сипат алды. Моғолстан-ның бүкіл кең – байтақ аумағы ХҮІ ғасырдың орта шеніне қарай өзбектер, қазақтар және қырғыздар арасында бөліске түсті де, Моғолстан-ның билеуші әулеті Шағатай ұрпақтары екі ғасырдай уақыт бойы Шығыс Түркістанда орнығып қалды. Бұл орайда дулаттардың тайпалық бірлестігі Шығыс Түркістанның өзін билеп тұрды. ХҮІ ғасырдың бірін-ші ширегінде Шығыс Түркістанда өзбек – қазақтардың тайпалық бір-лестігінен шыққан сұлтан Саид хан орнығып, сол кезден бастап «кө-бінесе өзбектер моғолдардың одақтастары болды» да, олардың бірлес-кен одағы Жетісу мен Ыстықкөл өңірі үшін қазақтарға және қыр-ғыздарға қарсы күрес жүргізді, осы аудандарға оларды моғол хандары ықпал өрісінің бір бөлігі ретінде ХҮІ ғасырдың 90 – жылдарына дейін

8. .Лекция тақырыбы: Қазақтардың жоңғарлармен күресі. Қазақ халқының қалыптасуы.



.Лекция жоспары:

1. Ойраттар (жоңғарлар), оның қазақ хандығымен қатынастары. Жоңғар мемлекеттің құрылуы, оның қазақ жеріне шапқыншылығының күшею.



  1. ХІІІғ. (шир-2) Қазақстанның саяси – эконогмикалық жағдайы. Ақтабан шұюырынды Алқакөл сұлама.

Жоңғар басқыншыларына қарсы бүкіл халықтық күрес қазақ жасақтарының ұлы жеңістері

Абылай ханның отанымызды жаудан азат етудегі, Қазақ мемлекеттің нығайтудағы тарих еңбегі. Абылай хан – ұлы қолбасшы батыр, Ұлы саяси қайраткер.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Н.Мыңжан. “Қазақтың көне тарихы”. А. 94.

  2. Моисеев В.А “Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIIIв.в.”А. 91

  3. М. Қ. Қозыбаев. “Жауды шаптым ту байлап” А.94

  4. С. Жолдасбаев. “Бірліктің бас болған Ордабасы”Ш.94


Қосымша:

  1. Абылайхан А.93

  2. Қ. Әбуев “Қазақстан тарихының ақтандақ беттерінен”А.94

  3. Н. Мұхамедханұлы “Тарихи зерттеулер” А.94


Лекция мәтіні:

Қазақ жоңғар соғыстары - сипати жағынан халқымыздың үшін өз Отаның жерін жат жерлік басқарушыдан қорғау жолындағы Отан соғысы болып табылады. 200 жылдан астам уақытқа созылған бұл соғысты қазақ халқы небір қанды қырғын шайқастарды басынан өткеріп, жанқиярлықпен ерліктер көрсетіп, Отан, жерін қорғап қалды.

Жоңғарлар дегеніміз – тарихи батыс моңғолдар деп. аталатын ойрот тайпалық одағыныңы кейінгі аты еді. 1206ж Шыңғысхан әскерінің сол қанатын құрап, соғысқандықтан жоңғар деп. атаған. Ойраттар торғауыт Дүрбіт, Қошеуіт, Шорыс деп. аталатын 4 ірі тайпалық бірлестіктен тұрған.

Ойраттан қазақ жер інде алған көрінуі. 1457 – қазақ хандығының құрылар қорсаңы. Бұл жолы Үз – Темір тойшы бас ойраттар көшпелі өзбектер мемлекеттің ханы Әбілхайыр әскери талқандайды. Ойраттар бұюдан кейнігі кездерде моңғолстарда шапқыншылықтар жасап тұрады. Ал, олардың қазақ хандығымен соғысының басталған кезі XVIғ. 20 ж. Бұл кездегі қазақтың Ұлы ханы Қасым қазақ мемлекеттің барынша күшейтіп, өзге иеліктегі қазақтармен қоса Моғолстандағы қазақ хандығын қосып алады.Моғолстан кішірейіп қазіргі Қашқар жер інде ғана қалады. Ееді қазақ пен ойрот шекарасы түйіседі. Осы кезден бастап ойраттар Қазақтарға шабуыл жасап, арада соғыс басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет